Ақтөбе облысындағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қазіргі жағдайын талдау


Мазмұны
Қысқартылған сөздер тізімі
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси және экономикалық өмірінде әлеуметтік саланы өзгерткен мәнді өзгерістер болды. Аталмыш жаңа экономикалық жүйеде халықтың әлеуметтік деңгейін көтерілуі ұлттық экономиканың тиімділігі мен өсуін қамтамасыз ететін басты фактор болып саналады.
Н. Ә. Назарбаев 2008 жылғы халыққа жолдауында ұлттың саулығына ерекше көңіл бөліп ерекше атады [1] .
Әлеуметтік жағдайы бар әлемнің көптеген елдері сияқты Қазақстан да БҰҰ мыңжылдық Деклорациясына қол қойды және сол арқылы мыңжылдық табалдырығындағы даму саласындағы БҰҰ Мақсаттарын орындауға міндеттеме алды.
Әлеуметтік мемлекеттің басты мақсаты - әлеуметтік нарықтық шаруашылықты құру, ол экономикалық және қоғамдық дамуының өз кезегінде нарықты өзін-өзі реттеу мен мемлекеттік араласу, шаруашылық еркіндігі мен мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктер арасындағы балансты табады. Бұл үшін экономикалық, қаржылық және әлеуметтік саясаттарды үйлесімді байланыстыру қажет.
Мемлекеттің барлық іс-әрекеттері - салықтар, жәрдем қаржылары, демеу қаржылары, бюджеттік ақша-несие саясаты, зейнетақымен қамтамасыз ету және тағы басқа адамзат дамуына ықпалын тигізеді. Сондықтан дамудың әр түрлі деңгейінде мемлекет халықты толғандырған мәселелерден тыс қала алмайды және қалуға тиіс емес. Мемлекеттің бұл ролі әлеуметтік саясат пен әлеуметтік салаға қатысты түрлі бағдарламалардың қабылданып, жүзеге асырылуынан көрінеді.
«Қазақстан өз азаматтарына өмірдің жоғары стандарттарын жасай отыра, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына енуі тиіс. Біз бұған халқымыз бен экономикамыз бәсекеге қабілетті болған жағдайда қол жеткіземіз» - деп Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2005 жылдың 18 ақпанындағы халыққа жолдауында анықталған болатын[2] .
Әлеуметтік бағытталған нарықтық экономиканы құру тиімді әлеуметтік саясатты жүзеге асыруға қатысты. Әлеуметтік қорғау жүйесін құру - әлеуметтік саясаттың негізгі функцияларының бірі болып табылады.
Қазіргі жағдайда халықты әлеуметтік қолдаудың жаңа ұйымдық құқықтық формаларын дамыту қажет. Халықты әлеуметтік қорғау конституция шегінде қоғамның өз азаматтары алдындағы белгілі міндеттері ретінде анықталады. Әлеуметтік қорғау жүйесі осы міндеттерді орындауға бағытталған шаралар жүйесі болып табылады.
Тұрғындардың өндіріс, үлестіру, ауыстыру мен тұтыну саласындағы негізгі құқықтарын жүзеге асыру, нарықтық экономика жағдайында оның тәуекелділігін төмендету экономика саласындағы әлеуметтік саясаттың негізі болып табылатын әлеуметтік қорғау жүйесіне байланысты. Қазақстанда экономикалық реформалар жүргізу кезінде экономиканы дамыту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау арасында байланысты нығайтуға сұраныс өсті.
Қазіргі кезде дамудың әлеуметтік бағытын көптеген елдер өз құқықтық-нормативтік құжаттарында заңды түрде бекітті. Ол мемлекеттер әлеуметтік саясатты жүзеге асыруға, оның ішінде: азаматтардың жұмыспен қамтамасыз етілуіне қамқорлық көрсетеді, денсаулық сақтау мен білім жүйелерін қол жетерліктей жүйеге келтіруге, тұрғындардың аз қамтылған бөлігіне әлеуметтік қолдау құрылымын дамытуға, кедейшілікпен және қылмыскерлікпен күресуге, қоғамдық - саяси және де ұлтаралық келіспеушіліктерге жол бермеуге ұмтылады.
Қазақстан Республикасы бірінші орынға адам факторын, тұрғындардың жағдайын, адамдар денсаулығын, жанұяға қамқорлығын қоя отырып, әлеуметтік - бағытталған экономика құруға ұмтылады. Осы аталғандардың барлығы мемлекет Констиутциясында былай деп айтылған: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және де әлеуметтік мемлекет деп бекітеді».
Елбасымыз өзінің 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында айтқандай: «Мемлекет тарапынан халықты әлеуметтік қолдау ол нысаналы әрі атаулы сипат алған жағдайда ғана нәтижелі болады[3] . Мемлекет қоғамның осындай көмекке шынында зәру мүшелерін қолдауға міндетті және сол үшін жауапкершілікті іс жүзінде өзіне алып отыр, олар, ең алдымен: балалар, көп балалы аналар, ардагерлер, мүгедектер. Ең пәрменді әлеуметтік саясат өнімді еңбекке ынталандыру және жаңа жұмыс орындарын жасақтау болып келді, әрі солай болып қала береді. Біз, ең алдымен, қандай да бір себептермен жұмысынан айрылып қалған адамдардың еңбекке оралуына нақты мүмкіндіктер туғызуымыз, олардың жаңа мамандық алуына жағдай жасауымыз керек. Сонымен қатар жастар ортасында жұмысшы мамандықтарының, әсіресе өнеркәсіптегі мамандықтың беделін асырып, кеңінен насихаттауды қайтадан қолға алуымыз қажет».
Дипломдық жұмыстың мақсаты - әлеуметтік қорғау жүйесі туралы теориялық материалдар негізінде тәжірибелік маңыздылығын анықтап, оны тиімді пайдалану әдістерін қарастыру болып табылады. Қазақстан Республикасының қоғамдық дамуындағы қазіргі әлеуметтік-экономикалық шарттарында әзірге әлеуметтік қорғаудың кей бөліктерінде сәйкессіздік болып отыр. Бұл орташа өмір сүру деңгейінің төмен болуына, әлеуметтік қамтамасыз ету рөлін арттыруға, әлеуметтік- экономикалық және демографиялық процестерге, қоғамдағы саяси тұрақтылық пен азаматтық әлемге үлкен әсер етуші себептердің бірі.
Дипломдық жұмыстың міндеті - халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің мәні және құрлымы, халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі бағыттары, Ақтөбе облысындағы тұрғындарды әлеуметтік қорғау жолдары және оның даму бағыттары, Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесін арттыру жолдары.
Зерттеу обьектісі - Ақтөбе облысындағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесі болып табылады.
Зерттеу пәні - Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесін зерттеу.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Жалпы сондай-ақ, С. С. Мәуленов, С. Қ. Бекмолдин, Е. Қ. Құдайбергенов, К. Р. Нургалиев, А. К. Нургалиев, Е. М. Арынов, П. Исахова сияқты ғалымдардың және басқа авторлардың ғылыми еңбектерінде зерттелген.
Диплом жұмысының ғылыми жаңашылдығымен тәжірибелік мәні автормен берілген Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту және жетілдіру бағыттары бойынша ұсыныстарын және оның нәтижесін жоғары және орта оқу орындарында осы тақырыпқа қатысты пәндерге қосымша материал ретінде пайдалануға болады.
Диплом жұмысының құрылымы зерттеудің мақсатымен, міндеттерімен анықталып, тақырыпты ашуға негізделген. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан, қысқартылған сөзер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің мәні және құрылымы, халықты әлеуметтік қорғау жүйесі және оны жүзеге асыру принциптері, әлеуметтік қорғау жүйесінің шет елдік тәжірибесі қарастырылады
Екінші бөлімде, Қазақстан Республикасы тұрғындарының өмір сүру деңгейі мен қазіргі жағдайы, Ақтөбе облысындағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қазіргі жағдайы, Ақтөбе облысындағы әлеуметтік қолдау көрсету және жұмыспен қамтамасыз ету бағдарламаларын талданады.
Үшінші бөлімде, Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту жолдары, Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың негізгі бағыттары қарастырылып, талқыланады.
Зерттеу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматттық Кодексі, Қазақстан Республикасының «Әлеуметтік қорғау туралы» заңы, әлеуметтік қорғау мәселесіне қатысты отандық және шетелдік ғалым еңбектері, мерзімдік баспасөз материалдары және Қазақстан Республикасының Статистика Агентігінің сандық мәліметтері қолданылды, Ақтөбе облыстық сандық статистика мәліметтері қолданылған.
1 Халықты әлеуметтік қорғаудың ғылыми теориялық негіздері
1. 1. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің мәні және құрылымы
Әлеуметтік қорғау - бұл елде бір жағдайларға (кәрілік, мүгедектік, денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айырылуы) және өзге де заңды негіздерге байланысты экономикалық белсенді бола алмайтын, әрі лайықты ақы төленетін еңбекке қатысу жолымен өзін табыс пен қамтамасыз ете алмайтын азаматтар үшін өмірлік қажетті игіліктердің және әл-ауқаттың белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуге арналған жүйе. Қазақстан мүше болып табылатын халықаралық еңбек ұйымының анықтауы бойынша әлеуметтік қорғау жүйесіне мынадай шаралар шешімі кіреді:
- тұрақты, ақылы еңбекке ынталандыру;
- негізгі әлеуметтік қателердің алдын алу, ал ол туындаған жағдайда әлеуметтік сақтандыру тәсілдері арқылы сол қатердің салдарынан айырылған табысының бір бөлігін қалпына келтіру;
- халықтың әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын әлсіз топтарына арналған әлеуметтік көмек тәсілдері;
- азаматтарды белгілі және медициналық көмек сияқты негізгі құқтар мен қызметтерге жеткізу
Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, әлеуметтік қорғаудың неғұрлым тиімді және кешенді жүйелері, әдетте:
- Мемлекеттік жәрдемақылар;
- Міндетті әлеуметтік сақтандыру;
- Жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру;
- Әлеуметтік көмек сияқты негізгі элементтерді қамтиды деген қорытынды жасауға болады.
Мемлекеттік жәрдемақылар әлеуметтік қорғауға жататын жағдайлар туындаған кезде барлық азаматтарды кепілдікті төлемдермен белгілі бір деңгейде қамтамасыз етуге арналған.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі әр азаматтың зейнетақы жинақтарын жасау процесін реттеуге арналған.
Әлеуметтік көмек азаматтардың жекелеген санаттарын бюджеттің қаражаты есебінен қосымша қорғауға арналған[4] .
Соңғы жылдарда экономикадағы қолайлы өзгерістер және тұрақты өсуді қамтамасыз ету жөнінде қабылданып жатқан шаралар әлеуметтік қорғаудың кешенді жүйесін құруды қолға алуға мүмкіндік беріп отыр.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты - оның қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын реттеу жөніндегі қызметінің бір бағыты. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының мәні қоғамдағы әділеттілік қатынастарды қолдау немесе қоғамдағы әлеуметтік таптардың арасындағы қатынастарды реттеу, қоғам мүшелерінің тұрмыс дәрежесін, әл-ауқатын көтерудің жағдайларын қамтамасыз ету, қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық ынталандырудың әлеуметтік кепілдіктерін жасау(сурет 1) .
Ескерту -автормен зерттеу негізінде құрастырылған
Сурет 1. Әлеуметтік қорғау функциялары
Әлеуметтік сала мен адам ресурстарын дамыту Қазақстан үшін шешуші ұзақ мерзімді басымдық болып табылады.
Қоғамда тұрақты қалыптасып отырған бірқатар анықтамаларға тоқтала кеткен жөн.
Кедейлік - бұл халықтың белгілі санаты алғашқы кезектегі қажеттілігін қанағаттандыруда қиындық көретін және қоғам өміріне қатысу мүмкіндігінен айрылған әлеуметтік - экономикалық құбылыс.
Кедейлер - бұл кедейлік шегінен төмен немесе соған тең орташа жан басылық табыстары бар азаматтар санаты.
Кедейлік шегі - кірістің адамның ең аз қажетін қанағаттандыру үшін қажетті шегі. Кедейліктің шегі ең төменгі күн көріс деңгейі негізінде белгіленеді және аз қамтамасыз етілген адамдарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсету кезінде өлшем ретінде пайдаланылады.
Атаулы әлеуметтік көмек - белгіленген кедейлік шегінен төмен айлық орташа жан басы табыстары бар адамдарға мемлекет ұсынатын төлем.
Экономикалық функция - тұрғындардың өмірлік деңгейін көтеру үшін тұрақты экономикалық өсуге бағытталған.
Әлеуметтік функция - адамның өмірлік деңгейін жақсы тұрмысын жоғарылатуға әлеуметтік қорғауды бағыттау, халықтың әлеуметтік осал бөлігін өмір сүру кепілдігін қамтамасыз ету болып табылады.
Талдамалық функция - халықтың өмірлік деңгейін жүйелік талдауды аштық пен өзге де әлеуметтік салдарлар үшін әлеуметтік көмекке мұқтаж топтарды, аумақтарды анықтау мақсатында қолданылады.
Технологиялық функция - барлық еңбек сияқты әлеуметтік қорғау белгілі бір кезеңдерден, операциялардан құралатын технологиялардан тұрады.
Ақпараттық функция - азаматтарға өзінің қызығушылығын қорғау бойынша адамның құқықтары мен мүмкіндіктері туралы, Қазақстанның және оның аймақтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы олардың нәтижелері туралы толық және сенімді ақпараттарды ұсыну кепілдігінің жүйесін құруға бағытталған.
Еңбек функциясы - бұл нақты мақсаты, заты және құралы болатын нақты еңбек. Әлеуметтік қорғау функциясын орындайтын әлеуметтік институттар жоғары біліктілікті еңбек ресурстарымен қамтылуы тиіс.
Әлеуметтік қорғау функциясы - нақты әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін. Қазақстанда өтпелі кезеңде ең алдымен әлеуметтік қорғаудың құндылықты функциясы өзіндік күшке бағытталады. Нарықтық қатынастарда халыққа қойылған жағдайды жанға бататындай бастан кешіруге мүмкіндік беретін ерекше қызметті өтемақы функциясы алады. Көптеген өркениетті елдерде белсенділікті ынталандыру функциясы орындайды. Ынталандыру барлық әлеуметтік топтар және азаматтар өзіндік экономикалық жағдайларын жасауға бағытталған. Сонымен бірге, бейімдеуші функциясы жаңа қоғамдық нақтылыққа халықтың әр қилы санаттарын бейімдеуді қамтамасыз етеді[5] .
Әлеуметтік қамсыздандырудың негізгі түрлеріне төмендегілер жатады:
- Ақшалай зейнетақы.
- Жәрдем ақы.
Зейнетақы - материалдық қамсыздандыру үшін қарттарға, мүгедектерге, көп жылғы сіңірген еңбек үшін және асыраушысынан айырылған жағдайда әр азаматқа тағайындалған ақша төлемі.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде әр түрлі жәрдемақылар маңызды орын алады. Оларға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, мемлекеттік арнайы жәрдемақылар, еңбекке уақытша жарамсыздық, жүктілік және босану бойынша және тағы басқа әлеуметтік жәрдемақылар мен өтемақылар, жеңілдіктер жатады.
Әлеуметтік қамсыздандыруды экономикалық құбылыс ретінде неғұрлым ерекше белгілерін ажыратып көрсететін негізгілеріне төмендегілер жатады:
- Әлеуметтік қамсыздандырудың обьектісі - қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелері, оның қатарында уақытша еңбекке жарамсыз мүшелері де кіреді.
- Еңбекке жарамсыздарды қамсыздандыру үшін құрал көздері ретінде қоғамдық тұтыну қорлары қызмет атқарады.
Әлеуметтік қорғау жүйесі өзара байланысқан элементтер жиынтығын, нарыққа өтудің өтпелі кезең қиыншылықтарын жеңілдетуге, сонымен қатар барлық халық топтарының іскерлік белсенділігін ынталандыруға бағытталған.
Халықтарды әлеуметтік қорғауды реттеу механизмі болып әлеуметтік кепілдіктер жүйесі, еңбекақы кепілдігі, зейнетақы, жәрдемақы, аз қамсыздандырылған отбасыларына тегін минималды әлеуметтік көмек көрсету табылады. Әлеуметтік қорғау жүйесінің ең негізгі мәселесі тұрғындардың өмір сүру деңгейінің мөлшерін және тұрғындарға мемлекеттік қолдау көрсету жүйесін жақсарту болып табылады. Ол үшін келесідегідей міндеттерді қолдау қажет:
- Атаулы қолдау көрсету (Белгілі себептермен өзін-өзі қамсыздандыра алмайтын азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету) .
- Барлық тұрғын халыққа тиісті әлеуметтік көмек көрсету.
- Осы сала бойынша бөлінген қаржылырды тиімді пайдалану.
Жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген жанұяларды қолдау мағынасында, жанұясында балалары, білімгерлері, зейнеткерлері мен мүгедектері және жұмыссыз тұлғалары бар немесе олардың табыстары бекітілген күн көріс деңгейінен төмен болған жанұяларға әлеуметтік жәрдемақы төлеуді енгізу.
Негізгі бағыт жұмыссыз тұрғындарды әлеуметтік қорғау болып табылады. Әлеуметтік қамсыздандыру ақшалай төлем түрінде (зейнетақылар, жәрдемақылар, компенсациялар), медициналық көмек түрінде, жеңілдіктер беру арқылы, әлеуметтк инфрақұрлым обьектілерін құру арқылы көрсетіледі [6] .
Әлеуметтік қамсыздандыру иесі - Республикалық деңгейде, жергігікті деңгейде және шаруашылық білім деңгейінде қалыптасады.
Республикалық деңгей - осы қоғамның барлық қатысушыларына әлеуметтік кепілдікпен қамсыздандыру және оны бақылау. Оған келесі табыс деңгейлерінің кепілдемелері қосалады: минималды айлық жалақы, қызметкерлердің еңбекақы мөлшері, зейнетақы және тағы да басқаларды.
Жергілікті деңгейде - әлеуметтік және демографиялық ерекшеліктерді есепке ала отырып, әлеуметтік қорғау жүйесін қамтамасыз ету.
Еңбекші топтың деңгейіне мекеменің өзіндік қорлары, зейнетақы және әлеуметтік кепілдемелер мен жеңілдіктер есебінен қалыптастыруды негіздейді. Әлеуметтік қамсыздандыру шығындарының қаржыландыру қөздеріне мыналар кіреді:
- бюджеттік зейнетақы қорының құралдарынан;
- әлеуметтік сақтандыру қорынан;
- кәсіпорын мен ұйымдардың өз еркімен келген салымдарынан;
- қайырымдылық қорлары және тағы басқа да қорлардан.
Еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылу жағдайында әлеуметтік қорғауға мынадай құрлымдарды енгізуді көздейді:
- Барлық азаматтарға бюджет қаражаты есебінен бірдей деңгейде
жәрдемақы беру (әлеуметтік қатерлердің түріне қарай ) .
3. Ресми жұмыс істейтін қызметкерлерге міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен зейнеткерлік жасына жеткенге немесе сақтандыру төлемдерін беруге негіз болған жағдайлар тоқталғанға дейін қосымша төлем беру.
- Еңбек міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғанің және кәсіби аурудың салдарынан еңбек қабілетінен айырған және асыраушысынан айырылған жағдайда сақтандыру ұйымынан төлем беру түрінде оны зейнеткерлік жасқа толғанға немесе сақтандыру төлемдерін беруге негіз болғаннан кейін жағдайлар тоқталғанға дейінгі қосымша қорғау көзделеді.
Күн-көрістің ең төменгі деңгейі немесе өмір сүру минимумы деп - адамның өмір сүруін және оның жұмыс күшін қалпына келтіруді сүйемелдеуге қажетті ақшалай қаржы деңгейін айтамыз. Қоғам дамуы жағдайындағы күн көру деңгейі өмір деңгейінің қоғамға қажетті төменгі шекарасын анықтайды. Күн-көрістің ең төменгі деңгейі келесідегідей формуламен есептеледі:
Σ Х. Э. Қ = МШө. қ. + ТҚ өқ + РШөқ. (1)
Мұнда: Σ Х. Э. Қ. - халықтың экономикалық қатынастар дәрежесі (күн-көру минимумынан экономикалық-әлеуметтік дәрежесіне дейін) ;
МШө. қ - материал шығындарының өзіндік құны;
Т. Қө. қ - тұрмыстық қызметтің өзіндік құны;
Р. Шө. қ - рухани шығындардың өзіндік құны.
Қартайған кездегі әлеуметтік қорғау ынтымақтастықты зейнетақы жүйесінің өлшемдері жетілдірілетін болады. Зейнетақы төлемдерінің мөлшері арттырылған кезде зейнеткерлікке шығу кезеңі ескеріледі. Ынтымақтастықты жүйеден төленетін зейнетақы мөлшері тұтыну бағаларының өсуі және зейнетақы мен қамсыздандыру туралы заңында белгіленген төлемдер бойынша шектеулер ескеріле отырып, өсірілетін болады.
1. 2 Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі және оны жүзеге асыру принциптері
Бұл жүйе өзара байланысқан элементтер жиынтығын, нарыққа өтудің өтпелі кезең қиыншылықтарын жеңілдетуге, сонымен қатар барлық халық топтарының іскерлік белсенділігін ынталандыруға бағытталған.
Ең алдымен әлеуметтік қорғау жүйесі қоғамның ең қорғансыз бөлігі - қарттар, мүгедектер, көп балалы отбасылар, жетімдер, ауруларды қорғауды көздейді. Бұл зейнетақыны индексациялау, жәрдемақыны, түскі астар беру тағы басқадай көмек түрлері жолымен жүзеге асырылады. Аталған қоғамдық топтарды қолдау үшін қайырымдылық қорлар мен ұйымдардың, мемлекеттік және коммерциялық кәсіпорындардың, жеке азаматтардың көмегі маңызды рөл атқарады.
Екіншіден, мемлекеттік сектордан босаған жұмысшыларды қабылдай алатындай ұсақ және орта кәсіпорындардың дамуына мемлекет қажетті шараларды жасауға мүдделі және міндетті.
Үшіншіден, мемлекет, одан кейін кәсіпкерлік құрылымдар, мамандықты ауыстыру немесе жұмыстан босатудың өндірістік немесе экономикалық себептеріне байланысты белгілі мөлшерде материалдық ресурстар шығындарын көтеру қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz