Казпочта байланыс қызметі
Аннотация
Бұл курстық жұмыста Казпочта АҚ кіріс және шығыс құжаттарын тіркеу жұмысын автоматтандыру үшін ақпараттық жүйесі құрылды және аналитикалық мәліметтер қорын жобалау мен құру мәселесі қарастырылды. Құрастырылған ақпараттық жүйенің мақсаты ОҚО Казпочта АҚ келіп түскен және жөнелтілген құжаттарды тіркеу жұмыстарын автоматтандыру арқылы ол жердегі жұмысты жеңілдету.
Бағдарламадағы мәліметтер қоры Казпочта АҚ кіріс және шығыс құжаттарын тіркеу жұмысын автоматтандыру жайлы мәліметтердің нақты ақпаратын қамтиды, яғни олардың арасындағы байланыс қамтамасыз етілген. Осы құрастырылған ақпараттық жүйе мәліметтер қорына жаңа мәлімет қосуға, ондағы мәліметтерді өңдеуге, қордағы мәліметтер бойынша есеп беруді құрастыруға мүмкіндік береді.
Құрастырылған жоба SQL Server R2 және Microsoft Visual Studio бағдарламалау орталарында орындалған.
Курстық жұмыс 21 сурет, 34 беттен тұрады. Сонымен қатар курстық жұмыс қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Курстық жұмыс жетекшісі: Исмаилов Х.Б.
Курстық жұмысты орындаған: ИП-15-3к1 тобының студенті Низамидин Самат
Мазмұны
Нормативті сілтемелер 5
Анықтамалар 6
Белгілеулермен қысқартулар 7
Кіріспе 8
1 Аналитикалық бөлім 9
1.1 Казпочта байланыс қызметі 9
1.2 Почталарда байланыс қызметін көсерту 11
2 Жобалау бөлімі 14
2.1 Деректер базасы туралы жалпы мәлімет және олардың кең түрде қолдануының алғы шарттары 14
2.2 Microsoft SQL Server (MS SQL) және Microsoft Visual Studio С# 17
2.3 Казпочта АҚ кіріс және шығыс құжаттарын тіркеу жұмысын автоматтандыру үшін деректер базасын құру 20
2.4 SQL Server R2 бағдарламасының көмегімен кесте құру 21
2.4.1 Кестелерде кілтті құру және байланыстыру 23
2.5 Казпочта АҚ кіріс және шығыс құжаттарын тіркеу жұмысын автоматтандыру үшін деректер базасының формасын құру 25
2.6 Казпочта АҚ кіріс және шығыс құжаттарын тіркеу жұмысын автоматтандыру бөлімі үшін деректер базасының есебін құру 31
2.7 Казпочта АҚ кіріс және шығыс құжаттарын тіркеу жұмысын автоматтандыру бөлімі деректер базасының сұранысын құру 32
Қорытынды 33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 34
Нормативті сілтемелер
Курстық жұмыста келесі нормативті сілтемелер қолданылды:
СТРК 34.006 - 2002 - Ақпараттық технология мәліметтер қоры негізгі
терминдер және анықтамалар;
СТРК 34.007 - 2002 - Ақпараттық технология мәліметтер қоры негізгі
терминдер және анықтамалар. Телекоммуникациялық желілер;
МЕСТ UCO 8790 - 95 - Ақпаратты өңдеу жүйесі. Есептеуіш жүйелердің конфигурация сұлбасы, шартты белгілері және символдары;
МЕСТ 28195 - 99 Бағдарламалық құралдардың сапа бағасы.
Анықтамалар
Курстық жұмыста сәйкес анықтамалармен келесі терминдер қолданылады:
Индекстер - кестелердегі деректерге қол жеткізуді жылдамдататын механизм болып табылады
Image - элементі экранда формаға бейнелерді орналастыруға арналған.
DataSource - деректердің басы
Table - ДБ кестесіне негізделген деректер жинағы
Query - SQL - сұранысқа негізделген деректер жинағы
StoredProc - серверде сақталатын процедураны шақыру
DataBase - ДБ қосылу
Session - ДБ жұмысының ағымды сеансы
BatchMove - топ жазбалармен операцияларды орындау
Update - деректер жиынтығын модификациялау
NestedTable - қойылған кесте
DCOMConnection - көпқолданбалы режимде қашық сервермен қосылу
SocketConnection - Windows сокеті арқылы қашық сервермен қосылу
RvDataSetConnection - мәліметтермен байланыстырады
RvTableConnection - Table компаненті бар мәліметтермен байланыстырады
TrvQueryConnection - Query компоненті бар мәліметтермен байланыстырады
RvRenderPreview - RvNDRWriter арқылы құрылған файлдағы мәліметтерді экранда мүмкіндік береді
RvRenderPrinter - RvNDRWriter арқылы құрылған файлдағы мәліметтерді баспа құрылғысына жібереді
Белгілеулер мен қысқартулар
ДҚБЖ - Деректер қорының басқару жүйесі.
ДҚ - Деректер қоры
АЖ - Ақпараттық жүйе
БЖ - бағдарламалық жабдықтама
ҚР - Қазақстан Республикасы
ОҚО - Оңтүстік Қазақстан облысы
АЖО - автоматтандырылған жұмыс орны
АҚ-акционерлік қоғам
ЖШС-жауапкершілігі шектеулі серіктестік
МБ-мәліметтер базасы
Кіріспе
Казпочта АҚ кіріс және шығыс құжаттарын тіркеу жұмысын автоматтандыру үшін ақпараттық жүйе құру.
Бұл курстық жұмыста Казпочта байланыс қызметі, почталарда байланыс қызметін көрсету, операциялық күнді және пайдаланушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру тәртібі, почта жөнелтімдерінің және почталық ақша аударымдарының адрестерін рәсімдеу тәртібі, рұқсат етілмейтін заттар салынып қабылданған жөнелтімдерді өңдеу және мекемелер мен ұйымдардағы электрондық мұрағат және оның құжат айналымы туралы мәліметтер келтірілді.
Сонымен қатар жұмыс орнына орнатылатын құрастырылған ақпараттық жүйе бағдарламалық қамтуды таңдауға негіздеу жүргізіледі, қолданылған бағдарламалық құралдарға толық сипаттама беріледі, оның құрамына стандарттық, типтік және мамандандырылған бағдарламалық құралдар кіреді және де қосымша жүйенің қалыпты жұмыс жасауына қажетті аппараттық - техникалық құралдарды таңдау кіреді. Бағдарламаны жасау туралы материал ұсынылған. Оның құрамына тапсырманың қойылуы, тапсырманы шешу тәсілін таңдау және негіздеу, алгоритм мен бағдарламаның жасалуы, және де жасалған бағдарламалық өнімнің қолданылуының әсерлілігі және де тұтынушы мен программистке арналған нұсқаулар кіреді.
Жұмыстың мақсаты. Казпочта АҚ кіріс және шығыс құжаттарын тіркеу жұмысын автоматтандыру үшін ақпараттық жүйе құру барысында пайдалана отырып, ақпараттарды қабылдау, өңдеу, сақтау және желі арқылы жіберу қызметтерін атқаруы тиіс.
Жасалған деректер базасы көптеген мәліметтерді қамтитын, мәліметтер қорына тез және қатесіз енгізу және керекті мәліметтерді оңай табу мақсатында әртүрлі өзгерістер мен түзетулер енгізу, ыңғайлы формада көру, барша мәліметтермен танысу мүмкіндіктерін ұсынады.
Жұмыстың жаңалығы. Жасалыған ақпараттық жүйені Казпочта АҚ кіріс және шығыс құжаттарын тіркеу жұмысын автоматтандыру үшін өз жұмыстарында пайдалана алатындығында.
1 Аналитикалық бөлім
1.1 Казпочта байланыс қызметі
ХХ ғасырдың 90-шы жылдарында Қазақстанның почта саласы байланыстың дербес саласы болып табылмады. Почта қызметтерінің операторы ретінде Қазақстан Республикасының Байланыс министрілігі болып табылған.
Почтаның қаржы саласын мемлекетпен реттеудің бөлек сферасы ретінде құрылуының көзі болып 1993 жылы оның мемлекеттік байланыстың бірыңғай жүйесінен бөлініп шығуы жəне Мемлекеттік почта деген ресми атақты алуымен байланысты.
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 5 сəуіріндегі Қазақстан Республикасының Байланыс министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің базасында телефон байланысы почта байланысынан бөлініп, Мемлекеттік почта болып құрылды.
Мемлекеттік басқару жүйесінің бірнеше рет қайта құрылғанынан кейін Мемлекеттік почта Қазақстан Республикасының Көлік жəне коммуникация министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.[1]
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 13 қарашадағы Қазақстан Республикасының Көлік жəне коммуникация министрлігінің Мемлекеттік почтасы шаруашылықты жүргізу құқығы бойынша Қазақстан Республикасының Көлік жəне коммуникация министрлігінің жанында Республикалық почта байланысының мемлекеттік кəсіпорны болып қайта құрылады, оған Қазақстан Республикасы үкіметінің 1997 жылғы 27 мамырындағы халыққа ұсынылатын почта қызметтерінің деңгейін сақтау мен сапалы түрде жоғарлату, почта байланысының саласын қаржы-экономикалық тұрақтандыру мен техникалық жетілдіру мақсатында республиканың облыс орталықтарында орналасқан почта байланысының еншілес мемлекеттік кəсіпорындары, сонымен қатар Республикалық мемлекеттік кəсіпорын Республикалық арнайы байланыс торабы қосылады.
Қазақстан Республикасының почта саласын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы еншілес мемлекеттік кəсіпорындарын, мемлекеттің жарғылық капиталында 100 пайыздық қатысуымен, Қазпочта акционерлік қоғамы (əрі қарай - Қоғам) ретінде қайта құрылады.[2]
2003 жылы 8 ақпанда Қазақстан Республикасының Почта туралы Заңы қабылданады, оның нормалары почта қызметі саласындағы қоғамдық қарым-қатыстарды реттейді, почта қызметі субъектілерінің құқықтары мен міндеттемелерін, почта саласындағы мемлекеттік органдардың құзыретін анықтайды.
Қазақстан Республикасы үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы қоғам Қазақстан Республикасының ұлттық почта операторы болып айқындалды, оған мемлекетпен почталық жəне арнайы байланыстың жалпыға қол жетерлік қызметтерді ұсыну, қаржылық қызметтерді жүзеге сыру жəне қаржылық қызметтерді көрсету бойынша міндеттемелер жүктелді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы және 2006 жылғы 23 ақпандағы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің бұйрығымен қоғамның мемлекеттік акциялар пакеті Самұрық мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі АҚ орналасатын акциялардың төлеміне тапсырылды.[3]
2000 жыл Қазақстан почтасының даму кезеңінің басталуы деп қарастыруға болады. Өйткені, осы кезден бастап жүргізілген салиқалы реформаларға және сауатты басқаруға байланысты почта біртіндеп тығырықтан шығып, қарқынды даму сатысына көтеріле бастады. Тұңғыш рет Почта туралы заң қабылданды. Үкімет ҚР почта жинақ жүйесін дамытудың 2005-2010 жылдардағы бағдарламасын бекітті. Бүгінде Казпочта АҚ қарқынды дамып келе жатқан ұзақ мерзімді даму потенциалы бар, песпективалы негізгі инфрақұрылым салаларының бірі болып саналады. Казпочтаның соңғы кездегі қол жеткізген үлкен жетістігі, оның жаңару және реформалау жолынан өтіп, почта жинақ жүйесін құрып, заң жүзінде бекітіп, нығаюында.
Казпочтаның беделі ел ішінде ғана емес, әлемдік деңгейде де артып келеді. Қазақстан почтасының почта-жинақ жүйесін құру тәжірибесіне көптеген жетекші шетелдердің почталық әкімшіліктері мен банкілік құрылымдары қызығушылық танытуда. Қазақстан Республикасының дүниежүзілік почта одағына мүше болумен қатар, оның әкімшілік кеңесіне сайлануы осыған дәлел бола алады.
Қазіргі таңда Казпочта бұл жан-жақты қаржылық қызмет көрсету қабілеті бар, бұрынғы мағынадағы почта мен бірегей қаржылық институтының бірлескен құрылымы. Мұнда көрсетілген қызметтердің жетістігі филиалдың кең тараған құрылымдық бөлімшелері арқылы қамтамасыз етіледі. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 13 аудандық почта байланыс торабы және 247 почта байланыс бөлімшесі, оның ішінде 169 ауылдық жерлерде және 70 почта байланыс пункті, оның ішінде 66 ауылдық жерде халаққа қызмет көрсетеді.
Бүгінде ауылдық жерлерде почта-жинақ жүйесін бұдан әрі өзін-өзі қаржыландыру жағдайына тұрақты және тиімді дамытудың негізін қалауға мүмкіндік береді.[4]
Соңғы жылдары Оңтүстікте бес жаңа почта бөлімшелері ашылды: Атакентте Мақтажан, Сарыағаш ауданында Ақсу-1, Ақниет, Құркелес, Түркістанда Аша, сондай-ақ Сайрам ауданында Тассай, Түркістанда ЕскіИхан, Түлкібас ауданында Кершетас байланыс бөлімшелері жаңадан өркениет талабына сай жабдықталған. Алдағы жылдары 70 елді мекенде жаңадан почта байланыс бөлімшелері ашылады деп жоспарлануда.
Ауылдық жерде халыққа почта және қаржылық қызметтен бастап, күнделікті тұтыну тауарларын сатуға дейін кең түрде қызмет көрсететін бірден-бір мекеме почта байланысының бөлімшелері болып саналады. Ауылдық жерлердегі елді мекендерде мерзімді басылымдар аптасына 3-4 рет жеткізіледі. Сондықтан қызметкерлерге, оның ішінде почташыларға толық жұмыс күнімен емес, кейде аптасына 2-3 сағат жұмыс істеуге тура келеді. Оларға жалақы нақты істеген уақытына төленеді.
Бүгінгі күні Казпочта АҚ ОҚО филиялы халыққа ұсынатын қызмет түрін ұлғайтып келеді. Мәселен, қазіргі кезде азаматтар коммуналдық төлемдерді, салық төлемдерін төлеуіне, нақты валютаны сатуға немесе сатып алуға, жалақы, зейнетақы, стипендия алуына болады. Көптеген қазақстандықтар үшін почтаға келіп несие рәсімдеуге болатыны жаңалық саналады. Бұдан басқа, Казпочта халықтан депозит қабылдайды, құндылықтарды тасымалдайды, инкассалайды, зейнетақы қорлары мен сақтандыру компаниялары үшін делдалдық және агенттік қызмет көрсетеді. Казпочта АҚ ОҚОФ қазіргі таңда халыққа елуден астам қызмет түрлерін ұсынады. Олардың ішінде, әрине, дәстүрлі қызмет түрлері - жазба хат-хабарларды, бандерольдарды, сәлемдемелерді қабылдау мен жіберу және жеткізу.[5]
1.2 Почталарда байланыс қызметін көрсету
Осы почта байланыс қызметін көрсету Ережелері Қазақстан Республикасының Почта туралы, Байланыс туралы заңдарына, Қазақстан Республикасының халықаралық келісім-шарттарына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік - құқықтық келісімдеріне сәйкес әзірленген және почта операторларының почта байланысы қызметін ұйымдастыру мен көрсету тәртібін анықтайды, олардың қызметтеріне қойылатын талаптармен біріңғай нормативтерін белгілейді.
Бұл Ережелерде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
Дүниежүзілік почта одағының кесімдері - Жарғы, Дүниежүзілік почта одағының жалпы регламенті, Дүниежүзілік почта конвенциясы, Жазбаша хат-хабарламалар регламенті, Халықаралық почта жөнелтімдерін қабылдау жөніндегі басшылық, Келісім және почта төлемдерінің қызметтері туралы Келісім регламенті;
бандероль - ішіне баспасөз басылымдары, іс қағаздары және басқа заттар саланған почталық жөнелтім. Оған салынатындар, оның салмағы, көлемі мен буып-түю әдістері осы ережелермен анықталған;
ішкі почта жөнелтімі - Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау және адресатқа жеткізіп беру үшін қабылданатын жөнелтім;
дүниежүзілік почта одағы - почта байланысы саласындағы халықаралық үкіметаралық ұйым;
ақаулы жөнелтім - салмағы жөнелтімде көрсетілген салмаққа сәйкес келмейтін немесе салымға қол салушылық белгісі бар жөнелтім;
үстеме төленетін почта жөнелтімі - жөнелтуші жіберу ақысын жартылай немесе төлемеген, почта жөнелтімі;
почта жөнелтімін жеткізу - почта жөнелтімдерін тиесілі жеріндегі өндірістік объектілерден абонементтік жәшікке немесе абоненттік почта жәшігіне, не болмаса жөнелтуші көрсеткен басқа адреске орнын ауыстыру;
тапсырысты почта жөнелтімі - почта операторымен көрсетілетін қызмет төлемін алдын ала төлеу және қол қою арқылы адресатқа табыс етілетін түбіртекті берумен қабылданатын почта жөнелтімі;
басқа қалалық почта жөнелтімі мен почталық ақша аударымы - бір қаланың, аудан орталығының немесе қала тұрпатты елді мекен аймағынан, ауылдық жерлерде - бір өндірістік жеткізу объектісінің аумағынан тыс адресатқа жеткізіп, тапсыру үшін қабылданатын ішкі почта жөнелтімі мен почталық ақша ауларымы;
почта байланысының басқа да қызметтері - Почта операторының қосымша ақыға көрсететін қызметтері;
каталог - жазылым бойынша қабылданған, мерзімді басылымдардың тізбесі жинақталған журнал;
почта жөнелтімінің санаттары - почта жөнелтімінің қабылдау, өңдеу, жіберу, және жеткізу тәртібі мен шарттарын анықтайтын белгілер жиынтығы;
консигнация - бір жөнелтуші жөнелтімдерді бір алушының мекенжайына топтастырған халықаралық почта жөнелтімдері;
почта жөнелтімдерін, почталық ақша аударымдарын, жеделдететін және шабармандық почта жөнелтімдерін жіберудің бақылау мерзімі - жөнелтімдеді қабылдайтын өндіріс объектісінен оларды беретін және өңдейтін өндіріс объектісіне дейін жіберілетін мерзім;
тасымалдау маршруты - бастапқы және соңғы пункттер арасында белгіленген почта жөнелтімдерін тасымалдауды жүзеге асыратын, көлік құралдарының тасымалдау жолын ұйымдастыру процесінде анықталған;
ұзақ пакет - ішінде салынатындары көлемі, салмағы, қаптау әдісі осы Ережелерде қарастырылатын, сыйлықтар сипатындағы ұсақ заттардан тұратын тауарлар үлгісін жөнелтуге арналған халықаралық тапсырысты почталық өнелтім;
жергілікті жөнелтім - бір елді мекеннің аумақ шегінде адресатқа, ал ауылды жерлерде пота операторының бір өндіріс объектісімен қызмет көрсетілетін аумақ шегінде тасымалдау және жеткізіп беру үшін қабылданатын ішкі почта жөнелтімі;
М қабы - бір жөнелтушінің бір адресатқа баспасөз басылымдарын (мерзімді баспасөз басылымдары, кітаптар және т.с.с.) жіберетін халықаралық почта жөнелтімі;
таратылмаған почта жөнелтімі - белгіленген мірзім ішінді адресатқа жеткізілмеген немесе жіберушісіне қайтарылмаған почта жөнелтімдері;
кәдімгі почта сәлемдемесі - ішінде салынғандарының құнын бағаламай жіберушіге түбіртек беріп қабылданатын және адресатқа қолхат арқылы тапсырылатын сәлемдеме.[6]
Почта қызметін көрсету үшін почта операторының өндірістік объектілерінде операциялық күні бойы қызмет көрсететін операциялық терезелер орнатылады.
Операциялық күннің жүргізілуі мен ұзақтығын почта операторы почта байланысы технологиясын ескеру арқылы пайдаланушыларға ыңғайлы режимде белгілейді.
Почта операторының өндірістік объектісіне кірер жерде өндірістік объектінің атауы және жұмыс тәртібі көрсетілген маңдайша болу керек. Қалаларда орналасқан өндірістік объектілірінде жылжымалы график бойынша түскі үзіліс жасап немесе демелыс күндері жұмыс істемейтін, сонымен қатар басқа кесте бойынша немесе демалыссыз жұмыс істейтін таяу маңдағы өндірістік объектінің тұрған жері, жұмыс тәртібі көрсетілген хабарландырулар ілінуге тиіс. Маңдайша мен хабарландырулар мәтіні мемлекеттік және орыс тілінде жазылады.[7]
2 Жобалау бөлімі
2.1 Деректер базасы туралы жалпы мәлімет және олардың кең түрде қолдануының алғы шарттары
Деректер қоры - ақпараттық жүйелердің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ақпараттық жүйе өз алдына басқару функциясын орындау үшін әр алуан денгейдегі жұмыстарды ақпаратпен жабдықтаған объект туралы ақпаратты жинау, тасымалдау, қайта өңдеу бойынша қатынас жүйесін білдіреді. [8]
Деректер қоры деп - компьютер жадында сақтайтын, арнайы түрде ұйымдасқан, өзара байланысқан мәліметтер жиынтығын айтамыз. Деректер қоры (ДҚ) - aқпараттық жүйелердің өңделетін обьектісі, қоршаған ортаның белгілі бір саласының немесе бір пән аймағының нақты обьектілері жайлы берілген мәліметтер жиыны. Екі өлшемді кестелерден, яғни жолдар мен бағаналардан тұратын мәліметтер базасы реляциялық база болып саналады.
Деректер қорын басқару жүйесін көптеген қолданушылар деректер қорын құру, енгізу, бірлесіп пайдалану және програмалау құралдардың жиынтығын айтады.
Деректер қоры дегеніміз - мәліметтерді сақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Бұл деректер қорының құрылымына ақпаратпен қатар, оларды ұйымдастыруға, қолдануға арналған тәсілдер мен әдістер кіреді.[9]
Деректер қорын басқару жүйесі (ДҚЖ)-көлемді мәліметтер жиынын тұтынушыларға ыңғайлы түрде бейнелеп, белгілі бір форматта сақтап қана қоймай, оны ары қарай өңдеуге арналған программалар кешені.
Деректер қоры деректер қорын басқару жүйесімен (ДҚБЖ) тығыз байланысты. Бұл программалық құрылымдар кешені жаңа қордың құрылымын құруға, оны деректермен толтыруға, мазмұнын редактрлеуге және ақпаратты визуалдандыруға арналған. Қор ақпараттарын визуалдау дегеніміз берілген критерий бойынша экранға шығаратын мәліметтерді таңдап, оларды белгілі бір ретке келтіріп, безендіріп артынан баспаға немесе байланыс каналдарына беруді айтамыз. Әлемде деректер қорын басқаратын көптеген жүйелер бар.
Деректер базасы бұл ақпараттарды сақтау үшін арналған ұйымдастырылған құрылым. Алғашқы кезде, яғни, деректер базасы түсінігі қалыптаса бастаған жылдары бқл базаларда тек қана мәліметтер сақталып жүрді. Бірақ бүгінгі күнгі деректер базасын басқару жүйелері (ДББЖ) өз құрылымында тек қана мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар тұтынушылармен немесе басқа да программалық-ақпараттық кешендермен қарым-қатынас жүзеге асырылатын әдістерді (яғни, программалық код) де орналастыруға мүмкіндік береді. Осылайша біз қазіргі заманғы деректер базасында тек қана мәліметтер ғана емес, сонымен бірге ақпарат та сақталатындығын айта аламыз.
Егер, мысалы, ірі банктің деректер базасын қарастыратын болсақ, бұл анықтаманы оңай түсіндіруге болады. Бұнда клиенттер туралы, олардың мекен-жайлары, кредиттік тарихы, есеп шоттарының жағдайы, қаржылық операциялары және т.б. туралы мәліметтер сақталады. Бұл базаға банктің көптеген қызметкерлері кіре алады. Бірақ олардың ішінде бұл базаға толықтай ие болып, оған өзі жеке өзгерістер енгізе алатын адам жоқ. Мәліметтерден басқа базада әр түрлі әдістер мен жабдықтар бар, ол әрбір қызметкерге оның компетенциясына кіретін мәліметтермен ғана жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Базадағы мәліметтердің нақты қызметкерлерге тиісті әдістермен өзара байланысы нәтижесінде қызметкерлер пайдаланатын және өз компетенциясы шеңберінде мәліметтерді енгізу мен редактрлеуді жүргізетін ақпарат қалыптасады.[10]
Деректер базасы түсінігімен деректер базасын басқару жүйесі түсінігі тығыз байланысты. Бұл жаңа базасының құрылымын құру, оны мәліметтермен толтыру, мәліметтерді редактрлеу мен ақпаратты визуалдау үшін арналған программаалық жабдықтар кешені. Базаның ақпаратын визуалдау деп берілген критерилерге байланысты көріністегі мәліметтерді іріктеуді, оларды тәртіптеуді, толықтыруды және шығару құрылғысына беру немесе байланыс каналдары бойынша жіберуді түсінуге болады.
Әлемде көптеген деректер базасын басқару жүйелері бар. Олардың әр түрлі объектілермен әр түрлі жұмыс істеу мүмкіндігі мен пайдаланушыларға әр түрлі функциялар мен жабдықтар ұсынатындығына қарамастан ДББЖ-ның көбі ортақ негізгі түсініктердің тұрақты кешеніне негізделеді. Бұл бізге бір жүйені қарастырып, оның түсініктерін, әдістерін және тәсілдерін ДББЖ-ның барлық классына жалпылауға мүмкіндік береді. ЭЕМ (электронды есептегіш машинлардың) маңызды ерекшеліктерінің бірі ақпараттың мол көлемін сақтау және өңдеу, сонымен бірге мәтіндік және графикалық құжаттар (суреттер, сызулар, фотосуреттер, географиялық карталар) ғана емес, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz