Қазақстанның Оңтүстік Шығыс Азия елдерімен сауда байланысы


Мазмұны
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының өзектілігі: Оңтүстік Шығыс Азия елдерімен кең ауқымды және өзара тиiмдi сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарын дамытудың жалпы стратегиясының басты бағыттарының бiрi болып табылады.
Бүгiнгi күнi Оңтүстік Шығыс Азия елдері Қазақстанның негiзгi сауда-экономикалық әрiптестерiнiң бiрi болып табылады. Алайда екi ел арасындағы сыртқы сауда айналымының оң өсу серпiнiне қарамастан, өзара сауда көлемi екi елдiң мүмкiндiктерiн көрсетпейдi және тұтастай алғанда, сауда саласындағы екi жақты қатынастар деңгейi мемлекеттердiң қолдағы әлеуетiне сәйкес келмейдi.
Қазақстанның шекара маңы аудандарын дамытудың әлеуетi инвестициялық ахуалдың ерекшелiктерiмен, игерiлетiн нарықтың өндiрiстiк факторларының құнымен және мемлекеттiк шекараны кесіп өтумен байланысты транзакциялық шығындармен, көлiк жағдайлары, шекаралық өтпелердiң және кедендiк бекеттердiң инфрақұрылымымен айқындалады.
Бұл аспектiлер өңiрлердiң де, сол сияқты тұтастай алғанда елдiң де әлеуметтiк-экономикалық дамуының құрамдас бөлiгi ретiнде, шекара маңы аумақтарының экономикасын көтеру мақсатында Қазақстан Республикасында шекара маңы ынтымақтастығына қарым-қатынасты өзгертудiң қажеттiлiгiн айқындайды.
Қазiргi уақытта республиканың әлеуетi халықаралық жүк ағындары жүйесiнде толық көлемде әрекет етпейді, негізгi халықаралық көлiк дәлiздерінің мамандануы соңына дейiн қалыптастырылмаған, елдiң аумағы бойынша көлiк жүк ағындарын толыққанды қалыптастыруды қамтамасыз етуге арналған халықаралық стандарттарға сәйкес көлiк жолдарының сервистiк қызметтерi мен сапасының деңгейiн арттыру талап етiледi.
Көлiк дәлiздерiнің қызметi халықаралық бизнес, трансұлттық компаниялар, отандық және шетелдiк инвесторлар өкiлдерiнiң неғұрлым көп санын, ең алдымен, бизнестi жүргiзудiң өзiнiң либералдық жағдайларымен, әсіресе елдің орта және шағын кәсіпкерлiгін ойдағыдай дамыту үшiн қажеттi нарықтық шығындарды барынша азайтумен тартады.
Еуропаның, Шығыс және Оңтүстік - Шығыс Азияның сыйымды және серпінді дамушы нарықтары арасында Еуразия құрлығының орталығында орналасқан Қазақстанның экономикасы көбінесе транзиттік мүмкіндіктердің жоғары әлеуетін тиімді пайдалануға тәуелді болып келеді. Республиканың көлік жүйесінің дамуына елдің үлкен территориясы (2725 мың км), халықтың шашыраңқы орналасуы (орташа шамамен 6 адам/ км2-ден аз), шикізаттық өндірістік ресурстарының біршама бір жерге орналастырылуы және т. б. әсер етеді.
Халықаралық талдау орталықтарының бағалаулары бойынша Оңтүстік-Шығыс және Шығыс Азия - Еуропа бағыттары бойынша транзиттік ағымдар 330 - 400 млрд. АҚШ долларына бағаланады, олардың 20% Ресей Федерациясы мен Қазақстанның территориясы арқылы өтуі керек. Бірақ Қазақстан әртүрлі себептерге байланысты аталған әлеуетті 10%-дан аз пайдаланады. Қазіргі уақытта шамамен 1, 5 млрд. АҚШ долларын құрайтын ішкі тасымалдардың көлемі 2010 ж. экономиканың индикативті даму жоспарына сәйкес 8 - 9% - ға артып, 3, 6 млрд. АҚШ долларына дейін өсуі мүмкін.
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, ұлттық деңгейде көлік жүйелерінің дұрыс емес дамуы өндіріс пен қызмет көрсету салаларындағы жоғары шығындардың өтелмеуіне, шаруашылық қызметтің барлық салаларының дамуының тоқырауына, аймақтардың өзара байланысының және еңбек ресурстарының жылжуының шектелуіне әкеледі. Транзитті-көлік мүмкіндіктерін тиімді пайдалану экономиканың ұқсас салалары мен орталарының жедел дамуын ынталандырады. Экономика мен көлік кешенінің дамуы диалектикалық бірлік пен бір-біріне объективті тәуелділікте болғандықтан да, Қазақстанның әлемдік көлік жүйесіне интеграциясы жолында мемлекеттің көліктік стратегиясын таңдауы қазіргі сатыдағы алдыңғы қатарлы міндеттердің бірі болып табылады.
Қазақстанның көліктік қызмет нарығын қалыптастыру үрдісінің күрделілігі және оның әлемдік жүйеге интеграциясы берілген ғылыми зерттеудің өзектілігін негіздейді және тұрақты экономикалық өсудің стратегиясын жасап шығаруды жүзеге асыру үшін маңызы зор.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Халықаралық интеграциялық үрдістердің теориялық-әдістемелік аспектілеріне отандық және шетелдік авторлардың ғылыми жұмыстарының біршамасы арналған. Олардың ішінен А. Маршалл, Дж. М. Кейнс, Дж. Гэлбрайт, Л. Туроу, Г. Мюрдаль, Д. Рикардо, А. Смит, Р. Вернон, П. Кругман, М. Портер, В. Леонтьев, Б. Олин, Э. Хекшер және т. б. ғалым-экономисттерді атауға болады. Аталған еңбектерде әлемдік шаруашылық байланыстардың ғаламдануы жағдайында интеграциялық үрдістердің жалпы теориялық мәселелері қарастырылған.
Мемлекеттердің халықаралық экономикалық интеграциясының маңызды бағыттарының бірі ретінде қызмет көрсету саласының қалыптасуы мен дамуы мәселелеріне Е. Ф. Авдокушиннің, Г. А. Гранбергтің, Б. Г. Дякиннің, А. Н. Козыревтің, Э. Г. Кочетовтың, А. А. Кочетковтың, В. М. Кутовтың, Н. М. Мухитдинованың, В. Е. Рыбалкиннің, Б. Н. Смитиенконың, Ю. А. Щербанинің, И. П. Фаминскийдің және басқа ғалым экономистердің жұмыстары арналған.
Жалпы экономикалық интеграцияның және Қазақстан республикасындағы көлік қызметтері нарығының объектісі ретінде көлік қызметтері нарығының қазіргі жағдайының маңызды ғылыми зерттеулері атап айтқанда, Е. М. Арыновтың, Н. К. Исингариннің, Е. Д. Атамқұловтың, Х. З. Арбатиевтің, Қ. Қ. Жанғаскиннің, Ю. Н. Лавришенконың, В. М. Лившицтің, К. Мадалиевтің, Ы. Ташбаевтың, Л. Ф. Сухованың, Х. С. Карибжановтың, Г. И. Тулеугалиевтің т. б жұмыстарында қарастырылған.
Қызмет көрсету саласындағы халықаралық интеграциялық үрдістерді түбегейлі түрде зерттеумен айналысатын отандық және шетелдік авторлардың еңбектерінің көптігіне қарамастан, аталған мәселенің көптеген аспектілері жеткілікті түрде зерттелмеген, жоғарыда аталған үрдістердің жүзеге асырылу механизмі мен мәнін түсінудің теориялық және әдістемелік негіздерінде зерттеуді қажет ететін мәселелер бар. Көлік қызметтері саласындағы елдің экономикалық интеграциясының теориялық және тәжірибелік аспектілерінің Қазақстанда жеткілікті зерттелмеуі аталған мәселенің теориясы мен тәжірибесін тереңдетіп зерттеу қажеттілігін алға қояды.
Зерттеудің мақсаты: Қазақстан Республикасының Оңтүстік Шығыс Азия елдерімен халықаралық экономикалық байланысын зерттеу.
Зерттеудің міндеттері:
- Халықаралық экономикалық байланыстың түсінігін зерттеу;
- Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің ынтымақтастығын қарастыру;
- Халықаралық экономикалық байланыстарды нысандары мен әдістерін анықтау;
- Қазақстан экономикасының дамуын зерттеу;
- Қазақстанның Оңтүстік Шығыс Азия елдерімен сауда байланысын анықтау;
- Қазақстанда халықаралық қатынастарды дамыту жолдарын анықтау;
- Халықаралық байланыс саласындағы мәселелерді зерттеу.
Жұмыстың зерттеу нысаны - Қазақстан Оңтүстік Шығыс Азия елдерімен арадағы өзара тиімді экономикалық ынтымақтастық пен стратегиялық серіктестігі болып табылады.
Диплом жұмысының теориялық және әдістемелік негізі - халықаралық экономикалық интеграцияның, атап айтқанда, интеграциялық үрдістердің дамуының басымды бағыттары.
Зерттеу кезінде әртүрлі әдістер мен тәсілдер қолданылды: абстрактілі -логикалық әдістердің ғылыми тәсілдердің жиынтығы, экономика-статистикалық, бағдарламалық-мақсатты әдістер, сонымен қатар салыстыру, жинақтау, экспертті бағалаулар мен болжау әдістері.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы төмендегіше сипатталады:
- Сыртқы экономикалық байланыстардың мәнділігі мен принциптерін сипаттайтын теориялық қағидалар тереңдетіле түсті. Сыртқы экономикалық байланыстардың тұрпаты мен түрлерін классификациялау нақтыланды.
- Қазақстан Республикасы мен Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің сыртқы экономикалық байланыстарының негізгі даму үрдістері мен ерекшеліктері айқындалды.
Қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдамалар. Зерттеу нәтижесінде қорғауға төмендегідей нәтижелер шығарылды:
- Қазақстан Республикасы мен Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің арасындағы экономикалық байланысы ашылды.
- Қазақстан Республикасы мен Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің сауда-экономикалық ынтымақтастығын толық ауқымда дамыту және сыртқы нарықтарға шығуды қалыптастыру ұсынылды.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық байланыстары
1. 1 Халықаралық экономикалық байланыстың түсінігі
Халықаралық экономикалық катынастың дәстүрлі ең кең дамыған нысанына - сыртқы сауда жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың ролі ерекше маңызды. Сыртқы сауда - тауарды әкелуден (импорт) және шығарудан (экспорт) құралады. Әрбір елдің сыртқы саудасының нәтижесі сауда балансынан көрінеді. Егер шығарылған тауар құны әкелінген тауар құнынан артық болса активті сауда балансы дейміз. Керісінше болған жағдайда пассивті сауда балансын құрайды.
Американ ғалымы Дис Сакстың пікірінше: "қандай бір ел болмасын, оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты. Дүниежүзілік экономикадан оқшауланып, ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алған жоқ" /1, 186 б/.
Халықаралық сауда- еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар өндірушілер арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың өзара экономикалық тәуелділігі. Ғылыми-техникалық прогрестің ықпалын экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлтық шаруашылықтардың қарым-қатынасын күшейтеді. Мұның өзі халықаралық, сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады. Дүниежүзілік сауданың қарқынды және өскелең дамып келе жатқан секторы-өңдеуші өнеркәсіп саласының тауарлары, оның ішінде ғылыми сыйымды тауарлар.
Халықаралық саудада жедел дамып келе жатқая саланың бірі-химиялық өнімдеу саудасы. Энерторесурстар мен шикізатқа сұраныстың көбейгенімен, шикізат саудысының қарқыны дүниежүзілік сауда қарқынынан едәуір төмен. Мұның себебі: біріншіден, шикізатты алмастыратын жасанды өнімдерді өндіруді ұлғайтуды; екіншіден, щшикізаттың өзін ұтымды пайдалану арқылы қалдықсыз, терең өңдеу процесін қолдану. Дүниежүзілік азық-түлік саудасының оған деген сұраныстың біршама азайғаны байқалады. Бұл белгілі өнеркәсібі дамыған елдерде азық-түлікпен қамтамасыз ету деңгейінің жоғарылауымен байланысты. Дүниежүзілік саудада жүріп жатқан процестерді талдасақ, оның басты тенденциясы сыртқы сауданы ырықтандыру дер едік. Бұл орайда бірқатар проблемалар да бой көрсетеді. Олардың негізгісі - мемлекетаралық экономикалық топтар, сауда-экономикалық одақтар деңгейіндегі протекционистік тенденциялардың ұлғаюы.
Сауда балансы пассивті болғанда мемлекет айырманы алтынмен жабуы керек немесе несие алуға өтініш жасайды. Сондықтан да әрбір мемлекет сыртқы тауарды көп шығарып, аз тасуға бейімделеді. Бұл тауар балансының активті болуын көрсетеді. Мемлекет импортты түсіру үшін қорғау іс әрекетіне көшіп, тасылатын тауарларға жоғарғы қорғау салығын қолданады немесе арзан ақша саясатын іске қосады. Әдетте, АҚШ өзінің сауда әріптесі Жапонияға осылай жасайды. Себебі Жапония АҚШ нарығын арзан автомашина, тоңазытқыш, аудио- және видеотехникаға толтырып тастады.
Шартты түрде: 1 доллар - 1 теңгеге тең делік. АҚШ Жапонияға тоңазытқыш тасыса, Жапония АҚШ-қа транзистор тасиды. Тоңазыткыштың шартталуына 100 долл. тең, ал транзистордың шартты құны 100 иен болмақ. Шетел тауарларының легін тоқтату үшін АҚШ «арзан» ақша саясатын ендіруге келісіп, өзінің ұлттық валютасын, иеннің долларға қатынасы екі есе болған. Бұл жағдайда 1 долл. Жапонияда 0, 5 иен ғана береді. Онда АҚШ-та иенге екі долл. төлеуге тура келеді. Мынаны түсіну қиын емес: Америка тоңазытқышы Жапонияда 50 иен болып, оны Жапонияда шын пейілмен сатып алады. Ал, Жапония транзисторының бағасы екі есе өсіп, американдықтар үшін 200 долл. сатылады. Бұл американдықтардың қымбат жапон транзсторын сатып алу пейілін барынша тарылтады /2, 123 б/.
Сауда кедергілерінің ауқымы көп және бұған мыналар енеді: сырттан әкелінетін тауарларға жоғарғы салымдар, ұлттық валютаның девальвациялануы, сыртқа шығаратын тауарларға квота, экспортқа еркін шектеулер. Мұның барлығын протекционистік шаралар дейміз немесе мемлекеттің экономикалық саясаты. Бұл аталған саясат ішкі нарыққ шетел тауарларының еніп кетпеуіне бағытталған.
Халықаралық нарық қазіргі жағдайда үш негізгі бағытты құрайды:
- тауар мен қызмет көрсету (ақпарат нарығын қосқанда) ;
- жұмыс күші;
- қарыз капиталы.
Халықаралық саудада шикізат тауарларының үлес салмағының кемуі, қазіргі өндірісте шикізат ролі кемуінің жалпы тенденциясын байқатады. ҒТР-ның дамуы жаңа технологияны қолдануға әкеліп шикізатқа шығындарды және дайын өнімнің мөлшеріне энергияны қысқартты. ҒТР сауданың қалыптасқан түрлерінен басқа түрлерін де тудырды. Оларға: техникалық білім, техникалық іс-тәжірибе, технологиялық процесс пен лицензия мен патенттер жатады. Сауда және тариф бойынша халықаралық басты Келісіммен (ГАТТ) басқа дүниежүзілік қауымдастықта экспорттық бақылаудың (1942-ші жылдан) халықаралық координациялық комитеті бар. Бұл комитетті құрудың басты инициаторы АҚШ болды. Батыс елдері озық техника мен технологияны сатуға бақылау жасау үшін шешім қабылдады. Оларды сериялық игеруден 4 жыл өткен соң Батыста сатуға рұқсат етеді. Осы уақыт ішінде оларды модернизациялау қажеттігі туады. Сыртқы сауда айналымы - белгілі бір кезең ішінде мемлекеттің экспорты мен импорт құндарының жиынтығы /3, 149 б/.
Ғылыми-техникалық прогрестің ықпалын экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлтық шаруашылықтардың қарым-қатынасын күшейтеді. Мұның өзі халықаралық, сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады.
Сыртқы саудада "фритретерствоны" (еркін сауда) немесе "протекционизмді" (өз тауар өндірушілерін қолдау) талдап алудағы ымырасыздық өткен уақыттардың еншісінде қалды. Қазіргі кезде бұл екі бағыт өзара кірігіп, араласып кетті.
"Фритретерство" саясатын ең алғаш А. Смит өзінің «Салыстырмалы артықшылықтар теориясында» анықтаған. Ол: "айырбас қандай елге болса да қолайлы; әрбір ел одан абсолютті артықшылықтар табады"- деп жазған. Соңғы онжылдықтарда сыртқы сауда динамикасының әркелкілігі біліне бастады. Бұл дүниежүзілік нарықка белсенді қатысушы елдердің өзара сауда-экономикалық қатынастарына әсерін тигізді. АҚШ дүниежүзілік нарықтағы басымдығынан айырыла бастады. Егер 1950 жылы АҚШ үлесіне дүниежүзілік экспорттың 3/1 тиген болса, өз кезегінде Алманияның экспорты АҚШ деңгейіне жақындады. Сөйтіп, 90-шы жылдары Батыс Еуропа халықаралық сауда-саттықта Испания едәуір жетістіктерге жетті. Бұл жылдары машина мен жабдықтарды экспорттауда Испания дүниежүзінде бірінші орынға орнықты. Сол кезеңде өз тауарларының бәсекелік мүмкіндіктері бойынша Жапонияға Азияның "жаңа индустриялды елдері"- Сингапур, Гонконг және Тайвань жақындады.
Бәсекеге қабілеттіліктің дүниежүзілік классификациясы төрт жүзге жуық критерийлерден тұрады. Олардың негізгілеріне жан басына шаққандағы табыс, инфляцияның деңгейі және сыртқы сауда балансы жатады. Классификацияда, аталғандарда басқа қазба байлықтар, инфрақұрылым, байланыс құрал-жабдықтар т. б факторлар ескеріледі. Женевада өткен дүниежүзілік экономикалық форумның баяндамасында, бәсекелікті нақты мемлекеттің дүниежүзілік нарыққа салыстырмалы түрде бәсекелестерінен артық байлық шығаруы деп анықтады /2, 123 б/.
Мамандардың болжауы бойынша ХХІ ғ алғашқы жылдарында бәсекеге ең кабілетті елдер сипатында АҚШ пен Азиялық мемлекеттер болады. 2030-шы жылы бәсекеге ен қабілетті үш мемлекеттің қатарында АҚШ, Жапония, Қытай болмақ. Бұлардан соң Алмания, Оңтүстік Корея, Индия, Тайвань, Малайзия және Швейцария мемлекеттерінің мүмкіндіктері мол. Дамушы елдердің өз экспортын диверцификациялауға ұмтылыстары өнеркәсібі дамыған елдер тарабынан қандай нысанда болмасын, қарсылыққа кездесуде. Дегенмен, кейбір дамушы елдер ең алдымен "жаңа индустриялды елдер" өз экспорттарының құрылымын өзгерту ісінде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Олардың экспорттарында өнімнің, өнеркәсіп бұйымдарының, соның ішінде машиналар мен жабдықтардың үлесі артты. ХХғ соңғы ширегінде халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде Азия-Тынық мұхит аймағының ролі күшейді. Дүниежүзілік банктің есептеуі бойынша 2000 жылы дүниежүзілік сауда көлемінің 40%-і Тынық мұхит бассейнінде шоғырланады. Өнеркәсібі дамыған елдер арасындағы халықаралық еңбек бөлінісінің терендеуі, олардың өзара қарым-қатынастарын ұлғайтып, дамушы елдердің үлестерін азайтады. Осыдан байқайтынымыз, тауар мен қызмет көрсетудің халыкаралық нарығы бос емес, ол монополияланған, бақылауда және реттелген.
1. 2 Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің ынтымақтастығы
1967-ші жылы Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің сауда-экономикалық тобы (АСЕАН) құрылды. Оған алты мемлекет мүше болды: Бруней, Индонезия, Малайзия, Сингапур, Тайланд, Филиппин. Мақсаты - аймақтағы сауда мен экономикалық ынтымақтастықты дамыту, басқа елдермен сауда-экономикалық байланыстарды ұлғайту болып табылады.
Сауда саласы индустриялық-инновациялық даму жүргiзiлетiн басты "алаң' болуы тиiс. Осының әсерiнен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сауда саясаты нарық экономикасын өздiгiнен реттеудiң басты тетiгi - бәсекелестiктi дамыту үшiн жағдай жасауға бағытталатын болды. Ішкi рынокты импорттан одан әрi қорғау отандық өңдеу өнеркәсiбi тауарларының шетел кәсiпорындарының бағасы әрi тұтыну сипаттары жағынан да ұқсас түрлерінен мүлдем артта қалуына әкелiп соғады.
Ғаламдану кезеңiндегi жабық та шағын экономика ол капитализмнiң ерте сатысында бiржола қалып қоюы мүмкiн (Бұл Оңтүстік Шығыс Азия елдері арасында орын алып отыр) . Жабық экономика саясатының зардабы Қазақстанның тоқсаныншы жылдар басынан өткергенiнен де әлдеқайда ауыр болуы мүмкiн. Бәсекелестiктi және экспортты ынталандыру саясаты импорт алмастыру саясатының орнын басатын болады.
Экспорттық бағдарланудың бес түрiн бөлiп алуға болады: шикiзат ресурстарының экспорты, экспорттық-өңдеушi аймақтар, құрамдас бөлiктер экспорты, толығымен дайын тұтыну өнiмдерiнiң экспорты және меншiктi сауда маркалары (брендтер) бар өнiмдер экспорты. Шикiзат тауарларының экспорты дамушы елдер экспортының негiзгi түрi болып табылады.
Экспорттың бұл түрi барлық экспорттың 90 процентiн құрайды, Оңтүстiк-Шығыс Азия үшiн 30-60 процент шамасында.
Экспорттық-өңдеушi өңiрлер арзан жұмыс күшi бар елдерде және қарапайым өнiмдi жинау кезiнде едәуiр еңбек шығындарының қажет ететiн салаларда қалыптасады. Мұндай өнiмдердi өндiретiн кәсiпорындар әдетте шетел инвесторлары иелiгiнде болады. Мемлекеттер жергiлiктi халықты жұмыспен қамту және шетел валюталарын алу проблемаларын шешу мақсатында инвестицияларды көтермелеу үшiн мұндай аймақтарға белгiлі бiр жеңiлдiктердi бередi /4, 33 б/.
Экспорттық-өңдеушi өңiрлер дамушы елдердiң экспортты индустриялаудағы бiрiншi кезең болып табылады. Мұндай аймақтар бiрiншi 60-жылдары Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде пайда болды. Қазiргi кезде экспорттық-өңдеушi өңiрлер жалақы өте төмен елдерде - Қытай мен Оңтүстiк Шығыс Азияда басымдыққа ие болып отыр.
Құрамдас бөлiктерiнiң экспорты (ҚБЭ) автомобиль жасау және электроника секiлдi жоғары технологиялы салалар өнiмдерiнің құрамдас бөлiктерiнiң өндiрiсi мен экспортын бiлдiредi. ҚБЭ негiзiнен жаңа индустриялы елдерде жүзеге асырылады (Оңтүстік Шығыс Азия елдері) . Өнiмдi түпкiлiктi жинау дамушы елдерде жүзеге асырылады. Жаңа индустриялық елдердегi кәсiпорындарды трансұлттық компаниялардың бақылауы ҚБЭ-ның ерекшелiгi болып табылады.
Толығымен дайын тұтыну өнiмдерiнiң экспортын (ТӨЭ) жергiлiктi компаниялар жүзеге асырады, ал дизайн, маркетинг, көтерме және бөлшек сауданы дамыған елдердiң ipi шетел компаниялары бақылайды. ТӨЭ-дегi жетекшi рөлдi жаңа индустриялық елдер иеленiп отыр. Мысалы, 2000 жылы Гонконгтың, Оңтүстiк Корея және Тайваньның экспорттық үлесi дамушы елдерде өндiрiлген барлық ТӨЭ-нiң 72 процентiн құрады. ТӨЭ-нiң өмiршең түрлерi үшiн қажеттi қосымша көмекшi салаларды Шығыс Азия елдері ғана құрғанын айта кету қажет.
Меншiктi сауда маркалары (брендтер) бар дайын өнiмнiң экспорты (ММЭ) ТӨЭ-ден де асатын өнiм экспортының түпкi өнiм түрi болып табылады. Компанияларды шетелдiк рынокқа меншiктi брендтерiмен енуi ММЭ-нiң ерекшелiгi болып табылады. Оңтүстік Шығыс Азия елдері ММЭ-нiң жарқын мысалы болып табылады: осы елдiң компаниялары шетелдiк рыноктарға автомобиль жасау және электроникадағы меншiктi брендтерiмен қатысады. Дамушы елдердiң экспорттық бағытының көп түрлiлiгiне қарамастан оның соңғы төрт түрiнiң пайда болуына әкелетiн нақты тетiгi бар.
Iрi трансұлттық компаниялар арзан жұмыс күшiн іздеп коммерциялық тапсырыстарды шығыс-азия елдерiне орналастырды, ал олар өз кезегiнде елдегi жұмыс күшiнiң қымбаттауына байланысты жұмыс күшi арзан болып тұрған елдерге тапсырыстарды қайта орналастырып отырды. Бұл процесте Оңтүстік Шығыс Азия елдері дамыған елдердiң компанияларынан түскен коммерциялық тапсырыстар арқылы өзiнiң индустриялық әлеуетiн дамытуға мүмкiндiк алды. Өзiнiң индустриялық әлеуетiн жетiлдiре келе дамушы елдер өз тұғыр-шебiн нығайтып, экспорттың жаңа түрлерiне iлгерiледi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz