Қашықтықтан оқыту тәсілі


Химия пәнін ОРТА МЕКТЕПТЕ оқытуда ақпараттық коммуникативтік технологияларды қолдану тәсілдері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
- Жаңа ақпараттық технологиялар
- Қашықтықтан оқытудың білім саласындағы ролі
- Кейс технологиясы
- Желілік технология
- Мультимедиялық технологиялар
- Модульдік оқыту технологиясы
- МЕКТЕПТЕ ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ТӘСІЛДЕРІЖаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалануИнтерактивті тақта және оның құралдарды қолдану оқулық және оның құрылымы
- ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУДА АҚПАРТТЫҚ ҚҰЗЫРЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІПедагог мамандарды даярлауда ақпараттық құзырлықты мамандарды даярлауда АКҚ қалыптастыру кезеңдеріАқпараттық коммуникациялық технологияны қолдануда пән мұғалімдерін даярлауПедагог мамандардың біліктілігін ақпараттық коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін қолданудың қысқаша мазмұныБілім беру жүйесін ақпараттандыруды дамытудағы тұжырымдамалық көзқарастар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында жаңа кезеңнің негізгі міндеттерінің бірі « . . . осы заманғы білім беру, «парасаттың экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды пайдалану мамандарды дайындау сапасын көтеруге басты себеп болатын, инновациялық экономиканы дамыту» деп атап көрсетілген, сол себепті де елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты білім беру жүйесіне қойылып отырған жаңа талаптарға сай студенттердің белсенділігі мен жеке даралық қабілеттерінің жетілуіне әсер ететін жаңа ақпараттық технологиялар қолдану әлемдік білім кеңістігіне енуге жол ашуда. Осы орайда жоғарғы оқу орнын оқу үдерісінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың мәнін ашуды талап етеді. Сондықтан біздің зерттеу проблемамыздың әдіснамалық негізіне жоғарғы оқу орнындағы оқыту жүйесі, оның ішінде кредиттік оқыту, ақпараттық технологиялар пайдалану мәселелері алынды.
Қазіргі кезде университеттердегі оқу үдерісін басқарудың объективті жағдайы күрт өзгеруде. Бірақ осы уақытқа дейін университеттік білім беру жүйесіндегі оқу үдерісін басқару дәстүрлі әдістер деңгейінде қарастырылып, қазіргі білімдік инновациялар толық ескерілген жоқ. Жалпы алғанда жоғары білім туралы зерттелген материалдардың басым көпшілігі ЖОО-ның ғаламдық мәселелерін шешуге немесе, керісінше, ЖОО-ның күнделікті оқу үдерісін жоспарлау, ұйымдастыру және басқаруға байланысты мәселелерін шешуге тиімділігі аз жеке әдістеме немесе ғылыми база әзірлеуге бағытталған. Нақ осы уақытта оқу үдерісін басқару жүйесіне қойылатын талаптардың орындалу деңгейі мен бәсекеге қабілетті болашақ маман даярлау қажеттілігі туындап отыр. Жоғары білім берудің дамуы түбегейлі өзгерістерге жиі ұшырауы салдарынан жаңа бағдар дамуындағы ізденістерге алып келді, сол себепті де тәуелсіздік егемендік алғаннан кейінгі еліміз үшін әлемге танылған батыс елдерінің әлеуметтік - экономикалық прогресстері жетекші бағдар болды. Толық мәнге бұл білім беруге де әсерін тигізді. Осылайша Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде кәсіби мамандардың бәсекелестік қабілеттілігі мен талапқа сай болуына жағдай жасап, еңбек сұранысына бағдарланған оқу бағдарламаларының жоспарлануына икемді ғана болуы мүмкін, халықаралық стандарттар талабы бойынша кредиттік оқыту жүйесі сай келді.
Әлемдік білім кеңістігінің талаптарына сай университеттік білім беру жүйесін басқарудың негізгі бағыттарын зерделеу, олардың ерекшеліктерін, артықшылықтарын, кемшіліктерін айқындау, оқу үдерісін басқарудың мәнін, қағидаларын, қызметтік құрамын және олардың өзара байланысын анықтау мәселелері қазақстандық ғалымдар тарапынан қарастырылып жүр. Бұл мәселелердің негізгісі - халықаралық жоғары оқу орындарының тәжірибесінде жоғары сапалық білім көрсеткішімен белгілі болып отырған оқыту технологиясы - кредиттік оқыту жүйесі.
Кредиттік оқыту жүйесі - оқу үдерісін ұйымдастыруда жаңа ізденістерге мүмкіндік ашып, «жалпыға ортақ білім» парадигмасынан «әркімге арналған білім» парадигмасына қадам жасатады.
Ақпараттық технологияларды тиімді пайдаланудың мүмкіндіктерін қарастыру, жолдарын іздестіру, өткенге көз жүгірту арқылы болашақты болжаумен тығыз байланысты.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру мәселелері педагог ғалымдардың үнемі назарында болып келеді. Білім беру саласын ақпараттандыру, компьютерлендіру мәселелерінің әртүрлі аспектілері В. С. Гершунский, А. П. Ершов, В. М. Монахов, Е. И. Машбиц секілді ғалымдардың зерттеу еңбектерінде көрініс тапқан. Оқыту үдерісінде компьютерлік технологияларды қолданудың теориясы мен әдістемесі Ю. С. Брановский, Н. В. Василенко еңбектеріне арқау болған. Ал Қазақстанда бұл мәселелерге Е. Ы. Бидайбеков, Ж. А. Қараев, С. К. Кариев, К. А. Таңатаров, К. З. Халықова тың зерттеулер жүргізді.
Ақпарат дегеніміз - тұтынушыға бұрын белгісіз болған және оның зерттелетін нысаны (үдеріс, құбылыс) туралы түсінігін толықтыратын деректерден тұратын мәліметтер жиынтығы.
Ақпараттық үдерістер - ақпаратты жинау, жіберу, жинақтау, сақтау, өңдеу, іздеу, беру және пайдаланушыға жеткізу. Информатика ғылымы ақпараттық үдерістерді мақсатты түрде зерттеу нәтижесінде пайда болды.
Білім беруді ақпараттандыру - бұл ақпараттық-коммуникациялық технологияның құралдарын білім беру саласына қолданудың методологиялық және тәжірибелік құндылықтарын зерттеп, оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық және педагогикалық мақсаттарына қамтамасыз ету үдерісі. Оқу үдерісінде білім беруді ақпараттандырудың негізгі бөлігі дербес компьютерлерді қолдану, интернет желісін пайдалану арқылы жүреді. Сондықтан ол Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру болып табылатын негізгі мақсатты көздейді. Олай болса, білім беру саласындағы жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану еліміздегі ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыруға мүмкіндік береді.
Оқу-тәрбие үдерісінде ақпараттық технологияны пайдалану оқытушылардың, білімгерлердің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Ендеше ақпараттық технологияларды үйлесімді пайдалану қазіргі кезеңде өзекті мәселеге айналып отырғаны даусыз. Оқытудың ақпараттық технологияларына дербес компьютерлерден басқа мультимедиалық, электрондық оқулық, ақпараттық білім берудегі негізгі құрал интерактивті тақтаны жатқызамыз. Енді осы ақпараттық технология түрлерін қарастырсақ.
Мультимедиалық технологиялар дегеніміз - әр түрлі типті мәліметтерді дайындау, өңдеу, біріктіру, ұсыну әрекеттерін аппараттық және бағдарламалық жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асыратын технологиялар жиынтығы (әдістер мен тәсілдер жиынтығы) .
Бүгінгі күнде электрондық оқулықтарды, компьютерлік оқыту бағдарламаларын, дыбыстық және бейнелік оқу материалдарын пайдалануда қолданылатын мультимедиалық технологиялар оқыту үдерісіндегі инновациялық әдістерді жүзеге асыратын бірден бір жаңа ақпараттық технология болып есептеледі. Бұл технологияның жекелеген элементтерін пайдалануда мультимедиа сөзі қосарлана қолданылады. Мысалы, мультимедиа бағдарламасы, мультимедиа өнімі, мультимедиа қызметі, т. б. Мұнда мультимедиа ақпараттық технология кешенінен құралатындықтан оның жекелеген элементтерін атау кезінде «мультимедиалық» сын есімін қосарлана қолдану дұрысырақ (мультимедиалық бағдарлама, мультимедиалық өнім, т. б. ) .
Білім берудегі мультимедиа - біріншіден, таным үдерісінің жоғарлауына септігін тигізетін, екіншіден, әртүрлі типті ақпараттарды біріктіре пайдалануға мүмкіндік беретін, үшіншіден, білім беру мазмұнын интерактивті қалыпта ұсынатын дидактикалық аппаратты-бағдарламалық құрал.
Мультимедианың бағдарламалық құралдары деп - интерактивті режимде әртүрлі типті ақпараттарды дайындау, өңдеу, ұсыну, біріктіру секілді іс-әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін компьютердің бағдарламалық жабдықтары. Ал, мультимедиалық өнімдер - мультимедиалық құралдар және арнайы бағдарламалық жабдықтар көмегімен дайындалған ақпарат.
Қазіргі қоғамның ғылыми-техникалық, экономикалық-әлеуметтік салаларындағы мультимедиалық технологиялардың алатын орны зор. Өйткені, мультимедиалық технологиялардың белсенді түрде пайдалану оқытудың компьютерлік технологияларын дамытудың перспективалы бағыттарының бірі.
Электрондық оқулық - оқу ақпаратын тасымалдаудың жаңа құралы болып табылады. Онда оқу ақпаратты толық мазмұндалып, әртүрлі қосымшалар, анықтамалық материалдар, бақылау тапсырмалары, ұсынылатын әдебиеттер тізімі және тақырыптық ресурстарға сілтемелер беріледі.
Электрондық оқулықтың жетістіктері мыналар болып табылады:
- шұғыл кері байланысты қамтамасыз етеді;
- дәстүрлі оқулықта көп іздеуді қажет ететін тиісті ақпаратты тез табуға көмектеседі;
- гипермәтінді түсіндірмелерді бірнеше рет қарап шығу барысында уақытты анағұрлым үнемдеуге мүмкіндік береді;
- қысқа мәтіндермен қатар көрсетеді, әңгімелейді, жобалайды, т. с. с. ;
- әрбір студентке дербестік тұрғыдан қатынас жасауға мүмкіндік беріп, олардың өз бетінше білім алуын қамтамасыз етеді;
- белгілі бір бөлім бойынша білімді тексеруге мүмкіндік туады.
Электрондық оқулық негізінен үш бөліктен құрастырылады: негізгі ақпараттық курс бөлімінен тұратын презентациялық бөлім, алған білімдері бойынша бекітілетін жаттығулар мен практикалық тапсырмалар, студенттің білімін көлемді түрде бағалау үшін тесттер. Электрондық оқулықтарды оқу үдерісінде қолдану педагогикалық тәжірибеде оқу үдерісін интенсификациялауға, оқытуды дамыту идеяларын жетілдіруді жүзеге асыратын психологиялық-педагогикалық және ақпараттық технологиялар жүйесін арттыруға мүмкіндік береді.
Электрондық оқулықты пайдалану болашақ мамандардың кәсіби даярлығын және оқу әрекетін жетілдіруде міндетті бөлік болып табылады. Сондықтан да кез келген деңгейдегі білім беруде маман даярлау үшін олардың болашақ кәсіби іс-әрекетінде электрондық оқулықтарды жиі қолдану қажет.
Заман талабына сай электрондық оқулықтарды пайдалану оқыту үдерісін үздіксіз және толық деңгейде бақылауға, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Сол себепті де электрондық оқулықтар студенттердің танымдық белсенділігін арттыратын ақпараттық технологиялар жетістігінің бірі деп есептейміз.
Қазіргі күннің білім беру салаларына қояр басты талабы - ақпараттандырылған жан-жақты, дүниетанымы кең, тәрбиелі әрі саналы шәкірт дайындап шығару болғандықтан, жоғарғы оқу орны оқытушы-профессорлары алдына үлкен жауапкершілік жүктеледі. Соған байланысты студенттерге ақпараттық білім негіздерін негіздеу, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу іс-әрекетін жүзеге асыру болып отыр. Осы орайда педагогикалық еңбектің тиімділігін арттыруға, студенттердің білім-білік, дағды сапаларының жақсаруына септігін тигізетін ақпараттық технологияның бір түрі - интерактивті технология. Мұндағы интерактивті сөзі «inter-бірлесу, act-әрекет жасау» мағыналарын білдіреді, бұл нақты уақыт режимінде қолданушы мен ақпараттық жүйе арасында диалог құрушы құралдар. Ал, білім берудегі интерактивті технология - оқу үдерісінде ұжымдық, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, студенттің үдеріске қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту технологиясы. Интерактивті технологияны оқыту үдерісінде пайдалану әдістерін өз ішінде үшке бөлеміз:
- техникалық құрал-жабдықтарды қолданбай өту әдісі,
- техникалық құрал-жабдықтарды жарым-жартылай қолдану әдісі;
- техникалық құрал-жабдықтарды қолдана (аудиовизуалды) оқыту әдісі.
Интерактивті технологияның техникалық құрал-жабдықтарды қолданбай өту әдісіне жұптасып жұмыс істеу, ротациялық (ауыспалы) үштік, карусель - айналмақ, шағын топтармен жұмыс, аквариум, аяқталмаған сөйлем, миға шабуыл (мозговой штурм), броундық қозғалыс, есептеу ағашы, өз атынан сот, азаматтық тыңдау, ролдік (іскерлік) ойын, сығымдау әдісі, өз позицияңды ұстан, дискуссия, дебаттар т. б. жатады.
Интерактивті технологияның техникалық құрал-жабдықтарды қолдана оқыту әдісіне компьютерді, мультимедиалық проекторларды немесе бейнемагнитофондарды пайдалану жатқызылады. Аталған құралдардың барлығы білім беру секторларында, оқыту орталықтарында жиі қолданылады. Осыған байланысты Smart technologies Inc. компаниясы 1991 жылы дүниежүзінде бірінші болып интерактивті тақтаны ұсынды. Интерактивті тақта оқу пәндерін түрлендіруге көмегін тигізіп, оқытудың барлық кезеңінде, яғни бастауыш, орта мектептерде және жоғарғы оқу орындарында білім сапасын арттыруға ықпал етуде.
Интерактивті тақтаның көмегі оқу барысында өте зор екені зерттеу жұмыстарында айқын көрсетіліп жүр. Бұл - жаңашыл аудиовизуалды техникалық құрал-жабдықтар мен оқытудың үдемелі де қарқынды әдістерін қолдану арқылы тыңдаушыларын қызықтырып, сабаққа белсенді түрде қатысуын арттыратын, материалдарды меңгеруді жеңілдететін, сонымен қатар студенттерге ауқымды оқу материалдарымен көмектескісі келетін оқытушыларға өте тиімді таңдау.
Оқытудың ақпараттық технологияларын пайдаланудың теория және практика жүзінде дәлелденген маңыздылығы бүгінгі күндегі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Физикада сақталу заңдылығында айтылғандай « . . . бар нәрсе жоғалмайды, тек бір түрден екінші түрге айналады» деген ұстанымды есепке ала отырып, мынадай ой-тұжырымдар қалыптастыруға болады: ақпараттық технологияларды, атап айтқанда, компьютерлік, мультимедиалық, интерактивтік оқыту құралдарын оқу материалдарын игертуге пайдаланып, жаңаша тұрғыдан ақпараттық технологияларды жасақтауды қолға алу бүгінгі күннің ең басты талабы.
1 БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
1. 1 Жаңа ақпараттық технологиялар
Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» десе, осы жолдаудың ІІІ тарауы, он сегізінші бағытының жетінші тармақшасында: «Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр» делінген, сондай - ақ он жетінші бағыттың үшінші тармақшасында «Онлайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет» деп атап көрсетілгендей бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдардың кеңінен қолданылуын қажет етеді. Осылайша оқу - тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр.
Ақпараттық - коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық - коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан - жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Ақпараттық мәдениеттi дамыту қазiргi педагогтың ақпараттық құзырлығына қойылатын талаптарына сай анықталады:
- қазiргi бiлiм беру жүйесiндегi ақпараттық кеңiстiк туралы бiртұтас түсiнiктi қалыптастыру (бүкiләлемдiк ақпараттық ресурстарға бағдарлау, ақпараттарды iздеу алгоритмi мен ақпараттарды аналитикалық-синтетикалық тұрғыдан өңдеу әдiстерiн меңгерту) .
- ақпараттық (дербес жағдайда, компьютерлiк) сауаттылық: оқу-әдiстемелiк, озық тәжiрибелердi зерттеу, ғылыми-зерттеу нәтижелерiн түрлендiру мен технологияларды қолдану әдiстерiн меңгерту; қолданбалы программалық құралдарды меңгерту; жаңа программалық құралдарды меңгерту.
- өз қызметтерiн жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану: жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерi туралы бiлiм; коммуникациялық қызметтердi пайдалану дағдысы; бiлiм беру процесiнiң ерекшелiктерiн ескере отырып, педагогикалық программалық құралдарды қолдану және оларды өз қызметтерiмiзге сәйкес бейiмдеп пайдалану.
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.
ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр -ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми - техникалық прогрестің негізгі белгісі - қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.
Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек»- деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі - бағдарламалық - техникалық кешен болып саналатын «Активті экран » болып табылады.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық - құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік - ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.
Ақпараттық бірлікті қалыптастыру: мектептің материалдық - техникалық базасына; ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне; оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне; оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне, педагог мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу - тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тәуелді.
Қазіргі уақытта жаратылыстану - ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.
Білім берудегі интерактивті технология - мұндағы интерактивті сөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау) ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz