Деректер базасына сұраныс құру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Курстық жұмыстың тақырыбы: Құрылыс материалдары пәндік облысы үшін
деректер қорын құру.
Курстық жұмыстың мақсаты Құрылыс материалдарыжұмысының жүйесін
автоматтандыру, ал міндеті ыңғайлы жүйені пайдаланып, мигранттар мен
имигранттардың құжаттарын толтыру кезінде туындайтын мәселелерді жеңілдету,
кәсіпорынның жұмысын автоматтандыру, азаматтар туралы мәліметтерді енгізу
болып табылады.
Курстық жұмыстың түсiндiрме жазбасы кiрiспеден, 2 тараудан тұратын
негiзгi бөлiмнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
Курстық жұмыстың түсiндiрме жазбасы кiрiспеден, 2 тараудан тұратын негiзгi
бөлiмнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
Курстық жұмыс Microsoft ACCESS деректер қорын басқару жүйесінде
дайындалды. Мұнда салық комитетінің қызметтері туралы мәліметтер енгізілген
және мәліметтер қорымен жұмыс жасау қарастырылады
Курстық жұмыс 15 сурет, сұлба, 1 кесте, 29 беттен тұрады. Сонымен қатар
курстық жұмыс қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Курстық жұмыс жетекшісі: Исмаилов Х.Б.
Курстық жұмысты орындаған: ИП-15-3к1 тобының студенті Әнуарбек Жаңыл

Мазмұны

Нормативті сілтемелер 5
Анықтамалар 6
Белгілеулер мен қысқартулар 7
Кіріспе 8
1 Аналитикалық бөлім 9
1.1 Қолданыстағы бағдарламалық қамтамаларға, қосымшаларға
шолу және талдау жасау 9
1.2 Бағдарламалық қамтаманы құрастыруды негіздеу 9
1.3 Деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ) ақпараттарды кестелік өңдеу 10
1.4 Құрылыс материалдырына деректер қорын құрудағы техникалық тапсырма 12
1.5 Деректер базасының басқару жүйесінің бағдарламалық және ақпараттық
құрылғыларының негіздері 13
2 Жобалау бөлімі 15
2.1 Құрылыс материалдары үшін деректер базасын құру жолдары 15
2.2 Кестелерге кілттік өріс құру 20
2.3 Деректер базасына сұраныс құру 21
2.4 Деректер базасының негізгі интерфейсін құру 24
2.5 Құрылыс материалдырының деректер қоры бойынша есептер (Отчеты) 26
Қорытынды 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 29

Нормативті сілтемелер

Курстық жұмыста келесі нормативті сілтемелер қолданылды:

СТРК 34.006 – 2002 – Ақпараттық технология мәліметтер қоры негізгі
терминдер және анықтамалар;
СТРК 34.007 – 2002 – Ақпараттық технология мәліметтер қоры негізгі
терминдер және анықтамалар. Телекоммуникациялық желілер;
МЕСТ UCO 8790 – 95 - Ақпаратты өңдеу жүйесі. Есептеуіш жүйелердің
конфигурация сұлбасы, шартты белгілері және символдары;
МЕСТ 28195 – 99 Бағдарламалық құралдардың сапа бағасы.

Анықтамалар

Курстық жұмыста сәйкес анықтамалармен келесі терминдер қолданылады:

Атрибут – мәннің атауы бар сипаттамасы. Оның атауы қандай да бір
нақты мән түрі үшін уникалды болуы тиіс, бірақ, мәндердің түрлі типтері
үшін бірдей бола алады (мысалы түс мәндердің бірнеше түрлері үшін
анықтала алады). Атрибуттар мән жайлы қандай ақпарат жиналуы тиіс екенін
анықтау үшін қолданылады.
Байланыс – бір немесе бірнеше мәнді ассоциациялау болып табылады.
Егер мәліметтер қоры тек қана жеке, өзара байланыспаған мәліметтерді
сақтауға арналған болса, онда оның құрылымы өте қарапайым болушы еді.
Кілт –олардың мәндері арқылы керекті мән экземплярын бірмәнді табуға
болатын, атрибуттардың минималды жиыны. Минималдылық жиыннан кез келген
атрибутты шығару қалғандары бойынша мәнді идентификациялау мүмкіндігін
жоятынын білдіреді.
Алгоритм – берілген ағымдық мәліметтерден ізделінді нәтиже алып келетін,
есептеу процесін анықтайтын нақты ережелер.
Компьютерлік әдіскер - ОКҚ-на арналған пәндік ауқымға бағдарланған,
компьютерлік дидактиканы меңгерген маман
Жүйелік программалаушы — компьютерлік дидактиканы меңгерген, білім
берудің ақпараттық технологиясының маманы
Ақпараттық жабдықтау - ақпаратты кодтау және классификациялаудың
біртекті жүйесінің, құжаттардың реттелген жүйесінің, ақпараттық ағындар
схемасының жиынтығы және мәліметтер қорын тұрғызу әдістемесі.
Техникалық жабдықтау - ақпараттық жүйенің жұмысына арналған техникалық
құралдардың комплексі, сонымен қатар осы технологиялық процесстер мен
құралдарға сәйкес құжаттар.
Математикалық және программалық жабдықтау – техникалық құралдар
комплексінің жақсы жұмыс атқаруы үшін, ақпараттық жүйенің мақсаты мен
мәселесін орындаушы математикалық модельдер, алгоритмдер және программалар
жиынтығы.
Ақпараттық техологиялар - ақпараттық ресурстарды пайдалану
процесінің еңбек ауқымын төмендету мақсатында ақпаратты жинау, өңдеу
, сақтау және бейелеуді қамтамасыз ететін, сонымен қатар оның
сенімділігі мен оралымдылығын жоғарылататын технологялық тізбекке
жинақталған бағдарламалы-техникалық құралдар мен әдістердің жиынтығы.
Компьютерлік программа- бұл байттар тізбегі түрінде көрсетілген
элементар командалар жиынтығы.
Операциялық жүйе дегеніміз – ақпаратты өңдеу процесін басқаруды және
қолданушы мен ақпараттық құралдар арасында байланыс орнатуды қамтамасыз
ететін бағдарламалар жиынтығы.
Белгілеулер және қысқартулар

АЖ- ақпараттық жүйелер
МҚБЖ – мәліметтер қорын басқару жүйесі
ДК- дербес компьютер
АТ- ақпараттық технологиялар
ОЖ-операциялық жүйе
АЖО – автоматтандырылған жұмыс орын
ОБП - объектілі–бағдарлы программалау
ААЖ – автоматтандырылған ақпараттық жүйелер
МҚ - Мәліметтер қоры
ADO - Active X Date Objects – Active X мәліметтерінің объектілері
DB - Objects Linking and Embedding DateBase – мәліметтер қорының
объектілерін байланыстыру мен ендіру

Кіріспе

Менің курстық жұмысымның тақырыбы - Құрылыс материалдары пәндік облысы
үшін деректер қорын құру.
Microsoft Access – деректер қорымен жұмыс жасайтын жапсырмаларды
құрастыратын танымал және қуатты бағдарлама. Бұл бағдарламамен ақпаратты
сақтау мен есептеуге байланысты көптеген статистикалық,экономикалық және
басқа да жапсырмалар жасалған. Сонымен қатар Microsoft Access тек
бағдарлама құрастыру ортасынан ғана емес,мәзір пункттерінің көмегімен
немесе командалық терезеге командаларды тікелей енгізу арқылы деректер
қорының кестелерімен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін ДҚ-н басқару жүйесінен
де тұрады.
80-90 жылдардың аралығында Microsoft Access деректер қорын басқару
жүйесі MS-DOS операциялық жүйесі үшін деректерді сақтайтын ең атақты
бағдарлама болған. Ол реляциялық деректер қорымен жұмыс жасайтын ыңғайлы
механизмге және интерактивті жағдайда жұмыс жасауға мүмкіндік беретін
командалық тілге ие болған.
Windows операциялық жүйесінің пайда болуына байланысты визуалді жобалау
технологиясын пайдаланатын жаңа бағдарлама құру орталары пайда болды.Осыған
байланысты Microsoft Access жүйесін шығарған компания бұл жүйені жетілдіре
бастады. Соның арқасында Microsoft Access -тің көптеген артықшылықтары
пайда болды. Солардың бірі - Microsoft SQL Server ДҚБЖ – мен
сәйкестігінің жоғарылауы. Деректердің жаңа типтері енгізілген.
Курстық жұмыстың түсіндірме жазбасы келесі бөлімдерден тұрады: есептің
қойылымы, бағдарламалық кешенді жобалау, бағдарламалық қамтаманы жүзеге
асыру, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі, қосымшалар.
Есептің қойылымы бөлімінде қолданылып жатқан ақпараттық жүйелерге талдау
және шолу жасау, бағдарламалық қамтаманы құрастыруға негіздеме, техникалық
тапсырма көрсетіледі.
Бағдарламалық кешенді жобалау бөлімінде құрылып жатқан бағдарламалық
қамтамасыздандырудың тағайындалуы, зерттелінетін объектіге талдау жасау
бағдарламалық қамтамасыздандырудың функционалдылығы, жалпы бағдарламалық
қамтамасыздандырудың және аппараттық құралдардың таңдауы жүргізіледі.
Бағдарламалық қамтаманы іске асыру бөлімінде бағдарлама алгоритмінің
шешілуі жүргізіледі, яғни модульдер мен блоктардың арасындағы
байланысы,файлдық жүйенің логикалық және физикалық құрылысы және
тағайындалуы жүргізіледі. Сонымен қатар, құжаттау бөлімінде қолданушыға
және бағдарламашыға арналған нұсқау көрсетіледі.
Қолданылған әдебиеттер тізімінде курстық жұмысты жобалау мен құрастыру
барысында қолданылған барлық бастапқы берілгендер мен деректер қатары
көрсетілген.
Зерттеу нысаны: Құрылыс материалдары.
1 Аналитикалық бөлім

1.1 Қолданыстағы бағдарламалық қамтамаларға, қосымшаларға шолу және
талдау жасау
Автоматтандыру ол бағдарламалық-техниикалық құралдарды, экономико-
математикалық тәсілдер және оларды басқару жүйесі, ақпаратты қолдану және
жіберуде қолданылады.
Автоматтандырудың мақсаты – өнімділікті жоғарылату және тиімділігі,
ақпараттық өнімдер және қызметтері сапасының жақсаруын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар ақпараттық қызметтiң басқа салаларында, кадрлық
тәжiрибеге автоматтандырудың барлық негiзгi артықшылықтары тән:
– өңдеудiң процесстерi және деректердi өзгертуді тездету;
– есептiк және есеп беру мәлiметтерiнiң дәлдiгiн жоғарылату;
Құрылыс материалдарының деректер базасын құру ісін автоматтандыру ол
жұмысшылардың жұмысын оңайлатады. Мысалы, құжат дұрыстауға келген адамның
ақпаратын қолмен толтырғаннан гөрі оны ақпараттындыған ыңғайлы болып
табылады. Сондықтан да халыққа қызмет ету орталығының жұмысын
автоматтандыру қажет,автоматтандыру оның жұмысын дамыта алады және оны
басқаруға болады.
Бұдан бірер жыл бұрын республикада Құрылыс орталықтарын құрылуынан
бастады. Бұл жаңа құрылымның мақсаты – жұртшылықпен етене жұмыс жасап,
олардың қажетті құжаттарын әрі сапалы, әрі шапшаң дайындап беру еді.
Құрылыс материалдарыорталықтарының құрылуындағы басты мақсаты – Қазақстан
Республикасының халқына сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету болып
табылады. Қазіргі уақытта көрсетіліп отырған негізгі мемлекеттік қызмет
түрлері – Құрылыс материалдарының деректер базасын құру программасы
қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетуге және азаматтардың уақыт үнемдеуіне
бағытталған. Біршама негізделген, сонымен бірге ең үлкен жауапкершілікті
талап ететін процестер болып төмендегілер табылады:
– Азаматтарға қызмет көрсетуді тіркеу;
– Қызметкерллердің жұмысын оңайландыру;
– Қызмет түрлерін енгізу.

1.2 Бағдарламалық қамтаманы құрастыруды негіздеу

Ақпаратты-логикалық жобалаудың мақсаты деректер қорын құратын
бағдарламалық қамтаманың құрылымданған ақпараттық моделін құру болып
табылады. Мынадай талаптарға сәйкес келетін, ақпаратты-логикалық деңгейінде
жобалау кезінде ақпаратты-логикалық модель құрылады (АЛМ):
-құрылып жатқан деректер қорында сақталатын ақпараттың көрсетілімі мен
жинақталуы сияқты қолданушылар үшін табиғи әдістерін қамтамасыз ету;
- ДҚ-ң схемасының дұрыстылығы, яғни модельденген БҚ-ң оңай бейнеленуі;
- келесі деңгейлерде жобалауды қолданудың қарапайымдылығыжәне
ыңғайлылығы дегеніміз танымалы (иерархиялық, желілік, реляциялық және т.б.)
ДҚБЖ-ң қарым-қатынасын қолдап отыратын деректер қорының моделінде АЛМ оңай
бейнелене алады;
- АЛМ ДҚ-н жобалаушыларға, бағдарламалаушыларға, администраторға және
келешек қолданушыға түсінікті сипатталуы тиіс.
Деректер қоры келесілерден тұрады:
– 3 кесте;
– 5 сұраныс;
– 2 форма;
Кестелер ДҚ-ң негізін құрайды. Оларда барлық қажетті ақпарат сақталады.
Одан әрі қарай кестедегі деректер жаңа деректермен толықтырылады,
өзгертіледі және кестеден жойылып отырады. Кестедегі деректерді форма
арқылы қарап шығуға немесе берілген критерий бойынша реттестіруге болады.
Кестеде орналасқан ақпарат есептерді құру үшін қолдануға болады. Кесте
жолдар мен бағандардан тұрады және деректер қорында уникалды атқа ие
болады. Әрбір кесте кез-келеген біртипті объект жайлы ақпараттан тұрады.
Кестелер:
- кесте Товарный чек;
- кесте Товар на складе;
- кесте Приход товара;
Пункттері кестелерге, формаларға, есептер мен сұраныстарға рұқсат
құралдары болып табылатын негізгі бағдарлама басты мәзірдің іске асырылуы
үшін қызмет етеді.
Windows стандарттарымен сәйкестендіргенде кез-келген қосымшаның мәзір
қатары болғаны жөн, Visual FoxPro-да формаларды шақыру үшін, сұраныстар мен
есептерді құрауда және т.б. командаларынан тұрады. Қолданушылыр үшін
мәзірді қолдану жеңіл және ыңғайлы, сондықтан олар деректер қорымен
ешқандай қиындықсыз жұмыс істей алады.
Қажетті ақпараттық ресурстар бір бумада жинақталған болғадықтан,
деректер қоры компьютердің қай жерінде орналасса да ешқандай маңызы
болмайды, осы арқылы жүйенің тиіділігі қамтамасыз етіліп отырады.

1.3 Деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ) ақпараттарды кестелік өңдеу

Деректер қоры (ДҚ) - aқпараттық жүйелердің өңделетін обьектісі, қоршаған
ортаның белгілі бір саласының немесе бір пән аймағының нақты обьектілері
жайлы берілген мәліметтер жиыны. Екі өлшемді кестелерден, яғни жолдар мен
бағаналардан тұратын мәліметтер базасы реляциялық база болып саналады.
Деректер қорын басқару жүйесі (ДҚЖ)-көлемді мәліметтер жиынын
тұтынушыларға ыңғайлы түрде бейнелеп, белгілі бір форматта сақтап қана
қоймай, оны ары қарай өңдеуге арналған программалар кешені.
Microsoft ACCESS - Windows ортасында жұмыс істейтін 32-разрядты,
реляциялық МББЖ, мұнда бір мезетте бірнеше мәліметтер базасының
кестелерімен қатар жұмыс істей беруге болады. Реляциялық мәліметтер
құрылымын қарапайым етіп құрастырып, жұмыс істеуді жеңілдетуге мүмкіндік
береді. Microsoft ACCESS кестесін басқа компьютердегі немесе сервердегі
мәліметермен байланыстыруға және де мұнда Paradox немесе Dbase МББЖ-лерінда
жасалған мәліметтерді пайдалана беруге болады. Microsoft ACCESS
мәліметтері Excel кестелермен де оңай мәлімет алмаса алады .
Microsoft ACCESS Windows-технологияның барлық мүмкіндіктерін
сүйемелдейді және оның тұтынушысының жұмыс істеуіне қолайлы графикалық
интерфейсі бар.

Microsoft ACCESS тұтынушыға өз есептерін ойдағыдай шағаруға мүмкіндік
беретін әртүрлі диалогтық құралдар бар, оларға меню командалары, саймандар
тақтасындағы батармалар, суырылып шығатын түсініктемелік сөздер,
Конструктор (Design), Шебер(Wizards) программалары жатады.
Microsoft ACCESS деректер қорын басқару жүйесімен жұмыс істеу тәсілдері
Windows ортасындағы графикалық объектілермен (терезе, тізім, ауыстырып
қосқыш, жалауыша, батырма, тағы сол сияқты), жұмыс істеу тәрізді
орындалады.
Кесте аралық байланыстың схемасы
Тапсырыстар кестесіндегі кілт өрісі – тапсырыстар коды болады. Онда кім,
қашан, қандай бағаға нені тапсырғаны туралы айтылады. Бұнда тағы да қай
жұмысшы тапсырманы іске асырғаны туралы білуге болады. Бір жұмысшы көп
тапсырманы қабылдай алмағандықтан тапсырыстар кестесінде қызметкер коды
өрісі не бірегей, не кілт өрісі бола алмайды, бірақ та қызметкер кестесінде
бұл өріс бірегей болады. Мұндай кестелерді реляциялық қатынасты байланысқан
кестелер деп аталады. Сәйкесінше, байланысқан кестелермен жұмыс жасай
алатын басқару жүйелерін реляциондық ДҚБЖ деп атайды, ал деректер схемасын
техникалық әдебиеттерде реляциондық қатынасты схема деп атайды.
Деректер схемасын жасап болғаннан кейін, техникалық тапсырманың
қағаздық кезеңі бітеді. Бұл схеманы жұмыстың тапсырушысымен ақылдасып
келістіру керек, содан кейін барып деректер қорын құруға кірісуге болады.
Бірақ мынаны ұмытпау керек, жобаны жасау барысында жұмысты тапсырушының
басына жаңа идеялар келіп отырады. Жобалаудың барлық кезеңінде ел бір
жүйеге мекеменің барлық жаңа бөлімдері мен қызмет ету орындарын кіргізуге
тырысады. Тапсырушының барлық тілектерін орындау мүмкіндігі көбінде
деректер қорын жасаушының мамандық дәрежесімен анықталады. Егер деректер
схемасы дұрыс болса, қорға жаңа кестелерді қосу қиын емес. Ал егер қордың
құрылымы тиімсіз болса, жобалаушы қиын сынақтан өтіп, тапсырушымен
қайшылыққа ұшырайды. Орындаушы мен тапсырушының арасындағы қайшылық әрқашан
орындаушының мамандық дәрежесінің төмендігін көрсетеді. Сондықтан деректер
қорын алдын ала жобалау кезеңін негізгі кезең деп санау керек. Оның табысты
болуынан, деректер қорының қаншалықты ыңғайлы болатыны және қолданушылар
онымен жұмыс істеуі тәуелді болады. Егер қолданушылардың оған сұранысы
болмаса, бұл олардың төмен дәрежелі қолданушылар болғаны емес, қорды
жобалаушының мамандық дәрежесінің төмен болуының айғағы.
Кестелер арасындағы байланыс келесі мүмкіндіктерді береді:
- Кілт өрісіндегі мәліметтердің өшірілу немесе өзгеру мүмкіндігін
болдырмау, егер онымен басқа кестелердің кез келген өрістері
байланысты болса;
- Негізгі кестенің кілт өрісіндегі мәліметтерді өшіргенде немесе
өзгерткенде онымен байланысқан кестелердің өрістерінде сәйкес
мәліметтердің өшірілуі немесе өзгеруі автоматты түрде болады;
- Байланыс қасиеттерін орнату үшін деректердің схемасы терезесінде екі
кестенің өрістерін қосатын сызықты ерекшелеп алу керек, оның үстінде
оң батырмамен басып ашылған контекстік менюде байланыстардың өзгеру
терезесі ашылады. Онда байланысқан кестелердің аттары және байланысқа
қатысатын өрістердің аттары, сонымен қоса мәліметтердің тұтас болу
шартын қамтамасыз ететін басқару элементтері көрсетілген;
- Егер мәліметтердің тұтастығын қамтамасыз етуде ғана жалауша қойылса,
онда негізгі кестенің кілт өрісінде мәліметтерді өшіруге болмайды;
- Егер онымен қоса байланысқан өрістерді каскадты жаңарту және
байланысқан жазбаларды каскадты өшіруде жалаушалар қойылса, онда
сәйкесінше негізгі кестенің кілт өрісінде өшіру және өзгерту
операцияларына рұқсат етіледі, бірақ ол автоматты түрде байланысқан
кестеде өтеді. Осылайша, кестелер арасындағы реляциондық байланысты
құру бір жағынан мәліметтерді қорғауын, ал екінші бір кестеге өзгерту
енгізгенде, бірнеше кестелердің автоматты өзгеруін береді.
Деректер қорын алдын ала жобалау осы кезеңде аяқталады және келесі
кезеңде оны тікелей компьютерде іске асыру басталады. Осы кезден ДҚБЖ– мен
жұмыс жасау басталады. Біздің мысалымызда біз Microsoft ACCESS ДҚБЖ–н
қарастырамыз.

1.4 Құрылыс материалдарын сату орталығының деректер қорын құрудағы
техникалық тапсырма

Техникалық қамтамасыз ету – бұл АЖ-і қалыптастыру үшін қлданылатын
техникалық құралдардың кешені боып табылады.
Функциональды мүмкіндіктер тұрғысынан алып қарағанда техникалық құралдар
келесі мәселелердің түрлерін шешуді қамтамасыз етуі қажет:
- салыстырмалы түрде күрделі емес алгоритмдер бойынша
ақпараттардың үлкен көлемін өңдеуді;
- күрделі, логикалық тарамдалған алгоритмдар бойынша
ақпараттардың үлкен емес мөлшерін өңдеуді;
- нақты уақыт мерзімінде бірқатар мәселелерді шешуді;
- алфовиттік-сандық ақпараттар, сызбалар, схемалар, графиктер
мен кестелерді енгізу мен шығарып тастау мүмкіндіктері;
- жаппай базаларда жазылған бағдарламалар бойынша автономдық
жұмыстардың мүмкіндіктері;
- бейнелемелердің орналасуы мен масштабтың өзгеру
мүмкіндіктері.
Техникалық құралдардың кешені ішкі жүйелерді қалыпастыру процесінде
техникалық құралдар кешенінің максимальді тиімділігі жағдайында
ақпараттардың қайта құрылуының негізгі талаптарында біршама толық түрде
жауап беруі тиіс.
Басқарудың ақпараттық процесі жекелеген операциялардың орындалуы мен
олардың кешендері жолымен жүзеге асады. Барлық операцияларды үш кезең
бойынша топтастыруға болады: ақпараттарды алу, қайта ұйымдастыру және
пайдалану. Бірінші кезең экономикалық обьектілердің қызметі процесінде
пайда болатын алғашқы ақпараттарды жинау мен тіркеуді орындайтын
операциялар тобынан тұрады.
Ақпараттарды қайта ұйымдастыру (екінші кезең) операцияларының тобы
мәндер, формалар, құрылымдар және уақыттағы кеңістіктер өзгерісін атқарады.

1.5 Деректер базасының басқару жүйесінің бағдарламалық және ақпараттық
құрылғыларының негіздері

Бағдарламалық қамтамасыздандыру – компьютерде ақпаратты автоматтандырып
өңдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалар жиынтығы. Мақсатымен
жүзеге асыратын қызметтеріне қарай кезкелген бағдарлама екі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кітапхана деректер базасының қосымшаларын бағдарламалау
Delphi программалау ортасы. Мәліметтер базасы
Тестілеу бағдарламасы туралы жалпы мағлұмат
Концептуалды, логикалық және физикалық жобалау. деректер базасының ғылымда, техника мен бизнесте қолданылуы
Жалпы білім беретін колледждердің информатика пәнін оқытуда,объектілік бағдарланған программалау негіздерін қарастырып,ішкі программалармен жұмыс істеу
Ипотекалық несие беру деректер базасын жобалау
Жетісу қонақ үйі
Қонақ үй жұмысы
Деректер қорын басқару жүйесі жайында
Delphi визуалды программасы
Пәндер