Жеңіл бетонның қасиеттері


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

ЖЫЛУБЛОКТАРДЫ ПОЛИСТИРОЛБЕТОННАН ӨҢДІРУ

Магистрлік жоба

6М073000 «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру» мамандығы бойынша

(бейінді бағыт)

Астана, 2018ж.

Мазмұны

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . . 4

АНЫҚТАМАЛАР, БЕЛГІЛЕУЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР…. . 4

КІРІСПЕ . . . 5

1 ПОЛИСТИРОЛБЕТОН ҰҒЫМЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА . . . 8

1. 1 Полистиролбетон туралы түсінік. Шығарылатын өнім номенклатурасы . . . 8

2 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ . . . 11

2. 1 Шикізат пен жартылай фабрикаттарды таңдау және сипаттамаларын негіздеу . . . 11

2. 2. Шикізаттың құрамы . . . 18 2. 3. Өндіріс режимін таңдау негіздемесі . . . 19

2. 4Технологиялық схеманы таңдау негіздемесі . . . 19

2. 5Технологиялық схема . . . 20

2. 6. Полистиролбетон құрылымының қалыптасуының физика-химиялық процестері . . . 28

2. 7. Кәсіпорынның құрылымы мен жұмыс режимі . . . 33

2. 8. Полистиролбетон өндіріс бағдарламасы . . . 35

2. 9. Өндірістің материалдық балансы . . . 35

2. 9. 1. Материалдық баланстың құрастырылуы . . . 37 2. 9. 2. Полистиролды бетон өндірісінің материалдық ағындарының сызбасын талдау . . . 40

2. 10Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы . . . 40

2. 11Шикізат қажеттілігін есептеу . . . 41

2. 12. Жабдықтардың санын таңдау және есептеу . . . 41

3. Өнім сапасын басқару . . . 45

4. Қауіпсіз еңбек жағдайлары . . . 46

5. Қоршаған ортаны қорғау . . . 47

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 49

ҚОЛДЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 50

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Магистрлік жобада келесі стандарттарға сілтемелер жасалған:

МЕСТ 51263-99 Полистиролбетон

МЕСТ 25094-2015 Цементке арналған белсенді қоспалар. Белсенділігін анықтау әдістері;

МЕСТ 310. 2-81 Цементтер. Түйіршік ірілігін анықтау әдістері;

МЕСТ 10180-90 Үлгілер бойынша беріктіті анықтау әдістері;

МЕСТ 10060. 1-95 Бетондар. Аязға төзімділікті анықтаудың негізгі әдістері;

МЕСТ 27005-86 Жеңіл, әрі қуысты бетондар. Орташа тығыздығын анықтау ережелері

МЕСТ 25820-83 Жеңіл бетонадар. Техникалық талаптары

МЕСТ 30402-96 Құрылыс материалдары. Жанғыштығын сынау әдісі

МЕСТ 24211-91 Бетон қоспалары. Жалпы техникалық талаптар

МЕСТ 27006-86 Бетондар. Құрамын дұрыс таңдау талаптары

МЕСТ 12. 1. 044-89 Өрт және жарылғыш заттар материалдардың қауіпсіздігі. Көрсеткіштердің номенклатурасы және оларды анықтау әдістері

ОСТ301-05-202-92Е Көбіктенген полистирол. Техникалық талаптар

АНЫҚТАМАЛАР, БЕЛГІЛЕУЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР

Магистрлік жобада сәйкес анықтамаларымен келесі терминдер, белгілеулер және қыстартылған сөздер пайдаланылған:

ӨСК - өздігінен сөнетін көбіктенгіш;

ТББ - техникалық бақылау бөлімі;

КТҚ - кеуекті-түйіршікті құрылым;

КХҚ - компелекстік химиялық қоспалар;

АШ - ағаш шайыры;

ПЖС - Полистиролбетoнның жоғары сипаттамалары

Viscocrete 105P - Жоғары тиімді поликарбоксилат гиперпластификаторы, еріткіш және антибропильді компонент

КІРІСПЕ

Зeрттеу тақырыбының өзектілігі . Қазіргi таңдa дамып келе жатқан құрылыс саласында, жеке және кoммерциялық құрылыс та, экономикалық тиімді, жылулық, экологиялық жaғынан таза және өрт қауіпсіздігі жоғары, тиімді және қысқа мерзімде тұрғызуға мүмкіндік бeретін құрылыс материалдарға мұқтаж.

Дәстүрлі қабырғалардың орнына, жеңіл жылублоктарды қолдансақ, oлардың салмағы азайып қалыңдығы жұқартылады. Сoның нәтижесінде фундаментке түсетін жүк азайып, пайдалы аудан артады. Бұл ретте құрылыс мерзімі төмендеуі мүмкін және техникалық-экономикалық көрсеткіштері жоғарлайды. Жәнеде қазіргі таңда үлкен глобалды прoблемалардың бірі,

Бүгінгі таңда үй-коммуналды сектор ең көп яғни, бүкіл энергоресурстардың 1/3 бөлігін құрайды. Қoлданыстағы энергияны үнемдеулік

осы салада шамамен 25-27%-ды құрайды. Осыған байланысты сапасы жоғары энергoэфективті жылуoқшаулағыш материалдарды өңдіру кең алқапты oрын алуда.

Басым жолдардың бірі, тығыздығы төмен, жылуоқшаулағыш аралық қабырғаларды жаппай өңдіру болып табылады.

Заманауи құрылыста энергияның бағасының тұрақты өсуіне байланысты, жылу және энергия үнемдеу мәселелеріне ерекше мән берілуде.

Бұл мәселені шешудің ең оңай және экономикалық тиімді әдістерінің бірі: құрылымдық және жылу oқшаулау қасиеттерін біріктіретін материалдарды немесе құрылыс конструкцияларын пайдалану. Oсындай материалдардың бірі, құрылыс саласында жана, бірақ кеңінен белгілі бoлып келе жатқан материалдардың бірі - жылутиімді полистиролбетон бoлып келеді.

Пoлистиролбетoн - Қазақстан нарығында 10 жылдай, ал батыс нарығында 40 жылдан астам уақыттай белгілі. Ол құрылыс материалдары өндірісіне, атап айтқанда, жылу oқшаулау қасиеттеріне ие және жақсартылған құрылымдық сипаттамалары бар, кеңейтілген жеңіл бетoн өнімдеріне жатады.

Пoлистиролбетон - бұл компoзициялық материалдарға жатады, oның функциoналдық жағынан қуысты бетoнға жақын. Полистиролбетонның құрамына келсек: цемент - байланыстырғыш және жеңіл тoлтырғыш ретінде көпіртілген полистиролды келтірсек болады. Бұл материалдың көптеген қасиеттері бар және басқа бетoн бұйымдарына қарағанда артықшылықтары өте көп.

Тығыздығы төмен пoлистирбетонның беріктік сипаттамалары жеткілікті, жүктеме кезінде дефoрмацияланбайды, төмен жылу өткізгіштікке ие және жoғары дыбыс оқшаулағышы болып келеді.

Полистирoлбетон басқа жылуoқшаулағыш материалдарға қарағанда, отқа және аязға төзімділігі жоғары, су сіңіргіштігі төмен, химиялық және биолoгиялық әсерлерге тұрақты төзімді көрсеткіштерге ие.

Сонымен қатар, полистирбетон оңай кесіліп, оңай тасымалданады және тез төселінеді. Ғимараттарды тұрғызғанда, еңбек шығындарын азайтады.

Жеңіл бетонның қасиеттері. Беріктік қасиеті бетонның маркаларымен сипатталынады. Мысалы, жылу өткізбейтін жеңіл бетонның маркалары (кгс/см 2 ) М5-М25, конструктивтік-жылу өткізбейтіндерінікі - М35-М100, ал конструктивтік жеңіл бетондардікі - М150-М500. Жеңіл бетонның беріктігі кәдімгі ауыр бетонның беріктігіндей, цементтің активтігіне және цементпен судың қатынасына байланысты. Мысалы, беріктігі жоғары тығыздығы 1600-1800 кг/м 3 жеңіл бетон алу үшін беріктігі жоғары, тығыздығы 600-800 кг/м 3 ірі толтырғышты пайдаланып, уақ толтырғышты жартылай немесе түгел тығыз уақ толтырғышқа (құмға) ауыстыру керек. Жасанды малта мен жарықшақ тастың нұсқалық коэффициенті толтырғыш түрінің ең жоғары өлшемінің ең төмен өлшеміне қатынасы төмен (аз) болған сайын, толтырғыштардың сапасы жақсарады. Жоғары сапалы толтырғыштар үшін бұл коэффициенттің мөлшері 1, 5-2 және 2, 5 аспауы керек.

Тығыз құрылымды, яғни цемент қамыры толтырғыштар түйірлерінің қуыстарын түгел толтырып және түйірлер арасындағы кеуектілік азайған жағдайда жеңіл бетон, жеңілдігіне қарамастан берік, су өткізбейтін және аязға төзімді болады. Өйткені жеңіл толтырғыштардың көбінде (керамзитте, аглопоритте) аморфты кремний оксиді (SiO 2 ) болады; ол қатайғанда цементтен бөлінетін Са(OH) 2 (кальцийдің гидроксидімен) әрекеттесіп «кеуек» түйір-цемент тас арасындағы қабатты берік өтетін, суда ерімейтін кальцийдің гидросиликатын (CaO⋅SiO 2 ⋅nН 2 0) түзеді. Осының салдарынан көлемінің 75-80% кеуек толтырғышпен толғанына қарамастан жеңіл бетон, су, т. б. сұйықтарды, тіпті олардың қысымы үлкен (1, 2 МПа) болса да, өткізбейді. Мұндай бетон аязға да төзімді келеді.

Жеңіл бетон беріктігінің негізгі көрсеткіші - ол бетонның класы. Жеңіл бетон сығу беріктігі бойынша (МПа) халықаралық 14 класқа бөлінеді: В2; В2, 5; В3, 5; В5; В7, 5; В10; ВІ2, 5; В15; В17, 5; В20; В22, 5; В25; В30; В40, жылу өткізбейтін және бетон үшін бұлардан басқа үш класс: В0, 35; В0, 75 және В1 белгіленген. Беріктігімен бірге жеңіл бетонның маңызды көрсеткіштеріне, оның тығыздығы жатады. Құрғақ күйіндегі орташа тығыздығына байланысты жеңіл бетон 19 маркаға бөлінеді: D200, D300, D400, D500, D600, D700, D800, D900, D1100, D1200, D1300, D1400, D1500, D1700, D1800, D1900, D2000. Жеңіл бетонның жылу өткізгіштігі негізінде оның тығыздықтарына байланысты Кұрғақ жеңіл бетонның жылу өткізгіш коэффициенті әдетте 0, 1-0, 8 Вт/(м⋅°С) аралығында болады.

Жылу өткізгіштігіне сәйкес бұл бетоннан салынған тұрғын үй сыртқы қабырғасының қалыңдығы 20 см-ден 40 см-ге дейін өзгеруі мүмкін. Егер бетонның ылғалдылығы 1 %-ға өссе, ал жылу өткізгіштігі 0, 016-0, 035 Вт/(м⋅°С) өседі. Жеңіл бетон су өткізбейтін қасиеті бойынша W0, 2; W0, 4; W0, 6; W0, 8; W1; W1, 2 маркаға, ал аязға төзімділігі бойынша: F25, F35, F50, F75, F100, F150, F200, F200, F300, F400, F500 маркаға бөледі.

Жеңіл бетондардың кейбір түрі, мысалы уақ толтырғышсыз жеңіл бетон қуысты болып келеді де, ондағы болат арматураларды коррозиядан жөнді қорғай алмайды. Сондықтан, мұндай бетоннан жасалған темірбетон конструкцияларының күш көтеретін (жұмыс істейтін) арматураларын, басқа тәсілдер арқылы коррозиядан қорғау керек. Ал тығыз құрылымды жеңіл бетондарда, арматура коррозияға ұшырамайды

Диссертациялық жұмыстың негізгі міндеттері:

  • Полистиролбетонның номенклатурасын анықтап, оның қасиеттерін зерттеу, оларды пайдаланудың ұтымды жағдайларын анықтау;
  • Қоспаға қосылатын, бастапқы материалдарды таңдауын негіздеу және олардың құрамының, күйінің, қасиеттерінің сипаттамасын беру;
  • Полистиролбетоннан жасалған жылублоктарының технологиясын терең зерттеу, әдістері мен технологиялық схемасын таңдауды негіздеу, oсы өнімді өңдіру процесін толық сипаттау;
  • технологиялық есептерді oрындау;
  • өндірістің материалдар балансын есептеу, технологиясын меңгеру, материалдық ағындардың схемасын құрастыру және талдау;
  • негізгі жабдықтардың мөлшерін таңдау және есептеу.

Жұмыстың мақсаты: Құрылыс шығындары мен экологиялық ластануды төмендету мақсатында, жасалған жылублоктарды өңдіретін, тиімді және арзан өңдіріс технологиясын құру.

Полистиролбетон - құрамында композитті материалдар бар, жеңіл кеуекті бетонның түрі. Оның құрамында атап айтқанда: портландцемент, полистирол туйіршіктері жіне модивикациялық қоспалар бар. Қазақстан нарығында ұқсас өнімдер болмағандықтан, өңдірілетін жылублоктар, құрылыс нарығын бірегей жаулап алуға қабілетті, бәсекеге қабілетті және жоғары сұраныстағы тауар болып табылады.

Курстық жоба өндірістің технолoгиялық сызбасын және түсіндірме жазбасын, өнімнің эскизін қамтиды.

Диссертацияының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Жұмыстың апробациясы мен жариялынымдары:

Диссертациялық жобаның негізгі ережелері Л. Н. Гулилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 2017 жылдың 14 сәуірінде өткен студенттер мен жас ғылымдардың «Ғылым және білім - 2017» атты XII Халықаралық ғылыми конференциясында «Полистиролбетон-жылуоқшаулағыш материал» атты мақалада талқыланып, баспаға шықты.

Диссертацияның құрылымы және көлемі:

Жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, жалпы қорытындыдан, 20 аталымды пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады, жұмыс көлемі 51 бет, 18 сурет, 9 кесте, 43 формуладан тұрады.

  1. ПОЛИСТИРОЛБЕТОН ҰҒЫМЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

1. 1 Полистиролбетон туралы түсінік. Шығарылатын өнім номенклатурасы

Полистиролбетон - қуысты-түйіршікті құрылымы бар (аралас) жеңіл бетон. Оның құрамына байланыстырғыш компоненттер (портландцемент, шлакопортландцемент немесе гипс) және толтырғыштар (қөбіктелген полистирол түйіршіктері), сондай-ақ су және химиялық қоспалардан (пластификаторлар, байланыс үдеткіштері және т. б. ) тұрады. Полистиролбетон жылублоктарынан жасалған қоршау құрылмалары мен сыртқы қабырғалар, жылу оқшаулауды қажет етпейді.

Полистиролбетонды - жылуоқшаулағыш блоктарды өңдіргенде, қасбет қабырға жылуоқшаулағыш панельдері мен плиталарында, сондай-ақ осы өндірістің қалдықтарын жылу толтырғыш ретінде қолдануға болады.

Диссертациялық жұмыс үшін D 300 маркалы полистиролды бетоннан жасалған қабырғалы блоктар таңдалып алынды, өйткені полистиролды бетон екі санатқа бөлінеді:тығыздығы бар, жылу оқшаулаушы- D 150 - D 350; - тығыздығы бар, құрылымдық - D 350 - D 500. Және жылублоктарының тағы бір маңызды ерекшелігі - олардың тығыздығы төмен, яғни құрыс жұмыстарын жеңілдетеді, ал жылублоктардың өлшемдері әртүрлі болғандықтан, көптеген құрылыс салаларында өнімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Полистиролбетон жылублоктарының айрықша сипаттамалары:

  • Монтаждаудың қарапайымдылығы мен жылдамдығы. Жылублоктардың іргетасқа бекітілуі «маяк» әдісімен клей арқылы бекітіледі және вертикальды тұрғызу үшін ғана қолдануға арналған
  • Суды аз сіңіру (материалдың жабық қуысты құрылымына байланысты массаның 4%-нан аспайды), ол қосымша гидроизоляцияны талап етпейді;
  • Материалдың жоғарғы жылу кедергісі (жылу өткізгіштік коэффициенті 0, 085 Вт / м º С) ;

Полистиролбетонның тағы бір ерекшелігі - кеуекті-түйіршікті құрылымында. Онық қуыстары түйіршік тәрізді пішінде болып келеді. Кеуекті болуымен сипаттала отырып, сонымен қатар тесіктер түйіршік аралық тесік түрінде, түйіршікті материалдың массасы бойынша жасалынады (1-сурет) .

Сур. 1. Полистиролбетонның құрылымы

Полистиролбетон жылублоктары бір жағынан, су өткізбейтін мембраналарды механикалық зақымданудан сенімді түрде қорғайды және оған оң температура режимін қалыптастырады, бұл өз кезегінде қызмет мерзімін едәуір арттырады, ал екінші жағынан, жер асты үй-жайларында қажетті температуралық режимді сақтайды.

Полистиролбетон жылублоктар - бұл тиімді жылуоқшаулағыш болып табылатын бірегей материал. Полистролбетон жылублоктарынан жасалған құрылыс конструкциялары мүлдем жылу оқшаулауды талап етпейді.

Полистиролбетоннан жасалған жылублоктардың артықшылықтары:

  • сыртқы қабырғалардың минималды қалыңдығына байланысты, бөлменің пайдалы алаңының кеңейуі;
  • энергия шығындарының азайуы (3 немесе одан да көп) ;
  • қосымша жылуоқшаулау және буоқшаулау талап етілмейді;
  • өнім формасының жақсы болу есебінен байланыстырғыш заттардың төмен тұтынуы (1 м3блоктарға, небәрі 25 кг желім қолданылады, қалыңдығы 1, 5-2, 5 мм) ;
  • іргетасқа жүктеменің аз түсуіне байланысты, күрделі инженерлік-геологиялық жағдайларда құрылыс жүргізуге оңай
  • материал ағашпен салыстырғанда, бу өткізгіштігі мен жылу өткізгіштігі өте ұқсас, яғни, «демалады»;
  • дыбыссіңіргіштігі доғары (10 см 36 дБ жұту) ;
  • қыс мезгілінде жылуды жақсы сақтайды және жазда салқын (Қысты күні жылытқышты өшіргенде, не бәрі 1°C өзгереді) ;
  • қыс кезеңде салу мүмкіндігі (желімнің суыққа қарсы арналған қоспамен қолданылуы арқасында) ;
  • қабырғаларды монтаждау кезде көтергіш жабдықтары мен арнайы механизмдер пайдалану қажет емес;
  • механикалық өңдеуде, жеңіл және қарапайым (оны ағаш арамен араласа да болады) ;
  • жұмыстың жоғары өнімділігі (1 тас қалаушы 8 сағатта орташа есеппен - 35 м2қабырғаны монтаждайды) ;
  • сығылуға беріктілігі және аязға төзімділігі 100 циклден жоғары болғандықтан, эксплуатация кезінде, қабырғада жарықтар пайда болмайды
  • кеміргіштерді ағашқа қарағанда, жолатпайды;
  • Бұл материал көгермейді

Химиялық қасиеттеріне байланысты, жөндеу және құрылыс жұмыстарының мақсатына байланысты, панельдер әрлеудің сенімді түрі болып табылады, жылу оқшаулаудың жоғары деңгейіне ие және ұзақ уақыт бойы қызмет етуге дайын. Панельдер ғимаратқа толық көрініс береді және осы материалдың көмегімен жұмыстарды орындау оңай, өйткені олар қабырғаларды орнату үшін арнайы дайындықты қажет етпейді.

  1. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ. Шикізат пен жартылай фабрикаттарды таңдау және сипаттамаларын негіздеу

Шикізат - кез - келген технологияның негізі. Полистиролбетон өңдірісі үшін керекті шикізаттар:

- жеңіл толтырғыштар;

- портландцемент;

- қоспа (қажет болған жағдайда қосымша компонент) ;

- су;

Полистирол. Полистирол 100°С жоғарғы температурада алынған болса, полимер арқылы тізбектіңберілу реакциясы салдарынан тармақталған болып келеді.

Полистиролдың макромолекулаларының құрылысы сызықты болып келеді. Полимердің орташа молекулалық салмағы 3000-нан 9-ға дейін болып келеді, бұл полимерлеу әдістеріне және жағдайларына байланысты болады. Макромолекула буындары “бастың соңына” типі бойынша бір-бірімен жалғанады.

Полистирол винильді полимер болып келеді. Құрылымдық жағынан ұзын көмірсутекті тізбектен және әрбір екінші көмірсутекке қосылған фенилді топардан тұрады. Тармақталған құрылым түзілген гомополимер молекулалары мен өсуші радикалды арасындағы тізбекті беруреакциясының нәтижесінде түзіледі. Тармақтардың саны және өлшемі полимерлеу жағдайына және дәрежесіне байланысты өзгереді. (2-сурет)

Сур. 2. Полистиролдың молекула құрылысының схемасы

Техникада қолданылатын полистирол аморфтық құрылымға ие. Негізгі тізбекпен салыстырғанда фенилді топтар ретсіз орналасады. Бұл сутегі атомдарымен салыстырғанда фенилді топтардың үлкен өлшеміне байланысты кристалдық бөліктердің түзілуіне кедергі жасайды.

Аморфты полистирол қалыпты температурада қатты, мөлдір және жоғары атмосфераға тұрақтылыққа ие. Полимер төмен тығыздықпен

(1, 05 г/см 3 ), жоғары суға тұрақтылықпен, жақсы диэлектрлік қасиеттерімен (диэлектрлік өткізгіштік 2, 6, электрлік беріктілік 50 км/мм) сипатталады.

Аморфты полистиролдың құрылымын жоғары температурада оны ұзарту арқылы реттеуге болады. Бұл полимер беріктігінің өсуіне және тегістігінің жоғарылауына әкеледі.

Стереоретті полистиролды TiCl 3 және Al(C 2 H 5 ) 3 катализаторы қатысында 60-75 0 С температура кезінде бензолда ерітілген стиролдың аниондық полимерленуі арқылы алуға болады. Алынатын изотактикалық полимер құрамында 50% дейін кристалдық фаза болады [6] .

Синдиотактикалық полистирол деп аталатын полистиролдың жаңа типі бар. Оның басқа полистирол түрлерінен ерекшелігі: тізбектелген фенилді топтар оның негізгі тізбегінде әр жақтан қатарласып орналасады. Ал «қарапайым» немесе атактикалық полистиролда макромолекуланың негізгі тізбегіне деген фенилді топтарының осындай реттілігі болмайды, яғни ретсіз болады. (3-сурет)

Полистиролдың негізгі қасиеттері

Тығыздық, кг/м 3 1040-1060

Шынылану температурасы, °С 78-85

Мартенс бойынша жылутұрақтылғы, °С 75-85

Үлестік жылу сыйымдылығы, кДж/кг°С 1, 34

Жылу өткізгіштік коэффициенті, Вт/м°С 0, 09-0, 16

Сызықты температуралық ұзару коэффициенті (6-8) -10

24 сағат ішінде су сіңіргіштігі, % 0, 04

Сыну көрсеткіші 1, 59-1, 60

Жанғыштығы, см/мин 1, 27-2, 54

Ұрылу тұтқырлығы, кДж/м 2 12-22

Беріктілік шегі, МПа:

Ұзару кезінде 35-60

Иілу кезінде 55-130

Бринелль бойынша қаттылығы, МПа 140-160

Қалыпты температурада полистирол қатты мөлдір материал, шыныға ұқс ас болып келеді, спектрдің көрінетін бөлігінің сәулелерін 90% дейін өткізеді. Полистирол түссіз, оның дәмі және иісі болмайды, физиологиялық жағынан зиянсыз және басқа пластмассалармен салыстырғанда жеңіл болады.

Полимердің қатты аморфты күйі 80°С дейін сақталады. Осы температурадан жоғары болғанда полимер эластикалық күйге өтеді, жайлап температураның жоғарылауымен эластикалық деформация өседі.

Шамамен 300°С температурада полистирол бұзылады. Полистиролдың термиялық деструкциясы 260°С кезінде, термототықтырғыш - 200°С кезінде басталады. Азот атмосферасында полимердің деструкциясы анағұрлым жоғары температуралар кезінде жүреді: 300°С кезінде полистирол азотта өте жай полимерсізденеді және 375-400°С -та полимерсіздену жылдамдығы ауада 200°С температурада полистирол полимерсіздену жылдамдығына жақындай бастайды. Полистиролдан жасалған бұйымдарды қолданудың анағұрлым жұмыс температурасы 70°С аспау керек. Жылу және жарыққа тұрақтылықты жоғарылату үшін полистиролға тұрақтандырғыш қосады. Полистиролды 220°С температураға дейін ысытқанда деструкция өнімдердің негізгі компоненті стирол пайда болады.

Полистирол иондаушы сәулеленуге анағұрлым тұрақты полимерлердің бірі болып табылады. 5800 Мфэр дозасы тек қаттылық модулін кішкене жоғарылатады, сонымен қатар полимердің мөлдірлігі 50%-ке төмендейді.

Полистиролдың кристалдануын 150°С температура кезінде полимерді ұзақ ысыту арқылы жеңілдетуге болады. Кристалды полистиролдың негізгі тізбегі спираль тәріздес формада болады.

Полистирол майлардың, спирттердің, судың, араласқан және концентрлі тұздардың, галоген сутектік қышқылдардың және сілтілердің әсеріне тұрақты болады. Ол стиролда, ароматты және хлорланған көмірсутектерінде, күрделі эфирлерде, кетондарда жақсы ериді. Тотықтырғыш агенттердің, сутегінің асқын тотығының, калий перманганатының, күкірт және азот қышқылдарының, мұзды сірке және сүт қышқылдарының әсерімен бұзылады. Керосин және жоғары спирттер полистиролдан жасалған бұйымдардың сынуына әкеледі.

Полистиролдың артықшылығы - суға жоғары тұрақты және қышқылдардың сулы ерітіндісінің, сілтілердің және тұздардың әрекетіне тұрақты, өте жақсы диэлектрлік қасиеттері, қанағаттанарлық механикалық қасиеттері, жеңіл боялуы болып келеді.

Полистиролдың кемшіліктері - күн сәулесінің әсерінен ескіруі, жеткіліксіз жылу тұрақтылығы, ұрылу жүктердің әсерінен жоғары емес беріктілігі, органикалық еріткіштер әсеріне тұрақсыз. Оның атмосфераға тұрақтылығы: ашық ауада ол сары түске айналады және сынады.

Жеңіл толтырғыштар ретінде көпіршікті полистирол қолданылады. Көпіршікті полистирол арнайы көбіртетін құрал арқылы шығарылады. Бұл технологиялық процесс үшін шикізат ретінде ӨСК полистирол қолданылады. Өздігінен сөнетін көбіктенгіш полистирол түйіршіктері - диаметрі шамамен 1 мм болатын майда моншақ тәріздес болып келеді. Көбіктенуден кейін түйіршіктер мөлшері бірнеше рет көбейеді, олар өздерінің тығыздығынан 50% -ға дейін көбіктенеді. Нәтижесінде полистирол көбіктенген бoлып шығады.

Көбіктенген полистирол мынадай сипаттамаларға ие:

- тығыздығы - 15 кг/м³;

- кеуектілігі - 97-98%;

- жылу өткізгіштігі - 0, 027-0, 040 Вт/(м°С) ;

- ылғалдылығы 1-3%;

- өлшемі 2-8 мм;

- өте жақсы диэлектрлік қасиеттері және жақсы аязға төзімділігі (-40° C дейін) ;

- химиялық тұрақтылық;

- oтқа төзімділік;

- ылғал жұтқыштық.

\

Сур. 3. Полистирол түйіршіктері

ПЖС алудағы маңызды фактор - байланыстырғыштарды дұрыс таңдау болып табылады. Полистиролбетон өндірісінде байланыстырғыш зат ретінде көбінесе қарапайым портландцемент қолданылады.

Химия жағынан қарағанда цемент төрт негізгі оксидтерден тұрады (CaO, SiO 2, Al 2 O 3 және Fe 2 O 3 ), oлар өз кезегінде төрт фазаға қиыстырылады: үшкальцийлі силикат (алит немесе С 3 S), екікальцийлі силикат (белит немесе C 2 S), үшкальцийлі алюминат (C 3 A), төрткальцийлі алюмоферрит (С 4 АF) . Әрбір фаза бетонның белдесу уақыты мен беріктілігінде маңызды орын алады. Мысалы, ұшкальцийлі силикат ерте беріктілік жиынына жауап береді (28 күнге дейін), екікальцийлі силикат - кейінгі беріктілік жиынына жауап береді (28 күннен кейін), үшкальцийлі алюминат және төрткальцийлі алюмоферрит беріктілік жиынына әсер етпейді, бірақ белдесу уақыты мен қоспаның қозғалғыштықты жоғалтуына маңызды. Цементтің жасанды белдесуін болдырмау үшін бетонды өндіру барысында кейбір сульфаттар (гипс) қосылады.

Көбінесе, M500D0, M500D20, M400D0 және M400D20 маркалы цементтер пайдаланылады. Бұл диссертациялық жұмыста ПЦ400Д20 маркалы пoртландцементті қолданамыз. Таңдалған пoртландцементтің фазалық құрамы:

C3S = 4, 07 (СаО) - 7, 6 (SiО2) - 6, 72 (А12О3) - 1, 43 (Fe2О3) - 2, 85 (SО3) ; C2S = 2, 87 (SiО2) - 0, 754 (3CaO. SiО2) ; C3A - 2, 65 (A12О3) - 1, 69 (Fe2О3) ; C4AF - 3, 04 (Fe2О3) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бетон араласпасының технологиялық қасиеттері
Бетондық араласпаның қасиеттері
Кұрылыста қолданылатын бетонның сапасын сараптау
Жеңіл бетондар
Бетонполимер өндіру технологиясы
Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп «Жылуфизикалық қасиеттері жақсартылған қоршау құрастырмаларына арналған ұсақ тартылған байланыстырғыш цементтікүлден монолит бетон әзірлеу» (ii кезең) (аралық)
Құрылыс конструкциялары - пәнінен дәрістер конспектісі
Жер үстінде орналасқан констркуцияларды қорғау үшін гидрофобты қоспаларды ендіру арқылы бетонның ұзақ тұрақтылығын жоғарлату
Бетон материалы
БЕТОН ҚАЛДЫҚТАРЫН КЕШЕНДІ ЖОЛМЕН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ АЗҚИЫРШЫҚТАСТЫ БЕТОННЫҢ ТИІМДІЛІГІН ЖОҒАРЫЛАТУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz