Жалпы ұңғылар қоры


1 Геологиялық бөлім
1. 1 Кен орнының геологиялық құрылымының сипаттамасы
- . 1 Кен орын туралы жалпы мағұлматтар
Құмкөл кен орны Қазақстан Республикасы Жезқазған облысы Жезді ауданында орналасқан. Жақын елді мекен - Жосалы ауданы. Ол кен орнынан 179 км қашықтықта орналасқан. (Сурет 1. 1)
Кен орнынан орталық обылыстары Қызылорда 200 км, Жезқазған 174 км қашықтықта орналаскан. Кен орнынан шығысқа карай 116 км тас жолы өтеді. Қызылорда-Жезқазған линиялық электр жүйесі кен орнынан 20 км аралықта өтеді. Кен орнынан 200 км шығысқа қарай Омск, Павлодар, Шымкент мұнай құбыры тартылған. Техникалық жұмыстар мен ауыз суға терендігі 80-110 м жоғары бор су қабатынан алып пайдаланады.
Кен орнындағы тұщы судың құрамында фтор бар екендігі анықталып, ауыз су кен орнынан 60 км қашықтықта орналасқан су скважинасынан тасып әкелінеді. Алаң аймағындағы жергілікті халық жаз мезгілінде мал шаруашылығымен айналысады.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы нашар дамыған. Кен орнында тек тас жолы бар. Жаз, күз мезгілінде барлық көлік түрі емін-еркін жүре алады. Ал қыс мезгілінде жолға қардың үйіліп қалуына байланысты көліктің жүруі қиындайды.
Құмкөл кен орнының географиялық жағдайы теңіз деңгейінен 106-160 м биіктікте орналасқан.
Алаңнан оңтүстікке қарай құмды Арыскұм массиві орналасқан. Ол түйіршік құмнан құралған. Арыс тұзды көлі толық кеуіп қалған. Батысқа қарай 15 км орналасқан, 60-70 м Чинк биіктігі өзгермейтін тегіс жерді бедер белгісі 150-200 м көтеріңкі плитасы бөліп тұр.
Ауданның ауа-райы құбылмалы, тәуліктік ауаның температура тербелісінің ылғалдылығы өте аз мөлшерде.
Жазда +30 0 , +35 0 С ыстық, қыста -38 0 , -40 0 С аяз. Жыл бойындағы түсетін ылғал мөлшері 150 мм-ге дейін, негізінде қыс, күз мезгілдерінде түседі. Оңтүстікте ағып жатқан Сырдария өзені кен орнынан 210 км қашықтықта орналасқан. Жануарларды суару үшін, алаңға жақын жерден Қызылорда гидрогелогиялық экспедициясымен өзгермейтін тегіс жерден артеман ұңғысы бұрғыланған.
Қазіргі кезде ГӨБ(ПГО) "Южказгеология" кен орны аймағында құрылыс материалдары бар екендігі анықталды.
Сурет 1. 1. Ауданның жалпы орналасуының шолу картасы
1. 1. 2 Стратиграфия
Құмкөл кен орнының қимасы мезозой, кайназой шөгінділермен көрсетілген. Арысқұм ойпатында және кен орнында мезозой-кайнозой 2 құрылымдық қабаттарға бөлінеді. Бөлінгендер аймақтық стратиграфияға үйлесімсіз. Жоғарғы бор және юра.
Юра жүйесі - J
Ортаңғы бөлім - J 2
Ортаңғы юра шөгінділері дощан свитасына (J 2 d) бөлінген. Олар қабаттасқан түрде сұр аргиллиттен құралған. Свитаның ернеуіндегі бөлігіндегі жиі кездесетін біркелкі қабаттасқан құмтастар және аргиллит калыңдығы 12-ден 56 м-ге дейін, ал газмұнайлы болып табылатын (горизонт Ю-ІV) свитаның төменгі жағындағы құрылымдық қабатында 4-6 м аралығындағы көмір қабаты бар. Төменгі свитаның бөлігі Ю-ІV горизонты тыныс фундаментіне татитын жердегі қосымша құрылымдық бөлігіне қосылады. Оңтүстік батыс бөлігіндегі шөгінділері де дощан свитасына толық қосылады. Ал оның қабатының қалындығы 219 м жетеді. Арысқұм ойпатының грабень синклинальды свита құрлысы сазды болып, оның қалындығы 502 м-ге дейін жетеді.
Бор жүйесі - К 1
Аймақтық жуылу мен Қоскөл свитасының бұрыштық құрылуына келіспей төменгі және жоғарғы даул ярусшалары болып бөлінеді. Төменгі даул ярусшасы негізінде Арысқүм горизонтының құрамын ұстап тұрады, яғни Құмкөл кен орнында көрсетілгендей, кұммен және қоңыр сазды қабатпен карбонатты алевролит және саздан құралған.
Арысқұм горизонтының өзгеру шегінің қалындығы 87-ден 123 м-ге дейін барады. Арысқұм горизонтының литалогиялық Құмкөл құрылымы бойынша үш бөлікке бөлінеді: төменгі және жоғарғы құмтасты алевролит және орташа сазды.
Жоғарғы құмтасты біркелкі бөлігі және төменгі ернеуіндегі бөлімі өнімді горизонты (М-І және М-ІІ) болып саналады. Төменгі даул свитасының жоғарғы бөлігі саздан және карбонатты алевролиттен құралған саз қалындығы 113-163 м.
Бұл өнімді Арысқұм горизонтының беткі сұйық тірегі болып
саналады. Жоғарғы даул ярусшасы төменгі және ортаңғы
қимасында біркелкі құм, қызыл түсті сазды жынысты болып, ал
жоғарғысында сазды болып құралған.
Апт-альб ярусы (К 1а - І 2 )
Апт-альб шөгіндісі жуылып, даул свитасында жатыр және қаршатау свитасында біріккен. Свита нашар цементтелген, сұр және әртүсті құмтастан тұрады.
Свита қалыңдығы 253-350 м.
Төменгі, жоғарғы бөлім - К 1-2
Альб - сеноман ярусы - (Каl 3 - с)
Альб-сеноман шөгінділері қарашатау свитасында жатыр және Қызылқия свиталарына бөлінген. Әртүрлі түсті саз алевролитінен, кұм, құмтас қабатшасынан және саздан құралған.
Свита қалындығы 87-168 м.
Тұран ярусы - К 2 t
Тұран шөгіндісі балапан свитасына бөлінген. Қызылқия свитасына трангрессивті жатыр. Жасыл сұр құмтаспен Жұқа көлденең қабаттардан жиналған. Свита қалыңдығы 82 м-ден 150 м аралығында ауытқып тұрады. Бұнда көмір қабаты және глауканит дәні бар.
Жоғарғы турон-төменгі сенон - К 2 t 2 -sn 1
Бұл шөгіндінің қалындығы жуылып, балапан свитасының жынысында жатыр. Литологиясы бойынша әр түрлі-түсті ала құмнан және 123-236 м саз қалыңдығы күйінде көрсетілген.
Жоғарғы сенон - К 2 -sn 2
Жоғарғы сенон құрлымы шөгіндісінің шегі палеоген алдындағы туылу себебінен көптеген ұңғыларда жинақталған. Қабатталған әктасты ақ құмнан және сұр саздан құралған.
Палеоген жүйесі - f
Төменгі эоцен - f 1 - f 2
Палеоген, төменгі эоцен шөгінділері жуылып, жоғарғы борда әртүрлі горизонтарда жатыр. Олар күңгірт сұр саздың қатты каныққан көмір өсімдігі және кварглауконитті құмнан жинақталып, сол күйінде көрсетілген. Олардың ең үлкен қалындығы 66 м жетеді.
Палеоген-төртгік шөгіндісі (f-Q)
Палеоген - төрттік жас шөгіндісі сыртқы Арысқұм иілімінің
бөлігінде жетілген. Құмкөл құрылымына шартты түрде алаңның
бетін жауып тұратын құм, супес енгізілген. Олардың қалыңдығы 10 м-ге жетпейді.
1. 1. 3 Мұнайгаздылығы
Арысқұм ойпатын бұрғылау нәтижесінде 1983 жылы 2-ші құрылымдық ұңғысынан мұнайлылығы жөнінен бірінші хабар алынды. Бұл 13541 сейсмопрофильді аймағында орналасқан. Юра шөгінділерінен алынған керндердең күшті жанармай иісі мен мұнай белгілері жақсы байқалды жане алынған керндердің беттерінде ала дақтар болды.
Арысқұм ойпатында жүргізілген геология барлама жұмыстары нәтижесінде үш кешеннен тұратын ортаңғы юра және төменгі неоген шөгінділерінің мұнайлығына көз жеткізіп отыр. Бұдан баска триас, төменгі триас кешені бөлініп, І-к Арысқұм көрсеткіш ұңғысын бұрғьлау барысы нәтижесінде газдың белсенді түрде шығуы байқалды. Осы Құмкөл кен орнындағы өндірістік қабат кешенінен тұратын алаңнан, дощан алаңындағы 4-ұңғымадан айырмасы бар. Жоғарғы юра шөгінділері Арысқұм алаңының көтеріңкі ойпат бөлігінде жетілген. Шөгінділердің өнімді қабат қоры Құмкөл, Арысқұм және Қызылкия кен орындарында орналасқан. Алаңнан мұнай ағысын жоғарғы юра шөгінділерін сынау кезінде, қабат сынағышпен алады. Ақшабұлақ Ғ-параметрлік ұңғымадан және 2-4 Арысқұм ұңғыларын құрылымдық бұрғылау жұмыстарымен бірнеше ұңғыма қатарынан алынған керндерден мұнайдың бар екендігі кернге жағылған түрде және майдың иісі шығыуымен байқалды. Казіргі кезде сейсмологиялық зерттеулермен Ақшабұлақ иіліміндегі құрылымында бірнеше тиімділігі бар Ақшабұлақ және Ақсай үлкен аландарын ерекше атап өтуге болады. Одан басқа Майбұлақ седловинасын өлшегенде жыланшық иілімінде тиімді ойпаң шықты. Құмкөл орнында өндірістік мұнайлығының қоры юра шөгінділерінде орналасқан. Төменгі юрада 2 өнімді (М-І, М-ІІ) горизонты байқалады, жоғарғы юрада үшеу (Ю-І, Ю-ІІ, Ю-ІІІ) және де ортаңғы юрада біреу (Ю-IV) . Бор қабатында өнім 1065-1120 м аралығында орналасқан. Ал юрада 1190-1370 тереңдікте.
Сонымен қатар кен орнында 2 қабатты өнімді қабаты бар. Төменгі бор және- юра өнімді қабаттары көп ұңғылардан ерекше байқалып, кен орнында жақсы таралған. Қалындығы 8-ден 20 м-ге дейін сазды бөлік М-І және М-ІІ бор кабатын ажыратып тұр. Ал саз қалыңдық бөлімшелері қабат арасындағы Ю-І, Ю-ІІ және Ю-ІІІ горизонттары 2-18. 6 деңгейде болады. Біркелкі 12-34 м Ю-ІІІ горизонтының саз калыңдығы биіктігі жағынан жақсы игерілген Ю-IV горизонтын бөліп түр. Алаңның мұнайлылығы және бор деңгейіндегі биіктік қоры және юраның өнімді кешені жоғарыдан төмен азаяды, сонымен баска кен орнының түрі осы сияқты сипатталады.
Бор өнімді қабатына сипаттама:
М-І жазықгығы 3 қабатты коллектор түрінде көрсетілген, олар саздармен бөлінген. Жоғарғы екі қабатының қалындығы бірдей тұрақты барлық құрылыммен жүріп, алаңның оңтүстік бөлігіне келіп кұлайды. Төменгі қабат қалындығы ұстамсыз және 20, 18, 3, І7, 10 ұңгыларында өткізбейтін жыныстармен қосылған. Төменгі және ортаңғы қабаттар аландағы 9-шы ұңғымаға құяды.
Өнімді қабаттар (37, 9, 23, 24, 32, 40) ұңғыларында аңықталып дәлелденген. Орталық және солтүстік қорының бөлігі геология-геофизикалық зерттеулер нәтижесінде 7 және 11 ұңғыдан бойынша су, мұнай, 7 ұңғымадан 981. 7 м аралығында алынды. Ең үлкен қалыңдық шамасы 3, 8, 9, 24 ұңғы аудандарына жалғасқан. Алаңнан мұнайлылығы 5109. 7 га құрайды. Сонымен бірге таза мұнай аймағы 62 %. Жоғарғы қабат
биіктігі 43. 2 м. Мұнай қабат қоры 2 бөлімге бөлінген. Алаңдағы 27, 32, 40 ұңғылар жүзделі және оңтүстік қабатты қосылыс болып саналады. Шығыс мұнайының биіктігі 8. 5 м, ал оңтүстік жағы 17 м. Жалпы алаңның мұнайлылығы 1622 га, таза мұнай көлемі 800 га (33 пайыз) .
М-ІІ жазықтығы М-І жазықтығынан біркелкі саздар қалындығы 8-ден 20 м-ге дейінгі аралықта ажыратылған және 2 құмтас қабаты түрінде көрсетілген. Өнімді қабаттан сынама алу жұмыстары нәтижесінде өнімділігі 4 ұңғымада көрсетілген.
Мұнайдың өнімділігі 14 (м тәу), 180 (м тәу) дейін алады. Зерттеулер нәтижесінде 3 және 23 ұңғыдан су алынған. Геологиялық зерттеу нәтижесі бойынша 6, 8, 24 ұңғыларында су, мұнай қосылысы қабылданған 999 белгісінде болады.
Мұнайды сынау ұңғысынан сынама алу кезінде 994. 9-996. 4 м аралығыңда геологиялық зерттеу экспедициясы қабылданғаннан кейін 2 қабат биіктігінде орналасқан.
Мұнай қорының биікгігі 17. 4 м, ал мұнай алаңының көлемі 1084. 4. Юра өнімді қабатынан сипаттама. Ю-І горизонтының мұнайлылығы алаңның біршама көлемін алып жатыр. Төменгі бор қабат қорынан 80-148 м төмен аралықта жатыр.
Горизонтты жуып жаткан Қоскөл свитасының біркелкі саз алаңдығы 16-дан 106 м-ге дейін барады. Геологиялық-геофизикалық зерттеулер нәтижесінде Ю-І горизонт үш құмтас күйінде көрсетіліп және барлық алаң көлемінде қатысады. Құм қабатшалары БМ I жеткенде 2, 5, 11 аймағындағы ұңғылар горизонтта көбінесе бөлшектеніп сипатталады.
Газ-мұнай қоры негізінен горизонтқа қатысты. Горизонтты зерттеулер нәтижесінде 1 ұңғыдан өндірілмеген мұнай корының есебінен шығарылып тасталған. Жалпы тиімді қалындық 0. 8 м-ден 12. 4 м аралығында өзгереді.
Сонымен қатар газдылықтың қалындығы әр ұңғы сайын 6. 6 м-ден 8. 8 м-ге дейін өзгереді. Ал мұнайлылықтың тиімді қалыңдығы толық контур шегінде 0. 4-12. 4 м деңгейіне өзгеріп түрады. Ю-ІІ горизонты жоғары жатқан Ю-І горизонтынан қалындығы 3. 6 м-ден 18. 6 м-ге дейін біркелкі саздар арқылы ажыратылып бөлінген және орталық қорындағы бөлімде 1-2 құмтас қабатшалар күйінде көрсетілген. Алаңның мұнайлылық қоры 6414 га құрайды. Сонымен бірге таза мұнай аймағы 67 процентті алып жатыр. Алаңның газдылығы 223 га тең. Газдың биіктігі және мұнай қорының биіктігінің бөлігі 9 және 91. 5 м-ге тең.
Ю-ІІІ горизонттары жоғарыда аталған бөлімдерден саздармен бөлініп тұр, саз қалындығы 2-8 м. Горизонт 2 құмтас күйінде көрсетіліп, алаңның бойында ұсталады. Тек қана 3, 7, 17 ұңғыларында жоғарғы қабат саздармен араласқан. Бұнда ең кіші тиімді қалындықтың мәні белгіленген.
Жалпы тиімді калыңдығы 1. 6 м-ден 220 м-ге дейінгі деңгейде өзгереді, ал мұнайлылығы 10-нан 22 м-ге дейін өзгереді.
Горизонт 13 ұңғысында сыналып, осылардың ішінде 12-ші ұңғыдан мұнай ағынын алды, және бірден су ағысын алды. Алаңның барлық жерінде су-мұнайдың түйісуін 1198 м белгісі бойынша мұнай қорының биіктігі 84 м, алаңның мұнайлылығы 4141. 6 га. Таза мұнай аймағында 75 процент.
Ю-ІV горизонты аз ғана құмтасты болып, көбінесе бөлшектеніп сипатталады. Оның құрамында 5 қабат коллекторларына шейін бөлінеді.
1. 1. 4 Мұнай және газдың қоры
Құмкөл кен орнындағы мұнай және газ қорын есептеу жұмыстары 1987 жылдың 15 мамыр айынан бастап жүргізіліп, СССР-дың мемлекеттік қор жөніндегі комитетінде (ГКЗ) бекітілген.
1987 ж. 4 қарашада, СССР-дың мемлекеттік қор жөніндегі комитетінде (ГКЗ) С 1 дәрежесі бойынша төмендегідей қалған мұнай қор көлемінің № 10283 құжаты (протокол) мақұлданды. (кесте 1. 1)
Кесте 1. 1
С 1 дәрежесі бойынша қалған қор
Барлық кен
орын бойынша
Қалған геологиялық
мың. т
Қалған
алынатын мың. т
1987 ж. 15 мамыр айында С 1 дәрежесі бойынша қалған мұнай қор көлемі, жер қойнауын пайдаланушылардың лицензияланған аумақтары бойынша келесідей бөлінген. (кесте 1. 2)
Кесте 1. 2
Лицензияланған аумақтар бойынша қордың бөлінуі
Қалған
алынатын
қор, мың. т.
Қалған
алынатын
қор, мың. т.
1. 2 Кестенің жалғасы
Кен орынның газ шапкасындағы еркін газ қорының көлемі 1987 ж. 15 мамыр айындағы қабылданған С 2 дәрежесі бойынша жалпы 1722 млн. м 3 құрайды.
С 2 дәрежесі бойынша еркін газдың қордың көлемі:
Ю-I горизонты- 1216 млн. м 3 .
Ю-II горизонты- 233 млн. м 3 .
Ю-IV горизонты- 273 млн. м 3 .
С 2 дәрежесі бойынша қалған еркін газ қорының көлемі, жер қойнауын пайдаланушылардың лицензияланған аумақтары бойынша келесіге тең:
- ЖАҚ «Торғай-Петролеум» - 396 млн. м3.
- ААҚ «ПетроКазахстан Кұмкөл Ресорсиз» - 1396 млн. м3.
2 Технологиялық бөлім
2. 1 Кен орынды игеру жүйесі
2. 1. 1 Ағымдағы игеру жағдайын талдау
Кен орын 1984 жылы ақпан айында ашылды. Ал 1987 жылдың 4 қараша айында Құмкөл кен орынның мұнай және газ қоры есептеліп, СССР-дың қор жөніндегі комитетінде сол жылы осы номерге (ГКЗ) № 10283 құжат есебінде қабылданды.
Жоғарыда айтып кеткендей, кен орындағы өндірістік маңызы бар мұнайгаз ағыны төменгі неоком және жоғарғы бор шөгінді қабаттарынан алынған.
Төменгі неоком шөгінді қабаттарында 2 өнімді горизонт (М-I және М-II), ал юра шөгінді қабаттарында 4 өнімді горизонттар (Ю-I; Ю-II; Ю-III және Ю-IV) бар екені анықталған. КазНИПИНефть институты құрған «Құмкөл кен орнын игерудің
Технологиялық жобасы» негізінде 1990 жылдың мамыр айынан бастап өндірістік игеру басталды.
Кен орынды игеру жобасы бойынша келесідей іс шаралар жасалуы қарастырылған: жалпы ұңғылардың қоры 770 бірлік, соның ішінде 432 өндіру, 199 айдау, 21 су және 3 газ өндіруші ұңғылар бұрғылануы керек.
Игеру жобасы бойынша кен орын горизонттарының мұнай және газ, тау жыныстарының физика-химиялық қасиеттерін ескере отырып 4 игеру объектісіне бөлу шешілген: бірінші объект - М-I және М-II горизонттары, екінші объект - Ю-I және Ю-II горизонттары, үшінші объект - Ю-III горизонты және төртінші объект - Ю-IV горизонты болып ерекшеленеді.
Құмкөл кен орнының АҚ Торғай Петролеум компаниясының аумағында қазіргі уақытқа дейін 303 ұңғыма бұрғыланды.
Оның 238 ұңғымасы пайдалану қорында, 44 ұңғымасы айдау қорында, 3 ұңғыма байқау жағдайында болып табылады. 11 ұңғыма техникалық мақсаттарға қолданылатын су алушы ұңғымалар. 3 ұңғы консервацияланған.
Жалпы кен орын бойынша ұңғылардың қоры төмендегі кестеде келтірілген. (кесте 2. 1)
Кесте 2. 1
Ұңғылар қорының 27. 12. 2007 жылғы жағдайы. (Торғай Петролеум аумағында) .
І
объект
ІV
объект
2. 1 Кестенің жалғасы
Жалпы айдау
ұңғыларының қоры.
2. 1. 2 Ұңғылар қорының құрылымын және олардың ағымдағы шығымын, игерудің технологиялық көрсеткіштерін талдау
27. 12. 2007 жылғы игеру объектілері бойынша ұңғылар қорының бөліну жағдайы төмендегідей.
I игеру объектісі бойынша пайдалану қоры 66 ұңғыны құрайды.
Барлық пайдалану ұңғылар қоры механикалық әдіспен өндіреді. Қазіргі өндіру қорындағы 63 ұңғының 53-ші бұрандалы сораптармен, ал 10 (1033, 1034, 1035, 1042, 1044, 1048, 1055, 1085, 1131, 2089) БОТЭС-мен пайдаланады.
IІ игеру объектісі бойынша қазіргі кезге дейін пайдалану қоры 119 ұңғыны құрайды.
Олардың ішінде 117 ұңғы өндіруші. Пайдалану әдістері бойынша ұңғылар келесідей болып жіктеледі: 70 ұңғы - бұрандалы сораппен, 14 ұңғы - БОТЭС-пен, 6 ұңғы - штангалы терең сораппен жабдықталған және 27 ұңғы фонтанды әдіспен өндірілуде.
IІІ игеру объектісінің пайдалану қорының жалпы саны 51 ұңғыға тең және олардың бәрі жұмыс жағдайында.
ІV игеру объектісі бойынша пайдалану қорында 2 ұңғы бар.
2 ұңғыда жұмыс жағдайында: № 412 ұңғы фонтанды әдіспен өндіріледі, ал № 4002 ұңғы штангалы терең сораппен жабдықталған. Ұңғылар аз шығымды болғандықтан периодты түрде пайдаланылады.
Құмкөл кен орнындағы «АҚ Торғай Петролеум» компаниясының аумағында 2007 жылғы өндірілген мұнай мөлшері 3031, 3 мың тоннаны құрады. Өнімнің орташа сулануы 76, 3 % тең.
Кен орында мұнай өндіру алғашқы игеру кезінен бастап 2007 жылға дейінгі аралықта 23000 мың тоннадан асты. Бұл бастапқы алынатын қордың 56 %. Орта есеппен алғанда әрбір өндіру ұңғысынан мұнай алу 40 т/тәу, ал сұйық алу 70 т/тәу шығымды құрады.
2007 жылы өнімді қабатқа 4000 мың м 3 жуық су айдалды. Айдау ұңғыларының орташа қабылдағыштығы 276, 3 м 3 /тәу тең.
І игеру объектісі (М-І+М-ІІ горизонттары)
Горизонттардан алғашқы игеру кезеңіне енгізуден бері 2007 жылға дейінгі аралықта 6940, 8 мың тонна мұнай өндірілді, яғни бұл бастапқы алынатын қордың 60, 7 % болып есептелінеді.
Жылдық мұнай алу 2007 жылы 1052, 86 мың тоннаны құрады, бұл 2006 жылмен салыстырған біршама аз болып есептеледі. 2006 жылы қабаттан 1090, 4 мың тонна мұнай алынды. Объект бойынша мұнайдың сулануы 79 % тең. Горизонттардан мұнай алудың азаюы, өнімнің жоғары сулануымен түсіндіріледі.
І игеру объектісі бойынша өндіру ұңғыларының барлығы дерлік механикалық пайдалану әдісіне көшкен. Негізгі ұңғыдан өндірілетін өнімнің көп бөлігі бұрандалы және ортадан тепкіш сораптар үлесіне тиеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz