Халықтық педагогика түрлері


Диплом жұмысы
Мектептің оқу-тәрбие ісінде этнопедагогикалық білімдерді қолдану жолдары.
Жоспар:
Кіріспе .
І . Тарау. Халықтық педагогика түрлері.
І. 1. Халықтық педагогика үлгілерінің жас ұрпақты тәрбиелеудегі
тәлім - тәрбиелік рөлі.
І. 2. Этнопедагогикалық білім беру көздері.
ІІ . Тарау. Оқу тәрбие ісіндегі этнопедагогика.
ІІ. 1. Оқу тәрбие процесінде этнопедагогикалық білім беру әдіс -
тәсілдері.
ІІ. 2 . Этнопедагогикалық білімдердің қолданылу жолдары.
Зерттеу жұмысы бойынша диагностика жүргізу.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе. Тақырыптың өзектілігі.
Біздің қазақта «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген аталы сөз бар. Халық пәлсапасын түйіндей айтқан бұл сөз қай заманда қалыптасып, қанша ғасыр өмір сүріп келе жатқанын айту қиын. Анығы- тоқсан ауыз сөзді түйіндеп айтуға шебер, шешен қазақ халқының білек күшінен гөрі білімді ерекше бағалап, оны өмірлік мұрат етуді кейінгіге аманат еткені. Бүгінгі ұрпақ - тарихи кезеңде өмір сүріп, ұлттың, елдің, жердің, әдебиеттің, салт- дәстүрдің болашағы үшін жауапкершілік міндетін арқалап отырған ұрпақ. Ғасырлар бойы ата- бабаларымыз армандаған Тәуелсіздік еншісін иеленген ұрпақ. «Қазақ даласының дүйім жұртында кең құлашты тарихи сана болған, себебі бұл даладағы әрбір жұмыр басты пенденің жады бала кезден ауызша айтылатын, түсініп- білу әрбір адамның әрбір адамның өз басындағы сезім- түйсікпен астасып отырған» дейді Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев(1)
Ел басшысының әдебиет пен тарихқа берген бұл әділ де шын бағасы.
Тәуелсіз Қазақстан елінің көк байрағы астында еркін елдіктің жаңа ғасырына аяқ басқан білім қуатын саралау, оның бұлақ көздерін керексіз тұнбалардан тазартып, тың арналармен байыту- кезек күттірмейтін келелі міндеттердің ең ірісі, ең маңыздысы. Мұны туған Республикамыздың тәуелсіздігінің берік тірегі іспетті бірінші кезекте қабылданған заңдардың ортасынан ойып орын алған «Білім туралы Заңнан» байқауға болады. Ендігі негізгі міндет- осы Заңды жүзеге асыру, оны ел қажетіне, мемлекет мүддесіне, болашақ ұрпақ тәрбиесіне жұмсау қажет.
«Білім туралы Заң » көп ұлтты тәуелсіз жас қазақ мемлекетінің дүниежүзілік өркенниетке батыл қадам басуына берік тұғыр боларлықтай сапалы деңгейі қазақстандық бірегей жаңа білім беру жүйесін қалыптастыруды көздейді. Өмір- тоқтаусыз қозғалыстың, ілгері дамудың кең айдыны. Мәселе оның әр кезеңі, әр дәуірі алға тартқан түйінді міндеттерді айқындап, сол міндеттерді дер кезінде шеше білуде. Жас ұрпақты ұлттық нақышта, ұлттық рухта тәрбиелеп шығару бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Дипломдық жұмысымның негізгі тақырыбы: «Мектептің оқу- тәрбие ісінде этнопедагогикалық білімдерді қолдану жолдары »
Бұл тақырыпты алудағы басты мақсатым- ғасырлар бойы қалыптасқан тәрбие тағылымдарын, халықтың бітім- болмысын этнос ретінде жан-жақты қарастырып, өскелең ұрпақты өзара сыйластық, достық, татулық, өнерді, еңбекті, ұлтын, тілін, әдебиеті мен мәдениетін сүюге үйрету, «Отанды сезіну- бұл өз халқының тарихымен байланысты сана. Өз Отанының өткенін білмеген адам- өзінің туған тегін білмейтін адам». Ұлы орыс жазушысы А. Толстой. (2) яғни, ата- бабамыздың өткені мен бүгінін қоса үйретіп, болашақ ұрпаққа өнегелі де үлгілі тәрбие беру жолдарын қарастыру болды.
Халық этнопедагогикасын зерттеу мәселесінің негізгі көкейкестілігі- қазіргі мектепте берілетін білімнің мазмұнын ғылымның, техниканың және мәдениеттің заман талабына сай лайықтап қайта құру және осы негізде идеялық мақсат- мұраты айқын, жан- жақты дамыған, терең білімді, жоғары мәдениетті, болашақ «2030» азаматын тәрбиелеуде. Халықтық этнопедагогиканы оқыту мен тәрбиелеу ісіне енгізудің бірден бір мақсаты- өздерінен бұрынға аға буын өкілдерінің тәрбие жөніндегі жинақталған бай тәжірибелеріне сүйене отырып, келер ұрпақты адал еңбекке, өнер- білімге, өмірге бейімдеу, отбасының, ауыл- аймақтың, туған Отанның ар- намысын қорғау сияқты ізгі адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу. Халықтық педагогика оқыту мен тәрбиелеу ісінде жеткіншек жас ұрпақтың бойына белгілі бір ұлттың ғасырдан ғасырға, атадан- балаға мирас болып қалып келе жатқан өзіндік ұлттық қадір- қасиеттерін, ұлттық сана- сезімі мен психологиялық ерекшеліктерін, салт дәстүрлерін, әдет- ғұрыптарын: жөн- жоралғыларын, ұлт мәдениеті мен өнерін, көркем әдебиеті мен фольклорын сіңдіру, үлгі - өнегесі; шаруашылық жүргізу іс- тәжірибесінің ұлттық машықтары мен ісмерліктері, жалпы адамзатқа тән білімдері, білікті дарыту әдіс- тәсілдері, өнерге, сөз өнеріне, жыраулық пен айтысқа, шешендікке, әншілікке, күйшілікке т. с. с баулу; еңбекке, қол өнеріне бейімдеу; Отансүйгіштік, адамгершілік, ізгілік, парасаттылық, тектілік, бір сөзбен айтқанда, адам баласының бойына жұғысты барлық адамшыл қасиеттер рухында баланы тәрбиелеуде қолданатын тәлімдері. (29)
Халық педагогикасының озық үлгілерін өсіп келе жатқан жас ұрпақ тәрбиесіне пайдалануды ең алғаш қолға алып, бастама көтерген қатардағы ұстаздар, ең алдымен ауыл мұғалімдері болды. Бертін келе өнер мен тәлімнің өскелең ұрпақты тәрбиелеуде өзіндік орны бар екені сезіліп, халық педагогикасының құндылығы өсіп, рөлі арта түсті. Білім министрлігі өзінің 1992 жылы қаңтардың 22- сінде болған алқа мәжілісінде «Халық педагогика дәстүрлерін оқу- тәрбие ісінде қолдану туралы» арнаулы қаулы қабылдады. Бұл қаулыда Республикадағы барлық педагогикалық жоғары оқу орындарында этнопедагогика және этнопсихология кафедраларын құру, осы мәселеге арнап, арнайы республикалық ғылыми- практикалық мәслихаттың нәтижесі туралы шешім қабылдап, халықтық педагогика дәстүрін оқу процесіне енгізуге бағытталған нақтылы шаралар белгіленді. Бұнымен барлық мәселе шешілген жоқ. Бұл тек қана бұлақ бастауын, қайнар көзін ашу шаралары болатын. Оны әрі қарай жалғастыра, дамыту келешек ұрпақ ісі.
«Этнопедагогика дегеніміз- халық бұқарасының жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесі, оның педагогикалық көзқарастары туралы ғылым, тұрмыс педагогикасы, отбасы, ру, тайпа, ұлыстар мен ұлағаттар туралы ғылым. Ол- этникалық педагогика тарихи жағдайларға байланысты қалыптасқан ұлттық характердің ерекшеліктерін зерттейді»- деп жазды Смайылов Н. (11) өзінің еңбегінде. Ал «Халықтық педагогика дегеніміз- халық бұқарасының тарихи және әлеуметтік тәрбиесінің нәтижесі ретінде ұрпақтан ұрпаққа негізінен ауызша түрде жеткізіліп келген эмпирикалық білімдерінің, мағлұматтарының, бейімділіктері мен дағдыларының жинақталған және практикада тексерілген жиынтығы»(26) . Олай болса, этнопедагогика мен халықтық педагогиканы бір- бірінен ажырамас, тұтас бірлік деп алып, бірге қарастырғанның еш артығы болмайды. Сонымен қатар этнопедагогика оқушылардың тәрбиелі де сапалы, өнегелі білім алуына, жақсы мен жаманды ажырата білуіне, өздерін ұстай білуіне, үлкенге ізет, кішіге иба көрсетуіне, әдемілік, эстетикалық, достық, жолдастық, бауырмалдық қасиеттерін бойларына сіңіруге көп үлес қосады. Ж. Аймауытов «Адамды көзбен тереңірек тексерсе, дәрігерден де тәрбиешінің көп болғаны артық. Дәрігер адамның денесін сауықтыратын болса, тәрбиеші адамның ақылын, мінезін, жанын сауықтырады». «тәрбиешіге Отанның келешек өмірін тапсыруға болады», - дейді ол. - Өйткені «ақылды адам көбейсе, Отанның күзетшісі, қорғаны»( 17) деп, жас ұрпақты тәрбиелеуге аса мән бере, сенім арта отырып жазған.
Этнопедагогика мәселесі бойынша көптеген ғылыми - зерттеу жұмыстарымен қатар мектеп тәжірибесін жинақтаған еңбектер де жарық көріп, жазылуда. Бұл еңбектерде мектептегі этнопедагогиканың тәрбие- оқу ісіндегі жекелеген мәселелерінің міндеттері мен мақсаттары, жолдары көрсетілген. Бірақ бұл мәселе әлі де зерттеуді, зерделеуді қажет ететін күрделі де қажетті жұмыс. Жинақталған еңбектер болғанымен, олардың нақты пайдалану жолдары мен тәсілдеріне байланысты арнайы еңбектер әлі де жоқ. Үлгілі де өнегелі, дамыған ұрпақ тәрбиеле үшін біз халық этнопедагогикасына арқа сүйеуіміз керек.
Халықтың этнопедагогикасы мен өнерінің тәрбие мен оқу ісіндегі көкейкестілігін ашуда «Әр түрлі үлттық мәдениеттердің жақсы жақтарын кеңінен дамыту үшін ұлттық ерекшеліктердің барлығын пайдалану керек»- деген кеңес педагогы Н. К. Крупская сөзі еріксіз еске түседі. (4) Сол сияқты Қазақ халқында «Оқу мен тәрбие егіз» деген ұлағатты сөз бар. Біз- үлкен болайық, кіші болайық, бәріміз де талай- талай тәлімнің төліміз, тоқсан тарау арнамен кеп тоғысқан татымды тәрбиенің жемісіміз . . . Оны айтасыз: Бағзы заманда көз жұмған арғы бабаларымыз, үлкен әкелеріміз бен кіші әжелеріміз де мәңгі өшпес дәстүрдің өнегесімен бізді баулып жатыр, баули да береді . . .
Халық әдебиетін сөз еткенде ауыз әдебиетін алда ұстаймыз. Өйткен, ол- әдебиеттің атасы. Халық әдебиеті - көне заманның көрінісі емес, сонымен бірге жаңа заманның да жаңғырығы, - деп 1945 жылы ағайынды Орловтар айтқан болатын. (8) Ауыз әдебиеті- халық тарихы, өз кезеңінің мәдени дәрежесін ғана танытып қоймайды, келесі кезеңнің мәдени дамуына игі әсерін тигізеді, олар халықтың заманға деген көзқарасын қалыптастырып қоймайды, келесі дәуірлердің көзқарастарының өрістеуінен егіз болады. Алға қойған ардақты мақсаттарының жиынтығы ретінде ауыз әдебиеті- сол кезеңдердің эстетикалық ұғымы, халықтың ары, ожданы, ойы және сұлулығы, адамгершілік пен парасаттылықтың, патриотизм мен достықтың шынайы айғағы. Сондықтан да оларды үзбей, үнемі қайта зерттеп, пайдаланып отыру керек.
Қазақтың ағартушы- демократының бірі- Шоқан Уәлиханов халық этнопедагогикасын зеттеуге көп еңбек сіңірді және осы мұраларға бірінші пікір айтушы болды. «Халық ауыз әдебиеті - деп жазды Шоқан, - халық рухының, тұрмысының, әдет- салтының, мінез- құлқының, өмір сипатының бейнесі. Ауыз әдебиетінің филологиялық жағынан да тарихи мәлімет жағынан да, маңызы зор»(9)
Ол тек қана пікір айтып қана қойған жоқ, ғылыми зерттеулері, саяхаттағы күнделіктері, ондағы салынған суреттері сияқты қымбатты еңбектері, құнды мұраларын қалдырды. Шоқанның идеялары өзінен кейінгі ағартушы- ғалым Ыбырай Алтынсариннің шығармаларында, әлеуметтік қызметтерінде дамып, тереңдей түсті. Оның әдеби мұрасының жастарға тәлім- тәрбие, үлгі- өнеге беруде мәні өте зор. Торғай даласында мектеп ашып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық !-
деп басталатын кез- келген мектептің есігін ашқан оқушының мектеп гимніндей болған өнегелі де, үлгілі көптеген өлеңдерін, тіпті өзімен тұстас орыс халқының мысалшысы Крыловтың бірнеше мысалдарын, Толстойдың балаларға арналған әңгімелерін аударыуы да халық этнопедагогикасының көкейкестілігінің бірден бір көрінісі. ХІ ғасырда түркі ғалымы Махмұт Қашқари: «Тәрбие басы- тіл» десе, заманымыздың белгілі ақыны О. Сүлейменов: «Адам тағдырын тәрбие шешеді, тәрбие құралы- сөз» дейді.
Зерттеу тақырыбы:
Мектептің оқу- тәрбие ісінде этнопедагогикалық білімдерді қолдану жолдары.
Зерттеу объектісі:
Этнопедагогиканың білім беру үрдісінде қолданылуы.
Зерттеу пәні:
Этнопедагогикалық білімдерді іске асыру жолдары, әдістері, формалары.
Зерттеу проблемасы:
Егеменді елдің елу елдің қатарына қосылуына, ұлттық ерекшеліктерге сүйіспеншілікті арттыру, әр халықтың өзіндік ерекшеліктерін таныту арқылы қарым - қатынас процесінде саналылық әрекеттестікті жүзеге асыру қажеттілігін ұғындыру. .
Зерттеу мақсаты :
Оқушыларды этнопедагогикалық тұрғыдан сабақта және сыныптан тыс жұмыстар арқылы тәрбиелеу жолдарын көрсету.
Зерттеу міндеті :
а) . Тақырып бойынша ғылыми әдебиеттерді саралау.
ә) . Этнопедагогикалық білім берудің тәлім тәрбиелік рөлі.
б) . Этнопедагогикалық білімдерді оқу - тәрбие ісінде қолдану.
Зерттеу болжамы :
Егер де, өскелең ұрпақты ұлттық мәдениеттің, халықтық педагогиканың, әдет- ғұрыптар мен салт- сананың, ұлттық психология мен этиканың, өнер компоненттерін барлық пәндердің мазмұнына енгізу арқылы ұлттық тәлім- тәрбие берудің нәтижесінде өз ұлтына тән ұлттық қадір- қасиеттерді, өнерді меңгертуге үйретсе оқушының халық педагогикасына деген сүйіспеншілігі мен тәрбиесі нақты да саналы, білімі сапалы болары сөзсіз.
Эксперимент базасы :
Әдебиет-халық өмірінің
айнасы, онда халқымыздың
бар өмір тарихының суреті
жатыр.
А. Байтұрсынұлы.
І тарау. Халықтық педагогикалық түрлері.
І. 1. Халықтық педагогика үлгілерінің жас ұрпақты тәрбиелеудегі тәлім - тәрбиелік рөлі.
Педагогикалық кәсіби қызметті көтеру қажеттілігі әрбір педагог тәрбиешінің жеке тұлғалық дамуын, зерттеуін қажет етеді. Зерттеу жасау философиямен, социологиямен, халықтық педагогикамен тікелей байланыстырылып, жан- жақты қарастырылады.
Ата- ана, ұстаз тәрбие мәселесінде өз тәжірибесін, түйген, білгенін, ұстанған қағидасын жолай, уақытпен үндестіре отырып түзетеді, өзгертеді, жаңалап, жаңартып отырады.
Тегінде ең берекелі, ең парасатты тәжірибе- әрине халық түйген тұжырымдар, ғасырлар бойы сұрыпталған үрдістер, дамыған даналық дәстүрлер, ұстаздық ойлар болса керек-ті.
Бұның аты- халық педагогикасы . Сонымен халық педагогикасы деген не? Ол халықтың рухани мәдениетіне толқын- толқын ұрпақтардың көп болып, қауымдасып қосқан шығармашылық үлесінің нәтижесі. Халық педагогикасы халықтың рухани мәдениетінің бір бөлігі, еңбеккер қалың көпшілік мүддесінің айқын көрінісі. Халықтың мұң- мұқтажына, қажетіне сай бұл педагогика тәрбиенің ең адамгершіл, ең демократияшыл мұраттарын ұсынады. Халық педагогикасы деген терминді әдебиетке алғаш енгізген- орыстың ұлы педагогы әрі жазушысы- Константин Дмитриевич Ушинский. ( Ол халықтың ауыз әдебиеті шығармаларынан «Орыс халық педагогикасының алғашқы және ғажап талпыныстарын» көре білді. Қазіргі таңда оқу- тәрбие әдістемесінде «Халық педагогикасы» ұғымы тереңірек қолданылуда, ал ол негізінен «Халықтық педагогика» деп аталуы шарт. Біздің пікірімізше, бұл ұғымдар арасында аз да болса айырмашылық бар сияқты. «Халық» ұғымы белгілі бір халық, мемлекет ұғымын білдіреді. . Мысалы, зат, табыс, т. с. с. Олай болса, педагогика бар- жоғы оқыту мен тәрбие беру әдісі туралы ғылымның жиынтығы болғандықтан, белгілі бір халыққа тиселі. Халыктікі. Демек, дұрысы- «Халықтық педагогика» ұғымы. Мысалы»Халықтық педагогика» ұғымына Қазақ ССР Энциклопедиясында мынадай анықтама берген. «Тәжірибе жөніндегі халықтық ой- тәжірибелердің жиынтығын халық педагогикасы» дейміз. (3) Педагогика ғылымдарының кандидаты А. Бәлдібеков: «Халық педагогикасы дегеніміз- халықтың педагогикалық тәжірибесі»- деп қысқа қайырған. ( 22) Ал, доцент Н. Дәулетов «Халықтық тәрбие дегеніміз бір ұлттың жеке адамға, соның ішінде балаға тәрбиелік ықпал етуі» деген болатын. (23) . Халықтық педагогика ұғымына бірден бір дұрыс анықтама берген педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Е. Сағындықов «Халық педагогикасы дегеніміз- әр халықтың өзіне ғана тән ерекшеліктеріне негізделген, өзін қоршаған қоғамдық- әлеуметтік орта мен табиғат жағдайына бейімделе қалыптасқан, халықтың шаруашылық- экономикалық жағдайына байланысты атадан- балаға мұра болып келе жатқан тәрбие туралы ақыл- ой үлгілерінің жиынтығы». (24) Немесе, зерттеуші Ш. Таубаева «Халық педагогикасына негізделген тәжірибе дегеніміз- белгілі бір ұлттың өкілі болып табылатын халықтың өз ұрпағына қалдырып отыратын мәдениеті, сөз өнері, қол өнері, музыка саласындағы жинақталған білімі, дағдысы және іскерлігі»(25)
Халықтық педагогиканың нысаналы міндеті- өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына атадан балаға мирас болып қалып келе жатқан ұлттық өзіндік адамшыл қадір- қасиеттерді, салт- дәстүрлер мен әдет- ғұрыптарды терең тәлімдік мәні бар озық үлгі- өнегелерін сіңіру; шаруашылық жүргізудің ұлттық нақыштары мен ісмерлігін меңгерту; жалпы адамзатқа тән білім негіздерін оқып, үйрету; дағды іскерліктері мен біліктілікке баулу; өнерге, сөз өнеріне, биге, музыкаға, қол өнеріне, еңбекке т. б. бейімдеу. Бір сөзбен айтқанда, өсіп келе жатқан жас ұрпақты ұлттың мәртебесін тасытатындай лайықты өмір сүруге даярлау.
Олай болса, «Халықтық педагогика дегеніміз- халық бұқарасының тарихы мен әлеуметтік тәжірибесінің нәтижесі ретінде ұрпақтан ұрпаққа негізінен ауызша түрде жеткізіліп келген эмпирикалық білімдерінің, мағлұматтарының, бейімділіктері мен дағдыларының жинақталған және практикада тексерілген жиынтығы. Халықтық педагогика мұралары ескіден келе жатқан ертегілерде, аңыздарда, эпостық жырларда, мақал- мәтелдерде, шешендік сөздерде, өнерде сақталып, ұлтттық өзіндік салт- дәстүрлері мен әдеп- ғұрыптарынан көрінеді, өсіп келе жатқан жас ұрпақты бұқара халықтың ең озық мұраттары рухында оқыту мен тәрбиелеуге қызмет етеді. »
«Халықтық педагогика» ұғымына берілген бұл анықтама мен түсініктеменің авторы Россия Педагогикалық Ғылым академиясының академигі, Қырғызстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор А. Э. Измайлов., (26) Бір емес екі ғылым ордасы академигінің бұл анықтамасы мен түсініктемелерінде «Халықтық педагогика» ұғымының негізгі көкейкестілігінің бәрін қамтуға ұмтылыс жасаған. Аталмыш құбылыстың халықтың рухани дүниесінің бір көрінісі ретінде өзінің ұлттық мәдениетімен, тұрмысымен, өмір салтымен бөлінбестей болып қиюласа бітісетіндігін атап көрсеткен. Сонымен қатар, автор практикада тексеруден өткен шыншыл, құнды, пайдасы мол білімдерден, мәліметтерден басқа халықтық педагогиканың құрамына күнделікті тұрмыстық- тәжірибелік пайымдаулардың, эмпирикалық жолмен жинақталған білімдердің де кіретінін баса айтқан. Мұндай пайымдаулар мен білімдердің өмірмен жанаспайтын кереғар, бұрмаланған, кейде діни нанымдардың әсерімен, әсіресе, қоғамдағы үстем идеологияның ықпалымен қате, тіптен залалды ой- пікірлерді білдіруі де мүмкін екенін айтты. Мысалы, «Қатынның шашы ұзын, ақылы қысқа» т. с. с.
Халықтық педагогика- әлеуметтік- тарихи феномен. Оның пайда болуы мен дамуынана бөліп қарастыруға болмайды. Халық қаншалықты жасаса, халықтық педагогика да соншалықты өмір сүріп келеді. Айталық, қазақ халқы қазақ екенін түсініп, ес біліп, етек жинаған, тайпалық қауымдастыққа бірігіп, біртұтас ел болған бағзы заманнан- ақ ошағындағы жанған отын сөндірмей, ұрпақтан ұрпаққа өткізер бұтағының тәлімді тәрбиесімен талапты болған. Артында қалатын ұрпағына амандық пен бірлік тілеп, ертеңгі күні орнын басар, жері мен суына, малы мен жанына, жиғаны мен тергеніне ие болар тұяғына ата дәстүрі мен салтының, әдет- ғұрпы мен ырым- жоралғысының озық үлгілерін сіңіре білген. Ата кәсібіне баулып, шаруашылық жүргізудің өз ұлтына тән қыр- сырын үйреткен. Еңбекке, өнерге, түрлі зергерлік бұйымдар жасауға, өрмек тоқуға, іс тігуге, т. с. с. бейімдеген. Өсіп келе жатқан жас ұрпаққа ән айтқызып, күй шерткзкп, өлең жаттату, жаңылтпаш, жұмбақ үйрету немесе ұлттық ойын түрлеріне: жамбы ату, аударыспақ, найза лақтыру, көкпар тарту т. б. машықтандыру ұлттық тәлім- тәрбиенің өзекті арқауы болған. Бірде бір той- томалақ, үйлену тойы, құда түсу, жаушы жіберу, қыз таңдау, қарғы бау, үкі тағар, ұрын бару, есік- төр көру, жар- жар, беташар, қыз ұзату, келін түсіру, баланы қырқынан шығару, ат қойып, айдар тағу, тұсау кесер, тілашар, сүндет той, мүшел тойы т. б. өнер сайысынсыз өтпеген. Сайысқа түскендерді ел болып көтермелеп, мадақтаған. Бұл дәстүрдің қандай терең тәлімдік- тәрбиелік мәні бар десеңізші! Өйткені мадақтау сөз талаптыға қуат беріп, өнер шыңына жетелеген. Қатарының алды болсам, басқалардан озсам деген сезім тудырған. Талантты бұлақтың қайнарын ашып, бағын асыруда, бұдан артық тәлім бар ма екен, шіркін!
Өсіп келе жатқан жас ұрпақты ұлттық дәстүрге, әдет- ғұрыптарды құрметтеуге, үлкенге- ізет, кішіге- құрмет көрсетуге, кішіпейіл де қарапайым, ибалы да ізетті болуға баулу халықтық педагогиканың жанды тақырыбы. Адамгершілік пен инабаттылық, ізгілік пен имандылық, мейірбандылық пен қайырымдылық, тәрбиелік пен мәдениеттілік, тазалық пен сыйласымдылық, кішіпейілділік пен сыпайылық, ата- ананы құрметтеу, үлкенге орын беру т. с. с. миллиондаған адамшыл жағымды сапалық қасиеттерді өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына сіңіру ежелден- ақ қазақтың дәстүріне айналған. Жастары қандай ашынса да үлкендер тарапынан орынды айтылған бір ауыз сөзге тоқтаған. Мал, жан, жесір дауы қадірменді ақсақалдардың уәжді сөздерімен реттеліп отырған. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деп, халық текке айтпаған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz