Мобильді бұрғылау қондырғылары


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Жәлиев Мейірман Серікұлы
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Тақырыбы: ZJ-30 мобильді бұрғылау қондырғысының 3NB1000 маркалы сорабының гидравликалық бөлігін жетілдіру жобасы
5В072400 - «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандығы
Қызылорда, 2018 ж.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
«Қорғауға жіберілді»
«Мұнай газ инжиниринг» кафедрасының
меңгерушісі Т. Ж. Жұмағұлов
«» 2018 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Тақырыбы: «ZJ-30 мобильді бұрғылау қондырғысының 3NB1000 маркалы сорабының гидравликалық бөлігін жетілдіру жобасы»
5В072400 - «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандығы
Орындаған: Жәлиев М.
Ғылыми жетекшісі: Жабағиев А. М.
Қызылорда, 2018 ж.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
«Мұнай газ инжинириг» кафедрасы
БЕКІТЕМІН
«Мұнай газ инжиниринг» кафедрасының
меңгерушісі Т. Ж. Жұмағұлов
«» 2018 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАНЫ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН
ТАПСЫРМА
Дипломшы:
Мамандығы 5В072400 - «Технологиялық машиналар мен жабдықтар»
Жоба тақырыбы:
Университеттің № - с ″ ___ ″ 2017 жылғы бұйрығымен бекітілді.
Жобаға арналған бастапқы деректер
Есепті-түсіндірме жазбаның мазмұны:
- Техникалық бөлім
- Есептеу бөлімі
- Патенттік бөлім
- Экономикалық бөлім
- Еңбек қорғау
- Өндірістік экология
Сызба материалдар тізбесі
Дипломдық жұмыс (жоба) бөлімінің кеңесшілері
Тапсырма берілген уақыты « 23 » қаңтар 2018ж.
Кафедра меңгерушісі / Т. Ж. Жұмағұлов /
Норма бақылаушы / М. М. Абжаев /
Ғылыми жетекшісі / А. М. Жабағиев /
Тапсырма орындаушы / М. Жәлиев /
Қабылданған уақыты «» 2018 ж.
Аннотация
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «ZJ-30 мобильді бұрғылау қондырғысының 3NB1000 маркалы сорабының гидравликалық бөлігін жетілдіру жобасы».
Дипломдық жұмыс есепті-түсіндірме жазу беттерінен және негізгі сөздердің графикалық бөлімінің 9 форматынан тұрады: ZJ мобильді бұрғылау қондырғысы, бұрғылау сорабының жалпы түсінігі және гидравликалық бөлігі, сораптың гидравликалық бөлігінің элементтері және т. б.
Есепті-түсіндірме жазу мына бөлімдерден құралған:
Жұмыстың технологиялық бөлімінде бұрғылау қондырғыларын талдау, ZJ мобильді бұрғылау қондырғылары, ZJ30 мобильді бұрғылау қондырғысы, бұрғылау сорабы, үш цилиндрлі бұрғылау сорабы, бұрғылау сорабының гидравликалық бөлігі, оның элементтері және т. б. құрылымдары сипатталған.
Есептеу бөлімінде төмендегі есептер жүргізілген:
1. Сораптың гидравликалық бөлігін есептеу;
2. Цилиндрдің негізгі өлшемдерін есептеу;
3. Сораптың құбыр желісінің диаметрлерін есептеу;
4. Сораптың айдау және сору клапандарын есептеу;
5. Шток пен поршень параметрлерін және сораптың берілісі мен
қуатын есептеу;
6. Шток бөлігінің есептелуін тексеру;
7. Шток бұрандасының есептелуін тексеру.
Жұмыстың экономикалық бөлімінде жұмыстың техникалық-экономикалық көрсеткіштері қарастырылған.
Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігінің негіздері.
Өндірістік экология.
Аннотация
Тема дипломная работы «Проект усовершенствования гидравлической части насоса марки 3NB1000 мобильной буровой установки ZJ-30».
Дипломная работа состоит из страниц расчетно-пояснительной записки и 9 форматов графической части. Ключевые слова: мобильная буровая установка типа ZJ, гидравлическая часть и общая понятие о буровом насосе, элементы гидравлической части насоса и др.
Расчетно-пояснительная записка состоит из следующих разделов:
В технологической части работы описаны анализ буровых установок, мобильные буровые установки типа ZJ, буровой насос, трехцилиндровой буровой насос, гидравлическая часть бурового насоса, конструирование элементов гидравлической части, смазка гидравлическиой части насоса и др.
В расчетной части произведены следующие расчеты:
- Расчет гидравлический часть насоса;
- Расчет основных размеров цилиндра;
- Расчет диаметров трубопровода насоса;
- Расчет всасывающих и нагнетательных клапанов насоса;
- Расчет параметров штока, поршня и мощность, подачи насоса;
- Проверка расчета части штока;
- Проверка расчета резьбой штока.
В экономической части работы рассмотрены технико-экономические показатели работы.
Охрана труда и основы безопасности жизнедеятельности.
Промышленная экология.
Annotation
The Subject of the degree work «The project to improve the hydraulic part of the pump brand 3NB1000 mobile drilling rig ZJ-30».
Degree work consists of pages accounting-explanatory note and 9 formats of the graphic part of keywords: mobile bore installing the type ZJ, hydraulic part and general notion bore pump, elements hydraulic part pumps and others.
Accounting-explanatory note consists of the following sections:
In technological part of work is described syntheses bore installation, mobile bore installing the type ZJ, bore pump, three-cylinder bore pump series, hydraulic part bore pump, design element hydraulic parts and others.
Following calculations are made in accounting part:
1. The calculation hydraulic part of pump;
2. The calculation generally dimensions of cylinder;
3. The calculation diameters conduit of pump;
4. The calculation suction and pressure valves;
5. The calculation parameters of rod, piston and output, feed of pump;
6. Check up calculation parts of rod;
7. Check up calculation carving of rod.
Technical-economic factors of the work are considered in economic part of work.
The Guard of the labour and bases to safety to vital activity.
The Guard surrounding ambiences and ecology.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . .
- Техникалық бөлім . . . 1. 1. Бұрғылау қондырғысы туралы жалпы түсінік . . . 1. 1. 1. ZJ мобильді бұрғылау кешендері . . . 1. 1. 2. ZJ30 мобильді бұрғылау қондырғысы . . . 1. 2. Бұрғылау сорабы туралы жалпы түсінік . . . 1. 2. 1. 3NB1000 бұрғылау сорабы . . .
1. 2. 2. 3NB1000 бұрғылау сорабының гидравликалық бөлімі . . .
- Есептеу бөлім . . .
2. 1. Сораптың гидравликалық бөлігін есептеу . . .
2. 1. 1. Цилиндрдің негізгі өлшемдерін есептеу . . .
2. 1. 2. Сораптың құбыр желісінің диаметрлерін есептеу . . .
2. 1. 3. Сораптың айдау және сору клапандарын есептеу . . .
2. 1. 4. Шток пен поршень параметрлерін және сораптың берілісі мен
қуатын есептеу . . .
2. 2. Шток бөлігінің есептелуін тексеру . . .
2. 3. Шток бұрандасының есептелуін тексеру . . .
- Патенттік ізденіс . . .
3. 1. Поршеньді сорап . . .
3. 2. Сораптың цилиндрлі-поршеньді бөлігі . . .
3. 3. Бір жақты әрекет ететін поршеньді бұрғылау сорабы . . .
3. 4. Поршень мен штоктың қосылысы . . .
- Экономикалық бөлім . . .
- Еңбекті қорғау . . .
5. 1. Өндірістік факторлардың адам ағзасына әсері . . .
- 5. 2. Инструктаж түрлері . . . 5. 3. Қызмет етушілерге қойылатын талаптар
5. 3. 1. Көтеріп-түсіру операциясы кезіндегі қауіпсіздік шаралары
5. 3. 2. Ұңғыманы жөндеу . . .
- Өндірістік экология . . .
6. 1. Мұнай және газ өндірудің экологиялық проблемалары . . .
6. 2. Ластанушылар түрлері, олардың көздері, масштабтары және атмосфераның ластануын бәсеңдету шаралары . . .
6. 3. Топырақ және жер қойнауларын қорғау шаралары . . .
Қорытынды . . .
Әдебиеттер тізімі . . .
Кіріспе
Әлемдік нарықты қазіргі таңда мұнай және газсыз елестету мүмкін емес. Себебі, мұнай және газ - адамзат қауымына энергетика көзінің негізіне және маңызды химиялық шикізаттың көзіне айналды.
ХХІ ғасырдың басында әлемдік нарықтағы мұнайға деген сұраныстың өсуіне байланысты, Қазақстанда мұнай-газ шикізатын өндіру көлемі жыл өткен сайын қарқынды өсуде. Десекте, мұның барлығы мұнай және газды өндіру барысында техниканың қоршаған ортаға әсерін, еңбек қауіпсіздігін және оның экономикалық тиімділігін ескере отырып жүзеге асырылады және мұнай-газды өндіру кезінде қолданылатын техникалар мен технологиялардың үздіксіз жаңаруы өндірілетін мұнай-газ өнімінің дамуына үлкен әсер етеді.
Еліміздің Оңтүстік-Торғай ойпатында ҚХР-да жасалып шығарылған ZJ мобильді бұрғылау қондырғылары бұрғылау жұмыстары барысында жиі қолданылады. Десекте, жабдықтардың өзіндік кемшіліктері мен сенімділік қасиеттері қазіргі таңда ғылыми түрде қаралып жетілдірілуде.
Бұл дипломдық жобада ZJ30 мобильді бұрғылау қондырғысының 3NB1000 бұрғылау сорабының гидравликалық бөлігіне зерттеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар 3NB1000 бұрғылау сорабының гидравликалық бөлігін жетілдіре отырып бұрғылау сорабының жұмысын жеңілдету, бұрғы сұйығын айдау көлемін реттеу және оның бөлшектернің сенімділік қасиеттерін жоғарылату жолдары мен қарапайымдылығы қарастырылды. Десекте, аталмыш бұрғылау сорабының қоршаған ортаға әсері, еңбек қауіпсіздігі мен экономикалық тиімділігі басты назардан қалған жоқ.
- Техникалық бөлім
1. 1. Бұрғылау қондырғылары
Қазақстан Республикасы қазба байлықтарының көлемі мен мұнай шикізатының қоры бойынша әлемде алдыңғы қатарлы ондыққа кіреді. Сонымен қатар, ХХІ ғасырдың басында әлемдік нарықтағы мұнайға деген сұраныстың өсуіне байланысты, Қазақстанда мұнай-газ шикізатын өндіру көлемі жыл өткен сайын қарқынды өсуде. Еліміздің негізгі мұнай-газ бассейндері - Каспий өңірінің ойпаты, Бозащы үстүрті, Маңғышлақ, Шу-Сарысу және Оңтүстік-Торғай ойпаты жатады. Геологиялық зерттеу мәліметтері бойынша Оңтүстік Торғай ойпатында жалпы мұнай қоры 140-160млн. тонна шамасында деп есептелінеді. Қазіргі таңда Оңтүстік Торғай ойпаты аумағында орналасқан жаңадан ашылған мұнай және газ кен орындарының саны 15-ке жетті. Сонымен қатар мұнайгаз өндіруші өнеркәсіптері де бірқатар дамуда.
Мұнай-газ өндіруші өнеркәсіптің және оны машинамен жабдықтауды қамтамасыз ететін мұнайгаз кәсіпшілік машина жасаудың пайда болуымен бірге мұнай және газ саласының ғылымы да қарқынды дами бастады. Қазіргі кезде ол машина және жабдықтар комплексінің тиімділігін жоғарылатуға және мұнай мен газды тиімді өндірудің жаңа техникалық құралдарын дамытуға тәуелді болатын техникалық ғылымның өзіндік саласына айналды.
Мұның барлығы мұнай-газ өндіруші өнеркәсібін машина мен жабдықтардың жеткілікті түрінде, қажетті параметрлерімен және сипаттамаларында, жоғары сенімді және жеткілікті санымен қамтамасыз етілген жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Десекте, мұнай және газды өндіру барысында техниканың қоршаған ортаға әсерін, еңбек қауіпсіздігін және оның экономикалық тиімділігін ескере отырып жүзеге асырылады және мұнай-газды өндіру кезінде қолданылатын техникалар мен технологиялардың үздіксіз жаңаруы өндірілетін мұнай-газ өнімінің дамуына үлкен әсер етеді.
Мұнай және газды өндіру барысында бұрғылау жұмыстарының сапалы, әрі нақты болуына басты назар аударылады. Неге десеңіздер, бұрғылау жұмыстары өте күрделі, ауыр және жауапкершілікті қамтамасыз ететін жұмыстардың бірден-бірі. Мұнай және газ ұңғымаларын тау жыныстарына әсер етіп бұрғылауына байланысты механикалық және механикалық емес болып 2-ге бөлінеді. Механикалық емес тәсіліне гидравликалық, термиялық және электрофизикалық әсер етулер жатады. Бірақ, қазіргі таңда бұл тәсіл қолданылмайды. Ал, механикалық тәсіл күштік және айналмалы болып екіге бөлінеді. Қазіргі таңда тек механикалық бұрғылау тәсілі қолданылады.
Күштік бұрғылау негізінен қатты тау жыныстарын бұрғылауда қолданылады. Ал, терең мұнай-газ ұңғымаларын тек айналмалы бұрғылау тәсілімен, яғни тау жыныстарын бұзушы аспап - қашаудың көмегімен жүзеге асырылады.
Сонымен, бұрғылау жұмыстары бұрғылау қондырғысы мен бұрғылау құрал-жабдықтарының көмегімен жүзеге асырылады. Бұрғылау қондырғысы дегеніміз - тау жыныстарын бұзып мұнай және газ ұңғымаларын қазуға арналған қондырғы болып табылады. Бұрғылау қондырғысы:
- бұрғылау колоннасын ұстап тұратын мачта немесе мұнарадан;
- бұрғылау колонналарын көтеріп-түсіруге арналған жабдықтардан;
- жер үсті жабдықтарынан;
- күштік жетектен;
- бұрғылау ерітіндісінің циркуляциялық жүйесінен;
- қосымша құрылыстардан тұрады.
Бұрғылау мұнарасы - бұл ұңғыма үстінде орналасқан және бұрғылау колоннасын ұстап тұратын жабдық. Бұрғылау мұнаралары мачталы және мұнаралы (башенные) болып екіге бөлінеді. Оларды болат прокаттарынан немесе болат құбырлардан жасайды. Башнялы мұнара төрт жертірегі (аяғы) бар пирамида тәріздес болып келсе, ал мачталы мұнара біртіректі және екітіректі болып келеді. Көбінесе екітіректі мачталы (А-образные) мұнара көп қолданылады. Мұнаралардың негізгі параметрлеріне - жүккөтерімділігі, биіктігі, бұрғылау құбырлары бағанасының сыйымдылығы (емкость «магазинов»), жоғарғы және төменгі тіректерінің өлшемдері, бұрғылау құбырлары бағанасының ұзындығы мен салмағы жатады.
Бұрғылау колонналарын көтеріп-түсіруге арналған жабдықтарыға тальдік жүйе мен лебедка жатады. Тальдік жүйе мұнараның жоғарғы жағында орналасқан қозғалмайтын кронблоктан, және онымен бір ұшы лебедкаға, ал екінші ұшы қозғалмайтын бөлікке бекітілген тальдік канат арқылы байланысқан тальдік блоктан және ілмектен (крюк) тұрады. Ал, лебедка келесі мақсаттарда:
- бұрғылау және шегендеуші құбырларын көтеріп-түсіру;
- бұрғылау құралының салмағын көтеру үшін;
- қондырғыны монтаждау барысында мұнараны көтеру үшін қызмет атқарады.
Жер үсті жабдықтарына вертлюг, бұрғылау сорабы, қысымды жең (напорный рукав) және ротор жатады. Вертлюг - бұрғылау құбырларын көтеріп-түсіру жұмыстары кезінде скважинаны жуу және оған бұрғы ерітіндісін айдау мақсатында қолданылады. Бұрғылау сорабы бұрғылау сұйықтығын ұңғымаға айдау үшін қолданылады. Қысымды жең жуу сұйықтығын вертлюгке жібереді. Ал, ротор бұрғылау құралына ( бурильный инcтрумент) айналу қозғалысын береді.
Күштік жетек лебедкаға, бұрғылау сорабына және роторға энергия көзін береді, сонымен қатар бұрғылау қондырғысының басқарылуын қамтамсыз етеді.
Бұрғылау қондырғыларының жетектері дизельді, электрлі, дизельді-электрлі және дизельді-гидравликалық болуы мүмкін. Дизельді жетектер электрмен жабдықталмаған жерлерде қолданылса, ал электрлі жетектер электрмен жабдықталған жерлерде қолданылады. Сонымен қатар, дизельді-лектрлі жетектер генераторды айналдыратын дизельден және электр озғалтқыштан қуат алады, ал дизельді гидравликалық жетек іштен жану қозғалтқышы мен турбоберілістерден тұрады.
Бұрғылау ерітіндісінің циркуляциялық жүйесі бұрғыланған сұйықтықты немесе ерітіндіні бұрғылау ерітіндісін дайындайтын блокта тазалап, жинап және қайтадан бұрғы ерітіндісін дайындап, оны бұрғылау сорабының көмегімен ұңғымаға айдайды. Бұрғылау ерітіндісінің циркуляциялық жүйесінің құрамына қолданылған ерітіндіні тасмалдайтан желоб, тау жыныстары араласқан ерітіндіні тазалайтын механикалық құрылғылардан (вибросито, гидроциклондар), жиналған ерітндіні тазалайтын емкостерден, шламды сорабтан тұрады.
Қосымша жабдықтар бұрғылау жұмыстары барысында қосымша қолданылатын немесе көмекші жабдықтардан тұрады. Оларға:
- қозғалтқыштарды немесе беріліс механизмдердің сыртын жауып қоятын арнайы орындар;
- бұрғылау сораптары мен оның қозғалтқыштарын орналастыратын арнайы жабдықтамалар (помещения) ;
- бұрғылау сұйықтығын сақтайтын қосымша резервуарлар;
- трансформаторларды орналастыратын жабдықтар;
- бұрғылау құбырларын орналастыруға арналған стелляждар жатады.
Бұрғылау қондырғылары тұрақты және мобильді немесе жылжымалы болып негізгі екі топқа бөлінеді. Тұрақты бұрғылау қондырғылары ұңғымаларды үлкен терңдікте бұрғылау кезінде, тасымалдауы қиын аудандарда және бұрғылау жұмыстары ұзақ уақытқа созылатын болған жағдайда қолданылады. Ал жылжымалы бұрғылау қондырғылары аз әрі төмен тереңдіктерде және бұрғыланатын ұңғымалар бір-бірінен үлкен қашықтықта орналасқан жағдайдағы ұңғымаларды бұрғылау кезінде қолданылады. Сонымен қатар, мобильді бұрғылау қондырғылары бірінші жерден екінші жерге тасымалдағанда өте тиімді әрі ыңғайлы болып келеді, яғни құрастыру немесе жинау уақыты мен тасымалдау уақыты жоғары деңгейде. Негізінен мобильді бұрғылау қондырғыларының бір ерекшелігі бұрғылау мұнарасы, көтеріп-түсіру жүйесі немесе тальдік жүйесі және қозғалтқыштары арнайы мобильді шассидің үстіне орналастырылған.
- ZJ мобильді бұрғылау қондырғылары
Қазіргі таңда елімізде жер-асты тау жыныстарын бұрғылауда бірқатар мұнай өндіруші компаниялар ZJ мобильдік бұрғылау қондырғыларын жиі қолданады. Соңғы статистика мәліметтеріне сүйенсек ZJ мобильдік бұрғылау қондырғысын пайдалану жыл сайын арта түсуде (сурет 1. 1. ) . ZJ мобильдік бұрғылау қондырғысы ҚХР-да жасап шығарылған, тасымалдағанда және жұмыс жасауға өте қолайлы.
Сурет 1. 1. ZJ мобильдік бұрғылау қондырғысын қолдану көрсеткіші
ZJ мобильдік бұрғылау кешендері өз алдында бұрғылау қондырғыларының функцияларын өте жинақылы, әрі мобильді орындай алатын түрінде сипатталады (сурет 1. 2. ) .
Агрегат мына бөлімдерден: бір немесе екі қозғалтқышты (жоба бойынша) телескопиялық мачтадан, бір немесе екі барабанды лебедкадан, трансмиссиядан, бұрыштық редуктор, дифференциялды жылдамдық қорабынан, мачта секцияларын көтеру жүйесінен және ротор мен жетек трансмиссиясынан тұрады. Мобильді бұрғылау кешенінің бұрғылау процесін қамтамасыз ету жүйесінің құрамына: бұрғылау ерітіндісін дайындау мен тазарту жүйесі, пневма-гидравликалық жүйесі, сорапты-күштік жүйесі, атқылауға қарсы құрылғы, дизельді-электрлік станциясы және құрал-жабдықтар кіреді.
Сурет 1. 2. ZJ мобильді бұрғылау қондырғысы
Мобильді бұрғылау кешендері трейлер прицебіне немесе XD 8х6; 10х8; 12х8; 14х8; түрдегі өздігінен жүретін шассиге бекітіледі. Сонымен қатар ZJ мобильді бұрғылау кешендері Caterpillar дизельді қозғалтқышы мен Allison гидромеханикалық беріліс қорабымен жабдықталған. САТ дизельді қозғалтқышы мен Allison гидромеханикалық беріліс қорабы лебедка, ротор, гидрокілттер механизмдерін, соынмен қатар шасси қозғалысының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Бірінші және екінші мостылар - бұрылмалы екісатылы дифференциялды жетекші, үшінші мосты - бұрылмалы жетектегі, ал төртінші мен бесінші мостылар - тісті екісатылы дифференциялды жетекші, алтыншы мосты - ауалы подвескамен жүзуші болып табылады. Шассидің негізгі балкасы кеңкөлемді екітаврлы тәрізді жасалынған және жоғарғы беріктікке ие. Доңғалақтар арасындағы үлкен көлемді арақашықтықтағы мостылар аз беріліс санды және жоғары мықтылық қабілетке ие. Жоғарғы клиренсі 80 км/сағ дейін жылдамдық. Бұрылудың гидравикалық көмекші системасы екі полостты тежегіш. Барлық бұл техникалық жаңарулар агрегатқа қиын жағдайдағы мұнай және газды жерлерде ыңғайлы, әрі тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Күштік бөлік, лебедка және мұнара шассидің үстіне бекітілуі бұрғылау қондырғысының жоғары өтімділігі мен икемділігін жоғарылатады. Спец шасси арнайы дөңгелекті платформаға бекітілуі арқылы бұрғылау қондырғысының мобильді болуын қамтамасыз етеді (сурет 1. 3) .
Сурет 1. 3. ZJ мобильдік бұрғылау қондырғысының құрамы
Лебедка барабанының негізгі тежегіші - ленталы немесе дискілі, ал көмекші тежегіші - сулы салқындатқышы мен пневматикалық басқарылуы бар дискілі болып келеді. Лебедканың негізгі барабанында Lebus канатты ойықшасы мен негізгі барабанды сумен салқындатқыш қолданылады; сонымен қатар көмекші тежегіші - сумен немесе дискілі болып келеді. Телескопиялық мұнара мен оның табаны аударылған үшбұрыш тәрізді, яғни жоғары мықтылық пен рационалды конструкциялы түрге ие.
Техникалық мінездемесі API стандартына сәйкес. Бұрғылаушы пультімен басқарылуына байланысты қолданылуы өте оңай.
Allison механика-гидравикалық беріліс қорабы САТ дизельді қозғалтқыштың қуатын толықтай пайдалана отырып бұрғылау қондырғысын икемді және нақты жұмыс жасауға септігін тигізеді. Қоғалтқыштың қуаты екіге бөлінеді: жоғарғы (лебедка, ротор және т. б. ) және төменгі (үлестіру қорабы арқылы шассидің жетегіне беріледі) . Қозғылтқышты жұмыс режимін қосу рычагі арқылы іске қосады.
Құрамына негізгі гидравликалық жүйе және қосалқы бұрылу жүйелері кіреді. Негізгі гидравликалық жүйе жетектің гидроцилиндрлі тірегіне, көтерілуіне, гидроұстапқалғыштың, динамкалық кілттің және т. б. жұмыс істеуіне қызмет етеді. Ал, көмекші жүйе шассидің алдыңғы мостыларының бұрылу механизмдерін ретке келтіреді.
Пневматикалық жүйе барлық элементтердің: негізгі барабанның, тартальді барабан, ротор, көмекші тормоз, гидронасос және т. б. элементтердің дұрыс жұмыс істеуіне құрғақ ауа айдайды, қозғалтқышты және оның сөнуін газбен ретке келтіреді.
Электрлік жүйе приборлар мен жарықтандыру бөлімінен тұрады. Приборлар жүйесінде 24В кернеулік тұрақты ток қолданылады, яғни дизельді қозғалтқыш арқылы генератор тұрақты токты істеп шығарады. Жарықтандыру бөліміне ішкі электрлік жүйеден 220В айнымалы ток қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz