Экологиялық туризмнің мәні


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. УАЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ» КАФЕДРАСЫ

«Қорғауға жіберілді»

«___» 200__ж.

Кафедра меңгерушісі

(Т, А, Ә ғылыми дәрежесі, атағы)

(қолы)

Ташимова Асемгуль Сансызбаевна

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ»

Туризм 050902

ғылыми жетекші: Муканова Б. Ш.

Көкшетау, 2008 жыл.

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

I. Туристік нарықта экологиялық туризм дамуының теориялық аспектілері . . . 5

1. 1. Экологиялық туризм мәні . . . 5

1. 2. Туристік нарықта экологиялық туризмнің дамуы . . . 10

1. 3. Экологиялық туризм дамуының әлемдік тәжірибесі . . . 14

II. «Көкшетау» МҰТП-нің экологиялық жағдайын талдау . . .

2. 1. «Көкшетау» МҰТП туралы қысқаша мәлімет . . .

2. 2. Қаржыландыру бастаулары . . .

2. 3. Туристік және рекреациялық қызметтен түсетін түсімдердің анализі мен болжамы . . .

III. «Көкшетау» МҰТП аумағында экологиялық туризмнің даму перспективасы . . .

3. 1. «Көкшетау» МҰТП-де экологиялық туризмді дамыту жолдары . . .

3. 2. «Көкшетау» МҰТП-де экологиялық туризмді дамыту бойынша өндірістік ұсыныстар . . .

Қорытынды . . .

Қосымша . . .

Әдебиет . . .

Кіріспе

Қоршаған ортаның күрделі проблемаларын зерттейтін, ғылыми тұрғыдан ұсыныстар жасайтын ғылым саласы экология деп аталады.

Экология - белгілі бір ортада тұратын организмдерді зерттейтін, олардың басқа организмдермен және қоршаған ортамен қатынастарын анықтап, жиынтық қорытынды жасайтын ғылым.

Экологиялық туризм - әлемдік туристік индустрияның ең дамушы жүйесі. Экологиялық туризмнің бірнеше шарты, ол ұйымның бұрын қолданылған формаларынан айыратын және демалысты табиғатта өткізу болып табылады.

Экологиялық туризмнің даму тенденциясы ДТҰ - мен анықталған. ДТҰ болжамы бойынша экологиялық туризм 2020 ж. мерзімге дейін туризм дамуының бес негізгі стратегиялық бағытын жүзеге асыру қажет. Қазақстан ДТҰ - ды экологиялық туризмнің ең бір перспективті аймағы болып табылады. ДТҰ-ның мәліметі бойынша экотуризм бөлігіне барлық туристік индустрияның 10% дейін жылдық кіріс кіреді.

Қазіргі уақытта экологиялық туризм - елдің табиғат ресурстарын қолдануға бағытталған кіру және шығу туризімінің экологиялық ұйымы. Экологиялық туризмнің зерттеу обьектісі - рекреациядан және табиғи шекаралардың экологиялық қауіпсіздігінен түсетін экономикалық пайда. Экологиялық туризмнің басты мақсаты - қоршаған әлемді тану.

Соңғы уақыттарда туристік тәжірибеге экологиялық менеджмент технологиясын кіргізу қажеттілікті иеленуде, экологиялық менеджмент табиғатта массалық демалу ұйымының тұрақты позициясын иеленеді.

Қазақстан Республикасында туризм саласын мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ететін туризм және спорт комитеті, білім Министрлігі, мәдениет және денсаулықты сақтау министрлігі болып табылады. Басқару биліктің атқарушы органдарының сәйкесті құрылымы арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасында туризмнің дамуы үшін нормативті - құқықтық база құрылған. 1992 жылдан бастап «Туризм жөнінде» заң қызмет етеді. 2006 жылы Экологиялық кодекс қабылданды.

Экологиялық туризмнің негізгі принциптері: рекреациялық табиғи шекаралардың биологиялық түрлілігінің сақталуы; аймақтың экономикалық тұрақтылық деңгейінің жоғарлауы; экологиялық туристік іс-әрекеттерге барлық қатысушылардың мәдениетінің жоғарлауы; рекреациялық шекараның этнографиялық деңгейінің сақталуы.

Қазіргі уақытта көптеген туристік фирмалар қызмет етеуде. Көптеген турлар арқылы туристер баратын жердің экологиясымен танысып ғана қоймай, сонымен қатар танушылық қасиетін және денсаулықты жақсартуға мүмкіндік алады. Экологиялық турлар туристердің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және табиғи рекреациялық аймақтарды сақтап қалуларына өз әсерін тигізуде.

Туристік қозғалыстың өсуі нәтижесінде көбіне тартымды табиғи ортаның аумақтары мен аудандарында ауыртпалық күштің күшейюі және туристердің әсерімен аумақтың жойылуына байланысты жергілікті халықты табиғи ортаны қорғау іс - әрекеттеріне итермелейді.

Экологиялық туризм көптеген елдердің пайдалы бизнес түрі болып табылады. Сондықтан, егер біз дамыған елдердің бағдарламасына сүйеніп қызмет жасайтын болсақ, онда дамушы елдер қатарына қосыла аламыз деген үміт бар.

Экологиялық туризм ғылыми-танушылық мақсатта саяхат жасаушы адамдарды біріктіретін табиғи туризмнің бір түрі болып табылады. Осы туристердің басты қызығушылығы қоршаған орта, яғни оны бақылау және қоршаған ортаны қорғау. Туризмнің осы түрінің маңызды қызығушылықты қорғалатын табиғи аумақтар тудырады. Сондықтан да экологиялық туризм ғылыми-танушылық мақсаттағы демалудың мамандандырылған түрі болып табылады.

Тақырып өзектілігі: Қазақстан Республикасында экологиялық дамудың тиімді жолдарын ұсыну.

Дипломдық жұмыстың зерттеу заты: туристік нарықта экологияның қазіргі жағдайын көрсету және әлемнің туристік макроаймақтарының экологиялық туризм жағдайы.

Зерттеу объектісі: «Көкшетау» МҰТП - де экологиялық туризм жағдайын талдау.

Дипломдық жұмыс мақсаты - қарастырылатын мәселелердің теориялық және тәжірибелік аспектілерін зерттеу негізінде туристік нарықта экологиялық туризмнің даму перспективаларын жетілдіру жөнінде нұсқаулар мен ұсыныстарды жасап шығару.

Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесідей тапсырмалар шешілді:

- Қызметтің бір түрі ретінде туризмнің негізгі түсініктері мен анықтамасын қарастыру.

- экологиялық туризм түсінігін және оның негізгі түрлері мен бағыттарын қарастыру.

- туризм индустриясының бір бөлігі ретінде экологиялық туризмнің рөлін бағалау.

- Экологиялық туризмді дамытуда шетелдік ұлттық парктердің рөлі.

- «Көкшетау» ұлттық табиғи парктің экологиялық туризм жағдайын талдау.

Зерттеудің теориялық-әдістемелік негізі: экологиялық туризм облысында шетел және қазақстандық ғалымдардың фундаментальді және ғылыми еңбектері табылады, сонымен қатар Қазақстан Республикасында экологиялық туризмнің дамуын реттейтін заңдық актілер және нормативті-құқықтық құжаттар жатады.

Зерттеу барысында экономикалық анализ, салыстыру әдістері, экономика -статистикалық әдістер және т. б. қолданылды.

Дипломдық жұмыстың ақпараттық базасын статистика бойынша Қазақстан Республикасы Агенттігінің жинақтары, Қазақстандық туристік ассоциацияларының (ҚТА) материалдары, ғылыми шығарулардағы публикациялар, баспаларда жарияланған ресми материалдар, www-серверлер ақпараттары құрастырады.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы келесіге негізделеді:

- туристік нарықта экологиялық туризмнің даму ерекшеліктері мен кезеңі, факторлары анықталды, оның жағдайына баға берілді;

- маркетингтік зерттеулер негізінде экологиялық туризм сапасын және тұтынушылардың қанағаттану дәрежесін анықтау әдістемесі құрастырылды;

-экологиялық туризм қызметінің сапасын жоғарлату бойынша ұсыныстар негізделді;

- «Көкшетау» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бойынша экологиялық туризмді дамыту перспективаларына нарықтық зерттеулер жүргізілді;

- «Көкшетау» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі экологиялық туризмді дамыту перспективалары жөнінде ұсыныстарды жасап шығарылды.

Дипломдық жұмыстың ғылыми-практикалық маңыздылығы: дипломдық жұмыстың теориялық аспектілері мен ғылыми нәтижелері экологиялық туризм қызметінің жоғарлауы және әрі қарай дамуына мүмкіндік беретініне негізделеді.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс үш бөлімнен тұрады, бірінші бөлімде экологиялық туризм дамуының теориялық аспектілері, яғни әлемдік нарықта экологиялық туризмнің даму тарихы, басқа елдердегі ұлттық парктердің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың пайда болуы сипатталады. Екінші бөлімде « Көкшетау» МҰТП-нің экологиялық жағдайын талдау жүргізіледі, « Көкшетау» МҰТП-нің пайда болу тарихы, оны қаржыландыру бастаулары, рекреациялық сыйымдылығы жайлы сипатталады. Үшінші бөлімде «Көкшетау» МҰТП аумағында экологиялық туризмнің даму перспективасы, экологиялық туризмді дамытуды жетілдіру, экологиялық туризмді дамытудан күтілетін нәтижелер қарастырылады.

I. Туристік нарықта экологиялық туризм дамуының теориялық

аспектілері.

1. 1. Экологиялық туризмнің мәні.

Ең алғаш экология деген сөзді пайдаланған Генрих Дэвид Тюро болды. Экологияны ғылымға бірінші болып енгізген белгілі табиғат зерттеушісі, дәрігер, аса дарынды неміс ғалымы Э. Геккель. Сонымен, бұл кісі, бір жағынан, табиғат экономикасына, екіншіден тіршілік иелерінің қоршаған ортамен қалыптасқан байланыстары мен қатынастарына назар аударған.

Жүз елу-екі жыл бұрын экология өзінің бастапқы жағдайындағы табиғат тарихы деген атауына өте жақын болған. Геккельден кейін көптеген ғалымдар экологияны жаңаша анықтау қажет екенін түсінді. Соңғы онжылдықта экология саласындағы зерттеулердің қарқынды жүргізілуіне байланысты оны табиғаттану ғылымы ретінде танитын көзқарас өзгерген екен. Шынымен, тіршілік иелері мен қоршаған орта арасындағы қатынастарды зерттеу осы күндері жеткіліксіз. Қазіргі кезде қоршаған ортаға адамзат қоғамының ықпалы артып отыр.

Экологиялық туризмнің ең алғаш анықтамасын 1980 жылы мексикалық экономист-эколог Гектор Цебаллос Ласкурейн ұсынған болатын. Автордың анықтамасы бойынша экологиялық туризм - бұл флора мен фаунаны қорғау мүмкіншілігін тану арқылы саяхат пен табиғатқа деген жақсы қарым-қатынас сәйкестігі.

Экологиялық туризмнің ең алғаш анықтамасы пайда болғаннан кейін көптеген ұйымдар мен авторлар өздерінің жаңа нұсқаларын ұсына бастады.

ДТҰ - ның қабылдаған анықтамасында былай делінген: «Экотуризм өзіне туристердің негізгі ұраны болып табылатын бақылау және табиғатқа деген қатынас сияқты табиғи туризмнің барлық формаларын қосады».

Жабайы Табиғаттың Дүниежүзілік Қоры өз анықтамасын ұсынған: «Экотуризм - бұл табиғатты қорғауға мүмкіндік беретін табиғи туризм». Экотуристік қоғам экологиялық туризмге өз анықтамасын ұсынды: «Экотуризм-бұл табиғат аумақтарына тұрғылықты жердің мәдениетін және табиғи ортасын түсіну мақсатындағы мақсатты бағыттағы саяхат».

Байкалда Дүниежүзілік банкінің экотуризмді дамыту бағдарламасында келесідей айтылған: «Экотуризм - бұл қоршаған ортаның мәнін түсіну, табиғатта демалу және спорттық туризм болып табылатын туризмнің түрлі формасы мен табиғаттағы іс-әрекеттер».

Ежелден қалыптасқан дәстүр бойынша экологтар зерттеулерін екі бағытта жүргізіп келген. Біреулері табиғаттың өзін ғана зерттейтін болса, екіншілері негізінен адамның табиғатқа жасайтын ықпалын зерттеген. Сонымен, экология - бұл тек қана табиғаттану ғылымы емес, оның ауқымына экономика, құқықтану, әлеуметтану және басқа да қоғамтану пәндері кіреді.

*ДТҰ-Дүниежүзілік Туристік Ұйым

Экологиялық туризм - туризм мақсаты үшін табиғатты тура қолдануға бағытталған туризм түрі. Экологиялық туризм XX ғасырдың 70-80 жылдарында қалыптаса бастады. Біздің жер шарымыздағы көптеген мемлекеттердің басқарушылары қоршаған ортаны қорғауды заңмен қамтамасыз ету, туристік ұйымдардың ұсыныстарын өңдеу және осы елдерде жаңа табиғи шекараны қоршауды ұйымдастыруды іске асырған.

Экологиялық туристік өнім қоршаған ортаны қорғау үшін, табиғатты сақтап қалу үшін қолданылады және тәрбиелік және рекриациялық мәнді иеленеді. Экологиялық туризмнің басты мақсаты - қоршаған әлемді тану болып табылады. Туристер экологиялық турда жабайы табиғатты тамашалайды, судың, құстардың дауысын естиді, күннің шығуы мен батысын көреді, қала шуынан дем алады. Бұл туризм түрі әр түрлі аурулардан алшақ болып, денсаулықты нығайтуға мүмкіндік береді. Экологиялық турлар арқылы туристер экологиялық мәдениетті, рекриациялық табиғи жерлерді сақтап қалуға әсерін тигізеді. Әр түрлі конференциялар, дөңгелек үстелдер, қоршаған ортаны қорғауға арналған семинарлар экологиялық туризмді дамытуға өз әсерін тигізуде. Табиғатты қорғауға арналған іс - шаралар сияқты туристік қызмет кірістері экологияға қажет қоршаған ортаны қорғауға жұмсалады. Мысалға, Аргентинадағы «Лос Гласиерс» Ұлттық Паркінде Аргентина көлі арқылы Перито Морено мұздығы созылып жатыр. Оның ауданы 275 кв. км, биіктігі 70 метр, ұзындығы 30 км. Осы мұздықты көруге 16 мың турист жиналады және де бұл парк пайдасына кіріс салуда.

Экологиялық туризм туристер үшін арнайы ережелерді бекітеді:

  • Авто көліктерді өзен және көлдердің маңайында жумау;
  • Синтетикалық жуу заттарын пайдаланбау;
  • Балық аулау мен аң аулау тек лицензиялық міндеттерге сәйкес және рұқсат етілген мерзімде болуы қажет;
  • Өзіңнен кейін қоқыс қалдырмау;
  • Отты сөндіріп кету, жанған сіріңкені лақтырмау және т. б. ;

Экологиялық туризмнің базалық принциптері:

- рекреациялық табиғи аумақта биологиялық түрлілікті сақтау;

- аймақтардың экономикалық тұрақтылық деңгейін жоғарлату;

-экотуристік іс-әрекетке қатысушылардың экологиялық мәдениетін жоғарлату;

- рекреациялық аумақтың этнографиялық статусын сақтау.

Рекреациялық табиғи аумақта биологиялық түрлілікті сақтау: Экологиялық туризмнің табиғатта демалысты ұйымдастыру мен өткізуді қолданудың алғашқы формаларынан ерекшелігі-бұл рекреациялық аумақта экологиялық және экономикалық саясатты қолдану, рекреациялық табиғи аумақта биологиялық түрлілікті сақтауды қамтамасыз ететін тәртіпті өңдеу және сақтау. Осы принцптің экологиялық менеджмент бағдарламасынан тыс өткізу мүмкін емес, ол өзіне жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация, анализ және экологиялық-туристік іс-әрекетті бақылауды қосады.

Жоспарлау : Нақты аумақта кем дегенде келесі іс-шараларды орындау қажет: аумақтың рекреациялық сыйымдылығын анықтау, экологиялық стратегияны өңдеу, экологиялық шектеулілік есебінде баға саясатын қалыптастыру; құқық нормаларына сәйкес ұзақмерзімді және қысқамерзімді іс-әректті жоспарлау; экологиялық іс-шараларды бизнес-жоспарға кіргізу.

Ұйымдастыру:

Қазіргі уақытта экологиялық туризм туризмнің перспективті түрі. БҰҰ 2002 жылды экологиялық туризм жылы деп жариялаған. Экотуристер аз топпен, мамандардың басқаруымен (орнитолог, энтомолог, зоолог, ихтиолог және т. б. ) саяхат жасайды. Осындай саяхаттардың мақсаты: бақылау, ғылыми-танымдық әрекет; Экотурист - дайындығы бар, жоғары мәдениетті иеленуші, қоршаған ортаға деген күтімі бар турист.

Мотивация: Экологиялық менеджмент бағдарламасының басты пункті болып табылады. Өңдеу, анализ және экологиялық қауіптерді бақылаумен, реабелитациялық іс - шараларды өткізу және т. б. жүргізіледі.

Аумақтың экономикалық тұрақтылық деңгейін жоғарлату: Осындай аумақтар жұмыс орындарымен қамтамасыз етілмеген. Сондықтан экологиялық туризмді ұйымдастырушылар туристік процеске тұрғылықты жердің халқын тартады. Олар туризм аясының мынадай түрлерінде қатысады: қонақжайлық, өндіріс және сувенирлік өнімді дайындау, азық - түлікті өндіру және жеткізу, туристік маршруттарға қызмет көрсету, анимациялық іс - шараларға қатысу, күзетші функциясын орындау және т. б.

Экотуристік іс - әрекетке қатысушылардың экологиялық мәдениетін жоғарлату: Бірнеше бағыттарда жүзеге асырылады. Экологиялық турларға қатысушы туристерді экологиялық мәселелер алаңдатады, сондай - ақ олар экотуристік бағдарламаларды ұйымдастырушылар мен орындаушыларынан ақпарат алу арқылы экологиялық деңгеін жоғарлатады.

Рекреациялық аумақтың этнографиялық статусын сақтау: Экологиялық туризмнің негізін құрайтын соңғы принцип - бұл экологиялық турлар өткізілетін аймақтардың мәдениетіне және халықтың дәстүрлеріне ұқыпты қарау. Соңғы онжылдықты дәстүрлі мәдениет пен ұлттық байлық саяхатшылардың назарын аудартуда, бірақ та этнографиялық туризмнің ұйымдастырылуы немесе экологиялық турларға этнографиялық компоненттерді енгізу рекреациялық іс - әрекетке қарағанда нақты болуы тиіс.

Жоғарыда айтылғандар бойынша экологиялық туризмнің анықтамасын ұсынуға болады:

«Экологиялық туризм-бұл тамаша табиғи аумақтарға бару, туристік процеске қатысушылардың экологиялық мәдениет деңгейінің жоғарлауы және тұрғылықты халықтың өмірлік деңгейінің жоғарлауы, табиғатты қорғау нормаларын ұстану және экологиялық турларды және бағдалмаларды орындау кезіндегі технологиялар».

1. 2. Туристік нарықта экологиялық туризмнің дамуы.

Экологиялық туризм XX ғ. 70 - 80 ж. ж қалыптаса бастаған. Экологиялық пайда болуы мен дамуы табиғи шекаралардың қалыптасу тарихымен тығыз байланысты. Экологиялық туризмнің даму тенденциясы ДТҰ-мен анықталды. Осы ұйымның болжамы бойынша экологиялық туризм 2020 жылға дейін дамудың бес негізгі стратегиялық бағытына кіреді. Эксперттердің бағалауы бойынша табиғат жағдайын алаңдатушы халықтың саны өсуде.

Әлемде экотуристердің басым бөлігін кәсіпкерлік дамушы елдер құрайды. Маңызды қызығушылықты Африка, Азия, Орталық Американың экзотикалық табиғаты мен мәдениеті тудырады. Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Испания, Франция және т. б. сияқты елдердің экотуристік нарықтың потенциялын анықтау үшін 2002 жылы ДТҰ арнайы зерттеу жүргізген. Ең репрезентивті мәлімет Германияның туроператорлық нарығының экотуристік сегментін бағалау кезінде алынды. Германиялық глобальды туристік нарығы өсудің тұрақты тенденциясын иеленуде: 1972 жылы немістердің туристік жол жүрулері 24, 8 млн. құраған, ал 1982 ж. 31, 1 млн. -ға өскен, 2000 ж. 62, 2 млн. құрады. Немістер үшін ішкі туризм бірінші туристік бағыт болып табылады, елдегі үлесі қысқаруда, ал шет елге шығу өсуде.

Ұлттық парктер, қорықтар, ЮНЕСКО биосферлі қорықтар, қорғалатын табиғи ландшафтылар, табиғи парктер - қорғалатын табиғи аумақтар деп аталады. Қазіргі уақытта экологиялық туризм дамуының негізгі ресурстарын құрайды. Барлық әлемнің қорғалатын табиғи аумағының өз штатында экологиялық туризмнің негізгі құрылғыларын өңдеуге мүмкіндігі бар әкімшілік, ғылыми, қорғаушылық, көмекші құрылымдары бар. Келесілерді қамтамасыз етеді: экологиялық ағарту, тұрғылықты халықты туристік процеске тарту, туристердің қауіпсіздігі және т. б. Туризм шаруашылық іс-әрекетті құраушы болып табылады. Ұлттық парктердің және басқа да резервациялардың іс-әрекеті бақылаудыв болады және табиғатты қорғаудың құралы және өзіндік қаржыландырудың бастауы болып табылады. Көп жағдайда белгілі бір елдің немесе халықаралық ұйымның бюджеттік қаржыландыруындағы ұлттық парктері болып отыр. Бұл үшін туризмді реттеу мен жоспарлау жүзеге асырылуы тиіс.

Табиғи туризм және экотуризм табиғатты адамның шаруашылық іс-әрекетімен қозғамаған туризм ретінде ДТҰ-мен анықталады. Туризмнің мақсаты мен әдісі - белгілі бір аумақта орналасқан өсімдік және жануар әлемін, сонымен қатар түрлі мәдени құндылықтарды тану. Табиғи туризмнің басқа туризмнен айырмашылығы табиғи ортаға әлсіз әрекет етуімен және дамыған инфрақұрылымды қажет етпейтіндігі. Экотуризм әдісінің диапозоны кең, өсімдік және жануар әлемін зерттеуден бастап табиғатқа саяхат жасауға дейін, мысалға, демалу мен тануды қосатын демалыс күндердегі саяхат. Аумақты қорғау ұйымының ең таралған формасы ұлттық парктердің пайда болуы болып табылады.

Ұлттық парк - бұл тамаша табиғи каньондары, сарқырамалары, аралдар және ландшафтылары бар аумақ немесе акватория. Кейбір жағдайларда ұлттық парк қорық аналогі болып табылады. Қазіргі кезде дүниежүзінде 3500 мыңнан астам ұлттық парк бар, олардың ішінде - 2600 әлемдік мәнді иеленеді және БҰҰ реестріне кіргізілген. Осылардың барлығы мемлекет қорғауына алынған. Парктердегі ландшафтылар, өсімдік және жануар әлемі табиғи түрінде сақталған. Ұлттық парктің көп бөлігі туристік мақсатта қолданылады, сондықтан да келушілер мұнда қатаң арнайы маршрутпен арнайы көлікпен өтеді және осы мақсат үшін арнайы дайындалған түнеу орындарында түнейді.

Парктер экожүйесі, жануарлар мен өсімдік әлемі сақталынған, сонымен қатар әдемі ландшафты бар аумақтарда пайда болады. Парктер мемлекеттің жоғары органдарының шешімімен немесе олармен келісіп, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың шешімімен қалыптасады, мысалға ЮНЕСКО. Осындай шешім қабылданғанна кейін сол аумақтарда шаруашылық іс-әрекет, табиғи ресурстарды эксплуатациялау, пайдалы қазбаларды алу тоқтатылады. Кейбір жағдайларда шектеулі түрде паркке ғылыми мақсатта келу және туристердің эстетикалық және мәдени тұрғыда қанағат алу мақсатында келу рұқсат етіледі. Туризм осы аумақтарға кіріс әкелуде.

- ғылыми қорықтар, қорғалатын аумақ ғылыми мақсатта қолданылады, мысалы, Галапагоск аралы, мұнда тамаша жануар әлемі сақталынған;

- ұлттық парк ұлттық және халықаралық мәндегі табиғи және ландшафтылы аумақтардың сақталуы үшін қалыптасады. Мұнда коммерциялық іс-әрекет, пайдалы қазбаларды алу, өндіріс, ауылшаруашылықпен айналысуға рұқсат етілмейді. Түрлі елдердегі 300 ірі ұлттық парктерді атап кетуге болады.

- табиғат ескерткіштері нақты табиғи көрікті жерлердің және объектілердің сақталуы үшін қалыптасады;

- ресурсты қорық ресурстардың эксплуатациясын сақтау мақсатында қалыптасады;

Осындай парктер континенттердің түрлі бөліктерінде пайда болған және кең аумақты алып жатыр. Ұлттық парк - резервация, тамаша табиғи объектілері бар акватория немесе табиғи аумақ болып табылады.

Қорғалатын табиғи аумақтардың пайда болу тарихы. Әлемде ең алғаш ұлттық паркті қалыптастыру АҚШ - та XIX ғ. аяғында пайда болды. «Ұлттық парк» ең алғаш анықтамасын 1933 жылы Лондонда Африканың флора мен фаунасын қорғау бойынша Конвенциясымен берілді. Онда былай делінген:

  • ұлттық парк - бұл мемлекеттік бақылауға алынған аудан; жабайы аңдар мен өсімдіктердің көбейуі, қорғанылуы мен сақталынуы және экзотикалық, геологиялық, археологиялық, тарихи, сонымен қатар басқа да ғылыми қызығушылық тудыратын және халықтың демалуына мүмкіндік беретін объектілердің қорғанысы үшін арнайы берілген аудан. Ауданнан тыс аң аулау, аңдарды ату және жою немесе флораны коллекциялау тек басшылықтың немесе парк әкімшілігінің бақылауымен жүргізіледі.

1940 ж. Батыс жартылай әлемінің флорасы мен фаунасын сақтау және табиғатты қорғау бойынша Вашингтондағы Конвенция өздерінің анықтамасын ұсынды: «Ұлттық парк - бұл ұлттық мәндегі флора мен фаунаны қорғау және сақтау үшін арналған аумақ, егер оны мемлекеттік бақылауға алса, халық одан пайда және қанағат ала алады».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуы
Алматы облысының экологиялық туристік бизнесті дамыту перспективалары
Экологиялық туризмнің жіктелімі
Ақмола облысының туристік мүмкіндіктері
Рекреациялық және іскерлік туризм
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардағы экотуризмнің даму мүмкіндіктері
Туризмология пәнінен дәрістер
Қазақстанда баламалы туризмді дамыту әлеуеті
Туризм индустриясына басқа экономика салаларының экономикалық бағыныштығы
ТУРИЗМ БАЗАСЫ РЕТІНДЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz