Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту бағыттары



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

1 КІРІСПЕ

1 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ 6
НЕСИЕЛЕНДІРУІН ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Шағын және орта бизнестің экономикалық мазмұны мен бағыттары
1.1 Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктердің шағын және6
орта бизнесті несиелендіру түрлері 12
1.2 Шағын және орта бизнесті екінші деңгейлі банктердің несиелендіру
барысындағы шетелдік тәжірибесі 18
1.3
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ 26
НЕСИЕЛЕНДІРУДІ ТАЛДАУ (АҚМОЛА ОБЛЫСЫ МЫСАЛЫНДА)
Ақмола облысы бойынша екінші деңгейлі банктердің шағын және орта
2.1 бизнесті несиелендіру 26
Шағын және орта бизнесті лизингтік несиелендірудің қазіргі
2.2 жағдайын талдау. 29
Шағын және орта бизнес субектілеріне салық салу саясаты және оны
2.3 талдау 37
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ШАҒЫН ЖӘНЕ 44
ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Қазақстан Республикасында екінші деңгейлі банктердің шағын және
3.1 орта бизнесті несиелендіруді тиімді дамыту жолдары және оның 44
проблемалары
Қазақстанда шағын және орта бизнесті несиелендіруді мемлекеттік
3.2 қолдауды жетілдіру және көрсетілген бағдарламалары. 49

ҚОРЫТЫНДЫ 54
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 57

2

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. Шағын және орта кәсіпкерлік
немесе бизнес - бүгінгі өркениетті дүниежүзілік экономикалық даму
жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады.
Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан
экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық
өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштердің артуына
тікелей әсер етеді. Кейінгі жылдары елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті
дамытуға көбірек көңіл бөліне бастады. Шағын бизнестің дамуынын бірден бір
көзі банктік несие болып табылады. Экономиканын нақты секторын және де
сауда фирмаларын коммерциялық банктердің несиелеуі - ұлттық экономиканың
өсуіне олардың қосқан үлесі, басқа жағынан қарағанда банктердін аткаратын
өзінін қызметтері қаржылық сектордың, яғни экономиканың ажырамас бөлігі.
Олардың дамуы мемлекеттің, экономика агенттерінің шаруашылық өмірі үшін
пайдалы, әрі тиімді.
Бүгінгі таңда капиталды жұмсау бәсекесінің артуы көрініс табады.
Отандық банктер қарыз алушылар үшін несиелерді алуды жеңілдете бастады,
несие беру процесі ықшамдалып, пайыздық ставкалардың төмендеу тенденциясы
байқалуда. Сонымен катар коммерциялық банктер ұзақ мерзімді несиелер бөліп
отыр. Өйткені әдеттегі қыска мерзімді, айналым капиталының толықтыру
мақсатына бөлінген несиелер несиелік портфелінің көлемінің ауытқуына әсерін
тигізеді. Банктер ездерінің ішкі несиелік саясаттарына сай несиелік
талдаудын әдістемесін жасап, оны маркетингтік жоспарға сәйкес
несиелендіретін салалардағы кәсіпорындардың несиелік кабілеттіліктерін
анықтауда қолдануы қажет.
Нақты жоба бойынша банктердің шағын бизнесті несиелеуге дайындығы,
несиелеу механизімінің өзекті проблемаларына әлемдік тәжірибеде кеңінен
қолданылатын әдістемелік нұсқауларын кұрастырды. Банктердің шағын бизнеске
несие ұсынуының тиімділігін арттыру, ынталылығын көтермелеу, Қазақстан
экономикасының жағдайына сәйкестендіру механизімін жетілдіру бүгінгі күннің
талабы.
Банк саласы Қазақстан Республикасы экономикасының дамушы саласының
бірі болып табылады. Бүгінгі күні шағын және орта бизнесті дамыту үшін
мемлекет тарапынан түрлі жаңа қадамдар жасалынуда. Шағын және орта
бизнестің жоғары деңгейде қызмет етуін ұйымдастыру үшін конструктивтік
бизнес-идея, тиімді басқару (менеджмент) және каржының жеткілікті болуы
шартты жағдай.
Осыған байланысты кейбір кәсіпкерлерде өз бизнесін ұйымдастыруына
кажетті қаражаттың жетіспеушілік мәселесі туындап отыр. Әлемдік тәжірибеде
мұндай мәселелер әр түрлі жолдармен шешіледі. Сондықтан, ақшалай
каражаттарға иелік ететін инвестициялық қорлар, банктер, мемлекет тәуекелге
бел буып, жаңадан іс ұйымдастырушы кәсіпкерлермен біріге отырып, олардың
тауарларды өндіру мен қызмет көрсетулерін қаржыландыруы керек. Бұл тұрғыда
жеке инвесторлар үшін жоғары табыс алу
мүмкіндігі тұрса, ал мемлекет үшін жұмыссыздық мәселесі шешіледі немесе
жобаның әлеуметтік мәнін арттырудың мүмкіндігі туындайды.
Сондықтан, халық шаруашылығы саласындағы банк жүйесінің мемлекеттің
әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етудегі алатын орны ерекше.
Такырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Шағын жәнс орта бизнес
субъектілерін несиелеудің ғылыми негізіне тереннен қалам тартқан батыс
елдерінің осы салада зерттеулер жүргізген маман-ғалымдардың еңбектері
кеңінен колданылды. Атап айтқанда, Д. Кейнс, Р. Кэмпбелл, К. Кондратьев,
А.В. Чаянов, Й. Шумпетер, П.С. Роуз, М.А. Гольцберг, Дж. Р. Брик, Э.Дж.
Долан. Сонымен катар, жұмыста Ресей мен Қазақстанның іргелі
зерттеушілерінін еңбектері, оның ішінде Е.Ф., Жуков, Л.Н. Красавина, О.И.
Лаврушин, О.Б. Баймұратов, Г.Т. Қалиева, Қ.Қ. Ілиясов, Н.Қ- Мамыров, Ғ.С.
Сейітқасымов, М.С. Саниев, Н.Н. Хамитов сиякты ғалымдардың және көптеген
басқа да отандық экономистердің еңбектері кеңінен пайдаланылды.
Дегенмен, аталған еңбектерде несиелеудің әдістері мен тәсілдері
бүгінгі күннің талабына сай жан-жақты қарастырылған деп айту мүмкін емес.
Жалпы несиелеу үдерісінде көптеген мәселелер көтеріліп жатқанымен, нақты
шағын және орта бизнесті несиелеу мәселелері әлі де болса ғылыми тұрғыда
терең негіздеуді талап етеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстандағы орта және шағын
кәсіпкерлікті несиелеу мәселелерін талдау, несиелеу үдерісіндегі теориялық
және практикалық мәселелерін, сонымен қатар несиелеу үдерісінде кәсіпорын
мен банк арасында туындайтын карым-қатынастарды карастыру, сараптау және
зерттеу болып табылады.
Аталған мақсаттарга жету үшін мынадай міндеттерді орындалады:
- шағын және орта бизнестің экономикалық дамудағы алатын
рөлін көрсету және оның мазмұнын ашу;
- бизнесті дамытудағы мемлекет тарапынан жүргізілетін
каржы-несиелік және инвестициялық қолдау саясатына жан-жақты тоқталу;
- кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін несиелеудін
тәжірибелік мәселелерін қарастыру және оған баға беру;
- шет елдік және отандық несиелеу үдерісінің тәжірибелік
мәліметтеріне сүйене отырып шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуге
зерттеулер жүргізу;
- бизнес субъектілерін несиелеуді жетілдіруге байланысты
ұсыныстар мен тұжырымдар жасау.
Зерттеу пәні ретінде казіргі кезде коммерциялық банктердің шағын және
орта бизнес субъектілерін несиелеуді іске асыру барысындағы экономикалық
қатынастардың жиынтығы қарастырылады.
Зерттеу объектісі - Қазақстандағы шағын және орта бизнесті несиелеу.
Дипломдық жұмысты зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі -шағын
және орта бизнес субъектілерін несиелеуді талдау саласында еңбек еткен
шетел және отандық практик-экономистердің, ғалымдардың монографиялары,
ғылыми енбектері, ал нормативтік негізі Қазақстан Республикасының заңдары
және несиелеу жөніндегі нормативтік актілері, Ұлттық банктің ережелері мен
нұсқаулары болып табылады.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңашылдығы - Қазақстан Республикасында
екінші деңгейлі банктердің шағын және орта бизнесті несиелендіруді тиімді
дамыту жолдары ұсынылды.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы. Зерттеу жүргізу барысындағы
алынған жұмыстың нәтижелерін Қазақстан Республикасындағы коммерциялық
банктер, сонымен бірге қаржы-несие саласында қызмет аткаратын қаржылық
институттардың қызмет етуінде және экономикалық оқу орындарының, қайта
даярлау және мамандардың біліктілігін жетілдіру институттарының оқу
үдерісін ұйымдастыру барысында қолдануға болады.
Зерттеу әдістері – дипломдық жұмысты жазу барысында экономикалық,
статистикалық, ғылыми диалектикалық, дедукциялық және индукциялық әдістер
қолданылды.
Дипломдық жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытынды, қолданылған әдебиеттер
тізімі және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, объектісі мен
пәні, зерттеу әдістері қарастырылған.
Бірінші тарауда - шағын және орта бизнестің экономикалық мазмұны мен
бағыттары, Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктердің шағын және
орта бизнесті несиелендіру түрлері қарастырылған.
Екінші тарауда - Ақмола облысы бойынша екінші деңгейлі банктердің
шағын және орта бизнесті несиелендіруі, шағын және орта бизнесті лизингтік
несиелендірудің қазіргі жағдайына талдау жаслған.
Үшінші тарауда - Қазақстан Республикасында екінші деңгейлі банктердің шағын
және орта бизнесті несиелендіруді тиімді дамыту жолдары және оның
проблемалары қарастырылған.
Дипломдық жұмыстағы зерттеудің нәтижелері қорытындыда жинақталған.

3 1 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУІН
ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1.1 Шағын және орта бизнестің экономикалық мазмұны мен бағыттары

Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы даму барысындағы өзекті
мәселелердің бірі болып тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму арқылы
халықтың тұрмыс деңгейінің сапасының артуын қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан – 2030 стратегиясы, 2015 жылға дейінгі индустриялдық-
инновациялық даму стратегиясы мен Елбасының Қазақстан халқына арналған
Жолдауында кәсіпкерлік ортаны одан әрі нығайту мәселесіне, оның ішінде
ұлттық экономиканы инновациялық технологиялар негізінде диверсификациялауды
жүзеге асыруда шағын және орта бизнеске жетекші орын беріліп отыр. Осыған
байланысты еліміздегі өзекті мәселелердің бірі – осы аталмыш саланы одан
әрі жетілдіріп, өркендету [1].
Шағын және орта бизнес - жеке және занды тұлғаның өз күш-қабілетін
танытуының белгілі бір мақсаттарды - жүзеге асырушының іс әрекетінің тиімді
тәсілі. Ол адамдардың өзіне сенімін арттырады, іскерлігін қалыптастырады.
Кәсіпкерлік қызметке талдау жасау - оның жалпы экономикалық ой-пікір сиякты
ұзақ тарихы мен терең тамырының бар екендігін көрсетеді. Көне тарих пен
орта ғасыр ғылымдарында кәсіпкерлік туралы, оның индустриялық кезіне дейін
қалай аталғанына қарамастан, ерекше пікірлер қалыптасқан. Нарықтық
экономикасы дамыған елдерде әрбір азаматтың кәсіпкерлікпен айналысуға
кұқығы бар. Алайда оны жүзеге асыру қоғам мүшелерінің кез-келгенінің
қолынан келе бермейді. Сондықтан, кәсіпкерліктің шын, накты субъектісі -
бұған деген алғы шарттары бар, ең бастысы капитал иемдену құдығы бар
субъектілер жатады.
Кәсіпкерліктің сонғы нәтижесі өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет
және ең бастысы - әр кәсіпкер оның тек өзіне тиімдісін, пайдалысын ғана
жасайды. Міне, осы себептен кәсіпкерлердің басты мақсаты - өз кәсіпорынының
пайдасын барынша жоғарылату немесе шығындарын барынша азайту болып
табылады. Ал, кәсіпкердің табысы көбіне оның бизнесті ұйымдастыруына
тікелей байланысты. Қызметінің бастапқы кезеңінде кәсіпкер қатаң бәсеке
жағдайында нарықтан шығып қалмас үшін өндіріс факторларын жүйелеудің жаңа
жолдарын іздейді, яғни, бұл кәсіпкерліктің ең басты мәселесі (2(.
Бірқатар авторлар шағын және орта бизнес монополияланғаң экономика
жағдайында маңызы ерекше бәсекелестік ортаны кұрайды деп пайымдайды. Кейбір
зерттеушілердің пікірі бойынша, шағын және орта бизнес өзінің табиғаты
жағынан монополияға қарсы, ол оның қызметінің әртүрлі жақтарында көрінеді.
Бір жағынан ол, монополияны қалыптастырушы элементтердін сирек және
қозғалыс жылдамдығының жоғары деңгейде болатындығынан монополиялауға аз
ұшырайды. Екінші жағынан тар мамандану және жаңа техниканы пайдалану
барысында шағын және орта бизнес ірі қорпорациялардың монополистік
позицияларын бұзатын, қауіпті бәсекелес ретінде болады.
Шағын кәсіпкерліктің басқа артықшылықтарынан, автолар айналымдылықтың
жоғары жылдамдығымен, құрылыс мерзімдерінің қысқартылуымен, негізгі
қорлардың жалпы құнындағы белсенді бөлігінің жоғарлауымен, басқару
персоналдарын ұстау шығындарының төмендігімен, ірі капиталды тарту
қажеттігінің жоқтығымен қамтылған күрделі және ағымдағы шығындардың тиімді
қолданылуынан көреді.
Сонымен, кәсіпкерліктің ұсынылған тұжырымының және шағын және орта
бизнестің қолдағы бар тұжырымдарын талдау негізінде, шағын және орта бизнес
және шағын және орта бизнесті несиелеу терминдерінің келесі авторлық
анықтамаларын көрсетуге болады:
Шағын және орта бизнес дегеніміз - бұл экономикалық-құқықтық
жауапкершіліке, қаржылық инновациялық қызметке негізделген, өз табысын алу
мақсатында әртүрлі өндірістік, қаржылық тәуекелдерге бара отырып,
өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретін және меншік иесінің
өндірісті басқару үдерісіне жеке қатысуын талап ететін, шаруашылық
субъекті.
Шағын және орта бизнесті несиелеу дегеніміз - шаруашылық субъектінің
әкімшілік, басқарушылық және қаржы-экономикалық қызметтерін қосымша қарыз
капиталыменен қамтамасыз ету үшін, кәсіпкердің өтініші бойынша бизнес
жобасы негізінде несиелік мекемелермен берілетін каражат.
Кұрамдас бөлігінің бірі - бизнес инкубаторлары болып табылатын
кәсіпкерлік ортаның дамуына ықпал ететін нарықтық инфрақұрлымның қалыптасуы
орын алды. Қазіргі уақытта бизнес инкубаторлар 10 облыста құрылған. Жалпы
елде 31 бизнес инкубаторлар қызмет атқаруда. Бизнес инкубаторлар
территориясында өндірістің түрлі саласында 200-ден астам кәсіпорындар
әрекет етуде (3(.
Соңғы кездерде ШОБ-ті қолдауды және дамытуды реттейтін заңнамалық және
нормативтік база құрылды. Кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың бұрынғы
мемлекеттік бағдарламаларға ( 2001-2002 жж, 2003-2005 жж, 2006-2008 жж.)
талдау оларды іске асыру республикада кәсіпкерлік секторды қалыптастыруға
және дамытуға оң әсер еткенін көрсетті. Тауарлар мен қызметтер көрсетудің
бәсекелі нарығы құрылды және шағын кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың
институтционалдық шаралары айқындалды.
Нарықтық реформалар жылдарында кәсіпкерлік сектор қоғамда елеулі орынға
ие болды. Ресми статистика деректері бойынша республикада осы сектор
дамуының оң серпіні, шағын және орта бизнес субъектілерінің тұрақты өсуі
2007 жылы 521,5 мың шағын кәсіпкерлік субъектілері есепке алынған, оларда
шамамен 1,2 миллион адам жұмыс істейді. Шағын кәсіпкерлікте жұмыс
істейтіңдердің үлес салмағы жұмыс істейтіндердің жалпы санының 17,6%-ын
құрайды.
Экономикасы жаңа дамып отырған елдер үшін орта және шағын бизнесті
жандандыру шешуші рөл атқарады. Кәсіпкерлік қызмет бұл елдер үшін
дағдарыстан алып шығатын бірден-бір сара жол болып отыр. Оның аясында жалпы
ішкі өнімнің үлес салмағын артып, экономикалық тұрғыдан жұмысқа жарамды
тұрғындар жұмыспен қамтамасыз етіледі. Бұл индустриалды, дамыған
экономикасы бар және өтпелі кезеңді басынан кешіріп отырған елдер
экономикасы үшін тым жағымды көрініс. Ол бәсекелестікке сай келе алатын
динамикалық диверсификациялық бағытта халықтың жұмыспен камтамасыз
етілуіне, оның әлеуметгік тұрмыс жағдайын көтеретін шын мәніндегі қуатты
экономикаға жол ашады (4(.
2008 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілері тауарлар сату мен қызметтер
көрсетуден 625,5 млрд теңгеге жуық сомада кіріс алды. Елдін жалпы ішкі
өнімінің құрылымындағы шағын кәсіпкерліктің үлесі осы жылдын алдын ала
жасалған қорытындылары бойынша 2007 жылмен салыстырғанда 2,9%-ға өсуге және
19,5%-ды кұрауға тиіс. Шағын кәсіпкерлікті реттеудін, нормативтік құқықтық
негізі құрылды. 2006-2008 жылдардың ішінде Қазақстан Республикасының Салық
кодексіне шағын бизнес субъектілері үшін салық ауыртпалығын одан әрі
төмендетуге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Банк секторын
тұрақты дамуы қаржылай қызметтер көрсету нарығын дамытуға және шағын
кәсіпкерлік кәсіпорындары активтерінің ұлғаюын ынталандыратын қаржы-
кредиттік қамтамасыз етудің көп деңгейлі жүйесін әзірлеуге мүмкіндік
береді.
Дегенмен, зерттеу барысында шағын және орта бизнес алдында тұрған
проблемалардың жеткілікті екендігі анықталды және олар терең ғылыми
ізденісті талап етеді. Шағын және орта бизнестің дамуына кері әсер ететін
бірқатар факторларды былайша топтауға болады:

Кесте 1 - Шағын және орта бизнестің дамуына кері әсер етуші факторлар

Кедергілер 2004 ж. 2007-2008 жж.
1. Салық саясаты 2 4
2. Жалпы экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы1 3
3. Несие саясаты 4 1
4. Өнімді өткізу мәселесі - 2
5. Шикізатпен қамтамасыз ету мәселесі 5 6
6. Мемлекеттік органдармен өзара іс-кимыл 3 5
Ескерту - автормен құрастырылған (51(

Келтірілген мәліметтерден көріп отырғанымыздай Қазақстан нарығында
шағын кәсіпорындардың тиімді қызмет етуіне кедергі болып отырған
мәселелердің бірі - салық саясатының жетілмегендігі. Қазақстандағы шағын
және орта бизнесті дамыту факторларын атайтын болсақ онда мына төмендегі
жағдайды көруге болады. Аталған мәселелерді салық заңнамасында шешу үшін
мыналар кажетті болып келеді:
жаңа өндірістік – инновациялық кәсіпорындарға салық салудың жеңілдетілген
режимін енгізу;
өндірістік сектордағы кәсіпорындардың несиені өтеу кезінде салық салу
процедурасын қайта қарау;
ынталандырушы салық режимін орындау жолымен шағын бизнеске жанама қаржылық
талдау көрсету;
салық саясаты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер санының өсуін
ынталандырушы, жұмыс орындарының өсуіне, өндірілген жұмыстар мен
көрсетілген қызметтердің экономикалық реттеушісі болуы керек (5(.
Шағын және орта бизнес субектілерінің жұмысына кедергі болатын
мәселелердің екінші түрі – жалпы экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы. Яғни,
АҚШ доллары бағамының тез өзгеретіндігі, макроэкономикалық жағымсыз
өзгерістерге байланысты инфляция және жоғары тәуекелдер, әлемдік қаржы
дағдарысының орын алуы және т.б.
Үшінші орында кәсіпкерлер несиені алу кезінде туындайтын қиыншылықтар
мәселесі. Шағын кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіріп отырган бұл мәселе
субъектілердің өзінің инвестициялық және айналымдағы мұқтаждарын қамтамасыз
ету үшін жеткілікті каржы ресурстарының жоқтығы болып табылады. Республика
бойынша шағын жоне орта бизнес субъектілермен жүргізілген анонимді
сауалнаманың мәліметтері бойынша, шағын бизнестің алдында тұрған ең негізгі
мәселе-несиелік ресурстарға шығу жолының қиындығы.
Төртінші мәселе - шикізатпен камтамасыз етілуі мен өнімді өткізуі.
Өнімді өткізу кезінде қиыншылықтардың пайда болуының бірден-бір себебі -
бәсекелестік ортаның жоғарылылығында. Шағын кәсіпкерліктің дамуына кері
әсер ететін басқа да факторлар шағын кәсіпкерліктің қызметін реттейтін
қолданыстағы заңнамадағы нормалардың жетілдірілмеген және кей жағдайда
нақты нормалардың болмауы болып табылады, бұл әкімшілік кедергілерді
ұлғайтуға әкеледі.
Шағын бизнесті дамытудағы және жұмысбастылық мәселесін шешудегі
мемлекеттік саясатын жасап, жүргізу үшін жоғарыдағы факторларды бөліп
көрсетуге болады. Аталған факторлар өз кезегінде шағын және орта бизнестің
дамуын тежейтіндіктен бірінші кезектегі міндеттерді анықтауға мүмкіншілік
береді.
Шағын және орта бизнес қызметін арттырудың негізгі нәтижелері кестеде
көрсетілген. 2003 жылды базалық жыл деп алып 2008 жылмен салыстыратын
болсақ, сонғы жылдары тіркелген кәсіпорындар мен қызмет ететін бизнес
субъектілерінің әлдеқайда азайғанын байкауға болады. Мысалы, тіркелген
шағын кәсіпкерлік субъектілері 22,6%-ға төмендеген.

Кесте 2 - Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кұрылымының өзгеру
деңгейі

Көрсеткіштердің Жылдар 20082003
аталуы жылға, %


2003 жылы тіркеуге алынган ШКС жалпы саны 514,4 мың бірлікке тең
болса, оның ішінде шағын кәсіпорындар үлесі 66,9 %, жеке кәсіпкерлер, соның
ішінде шаруа (фермерлік) кожалықтары 38,1%-ды құрайды. Бұл жылы 318,4 мың
шағын кәсіпорындар тіркеуге алынды, олардан тек 16,4% ғана қызмет
ететіндер. Көріп отырғандай, жыл ішінде Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік
қолдау туралы және Жеке кәсіпкерлік туралы негізгі заңдарды қабылдау
нәтижесінде ШКС санының күрт өсуі байқалады.
2003-2008 жылдар аралығында шағын кәсіпкерлік сферасындағы жұмыс
істейтіндер саны 930,7 мың адамнан 1407,6 мың адамға дейін немесе 51,2%
көбейді. Жеке кәсіпкерліктегі жұмыскерлер санының өсу қарқыны шағын
кәсіпорындарға карағанда жоғары.
Егер, 2003 жылда, яғни базалық жылда қарастырылып отырған
субъектілердің жұмыскерлер саны өзара тең болса, онда 2008 жылы жеке
кәсіпкерліктегі жұмыскерлер саны 715,4 мың адамға тең, ал шағын
кәсіпорындарда 692,2 мың адам, ол жеке кәсіпкерліктегі жұмыскерлер санынан
23,2 мың адамға жоғары.

Ескерту - автормен құрастырылған (25(

Сурет 1 - Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту бағыттары

Көп өңірлерде кәсіпкерлердің біліктілігі мен оларды оқыту проблемасы
шешілмеген күйде қалуда. Жүргізілген талдау шағын кәсіпкерлікті колдау
жұмыстары өткен жылдардың тәжірибесі негізінде жүйелеу жолымен
экономикалық, кұқыктық және институтционалдық - құрылымдық реформаларды
терендету қажеттігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Шағын бизнесті дамытудағы және жұмысбастылық мәселесін шешудегі
мемлекеттік саясатын жасап, жүргізу үшін жоғарыдағы факторларды бөліп
көрсетуге болады. Аталған факторлар өз кезегінде шағын және орта бизнестің
дамуын тежейтіндіктен бірінші кезектегі міндеттерді анықтауға мүмкіншілік
береді.

1.2. Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктердің шағын және
орта бизнесті несиелендіру түрлері

Қазақстан Республикасында енді ғана жанданып келе жатқан шағын
бизнеске несие беретін субъект - екінші деңгейдегі коммерциялық банктер
болып табылады. Коммерциялық банктер көбінесе заңды тұлғаларды және қысқа
мерзімді несиелеуді жақтайтыны - тарихи қальптасқан жағдай. Қазақстандық
шағын және орта бизнес субъектілерінін екінші деңгейдегі банктерден
коммерциялық несиелер алуы кәсіпорындарды дамыту үшін қаражаттарды
толықтырудың іс жүзіндегі негізгі көздерінің бірі болып табылады. Алғашқы
құрылу кезінде шағын бизнес несиесіз өз жұмысын атқара алмайды.
Қазіргі кездегі республикадағы шағын және орта бизнесті несиелеуді
дамытуға кедергі болып отырған негізгі факторлар мыналар:
несие алу барысындағы шарттардың қатал болуы;
несиенің мерзімі мен пайыздық ставкаларының бизнеске қолайсыздығы;
несиені рәсімдеу процедурасының ұзақтылығы және оны сактандыру кажетгігі;
коммерциялық банктердің кепілге қоятын талаптарының жоғарылығы;
әлемдік несие нарықтарындағы дағдарыстар әсерінен несиелік
ресурстарға кол жеткізу қиындықтары және коммерциялық банктердің жеке
ресурстарының аз болуы;
мемлекеттік инвестициялық-несиелік институттардын ресурстарының
тиімсіздігі;
мемлекеттің қазына қоры арқылы шағын және орта бизнесті несиелеуге бөліп
отырған қаражатының аз болуы және оның шарттарының қолайсыздығы (6(.
Банктер кез келген уақытта, қарыз алуға ниет білдірген субъектілерді
несиелеген кезде пайда болатын несиелік тәуекелге ұшырайды. Жалпы отандық
несиелеу тәжірибесі көрсеткендей банктердің кәсіпорындарды қаржыландыру
кезінде келесідей факторлар өз әсерін тигізеді (3-кесте).
Банк несиелерді қайтарымдылық, жеделдік, тиімділік принциптерін қатаң
сақтау, несиелерді мақсатты пайдалану мен заңда қарастырылған және екі
жақпен келісілген жағдайда коммерциялық негізде береді.
Шағын және орта бизнестің күрделі мәселелерінің бірі - несиелік
ресурстарды алудың қиындығы. Өйткені, несие алу үшін кепілге қоятын мүлік,
бизнес-жоспар дайындауда қиыншылықтар жеткілікті.

Кесте 3 - Банктердің шағын және орта кәсіпорындарды несиелеуге әсер ететін
факторлардың топтамасы

Банк тұрғысынан Кәсіпорын тұрғысынан
1. Кепілзатпен қамтамасыз етудің 1. Несиеге деген жоғары пайыздық
болмауы мөлшерлеме
2. Несиені қамтамасыз етудің 2. Несиелердің қысқа мерзімділігі
өтімсіздігі
3. Қарыз алушы-кәсіпорынның 3. Несиені өтеу кезінде жеңілдік
қанағаттанғысыз қаржылық жағдайы кезенінін жоқтығы
4. Қарыз алушы-кәсіпорынның акпараттық4. Құжаттарды дайындау
жабықтығы процедурасының ұзақтығы
5. Қарыз алушы-кәсіпорынның нақты 5. Кепілдің бағалау кұнын оның
несие тарихы туралы ақпаратгарға қол нарықтық кұнынан кемітіп көрсетуі
жетпеушілік
6. Банк менеджерлерінін ұзақ мерзімді 6. Кәсіпорын менеджерлерінің ұзақ
несиелермен жұмыс істеу тәжірибесінің мерзімді несиелерді рәсімдеу бойынша
жоқ болуы жұмыс істеу тәжірибесінің жоқ болуы
Ескерту - автормен кұрастырылған (45(

ҚР Ұлттық банкінін мәліметтері бойынша, қарастырылған төрт жыл
аралығында, ШКС берілген несиелердің ағымдағы портфелі 145,4 млрд теңге
құрады. Қысқа мерзімді несиелер үлесі 55,9%, орта және ұсақ мерзімді
несиелер - 44,1%-ға тең. Қысқа мерзімді несиелер үлес салмағынын жоғарылығы
екінші денгейдегі банктердің тез айналатын сауда-делдалдык операцияларды
несиелеудегі қызығушылығын көрсетеді (7(.
Орта және ұзақ мерзімді несиелердің төменгі үлесі өндіріс және ауыл
шаруашылық секторын қаржыландыру қызығушылығының жоқтығын көрсетеді, ол
кепілдікке қойылатын мүліктің жоқтығына, несиелерді алудағы құжаттарды
реттеу қиыншылықтарына және банктердің басқада талаптарына байланысты.
Жалпы алғанда 2005-2008жж. аралығында ШКС несиелеу өсу үрдісіне не болып
келді
Төмендегі 4-ші кесте бойынша қарастырылған аралықта елдің
экономикасына бағытталатын несиелердің жалпы сомасының базалық кезеңмен
салыстырғанда 2005 жылдан бастап 276,2 млрд теңге-ден 2007 жылы 672,4 млрд
теңгеге дейін өсу қарқыны байқалған, яғни 9,4 есеге өскен, соның ішінде
шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несиелері 2007жылы 145,4 млрд теңгеге
немесе 6,3 есе өскенін көреміз. Несиелеу аумағының күрт төмендеу 2007-2008
жылдар аралығында байқалған. Оған себеп банк секторындағы дағдарыс болып
отыр. Кестеде көргеніміздей барлық несиелер көлемі 2007 жылы 672,4 млрд
теңгегені құраса 2008 жылы бұл көрсеткіш 2,5 есеге дейін төмендеп 256,8
млрд теңгеге төмендеді. Оның ішінде шаған және орта бизнес субъектілері
үшін берілген несие көлемі де 145,4 млрд теңгеден 2008 жылы 98,5 млрд
теңгеге дейін төмендеді. Елде қысқа мерзімді несиелеу көлемдерінің 40,1 -
67,6 млрд тг немесе 47,5 млрд теңге сомасына жоғарыласа, өз кезегінде
орташа және ұзақ мерзімді несиелеу 34,1-ден 77,8 млрд теңге немесе 75,0
млрд теңге ұлғайды (8(.

Кесте 4 - ШКС несиелеудің негізгі көрсеткіштерінің өсу деңгейі

Көрсеткіштердін. аталуы Жылдар
2005 2006 2007 2008
Экономика салалары бойынша
барлық несиелер, млрд теңге 276,2 489,8 672,4 256,8
с.і.-ШКС 74,2 122,0 145.4 98,5
Несиелеу мерзімдері
бойынша ШКС несиелері, млрд
теңге 40,1 60,2 67,6 45,3
– қысқа мерзімді 34,1 61.8 77,8 41,8
– ұзақ мерзімді
ШКС барлық несиелері,млрд
теңге
- ұлттық валютада 40,7 75,4 53,2 43,6
- шетелдік валютада 33,5 46,6 92,2 39,5
Ескерту – автормен құрастырылған (51(

Сонымен қоса, ұлттық валютада несиелеу көлемдері 40,7-ден 53,2 млрд
теңге дейін немесе 309,2%, ал шет елдік валютада несиелеу көлемдері 33,5-
дан 92,2 млрд теңге дейін немесе 9,3 есе өседі. ШКС белгілі бөлігі
несиелерді шетелдік валютада алуды ұнатады. Сөйтіп, 2007-2008 жылдар
аралығында ұлттық валютадағы несиелердің үлесі 36,6% тең болды, ал шетелдік
валютада 63,4%. Осыған қарамастан, ШКС бөлінетін несиелердің үлес салмағы
31,9-тен 21,6% дейін төмендеді.
Жоғарыда көрсетілген кестені диаграмма түрінде көрсетіп талдайтын
болсақ соңғы екі жылда Республиканың бюджеттік қаржыларынан шағын
кәсіпкерлік мұқтаждарына 50 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар, әрбір облыс
пен аудандар экономиканың осы секторын жергілікті бюджеттерден
қаржыландыруды жүзеге асыруда.
Сондыктан, екінші деңгейдегі банктердің жүргізіп жатқаи несие саясатының
арқасында да соңғы жылдары шағын және орта бизнес субъектілеріне берілген
несиелер көлемінің қарқынды өсіміне қол жеткізуге мүмкіндік туды:
республикада ЕДБ-нің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелердің
жиынттық мөлшері 2007 жылдың ақпан айында 205 322 млн теңгені құрады.

Ескерту – автормен құрастырылған (51(

Сурет-2- Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу динамикасы

Екінші деңгейдегі банктердің аймақтары бойынша шағын және орта бизнес
субъектілеріне берген несиелерінің құрлымында дербес кәсіпкерлік қаласы -
Алматы ең үлкен орынды алады. Ресми статистика мәліметгері бойынша (2007
ж.) Алматы қаласында 27677 кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың ішінде сауда
саласында - 13764 (50,3%), өнеркәсіпте - 2742 (9,8%), құрылыста - 2661
(9,5%), көлік пен байланыста - 1820 (6,5%), қонақ үйлер, мейрамханалар және
басқа да қызмет түрлері - 6690 (23,8%).
Жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелгендер - 2060 адам, 2006 жылдың сәйкес
кезеңімен салыстырғанда 48%-ға көп. Бұл аталған сандар елімізде шағын және
орта бизнестің қарқынды дамуын қөрсетіп отыр. Алайда республиканың басқа да
аймақтарында даму жағдайлары байқалуда.(9(
Қазақстан Республикасында 2006-2008 жылдар аралығында екінші
деңгейдегі банктердің шағын кәсіпкерлікке экономика салалары бойынша
несиелер көлемі өзгергенімен несие құрылымы айтарлықтай өзгерген жоқ.
Мәліметтерден көріп отырғанымыздай, екінші деңгейдегі банктердің шағын
кәсіпкерлікке экономика салалары бойынша несиелерінің жартысынан астамы
құрылыс пен сауда саласындағы кәсіпорындарға жұмсалды.

Ескерту – автормен құрастырылған (51(

Сурет 3 – 2006-2008 жылдардағы екінші деңгейлі банктердің шағын және
орта бизнес субъектілерін экономика салалары бойынша несиелендіруі, %
.

Сауда қызметі шағын және орта кәсіпорындарға неғұрлым қол жетерлік,
себебі үлкен капитал жұмсалымын, тауарлы-материалды запастарды қажет
етпейді, сондай-ақ ақша қаражаттарының тез шалымдылығын қамтамасыз етеді.
Республикамыздағы тағы бір мәселе шағын кәсіпкерлікке қаржылық кемек
көрсетуде географиялық дисбаланс байқалады. Өйткені қаржының басым бөлігі
Алматы (62%), Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе областарында жергілікті органдардың
шағын бизнеске көңіл аудармауы мен төмен қолдауына байланысты жалпы
берілген несиелердің (1,5%). Ал, Алматы облысының үлесіне барлық банктік
несиелердің 13%, Шығыс-Қазақстан - 6%, Жамбыл облысының үлесіне небәрі 1%.
Ал, екінші қалалар мен ауылдың шағын және орта кәсіпорындары несиелік
ресурстарға өте зәру болып отыр, ягни несие ресурстары аймақтық жобалардан
тыс қалып отыр. Өйткені коммерциялық банктердің аймақтармен байланысы және
аймақтық кіші және орта жобаларды қаржыландыруға олардың ынтасы жоқ.[10]
Сонымен қатар, банктік нормативтер де шағын бизнесті қаржыландыруға
олардың ынтасы төмен. Қазіргі кезде аймақтарда: ұсақ сауда орнын,
тамақтандыру саласы сияқты өте қарапайым жобалар ғана ұсынылады.
Елде отандық шағын және орта кәсіпкерліктің тиімді дамуы үшін қызметі
инновацияны енгізумен, өнім экспортымен байланысты, ШОБ субъектілері
жеңілдетілген несиелеу сияқты колдау түрін әрі қарай тарату және кейбір
жағдайларды іске асыру механизмін құру қажет, франчайзинг, венчурлік
бизнесті субмердігерлік және лизингті белсенді қолдану үшін жағдайлар жасау
керек. Осындай қолдаудың нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлік ұлттық
экономикада елеулі рел аткара бастайды.
Сонымен қатар, шағын және орта бизнесті несиелеудің және
қаржыландырудың мынадай жүйесін құруды ұсынуға болады:
Ең басты міндет - ол шағын және орта кәсіпорындарын несиелеу мен
қаржыландыру келемін ұлғайту;
Елдің барлық аймақтарында несиелік мекемелердің желісін кеңейту
бойынша нақты шараларды қолға алу;
3. Шағын бизнес субьектілерінін қарыз каражаттарга кол
жеткізу мүмкіндіктерін кұру үшін Үкімет, өкіметтің аймактық органдары
шағын және орта бизнес кәсіпорындары алатын несиелердін
кепілдендірілген жүйесін кұру;
Банк қызметін қайта кұру керек. Мемлекеттің шағын және орта
бизнесті несиелеу мен қаржыландыру бойынша саясатын жүргізуге
маманданған банктер мен қаржы ұйымдарының жүйесін калыптастыру;
Қарыз алушының несиелік тарихын жинақтайтын несие бюросын құру
кажет.
Аталған мақсаттарды орындау үшін шағын кәсіпорындарға берілетін
несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені қаражаттандыру бағдарламасын жүзеге
асыру кезінде бюджеттің барлық деңгейдегі қаражаттарын бөлу керек. Сонымен
катар, соманың кайтарымдылығына кепіл беретін сактандыру қорының жүйесі
болуы шарт.[11][
Шағын бизнестің дамуының бірден бір кезі болып банктік несие
табылса, сол несиеге қалайша қол жеткізуге болатындығы, оны
тиімді пайдаланып, дер уақытында банкке қайтару мәселелері жұмыста
зерттеліп қарастырылды. Тәжірибе жүзінде шағын бизнес субъектілерінің
банктік ресурстарға мұқтаж болуы бүгінгі күннің көкейтесті мәселелерінің
бірі екендігі аталып, шағын бизнесті несиелеуге құштарлық танытпай отырған
банктерді қалайша ынталаңдыруға болатыны жайында пікірлер айтылды.
Сонымен бірге, нақты жоба бойынша, банктік несиеге арыз берген заңды
тұлға жобасының үлгісі бойынша несие мақсаты, несие мерзімі,
несие қайтарымдылығы, несиені қамтамасыз ететін кепіл мүлкін
бағалау негіздерімен қатар, бүл құжаттардың Қазақстан Республикасы
зандарына сәйкес рәсімделуі, қарызды беру, қайтару механизмдері зерттелді.

3. Шағын және орта бизнесті екінші денгейлі банктердің несиелендіру
барысындағы шетелдік тәжірибе

Кейінгі онжылдықтарда экономикасы дамыған Батыс елдерінде бәсекенің
дамуы әсерінен шағын және орта бизнес рөлі арта түсті. Мұның басты себебі-
экономикалық сектордың кәсіпорындарына тән артықшылықтар.
Тұрақты экономикалық жүйеде шағын және орта кәсіпкерлік: динамикалық
түрде дамуы мүмкін, тұтынушылардың сұранысының өзгеруіне төзе бейімделе
алады, бәсекелес нарықтық қатынастарға ықпал етеді, экономиканың құрылымдық
қайта құрылуына әсер етеді, жаңа жұмыс орындарын ашады, жаңа кәсіпкерлік
топ пен меншік иелерінің құрылуына жағдай жасайды, елдің жалпы ұлттық
өнімінде үлкен үлеске ие бола алады, мемлекеттік бюджетке үлкен қаржы
сомаларын береді.
Дамыған елдерде шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын
кәсіпорындар мынадай салаларда басым рөл атқарады: сауда, автосервис,
құрылыс, қызмет көрсету салалары. Қазір шет елдерде шағын және орта
кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындар жоғары технологиялық сфераларға:
машина құрылысы, энергетика, электротехника, химиялық өнеркәсіп,
транспорттық қызмет, информатика, микроэлектроника, телекоммуникация
салаларына әртараптандырылып жатыр.
Қазіргі кезде дамушы мемлекеттердің едәуір бөлігінің экономикалық
саясатының негізгі бағыты экономикасы дамыған елдер тәжірибесі мысалында
ұсақ өндірісті дамыту және оның орта және ірі кәсіпкерлікпен байланысын
нығайту болып табылады.[12]
5-кесте мәліметтері бойынша, экономикасы дамыған елдерге қарағанда
негізгі капиталдың мөлшері 30-40 есе төмен, дамушы елдерде ұсақ бизнес 2-5
есе жоғары. Ұлтгық өндірушілердің жалпы санындағы ұсақ кәсіпкерлердің үлесі
өнеркәсібі дамыған елдердің сәйкес көрсеткішінен 1,5 есе жоғары. Сондай-ақ,
ЖІӨ, халықты жұмыспен қамтудағы шағын кәсіпорындардың үлесі дамыған
елдердегі нәтижеге жақындауда. ҚР шағын және орта кәсіпорындар қызметінің
барлық көрсеткіштерінің арасында тек ұлттық өндірушілердің 92,7% үлесі
дамыған елдер шамасына сәйкес келеді. ҚР шағын және орта кәсіпкерлігінін
қалған көрсеткіштері дамыған елдермен қоса, дамушы елдермен қол жеткен
көрсеткіштер деңгейінен төмен.
Шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруды жандандыру отандық
экономиканы дамытудың ең өзекті мәселелерінің бірі. Себебі, олар арқылы
әлеуметтік-экономикалық дамудың көптеген мәселелерін шешеді: өндіріс
өнеркәсібін модернизациялауды және кеңейтеді, бәсекеге қабілетті өнімдерді
шығарады, жұмыс орны санын өсіреді, халықтың әл-ауқатының жалпы деңгейін
көтереді.

Кесте 5 - Даму деңгейі әртүрлі елдердегі шағын және орта кәсіпорындар
шектерінің орташа есептелген критерийлері және олардың экономикадағы алатын
орны

Көрсеткіштердің аталуы Дамыған Дамушы елдерҚазақстан
елдер Республикасы
1. Жұмыскерлердің саны ( адамға 500 50 50
дейін)
2. Негізгі капитал (мың АҚШ 170-190 5,0 -
доллары)
3. Максималды жылдык 150-200 300-1000 -
айналым (мын АҚШ доллары)
4. Ұлттық өндірушілердің жалпы 60-80 90-98 92,7
санындағы үлесі (%)
5. ЖІӨ кұрудағы үлесі (%) 50-60 20-40 16,3
6. Ұлттық жұмыс бастылықты 60-70 40-50 10,3
қамтамасыз етудегі үлесі (%)
Ескерту - автормен кұрастырылған (51(

Барлығына мәлім, шет мемлекеттердің тәжірибелері көрсеткендей,
кәсіпорынды қаржыландырудың кең таралған көздерінің бірі - коммерциялық
банктердің жеке инвестициялары болып табылады. Банктік несиеге деген
сұраныс күннен-күнге өсуде, ал оған шағын бизнес субъектілерінің қол
жеткізе алмауы көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр. Әлеуметтік-
экономикалық ақпарат және жобалау институты жүргізген сауалнама бойынша
Қазақстанның шағын бизнес субъектілерінің 84% несиеге тәуелді екендігін
көрсеткен. Сондай-ақ осы институттың мәлімдеуі бойынша банктен алынатын
несиелер мына мақсаттар үшін жедел қажет:
- айналым қаражаттарын толықтыру - 63,5 %;
- кұрал-жабдыктарды ауыстыру және жөндеу - 42,9 %;
- ғимараттарды салу және жөндеу - 25,4 %;
- жалақыны өтеу - 3,2 %;
- жал және коммуналдык қызметтерді өтеу - 2,1 %.
Шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпкерлер ірі
кәсіпорындармен қатар қызмет етуі дамыған елдер экономикасына тән белгі.
АҚШ-та өз ісімен айналысушы азаматтар, яғни кәсіпкерлер үлкен құрметке ие.
Нарықтық экономикаға бет бұрған елдер үшін АҚШ-тағы шағын және орта
кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпкерлерді несиелендіруді дамыту тәжірибесі
үлкен маңызы бар.[13]
АҚШ шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлер
басқармасының классификациясы бойынша шағын және орта бизнес
субъектілеріне: жұмыскерлер саны 500-ге дейін болатын өндірістік және сауда
кәсіпорындары, ал басқа салалар үшін-жылдық табысы 2 миллион долларға дейін
болатын кәсіпорындар жатады.
АҚШ-та тіркелген кәсіпорындардың 97%-ына жуығы шағын және орта
бизнеспен айналысатын кәсіпкерлер. Бұл шағын және орта бизнеспен
айналысатын кәсіпкерлер жалпы ұлттық өнімнің 53%-ына, көтерме сауданың 64%-
ына, бөшек сауданың 72%-ына, қызмет саласының 57%-ына ие болып тұр.
Экономикалық өсу және құлдырау кезінде, жаңа жұмыс орындарын ашу мен
қысқарту кезінде шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлер
жұмыссыздық проблемасын бәсеңдетеді. АҚШ-тық шағын және орта бизнеспен
айналысатын кәсіпкерлер бизнесінің дамуы мысал көрсеткендей, шағын және
орта бизнес сыртқы ортаның өзгеруіне тез бейімделеді. АҚШ сауда
министрлігінің мәліметтері бойынша шағын және орта бизнеспен айналысатын
кәсіпкерліктің инновациялық сипаты елдің экономикалық өсуіне 20-25%-ға
дейін үлес қосады.
АҚШ-та шағын және орта бизнес тұрақты түрде мемлекеттік қолдауға ие.
Әр түрлі мемлекеттік реттеулер мен қолдау шаралары құқықтық базаға
негізделеді. Солардың бірі Шағын бизнес туралы заң. АҚШ конгрессінде
шағын және орта бизнес проблемаларымен екі комитет айналысады. Федералдық
деңгейде шағын бизнес әкімшілігі қызмет атқарады. Әкімшіліктің басты
функциясы-шағын және орта бизнесті жан-жақты қолдау және несиелендіру.
Әрбір штатта әкімшіліктің аймақтық бөлімдері жұмыс істейді. Аймақтық
бөлімшелер шағын және орта бизнес субъектілеріне нарық туралы ақпарат
береді, оның мәселелерін шешуге көмектеседі.
АҚШ-та шағын және орта бизнес қоғамда кәсіпкерлік, бәсекелестік
атмосферасын несиелендіріп оны дамытуға үлкен үлес қосады. Мемлекет
тарапынан болатын шектеулер кәсіпкерлікке кедергі келтіреді. Сондықтан да
АҚШ конгресі шағын және орта бизнеске тікелей несие беріп бақылау жасайды.
Конгресс шағын және орта бизнесті несиелендіру және дамыту мақсатында
бірнеше программа жасады.[14]
АҚШ шағын және орта бизнесті несиелендіруді қолдаудың мемлекеттік
жүйесі:
- банктерден шағын және орта бизнеске төмен пайызбен несие беру;
- мемлекеттік бюджеттен несие беру;
- бюджеттен тікелей дотациялау;
- мемлекеттік тапсырыстардың бір үлесін шағын және орта
кәсіпорындарда орналастыру;
- шағын бизнеске несие беру кезінде мемлекеттік кепілді қолдану;
- шағын бизнеске салықтық жеңілдіктер беру.
Негізгі бағдарлама бұл инкубаторлық бағдарлама. Инкубаторлар – ол
университеттер, компаниялар, федералдық органдар, штаттық басқармалар
жанында құрылатын ұйымдар. Бұл ұйымдардың негізгі мақсаты-жаңа шағын және
орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлерге жан-жақты көмек көрсету болып
табылады. Себебі, көптеген шағын және орта бизнеспен айналысатын
кәсіпкерлер өз ісін бастағысы келгенімен, мүмкіндігі жоқ, осындай
кәсіпкерлерге инкубаторлар көмекке келеді. Қойылған мақсатқа, қаржыландыру
көзіне байланысты инкубаторлар: фирмалық, университеттік, жекеше болуы
мүмкін. Инкубаторларды қаржыландырудағы мақсаттар:
- инкубатор клиенттерінің табысына ортақтасу;
- жеке тұлғалардан арендалық төлемдер алу;
- жаңа жұмыс орындарын ашу.
Сауда палаталары да инкубаторларды қаржыландыруға қатысады. АҚШ-та
шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлер экономикада жетекші рөл
атқарады. Сондықтан да федералдық, штаттық басқару органдары шағын және
орта бизнесті несиелендірудің дамуына үлкен мән беріп отыр, оның дамуына
барлық жағдай жасап жатыр.
Шағын және орта бизнесті несиелендіруді дамыту жөнінде Жапония
мемлекеті де үлкен тәжірибеге ие болып отыр.
Жапонияда шағын және орта бизнеске ерекше назар аударады. Себебі,
шағын бизнесті несиелендіріп, дамыту арқылы Жапония соғыстан қираған елден
жоғары технологиялық дамыған елге айналды. Жапонияның халық шаруашылығында
шағын және орта бизнес субъектілерінің саны, жұмысшылар саны, тауар
айналымы басқа секторлармен салыстырғанда алдыңғы қатарда тұр. Дәстүр
бойынша әрбір ірі корпорация өз жанында бірнеше шағын және орта бизнеспен
айналысатын кәсіпорын құрады. Бұл шағын және орта бизнеспен айналысатын
кәсіпорындар бас кәсіпорынға тәуелсіз болады және өздерінің ұйымдық
құрылымын жасайды, жаңа өнімдерді шығара бастайды.
Жапонияда шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпорындар үлесіне:
өндірістік өнімнің 55%-ы, көтерме сауданың 60%-ы, бөлшек сауданың 80%-ы
тиеді. Еркін нарықтық бәсеке шағын және орта бизнеспен айналысатын
кәсіпорындарға сыртқы ортаға бейімделуіне көмектеседі. Мұндай жағдайда
мемлекеттік органдар шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпорындарға
құрал-жабдықтарды жаңартуға, технологияны жақсартуға, өнімге деген
сұранысты ұлғайтуға көмек береді. Жапонияның шағын және орта бизнеспен
айналысатын кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдауының басты ерекшелігі - басты
бағыттарды дамытудағы уақыт мерзімі. Басымдылық бағыттар бір немесе одан да
көп жылдарға бекітіліп, кейіннен өзгеріп тұруы мүмкін. Мемлекет шағын және
орта бизнеспен айналысатын кәсіпорындарға мемлекеттік тапсырыстарды алуда
да көмектеседі. Жапонияда шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлер
мақсатты түрде бюджеттен қаржыландырады және несиелендіріледі. Әрбір
министрлік, әр ведомство өз шығындар бюджетіне шағын және орта бизнеспен
айналысатын кәсіпкерлерге жұмсалатын қаржыны кіргізеді. Шағын және орта
бизнеспен айналысатын кәсіпорындарға жеңілдетілген салық мөлшерлемесі
қолданылып, төмен пайызбен екінші деңгейлі ады. Жапонияда шағын және орта
кәсіпорындар жалпы ұлттық өнімнің 73%-ына ие болып отыр. [15]
Ұлыбританияда шағын және орта бизнес субъектілеріне: жылдық тауар
айналымы 2 миллион фунт стерлингтен аспайтын, активтер сомасы 1 миллион
фунт стерлингтен және жыл бойы 50 адамды жұмыспен қамтитын кәсіпорындар
жатады. Ұлыбритания мемлекеттік консультациялық қызметі бастаушы
кәсіпкерлерге қажетті кеңестер береді. Мысалы, коммерциялық мәселелерді
қалай шешу керек екенін, бухгалтерлік есепті қалай жүргізу керектігі
туралы, нарықты қалай зерттеу керек екендігі туралы кеңестер. Шағын және
орта бизнес жөніндегі Үкіметтік қызмет кәсіпкерлер үшін әр түрлі семинарлар
мен курстар ұйымдастырып тұрады. Сонымен қатар Үкімет банктер алдында
кәсіпкерлер үшін қарыздық кепілдеме береді. Шағын және орта бизнеспен
айналысатын кәсіпорындар салықты табысқа жеткеннен соң ғана төлейді.
Қазақстанда шағын кәсіпорынды ашу үшін жұмсалатын күш-жігерді шет елде
шағын кәсіпорын ашуға жұмсалатын уақытпен салыстыру мақсатында Франция
Үкіметінің шағын кәсіпорындар үшін жасап жатқан шараларын атап өткен жөн.
Франциядағы тұрақты түрде дамып жатқан іскерлік қызметтің негізінде
мемлекеттің мақсатты түрде жүргізіп жатқан саясаты жатыр. Басты назарда
шағын және орта кәсіпорындар. Себебі, бұл кәсіпорындар нақты экономиканың
ең динамикалық агенті. Францияда шағын кәсіпорындарға-жұмысшылар саны 500-
ден аспайтын кәсіпорындар жатады. Ресми дерек бойынша Францияда шағын және
орта кәсіпорындарда - 16 500 000 адам жұмыспен қамтылған. Орташа есеппен
бір кәсіпорында 7 адам жұмыс істеген. [16]
Әдетте әкімшілік процедуралар шағын және орта бизнеспен айналысатын
кәсіпорындарды құруға кедергі келтіретіні мәлім. Сондықтан да Франция
Үкіметі формальді мәселелерді қысқартуға көшті. Францияда шағын және орта
бизнесті экономика, қаржы, индустрия министрлігінің бір департаменті
бақылайды. Әкімшілік қысым бірқатар әкімшілік, әлеуметтік процедураларды
оңтайландыру арқасында азайды.
Францияда шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлерді
несиелеу кезінде пайыздық өсімді мемлекет бонификациялайды. Бонификация –
бұл жеңілдету. Қаржылық мехинизм арқылы мемлекет шағын және орта бизнеспен
айналысатын кәсіпкерлерге төмен пайызбен несие ұсынысын арттырады.
Орталық бюджет арқылы шағын және орта бизнеске жұмыспен қамтуды да
қаржыландырады. Яғни еңбек және әлеуметтік шығындар бойынша жеңілдіктер
беріледі. Францияда жұмыссыздар өз кәсіпорнын ашу үшін мемлекет көмегіне
сүйене алады.
Азиялық қаржылық дағдарыс көрсеткендей шағын және орта бизнеспен
айналысатын кәсіпорындар сыртқы факторға аз тәуелді. Бұл шағын және орта
кәсіпорындар үлкен кәсіпорындарға қарағанда артықшылықтарға ие. Үкіметтің
шағын және орта кәсіпорындарды қолдауға бағытталған саясаты өте алуан түрлі
болып келеді және бұл саясат кәсіпорындардың әрі қарай дамуын қолдайды.
Егер Ресей үкіметі өз қызметінің алдыңғы бағыттарының бірі шағын
бизнесті дамыту болса, онда оны несиелеу мәселесі де жоспарлы және мақсатты
шешу керек. 2006 жылы федералдық бюджетте шағын бизнесті қолдауға 90млн.
ресей сомы салынса, 2007 жылы -120млн. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті басқару және дамыту
Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу: дамуы мен жетілдіру жолдары
Шағын және орта бизнестің инновациялық әлеуеті
Кәсіпкерлік қызмет. Кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет айрықша мүдделі
Қордын даму кезеңдері мен қызметтері
Кәсіпкерлікті қолдау бойынша кәсіпкерлердің ұлттық палатасымен және басқа да ұйымдармен ынтымақтастықты күшейту бойынша ұсыныстар дайындау
Қазақстандағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың әрекет етуші жүйесі
Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігінің жағдайы туралы жалпы мағлұмат
Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуы
Франчайзинг жүйесі
Пәндер