Дуальды оқыту үдерісін жоспарлау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Жолдасбекова С.А., Нұржанбаева Ж.О., Тағаева Г.Ж., Кривенцов В.А.
Дуальды оқыту негіздері пәні бойынша
5В012000-Кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне арналған
оқу құралы
Шымкент, 2017ж.
Құрастырғандар: Жолдасбекова С.А., Нұржанбаева Ж.О., Тағаева Г.Ж., Кривенцов В.А.
Дуальды оқыту негіздері пәні бойыншаэлектронды оқу құралы мазмұны дуальды оқыту ұғымы туралы түсінікті, қазіргі кезеңдегі болашақ мамандарды даярлау жүйесінде пәннің алатын орны мен маңызын, дуальді оқыту әдістемесін құрайды. Бұл оқу құралы студенттерге, магистранттарға, докторанттарға, колледж оқытушылары мен ЖОО оқытушыларына арналған.
Дуальды оқыту негіздері пәні бойынша оқу құралы Кәсіпке баулудың теориясы мен әдістемесі кафедрасында талқыланған.
Хаттама №6 05 01 2017ж.
Дуальды оқыту негіздері пәні бойынша электронды оқу құралы Жаратылыстану-педагогикалық факультетінің әдістемелік комиссиясы мақұлдаған
Хаттама № 7 06 01. 2017ж.
М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Оқу әдістемелік кеңесінің баспаға ұсынылған. №5хаттамасы 30.03.2017ж.
Мазмұны
Кіріспе.
4
1
Дуальды оқытудың мақсаты мен міндеттері. Дуальды оқыту және кәсіптік оқыту педагогтарын даярлау жүйесінде пәннің алатын орны мен маңызы.
5
2
Дуальды оқытудың даму тарихы
8
3
Дуальды оқыту педагінің іс-әрекетіне жалпы сипаттама
11
4
Әдістемелік іскерліктерді қалыптастыру. Әдістемелік қызметті жүзеге асыру деңгейлері мен формалары
14
5
Дуальды оқыту үдерісі, мазмұны, міндеттері
18
6
Өндірістік оқыту мазмұнын оқып-үйрену
22
7
Дуальды оқыту жүйесі
27
8
Дуальды оқыту педагогінің өндірістер мен мекемелердегі іс-әрекетінің мазмұны.
35
9
Дуальды оқыту әдістері
38
10
Дуальді оқытуды ұйымдастыру қағидалары
50
11
Дуальды оқыту ұйымдастыру формалары
55
12
Дуальды оқыту үдерісін жоспарлау
60
13
Дуальды оқытуды педагогикалық, құқықтық және материалдық қамтамасыз ету
85
14
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы
93
15
Өндірістік іс-тәжірибе
98
16
Тезарус
104
17
Пайдаланылған әдебиеттер
106
18
Қосымшалар
107
19 Видео материалдары
Кіріспе
Елбасы Н.Назарбаевтың Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам атты Қазақстан халқына үндеуінде нақты өнімді еңбек негізінде елді әлеуметтік жаңғыртудың жаңа бағдарламасы ұсынылады. Бәсекеге қабілетті және мықты Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру идеясы ҚР Президентінің саясатындағы басты бағыт - әр қазақстандыққа қамқорлықты одан әрі дамыту болып табылады. Қазіргі жағдайда нақты өндірістік секторды, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын тұрақты дамыту ғана жаһандық дағдарыстың себептерінің бірі болып отырған әлеуметтік масылдыққа балама бола алады.
Дуальды оқыту мақсаты - болашақ мамандарды даярлауда дуалды оқыту теориясы мен әдістемесі бойынша білім беру, оқыту жүйесін басқару мен ұйымдастыруға болашақ мүғалімдердің іскерлігін арттыру, дуальды оқытуды жүргізуге дайындау.
Дуальды оқытудағы негізгі міндеттері:
* дуальды оқытудың теориясы мен әдістемесімен таныстыру, олардың негізінде кәсіби білім беру мекемелерінде оқу - тәрбие үрдісін ұйымдастыру мен басқару икемділіктерін, дағдыларын қалыптастыру;
* оқыту құрылымы мен мазмұны, дуальды оқыту қағидалары, және әдістері, білім беру мекемелері басшыларының басқару қызметін жүйелілік тұрғысы негізінде ғылыми ұйымдастыру;
* оқыту технологиялары, дуальды оқытуды жоспарлау құралы ретінде, кәсіби білім беру мекемелерінің материалдық - техникалық базасын басқару;
* дуальды оқытуда тұлға мен ұжымның рөлі туралы білімдерді қалыптастыру;
* Дуальды оқытудың теориялық сұрақтарын меңгеру магистранттарға дуальды оқыту саласында: дуальды оқыту теориясы мен әдістемесін түсіндіру.
Дуальды оқытуда білім алушыларының білім, іскерлік, дағдысын жобалау жүйесін қалыптастыруды, болашақ педагогтың дуальды оқыту бойынша әдістемелік қабілеттерін дамытуды, заманауи оқу сабақтарын модельдеу тәсілдерін келесі реттілікте меңгеруді ұсынады:
1.Дуальды оқыту әдістемесінің теориялық негіздері.
2. Дуальды оқыту әдістемесін зердалеу.
3. Жан-жақты дамыған, шығармашылық қабілеті жоғары, кәсіби бейім тұлғаны тәрбиелеу және жетілдіруге жағдай жасау; болашақ кәсіби қызметінде өзін-өзі айқындау мен өз мүмкіндігін жүзеге асыруға дайындау;
4. Магистранттарға педагогикалық еңбекті тиімді ұйымдастыруды, орта кәсіптік білім алушыларының оқыту үдерісін ұйымдастырудың әдістері мен формаларын, сабақтың түрлерін, инновациялық оқыту әдістерін сабақ мазмұнына сай таңдауға, әдістемелік және арнайы әдебиеттермен жұмыс жасауға үйрету;
5. Болашақ педагогтарды педагогикалық іс-тәжірибені ЖОО-да, орта техникалық және кәсіптік мекемелерде өтуге, ғылыми зерттеу жұмыстарды орындауға даярлау.
1. Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері. Дуальды оқыту және кәсіптік оқыту педагогтарын даярлау жүйесінде пәннің алатын орны мен маңызы.
Білім жүйесін жаңғырту аясында дуальді кәсіби білім беруді дамыту, жұмысшы кадрларының зәрулігін еңсеру үшін қолданбалы мамандықтардың заманауи орталықтарын құру мндеттері қойылды. Дуальді жүйенің негізі оқу орны мен өндірісте қатар оқыту болып табылады. Бұл кәсіптік-техникалық білім берудегі басты проблема - жоғары оқу орнындағы теория мен заманауи өндіріс практикасы арасындағы алшақтықты жоюға мүмкіндік береді. Дуальді оқытуда теория мен практиканың өзара байланысы қағидаі жүзеге асырылады, мұның өзі болашақ маманға кәсіпорында жұмыс істеу кезінде қажетті біліктілікке ие болуға көмектеседі. Мұндай оқыту өндірістің нақты сұраныстарына барынша жақындатады да жұмыс берушілер дайын мамандарға ие болады.Еңбек нарығында өз міндеттерін өзгеріп отырған экономикалық жағдайларға жылдам бейімделе отырып сапалы әрі жауапкершілікпен орындайтын жоғары кәсіби білікті мамандарға сұраныс артып отыр. Өйткені, әлемдік нарықта бәсекеге төтеп бере алатын сапалы өнім шығарудың алғышарттарының бірі жоғары білімді және кәсіби деңгейі жоғары, еңбек құндылықтарын бойына қалыптастырған, өз еңбегінен материалдық ғана емес, сонымен қатар рухани қанағаттанатын, адам ресурстарын даярлау екендігі дау туғызбайтын дәлел болып отыр. Бұл өз кезегінде ұлттың зияткерлік әлеуетіннің, қоғамда әлеуметтік тұрақтылық деңгейінің артуын қамтамасыз етуге ықпал етеді. Дуальді оқыту - бұл әлеуметтік серіктестіктің (білім беру мекемесі мен кәсіпорын арасындағы) іс-әрекеттерін дұрыс ұйымдастырылған механизмі нәтижесіндегі студенттерге білім беру үдерісі ретінде сипатталады.
Студенттердің еңбек етуге құлшыныстарының артуына ықпал ететін аксиологиялық фактор маңызды орын алады, себебі студенттердің құндылықтар жүйесінде еңбек құндылықтарының маңыздылығы қаншалықты екендігімен тікелей байланысты.
Осыған байланысты, қазіргі қоғамдағы құндылықтарды қабылдаудаға өзгерістерді ескеру керек. Сонымен қатар, әлеуметтік-еңбек саласына кәсіптік даярлығымен енуі, өзін еңбек ортасында анықтауы, кәсіптік шеберлігін жетілдіруге құлшынысының артуы барысында студенттердің құндылық бағдарлары айқындалып және өздерін құндылық тұрғысынан анықтауы қалыптасады (Сурет - 1). Еңбек құндылықтары еңбек құлшынысының артуының өзегі, дегенмен қазіргі кезеңдегі студенттер алдында маңызды құндылықтар: материалдық құндылықтар, жалақы құндылығы еңбек мазмұны, еңбек арқылы өзін анықтауы, еңбек ету арқылы өзінің білімі мен қабілеттіліктерін жүзеге асыру мүмкіндіктері құндылықтарын артқа тастағанын байқаймыз.
Сурет - 1. Тұлғаның бойында еңбек құндылықтарының қалыптасуы
Дуальді оқыту - теория мен практиканың өзара байланыс қағида. Дуаль ұғымы екі бірлік, екі жақтылық, ұйымдасқан бір бүтін дегенді білдіреді. Кәсіптік оқытудың бұл формасы еңбек нарығының талаптарына сәйкес жоғары білікті мамандарды даярлау бойынша мемлекет, жұмыс беруші, кәсіподақ және түрлі қоғамдық бірлестіктердің өзара тығыз байланысты механизмі болатын әлеуметтік серіктестік өнімі ретінде пайда болды.
Білім жүйесін жаңғырту аясында дуальді кәсіби білім беруді дамыту, жұмысшы кадрларының зәрулігін еңсеру үшін қолданбалы мамандықтардың заманауи орталықтарын құру мндеттері қойылды. Дуальді жүйенің негізі оқу орны мен өндірісте қатар оқыту болып табылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру идеясын қалай түсінесіз?
2. Дуальді оқытудың бүгінгі күнгі кәсіптік білім беру саласындағы қажеттілігін қалай түсінесіз?
3. Еңбек құндылықтары ұғымына өз пікіріңізді білдіріңіз.
4. Дуаль ұғымына түсінік беріңіз.
Тақырыпты меңгеруге арналған тест сұрақтары
1. Дуальді оқытуды алғаш рет кәсіптік білім беру үдерісіне ендірген ел:
A. Германия
B. Италия
C. Испания
D. Австрия
E. Франция
2. Дуаль ұғымының мәні:
A. екі бірлік, екі жақтылық
B. бір бірлік, үш жақтылық
C. бес бірлік, екі жақтылық
D. төрт бірлік, екі жақтылық
E. екі бірлік, үш жақтылық
3. Дуальді оқыту негізделеді:
A. Әлеуметтік серіктестік
B. Жауапкершілік серіктестік
C. Жеке серіктестік
D. Қоғамдық серіктестік
E. Саяси серіктестік
4. Дуальді оқытуда басты нысан:
A. Студент
B. Жұмысшы
C. Кәсіпкер
D. Жұмыс беруші
E. Шебер
5. Кәсіптік оқытудың жаңа формасы:
A. Дуальді оқыту
B. Дәстүрлі оқыту
C. Қайталап оқыту
D. Біржақты оқыту
E. Кезеңдеп оқыту
2. Дуальды оқытудың даму тарихы
Дуальды оқытудың Қазақстан Республикасы мен шет елдер дамуы. Отандық дуальды оқыту жүйесінің даму кезеңдері
Кәсіптік білімнің дуальді формасының даму тарихы өзінің тамырын тереңге жайған. Кәсіптік білімнің дуальді формасының пайда болуының талдауы оған байланысты күрделі құрылым мен көпқырлы мәселелер жиынтығын көруге мүмкіндік берді.
Азия мен Еуропада құқықтық ретке келтірілген кәсіптік білім мыңжылдықтан астам уақыт болған. Және де бұл кәсіптік білімді шеберге оқуға келіп, оның шәкірттері болған жасөспірімдер алған. Шебер өзі игерген бір қолөнер түрін меңгерулері үшін оларға қажетті білім мен дағдыны баулуға міндетті. Алайда, барлық қолөнер түрлерінде болған және бір қолөнер түрінің екінші қолөнер алдындағы артықшылықтарды қамтамасыз ететін сырлар көбінесе құпия түрінде сақталған, оларды ашу оқушыларға да рұқсат етілмеді. Кәсіптік білімді құрудың мұндай реті біздің жыл санауымыздың басына қарай Ежелгі Грецияда болған және де бұл жалпы мойындалған шындық болып табылады.
Кәсіптік білімнің дуальді формасының оқу үдерісінің дидактикалық-әдістемелік аспектілері еліктеу қағида бойынша ұйымдастырылған: шебер техникалық әдісті көрсеткен, ал оқушы еліктей отырып оны қайталауға тырысқан. Оқу орны кәсіпорын болған. Оқу үдерісі жұмыс цикліне интегралданған болатын.
Кәсіптік оқытудың бұл формасы ғасырлар бойы тіпті мыңжылдықтар бойы көзге түсетін мәселелерсіз болған. Мұндай оқытуды алмастыру бірінші мыңжылдыққа жатады. Кәсіптік білімдегі түбегейлі өзгерістер себебі кафедралы ғибадатханаларды тұрғызу барысында архитектуралық стильдердің өзгеруі болды, романтиканың қарапайым құрылыстық стильі анағұрлым күрделі готикаға ауысты. Сол кезде шеберлер алдында күрделі мәселелер тұрды, себебі жаңа архитектуралық стиль негізінде жаңа құрылыстық технология мен құрылыстық теорияны (статиканы) талап етті. Осыған орай, оқу мәселесі де көкейкесті болды, және де мыналар арқылы шешілді:
- Құрылыс кәсіптерін көлденең және тігінен дифференциациялау (кәсіптік дифференциациялау);
- Әртүрлі кәсіптік деңгей мен дидактиканы қалыптастыру үдерістерінің коммуникативтілігі (жазба құралдарының пайда болуы - құрылыс және архитектура бойынша кітаптар; техникалық құралдардың пайда болуы - құрылыс модельдері мен шаблондар);
- Бірінші өндірістік үйренушілік шеберханаларды құру кафедралы шіркеу құрылысы үлкен құрылыс алаңында өткен, олардың қасынан оқушылар оқитын арнайы шеберханалар құрылған).
Осылайша, екінші мыңжылдықтың басында кәсіптік оқытудың екінші орны белгіленген - оқушылар теориялық оқу өтетін үйренушілер шеберханасы. Еуропада Ренессанс дәуірінің келуі (шамамен 1400ж.) көркемөнердің мүлде басқа архитектуралық стилін, оның жаңа бағыттарын бекітуді белгіледі. Қолөнершілер, мысалы, алтын ұстасы қиын жағдайда қалды, себебі, жаңа стиль қысқа мерзімде жаңа техника мен дайындау технологиясын меңгеруді талап етті.
Бұл жағдайдан шығу жолы мынадай болды:
- Басқа шеберден біліктілігін жоғарлату (көркемөнердің жаңа стилі қалыптасқан көбінесе Италияға сапарлар болды);
- Оқытудың графикалық құралдарын дамыту, кітап бастыру ашылғаннан кейін білімнің таралуына септігін тигізген;
- Алғашқы кәсіптік мектептерді ұйымдастыру (көркемөнер мектебі), мұнда қолөнершілер мен суретшілер бірге оқытылды. Осылайша, кәсіптік білімде жаңа оқу орны - кәсіптік мектеп пайда болды, бұл атты кәсіптік мектеп бес жүз жылдан соң алды.
Бұл екі кәсіптік білімнің батыс еуропалық тарихынан келтірілген мысалдар келесі қорытындыны шығаруға мүмкіндік береді: әрдайым қоғамдық өмірде жаңа нормалар мен құндылықтық ойлар пайда болғанда кәсіптік білімнің алдында оқытудың дәстүрлі формасы арқылы шешіле алмайтын күрделі мәселелер тұрады, сондықтан белсенді түрде басқа жолдар іздестіріледі, олар мынаған әкеледі:
- Оқу үдерісінің жақсаруы мен кәсіптік білімнің жаңа әдіс-тәсілдерін құруға (дидактизация);
- Оқу орындарының дифференциациясына (оқу тек қана кәсіпорында ғана емес немесе жұмыс процесінде емес, басқа да орындарда, мысалы, үйренушілер шеберханаларында);
- Кәсіптік біліммектебінің, оқу үдерісін теориялық тұрғыда зерделеуді енгізу.
Батыс еуропалық кәсіптік білімнің тарихы оның алғашқы формаларын кәсіптік-имманенттік (бір нәрсеге іштей, жаратылысына тән, тиісті) тәсілдерменшешу жолдары жеткілікті болмайды.
Еуропада және де оның әртүрлі бөліктерінде (аймақтарында) саяси құрылымдар - мемлекеттер пайда болуымен олардың арасында экономикалық бәсекелестік үдерісі басталады. Ұсақ пайдакүнемшілдік дәуірінде (ХVII-XVIII ғ.ғ.) кәсіптік білім мемлекеттің маңызды құралы болды, себебі, оның экономикалық ықпалын алу үшін және өзінің тәуелсіздігін құруды көздеді. Мемлекет пеншіркеу діншіл адамдардың эмоционалды сезімдерін, кәсіптік білім көмегімен діни қарым-қатынастарды тұрақтандыру мен ынталандыру үшін діни этикалық нормаларды (XVIII ғ. қайырымдылық) пайдалануға тырысады.
Кәсіптік білім ғаламдық демократиялық процестер 1789 жылғы Француз революциясы кезенінде жаңа маңызға ие болады. Мемлекеттің жалпы мектептік білім тұжырымдамасын дайындау, оны шіркеулік қамқорлықтан босату, мазмұнды жаңарту. Кәсіптік білім мәселелері күн тәртібіне де қойылды. Сол кездегі демократиялық процестердің нәтижесі Франциядағы кәсіптік білімге ғана емес, басқа да батыс еуропалық елдерге Германияны қоса алғанда әсер еткен.
Бақылау сұрақтары:
1. Азия мен Еуропада құқықтық ретке келтірілген кәсіптік білім қандай даму сатысынан өткен?
2. Дуальді оқытудың Германияда қалыптасуы ерекшеліктері қандай болды?
3. Европада дуальді оқытудың саяси қарым-қатынастарымен байланысына өз пікіріңізді білдіріңіз.
4. Дидактизация ұғымына түсінік беріңіз.

1. Ежелгі Грецияда кәсіптік білімді жүзеге асырды:
A. Шебер
B. Патша
C. Шенеунік
D. Саудагер
E. Саясаткер
2. Ежелгі Грецияда кәсіптік білімнің дуальді формасының оқу үдерісінің дидактикалық-әдістемелік аспектісі:
A. Еліктеу
B. Жаттау
C. Қабылдау
D. Оқыту
E. Қиялдау
3. Орта ғасырлық Европада оқушылар оқитын арнайы шеберханалар ненің қасында құрылған?
A. Шіркеулердің
B. Храмдардың
C. Ғимараттардың
D. Алаңдарда
E. Оқу орындарының
3. Кәсіптік білім ғаламдық демократиялық процестер қай кезеңнен бастау алады?
A. 1789 жылғы Француз революциясы кезенінде
B. 1668 жылға ағылшын революциясы кезеңінде
C. 1917 жылғы қазан төңікерісі кезеңінде
D. 1939 жылғы екінші дүниежүзілік соғысы қарсаңында
E. 1945 жылғы екінші дүниежүзілік соғысы соңында
4. Алғашқы кәсіптік мектептер қалай аталды?
A. Көркемөнер мектебі
B. Құрылысшылар мектебі
C. Тігіншілер мектебі
D. Ұсталар мектебі
E. Шеберлер мектебі
5. Ортағасырлық Европалық кәсіптік мектептердің сипаты қандай болды?
A. Діни
B. Ағартушылық
C. Саяси
D. Мәдени
E. Экономикалық
3. Дуальды оқыту педагогінің іс-әрекетіне жалпы сипаттама
Дуальды оқыту педагогінің әдістемелік қызметі. Педагогтың әдістемелік қызметінің мәні. Әдістемелік қызмет түрлері мен функциялары.
Маманды кәсіби даярлау үдерісінің нәтижелілігі көп жағдайда мамандық бойынша негізгі кәсіптік білім бағдарламаларын жүзеге асыру моделін дұрыс таңдауға байланысты.
"Модель" (лат. "modulus") ұғымы "түпнұсқа жүйенің аса маңызды қасиеттерін өндіретін нысандар мен таңбалар жүйесі" ретінде түсіндіріледі.
bbnБолашақ кәсіптік оқыту педагогын дярлауғы дуальді оқыту жүйесінің концептуалды моделі сурет 2 көрсетілді.
В.В.Краевский моделді "зерттеу пәнінің белгілі бір жақтарын, байланыстарын, функцияларын өндіретін элементтер жүйесі" ретінде анықтайды. Кез келген үдерісті моделдеуді автор оның қозғалыс құрылымы ретінде қарастыруды ұсынады. Жүйенің құрылымы деп, автор оны әлдебір өмір сүру сәтінде суреттейтін жақтарының бүкіл жиынтығын түсінеді, ал құрылымның динамикалық табиғатын ол бір жағдайдан келесісіне өту деп ұғынады. Зертеушілер білім моделдерін
Тұлғалық-нәтижелі деңгей
Білім беру нәтижесі
(тұлғалық-кәсіби құзыреттілік)
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Оқытушылар мен студенттердің тұлғалық-кәсіби құзыреттіліктерін үздіксіз дамыту
ӨНДІРІСТІК САЛА
Маманның тұлғалық-кәсіби құзыреттілігін үздіксіз дамыту
Аксиологиялық негіз-
гуманистік және техникалық теңдігі
Онтологиялық негіз -
базалық тұлғалық- кәсіби құзыреттіліктер жүйесі
Технологиялық негіз - қоғамдық-кәсіптік қарым-қатынастың даму үдерісін ұйымдастыру
Бірыңғай методологиялық негіздер
Әдіснамалық деңгей
Сурет 2. Болашақ кәсіптік оқыту педагогын дярлауғы дуальді оқыту жүйесінің концептуалды моделі
(Ш.А.Амоношвили, А.Г.Асмолов, Э.Н.Гусинский, М.В.Кларин, Г.Б.Корнетов, И.А.Колесникова, Е.А.Ямбург және т.б.) екі аспектіде қарастырады: нақты оқу мекемесінің базалық моделдері мен ұйымдастырушылық-білім моделдері. Мұнда базалық моделдер білім мекемесіндегі нақты ұйымдастырушылық-білім беру моделін құрудың негізіне айналады. Білім моделдері білім парадигмасының түрлі аясында туындайды. И.А.Колесникованың пікірінше, білім моделдері эзотерикалық, ғылыми-технократтық және гуманитарлық парадигмалар арқылы ұсынылуы мүмкін. Ш.А.Амоношвили авторитарлық-интегративтік және ізгілікті білім парадигмаларын ұсынады. Е.А.Ямбург когнитивтік және тұлғалық (аффективтік-эмоциялық-ерік) педагогика моделін қарастырады. Г.Б.Корнетов білім беру үдерісінің базалық үш моделін анықтайды, бұл моделдер авторитарлық педагогика, манипуляциялық педагогика және қолдау көрсету педагогикасы парадигмалары арқылы берілген.
Базалық білім моделдеріне жасалған салыстырмалы талдау көрсеткендей, зерттеушілер оларды екі топқа бөліп қарастырады: білім берудің дәстүрлі (қалыптастырушы) және гуманистік (тұлғалық-бағдарланған) моделдері, олардың әрқайсысына оқыту мен тәрбиелеу үдерісінің мақсатын, мазмұнын ашып көрсетен бағдарлар тән болып келеді (Н.А. Алексеев, С., В.Д.Пурин, В.В. Сериков, Д.Пошаев және т.б.)
Бірыңғай методологиялық негіздер
Бақылау сұрақтары:1. Дуальды оқыту педагогінің әдістемелік қызметіне талдау жасаңыз
2. Педагогтың әдістемелік қызметінің мәнін түснідіріңіз.
3. Әдістемелік қызмет түрлері мен функцияларына түсінік беріңі.
4. Болашақ кәсіптік оқыту педагогын дярлауғы дуальді оқыту жүйесінің концептуалды моделін талдаңыз.
Тақырыпты меңгеруге арналған тест сұрақтары:
1. Маманды кәсіби даярлау үдерісінің нәтижелілігі болуы неге байланысты?
A. мамандық бойынша негізгі кәсіптік білім бағдарламаларын жүзеге асыру моделін дұрыс таңдауға байланысты
B. тұлға таңдауы бойынша негізгі кәсіптік білім бағдарламаларын жүзеге асыру моделін дұрыс таңдауға байланысты
C. жоспар бойынша негізгі кәсіптік білім бағдарламаларын жүзеге асыру моделін дұрыс таңдауға байланысты
D. қаржылық есептеу бойынша негізгі кәсіптік білім бағдарламаларын жүзеге асыру моделін дұрыс таңдауға байланысты
E. дәстүр бойынша негізгі кәсіптік білім бағдарламаларын жүзеге асыру моделін дұрыс таңдауға байланысты.
2. "Модель" (лат. "modulus") ұғымының мәні:
A. "түпнұсқа жүйенің аса маңызды қасиеттерін өндіретін нысандар мен таңбалар жүйесі"
B. "көшірме жүйенің аса маңызды қасиеттерін өндіретін нысандар мен таңбалар жүйесі"
C. "автоматты жүйенің аса маңызды қасиеттерін өндіретін нысандар мен таңбалар жүйесі"
D. "ақпаратты жүйенің аса маңызды қасиеттерін өндіретін нысандар мен таңбалар жүйесі"
E. "көпнұсқалы жүйенің аса маңызды қасиеттерін өндіретін нысандар мен таңбалар жүйесі"
3. Моделді "зерттеу пәнінің белгілі бір жақтарын, байланыстарын, функцияларын өндіретін элементтер жүйесі" ретінде анықтаған ғалым кім?
A. В.В.Краевский
B. Э.Н.Гусинский
C. Н.А. Алексеев
D. В.В. Сериков
E. И.А.Колесникова
4. Білім модельдерін нақты оқу мекемесінің базалық моделдері мен ұйымдастырушылық-білім моделдері деп қарастырған ғалымдар кімдер?
A. Ш.А.Амоношвили, А.Г.Асмолов, Э.Н.Гусинский.
B. Н.А. Алексеев, С., В.Д.Пурин, В.В. Сериков
C. В.Д.Пурин, В.В. Сериков, Д.Пошаев
D. Э.Н.Гусинский, В.В. Сериков, Д.Пошаев.
E. Э.Н.Гусинский, В.Д.Пурин, В.В. Сериков.
5. Білім моделдері эзотерикалық, ғылыми-технократтық және гуманитарлық парадигмалар арқылы ұсынылуы мүмкін деп тұжырымдаған ғалым кім?
A. И.А.Колесникова
B. Э.Н.Гусинский
C. Ш.А.Амоношвили
D. В.В. Сериков
E. В.Д.Пурин
4. Әдістемелік іскерліктерді қалыптастыру. Әдістемелік қызметті жүзеге асыру деңгейлері мен формалары
"Педагог тұлғасы" ұғымыпедагогикалық іс-әрекеттіңтабысты жүргізілуіне қажетті кәсіби қасиеттер мен сапа кешені туралы түсінікті білдіреді. Педагогтың табысты іс-әрекеті жеке психологиялық алғышарттармен байланысты, оған ең алдымен тұлғаның жалпы, педагогикалық және арнайы қабілеттері кіреді.
Жалпы қабілеттертұлғаның психофизиологиялық дамуымен анықталады: темпераменті, мінез-құлқы, интеллекті арқылы. Мұның өзі іс-әрекет амалдары мен тәсілдерін меңгерудің жылдамдығынан, тереңдігінен және беріктігінен көрініс алады.
Педагогикалық қабілеттер кәсіптік оқыту оқытушысыпедагогикалық іс-әрекетінкөрсетіп, өз пәнінің құралдары арқылы оқушыларды дамыту мен тәрбиелеу іс-әрекетінің моделін құруға мүмкіндік береді. Мұндай қабілеттердің құрамы алуан түрлі әрі кең болып келеді. Оларды зерттеушілер мынадай түрлерге топтастырады: дидактикалық, перцеп-тивтік, ғылыми-зертттеу, коммуникативтік, ұйымдастырушылық және т.б.
Арнайы қабілеттер кәсіптік білім беру оқытушысына қандай да бір іс-әрекеттің ерекше түрін орындауға мүмкіндік береді. Мәселен, көркемдік, аспаздық, электротехникалық, жобалау және т.б. Ал енді арнайы шығармашылық қабілеттерге келетін болсақ (қиялдау, идеялар тудыру, қайшылықтар мен түйіткілді мәселелерді көре білу және т.б. қабілеттер). К.Роджерстің пікірі бойынша, бұл қабілеттер әлдебір жаңа нәрсені жасайтын, ең алдымен, өзін-өзі жетілдіруге деген шығармашылық деңгейімен ғана емес, сонымен қатар педагогтың өз ішкі маңыздылығы мен даралығын көрсететін қабілет ретінде анықталады.
Шығармашылық іс-әрекет табысты іске асыру үшін, адам өзін шығармашыл тұлға ретінде көрсететін арнайы қасиеттерге ие болуы тиіс. "Шығармашыл тұлға" ұғымын әзірлеуге В.И.Андреев, Б.Г.Ананьев, Г.С.Альтшуллер, И.М.Верткий, А.Н.Лук, К.К.Платонов, Я. А.Пономарёв, Э.П.Торренс, П.К.Энгельмейер және т.б. авторлар өз үлестерін қосты.
Я.А.Пономарёвтің пікірі бойынша, шығармашыл тұлғаға айқын қиял, өзіндік ерекшелікке ие субъективтілік, білімдарлық, бастамашылдық, өзін-өзі жоғары дәрежеде реттеу, жұмыс қабілеті тән болып келеді. Шығармашыл тұлға іс-әрекетте мақсатқа жетуден ғана емес, сонымен қатар шығармашыл жұмыстың өзіне ләззат алады. Г.С.Альтшуллер мен И.М.Верткин танымал шығармашыл тұлғалардың өмірбаянына талдау жасай келе (олардың ішінде белгілі суретшілер, ақындар, инженерлер, композиторлар, ғалымдар және т.б.), іс-әрекет саласына қарамай шығармашыл тұлға келесі негізгі қасиеттерге ие болуы тиіс деп анықтады: шығармашылық мақсат қоя білу және өз іс-әрекетін мақсатқа жетуге үйлестіру; өз іс-әрекетін жоспарлай және өзі бақылай алуы; еңбек қабілетінің жоғары болуы; мақсаттың негізін құрайтын мәселені табу және оны шеше алу
Э.П.Торренс өз зерттеулерінде дамуға деген қажеттілік, тұрақты өсуге деген қажеттілік шығармашыл тұлғалар үшін ортақ қажеттілік болып табылатындығын дәлелдеді.
Мәселен, шығармашыл тұлғаның қасиеттерін талдау көрсеткендей, шығармашыл тұлға үшін шығармашылық қабілеттерінің жоғары даму деңгейі шығармашылыққа тұрақты бағыттылығымен үйлесе түсуі. Мұнда шығармашылық бағытты тұлғаны, шығармашылыққа тұрақты берілген қасиеттерінің жиынтығы деп түсіну керек. Ол қасиеттер: қажеттіліктер, қызығушылықтар, бейімділіктер, идеалдар, көзқарастар осы қасиеттердің көрінісі болып келеді. Түрлі авторлар ұсынған анықтамаларға орай шығармашылық қабілеттер деп, "шығармашылық іс-әрекеттің белгілі бір түрін табысты жүзеге асырудың субъективтік шарттары болып келетін тұлғалық қасиеттер мен жеке-психологиялық ерекшеліктер ұғынылады" (В.И.Андреев, Т.И.Артемьев, А.Г.Ковалев, В.А.Крутецкий, Н.С.Лейтс, А.Н.Лук, В.Н.Мясищев, К.К.Платонов, Я.А.Пономарёв, С.Л.Рубинштейн, В.Д.Шадриков және т.б.).
Сонымен, тиісті психологиялық-педагогикалық әдебиетті зерделеу біздерге өзімізге белгілі педагогикалық қабілеттермен үйлестіре дуальді білім беру саласында маман ретінде сипаттайтын кәсіптік оқыту оқытушысы қабілеттерінің құрамы:
1. Интеллектуалды және интеллектуалды-эвристикалық қабілеттер, талдау, салыстыру, басты, негізгіні көрсетуді, анықтама бере алуды, дәлелдеуді, қиялдауды, білім мен икемділіктерді жаңа өзгеше жағдайға келтіруге арналған қабілеттер.
2. Зерттеушілік қабілеттер, шығармашылық арқылыоқушы тұлғасының даму мәселелерін, сонымен қатар жеке шығармашылық әлеуеті
3. педагогикалық іс-әрекет жүйесін, субъектінің шығармашылық Саласындағы жетістіктерін қолдау, арнайы ақпаратпен және анықтамалық әдебиетпен жұмыс істей алу, педагогикалық білім беру және шығармашылық іс-әрекетінің ғылыми әдістерін меңгеру қабілеті.
4. Жобалаушы қабілеттер, оқу-шығармашылық іс-әрекеті барысында студенттердің шығармашылық даму нәтижелерін және өзіндік жеке педагогикалық іс-әрекеті болжаумен, шығармашылыққа үйретудің бағдарламасын, жеке бағыттарын, құралдарын, субъектілердің табыстарын орнықтыру бойынша кейінгі мақсаттық әрекеттерді әзірлеумен немесе педагогикалық мәселені шешумен, жобалаумен және мониторинг іс-әрекеті жүйесін жүзеге асырумен байланысты болып келеді. Сайып келгенде - бұл қабілеттер өзіндік педагогикалық стратегия мен тактиканы біріктіре түседі.
5. Ұйымдастырушылық қабілеттер, білім беру субъектілерінің нәтижелі оқу-шығармашылық іс-әрекетіне қажетті арнайы шарттар кешенін құрумен байланысты (мақсатқа талпыну, жоспарлау мен уақытты тиімді пайдалануға, мобильді, өзін-өзі ұйымдастыру мен шығармашылық іс-әрекетті түзетуге қабілеттілігі және т.б.).
6. Коммуникативтік қабілеттер, білім субъектілерінің өзара байланысын орналастыруды, өзара әрекеттесу бағдарламасын құру мен жүзеге асыруды - оқу-танымдық іс-әрекет барысындағы біріккен шығармашылықты және біріге шығармашылық іс-әрекет атқару қабілетін, өзара әрекеттесу мен біріккен шығармашылықты бақылауды, қақтығысты болдырмау немесе оларды табысты түрде шешуді қарастырады.
7. Рефлекстік қабілеттер, қатынастар жүйесінде өз іс-әрекетін бағалаумен, табысты, қабілеттерді айқындаумен, олардың себебін және түзету жолдарын анықтаумен байланысты.
Бақылау сұрақтары:
1."Педагог тұлғасы" ұғымы педагогикалық іс-әрекеттің табысты жүргізілуіне қажетті кәсіби қасиеттер мен сапа кешені туралы түсінік беріңіз.
2. Педагогикалық қабілеттер кәсіптік оқыту оқытушысы педагогикалық іс-әрекетінің нәтижелі болуына қалай ықпал етеі?
3. Шығармашылық іс-әрекетті табысты болуы қандай әрекеттерге байланысты?
4. Жалпы қабілеттер тұлғаның психофизиологиялық дамуымен анықталады деген тұжырымды талдаңыз.

1. "шығармашылық іс-әрекеттің белгілі бір түрін табысты жүзеге асырудың субъективтік шарттары болып келетін тұлғалық қасиеттер мен жеке-психологиялық ерекшеліктер ұғынылады" деп тұжырымдаған авторлар кімдер?
A. В.И.Андреев, Т.И.Артемьев, А.Г.Ковалев
B. Э.Н.Гусинский, В.В. Сериков, Д.Пошаев
C. Ш.А.Амоношвили,В.Д.Пурин, В.В. Сериков
D. В.В. Сериков,C. Ш.А.Амоношвили, В.Д.Пурин
E. В.Д.Пурин,B. Э.Н.Гусинский, В.В. Сериков
2. "Педагог тұлғасы" ұғымының мәні:
A. педагогикалық іс-әрекеттің табысты жүргізілуіне қажетті кәсіби қасиеттер мен сапа кешені туралы түсінік
B. даралық іс-әрекеттің табысты жүргізілуіне қажетті кәсіби қасиеттер мен сапа кешені туралы түсінік
C. психологиялық іс-әрекеттің табысты жүргізілуіне қажетті кәсіби қасиеттер мен сапа кешені туралы түсінік
D. физиологиялық іс-әрекеттің табысты жүргізілуіне қажетті кәсіби қасиеттер мен сапа кешені туралы түсінік
E. ұжымдық іс-әрекеттің табысты жүргізілуіне қажетті кәсіби қасиеттер мен сапа кешені туралы түсінік
3. Қайсы педагогтың пікірі бойынша, шығармашыл тұлғаға айқын қиял, өзіндік ерекшелікке ие субъективтілік, білімдарлық, бастамашылдық, өзін-өзі жоғары дәрежеде реттеу, жұмыс қабілеті тән болып келеді?
A. Я.А.Пономарёв
B. Э.Н.Гусинский
C. В.В. Сериков
D. Т.И.Артемьев
E. А.Г.Ковалев
4. Г.С.Альтшуллер мен И.М.Верткин шығармашыл тұлға қандай негізгі қасиеттерге ие болуы тиіс деп анықтады?
A. барлық жауаптар дұрыс
B. өз іс-әрекетін жоспарлай және өзі бақылай алуы
C. еңбек қабілетінің жоғары болуы
D. мақсаттың негізін құрайтын мәселені табу және оны шеше алу
E. шығармашылық мақсат қоя білу және өз іс-әрекетін мақсатқа жетуге үйлестіру
5. Дуальді білім беру саласында маман ретінде сипаттайтын кәсіптік оқыту оқытушысы қабілеттерінің құрамы қанша?
A. 6
B. 5
C. 4
D. 3
E. 2
5. Дуальды оқыту үдерісі, мазмұны, міндеттері
Заманауи педагог моделі - оқу-тәрбие үдерісінің негізі. Дуальды оқыту үдерісі және оның маман даярлаудағы ерекшеліктері. Дуальды оқыту мазмұнын анықтау және жоспарлау. Дуальды оқыту педагогтарын даярлауда негізгі міндеттерді жүзеге асыру және қалыптастыру. Дуальды оқытудың жаңа мазмұны. Дуальды оқыту педагогінің өндірістер мен мекемелердегі іс-әрекетінің мазмұны.
Кәсіптік білім берудің дуальді формасы - абстрактылы тұжырымдама емес, ал қалыптасқан тарихи жағдайларды, нақты тарихи маңызы бар педагогикалық шынайылықты есепке ала отырып, жаратылған ғылыми-педагогикалық теория. Германия Федеративті Республикасындағы кәсіптік білім беру туралы қабылданған Заңында педагогикалық үдерістің маңызды қағидасы қойылып, шешілуде - әр түрлі оқу қызметтерінің өзара әрекетін ұйымдастыруға кешенді ұстанымды жүзеге асыру.
Оқыту үдерісінің тұтастығы білім алушылардың оқу және еңбек қызметтерінің органикалық байланыстарында көрінеді, оларды жүзеге асыру дүниетанымды, тәртіптің қоғамдық-құндылықты түрткілерді, оқуға, еңбекке, өзіне және басқа адамдарға деген адамгершілік қарым-қатынасты қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Оқытудың дуальді формасының дамуы әлемнің басқа елдерімен салыстырғанда Германия Федеративті Республикасы педагогикасының айқын сипаты болды, ол педагогикалық теория мен практиканың өзара байланыс пен өзара тәуелділігінің орынды үйлесімінен тұрады.
Кәсіптік білім берудің дуальді формасын енгізу мен дайындау бойынша көптеген мамандар (Йенсен Р., Кляйн Х., Цедлер Р. Және т.б.) педагогикалық теория оқытудың практикалық қажеттіліктерінен пайда болаыд деп санайды. Практикалық тәжірибені кең пайдалану негізінде туындаған Германия Федеративті Республика педагогикасы педагогикалық үдерісті басқаруға, оқытудың мазмұнын жетілдіруге, қоғам өмірінің талаптарына сәйкес оны өзгертуге мүмкіндік беретін белгілі білім көлемін жинады. Педагогика қоғамның әлеуметтік құбылыстарымен тығыз байланысты және тікелей оған қызмет етеді.
Дуальді форманың идеясы практиканың мінсіз жағын ұсынады. Тәжірибені терең ұғыну негізінде ғана дәл теорияны құруға болады. Сондықтан да кәсіптік білім берудің дуальді формасының тәжірибесінде даму талдауы өте маңызды. Бастауыш кәсіптік білім беруде педагог күші жақсы тәжірибені белсенді іздеуге, оны сипаттау мен таратуға бағытталады. Оларға инновациялық практиканың жетістігін меңгеру талабы ұсынылады, ол педагогикалық теорияға даму, озық тәжірибе базасында алға жылжу, ғылыми ұсыныстарды тәжірибеге ендіру мүмкіндігін береді.
Теория мен практиканың өзара әсерінің жоғары деңгейі педагог бір немесе басқа педагогикалық идеяны, гипотезаны қабылдап, саналы түрде шығармашылық тұрғыдан оны жүзеге асырып, тиімді оқыту үшін сапалы жаңа жағдайды жасайды, ал білім алушы өзінің оқу қызметінде саналы және шығармашылық тұрғыда ғылыми идеяларлы пайдалана отырып, оларды абстактылы жалпы теориядан шынайылыққа айналдырады. Осы орайда дуальді оқытуды басқару жүйесін 3-сурттекөрсетіп отырмыз.
Сурет 3. Дуальді оқытуды басқару жүйесі
Бақылау сұрақтары:
1. Заманауи педагог моделі - оқу-тәрбие үдерісінің негізімәнін талдаңыз.
2. Дуальды оқыту үдерісі және оның маман даярлаудағы ерекшеліктеріқандай?
3. Дуальды оқыту мазмұнын анықтау және жоспарлау ерекшеліктері қандай?
4. Дуальды оқыту педагогтарын даярлауда негізгі міндеттерді жүзеге асыру және қалыптастыру туралы пікіріңізді білдіріңіз.

1. Абстрактылы тұжырымдама емес, ал қалыптасқан тарихи жағдайларды, нақты тарихи маңызы бар педагогикалық шынайылықты есепке ала отырып, жаратылған ғылыми-педагогикалық теорияның мәні:
A. Кәсіптік білім берудің дуальді формасы
B. Кәсіптік білім берудің дәстүрлі формасы
C. Кәсіптік білім берудің өндірістік формасы
D. Кәсіптік білім берудің инновациялық формасы
E. Кәсіптік білім берудің ақпараттық формасы
2. Педагогикалық теория мен практиканың өзара байланыс пен өзара тәуелділігінің орынды үйлесімінен тұратын кәсіптік білім беру қай елге тән:
A. Германия
B. Франция
C. Бельгия
D. Дания
E. Испания
3. Дуальді оқытуды басқару жүйесін қамтамасыз ететін құжат:
A. Келісімшарт
B. Ресми хат
C. Сұраныс хат
D. Өтініш
E. Өкім
4. Дуальді оқытуды басқару жүйесіндегі негізгі нысан:
A. Студент
B. Оқушы
C. Оқытушы
D. Шебер
E. Тәлімгер
5. Дуальді оқытуды басқару жүйесіндегі кәсіпорын тарапынан негізгі жауапты тұлға:
A. Жұмыс беруші
B. Жұмысшы
C. Тәлімгер
D. Шебер
E. Еңбек ұжымы
6. Өндірістік оқыту мазмұнын оқып-үйрену
Өндірістік оқытуды жоғары әдістемелік дәрежеде өткізу үшін шебер сабаққа алдын-ала мұқият дайындалады. Жұмыстың озық әдістерін ұйымдастыруды қамтиды.
Өндірістік оқыту сабақтарының негізгі мақсаты - оқушылардың теориялық сабақтардан алған білімдерін тәжірибеде бекіту, оларға компьютерлік бағдарламалармен таныстырып, сол бағдарламалармен жұмыс істеу әдістерін үйрету. Әрбір сабақты тиімді ұйымдастыра отырып, оқушылардың мамандыққа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын тәрбиелеуді көздейді.
Шебер өз пәнін жан-жақты меңгерген жағдайда ғана өз жұмысын дұрыс атқара алады. Оқушы үлгерімінің жақсы болуы оқытушының сабаққа дайындығына байланысты. Шебер мен оқушының түсіністікпен жұмыс жасауы, білім беруі және қабылдауы дидактикалық үдеріс болады. Сондықтан оқытудың дидактикалық қағидаттары, яғни тәрбие, теория мен тәжірибенің байланысы, көрнекілік, оның ғылымилығы, жүйелілігі және саналылығы есепке алынғанда ғана, оқыту үдерісі тиімді болады.
Оқыту кезінде шебер оқушыларды еңбекке баулып, берілген техниканы күтіп ұстауға, еңбек мәдениетіне үйретеді.
Оқыту үрдісінде ғылымилық қағидаттармен бірге жүруі керек, яғни оқытудың мазмұны, түрі және әдісі оқушылардың берген білімді игеру мүмкіндігі мен дайындық дәрежесіне сәйкес болуы керек.
Оқушылардың алған теориялық білімдерін өндірістік оқыту кезінде қолдана алады. Олар әртүрлі бағдарламалармен жұмыс істеу, игеру, сонымен бірге техника қауіпсіздігі негіздерін біліп үйренеді.
Өндірістік оқыту сабағының құрылымы
Сабаққа дайындық кезінде шебер сабақтың әрбір кезеңін жоспарлап, дайындайды. Ол үшін әдістемелік әдебиеттерді оқып, оқулықтардың қажетті бөлімдерін, жаңа техника жетістіктерін қадағалап, оқушыларға берілетін білім әдістемелік және техникалық жағынан жоғары дәрежеде болуы керек.
Шебер сабақтың материалдық-техникалық жабдықтарын алдын-ала дайындауға, оқушылар жұмыс жасаған кезде техника қауіпсіздігін сақтауға, қажетті тапсырмалардың дайын болуын қадағалайды.
Ең алдымен, төмендегідей құжаттарды дайындау керек.
1)Оқу бағдарламасы.
2)Күнтізбелік-тақырыптық жоспар.
3)Сабақ жоспары.
4)Міндетті өндірістік жұмыстар тізбесі.
5)Техника қауіпсіздігі жөніндегі есеп журналы.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспарды оқытушы оқу жоспарына және бағдарламаға сәйкес жасақтайды. Жұмыс орындарында бөлімшелердің ауысу кестесін, жұмыс орнының санын және сабақ кестесін есепке ала отырып жасалады.
Сабақ жоспарын оқытушы күнтізбелік-тақырыптық жоспар бойынша және жұмыс орнының санына байланысты біріктіре отырып, бөліктерге бөліп жасайды. Оның құрылымы төмендегідей болады:
1)Ұйымдастыру бөлімі.
2)Кіріспе нұсқау.
3)Кезекті нұсқау, оқушылардың өзіндік жұмыстары.
4)Қорытынды нұсқау.
5)Үй тапсырмасы.
Жоспарда техника қауіпсіздігі жөнінде нұсқау және кіріспе, кезекті нұсқау бойынша берілетін бақылау сұрақтары қарастырылады.
Оқытушы жасалатын жұмыстарға жіберілетін уақыты есепке алып, яғни жұмыс күрделілігіне қарай технологиялық нұсқау парағына өзгертулер енгізіп отырады.
Міндетті өндірістік жұмыстар тізбесінде тақырыптар атаулары, орындалатын жұмыстар мазмұны, сағаты, орындау мерзімі, сапасы көрсетіледі, оқушылардың біліктілігі есепке алынады.
Өндірістік оқытудың оқу бағдарламасының бөлімдері және тақырыптары көлемі бірдей бөліктерге - белгілі бір уақыттың ішінде өтуге есептелген сабақтарға бөлінеді. Өндірістік оқыту сабақтары кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерден тұрады және кіріспе нұсқауды, оқушылардың өзіндік жұмыстары кезіндегі ағымдағы нұсқауды (тапсырманы), қорытынды нұсқауды біріктіреді.
Өндірістік нұсқаулар оқушылардың іс-қимылына бағыт беруді ұйымдастыру үшін негізгі педагогикалық іс-қимыл болып табылады.
Кіріспе бөлімді ұйымдастыру
Кіріспе нұсқау өндірістік оқыту бағдарламасы тақырыптарын немесе бөлімдерін үйрену алдында өткізіледі. Оның мақсаты - оқу-өндірістік жұмыстарды тиімді әдістермен саналы орындауға әзірлеу, қателікті ескерту, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауды қамтамасыз етеді.
Шебер нұсқауды өткен кезде оқушылардың арнаулы технология және басқа пәндерден алған білімдерін пайдаланады. Мұнда теориялық оқу сабақтары қайталанбау керек, бірақ практикалық маңызы бар кейбір сұрақтарды бірнеше оқушылардан сұрап, негізгі теориялық ережелерді, анықтамаларды еске түсірген дұрыс.
Шебердің кіріспе нұсқауының мазмұны төмендегідей болуы мүмкін:
- Оқушылардың қатысын тексеру, үй тапсырмасының орындалуын тексеру, оқушыларға оқу тапсырмасының мазмұнымен таныстыру, информатика жіне арнаулы пәндер бойынша өткен материалды қайталау;
- Оқушыларды компьютермен жұмыс істеу талаптарымен таныстыру;
- Оқу-өндірістік тапсырмаларды орындаудың тиімді әдістерін көрсету;
- Тапсырманы орындаудың тиімді әдіс-тәсілдерін көрсету және түсіндіру;
- Оқушыларды техника қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру;
-Оқушылардың көпшілігінің тапсырманы орындау кезінде қателіктер жіберетін жұмыстарын қайталап көрсету және түсіндіру;
- Жаңа материалды оқушылардың түсінгенін тексеру мақсатында екі-үш оқушының жұмысын көрсету және тапсырманы орындау әдістернін түсіндіру.
Білімгерлерді бағалау бөлімі
Ағымдағы нұсқау - оқу-өндірістік жұмыстарды орындау кезінде оқушылардың іс-қимылына жетекшілік ету. Оқушылардың ағымдағы нұсқауына дайындық кезінде шебер педагогикалық тәжірибесіне сай, белгілі жұмыстарды орындауда оқушылар тарапынан болатын қателіктерді және қиындықтарды ескереді.
Оқу тобының жұмысына жетекшілік жасаған кезде оқушыларды өндірістік тәртіпке, ұқыптылыққа тәрбиелейді. Жұмыс орнын ұйымдастыру және техника қауіпсіздігін сақтауға мұқият көңіл бөлінеді.
Оқушыларға көмек беру үшін шебер жұмыс орнына келіп, олардың жұмыстарын қарайды және қажетті нұсқау береді.
Бірінші айналып өту кіріспе нұсқаудан және оқушыларды жұмыс орындарына орналастырып болғаннан кейін бақылау мақсатанда жүргізіледі. Мұнда шебер оқушылардың жұмысқа түгел кіріскендігін, жұмысты ұйымдастыру және орындау кезінде қиындықтар жоқ екендігін тексереді.
Екінші айналыс кезінде шебер жұмыс орындарының дұрыс ұйымдастырылуын, жұмыс әдістерін, көрсетілген әдістердің игерілу деңгейін және техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауды тексереді.
Келесі аралау оқушылар тапсырмаларды орындау кезінде жүргізіледі. Шебер әрбір оқушының орындаған жұмысын мұқият қарайды. Қателік байқалған жағдайда түзетуге кеңес береді және орындаудың дұрыс әдістерін көрсетеді. Оқушы қосымша сұрақтар беру арқылы өзінің қатесін анықтап, оны түзету жолдарын табуы тиіс. Осындай әдістер оқушылардың ынталылығын және өзбеттілігін тәрбиелеуге әсерін тигізеді. Жұмыстың соңынан оқушылар шеберге орындаған жұмыстарын көрсетеді.
Қорытынды нұсқауда шебер сабақ қалай өтті, оқу тобы және жекелеген оқушылар қандай жетістіктерге жетті, оқушылардың жұмыстарында қандай қателіктер байқалды, келешекте кемшіліктер болдырмау үшін қандай шаралар жасау қажет екенін саралайды.
Аяқталған жұмыстарды бағалау қажет және бағаның неге, не үшін қойылғандығы түсіндіріледі. Жұмыстарды бағалаған кезде шебер орындалған жұмыстың сапасын және орындау мерзімін ескереді.
Өндірістік оқытудың бастапқы кезеңінде, оқу шеберханасында, сабақтың соңында қорытынды әңгіме өткізу әрбір оқушыны жақсы білуге көмектеседі. Мұндай әңгімелер шеберді оқушылармен жақындастырады, ал мұның өзі шебердің топпен алға қарай жұмыс жасауының жақсаруына, тәрбиеші ретінде оның беделін көтерілуіне, ал қорытындысында өндірістік оқытуды және тірбиелеуді тиімді өткізуге септігін тигізеді.
Қорытынды нұсқауда шебер комплексті баға қоюды тәжірибеге енгізеді, бұл тиімді қорытынды береді (теориялық сұрақтарды және өткен материалды білгені үшін, алған білімін тәжірибеде қолдана білуі үшін, тапсырманы дұрыс орындау; техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау; жұмыс орнында белгіленген тәртіпті сақтау; тапсырмаларды норма бойынша орындау тәртібін білу). Мұндай жағдайда оқу-өндірістік тапсырмаларды орындауға оқушылардың қызығушылығы оянады.
Сабақ аяқталған соң, оқушыларға келесі оқу жұмыс жөнінде айтылады және үй тапсырмасын береді.
Қорытынды
Өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіптік әдістемелік даярлықтарын, олардың мамандыққа деген көзқарастарын өзгертіп, теория мен әдістемелік білімдерін арттыру, педагогикалық дағдылары мен шеберліктерін жетілдіру - өскелең заманымыздың өзекті мәселелерінің бірі болып келеді.
Кәсіптік білім беру саласында оқушыларды кәсіби мамандыққа үйрету және тәрбиелеуге өндірістік оқыту шеберлері педагог болып саналады. Оқу процесін жетілдіру, оқушылардың қазіргі кезеңдегі технологиялық процестерді меңгеруі соларға байланысты.
Дегенмен кәсіптік оқыту (еңбекке баулудың) жүйелерінің нәтижелі қолданыс табуы оқу үдерісін материалдық-техникалық қамтамасыз етуге байланысты болды.
Бақылау сұрақтары:
1.Өндірістік оқытудың мақсаты мен мазмұнына талдау жасаңыз.
2. Өндірістік оқытуды жоспарлау және ұйымдастыру ерекшеліктері қандай?
3. Өндірістік оқыту сабағының құрылымын сипаттаңыз.

1. Өндірістік оқыту сабақтарының негізгі мақсаты:
A. Барлық жауаптар дұрыс
B. Оқушылардың теориялық сабақтардан алған білімдерін тәжірибеде бекіту
C. Компьютерлік бағдарламалармен таныстырып, сол бағдарламалармен жұмыс істеу әдістерін үйрету.
D. Әрбір сабақты тиімді ұйымдастыра отырып, оқушылардың мамандыққа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу
E. Еңбекке қызығушылығын тәрбиелеуді көздейді
2. Кіріспе нұсқау өндірістік қашан өткізіледі?
A. оқыту бағдарламасы тақырыптарын немесе бөлімдерін үйрену алдында
B. семинар тақырыптарын немесе бөлімдерін үйрену алдында
C. тәрбие бағдарламасы тақырыптарын немесе бөлімдерін үйрену алдында
D. еңбек бағдарламасы тақырыптарын немесе бөлімдерін үйрену алдында
E. ойын бағдарламасы тақырыптарын немесе бөлімдерін үйрену алдында
3. Шебердің кіріспе нұсқауының мазмұнына кіреді:
A. барлық жауаптар дұрыс
B. Оқушылардың қатысын тексеру, үй тапсырмасын тексеру
C. Оқушыларды компьютермен жұмыс істеу талаптарымен таныстыру
D. Тапсырманы орындаудың тиімді әдіс-тәсілдерін көрсету және түсіндіру
E. Оқушыларды техника қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру
4. Өндірістік оқыту сабағын өткізу үшін қандай құжаттарды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz