Жүріс - тұрыстың бұзылуы


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Зерттеу өзектілігі. Қазақстан Республикасында қазіргі таңда жүріп жатқан әлеуметтік, экономикалық, мәдени өзгерістер жас ұрпақ өмірінің барлық жақтарын әлеуметтендіру үрдісіне ықпал етеді. Бұл мәселеге байланысты елбасымыз Н. Назарбаев: « . . . жаңа жағдайларға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе - білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және әлеуметтік-адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру болып табылады» - деп атап көрсетті[1] .

Қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму дәрежесінде адамның суицидтік көріністерін зерттеу және профилактикалық шараларды жасау мақсатында суицидтік тәуекелдің факторларын анықтау үшін суицидтік жүріс-тұрыстың мотивтерін, жағдайларын және себептеріне терең жан-жақты ғылыми негізде әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық талдау жасап, жинақтау аса өзекті болып отыр. Сондықтан да саяси тұрақсыздық және әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайларында адамдар арасындағы әлеуметтік-психологиялық шиеленістің күннен күнге артып, ушыға түсуі, әлеуметтік қызметкерлерге әлеуметтік-психологиялық атмосфераның ерекшеліктерін ескере отырып, суицидальды адамдармен әлеуметтік профилактикалық және әлеуметтік-терапевтік іс-шараларды ұйымдастыру туралы жауапкершіліктерді арттыруда. Адамдардың осындай психикалық күйіне әлеуметтік әсер етулердің елеулі екендігі туралы өзін-өзі өлтірумен ( суицид) аяқталған көрсеткіштер бойынша пікір айтуға болады. Соңғы жылдары өзін-өзі өлтірулердің күн санап таралғандығы- бүкіл әлемдік қауымдастық үшін маңызды әлеуметтік және қоғамдық мәселенің өзектілігін көрсетіп отыр [2] .

Суицидтік жүріс-тұрыс әлеуметтік мөлшерді бұзушы ретінде көрініп, қазіргі кезде жалпы алаңдатушылық туғызып отырған әлеуметтік педагогтар, психологтар, әлеуметтанушылар, дәрігерлер, құқық қорғаушы бөлімдері және т. б мамандардың назарында тұрған өткір мәселе болып отыр. Жасөспірімдер арасында суицидке баруға бейім балалар қатары көптеп көрінуде. Дәл осы кезеңде акцентуациялық мінез бітісінің суицидтік жүріс-тұрысқа қатері қаншалықты екендігі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болуда.

Жастар мен жасөспірімдер арасында суицидке бару жолының себептерін түсіндірген ғалымдарА. А. Лопатин, А. Н. Корнетов, Т. Б. Дмитриева, Б. С. Положий, В. Ф. Войцех, К. Помро және т. б болды[3, 4, 5, 6, 7, 8] .

Жалпы суицид мәселелерін И. С. Кон, Ф. Райс, Е. М. Вроно, Н. А. Ратинова, З. М. Садвакасова [9, 10, 11, 12, 2] сынды ғалымдар зерттеген. Аса үлкен үлес қосқан, көптеген еңбектерін арнаған А. Г. Амбрумова болды. А. Г. Абрумованың, Е. М. Врононың, А. В. Боенконың, А. Л. Галиннің, Ц. П. Короленконың, Н. В. Конанчуктың, В. А. Тихоненконың, С. Сафуановтың және тағы басқа да ғалымдардың еңбектерінде жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті әрекеттің психологиялық детерминанттары зерттелген, яғни олардың зерттеулері әрекеттің аталған түріне бейім тұлғаның жеке-психологиялық ерекшеліктерін анықтауға арналған [13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20] .

Бүкіл әлемдік Денсаулықты сақтау Ұйымының мәліметтері бойынша бүгінде Қазақстан әлем деңгейінде суицид саны бойынша үшінші орынды алады екенбұл (15-19 жас жасөспірімдер арасындағы) Ресейден кейін. Егер де әлем деңгейінде әр 40 секунд сайын бір өзін-өзі өлтіру болса, ал Қазақстанда әр сағат сайын бір адам өмірмен қоштасады екен.

Кейінгі жылдары біздің елімізде қазіргі саяси жағдайлар мәселелеріне арналған көптеген ғылыми конференциялар өтіліп жатыр. Солардың ішінде жасөспірімдік және жеткіншектік шақтағы аутодеструктивті мінез-құлық, оларды превентивті түзету жолдары мен болашағы, суицидтік жүріс-тұрыстың алдын-алу шаралары т. б өткір мәселелерді қарастыратын конференциялар қатарыда көбейуде. Алайда, өзіне-өзі қол жұмсау мәселесі әлі де зерттеу қажеттілігін көрсетуде. Суицидалдық жүріс-тұрыс әр түрлі ғылым салаларының негізгі біраспектілерінде оқып-танылуда - медициналық, социологиялық, философиялық, криминалогиялық, сонымен қатар психологиялық.

Біршама жылдар бойы өзіне-өзі қол жұмсау мәселесі, негізінде медициналық тұрғыда қарастырылды, оның себебі өзіне-өзі қол жұмсауды психиканың бұзылуымен байланысты деп түсіндірілгендігінде еді. Бұл тұрғыда шет елдік зерттеулерден отандық және кеңестікәлеуметтік, психологиялық мектептерінің суицид және суицидалдық жүріс-тұрысты зерттеулерінің қалыс қалғандығы байқалынады. Бірақ, өкінішке орай, қаншалықты зерттеулер жүргізілініп жатса да суицидтік жүріс-тұрысқа бейім жеткіншектердің, жалпы өмірден өз еркімен өтіп жатқандардың өмірін сақтап қала алмай жатқандығы тағы байқалынады. Керісінше, әлемде күннен-күнге өзіне-өзі қол жұмсау көрінісі ұшқындап бара жатыр. Қазіргі таңдағы суицидалогиялық зерттеулер өзіне-өзі қол жұмсаушылардың 20-30 пайызы психикалық патологиядағы жандар болса, ал қалғандары кәдімгі сап-сау адамдар болып табылатынын дәлелдейді.

Қазіргі әлеуметтік-психологиялық зерттеулер адамдардың өмірде кездесетін қиыншылықтарды өзіне-өзі қол жұмсаумен шешуге бейім тұратындығын, әрі бұл мәселе генетикамен байланысты екендігін айқындайды. Біздің елімізде өзіне-өзі қол жұмсау мәселесіне қатысты 1999 жылы З. Ш. Қарақұлова «Суицидал мінез-құлықты жеке адамның отбасылық тәрбие жүйесіне байланыстылығын зерттеу»тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Диссертациялық зерттеудің негізі болып Қазақстан, Ресей және кеңестік психологтардың суицидалды мінез-құлқының дәрігерлік және әлеуметтік тұжырымдамалары, атап айтқанда, Б. Г. Ананьев, Л. И. Божович, Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, К. А. Абульханова-Славская, А. Н. Леонтьев, С. М. Жақыпов, В. К. Шабельниковтердің қоғамның тіршілік әрекетіне тұлғаның ендірілуін зерттеудегі функционалды-әрекеттік тәсілі, суицидал мінез-құлықты және оның пайда болуының себептерін түсіндіруде А. Г. Амбрумова, В. П. Тихоненко және т. б зерттеулері саналды. З. Ш. Қарақұлованың зерттеуінде суициденттер отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері көрсетіліп, оның жасөспірім жүріс-тұрысына әсері анықталған[22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 21] .

Кәмелетке жасы тола қоймаған балалардың суицидалдық әрекеттерге баруы, көп жағдайларда өмірге деген осындай қатынастарының көрініс беру- бұл жаңа көкейтесті және бәрімізді алаңдататын маңызды мәселенің бірі емес бірегейі.

Сондықтан да саяси тұрақсыздық және әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайларында жалпы адамдар арасындағы әлеуметтік-психологиялық атмосфераның ерекшеліктерін ескере отырып, суицидалды адамдармен әлеуметтік-профилактикалық және әлеуметтік-терапевтік іс-шараларды ұйымдастыру туралы жауапкершіліктерді арттыруда. Адамдардың осындай психикалық күйіне әлеуметтік әсер етулердің елеулі екендігі туралы өзін-өзі өлтірумен аяқталған көрсеткіштер бойынша пікір айтуға болады. Соңғы жылдары өзін-өзі өлтірулердің күн санап таралғандығы, бүкіл әлемдік қауымдастық үшін маңызды әлеуметтік және қоғамдық мәселенің өзектілігін көрсетіп отыр.

Зерттеу мақсаты: жалпы орта мектептерде жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқын алдын алудың әлеуметтік-педагогикалық ерекшеліктерін анықтау

Зерттеу міндеттері:

1. Жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктерімен суицидті мінез-құлыққа қатысты әдебиеттерді сараптау, талдау, оның себептері мен факторларын айқындау.

2. Жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлыққа бейімділігіне зерттеу жүргізу және алынған нәтижелерге талдау жасау;

3. Жалпы орта мектептерде жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқын алдын алу іс-шараларының бағдарламасын әзірлеу.

Зерттеу объектісі: мінез-құлқын алдын алу ерекшеліктері

Зерттеу пәні: Жалпы орта мектептердегі әлеуметтік-педагогтың жасөспірімдермен жұмысы

Зерттеудің болжамы: егер әдеуметтік-педагог жасөспірімдермен дер кезінде диагностикалық жұмыстарды жүргізіп, суицидке бейімділікті анықтаса, суицидті мінез-құлықтың алдын алуға болады.

Зерттеу әдістері:

  1. Жасөспірімдерге арналған "Суицид деген не?" сауалнамасы;
  2. Жасөспірім жастағы балалардың суицидке деген көзқарасы мен ішкі эмоционалдық қалпын анықтау мақсатында М. Люшердің сегіз түсті тестінің негізінде проективтік әдістемесі;
  3. Жасөспірімдердің суицидке бейімділігін зерттеуге арналған тест.

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізі : Суицидтік жүріс тұрыс мәселесіне қатысты шетелдік және отандық психологтардың негізгі ойларын кешенді тұрғыда талдауға негізделеді, Н. Бердяев, Ю. Вагин, Э. Дюркгейм, А. Г. Амбрумова, В. Розин, Л. Трегубов, Н. Фарберроу, Хиллмен, Э. Шнейдман, Г. Шпет, З. М. Садвакасова суицидуалды көрінулерді қарастырды.

Экзистенциалды тұрғыдан қарау (Г. Гордон, А. Камю, С. Кьеркегер, С. Франк, В. Франкл, Б. Херсонский, Л. Шестов, А. Шопенгауэр), адамның қайғыру мәселесіне, өмірдің мәні мен өлім мәселесіне, жалғыздық және сонымен байланысты суицид феномені, өмірдің мағынасын іздеу мәселесіне қатысты ой-пікірлерді қарастырады.

Суициденттер тұлғасына қатысты теориялар (А. Адлер, Р. Мэй, Ахте, К. Меннигер, К. Роджерс, Г. Салливен, К. Хорни, З. Фрейд, Э. Шнейдман, Г. Чхартишвили, К. Юнг, К. Ясперс) . Сонымен қатар, суицид мәселесіне қатысты біз өз зерттеуімізде мынандай ғалымдардың зерттеулеріне сүйендік: А. Амбрумова, Е. Вроно, Н. Баженова, Л. Бергельсон, Э. Гроллман, М. Занадворов, В. Кандинский, Н. Конанчук, С. Корсаков, В. Красенков, Л. Магурдумова және т. б

Зерттеу базасы:

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығы. Зерттеу барысында суицидтің теориялық мәселелері, жалпы орта мектептегі әлеуметтік педагогтың жұмысы туралы мәліметтер келтіріліп, суицидті алдын алу шараларына талдау жүргізілді және алдын алу бағдарламасы құрылып, әдістемелері ұсынылды. Зерттеу нәтижелерін әлеуметтік педагогтар мен практик психологтар өз жұмыстарында пайдалана алады.

Зерттеу кезеңдері. Бірінші кезеңде зерттеудің ғылым аппараты анықталып, жалпы орта мектептегі әлеуметтік педагогтың жұмыс мазмұны қарастырылды.

Екінші кезеңде суицидтің пайда болу себептері мен әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері, жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқын алдын алудың әлеуметтік-педагогикалық мәселелеріталдалып, зерттеу жұмысының мақсатына, міндеттерімен мазмұнына сәйкес эксперименттік зерттеу жүргізілді.

Үшінші кезеңде эксперименттік жұмыстардың нәтижесі өңделіп, қорытындыланды, диплом жұмысы түптеліп, қорғауға ұсынылды.

Зерттеу құрылымы мен көлемі: Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланатын әдебиеттер тізімінентұрады. Жұмыс көлемі 77 бетті құрайды.

1ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕПТЕРДЕ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ СУИЦИДТІК МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН АЛДЫН АЛУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқын алдын алудың әлеуметтік-педагогикалық негіздері

XХI ғасырда бүкіл әлем ғалымдарын толғандыратын үлкен мәселе қазіргітаңдағы жасөспірімдер арасында жиі кездесетін- суицид. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметтері бойынша, әсіресе 15-24 жас аралығында жасөспірімдер арасында өзін-өзі өлтіру көбейіп бара жатқандығы айтылады. Ол әр -экономикалық жағдайларға байланысты екен. Мәселен, Франция мемлекетінде соңғы 10 жылда суицидттің құрбаны болған балалар саны үш есе артқан. Қазірде мұндай жағдайлар жол апатынан мерт болғандар санымен теңеліп отыр. Ақш-та 15-19 жас аралығындағы жастардың өзін-өзі өлтіру саны 1 жылда 5000-ға дейін көтерілген. Осыған сәйкес Америка құрама штатында ең маңызды деп саналатын өлімдердің арасында суицид 10-шы орында тұр.

Өз өмірін қиюға бағытталған саналы, ерікті түрдегі әрекетқазіргі таңда бүкіл жаһандық қоғамдық мәселеге айналып отыр. «Суицид» латын тілінен алынған «өзін-өзі өлтіру, өзіне қол салу» деген мағынаны білдіреді. Суицид термині итальян психологы Г. Дэзен 1947 жылы енгізіп, оны “Өзін-өзі өлтіруге әрекет ету” - деп түсіндіреді.

Суицид жан жүйесі қатты күйзелген кезде, не психикалық аурудың ықпалымен адам жасайтын өзін-өзі өлтіру әрекеті. Бұндай мінез-құлық жасөспірім шақта 13 жастан бастап байқалады. Статистика бойынша суицидтік мінез-құлық 14-28 жас аралығында 30 пайыз, жасөспірім шақта 6-10 пайызды құрайды.

Өз-өзіне қол жұмсау құбылысы- бұл сыртқы стресс факторларының және баланың қорғаныс механизмдері функцияларының өзара әсерінің нәтижесі. Өз-өзіне қол жұмсау мотивациясы- шыдау мүмкін емес жағдайдан қашу, ата-аналардың бірдеңені істеуге мәжбүрлеу немесе жазалауынан қашу, азапты жеңілдету, өткен адаммен қайта қосылу-көру, жалғыздықтан қашу, кек алу[2] .

Өз-өзіне қол жұмсауға бейім адамдардың бірден-бір бөлігі психикалық тұрғыдан зардап шекен, дені сау адамдар болып табылады. Жасөспірімдер басқалардан көмек күту мақсатында суицидтік әрекетті демонстративті түрде көрсетіп, жан-жақтағыларын қорқытады.

Осындай келеңсіз жағдайлардың барлығы жасөспірімдерді қылмысқа тартады, оның ішінде өз-өзіне қол жұмсау жиі кездеседі. Жасөспірім шақта түрлі кездерді бастарынан кешеді, кейбіреулері бір нәрседен қорыққаннан, махабаттың сәтсіз болуынан, қиыншылыққа төзе алмау салдарынан өмірден қоштасуды жөн көреді.

Соңғы 15 жылдықта 15-24 жас аралығында өз-өзіне қол жұмсау 2 есеге артты, экономикасы дамыған елдерде бұндай жағдайлар жиі кездеседі. Зерттеу эксперименті бойынша өз-өзіне қол жұмсау ырықсыз түрде пайда болатыны анықталды. Бұндай әрекет жастық шаққа тән. Жыл сайын 10 - 20 миллион адам суицид жасауға бекінеді. Олардың бір миллионға жуығы жарық дүниемен қош айтысады. Алдыңғы қатарлы суицид жасаушылардың отаны ретінде, басқасын айтпағанда көрші мемлекеттер Ресей мен Қытай және Қазақстанды айтуға болады.

Қазіргі кезде Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының дерегі бойынша, Қазақстан азаматтарының өз өмірлерін қиюы бойынша әлемде үшінші орынды алады. Ал осыдан үш жыл бұрын деректер бойынша Қазақстан бесінші орында болған.

Әлемде жыл сайын бір миллиондай адам өзін - өзі өлтіреді. Бір миллион адамның 8 мыңы Қазақстандықтардан тұрады. Бұл дегеніміз әрбір сағат сайын бір қазақстандық суицид жасайды дегенді білдіреді. Елбасымыз «Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында» десе өкініштісі, суицид жасаушылардың басым бөлігі еліміздің болашағы деп санаған жас буын өкілдері болып отыр.

Қазіргі кезде суицидология деген атаумен аталып жүрген маңызы зор ғылым саласы бар, ол әлеуметтану, психология, құқықтану, медицина, псиxиатрия сияқты ғылымдардың бірлесуінде пайда болып суицидке баратын тұлғалардың әлеуметтік, психологиялық, этникалық т. б. ерекшеліктерін, қимыл-әрекеттерін, салдар-себептерін тануға, оқып-зерттеуге тырысты. Суицидалды жүріс-тұрыс- адамзат баласының саналы түрде өзін-өзі өмірден аластатқысы келетін тұлға мінез-құлқының түрі деп саналады [32] .

Тариx тағылымында адамдардың өзін-өзі өлтіру әрекеті түрліше бағаланады. Еуропа xалқында өз-өзіне қол жұмсағандар -вампирға айналады делінген. Ертедегі Грецияда, Спартада, Афинада суициденттердің мәйітін отқа жағып отырған. Ал орта ғасырда Пруссия, Австрия, Францияда суициденттерді діни көзқарас тұрғыда - қылмыскерлер деп есептеген.

Суицид туралы көзқарастар түрлі мәдениеттерде әр қандай болып қалыптасты. Мәселен, ежелгі Грецияда өз-өзін өлтірушілерге негативті көзқарастар орнаған, ол заң жүзінде жазаланушы қылмыс ретінде саналу керектігі, суицидке барушылардың қолдарын шауып тастау қажеттілігі туралы да айтылды. Ал қытайда бұл жағдай тіптен керісінше болды. Бұл елде суицидке барған адам өз жанын азат етеді деп саналды. Мұндай көзқарас ежелгі үнді елінде де кездесті. Олар қартайған кезде, болмаса әр түрлі ауруға ұшыраған жағдайда өзін - өзі өлтіруді даналылықтың белгісі деп көрген. Жапон елінде қазіргі кезге дейін «xаракири» салт- дәстүрі орындалып келді. Жапондықтардың есептеуі бойынша өзін - өзі өлтіруге бару ақылдылықтың, даналылықтың аса жоғарғы көрінісі. Бұл елдегі харакиридің ырықты және ырықсыз түрлері болған, егер де адам дүниден өз еркімен, ырықты түрде кетуді ұйғарса, ол өзінің отбасы мүшелерін жинап алып, ақ киім киіп алып солардың көзінше өз қарнын жаратын болған. Содан кейін осы сәтте оның өз ұлы немесе жақын досы басын шабатын болған. Осындай тариxи фактілер бойынша суицидтің бес категориясын бөлуге болады:

1. Қарт адамдар мен науқас адамдардың өзін - өзі өлтіруі;

2. Жолдасының өлімінен кейін жесір әйелдердің өзін - өзі өлтіруі;

3. Қожайынның немесе бастығының өліміне кейін құлдардың өзін - өзі өлтіруі;

4. Өзін - өзі өлтірудің стреске реакция ретінде қолданылуы;

5. Өзін - өзі өлтірудің псиxопатологиялық көрініс ретінде көрінуі.

Жалпы суицидті жүріс-тұрыстың үш негізгі концепциясын көрсетуге болады:

- псиxопатологиялық;

- псиxологиялық;

- әлеуметтік.

Псиxопатологиялық концепция бойынша барлық өзін - өзі өлтіруші адамдар бұл түрлі псиxикалық ауруға шалдыққан адамдар, ал барлық суицидті әрекеттер түрлі псиxикалық бұзылыстардың көрінісі. Бұл концепцияның ресейлік өкілдері псиxиатрлар В. К. Хорошко, Н. П. Бруxанский, және т. б. [33, 34] .

Бүгінгі күні псиxопатологиялық концепция тариxы қызығушылық қана тудыруда деуге болады, алайда кейбір шетелдік зерттеушілер суицидті іс-әрекетті псиxикалық ауру көрінісінің бір формасы деп есептейді.

Көптеген шетелдік зерттеушілердің ойынша, көбінесе, суицидті жүріс-тұрыс псиxикалық науқас және денсаулығы қалыпты тұлғаларға тән . Әрине суицидті жүріс-тұрысты көріністері байқалатын науқас адамдар ең алдымен дәрігердің назарын қажет етеді. Ал егер суицидті дені сау адамдар қалыптасқан псиxотравмалық қиындықтарға жауап ретінде қолданса, бұл жерде дәрігердің біліктілігі жеткіліксіз. Сондықтан алдымен суицидті жүріс-тұрыстың себептерін анықтап алу қажет. Бұндай тұлғаларға тек медициналық сипаттағы көмек тиімсіз және жеткіліксіз және бұл проблеманы шешпейді.

Қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму дәрежесінде адамның суицидтік көріністерін зерттеу және профилактикалық шараларды жасау мақсатында суицидтік тәуекелдің факторларын анықтау үшін суицидтік жүріс-тұрыстың мотивтерін, жағдайларын және себептеріне терең жан-жақты ғылыми негізде әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық талдау жасап, жинақтау аса өзекті болып отыр. Сондықтан да саяси тұрақсыздық және әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайларында адамдар арасындағы әлеуметтік-психологиялық шиеленістің күннен күнге артып, ушыға түсуі, әлеуметтік қызметкерлерге әлеуметтік-психологиялық атмосфераның ерекшеліктерін ескере отырып, суицидальды адамдармен әлеуметтік профилактикалық және әлеуметтік-терапевтік іс-шараларды ұйымдастыру туралы жауапкершіліктерді арттыруда. Адамдардың осындай психикалық күйіне әлеуметтік әсер етулердің елеулі екендігі туралы өзін-өзі өлтірумен аяқталған көрсеткіштер бойынша пікір айтуға болады. Соңғы жылдары өзін-өзі өлтірулердің күн санап таралғандығы, (ал мұндай өзін-өзі өлтірулер күн сайын 1000-нан аса жасалады - барлығы жылына 500 мыңға жуық) бүкіл әлемдік қауымдастық үшін маңызды әлеуметтік және қоғамдық мәселенің өзектілігін көрсетіп отыр [35] .

Өзін-өзі өлтіру халықтың өлім-жітімге ұшырауының ең кең таралған себептерінің бірі болып табылады және қоғамның денсаулығына, әлеуметтік тәртіптің, нормалардың бұзылуына және экономикаға айтарлықтай зиянын тигізеді. Яғни өзін-өзі өлтіруге тырысқан адам өз-өзіне қастандық жасау арқылы ұзақ ауруға, ал кей кездері өмір бойы әлеуметтенуден кейін қалатын мүгедектікке алып келеді. Суицид өмірмен қош айтысуға әрекет жасап көрген адамның ғана емес, оны қоршаған ортаның психикасын бұзатын, қоғам үшін, әлеуметтік жүйенің қалыпты қызмет атқаруына кедергі болып табылатын жауапсыз іс-әрекет. Қоғамдық өмірдегі белсенді өзгерістер күн өткен сайын жылдам өтетін сипатқа ие бола бастауда, осының нәтижесінде алуан түрлі таптар мен әлеуметтік топтар тең емес жағдайларда қалады, бұл өз кезегінде суицидтік жүріс-тұрысқа жол ашатын алғышарт ретінде қарастырылады. Дағдарысты жағдайлар мен суицидтік іс-әрекеттердің даму барысында адамдардың жас кезеңдері маңызды мәнге ие болып келеді. Зерттеушілер бұл жағдайда өздерінің ерекше белгілері бар үш жас аралығын бөліп көрсетеді: балалар мен жасөспірімдер, еңбекке жарамды жас және инволюциялық кезең.

Жасөпірімдер эмоцияларын өте нашар басқарады. Аффект жағдайында жасөспірімде санасының сығылуы болады. Егер қалыпты жағдайда ол проблема шешімінің бірнеше вариантын көру қабілетіне ие болса, эмоциональды жарылыс кезеңінде, ол бұл жаста өте жиі болады, жағдай шешімге ие емес тәрізді, бірден - бір жағдайдан шығу - қандай да бір координальды іс істеу, өзін өлтіру, зақымдаушы ситуацияны жоғалту тәрізді көрінеді[36] .

Эрл Болман (Суцид - превенция, интервенция, поственция кітабында) зерттеулері бойынша, өзіне-өзі өлтіруге әрекет етуші адамдар жиі төмен өзін бағалауымен, аз құндылық және қажетсіздік сезімдерінде болуымен ерекшеленеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эмпатиялық қабілеттіліктерді өзіндік бағалау
Жасөспірімдер бойында құқықтық сананың қалыптасу ерекшеліктерін зерттеу
Аутизм мәселесінің тарихы
Физикалық вербальды агрессия
Қылмысқа барған жасөспірімдердің делинквентті жүріс-тұрысының псиологиялық ерекшелігін анықтау
Элементарлы сенсорлық психика дамуының жоғарғы деңгейі
Құқық қорғау қызметіндегі адамгершілік шиеліністер
Құқыққорғау қызметіндегі адамгершілік шиеліністер
Мәдениет әлеуметтануы
Тұлғаның акцентуациялық мінез бітісі, оның суицидтік жүріс-тұрысқа қатері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz