Оқушылардың назарын сабаққа аудару


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
«Кәсіптік оқыту әдістемесі» пәні бойынша
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Оқушылардың кәсіптік шеберлігін қалыптастыруда еңбек тәрбиесінің ролі
Мамандығы : 5В012000 «Кәсіптік оқыту»
Орындады: Айтжанов, А, Б
(қолы/подпись) (аты-жөні / ФИО)
Жетекші Шарипов, Р, Х
(қолы/подпись) (аты-жөні / ФИО)
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі: Сугиралиев, Д, Т
(қолы/подпись) (аты-жөні / ФИО)
Көкшетау 2018
МА
Кіріспе . . . 3
І. Оқушылардың кәсіптік шеберлігін қалыптастыруда еңбек тәрбиесінің теориялық негізі . . . 5
1. 1 Оқушыларды психологиялық - педагогикалық тұрғыда еңбекке даярлау әдістемесі . . . 5
1. 2 Еңбекке баулу пәнін оқыту арқылы оқушылардың еңбек әрекетіне қызығушылығын арттыру . . . 11
ІІ. Бөлім оқушылардың кәсіптік шеберлігін қалыптастырудың мектепте ұйымдастыру әдістері . . . 17
2. 1 Мектепте оқушылардың кәсіптік шеберлігін қалыптастыруда еңбек тәрбиесінің жүйесі . . . 17
2. 2 V сыныпта еңбек пәнінен сабақ беру арқылы кәсіптік бағдар беру әдістемесі . . . 20
2. 3 Оқушылардың кәсіптік шеберлігін қалыптастыру - өнімді еңбек нәтижесі . . . 26
Қорытынды . . . 34
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 36
қосымша . . . 38
Кіріспе
Қазіргі ғылыми - техникалық жедел дамуға, ақпараттардың жан-жақты өрістеуіне қарай бағдарламаларды күрделендіре отырып салауаттылыққа үйрету - баланың интеллектуалдық, психикалық, физикалық мүмкіндіктерін ескеріп, оқу - тәрбие үрдісінің сапасын жақсартатын ғылыми - әдістемелік жаңа, тиімді технологиялармен қарулануы қажет. [1]
ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру ісі -бүгінгі күн талабы. Қазақстанның дамуына білім мен ғылымның әсер етуі үшін дүниежүзілік кеңістігіне ену, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алғанда бүгінгі таңда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр. Белоруссияның ұлттық мектебінің ғылыми-зерттеуші ұжымы технологияны жеке тұлғаны дамытудағы процесс және оқушыны оқытудың әр кезеңінде дамытатын педагогикалық құрал ретінде бағалайды. Яғни, технология - баланы дамытуға жағдай жасаудағы мұғалім-дердің қабілеттілігі деген анықтама береді.
Қазақстан Республикасының «Білім беру» Заңында оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу: «Білім беру ұйымдарының еркіндігін -дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру және орталықсыздандыру» делінген. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі-баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы болып табылады [2] . Оқушыны субъект ретінде қалыптастырудағы блоктық-жүйелік оқыту технологиясының тиімділігін көрсету педагогикалық қызметімнің өзекті тақырыбы болып отыр.
Зерттеудің көкейкестілігі: Оқушылардың сыныптан тыс уақыттағы ақыл-ой, танымдық сипаттағы әрекеттерін күшейту - пәндік үйірмелер, бірлестіктер, қызығу бойынша клубтар, оқушылардың ғылыми қоғамдары желісін құру, ұжымдық танымдық шығармашылық істерді жүргізу арқылы жүзеге асады. Жалпы алғанда, сыныптан тыс әрекеттер оқушылардың білімдерін кеңейтіп, жан-жақты ізденулеріне мүмкіндік жасайды, өзіндік таным іс-әрекеттердің қорытындысы шығады және сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылар тылсым дүниенің әртүрлі сырларын ұғынады.
Деректерді талдау: Курстық жұмысты жазғанда әр түрлі әдебиет және интернет желісін қолданылды. Бірінші бөлімінде оқыту әдістері бойынша «Оқушылардың кәсіптік шеберлігін қалыптастыруда еңбек тәрбиесінің ролі» арқылы мәлімет алынды. Екінші бөліміндегі сұрақтарды ашқанда электронды кітап көмегіне сүйендік. Екі бөлемнің сұрақтарына электронды кітап пен интернеттен мәліметтер алып отырдық.
Зерттеу мақсаты: Жалпы білім беретін орта мектептегі кәсіптік шеберлікті қалыптастыру жүйесіне теориялық талдау жасау негізінде қалыптасқан тәжірибелерді жинақтау.
Зерттеудің міндеттері:
- еңбектің түрлері, еңбек сабағы және сыныптан, мектептен тыс жұмыстар негізінде оқушыларға кәсіптік бағдар беру туралы деректерді жинақтау;
- оқушыларда кәсіптік шеберлікті қалыптастырудың тәжірибелеріне талдау жасау, жүйелеу;
- оқушыларға кәсіптік шеберлік дағдыларын қалыптастыруға байланысты ұсыныстар беру.
Зерттеу объектісі: Оқушылардың кәсіптік шеберлігін қалыптастыру үрдісі. Сабақты белсенді оқыту әдістері арқылы ұйымдастыру сабағында. Оқыту әдістері мен көрнекілік әдісі сонмен қоса ми шабыуы сабақ өткізу.
Зерттеу пәні: Оқушылардың кәсіптік шеберлігін еңбек пәні арқылы қалыптастыру процесі. Технология пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруға даярлау жүйесі.
Зерттеу ғылыми болжамы: Технология пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық жүйесінің теориялық-әдіснамалық тұғырлары айқындалып, тұжырымдамасы жасалса; технология пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруға құрылымдық-мазмұндық моделі әзірленсе; мектептің технология пәні бағдарламасы мен қазіргі өндірістік заманауи технологияның дамуына, сондай-ақ оны оқытуға сәйкес жүзеге асырылса, ақпараттық-компьютерлік технологияны пайдалануға байланысты әдістеме ұсынылса, онда технология пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылығы, пайдалануда белсенділігі артады, ал бұл болса, білімі жоғары, өздігімен дербес шешім қабылдай алатын тұлғаның қалыптасуын қамтамасыздандырады.
Зерттеу тапсырмалары:
1) тақырыбы бойынша әдебиеттерді талдау;
2) сараптау;
3) модельдеу жобалау.
Зерттеу әдістері: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, бағалау.
Ғылыми жаңалық: - мектепте «Технология» пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері анықталды және технология пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру үшін «педагогикалық жүйе» жасалынды. .
- жасалынған «педагогикалық жүйе» мектепте «Технология» пәнін оқыту үдерісінде жаңа педагогикалық ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданып, оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастырудағы мүмкіндіктері анықталды.
Тәжірибелік маңыздылық: осы курстық жұмысты басқа адам жеке өзіне даму үшін пайдалануға болады, мектепте, колледжде әдістеме ретінде пайдалануға болады.
І. Оқушылардың кәсіптік шеберлігін қалыптастыруда еңбек тәрбиесінің теориялық негізі
1. 1 Оқушыларды психологиялық - педагогикалық тұрғыда еңбекке даярлау әдістемесі
Б о л а ш а қ ұ р п а қ ж а н -ж а қ т ы қ а б і л е т т і б о л ы п ө с у і т и і с. Б а л а қ а б і л е т і о й е ң б е г і м е н д е н е е ң б е г і қ а т а р ж ү р с е ғана жан-жақты жетіледі. Сондықтан еңбек тәрбиесінде «Мынау жақсы», «Мынау жаман» - деп бөлінбейтін нәрсе жоқ.
А. С. Макаренко өзінің «Ата-аналар» кітабында: «Тәрбие ішінде ешбір ұсақ-түйек нәрсе жоқ. Еш нәрсені де ұсақ-түйек деуге және ұмытуға хақымыз жоқ. Өз өміріңізде және балаңыздың өмірінде бір нәрсені ерекше деп бөлек алып, соған зер салып, қалғандарын елемей қалдырсаңыз, қателіктің ең зоры сол болып шығады. Ұсақ-түйектер үздіксіз, күнбе-күн, сағат сайын кездесіп отырады және өмірдің өзі де сол ұсақ-түйектерден құралады. Өмірдің бұл жағына басшылық көрсету және оны ұйымдастыру сіздің ең жауапты міндетіңіз» - деген [2] .
Баланы әлі келгенше жұмыс істеткізу тәрбиенің ажырамас бөлшегі болып келеді. Еңбек ету нәтижесінде шәкірттердің еңбекке көзқарасы, сүйіспеншілігі, тәртіптілігі, табандылығы, жігері, ұстамдылығы, ұжымшылдығы қалыптаса бастайды. Оқушылар еңбек сабағында еңбектің бастапқы әліппесімен танысады, еңбектің қарапайым құралдарымен жұмыс сітеу дағдыларын меңгереді, түрлі материалдарды пайдаланып, қолмен жұмыс істеудің өмірде қажетті қарапайым тәсілдерін үйренеді. Еңбекке баулудың жаңа бағдарламасының ерекшелігі: жан-жақтылық, оқытулды тікелей өндіргіш еңбекпен байланыстыру, еңбекке оқытуңды жіктеп білу. Бастауыш кластарда мектеп оқушылары ауылшаруашылық өнімдерін өсіру оны көрнекі құралдарда жөндеу, ойыншықтар жасау, мектепке, балабақшаға, үйге қажетті бұйымдар даярлау т. б. шұғылданады. Бұл сатыда кішкентай шәкірттер мамандық түрлерімен таныстырылады. Оны мұғалім жергілікті мүмкіндіктерге сай таңдап алуына болады.
Техникалық еңбекке оқыту - қағазбен, қатты қағазбен, матамен, пластмассамен, табиғи материалдармен, жұқа тақтаймен, сым темірмен жұмыс істеу. Сол сияқты оқушыларды техниканың қыр-сырымен таныстыру мақсатында «конструктор» бөлшектерді құрастыру, қайта бұзу, макет жасау, оны бұзып, қайта жинау жұмыстары, кітап түптеу, аталғандарды пайдаланып бұйымдар жасату жатады. Ауыл шаруашылығы еңбегіне баулу кезінде бастауыш класс оқушылары бөлме өсімдіктерін күтіп баптаудың элементтерімен, яғни өсірудің қарапайым түрлерімен танысады. Оқу - тәжірибе учаскелерінде еңбек етуге, үй жануарларын күтіп бағуға дағдыланады. Төменгі класс оқушыларының тез шаршағыштығы, ықыласының тұрақсыздығы т. б. жас ерекшеліктері мұғаліммен қимыл-әрекетті тез өзгертіп отыруды, еңбекке ойын элементтерін кіргізуді талап етеді. Бұл кластағы шәкірттер істеген істерін мұғалім қолпаштап, құптап, мадақтап отырғанын ұнатады. Сондықтан сезімтал мұғалім тапсырылған істі атқара алмай жатқан балаға көмектеседі, оның қол жеткен болар - болмас табысының өзін мадақтап отыруы тиіс. Бастауыш кластарда оқушының еңбек әрекеті екі бағытта дамиды: бірі - сабақ процесінде жасаған еңбегі, екіншісі - олардың қолынан келетін қоғамға пайдалы еңбегі. Еңбек дағдысы мен тәрбиесі балалардың бойына жас күннен, бастауыш кластардағы кезінен бастап сіңіріле беруі керек. Әсіресе оқушылардың еңбекке деген құрметі мен ілтипатын қалыптастырудағы тәрбие сағаттарында оқу пәндері мен табиғаттану, ана тілі, математика пәндерімен байланыстыра өткізуге болады. Сонда оқушылар еңбек түрлерімен танысады. Еңбек сабағы оқушылардың байқағыштығын, ой-өрісін, шығармашылық белсенділігін арттырады. Өз бетімен жұмыс істеуге, табандылыққа үйретеді, өз күшіне сенімін арттырады.
Оқушылар еңбекке үйрету сабағында бірлесіп, не жеке-жеке жұмыс істейді. 5 класс оқушылары тақырыбы сай тапсырманы кейде екі сабақ ішінде орындап бітіруіне рұқсат етеді. Мұғалім тапсырма берерде қандай мақсат көздейтінін, оны орындауға қандай материалдар мен аспаптар керек екенін, істелетін жұмысқа қандай талап қойылатынын түсіндіреді. Еңбек сабағына керекті аспаптарды дұрыс ұстау материалдарды белгілі жерге орналастыру, үстелді ластамай оны қалай тазарту керегіне мұғалім өзі көрсетіп, оған оқушылардың назарын аударады. Егер тпасырманы оқушылар топтасып орындайтын болса, оларға тиісті еңбекті бөледі, әрқайсыссының міндетін түүсіндіріп, оның жасалу әрекетін түсіндіреді, көрсетеді. Сөйтіп нұсқау оқушылар жұмысқа кірісерден бұрын беріледі. Мұндай алдын-ала түсіндірілетін нұсқаулардың мақсаты - орындалатын жұмысқа олардың ынтасын аудару және сол еңбекке қойылатын техникалық шарттарды айқындау. Әруақытта оқушылар өз күшін сынауға тым асығып отырады, сондықтан жұмыс алдындағы түсінік ұзаққа созылуға болмайды. Егер мұғалім жұмыс үстінде бір оқушының қате орындап тұрғанын байқаса, оны тоқтатып жұмыстың дұрыс тәсілін үйретеді немесе жолдасының жақсы жұмысын бәріне көрсетеді және неге ұмтылып тырысу керегін айтады. Мұнан соң оқушылар жұмысын одан әрі жалғастыра береді. Мұғалім енді жұмысы өнбей жатқандардың әрқайсысына ісінің сәтсіз болу себебін түсіндіреді. Мұны қате жібермеуге, еңбек процесін қажетті бағытта қайта құруға жәрдемі тиеді.
Сабақта мұғалім оқушылардың еңбек нәтижелерін салыстырады. Әрбір жұмыстың сапасына баға береді. Оқушылардың жақсы орындаған бұйымдары мұқият сақталады, керек жерінде, тиісті сабақтарда пайдаланылады. Әрбір жарты жылдың аяғында оқушылардың істегендерімен көрме ұйымдастырылады.
Мысалы ретінде дайындық класындағы еңбек сабағының жоспарын келтірейік.
Тақырыбы: Апликациялық жұмыс, гүл жасау.
Мақсаты: І. Қағазды бүктеу, сызық бойымен қию. ІІ. Апликациялық жұмыстарды меңгерту, желімдеуге үйрету, тазалық санитарлық ережені сақтауға дағдыландыру. ІІІ. Әсемдікке баулу.
Сабақтың жабдықталуы: қайшы, түрлі-түсті қағаз, картон, желім, гүлдің үлгісі.
Сабақтың барысы:
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Олардың сабаққа керекті құрал-жабдықтарын тексеру, түгендеу, сабаққа әзірлеу.
- Жаңа сабақ. Еңбек туралы кіріспе.
- Балалар, еңбек дегеніміз не?
Еңбек - адамның дене қимылымен белгілі бір мақсатқа арналып жасалатын іс. Адамның еңбектенуі оны өмірге құлшындырады. «Еңбек еткеннің дені сау», «Еңбек сауықтырады, жалқаулық ауыртады»-деген мақал-мәтелдер келтіріп, еңбек туралы түсінік беру. Біз еңбек сабағында нені үйрендік? Класты таза ұстауға, қайшымен, ине-жіппен, желім және қағазбен жұмыс жасауды үйрендік. Өте жақсы. Ал, балалар бүгін біз гүлдің үлгісін жасауды үйренеміз. Әуелі гүл туралы не білетіндерін, гүл аттарын айтқызу. Гүлді апликациялық жолмен жасау жөнінде түсінік беріп, шаблон арқылы сызылып, алдын-ала дайындалған үлгілерді үлестіру. Үлгіні қалай қиып алуға болатынын, тиісті жерінде қалай желімдеу керектігін түсіндіргеннен кейін жұмысқа кірісу керектігін айту. Дағдылары қалыптаспаған кейбір оқушыларға көмектесіп отыру керек. Дегенмен олар жұмысты беріле атқарып, тапсырманы негізінен дұрыс орындап шықты. көпшілігі белсенділік көрсетті. Жұмыс біткен соң қысқаша қорытынды жасадым, жақсы атқарылған жұмыстарды ауызша мақтадым. Оқушылардың еңбек туралы түсінігін тек еңбек сабағында емес, басқа да пәндерді оқыту барысында жүзеге асыруға болады. Мысалы: Дайындық жұмысында ана тілі пәні мен мамандық тақырыбына өткізілген сабаққа тоқталайық.
Тақырыбы: Мамандық. Отбасы мүшелерінің мамандығы.
Мақсаты: 1. Отбасы мүшелері деген түсінікпен балаларды түсіндіру. Отбасы мүшелерін атау (ата, әже, әке, апа, әпке, аға, іні, қарындас) .
2. Отбасы мүшелерінің жұмыс орны, қандай еңбекпен шұғылданатыны жайында сұрақ-жауап арқылы әңгімелесу. Үй шаруашылығының түрлері.
3. Отанын, елін сүюге, еңбек сүйгіштікке, еңбек ардагерлерін құрметтей білуге баулу, кәсіптік бағдар беру.
Сабақтың жабдықталуы: «Кім болам ?» бүктемелі альбом. «Отбасы» атты қабырға газеті, дидактикалық материалдар.
Сабақтың барысы: а) Сурет бойынша жұмыс.
Отбасы мүшелерінің үй шаруашылығы әрекеттерін көрсететін түрлі-түсті суреттерді талдау, әңгімелесу. Сұрақ-жауап әдісі арқылы балаларды еркін, әрі жүйелі сөйлеуге үйрету. Үй шаруасының түрлерін, оған отбасы мүшелерінің қатысын әңгімелеу. Мысалы, «Менің атам-шопан. Ол мал бағады. Ал әкем трактор жүргізеді, мамам-сатушы болып істейді. Өзім тауықтарға күнде жем шашамын, т. б.
ә) «Отбасы» атты ойын ойнату. Өздерінің шамасы келетін еңбек түріне қолғабыс жасауға бағдар беру.
4. Сабақты қорыту.
Отбасы мүшелерін тату. Мамандық туралы түсінікті қорыту, олардың түрлеріне тоқталу. Сабаққа белсенділігін танытқан оқушыларды ауызша мадақтау. Балаларды сабақтан тыс уақытта да еңбекке, өнерге, кітап оқуға, оны сүюге баулуға болады.
Ауылдық жерде тұрғандықтан көктемде, жазда, күзде тәжірибе учаскесінде жұмыс істейміз. Онда шәкірттер бау-бақшадағы жұмысқа көмектеседі. Үлкендердің аударған жерлерін қопсытуға, жүйек жасап, көшет отырғызуға шамалары келеді. Бірақ бұл еңбек түрлері ешбір балалардың организмдерінің қалыпты өсуіне кедергі болатындай қосымша күш денсаулықтарына зияны боларлықтай ауырлық түсірмеуін ескерген жөн. Жұмыс баланы жалықтырмауы, зеріктірмеуі, ынтасын төмендетпеуі үшін мезгіл-мезгіл демалтып, дене қалпын өзгертіп отыру керек. Бастауыш класс оқушыларын жазда, күзде табиғат арасындағы кейбір дәрілік шөптер жемісін жинауға қатысып отырамыз. Далада істеген мұндай жұмыстар олардың өміртанымын кеңейтеді. Еңбек еткенде жақсы нәтижеге жету мақсатына тәрбиеленеді. Сондықтан оларға тек мұрындық болып қана қоймай жеке тапсырмалар ұсынып, әлі келетіндей міндеттерді орындап шығуға үйрету керек. Бастапқыда бала, негізінен еңбекті қызық көріп қатысады. Ең бастысы - еңбекке үйренуі керек. Оларға осы түпкі мақсатты түсіндіріп отырған жөн. Балалардың кішкентай кездерінен көп болып бірігіп еңбек етуге дағдылануы, олардың болашақта ұжым болып жұмыс істеу әдетін қалыптастырады.
«Балаларды жас шағынан - ақ бірігіп өмір сүріп, еңбек ете білетіндей етіпе тәрбиелеу керек. Көпшілік еңбекке қатыса отырып, әркім өзінің ондағы атқаратын ісін және оның ролін білу керек. Мұндай ұжымдық еңбек балаларды ұйымшылдыққа, тәртіптілікке баулиды». Жауапкершілік сезімін тәрбиелейді. Қорыта айтқанда оқу мен өмірдің байланысын нығайту, оқушыларды еңбекке даярлауды жақсарту - күн тәртібінен түспейтін мәселелер. Қазір ауыл шаруашылығының барлық саласына жас күштер қажет. Ол күш - қазір алдымызда отырған оқушылар. Олардың еңбекке ынтасын тудыру үшін, мұғалімдер барлық күшті, шеберлікті соларға жұмсау керек.
Бұл жасөспірімдерді еңбекке тәрбиелеу - күрделі де ұзақ процесс. Сондықтан оларды жастайынан еңбек ете білуге, үлкендерді және олардың еңбектерін бағалай, қадірлей білуге тәрбиелеудің маңызы зор. Бүгінгі таңдағы білім беру жүйесіндегі өзгерістер, жаңалықтармен байланысты негізгі мектептің бастауыш сатысы үшін де еңбекке баулу пәнінің жаңа білім мазмұны анықталып, бағдарлама жасалды. Пәнді оқытудағы негізгі мақсат - оқушының еңбек әрекетін қалыптастыру арқылы оның еңбек дағдылары мен шығармашылық қабілеттерін арттыру. Осы мақсатқа орай мынадай міндеттерді іске асыру көзделінеді:
- еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы еңбекке қызығушылығын арттыру, мінез-құлқын тәрбиелеу.
- оқушылардың әртүрлі материалдарды көркем өңдеу және құрастыру мен модельдеудегі практикалық дағдысын қалыптастыру.
- қарапайым еңбек құралдарын пайдалана білуге үйрету.
- еңбек әрекетін жоспарлай білу, өзінің және өзгенің ісін бақылау, баға беру, түзету, өзіне - өзі қызмет ету дағдыларын қалыптастыру.
- шығармашылыққа баулу.
- эстетикалық, экономикалық, экологиялық тәрбие беру.
- оқушылардың ақыл-ой өрісін дамытып, ізгілікке, имандылыққа баулу.
Пәннің осы мақсат, міндеттері ата кәсіп, ұлттық қолданбалы қолөнер үлгілеріне, ата-баба дәстүріне негізделе отырып жүргізіледі. Пән мазмұнының құрылымы 4 блоктан тұрады: техникалық еңбек, көркем еңбек, өзіне-өзі қызмет ету, ауылшаруашылық еңбек.
Оқушылар бастауыш кезеңде архитектура, мүсін, графика, техника, сәндік қолданбалы, қолөнер шығармаларымен, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерімен танысады. Қазіргі білім мазмұнның жаңаруына байланысты халықтық қолданбалы қолөнерін еңбек сабағына енгізе отырып, ол турады оқушыларға 1 сыныптан бастап түсінік қалыптастыруды қажет етеді. Алғашқы еңбек дағдылары тұрақты да сенімді болумен өзгешеленеді. Сондықтан да алғашқы сабақтан бастап оқушыларға жұмыс істеу әрекеті, тапсырманы дұрыс орындау, жұмыс орнын таза, мұқият ұстауға, жұмсалатын материалды үнемдеуге дағдыландыру көздейді.
Қағаз, қатырма қағазбен жұмыс істеуде оқушылар әртүрлі бұйымдар, ойынға керекті жабдықтар, оқу құралдары, сәндік бұйымдар, тұрмысқа қажетті нәрселер жасап үйренеді. Құрастырудың бірнеше түрі беріледі. Қағаз, мата, табиғи материалдар, дайын жиынтықтардан техникалық құрастыру секілді жұмыстар ұйымдастырылады. Оқушыларға белгілі бір бұйымды жасау барысында оның өмірді, тұрмыстағы қажеттігі тұрғысынан мәлімет беріп, заттың негізгі бөліктерін ажырата білуге, әр бөлік пішінінің, мөлшерінің, орналасуының, осы құрастыруда пайдаланылатын жағдайлар мен үйлесімділігін анықтау жолдары үйретіледі.
Еңбекке баулу пәнінің мазмұны бұрынғыдай тақырыптар бойынша емес, пәннің өзіне тән мазмұндық және іс-әрекеттік ұстанымдарға сай таңдалды. Пәннің мазмұнында халықтың қолданбалы қолөнеріне ерекше мән берілді. Осыған орай өз мазмұнына «Халықтың қолданбалы қолөнері» деген арнайы бөлім енгізілді. Мұнда пәннің басқа тарауларында әртүрлі бұйымдар жасау және бейнелеу өнері пәніндегі өнердің әртүрі салаларына байланысты беріліп отыратын халықтың қолөнерінің элементтері жинақталып жүйеге келтірілді. «Халықтың қолданбалы қолөнері» бөлімінде атадан балаға мұра ретінде қалыптасып келе жатқан кәсіп түрлері, онда орындалатын іс-әрекеттер жайында мағлұмат беріледі. Оқушылар бұйымдарды жасаудың қарапайым тәсілдерін меңгерді.
Еңбектің барлық түрлері негізінен практикалық жұмысты орындау барысында жүзеге асырылады. Атқарылған жұмыстың түрлері, мысалы, ермексаз бен сазбалшықтан мүсін жасау, мата, ағаш, металл, тері өңдеу, ою-өрнек сызу, қию тәсілдері әр сынып сайын біртіндеп күрделеніп отырады.
Еңбекке баулу пәніне мұғалім техникалық қауіпсіздік пен еңбек гигиеналық ережелерін жақсы біліп, оны мұқият орындауы қажет және бұл ережелерді бұлжытпай орындауды оқушылардан талап ету керек. Еңбекке баулу пәні басқа пәндер мазмұнымен де тығыз байланыста жүргізіледі. Оқушылар басқа пәндерден алған білімдерін, білік, дағдыларын еңбекке баулу сабағында тәжірибе жүзінде пайдаланды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz