КСРО Агроөнеркәсіп банкі


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Халықаралық есеп айырысу операцияларында
коммерциялық банктердің орыны туралы теориялық негіздер . . . 6
1. 1 Халықаралық есеп айырысу жүйесі және оның негізгі элементтері . . . 6
1. 2 Қазақстан халықаралық есеп айырысу операциялары мен
Банкаралық Ақша Аудару Жүйесінің жұмыстарын орналастырудағы
коммерциялық банктердің орыны . . . 13
1. 3 Шет елдердегі есеп айырысу жүйесін ұйымдастыру тәжірбиесі . . . 16
2 «Тұран Әлем Банк» АҚ мысалында халықаралық есеп
айырысу операцияларын талдау . . . 21
2. 1 "Тұран Әлем Банкі " АҚ экономикалық көрсеткіштері мен есеп
айырысу операцияларын талдау . . . 21
2. 2 Халықаралық клирингтік есептеу, шапшаң аударымдар жүйесінде
төлемдер қабылдау мен өткізуді ұйымдастыру . . . 37
2. 3 Екінші деңгейдегі банктер пайдаланатын халықаралық төлем
құралдары және олардың тиімділігі . . . 41
3 Халықаралық есеп айырысу операцияларының болашақта дамуы
мен проблемалары . . . 50
3. 1 Қазақстан Республикасының халықаралық есеп айырысу
операцияларын ұйымдастырудағы мәселелер және оларды тиімді
шешу жолдары . . . 50
3. 2 Халықаралық есеп айырысу операцияларын ақпаратпен қамтамасыз ету . . . 53
Қорытынды . . . 56
Қолданылған әдебиеттер көздері . . . 59
Қосымшалар
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі . Екінші деңгейлі банктердің халықаралық есеп айырысу операциялары атты тақырыбын зерттеудің маңыздылығы банктердің халықаралық экономикалық жүйедегі орнымен анықталады.
Экономикалық дамуы нарықтық өзгертулер процесі арқылы дамитын елдердің негізгі және қиын әлеуметтік-экономикалық проблемаларының бірі банктік жүйенің тұрақтылығын, табандылығын және сенімділігін қамтамасыздандыру болып табылады.
Банктік жүйені реформалау, реттеу мәселелеріне мүдделіктіліктің пайда болуы, әдетте екінші деңгейдегі банктердің сенімді қызмет жасайтын нарықтық институттарға айналуына байланысты, себебі Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың аяқтан тұру проблемалары, сан алуан формаларда шаруашылық өмірдің барлық сфераларына ендеп кірген несиелермен тығыз байланысты болуында.
Әлеуметтік нарықтық экономиканы бәсекелік негізге сүйене отырып, негізгі жекеменшіктік формаларды (мемлекеттік және жеке) ұштастыру мен өзара байланыстыра отырып, Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде жұмыс жасау несиелік саясаттың негізгі нысаны болып табылады. Нарықтық экономиканы қалыптастыру Кеңес империясының шикізат көзі болған Қазақстанды дамыған индустриялық державаға айналдыруға мүмкіндік береді.
Банктік несиелік саясат туралы айтқан жағдайда, тек бір бөлікке ғана көңіл аударуға болмайды. Себебі ең ірі деген жалғыз банк кәсіпорындардың несиелік қорларға туындаған сұраныстарын қамти алмайды.
Банктік саясат, егер ол тек коммерциялық банктермен ғана жүргізілген жағдайда да, мемлекет ісі болып табылады және міндетті түрде мемлекеттік реттеуді талап етеді. Ол әрине құқықтық және экономикалық шеңберде ғана болуы тиіс (Қазақстанның банктік жүйесінің реформалануына негіз болған құжат - 1990 жылы қабылданған «Банктер туралы және Қазақ ССР банктік іскерлік туралы» Заңы) .
Дипломдық жұмыстың тақырыптық зерттеу дәрежесі. Коммерциялық банктердің халықаралық есепайырысу операцияларын зерттеу жалпы отандық банк жүйесінің қазіргі жағдайы, жеткен жетістіктері, қаржылық қызметтер нарығының проблемалары отандық және шетелдік экономистердің еңбектерінде жан-жақты қарастырылған. Коммерциялық банктердің қаржылық жағдайын зерттеуге Ғ. С. Сейітқасымов Ғ. С., Мақыш С. Б., Мельников В. Д., Ильясов К. К., Шарипов К. А., Зейнельгабдин А. Б., Худяков А. И., Юрченко Т. В., Лаврушина О. И., Рафалович Л. А., Долан Э. Дж., Ефимова Л. Г. сияқты экономистер үлкен үлес қосқан.
Қазақстан Республикасында Ұлттық банк мемлекеттің банктік жүйесінде бірінші деңгей болып табылса, мемлекеттік, жеке меншіктік, акционерлік және аралас банктер торабы Қазақстан Республикасының банктер туралы заңында айқын анықталғандай екінші деңгейдегі банктер болады.
Қазақстан Республикасында тек Ұлттық банк республикадағы банктік жүйенің жұмыс істеуін ұйымдастырады, төлемдік есептесудің тәртібі мен формаларын анықтайды, банктік операциялардың уақытында және үзіліссіз өтуін қамтамасыз етеді. Ал, екінші деңгейдегі банктер банктік қызмет көрсетулерді ұйымдастырады. Мысалы, ең әмбебап банктер типі болып табылатын коммерциялық банктер коммерциялық негізде қаржылық-коммерциялық операцияларды кең көлемде іске асырады. Олар өздерінің меншікті капиталдарын пайдаланумен қатар салушылардың ақша құралдарын жоғары дәрежеде жұмылдыра отырып, кәсіпорындарға несиелер ұсынады. Яғни, нарықтық экономикада коммерциялық банктер жетекші рөл атқарады.
«Қазақстан-2030» стратегиясының өтпелі экономиканы реформалауды одан әрі тереңдету туралы тактикалық мақсаттары Қазақстан Республикасындағы банктік іскерлікті реформалау мен реттеудің процесін терең зерттеу мен талдау жөніндегі объективті қажеттіліктен туындады. Аталған проблеманы зерттеудің объективті қажеттілігі ҚР Ұлттық банкі және тікелей екінші деңгейдегі банктер енгізіп жатқан әдістер мен әдістемелерді есепке ала отырып, банктік іскерлікті реттеудің аяғынан тұруы мен дамуын тереңдету болып тұр.
Банктік іскерлікті реттеу процесінің жалпыға бірдей заңдылығы бар. Бірақ бұл реттеу республиканың өзіндік ерекшеліктерін есепке алу керек. Аталған проблеманы зерттеу барысында нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында банктердің рөлін анықтайтын мәселелерді қарастыратын бағытты таңдаған дұрыс болады.
Банктік іскерлікті реформалау - пайданы максималды көлемде алу үшін банктік бизнесті белсенді қоздыруды қарастырады. Ол тек белгілі мөлшердегі тәуекелді қабылдау арқылы ғана іске асырылады.
Сонымен, дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болған мәселе - Халықаралық есеп айырысу операцияларындағы коммерциялық банктер рөлін зерттеу қажеттілігінен туындады.
Аталған проблеманың өзектілігін негіздеуге жоғарыда көрсетілген аргументтерден басқа, нарықтық экономика жағдайында тиімді жұмыс атқаратын Халықаралық есеп айырысу операцияларын құрып жетілдіру мемлекеттің экономикалық және саяси тұрақтылығының бір көрсетіші болып табылуында. Ал, Халықаралық есеп айырысу операциялары тиімді болуында коммерциялық банктер өте үлкен рөл атқарады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - коммерциялық банктердің халықаралық есепайырысу операцияларының қазіргі кездегі даму қарқыны мен проблемаларын қарастыру.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін дипломдық жұмыста мынандай міндеттер жүзеге асырылады:
- Халықаралық есеп айырысу операцияларындағы коммерциялық банктер рөлінің теориялық негіздерін зерттеу.
- Халықаралық есеп айырысу операцияларын талдау және Қазақстан Республикасының төлем жүйесіндегі олардың мінездемелеріне зерттеу жүргізуді іске асыру.
- Халықаралық есеп айырысу операцияларына мониторинг жүргізіп, оларды жетілдірудің жолдары мен әдістерін қарастыру.
Дипломдық жұмыстың объектісі - банк жүйесіндегі халықаралық есеп айырысу операциялары жүзеге асырылған кезде пайда болатын экономикалық қатынастар.
Дипломдық жұмыстың пәні - «Тұран Әлем Банкі» АҚ-ның қаржылық қызметтері мен халықаралық есеп айырысу операциялары.
Дипломдық жұмыстың теориялық және методологиялық негізі ретінде Қазақстан Республикасының төмендегідей ақпарат көздері пайдаланылды: ҚР заңдары, нормативтік және құқықтық актілер, ғылыми әдебиеттер, жылдық есептер, статистикалық мәліметтер, жоспарлар және басқа да құжаттар, оқулықтар және көмекші оқу құралдары.
Жұмысты жазу барысында экономикалық талдау, салыстыру және т. б. әдістер қолданылды.
1 Халықаралық есеп айырысу операцияларында
коммерциялық банктердің орыны туралы теориялық негіздер
1. 1 Халықаралық есеп айырысу жүйесі және оның негізгі элементтері
ХХ ғасырдың соңғы онжылдығы әлем бойынша есеп айырысу белсенді реформаланды және оған нарықтық экономикада халықаралық есеп айырысу жүйесінің негізгі роль атқаратынын түсініп, мойындау себеп болды. Сонымен қатар халықаралық есеп айырысу жүйесін реформалау, төлеуші мен ақша алушының орналасқан жеріне тәуелсіз төлемдер мен ақша аударымдарын шапшаң, тиімді және қауыпсіз өткізуді қамтамасыз ететін жаңа технологиялардың пайда болуына байланысты.
Халықаралық эксперттердің бағалуы бойынша барлық посткеңестік кеңістікте Қазақстанның төлем жүйесі ең артық, ең жетілген болып отыр.
Халықаралық есеп айырысу операциялары әр түрлі формада болады, бірақ олардың нысаны біреу: ақша аударымын бір банктік шоттан басқасына аударуды іске асыруға мүмкіндік береді. Халықаралық есеп айырысу жүйенің рөлі тұтынушы мен тауар және қызмет көрсетуді ұсынушының арасында ақша құралдарын уақытымен және тиімді өткізуді қамтамасыздандыру. Бұл ретте ол, экономикалық және қаржылық іскерліктің нәтижесінде алынған міндеттемелерді мерзімінде аяқтауға мүмкіндік жасайды. Қаржылық нарықтар, банктік қызмет нарықтар арасындағы тұрақтылық және төлем жүйесі тұрақтылығы арасында екі жақты байланыстар бар.
Қазақстан Республикасында халықаралық есеп айырысу операциясын реттеудегі Ұлттық Банктің орыны Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы заңымен анықталған. Аталған заңның 48 бабына сәйкес, Ұлттық банк төмен жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастырады, координациаларды және реттелуі, ал осы заңның 8 бабына сәйкес. Ұлттық банк - барлық банктер мен олардың клиенттері орындауға тиісті нормативтік құқықтық актілерді төлемдер мен ақша аударымдары бойынша шығарады [1] .
Халықаралық есеп айырысу операциясының тұрақтылығы принципін сақтауға қатысты маңызды құрал болып, комерциалық банктерді тұрақты тексеріп тұру процесі көрсетіліеді. Орталық банк ақырығы есеп айырысуы іске асыратын соңғы инстанция болады. Сол себепті ақырғы банкаралық есеп айырысуларды орталық банк ақырғы жүргізу дұрыс.
Халықаралық есеп айырысу құралдарын 2 топқа бөлуге болады:
- кредиттік құралдар
- дебеттік құралдар
Халықаралық есеп айырысу құжаттарының түрлері мен толтыру тәртібі:
- төлем тапсырыстары - төлем шоты
- чек
- вексель
- төлем талабы - тапсырысы
- инкассалық нұсқауы, салық қызметі мен кеден органдарының инкассалық нұсқауы, салық қызметі мен кеден органдарының инкассалық нұсқауы
- Ұлттық банктің нормативтік актілері анықтаған, басқада төлем құжаттары.
Төлем тапсырысы ақша жіберушінің қызмет көрсететін банк алушыға алынған тауар, атқарылған жұмыс, көрсетілген қызмет туралы ұсынылған құжат негізінде.
Төлем тапсырысы ақша жіберушінің қызмет көрсететін банк-алушыға, тапсырыста көрсетілген сапаны бенефициардың пайдасына ақша аудару туралы тапсырмасы болып табылады.
Төлем талап - тапсырмасы ақша жіберушіге бенефициардың алынған тауар, атқарылған жұмыс, көрсетілген қызмет туралы ұсынылған құжат негізінде ақша төлем талабы.
Салық қызметі мен кедендік органдардың инкассалық нұсқалары аталған өндіріп алуды негіздейтін орындалу құжатын ұсынбай іске асырылады.
Банк алушының төлем тапсырысын акцептеуі, оның жіберушінің төлем тапсырысын орындау міндеттемесі барын және банк-алушыда жіберушінің банк шотынан акцептелген сома көлемінде ақша сомасын алу, сол сияқты оны орындауда пайда болған шығындарды өндіріп алу құқықтары пайда болады.
Банк - алушымен төлем шотын акцептеу іске асты деп есептеледі, егер төменгі шарттардың бірі орындалса:
- жіберушіге банк - алушы акцептеу туралы хабар жіберсе немесе төлем шотын төлеуге қолма-қол ақшаның қабылданғаны туралы хабар жіберсе.
- банк алушының төлем тапсырысы негізінде жіберушінің ақашасын алса (банктік шотты дебеттесе)
- банк алушының төлем тапсырысын алғаннан кейін үш жұмыс күні бойында жіберушіге акцептеу туралы немесе акцептеуден бас тарту туралы хабарламасын алмаса.
- Қазақстн Республикасның заңдылықтары құрастыратын немесе банк-алушы мен жіберушінің өз ара келісім-шарты негізіндегі басқада жағдайларда [2] .
Бенефициалдық банк төлем тапсырысын акцептедіден есептеледі, егер төменгі шарттардың бірі орындалса
- бенефициардың банкі жіберушіге акцептелу туралы хабар жіберсе
- бенефициардың банкі, егер ол бір мезетте банк-алушы болған жағдайдағ жіберушінің ақшасын оның төлем тапсырысы негізінде алса (банктік шотты дебеттесе)
- бенефициардың банкі бенефициарға ақша аударуды оның банктік шотын несиелеу жолымен іске асырса.
- бенефициардың банкі төлем тапсырысын алғаннан кейін үш жұмыс күші ішінде жіберушіге акцептеу туралы немесе акцептеуден бас тартуы туралы жіберуші хабар алмаса
- Қазақстан Республикасының заңдылықтары қарастырған немесе бенейициар мен бенефициардың банкісі арасындағы келісім-шарт негізінде, басқада жағдайларды іске асырса.
Жіберуші мен банк-алушының арасындағы келісім шартта төлем тапсырысын, оны алу сәтінде акцептеуде қарастырылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасында дебеттік аударымдар төменгідегі төлем құжаттарын пайдалана отырып іске асырылады:
- чек
- төлем талап-тапсырысы
- вексел
Дебеттік аударымдарда төлемдер мен ақша аударымдар бенефициардық төлеуге ұсынатын төлем құжаттары негізінде өткізіледі.
Төлемдер тағайымдарының тұтас классификаторының кодтау құрылымы сандық және әріптік симолдар жүйесі көмегімен құрылды. Төлем тағайымдарының тұтас классификаторлары құрылымы төмендегідей түрде болады: І, ІІ, ІІІ, IV, V, VI, VII, VIII, IX, X. Онда:
І - ақша жіберушінің резиденттік белгісі.
ІІ - ақша жіберушінің экономикасының секторы.
ІІІ -бенифициардың резиденттік белгісі.
IV - бенифициардың экономикалық секторы.
V, VI, VII - валюта мен қымбат бағалы металдардың коды.
VIII - операциялар түрі.
IX - төлем мінездемесі.
X - төлемді деталдау.
Бұл ретте О «Зейнетақы төлемдері мен көмек ақы» бөлімі төлемдер тағайымы кодтарына ие болғанымен төлем мінездемесі атау болмау себептен жоғарғы классификатарға жатпайды.
Халықаралық есеп айырысудағы корреспонденттік қатынастар формасы. Мемлекеттің банктері қазіргі уақытта есептеулерді корреспондентік шоттар арқылы іске асырады. Ол шоттар міндетті түрде Қазақстан Республикасының Ұлттық банктер филиалдарында ашылуға тиісті, сол сияқты банктердің тілегі бойынша егер олардың арасында тікелей корреспонденттік қатынастар орнатылса алыс және жақын орналасқан басқа шет ел банктерінде де ашылуы мүмкін [4] .
Банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін іске асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату туралы 26. 10. 2000 жылғы № 348 Ережеде келесідей анықтама берілген: Корреспонденттік қатынастар - банктер арасындағы келісім. Ол бойынша олардың бірі (корреспонденттер) басқа банктерге (респонденттерге) тиесілі депозиттер ұстайды жеке төлемдер және басқада операциалар бойынша қызметтер көрсетеді. Бұл банк аралық іскерліктің формасын іске асыру мақсатында несиелік ұйымдар бір-бірінде келісім-шарттар негізінде корреспонденттік шоттар ашады [5] .
Корреспонденттік шот - тапсырыс бойынша және басқа банктің есебінен қол қойылған корреспонденттік келісім негізінде екінші банктің жүргізетін есептесулері көрсетілетін шот.
Корреспонденттік шоттар көмегімен ұйымдастырылатын банкаралық есептеулердің екі варианты бар:
Орталықтанған - банктер арасындағы есептесулер Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде міндетті түрде ашылатын олардың корреспонденттік шоттары арқылы өткізіледі.
Орталықтандырылған - либеральданған түрі және коммерциалық банктердің өз ара қатынасы тікелей іске асырылады [5] .
Қазақстанда банк аралық есептеулер бірінші вариант яғни орталықтанған әдіспен іске асырылады.
Банкаралық корреспонденттік қатынастар процесінде есептеулерге қойылатын негізгі талаптар: қажетті көлемдегі жеделдік және төлемнің анықтылығы, жоғары деңгейдегі сенімділігі, қауіпсіздігі, экономикалық тиімділігі және пайдаланушылардың қажеттілігіне сай олардың кең көлемді сан-алуандығы болып табылады.
Сол сияқты банкаралық есептесулерді ұйымдастыруға, оларды өткізудің айқындылығы іске асырудағы уақытты қысқарту мен еңбек сиымдылығын азайту көзқарасы тұрғысынан жоғары деңгейде талаптар қойылады.
Сан-алуан экономикалық субектілердің арасындағы әр түрлі есептеулер тізбегінде банктер бастапқы және соңғы тізбегі болуына байланысты егер сол банктердің арасында есептесу жүйесі болмаса, оларды жүргізу мүмкін емес. Осыған байланысты банк аралық есептесулерді ұйымдастыру үшін негізгі принциптер маңызды болады. Басты принцип - банктердің өз өтімділігін үзіліссіз, және толықтай қамтамасыз ететін деңгейде сақтауы (корреспонденттік шотта құралдардың бөлу), басқа банктермен есептесулер өткізу, әсіресе клиентура төлемдері бойынша.
Банкаралық есептесулерді өткізудің дұрыстығын бақылауды іске асыру принципі де зор маңызға ие болады. Оның спецификасы мен айрықша рөлі олардың синхрондығы мен өткізілетін соманың толықтай бірегейлігін тұрақты өз ара бақылап отырады. Әсіресе, бұл ретте біріншіден банктердің клиенттерінің сомалары бойынша және Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттар бойынша, екінші ретте есепке қатысушы-коммерциалық банктерді өз ара іске асыруларда өз шоттары мен өз баланстарын бақылап отырулар да кіреді.
Банк аралық корреспонденттік шоттар бойынша есептеулердің артықшылығы төмендегі мәселелерді қамтиды:
Ол басқа банктердің клиенттерімен тұрақты контрактылық қатынасы бар клиенттердің мүддесіне сай болады.
Кең көлемді корреспонденттік қатынастарда клиринг - есептеулерді банктердің өз ара талаптары бойынша өткізуге жағдай туындатады.
Банктер - корреспонденттер арасында клиринг өткізу корреспонденттік шоттардағы құралдар қалдығын минимумға мүмкіндік береді, яғни есептесу кезінде олардың бір бөлігін босатып және оларды кіріс алуға қолдануға жол ашады, нарықта белсенді жұмыс істеу мүмкіндігі және қаржылық құралдардың көптеген түрлерін қолдану аясы кеңейеді. Бір жағынан ірі банк кор. шоттағы қалдық құралдар ретінде ірі ақшаны жұмылдырып, әр-түрлі операциаларға қолдануға болады. Үлкен корреспонденттік желі ірі банкке векселдік айналымды дамытуға мүмкіндік береді. Екінші жағынан банктер - клиенттер қамтамасыздандыру құралы ретінде кор. шотта қалдықтары болуына байланысыт, бас банк, іске асыратын операциалар үшін несиелер ала алады.
Корреспонденттік қатынастардың әр жағы өз мәліметтері негізінде кор. шоттар операциаларының есебін дербес жүргізеді. Әр ай сайын банк-корреспондент кор. шот бойынша қалдықты растап отырады.
Корреспонденттік қатынастар, банк-корреспонденттер арасындағы белгілі сенім деңгейін көрсетеді. Банктің өз ара тапсырыстарын жүзеге асыруды білдіреді. Корреспонденттік қатынастар өзара банктер қызметтерінің үлкен санының болуын да қарастырады.
Банк аралық қатынастар, банктер арасындағы өзара байланыстың бір түрі бола отырып, басқа банктерде ашылған шоттарға клиенттердің ақша құралдарын аудару туралы тапсырыстарын орындау мен және банктің өз операциаларын жүргізуі мен де байланыстырылады.
Қазақстандық Банкаралық Есептеулер Орталығы (одан әрі ҚБЕО) - заңды тұлға, оның жарғышылауы ен өкілетті органы болып ҚР Ұлттық банкісі табылады.
ҰБ КБЕО Ұлттық банктің басшылығының 30. 12. 95 жылғы № 252 шешімі негізінде құрылған және банктік жүйені реформалау Бағдарламасына сәйкестелген. КБЕО әділер органдары тіркеуден өтіп, Республикалық мемлекеттік кәсіпорын формасын алды және шаруашылық жүргізу негізінде құрылды. Оынң банктік шоты, гербті мөрі, штампы және қазақ-орыс тіліндегі аты бар өзінің фирмалық бланкісі бар [25] .
ҚБЕО - дербес шаруашылық субъектісі, банктік емес қаржылық мекеме. КБЕКО негізі іскерлігі банктер аралық төлемдер мен ақша төлемдерін Банктер аралық Ақша Төлеу Жүйесі (одан әрі БА ТЖ) және Бөлшек Төлемдер Жүйесі (одан әрі БТЖ) арқылы жүргізу болып табылады. ҰБ ҚБЕО кірістерінің негізгі статясы болып клиенттерге көрсетілген қызмет үшін алынатын ақы табылады.
КБЕО негізгі нысаны, банктік іскерліктің негізгі қажеттілігін, тиімді, тұрақты және қауіпсіз банкаралық төлем жүйесі арқылы қамтамасыздандыру.
Орталық пен пайдаланушылар арасындағы электронды хабар алмасулар ҚР ҰБ тәжірімделген нормативтік-құқықтық актілер негізінде электрондық әдіспен жүргізіледі.
Операциондық күн бойнда КБЕО пайдаланушылардан төлем құжаттарын қабылдайды. Ал операциондық күннің ұзақтығымен жабылу уақыты ҰБ және пайдаланушылармен келісе отырып КБЕО өзі тағайындайды. Ол келісім хат түрінде жасалынады. Операциондық күн аяқталғаннан кейін алынған төлем құжаттары, келесі операциондық күннің басында алынды деп есептеледі.
КБЕО операциалық күн аяқталғаннан кейін төлем құжаттарын қабылдауды тоқтатады, қарсы талаптар мен міндеттемелерді есептеуді жүргізеді. Әр пайдаланушының позициасының тазалығын анықтайды. Содан кейін КБЕО ақшасы жоқ пайдаланушының төлем құжатының клирингте өңделмеу себепті оны жояды, ал таза дебеттік позициасы бар пайдаланушы үшін банкаралық ақша аудару жүйесінде таза дебеттік позициаға тең ақша сомасын резервтейді. Банкаралық ақша аудару жүйесінің пайдаланушылары болып табылатын банктер үшін, таза дебеттік позиция, операциондық күн бойы аударылған ақша сомасы көлемінде анықталады.
Ал егер пайдаланушы операциондық күн бойында БАТЖ шотына ақша аудармаса, аталған пайдаланушының таза позициясы жүйелі пайдаланушыларда оның пайдасына түскен төлем құжаттары сомасы көлемінде анықталады.
ҚР Ұлттық банкі екінші деңгейдегі банктердің ақша айналымын бақылау мақсатында төлемдердің делдалы рөлін атқарады. Ол үшін Ұлттық банк пен екінші деңгейдегі банктер арасында келісім-шарт негізінде корреспонденттік қатынастар орнатылады. Бұл қатынастарға сәйкес Ұлттық банк пайдасына түскен ақшаларды қабылдауға, банктің басқа банкке немесе үшінші тұлғаға ақша аударуы (бөлуі) туралы тапсырысын және келісімде көрсетілген басқада қызметтерді көрсетуге міндеттемелер алады [36] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz