Оқушыларының темпераменттерін тәрбиелеу жолдары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Адам темпераменті мен мінезінің психологиялық сипаты

Петропавл қ.
2016 ж.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Адам темпераменті зерттелу
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Адам темпераменті жайлы жалпы
ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2. Оқушыларының темпераменттерін тәрбиелеу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ..15
1.3 Мінез туралы жалпы
ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..22
1.4 Мінез
типологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .26
1.5. Мiнездiң қалыптасу
ерекшелiгi ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..
2. Мінез-құлқын қалыптастыру психологиялық теория
негіздері ... ... ... ... ...
2.1 Оқушының мінез бен темпераментті зерттеу
жұмыстары ... ... ... ... ... ... .3 5
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..44
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...47
Қосымша №1
Қосымша №2
Қосымша №3

Кіріспе
Зерттеу жұмыстын өзектілігі: Бүгiнгi заманның педагогикалық,
психологиялық зерттеулерiнiң анықтауы бойынша мектептiң, баланың қай
жағынан болсын ең қарқынды дамитын кезеңi. Адам ертеден бастап мінез
–құлқын жан –жақты етіп тәрбиелеуде олардың темпераменттеріне ерекше көңіл
бөлудің маңызы зор. Мұғалім оқушылардың мінез бен темпераменттерін
тәрбиелеуді олардың моралдық қасиеттерін тәрбиелеу ісімен орайластыра
жүргізуді жоспарлаған жөн. Балалардың сабақ үстіндегі тәртібін
ұйымдастырғанда, әсіресе мінез –құлқының кейбір теріс көріністері әңгіме
болған кезде олардың темперамент өзгешеліктері еске алынып отырылуы керек.
Қоғамның негiзгi бағыты бiлiмдi де дарынды балалар даярлау болса, ал
мектептiң негiзгi көкейкестi мәселелерiнiң бiрi оқушылардың оқу
үлгерімілерін көтеру.
Қазақстандық ғалымдар Қ.Айтмағанбетова, Б.Баймұратова, А.Меңжанова,
Ә.Әмірова, М.Тұрсынкелдиева, М.Сәлімбекова, Ф.Жұмабекова және т.б.
өздерінің зерттеу жұмыстарында білім беру теориясы, әдістемесі, оқу
үрдісінің жетілдіру, білім беру сапасын арттырды, дамытуға ерекше көңіл
бөлді. Оқушыларының психологиялары және оқу үрдісіне қатысты зерттеулерде
Т.Тәжібаев, Қ.Жарықбаев, Ы.Елікбаев, Ә.Алдамұратов және т.б. жүргізіп,
бастауыштан сапалы тәрбие, сапалы білім беру арқылы оқу үлгерімі
арттырылатындығы қарастырылған.
Зерттеудің мақсаты: мінез және темперамент туралы теориялық тұрғыдан
негіздеу және оған әсер ететін жолдарын қарастыру.
Зерттеудің міндеттері:
- мінез және темперамент теориялық негіздерін айқындау.
- мінез және темпераментпен байланысын көрсету.
Зерттеу объектісі. Адамның мінез және темпераментінің психологиялық
негіздері.
Зерттеу жұмысының пәні: мінез және темперамент арасындағы байланыс.
Зерттеу болжамы: Егер, мектепте оқушылардың темпераменттері және мінездері
анықталса, дамытудың әдiс-тәсiлдерiн тиімді қолданылса, онда оқушылардың
оқу үлгерімі артар еді.
Зерттеу әдістері: Психологиялық, педагогикалық ғылыми - әдістемелік
әдебиеттерге теориялық талдау, тестік жұмыстар, сауалнама, оқушыларымен
эксперимент жүргізу және оның нәтижелері.
Зерттеудің тірек орындары: Тимирязев аудынының Жарқын орта мектебі
Зерттеу жұмысының құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1. Адам темпераменті зерттелу негіздері
1.1 Адам темпераменті жайлы жалпы ұғым
Темперамент – ғалымдарды ежелгі кезден-ақ қызықтырған мәселелердің
бірі. Оған деген қызығушылықтың төркіні - адамдардың мінез-құлқын сырттай
бақылай отырып, олардың әрқайсысына тән өзіндік дара болмысы, ерекшеліктері
бар екенін байқаған. Әр адамның жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның
қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық
құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше
байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында.
Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы
көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы,
тұрақтылығы, ауыспалы-қозғалғыштығы – бәрі осы темперамент табиғатымен
түсіндіріледі. Дегенмен, осы күнге дейін темперамент мәселесінің
шешілмеген, талас-тартысты қырлары баршылық. Бірақ мәселеге байланысты
көзқарастардың көптігіне қарамай, ғалымдардың бәрінің мойындайтыны:
темперамент - жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының
биологиялық, яғни табиғи іргетасы. Темперамент көбіне адамға тума берілген
әрекет-қылығының ұдайы қозға-лыстағы сипатын бейнелейді. Сондықтан,
темпераменттік қасиеттер басқа психи-калық құбылыстарға қарағанда
тұрақтанған, өзгеріске келе бермейді. Назар аударарлықтай ерекшелік,
темпераменттің әрқилы қасиеттері бір-бірімен кездейсоқ қосылмай,
зандылықтар негізінде түрлі темпераменттің белгілі құрылымын түзеді.
Темперамент түрлерінің жақсы не жаманы болмайды. Олардың әрқайсысы
өзінің ұнамды қасиеттеріне ие, сондықтан басты назар темпераментті реттеп,
түзетуге қаратылмай, нақты іс-әрекетте оның тиімді жақтарын саналы әрі өз
орнымен пайдаланудың жолдарын табуға бағытталғаны жөн. Адам ежелден-ақ
әрқилы тұлғалардың психикалық бітістерін айыра танумен, олардың барлығын
жалпыланған аз санды саналық бейнелер тобына біріктіруге тырысқан. Мұндай
жалпыланған бейнелер бірігімін психология тарихында алғашқыдан темперамент
типтері деп атаған. Темпе-раменттердің бұл бірігімдік (тилологиялық) жүйесі
өмірлік іс-әрекет тұрғысынан өте тиімді, себебі оны пайдалана отырып, нақты
тұрмыстық жағдайларда белгілі темперамент типіне жататын адамның болашақ
әрекет-қылығын күні ілгері пайымдауға әбден болады.
Негізінен темпераменттер туралы ілім көне Қытай (б.э.д. VIII ғ.)
емшілерінен бастау алады екен. Адамдардың арасындағы өзіндік ерекшеліктерді
олар стихиялы-материалистік тұрғыда түсіндірген. Ал грек медиктері бұл
құбылысқа cәл басқашалау қараған. Төрт темперамент туралы ілімді алғаш
дамытқан грек ойшылдарының бірі — Эмпедокл (б. э. д) 490— 430 ж. төрт
элементтің тең болуы немесе бірінің басым түсуі әр адамның ақыл-ой
қабілетіне және мінез ерекшелігіне тікелей әсер етеді. Яғни, ақылды немесе
кеще болу тек солардың тұтасуына, қарекетіне тәуелді деп түсіндірді.[1]
Біздің дәуірімізге дейінгі 460—377 жылдар шамасында өмір сүрген
Гиппократтың мектебі өмірді өзгермелі үрдіс ретінде қарастырды. Заттардың
алуан түрлілігіне сүйенетін бірегей стихия туралы ілімді төрт сұйық (қан,
сөл, сары өт және қара өт) туралы ілім алмастырды. Гиппократтың
пайымдауынша дененің табиғаты да осылардан құралған осылар арқылы ғана
ауырады, осылар арқылы ғана айығады. Күші мен саны жағынан алғанда олардың
тұтасу тепе-теңдігі сақталған жағдайда және олар жақсырақ араласа түскен
кезде ғана дене сау-сергек бола түседі. Жұртшылыќқа әйгілі Гиппократ
типтерді дұрыс сипаттағанымен, оларды ғылыми тұрғыдан түсіндіріп, дәлелдей
алмады. Жеке адамның өскелең белсенділігі оның табиғи және әлеуметтік
ортамен байланысының сипатын зерттеуге мәжбүр етті. Осы байланыс қазіргі
кездің ең басты теориялық тақырыптарына айналып отыр ғой. Ауа, су және
мекенжер туралы кітабында кейбір азиялық халықтардың өмір салтын алға тарта
отырып, Гиппократ әдет – ғұрып, яғни адамдық болмыс ағзаның табиғатын
өзгерте алатынын дәлелдеп шықты. Мұның өзі адам бойындағы әлеуметтік және
биологиялық сәйкестілік туралы мәселені талқылауға ұмтылған алғашқы
талпыныс еді. Көне грек медиктерінің ой – пейілі адамды танып – білуге
құштар болғанымен бәрібір психикалық қызметтердің орындалуы үшін аса
қажетті органдар құрылымымен тап баса алмады.[2]
Грецияда да жүрек әмірі, ми әмірі деген екі теория тайталасып
келеді. Көптеген қадағалаулар мен хирургиялық операциялардың барысында көне
грек емшісі Алкмеон [б.д.д. VI ғасыр] ми дегеніміз жан – сезімнің органы
деген ой түйді. Мидың құрылымын сезінудің кейін сезімдік деректерді
жинақтаудың нәтижесінде мидың өнімі іспеттес психика туралы ілім пайда
болды. Алкмеонның ізімен Гиппократ та миды психиканың органы ретінде
уағыздап, ол –үлкен темір сияқты деп түсіндірді. Бұл ұғым медицинадан
философияға көшіп барды. Сөйтсе тұра, Алкмеонның ми – психиканың органы
деген жаңалығын көптеген ғасырлар бойы жәй болжам ретінде бағалап келді.
Солтүстік Грециядағы емшілік мектептен дәріс алған Аристотельдің өзі жүрек
әмірі атты қағидаға жүгінеді. Сөйтіп, өзінен кейінгі, тіпті XXI ғасырға
дейінгі физиологтарға бағдар болып келген жалпы сезімталдық деген
түсінікті қалыптастырады.[3]
Ежелгі Римнің ойшылы Гален (б.д.д. I ғасыры) философияның, биологиялық
және медицинаның жетістіктерін ұсынықты ұштастырып бір арнаға бұра білді.
Ол кезде адам денесін анатомиялауға тыйым салынған болатын. Тек маймыл мен
сүт қоректілер арқылы органдардың құрылымы мен қызметі зерттеледі.
Гладиаторлардың хирургы болған соң Гален өзінің анатомиялық білімін
жетілдіру мүмкіндігінен айырыла қойған жоқ. Ол жан – сезімнің органдары –
ми, жүрек және бауыр деп есептеді. Рим дәрігері Гален (129—199)
темпераменттің санын он үшке жеткізді. Оның пікірінше, организмде жылылық
неғұрлым басым болса. адамның темпераменті күшті болатынын, денесі салқын
болса темпераменті баяулайтынын айтты. Бұл секілді түсініктердің
прогрессивтік маңызы зор, өйткені адамның тәнін зерттеу, тәжірибеге көңіл
аудара бастау сол кезде кең жайылған, жан тәнге байланыссыз нәрсе дейтін
теріс пікірге берілген үлкен соққы еді.[4]
Олардың әрқайсысы Платон (б.д.д. IV ғасыр) ұсынған жан – сезім
бөлігіне сәйкес түрліше психикалық қызметке ие болатын еді: айталық, бауыр
– құштарлықты, жүрек – ашу мен батылдықты, миақылды тұтады. Темпераменттің
физиологиялық негіздері туралы ілімнің медици-налық практика аясындағы
психологиялық типологиядан өрбіп шыққандығына шүбә жоқ. Түрлерді
бейнелейтін элементтерге қатысты тізбектерді түсіну үшін аса бас ауыртудың
қажеті жоқ, өйткені ол деректердің жиынтығы емес, тайға таңба басқандай
белгілі төрт түбір туралы ілім ғана. Тек Демокрит сананы психологиялық
талдау жасаудың нәтижесінде төрт дәмдік қасиеттерді — тәттілікті,
кермектікті, қыш-қылдықты және ащылықты ажырата білді. Бұл жаңалықты екі
мың жылдан соң эксперименталды психология ғылымы да растап отыр.[4]
Ежелгі психология тындырған маңызды шаруалардың бірі — темпераменттер
туралы ілімді аяғынан қаз бастыру еді. Тіпті, әлі күнге дейін осы ілімнің
холерик, флегматик, мелан-холик, сангвиник атты түсінік-атаулары
тілімізде өзгеріссіз қолданылып келеді. Әрине, Гиппократ пен Галеннің
іліміндегі осы түрлердің сипаттамасы қаз-қалпында қалды дей алмаймыз.
Қазіргі зерттеушілер нақты психологиялық және физиологиялық ізденістер
аясында көне ілімнің тек жалпылама принциптерін ғана пайдаланып жүр.
Адамдардың арасындағы жекелеген ерекшеліктер немесе негізгі түрлер ұштаса
келіп, дене бітімінің кейбір өзгешеліктерін құрауға ықпал етеді деген идея
әлі күнге дейін дифференциалды психофизио-логияның басшылыққа алар қағидасы
екенін мысал етуге болады.[5]
Бір ғажабы, ежелгі дәуірде ғылыми психофизиологиялық ойлаудың негізгі
категориялары қалыптаса қоймағанымен, қазіргі жоғары жүйке қызметінің
түрлері теориясына жүк болып жүрген мәселелерді көтере білген.
Көне дәуірдегі психофизиологиялық ұғымдардың дамуы Гален ұсынған жүйемен
ғана шектеліп қалады. Содан бір жарым ғасыр өткенде барып, Әбу әли Ибн Сина
(980—1037) Галеннің психо–физиологиялық іліміне ден қоя бастайды. Ол екі
психологияны пайдалана отырып, жан-сезімі туралы екі ілім жасайды. Әсіресе,
Канон атты еңбегінде дәрігердің көзқарасын бейнелейтін ілімді өрбіте
келе, көптеген адами құбылыстарды мате-риалистік тұрғыдан бағалайды;
психиканың бүтіндей миға тәуелді екенін мәлімдейді. Уайым-қайғының
денсаулыққа тигізер әсерін зерттеу тәсілі де оның жаңашылдығы еді. Ол бір
жас жігіттің арықтап кетуінің жан-сезімдік себебін қалай анықтағанын
әңгімелейді: оған бірнеше сөз айтып, қайсысы ауруын меңдете түсетіндігін
тамырын басу арқылы біліп алған. Сөз жоқ, тап осының өзі психофизиологиялық
днагностика сала-сында алғашқы қадам болуы мүмкін.[6]
Психофизиологиялық әсерге (эмоцияға) тікелей қатысы мынадай бір
тәжірибені де Ибн Синаның атына таңып жүрміз: екі тоқтыға бірден мөлшерде
азық береді. Тек біреуін еркін, оңаша жағдайда бағады да, ал екіншісінің
маңайына қас-қырды әкеп, байлап қояды. Сонда, соңғысы ішіп-жемі жеткілікті
болғанына қарамастан, күннен - күнге арықтап, ақырында, өліп қалыпты.
Тәжірибе арқылы қарамақарсы сезімдік жағдайдың орға жығарлық ролін жете
ұғынуға мүмкіндік туды. Сөйтіп, емшілік ғылымының атасы атанған Әбу әли Ибн
Сина экспе-рименталды психофизиологияның да негізін қалады.
Орта ғасырдағы ғалымдар темпе-раментті организмдегі химиялық заттардың
құрамына байланысты түсіндіруге тырыс-ты. Кейіннен темперамент организмнің
түрліше физиологиялық өзгешеліктеріне, яғни, қан жолы жүйесінің құрылысына,
зат алмасуға, ішкі секреция бездеріне т.б. байланысты деген пікірлер де
тарады. Неміс философы Иммануил Кант (1724-1804) өзінің Антропология
деген еңбегінде темпераменттің төрт түрі туралы толық психологиялық
сипаттама ұсынды. Ол сангвиникпен пен меланхолик өміріндегі барлық маңызды
жағдайларды эмоционалды уайымдайды, ал холерик ашуланшақтық, белсенділік
танытса, флегматикті өмірге аса бейімделген адамдар деп санады.[7]
Ал А.В. Вундт темпераменттің әрбір түрін эмоционалдық әрекетіне және
олардың тұрақтылық деңгейіне байла-нысты бейнеледі (Сурет 1).

Шындығында темперамент тек эмоциялық жағдайлардан ғана байқа-лмайды, ол
ақыл-ой және ерік процес-терінен де көрініп жатады.[8]
19 ғасырдың аяғында темперамент туралы теориялардың дамуы жаңа бағыт
алды. Неміс анатомы Гейне темпе-раменттердің түрліше болуы жүйке жүйесінің
тонусына байланысты десе, орыс антропологы Н.Л. Зеланд (1833-1902) ми
қабықшасындаєы молекулярлық қозға-лыстың жылдамдығы мен біркелкілігіне
байланысты деді. Көрнекті орыс педагогы П.Ф. Лесгафт (1837-І909)
темпераменттерді қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деп
тұжырымдады.[9]
Ерте кезден бастап зерттеушілер адамдардың мінез-құлықтарын, күйзе-
лістерін бақылай келе, адамдардың дене бітімі және физиологиялық қызметінің
ерекшеліктерімен сай келетіндігін байқаған. Демек, жеке физикалық немесе
психикалық қассиеттері бойынша өзара ұқсас көп түрлі әрекет-қылықтарды
топтап, ретке келтірудің нәтижесінде темпе-раменттің көп түрлі типологиясы
қалыптасты.
Клиникалық жағдайларында әртүрлі дене құрлымды адамдардың мінез-құлқын
бақылау жағдайларында Э.Кречмер темпераменттің негізгі мазмұнын құрайтын
психикалық қасиеттердің негізгі топтарын ұсынды. Бұл біріншіден,
психастезия (психикалық тітіркендіргіштерге қатынасы аса жоғары немесе
төменгі сезімталдылық), екіншіден, көңіл-күй фоны (көңілкөтеруге немесе
қайғыруға бейім), үшіншіден, психикалық қарқын (психикалық үрдістердің
тежелуі немесе тездететуі), төртіншіден, жалпы қозғалыс қарқыны немесе
психомоторлық сфера (қозғалыс траекториясының қозғалмалылығы немесе
тежелуі). Әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшеліктері
бар және дене мүшелерінің (қол, аяқ, бас, кеуде т.б.) сырттай өлшемдеріне
байланысты төрт конституционалды психикалық типтерді ұсынды:
1) Лептосоматик - (грек – нәзік дене). Дене құрылымы нәзік, бойы ұзын,
кеудесі тегіс, бет әлпеті сопақ. Иықтары кішкентай, қол-аяқтары жіңішке
ұзын.
2) Пикник – (грек – толық, нығыз). Майлы тканді, бойы орташа немесе қысқа,
денесі жалпақ, қампиған қарын, қысқа мойын, басы дөңгелек және быртиған
саусақтары бар.
3) Атлетик – (грек – күрес). Бұлшық еті жақсы жетілген, денелері мығым,
бойы орташа немесе ұзын, иықтары кең, бет сүйектері шығыңқы.
4) Диспластик – (грек – нашар қалыптасқан). Дене бітімінде нақты форма жоқ,
бұл типтегі индивидтер дене құрылымының әртүрлі деформациясымен сипатталады
[10].
Аталған типтердің ішінде лепто-соматиктер мен пикниктер психикалық
ауруларға бейім екендігі анықталды. Шизофрениямен ауыратындардың көп-шілігі
лептосоматиктер құрайды. Пикниктер маниакальді-депрессивті психозбен
ауыруға, ал атлетиктер эпилепсия ауруына бейім келеді. Сонымен
конституционалдық типологияның ірге тасын қалаған неміс психиатры Э.
Кречмер адамның дене бітімі мен психикалық аурулар арасындағы байланыстың
бар екенін көптеген клиникалық бақылау нәтижелері дәлелдей түсті. Дене
құрылымының типі мен психикалық аурулар арасындағы байланысты Кречмер
былайша түсіндіреді: дене құрылымының типі сияқты темпераменттің де себебі
бар. Олар қанның химиялық құрамына байланысты және гормональді жүйенің
белгілі ерекшеліктеріне тәуелді.
Кречмер дене бітімінің аталған типтеріне сәйкес темпераменттің 3 типін
ажыратады:
1) Шизотимик – дене құрылымы лептосоматикалық немесе астеникалық. Психикасы
бұзылғанда шизофренияға бейім болып келеді. Тұйық, тік мінезді, көзқарасын
өзгертпейді. қоршаған ортаға қиындықпен бейімделеді.
2) Циклотимик – дене құрылымы пикниктік. Психикасы бұзылғанда маниакальді –
депрессивті психозға бейім. Шизотимикке қарсы тип. Қоршаған адамдармен
қарым-қатынасы тез түседі.
3) Иксотимик – дене бітімі атлеттік. Психикалық ауытқуларда эпилепсияға
бейім. Салмақты, мимикасы мен жестері ұстамды. Ойлау икемділігі жоғары
емес, белгілі жағдайларда орнын өзгерткенді ұнатпайды, қайта қоныстанғанда
және ауысқанда қиыншылықпен бейімделеді.
Э. Кречмер конституциялық типология теориясы Батыс Европада кең қолдауын
тапты. Ал осы теорияны өзіндік ерекшеліктерімен осы ғасырдың 40-жыл-дарында
АҚШ-та одан әрі жалғастырған У. Шелдон болды. Шелдон колледжде оқитын 4000
жуық студенттердің фотосуреттерін визуалды зерттеуде күрделі антро-
поскопиялық әдісті қолданды [11].
У.Шелдон сыртқы белгілер мен мінез-құлық сиаптамалардың арасында
корреляциондық анализ жүргізіп, жеке тұлғаның 3 типін ұсынды:
1) Эндоморфты тип- қарны қампиған, майлы тканьдері көп, қарым-қатынаста
ашық. Өзінің сезімдерін еркін бейнелейді.
2) Мезоморфты тип – бұлшықет жүйесі жақсы дамыған. Денесі түзу және нығыз.
Сезім және ойларында тұйықтық, тынымсыз кеде агрессивті мінез-құлық
байқалады.
3) Эктоморфты тип - арық, ішкі мүшелері әлсіз дамыған. Қол-аяқтары ұзын,
жіңішке, бұлшық еттері әлсіз. Мұндай адам тұйық,интровертті және өмірдің
қиын жағдайларында жалғыз болуды қалайды.
У.Шелдон құрған типология, конституционалдық типологиялардың арасында
негізделген және статистикалық дәледенген болып саналады. Бұл теориялардын
көпшілігінде ғалымдар тұлғаның психикалық қасиеттерінің қалыптасуында
қоршаған орта мен әлеуметтік жағдайлардың ескерілмей қалғанын өткір сынға
алды.
Белгілі поляк ғалымы Ян Стреляу адамның дене құрлымы ерекшеліктерінің
темпераментпен байланысын зерттеуді шектемеуді ұсынды, адамның өмірлік
жағдайларға және қызметіне бей-імделуіндегі темпераменттің қаншалықты
маңызды рөл атқаратынын қарастыру керек деп тұжырымдаған. Оның пікірінше,
индивидтің өсуі кезінде және ерекше орта жағдайлардың әсер етуінен
темперамент белгілі бір өзгерістерге ұшырауы мүмкін деген [11].
Ресей елінде 50 жылдардың басында адамның психофизиологиялық ерек-
шеліктерін диагностикалық зерттеу бағыты аса қарқындылықпен дами бастады.
Темпе-раменттердің физиологиялық негіздерін ғылыми түрғыдан түсіндірген
академик И.П. Павлов болды. И.П. Павлов негіздеген типология темперамент
психологиясы саласындағы көптеген лабораториялық зерттеулерге бастама
берді. И.П. Павловтың идеяларын оның шәкірттері В.М. Теплов, В.Д. Небылицын
одан ары өрбітіп,адамның жүйке жүйесінің қасиеттерін зерттеудің көптеген
әдіс-тәсілдерін ұсынды.[12]
Қазіргі кезде ғалымдар ізденістер нәтижесінде темперамент тиологиясын
жаңа мәліметтермен толықтыруда. В.С. Мерлин мектебінде темпераменттің
негізгі 9 параметрлерін бөліп көрсетті:
1) эмоционалдық қозғыштық;
2) зейіннің қозғыштығы;
3) эмоцияның күші;
4) мазасыздық;
5) еріксіз қозғалыстардың реактивтілігі;
6) мақсатты бағытталған әрекеттің белсенділігі;
7) пластикалық- ригидтілік;
8) қарсылық;
9) субъективация.
Алайда барлық ұсынылған сипаттамаларды темпераментке жатқыза алмаймыз,
мысалы, зейіннің қозғыштығы таным үрдістерін сипаттайды, ал еріктің бел-
сенділігі және субъективация мінездің қасиеттеріне жатқызамыз.
В.М.Русаловтың ойынша темпераментті адамның сөйлеу мінез-құлқына,
яғни, адамның дауыс ырғағына, сөйлеу қарқындылығына, грамматикалық қате-
лердің болуына, жауаптардың жыл-дамдығына, пікірлердің ұзақтылығына,
адамдармен әңгімелесу әрекеттеріне байланысты анықтауға болады деген. Жалпы
алғанда, әрбір адам белгілі типті жүйке жүйесіне ие өмірде қайөқай
темпераментте таза күйінде сирек ұшырасады. Көп жағдайда бір адамның
бойында бір темпераменттің белгілері басымдау болғанымен, басқа темпе-
раменттің нышандары да кейде қылаң беріп қалуы мүмкін. Темперамент арқылы
адамның көзқарасын, таным-түсінігін, наным-сенімін анықтау мүмкін емес.
Темперамент тек адамның жеке басының динамикасын ғана сипаттайды.[13]
Сонымен, темперамент - әр адамның психологиялық қызметінің қозғалысын
(психологиялық динамикасын), немесе мінез-құлқын сипаттайтын ерекшелік. Бұл
психикалық ерекшеліктер адамның барша іс-әрекетінде оның мазмұны, мақсаты
және себеп түрткілеріне тәуелсіз бірқалыпты көрінеді, есейген шақта да
өзгеріске түспей, өзара байланыста темперамент кейпін өрнектейді.

1.2 Оқушыларының темпераменттерін тәрбиелеу жолдары
Адамдардың темпераментін анықтау үшін оны өте мүқият зерттеу қажет
болады. Көпшілік жағдайда темпераменттердің кейбір ерекшеліктері байқала
қоймайды да, осыған орай кейде қате қорытындылар жасалады. Темпераменттер
жүйке жүйесінің тума типтеріне көбірек тәуелді болғандықтан, оларды тек
лаборатория жағдайында зерттеу жақсы нәтиже береді. Жоғарыда атап өткендей,
адамның іске қызығуы әуестенуімен байланыстылығын және істің әр саласында
бір тепераменттің өзі әр түрлі көрінетіндерін психология ғылымы дәлелдеп
отыр.
Түрлі темпераменттердің ішінен бүлардың қайсысы жақсы деп сүрақ қоюға
болмайды. Кез келгенінің де үнамды, үнамсыз жақтары бар. Әр адам өз
темпераментінің жақсы жақтарын біліп, нашар жақтарынан арылу жолын
қарастырса, сөйтіп өз темпераментін меңгере алатын халге жетсе — бүл осы
адамның сана-сезімінің жақсы көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Ал
керісінше, адам темпераментіне еріп, өзіне-өзі ие бола алмаса,
темпераменттің қайсысы болсын адамды үнамсыз етіп көрсететін болады.[14]
Сангвиник - еті тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондай оқушы ақкөңіл
және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді, сәтсіздігін жеңіл
өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа оқушылармен тез тіл
табысады. Қысылып- қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Сангвиниктерді оқу
үрдісінде бақылаған жақсы, яғни оқу үстінде олар қасиеттерін айқын
көрсетеді. Егер оқу материалы қызықты және жас ерекшелігіне сай болса, онда
кіші оқушы жаңа берілген материалды тез қабылдайды, жеңіл есте сақтайды. Ал
егер материал қызықсыз және оны оқу үшін көп уақыт қажет болса, онда оқушы
оны есте ұзақ уақытқа сақтай алмайды. Сангвиниктерді дұрыс тәрбиелегенде,
оны жоғары дәрежеде жетілген бірлік және қайырымдылық сезімі оқуға деген
белсенділігі ерекшелендіріп тұрады. Жағымсыз жағдайларда, жүйелілік пен
бірізділік жоқ кезде, сангвиник жеңілтектік, бейбастық, шашыраңқылық
байқалады. Осындайда олар кейде оқуға жауапкершіліксіз қарайды.
3-ші сыныпта оқитын сангвиник типінің өкілін алатын болсақ, олар еті тірі,
белсенді болып келеді. Сабақ үстінде тынышсыз, жиі алаңдайды, сабақта
достарымен көп сөйлеседі. Сыныпта өтіп жатқан барлық жағдайларға мән беріп
отырады. Достарының арасында ылғи да сыйлы және оларға көптеген қызық
әңгімелер айтады. Осы оқушы жаңа ортаға тез бейімделеді. Егер берілген
жұмыс немесе тапсырма жеңіл болса, оқушы оны тез орындайды, ал жұмыс қиын,
қытымыр, ұзақ болса, жұмысқа суып кетеді. Егер математика сабағында есеп
беріле сала сол оқушы жауабын айтса, және бұл жауабы қате болса, ол
арықарай шығарып, дұрыс шешуін іздемейді, келесі жұмысқа көшеді.[15]
Флегматиктің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып,
төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді
ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процесстер
флегматикте баяу жүреді. Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең
кедергі келтіретін жері:тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру. Кейде
флегматиктер жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ мерзімге. Адамдармен
қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал
орынсыз сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты. Олардың байыптылығы мен
байсалдылығы өмірге деген көзқарасынан да көрінеді. Флегматикті ызаландыру
немесе эмоционалды әрекет жасау оңай емес, ол ұрыс- керістен аулақ жүреді,
оны әртүрлі қиыншылықтар тепе-теңдігінен шығармайды. Флегматикті дұрыс
тәрбиелегенде іскерлікті,талапшылдықты орнатуға болады. Бірақ жағымсыз
жағдайларда оларда әлсіздік, жалқаулық пайда болады. Мысалы 2-ші сынып
оқушысы – флегматик, ол барлық істі баяу, байыппен, асықпай істейді. Одан
сабақ сұраған кезде, ол баяу орнынан тұрып, азғана үндемей тұрады да,
сабақты үйден қараған болса, бірқалыпты дауыспен сабақ айта бастайды; ал
егер үйде оқымаған болса, мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап қайтармай
үнсіз тұрады. Кейде ондай оқушылар мұғалімді ызаландырады, ал достары оның
баяулығына күледі. Бірақ, флегматик оқушы – жақсы дос,ашық және өте
ұстамды, оны ренжітіп алу немесе күлдіру өте қиын.
Холериктің темпераментті өкілі тездігімен, шапшаңдылығымен,
ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Оларда психикалық
процестер шапшаң өтеді. Күйгелектік сондай акдамдарға тән. Ол жұмыс істеуге
жақсы қарқынмен кірісіп, күші таусылғанда оны тастап кете береді.
Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз, агрессивті,шамданғыш болып келеді.
Сондықтан, холерик болған жерде ұрыстар жиі болады, Холерик темпераментінің
жағымды жағы – энергия, белсенділік, құштарлық, инициативтік. Жағымсыз жағы
– ұстамсыздығы,қаталдық, қатаңдық, шамдану, ыза. Мысалы, кіші холерик
оқушыда талпыныс пен құштарлық ерекше көзге түседі. Тіпті партада мұғалімді
тыңдап отырған холерикті анық мимика мен энергетикалық белгілер арқылы
ажыратуға болады. Тақтада жауап бергенде, кіші оқушы бір аяқтан екіншісіне
ауыстырып тұрады, өте жылдам жауап береді. Ондайлар тез істеуге, үлкен
өзгерістерге құлшынып тұрады. Міне, мұғалім кезекшіні бор әкелуге жіберді
делік, ол жиналып барғанша, холерик оқушы орнынан тұрып борға өзі жүгіріп
кетеді. Бұл оқушы әр нәрсеге құштар, істі бастағанда, оны өте тез және
беріліп істейді де, түрлі кедергілерден жеңіл өтеді. Ол өте ұстамсыз, өте
қарапайым қиыншылықтар үшін күйіп-пысады, мұғалімдер мен ата-аналарына
айқайлап сөйлейді. Бірақ ол агрессиялық күйден қайта қалпына келгенде, олай
істеуге болмайтынын түсінеді, сонда да ол өзіне ештеңе істей алмайды. Оның
ұстамсыздығы оған көп кедергі жасайды және ол үнемі достарымен ойын үстінде
ұрсысып, мұғаліммен сабақ үстінде ұрсысады.[16]
Меланхоликтің темперамент өкілінде психикалық процесстер өте баяу
жүреді. Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ және қатты күш
түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты
қоршаған ортада, мысалы,үйде ондай балалар өздерін жақсы ұстап, іс-
әрекеттерді жақсы орындайды. Эмоциялары баяу туады, бірақ тереңдігімен және
күштілігімен ерекшеленеді. Олар өте сезімтал, реніштерін іште сақтап,
оларды көп ойлай береді, бірақ сондай қиыншылықтар бар екенін ешкімге
көрсетпейді. Меланхоликтер тұйық,таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа
ортада қатты қысылады. Жағымсыз жағдайларда ауруға айналған осалдық,
қысылу, көңілсіздік, пессимизм пайда болады. Меланхолик кіші оқушы
коллектив арасында болуды ұнатпайды. Ал егер оны дұрыс тәрбиелесе,
қызығушылығы, эмоция сезімі, қабылдауы арта түседі. Мысалға мен 4-ші сынып
оқушысын алайын. Ол тұйық, ұялшақ және ол ешкімге көрінгісі келмейді.
Біреуден қорқып жүрген сияқты. Проблемаларды терең сезініп, көп уайымдайды.
Сабақ айтып тұрған кезде қызарып кетеді, сабақты біліп тұрса да сасқалақтап
жауап бере алмай қалады. Істегісі келмейтін жұмыспен айналысса, тез шаршап
кетеді. Достарына көмектесуді ұнатады.
Оқушылардың мінез-қүлқын жан-жақты етіп тәрбиелеуде, олардың
темпераменттеріне ерекше көңіл бөліп отырудың маңызы зор. Темперамент
тәрбиесінде әрбір мүғалім И. П. Павловтың, жүйке жүйесінің типтері туралы
іліміне сүйенуі тиіс, Павлов ілімі жүйке жүйесінің типтері өмір барысында
өзгеріске түсетіндігін, бүлардың тума ерекшеліктерімен қоса, қоғамдық
тәрбиенің імен қалыптасатын типтері де болатындығын, жүйке жүйесінің
типтерін арнаулы жаттығулар арқылы өзгертуге болатындығын көрсетті.
Мәселен, аса кұшті ұстамсыз типтің жүйке процестерін теңдестіру арқылы одан
темпераменттердің жақсы жақтарын тәрбиелеуге болатындығы байқалады. Осы
ілімге сүйене отырып, тәрбиешілер холериктерді үстамсыздықтан аулақтатып,
тыныш, үзақ жүмыс істеуге үйретіп, сангвиниктерді жүмысты сабырмен асықпай
істеуге, флегматиктерді жайбарақаттыққа салынғызбай, меланхоликтерді
өздеріне сенуге, батылдыққа тәрбиелеулері тиіс.[17]
Мүғалім оқушылардың темпераменттерін тәрбиелеуді, олардың моральдық
қасиеттерін тәрбиелеу ісімен орайластыра жүргізуді жоспарлағаны жөн.
Балалардың сабақ үстіндегі тәртібін үйымдастырғанда, әсіресе, мінез-
қүлықтық кейбір теріс көріністері әңгіме болған кезде, олардың темперамент
өзгешеліктері еске алынып отырылуы тиіс. Мүғалім үй тапсырмаларын сүрау,
жаңа сабақты пысықтау кездерінде де өр баламен жеке үндесіп отырмаса
болмайды. Мәселен, тілі мен жағына сүйенген холерикті тыныштандырып,
үндемей отырған флегматикті жауап беруге шақыру мүғалімнен асқан
байсалдылықты қажет етеді. Ал, кейбір жағдайда, меланхолик бала тәртіп
бүзған болса (мүндай жағдай өте сирек болады, әрі олар өздері бірінші болып
тиіспейді), оны жүрт алдында қызартып, үялту дүрыс емес. Мүндай баламен
істің мәнісін ашу үшін, оңаша сөйлескен дүрыс, тіпті бір қараудың өзі жетіп
жатыр. Холерик темпераментіндегі балаға қатаң ескерту жасап, қойылған
талапты қалайда орындатқызу жағын ойластырмаса болмайды. Сангвиниктер мен
холериктердің мектептегі қоғам жүмыстарына өздері тіленіп қатысатыны өте
жақсы әдет. Бірақ бүларды қадағалап, жүмысына бағыт беріп отырмаса,
жүмыстың нәтижесі: төмен болуы ықтимал. Әсіресе, сангвиниктерді қатты
бақылаған абзал, өйткені, олар жүмылып кіріскендерімен, жылдам суып қалатын
балалар.[18]
Темпераменттерді тәрбиелеуде баланың ерік-жігерін, мінез бітістерін,
сезім-эмоцияларын тәрбиелеумен үштастырыла жүргізілгені дүрыс. Адамның өзін-
өзі үстай алу қабілетінің дамуы темперамент тәрбиесіне жақсы жәрдем береді.
Ерік темпераменттің кез келген түрінен де алдыңғы қатардан орын алу кажет.
Ерік-жігері күшті дамыған темпераменттің қандайы болса да жараса береді.
Мәселен, нағыз холерик темпераментінің өкілі боп саналған орыс қолбасшысы
Суворов, ерік-жігерінің аса күштілгінен темпераментінің жетегінде кетпей,
ерлік істердің небір кереметтерін көрсетіп, туған Отанының даңқын шығаруға
зор үлес қосқан.
Оқушылардың темпераменттерін тәрбиелеудің айтылғандардан басқа да көп
әдістер мен жолдары бар. Бүл жерде әрбір мүғалім баяу болса да,
темпераменттердің өзгеріп отыратындығын, яғни ол адамның жасына, білімі мен
тәжірибесіне, тәлім-тәрбиесіне, нақтылы әрекетіне байланысты түрлі
өзгерулерге түсетіндігін ылғи да еске үстап, осыған орай әрбір оқушымен
жеке жүмыстар жүргізу қажет. Мәселен, оқушының жасына қарай оқудағы үлгірім
дәрежесін, тәртібін, басқа балалермен қарым-қатынасын, қоғам жүмыстарына
қалай араласатындығын үдайы қадағалау, олардың ата-аналарымен байланыс
жасау, өсіресе, қоғамдық пайдалы еңбекке қатыстырып отыру қажет.
М. Жүмабаев айтуынша "Темпераментті тізгіндей білу үшін адамның жақсы
тәрбиеленуі керек".[19]
Темпераменттерді тәрбиелеуде баланың ерік-жігерін мінез бітістерін,
сезім-эмоцияларын тәрбиелеумен ұштастырыла жүргізілгені дұрыс. Адамның өзін-
өзі ұстай алу қабілетінің дамуы темперамент тәрбиесіне жақсы жәрдем
береді. Ерік темпераменттің кез келген түрінен де алдыңғы қатардан орын алу
қажет. Ерік-жігері күшті дамыған адамға темпераменттің қандайы болса да
жараса береді. Мәселен, нағыз холерик темпераментінің өкілі болып саналған
орыс қолбасшысы Суворов ерік-жігерінің аса күштілігінен темпераментінің
жетегінде кетпей, ерлік істерінің небір кереметтерін көрсетіп, туған
Отанының даңқын шығаруға зор үлес қосқан.[20]
Оқушылардың темпераментін тәрбиелеудің айтылғандардан басқа да көп
әдістері мен жолдары бар. Бұл жерде әрбір мұғалім баяу болса да,
темпераменттердің өзгеріп отыратындығын, яғни ол адамдардың жасына, білімі
мен тәжірибесіне, тәлім-тәрбиесіне, нақтылы әрекетке байланысты түрлі
өзгерулерге түсетіндігін ылғи да еске ұстап, осыған орай әрбір оқушы мен
жеке жұмыстар жүргізу қажет. Мәселен, оқушының жасына қарай оқудағы үлгерім
дәрежесін, тәртібін, басқа балалармен қарым-қатынасын, қоғам жұмыстарына
қалай араласатындығын ұдайы қадағалау, олардың ата-аналарымен байланыс
жасау, әсіресе, қоғамдық пайдалы еңбекке қатыстыру қажет.
Сонымен, қорыта келгенде біздің ойымызша темпераменттің тұлға ретінде
қалыптасуында алатын орны зор деуге болады. Оқу мен тәрбиені оңтайластыру,
олардың тиімділігін көтеру жолында әрбір педагог өз шәкіртінің темперамент
типін мүмкіндігінше нақты анықтап алғаны жөн. Осы тұрғыдан мұғалімдерге
кеңес: холериктің оқу істерін мейлінше жиі бақылауға алған дұрыс. Бұл типті
оқушымен қатты сөзбен, жекіріп қатынас жасауға тіпті болмайды. Сонымен
бірге оның қай қылығы болмасын орынды талаппен, әділ бағалануы
тиіс.Сангвинниктерді үздіксіз жаңа қызғылықты, зейін тоқтатып, белгілі күш
жұмсауды талап еткен істерге қосып отыру керек. Сонымен қатар, оны ұдайы
белсенді іс-әрекетке араластырып, мақтауын үзбейжеткізіп тұру да өте қажет.
Флегматик болса қызғылықты, белсенді әректке келіп, жұрт назарында болғанды
ұнатады. Оны бір ісінен екінші ісіне ауыстыра бермеген жөн. Ал
меланхоликпен жұмыс істеуде дөрекі сөз, тұрпайы қатынас қана емес, тіпті
жай дауыс көтеру, әзіл-оспақтың өзі орынсыз. Онымен жіберген қате-
кемшіліктері жөнінде оңаша әңгімелескен жөн. Оған ерекше назар бөліп,
әрқандай іс-әрекетте көрсеткен белсенділік ұшқыны үшін де мезетінде мақтап,
қошеметтеп отыру керек. Ескертулер мен ұнамсыз бағаны мүмкіндігінше
жұмсартып, байқап жария еткен орынды. Меланхолик - өте сезімтал, өкпешіл
тұлға, сондықтан оған дегенде өте мейірлі, жақсы ниет білдіре отырып
қатынасу керек. Сонымен, адамның қай мазмұнда болмасын өз іс-әрекетін
жүзеге келтіруі тікелей темпераментке байланысты демекпіз.
Қорыта айтқанда, мектеп оқушыларының, әсіресе бастауыш сынып
оқушыларының оқу үлгерімін дамыту қазіргі таңда өзекті мәселеге айналып
отыр. Осы мәселені кеңінен қарастыруға баланың бойындағы тума қасиеттердің
бірі – темперамент ерекше орын алады деп санаймыз.

2. Мінез-құлқын қалыптастыру психологиялық теория негіздері.
2.1 Мінез туралы жалпы ұғым
Нақты адамды сипаттау немесе бағалау кезiнде оның мiнезi туралы
айтады. Әрбiр адам басқа адамдардан өзiнiң даралық өзгешелiктерiмен
ерекшеленедi. Адамдар өзара мiнез ерекшелiктерiне қарай ажыратылады. Мiнез
деген психологиялық қасиеттiң төркiнi гректiң ''charakter'' деген сөзiнен
шыққан. Мәнiсi - iз қалдыру.
Мiнез - бұл адамның әлеуметтiк мiнез-құлқының ерекшелiгi, ол
әлеуметтiк топтағы адамдардың жүктелген iсiн орындауында, адам аралық қарым-
қатынасында көрiнiп отырады. Мiнез ерекшелiктерi адамның даралық өзiндiк
психологиялық қасиеттерi. Дегенмен адам бойындағы ерекшелiктердiң бәрi
бiрдей. Мысалы, естудiң нәзiктiгi, көздiң көргiштiгi, есте сақтаудың
шапшаңдығы, ақыл ойдың тереңдiгi мiнез ерекшелiктерiне жатпайды. Адам
мiнезiнiң көрiнiстерi әрбiр жеке жағдайда оның оқиғаларға қатысуынан
аңғарылады. Адамның iс-әрекетi сол iске деген қатынасымен қатар, ерiк-
жiгерiне, көңiл-күйiне, зеректiгiне, ақыл ойына да байланысты болады. Соның
нәтижесiнде адамның әр алуан психикалық процесстерi, оның iс-әрекет
түрлерiне ықпал етiп, адамның ақыл ойын, көңiл-күйiн, эмоциясын, ерiк-жiгер
қасиеттерiнiң ерекшелiктерiн айқын аңғартады.[21]
Мiнездi зерттеу бұдан бiрнеше жылдар бойы басталған болатын. Мiнездi
зерттеу дамуының ұзақ тарихы бар. Адам мiнезiнiң даралық ерекшелiгi жайын
ғылым тарихында тұңғыш рет сипатттап жазған ертедегi грек философы
Теофраст. Бiрақ ол мiнездi адамның адамгершiлiк сапасына тән қасиет дейдi.
Лабрюйер де ''Теофраст мiнездерi''деген еңбегiнде мiнездi адамның
әлеуметтiк адамгершiлiк ерекшелiктерi жағынан қарастырған. Бұл бiрақ,
темпераментке керi анықтама. Өйткенi темперамент – адамда туа пайда болатын
генотиптi ағза қасиетi. Осы көзқарасқа орай, мiнез адамның туа пайда
болатын фенотиптiк ерекшелiгi. 19 ғасырда француз ғалымы А.Бен мiнездi тек
психологиялық ерекшелiк, дара адамның ақыл ойы мен сезiмiнiң және ерiк
ерекшелiгiнiң қасиетi деп санады. Т.Рибо мiнездi сезiм мен ерiк ерекшелiгi
десе, ал орыс дәрiгерi және педагогы П.Ф.Лесгафт ерiк қасиетi дедi. И.Кант
мiнездi темпераментпен салыстыра отырып,оны адамның жүре пайда болатын
қасиетi деп анықтады. Сондай-ақ ол адамның даралық қасиеттерiндегi туа
пайда болатын ерекшелiктерi мен жүре пайда болатын ерекшелiктердi бөлiп
көрсеттi. Малапер Фуле т.б. мiнездiң туа пайда болуымен қатар, жүре пайда
болатын ерекшелiктерi бар дедi.[22]
Мiнез адамның басқа адамдармен жұмысына қатынасын бiлдiретiн жеке
адамның тұрақты ерекшелiктерiнiң жиынтығы. Мiнез iс-әрекет пен қарым-
қатынаста айқындалып, адам мiнез-құлқына тән көрiнiс бередi. Мiнез адамның
өзi таңдаған iс-әрекетiнен байқалады. Кейбiр адамдар iс-әрекетiнiң аса
күрделi қиын түрлерiмен айналасуды қалайды, олар үшiн кедергiлердi жеңу
жолдарын iздеу, амалдарын табу қызықты болады. Ал, кейбiреулер iс-әрекеттiң
ешбiр кедергiсiз оңай түрiн қалайды. Кейбiреулер үшiн жұмыс нәтижесiне
қандай жол арқылы жеткенiнен басқа адамдарды басып озу басты мәселе болса,
басқаларға әйтеуiр жұмысты бiтiрдiк деген ой өте маңызды. Адамдар мен қарым-
қатынастағы мiнез-құлықтың (үлгiсi) манерасы адамдар әрекеттерiне жауап
қайтаруларынан көрiнедi. Қарым-қатынас мәнерi сыпайы-анайы,биязы-
дөрекi,әдептi-әдепсiз т.б. бола алады. Мiнездердiң темпераменттен бiр
айырмашылығы,олар тек жүйке жүйесi қасиеттерiне ғана емес, адам мәдениетi
мен тәрбиесiне де байланысты.
Адам мiнезi - әр түрлi стимулдар мен түрлi оқиғаларға кездейсоқ жауап
беру ерекшелiктерiмен айқындалмайды,ол оның негiзгi әрекеттерiн айқындаушы.
Мiнездi адамның әрекетi әрдайым саналы, жауапты және ойланған түрде өтедi.
Мiнездi адам сыртқы жағдайға қарамай дербес, өзiнiң ерiк-жiгерi мен
белсендiлiгiн көрсетедi, өзiн-өзi ұстайды. Ал, мiнезсiз адам iс-әрекетпен
қарым-қатынаста сыртқы жағдайларға бағынып, тәуелдiлiкте жүредi. Адамдардың
мiнезi пайда болуы, қалыптасуы мен дамуы бойынша темпераментпен байланысты,
бiрақ мiнез тұрақты және өзгермелi болып келедi.
Поланның айтуынша мінездің барлық сипаттары адамның тіршілік
жағдайларына байланысты деген пікір айтады. Сонымен, мінез жөнінде екі
пікір қалыптасып, олар осы уақытқа дейін пікір таластар туғызып келеді.
Соған қарамастан қазіргі зерттеулерде мінез адамның өмір салтына және
әлеуметтік ортаның ерекшеліктеріне тәуелділігіне ешкімде күманданбайды.
Табиғи күштерге табиғи физиологиялық процестер жаттын темперамент
ерекшеліктері арқылы қарастырылады. Темперамент - адамда туа пайда болатын
генотипті организм қасиеті. Темперамент адамның жүйке жүйесінің типтері
арқылы анықталады. Өйткені, жүйке жүйесі типтерінің сыр-сипаты темперамент
типтерімен бірдей. Мұның екеуі де дара адамның бойындағы өзгешеліктерін
сипаттайды. Жүйке жүйесінің типі шыдамсыз болса - холерик, сергек болса -
сангвиник, тыныш болса - флегматик, әлсіз болса -меланхолик болады.
Сондықтанда, адамның мінез-құлқы оның темперамент типіне байланысты болуы
әбден мүмкін - деп атап көрсетеді.
Адамдар түрлі іс-әрекетпен айналысады, осы іс-әрекетпен айналысу
барысында оларда белгілі-бір мінез-құлық пайда болады. Адамның мінез-құлқын
түрлі жағынан суреттеуге болады. Кез-келген мінез-құлықтын басы мен аяғы
болады. Адамның мінез-құлық детерминациясын түсіндіру үшін мотивацияның
көптеген психологиялық теориялары қолданылады. Мотивацияны оқу - бұл адам
белсенділігін арттырып отыратын себептерлен факторлардар талдау.
Мотивациялық теориялардың көбінде мінез-құлық белсенділігінің 3 негізгі
параметрі талданады. Сондай-ақ, себебі бар мінез - құлық жекелік және
ситуациялы деп аталатын екі фактор әрекетінің нәтижесі:[23]
1. Жекелік фактор - жеке адамның мотивациялық диспозициясы (қажеттілік,
мотив, дағды, бағыттылық);
2. Ситуациялы фактор - сыртқы, яғни, адамның айналасындағы жағдайлар (басқа
адамның мінез-құлқы, бағасы, қатынасы, физикалық жағдайлары және т.с.с);
Адам мінез-құлқының себептері американ психологтары Эдвард, Лиси,
Ричард және Руян "өзіндік детерминация және ішкі мотивация" теориялары мен
түсіндіреді. Ол бойынша, мотивацияның екі типі және оған сай мінез-құлықтын
да екі типі бар:[24]
1. Сыртқы мотивация және оған сай мотиві бар немесе себебі бар мінез-құлық.
2. Ішкі мотивация және оған сай мотиві бар немесе себебі бар мінез-құлық.
Л.С.Выготский бойынша мінез құлықтың формалары мен функцияларының
жүйелілігін былайша талдауға болады: Жоғарғы психикалық функция мінез-
құлықтын өз-өзіне арналған әлеуметтік мүмкіндігі болып табылады.
Л.С.Выготский жоғары психикалық функцияның дамуы мінез-құлықтын жоғары
формаларының дамуының екі бұтағын қамтиды деп атап көрсетеді. Бірінші -
мәдениетті даму және ойлаудың сыртқы түрлерін меңгеру мен, яғни, тілмен,
жазумен, есеппен, суретпен көрінеді. Екінші - дәстүрлі психологияда ерікті
зиын, логикалық ес, түсінік деп аталатын анық анықталмаған, шектелмеген
арнайы жоғары функцияның даму процестері; осы аталғандарды балалардың мінез
құлқының жоғары формаларының даму процесі деп шартты түрде айтамыз.
(Выготский Л.С.).[8]
А.Р.Лурия берген анықтама өзінің белгілер санының көптігімен
ерекшелінеді. Мінез-құлықтын жоғары формаларының ерекшелігі өзінің мінез-
құлықтын басқару үшін жасанды, көмекші құралдарды қолдануында. Жасанды
стимулдарды қолдану мінез-құлықтын жаңа формаларын анықтаудың формалары
болып табылады.
Сонымен, психологияда мінез жеке, дербестiк мағынадағы адамдарға
байланысты ұғым. Психологияда мiнез түсiнiгi адам iс-әрекетi және мiнез-
құлқы формасында көрiнетiн жеке-дара психикалық қасиеттердiң жиынтығы.
Мiнез- әрбiр адамның жеке басына тән өзiндiк психологиялық қасиеттер мен
ерекшелiктер жиынтығы. Мiнездiң қасиеттерi мен ерекшелiктерi әркiмде әр
қилы жағдайда байқалып, адамның сол жағдайларға қатынасын бiлдiредi.
2.2 Мінез типологиясы
Адам мiнезi онтогенездi пайда болып, бүкiл өмiр бойына тұрақты.
Мiнезге кiретiн жеке адам бiтiстерi кездейсоқ емес, олар мiнездi анықтауға
көмектеседi және типтерге бөледi. Сол мiнез типтерi бойынша адам мiнезi
бiрнеше топқа бөлiнедi.
Э.Кречмер бойынша дене бiтiмi бет әлпетiне қарай астеникалық тип-арық,
жiңiшке адам, соның арқасында ұзын болып көрiнедi. Астениктердiң дене және
бет терiсi жұқа. Иықтары кiшкентай. Саусақтары ұзын жiңiшке, бұлшық еттерi
нашар жетiлген,ал әйел адамдар сонымен қатар кiшкентай болады. Атлетикалық
тип- орташа және ұзын бойлы, иықтары кең, көкiрегi үлкен, басы ұзынша, әрi
тығыз, қаңқа сүйектерi мен бұлшық еттерi жақсы жетiлген. Пикниктик тип-
орта бойлы, мойны қысқа, семiруге бейiм, себебi бұлшық еттерi мен қозғалыс
аппараттары нашар дамыған. Э.Кречмердiң айтуы бойынша осы типтер
психологиялық ауруларға шалдығуы мүмкiн. Астениктер мен атлетиктер
шизофрения ауруына шалдығып жатады, оларды шизотимиктер деп атайды. Оларға
ақ сүйектiк, сезiмталдылық, менменшiлдiк, суықтық, қатiгездiк, билiкке
құмарлық және эмоциялардың болуы тән. Ал, пикниктер маникалды –депрессивтi
психозға бейiм, оларды циклотимиктер деп атайды. Оларға ақ көңiлдiлiк, ашық
мiнездiлiк, көпшiлдiк, көп сөйлегiштiк, қалжыңға бейiмдiк, жеңiлтектiк
тән.[23]
Мiнездiң психологиялық теориялары 19 ғасырдың аяқ кезiнен бастау
алады. Сол кездегi зерттеушiлер адамның мiнезiн дене құрылысына қарай
түсiндiруге тырысқан. Адамның дене құрылысы қандай болса, оның мiнезi соған
сәйкес қалыптасады дедi. Адамның мiнезiн сыртқы тұрқы, бет-әлпетi,
нышандарынан зерттеп қарастыруға болады . Осы кезде френология ағымы
қалыптасты. Ол ағым бойынша адамның бас сүйегiне, формасына,жүйке саласына
қарап адамның мiнез-құлқын,ақыл-ойы дәрежесiн т.б.ажыратуға болады дедi.
Ал, графология ағымы бойынша адамның жазуына қарап оның мiнез ерекшелiгiн
ажыратуға болады дедi.
Осы кездерде көптеген ғалымдар мiнез мәселесiмен айналысты: немiс
психиаторы Э.Кречмер, У.Шелдон, К.Леонгард, А.Е.Личко т.б.
Мiнез акцентуациясы А.Е.Личко бойынша: жасөспiрiмдердi бақылауға
негiзделген, нақты бiр мiнез күшейуiн қарастырды, ол сыртқы жағдайларына
байланысты.[24]
Гипертимдi тип - қозғалмалылық, қарым-қатынасқа бейiм жасөспiрiм. Шуды
жақсы көредi, тынымсыз ортада болуды қалайды. Көңiл-күйi өте жақсы болады,
оқуы бiр қалыпты емес, бiр орында отыра алмайды,тәртiпсiздiк байқалады.
Үлкен адамдармен конфликтiлерге жиi түседi. Көптеген нәрселерге қызығады,
бiрақ ол тез өтедi. Өздерiнiң қабiлеттерiне тым сенгiш, тiптi шектен тыс
өзiне сенедi. Елдердiң алдында өзiн-өзi көрсеткендi ұнатады, мақтаншақ
болып келедi.
Циклоидты тип - апатияға бейiм, тез қозады, көбiнесе өзiмен өзi жалғыз
қалғанды ұнатады. Барлық нәрселердi жүрегiне қатты алады. Екi үш апта сайын
көңiл-күйлерi көтерiңкiден өзiне кетiп қалуға ауысады. Ескертулер жасағанда
ашуланады.
Лабильдi тип - көңiл-күйi ауа райы секiлдi тез өзгередi, оған әр түрлi
қарапайым нәрселер (бiреудiң көзқарасы, амандаспауы, бiр нәрсеге ден қоюы)
себеп болады. Олардың мiнез құлқы уақытша көңiлге байланысты. Казiргiсi мен
болашағы өзiнiң көңiлiне ұқсас болады, бiресе көңiлде, бiресе түңiлiп те
қалады. Кейде сәтсiздiктер мен қиыншылдықтар болмаса да көңiл-күйi төмен
болады, көп әуреленедi, сондай кездерде оның жақын адамдармен болғаны
жөн,оның басқа нәрсеге айналғандығы қажет. Олар өзiне деген қарым-қатынасты
ерекше сезiнедi.
Астено-невротикалық тип - қозғыш, шаршағыш, қырсық, ақыл-ой
жұмыстарына тез шаршайды.
Сензитивтi тип - жоғары сезiмталдық тип. Қозғалыс, құмар ойындарын
жақсы көрмейдi, үлкен компанияларда болуды қаламайды. Бейтаныс адамдармен
ұяң, ұялшақ болғандықтан тұйық болып көрiнедi. Тек жақын адамдарына ғана
ашық сөзшең болады, өзiнiң қатарластарынан гөрi үлкен кiсiлермен,
кiшкентайлармен болуды ұнатады. Үлкендердiң тiлiн алады, ата-аналарына
жақын келедi. Ондай адамдарда ''кемiстiк комплексi'' болады. Ортаға
бейiмделу қиынға соғады. Оларда жастайынан жауапкершiлiк қасиетi
қалыптасып, өзiне және басқа адамдарға үлкен талаптар қояды. Дос таңдауда
қателеспейдi, өзiнен үлкен адамдармен достасқанды қалайды, оларды өте жақсы
көредi.
Психо-астеникалық тип - интеллектiсi тез дамиды, өзiн-өзi және
басқаларды бағалауға бейiм, көп ойланып талқылауды ұнатады, бiрақ iс
жүзiнде емес, сөз жүзiнде ғана мықты. Өзiне-өзi тым сену шешiмсiздiкпен
байланысты. Абайсыз, салғырт, кенеттен шешiм қабылдайды.
Шизоидты тип - тұйық, өз қатарластарымен болғаннан гөрi үлкендермен
болғанды ұнатады. Басқа адамдарға қызығушылығының жоқ екенiн, немқұрайды
екенiн көрсетiп, олардың жағдайына көңiл бiлдiре алмайды. Iшкi жан дүниесi
қиялға толы. Сырттай өз сезiмiн көрсете бермейдi, маңайындағылар оны түсiне
бермейдi.
Эпилептоидты тип - көп жылап басқаларды мазасыздандырады. Ондай
балалар кiшкентайлар мен жануарларды ренжiтедi, өздерiн диктатор деп
санайды. Олар қатiгез, өзiн-өзi жақсы көредi, билеушi. Басқаларды қорқыту
арқылы өзiне бағындырып, қиын ережелер қояды. Өзiн басқалардан жоғары деп
санайды. Бастықтардың алдында бәрiн жасап, көтерiлуге тырысады.
Истероидты тип - үнемi ортада болуды қалайды, басқалардың алдында өзiн
суреттеп көрсетедi. Олар басқа бiреудi мақтағанды, басқаларға көңiл
бөлгендi жақтырмайды. Тек қана оны мақтап жүргендi ғана ойлайды. Көпшiлiк
ортасында лидер болғанды ұнатады.
Тұрақсыз тип ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Темпераменттің төрт типінің сипаттамасы
Темпераменттің шығу тегі, дамуы және қалыптасуы
Темперамент туралы ұғым, мағлұматтар
Жеткіншектердің жеке бас қасиеттері
Темпераменттердің типтері және олардың психологиялық сипаттамасы
Темперамент сипаттамасы
Темперамент туралы
Бастауыш сынып оқушыларының темперамент ерекшеліктері
Темпераменттуралы алғашқы ой-пікірлер
ТЕМПЕРАМЕНТ ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛАР
Пәндер