Тұздардың химиялық мелиорациясы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   


Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Әдеби шолу . . . 4

1. 1 Тұздардың ерекшелігі мен құнарлығының арту әдістері 4

1. 2 Тұзды топырақ және ашыған жер . . . 7

1. 3 Тұзды жер. Генезис және тұзды жердің қасиеті . . . 9

1. 4 Тұздардың химиялық мелиорациясы . . . 14

1. 5 Сортаңның химиялық мелиорациясының экономикалық эффектісі . . . 26

2 Табиғи жағдайларға әдістемелік зерттеу жүргізу . . . 28

2. 1 Солтүстік Қазақстанның табиғи жағдайлары . . . 28

2. 2 Зерттеу жүргізу мен әдістемесі . . . 30

3 Тұзды жердің физика-химиялық және физикалық қасиеті . . . 39

3. 1 Тұзды жердегі сулы-пептизирленген саздың мөлшері . . . 40

3. 2 Топырақ агрегаттарының суға төзімділігіне химиялық мелиоранттардың әсер етуі . . . 45

3. 3 Тұзды жер топырағының орта реакциясына химиялық мелиоранттардың әсері . . . 48

3. 4 Ұсақ қаратопырақты тұзды жерлер құрамындағы Ca, Mg, Na химиялық мелиоранттардың әсері51

3. 5 Дренажды судың дренажды құрғақ қалдығына химиялық . . . мелиоранттардың әсері . . . 56

4 Экологиялық қауіпсіздік . . . 58

Қорытынды . . . 61

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 62


Кіріспе

Қазақстан Республикасының үкіметтік АӨК саласы стратегиясында 2008-2009 жылдар аралығында мына шаралар өңделді: егіс алаңының құрылымдық үйлесімділігіне байланысты негізгі ғылыми жобаларды енгізе отырып, жер шаруашылығына жаңа технологияларды қолданып, өндіріс орындарында тұқым шаруашылық базасын жаңартуына жағдай жасап, минералды тыңайтқыштарды қолдану; ауыл шаруашылық өндірісінде машина-трактор паркін қайта жаңарта отырып, машина-технологиялық станция жүйесін құру.

Ауыл шаруашылығындағы суды қолдану жүйесін қалпына келтіру жүйесі 2008 жылдың бас кезінде басталды. Су шаруашылығын реттеп отыратын меншікті су қолдану жүйесін салып, ауыл шаруашылығындағы пайдаланылатын жердің мелиоративтік жағдайын бақылап, су сақтаушы агротехнологияны енгізе бастады [1] .

Қазақстанның тұзданған және тұзды аумағы 74 млн га құрайды. Қарпайым қаратопырақты аймақта олар қаратопырақтр ортасының ¼ бөлігін алып жатыр. Тұзды жер өнімділігінің табиғи жағдайы сулы - физикалық және физико - химиялық құрамының жағымсыз әсерінен өте төмен болып келеді. Тұзды жер эффектісін мелиорациялық жолмен 5 - 6 есеге жоғарлатуға болады. Кардинальды әдістің бірі химиялық болып табылады [2] .

Жалпы негізгі мақсат ол - комлекстік сіңіруші натрий катиондарын кальциймен ығыстырып, гипсті енгізу болып табылады.

Қазіргі кезде гипспен бірге тұрмыстық қалдықтар, фосфогипс, суперфосфат тыңайтқышы ретіндегі күкірт қышқылы мен кальцийді қолданады [3] .

Осы зерттеудің негізгі мақсаты экологиялық қауіпсіздік, Солтүстік Қазақстанның қаратопырақты далалы ұсақ тұзды жерінің химиялық мелиорациясының эффективті экономикалық технологисын қолдану болып табылады.

Зерттеу мақсатына кіреді:

Солтүстік Қазақстанның қаратопырақты ұсақ тұзды жерінің физико - химиялық қасиетіне химиялық мелиоранттардың әсер етуін зерттеу.

Ғылыми жаңалықтар:

Химиялық мелиоранттардың дисперстілігі және Солтүстік Қазақстанның ұсақ тұзды жері топырақ реакциясына негізделген.

Тәжірибелік мағнасы:

Өңдеу және агрономиялық іс-шаралар жүйесі өзара агроқабылдаушылармен - мелиоративті іс-шаралар жүйесінің бірінғай звеньевтерімен, яғни тұзды топырақтың түбімен жақсаруына және жоғары сапалы өнім алумен тығыз байланысты.

1 Әдеби шолу

1. 1 Тұздардың ерекшелігі мен құнарлығының арту әдістері

Қазақстанның топырақ экологиясы. Қазақстанның барлық жер көлемі 27724, 9 мың км 2 . Жер қорымыздың көлемі өте үлкен болғанымен оның сапасы сонғы жылдары күрт нашарлап отыр. Жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан топырақ деградацияға ұшырап, құнарсыздануы, шөлге айналу процестері күшейе түсті. Сонғы мәліметтер бойынша Республика жерінің 180 млн. га немесе 60% шөлге айналған. Барлық жердің 235 млн. га жазық жерлер, 185 млн. га жайылым және 34 млн. га таулы аймақты алып жатыр.

Жоғарыда аталған 235 млн. га құнарлы жердің 180 млн. га жері жарамсыз жерге ұшырап, оның 30млн. га топырақ эрозиясына, 60 млн га тұздану, 10 млн. га химиялық және радиоактивті заттармен ластанған.

Республиканың 30 млн. га жерлерін өнеркәсіп, көлік, байланыс, елді мекендер алып жатыр.

Солтүстік облысында тың игеру науқанына байланысты және бірегей бидай дақылын егу топырақ қарашірігінің 25-30% жоғалтты.

Батыс Қазақстан аймағында мұнай - газ өнерксібінің қарқындап дамуы 1000 га астам жерді қамтыса, топырақтың техногенді бұзылуы 2, 5 млн. га, ал тозған жайылым 3 млн. га жерді алып жатыр. Сол сияқты Азғыр мен Тайсойған сынақ полигондарының игілігіне 1, 4 млн. га жер бұйырған. Оның үстіне Касмий теңізінің көтерілуі болашақта осы аймақтың шамамен 2, 8 млн. га жерін су басады деп болжам жасалуда.

Экологиялық қиын жағдай Орталық Қазақстан жерлерін де қамтып жатыр. Мұнда жердің техногенді бұзылуы, өнеркәсіптік қалдықтарымен ластану, ауыр металдардың жинақталуы, радиоактивті элементтердің және ракета - ғарыштық қоқыстардың шоғырлану тұрақты жағдайға айналды.

Кейбір аймақтарда топырақтың тозуы, бүлінуі және шөлге айналуы Ертіс, Амудария, Сырдария өзендерінің су бассейінінің азаюы, Арал теңізінің тартылуымен тікелейбайланысты болып отыр. Мәселен, Оңтүстік Қазақстанда Арал аймағының экологиясына байланысты 2 млн. га жер шөлейттеніп кеткен және Амудария өңіріндегі 3 мың га қара сексеуіл орманы біржола жойылу үстінде. Арал өңірі мен Сырдария өзенінің аңғары бойынша топырақтың химиялық улы заттармен және радинуклидпен ластану жыладам жүруде.

Балқаш - Алакөл және Шу - Мойынқұм аймақтарындағы өзгерістер, Іле өзеніне Қапшағай су қоймасының салынып, судың жасанды реттелуі табиғатқа көп зардап әкелді. Су деңгейінің 1, 5 2, 0 метрге төмендеуі Іле атрабы бойынша топырақтың құрғап, бүлініп, сорланып, тозып кетуіне жол берілді. Әсіресе, Іле - Балқаш бассейіні жер жаннаты атанған Жетісу өңіріне экологиялық апатты да ала келді. Іле бойындағы ит тұрмысы өтпейтін тоғай, торанғы орманы, Шарын өзенінің қайталанбас сұлу табиғаты мен каньондары тозып, жағалаудағы шұрайлы жайылымдар құлазыған сары далаға, шөлге айналып бара жатыр. Ендігі жерде Іле суының 10-15 пайызын Қытай халық республикасының алуы бұл өңірдің табиғатын тұл етері анық.

Қазақстанда егістікке пайдаланатын жерлердің де экологиялық жағдай нашар болып отыр. Ол республика бойынша 26610, 7 мың га жерді алып жатыр.

Сонғы жылдары байқалып отырған әлемдік климаттың өзгеруі Қазақстанның шөл, шөлейтті белдемдеріне әсерін тигізіп, ондағы егіс алқаптарының сапасын төмендетіп жібереді. Оның үстіне топырақты қорғаудың агротехникалық шаралары, қар тоқтату, органикалық және минералды тыңайқыштар беру, гербицидтер мен пестицидтерді қолданбаудан арам шөптердің қаулап өсуі, шегіртке тәрізді зиянкестердің шексіз көбейюіне жол беріліп, жердің сапасын төмендетті. Мәселен, 1996 жылы егістіктерге 1 млн. т минералдық және 33, 2 млн т органикалықтыңайтқыш берілсе, бұл көрсеткіштері 1998 - 2001жылдары 16 мың тоннаға қысқарған. Топырақтану институтының мәліметі бойынша Қазақстанның құнарлы топырағы өзінің қарашірігінің 19- 22% жоғалтқан.

Мұның өзі болашақта жер ресурстарының сапасы жақсармайтынын аңғартады.

Солтүстік Қазақстанның Көкшетау облысының топырағын алсақ, аумағы 7, 8 млн. га үш далалық аймақта орнаасқан. Облыс территориясы бір қалыпты ылғалды, әр алуан дәнді шөптермен және қалыпты орта шірінділі қара топырақты, шоқ талды даламен сипатталады (41 млн. га) . Жылдық орташа температура 0, 2 - 1, 4 0 С, жылына 300 мм ылғал түседі. Қалыпты орта шірінділі қара топырақтың А+В қабатының тереңдігі 57-65 см - ге дейін баратынымен сипатталады.

Бір қалыпты құрғақ бетегелі - селеулі дала шіріндісі аз оңтүстіктің қара топырағына барып қосылып кетеді.

Бір қалыпты далалық аймақ ортасындағы Көкшетау жотасының көлемінде екі биіктік алқап байқалады: таулы-орманды күлгін топырақты алқап, теңіз деңгейінен 400-780 метр биіктікте орналасқан және орманды - далалық қалыпты қара топырақты, орманды далалық сұр топырақты алқап. Осы сипатталған аймақтағы топырақтардың ара-арасында комплексті жағдайда 1, 4 млн гектардан астам кебір және сортаң, 0, 5 млн га шабынды топырақ кездеседі.

Облыста 3, 8 млн га жыртуға жарамды, 1, 6 млн га егіншілікке жарамсыз жер бар және 1, 6 млн га жер игеру үшін жан-жақты мелиорация жұмысын жүргізуді талап етеді. Шабындық - жайылымдық жер 2, 8 млн гектарды алып жатыр.

Топырақтағы тұздардың пайда болуы мен жиналу шарттары

Тұзды топырақтың қалыптасуы жер асты суларында тұздардың жиналуына және олардың топырақта шоғырлануына байланысты. Тұқымды желдету кезінде біраз мөлшерде еріген тұздар пайда болады. Жеңіл еритін тұздар жанар таудың атқылауы кезінде пайда болуы мүмкін; бөлінетін бу мен газ құрамында хлор мен сульфатқа айналатын күкірт пен хлор бар. Тұздарды бөліу кезінде жер асты, жер үсті сулрының маңызы зор.

Жер асты суының суда ерігіш тұздар аккумуляциясында өсімдіктер маңызды роль атқарады [4] .

Жер үсті және жер асты суының тұздарын бөлудің маңызы зор. Тұздардың бөлінуі мен олардың топырақта жиналуы

климатпен анықталады, яғни жауын- шашын мөлшері және булану көлемі, сонымен қатар топырақтағы топырақ түзуші тұқым мен тұздың ерігіштігінің фильтрациондық қасиеттері.

Дымқыл ауадағы судың шайылу режимінде тұздар топырақты жер асты суының сыртында сілтіленеді, сондықтан олар жиналмайды. Климаты құрғақ аймақтарда, әсіресе шөлейт және жартылай шөлейт жерлерде булану, жуын-шашын мөлшері біршама артады, яғни жер асты суларында тұздардың және топырақ түзуші тұқымдардың жиналуына жағдай жасалады. Бұл аймақтарда негізінен тұзды топырақтар кеңінен тараған.

Бұл аймақта соданың жиналуы сульфат пен натрий хлоридіне қарағанда аз еритіндігіне байланысты. Топырақта тұздардың бір аймаққа қайта-қайта жиналуы жер бедеріне және территорияның дреннированность әсеріне байланысты.

Сортаңдар

Топырақтың сорлануы, топырақты сор басуы - суға ерітінді минералды тұздардың топырақта молынан жиналу процесі; көбнесе ол шөл және шөлейтаймақтарда ойпаң, ағынсыз жерлерде және табиғи тұзды айдындар жағасында тарайды. Топырақ бетінде және оның жоғарғы қабаттарында көбнесе хлорлы, күкіртті тұздар шоғырланады, кейде сода кездеседі. Сорлану процесі тұздар зияндылығымен мөлшеріне қарай ажыратылады.

Су ерітіндісінен құрғатылған «қатты қалдық» тұз мөлшері 0, 25%- тенасса, топырақ сәл ғана 0, 25 . . . 0, 5% болса, топырақ орташа, ал 0, 5% асқанда топырақ көп сорланған болып саналады. Хлор ионы 0, 1%, сульфаттар- 0, 3%, CO 3 - 0, 002% - тен асқанда мәдени өсімдіктерге зиян келтіреді. Нағыз сор топырақта «қатты қалдық » тұз мөлшері 1- 3% - ке жетеді. Топырақты тұздардан ажырату үшін оны шаю керек, дренаж арқылы тұзды сулар басқа жаққа әкетіледі. Суармалы егіншілікте қайта сорлану процесі дамуы мүмкін. Ол суару мөлшері мен санын арттырғанда дамиды, оның мәні: тұзы бар құрлықтағы жер қабатына суармалы судың жеткеніне және жер асты суының деңгейі көтерілгенде, қылтүтікшелері арқылы тұзды су жоғары көтеріліп топырақты сорландырады.

Сотаң жерлерге жататын топырақтар құрамында көп мөлшерде суда еритін тұздар болу қажет және жоғарғы жғында орналасуы керек. Тұздардың тұздануы химияға тәуелдене отырып

сортаң жерлердің жоғарғы горизонттары шамамен 0, 6- 0, 7 ден 2-3% -ті құрайды.

Топырақта тұздың жиналуы жердің сортаңдану процессін күшейтеді. Мұндай топырақтар тұзданған топырақ түзуші тұқымдарда пайда болады.

Тұздардың жел арқылы келу нәтижесінде сортаң жерлер пайда болуы мүмкін. Көбнесе дұрыс суландыру жүргізілмесе, топырақ ішіндегі тұздардың бөлінуі жер бедеріне байланысты өзгерсе онда сортаң жерлердің пайда болуы әбден мүмкін.

Өсімдіктер үшін сортаң жерлердің үлкен маңызы бар. Сортаң жерлердің күлі натрий, хлор және күкіртпен қамтылған. Сортаң жерлердің тұзының жоғары болуы оның құрылымдық қасиетінің ерекшеліктерін көрсетеді. Сортаң жерлердің профилі генетикалық горизонттарда өте әлсіз дифференциалданған. Топырақ түзуші тұқымнан қарашірік бөлінеді.

Сортаңдар екі түрге бөлінеді: гидроморфты және автоморфты.

Гидроморфты сортаңдар минерализасияланған жер асты суына жақын орналасқан жерде дамиды.

Автоморфты сортаңдар тұзданған топырақ түзуші тұқымдардың жер асты суының терең деңгейінде қалыптасады [5] .

Сортаңдардың сіңіру сыйымдылығы төмен - 10-20 м-экв.

Бірақ кейбір орманды аймақтардың қарашірікті шабындық сортаңдарында олар 50-60 м-экв дейін жетеді.

Нейтральды тұздармен тұзданған сортаңдар реакциясы әлсіз сілтіленген (pH су сығындысы 7, 3 - 7, 5) ; содалы сортаңдар өзінің жоғары сілтілігімен ерекшеленеді, pH 9 - 11-ге дейін жетеді.

Сортаң жерлердің үстінгі жағында карбонаттар орналасқан. Әртүрлі сортаңдардың құрамындағы гипс бірдей емес, жартылай шөлейт және шөлді жерлерде біршама жоғары болады.

Мұндай гигроскопиялық тұздардың салдарынан өсімдіктерге қажетті ылғал мөлшері бірден төмендейді. Сортаңдар табиғи құнарлығының төменділігімен сипатталады [6] .

1. 2 Тұзды топырақ және ашыған жер

Ашыған жер (солодтар) күлгін топырақ тәріздес, орманды дала мен далалы аймақтарда тараған кебір топырақтар деградациясынан (шайылу, химиялық бұзылу) пайда болған, сонымен қатар топырағы құрғақ ортада және жартылай шөлейт далада тараған. Бұл топырақ түрі Батыс Сібір жазығының орманды даласында және Солтүстік Қазақстанның қайың мен көктерек аралас ормандарды қамтып жатыр. К. К. Гедройцтың айтуынша ашыған жер сортаң жерлерден пайда болады, яғни сілтілі ортада, шайылудан босаған алмасу натрий катионы, көмірқышқыл газымен қосылып, топырақтың сіңіру жиынтығын ыдыратады. Ондағы натрий сутегі катионына алмасады. Сілтілі ерітінді топырақтың алимосликатты бөлігін бұзып, одан дербес кремний қышқылын туғызады. Ашыған және ашыған топырақтың негізгі белгілерінің бірі - олардың құрамында 5% - ті КОН ерітіндісіндегі аморфты кремниқышқылының болуы.

Ылғалы мол жерде дамитын анаэробиозис құбылысының пайда болуына ашыған топырақтың қалыптасуының маңызы зор. Уақытша анаэробиозисте жылжымалы органикалық қышқылдар мен темір, марганец пайда болады, олар топырақ кескінімен төмен шайылады да, қабат айқын ажыратылады. (А 0 , А 1 , А 2 , В 1 , В 2 , С) . Солодты А 2 қабаттарға бай сұр түсті, 1, 5 темір (III) оксидіне тапшы келеді.

Солодтардың тағы бірөзгешелігі - топырақ құрылымдық ортасының айырмашылығында: А 2 қабатында ол қышқыл (pH - 3, 7…4), В қабатында - бейтарапты (6, 6), С қабатында - сілтілі (8, 0) болады (Н. И. Базилевич) . Орманды солодтарға қарағанда далалы солодтар қарашіріндіге (10%-ке ) байыған. Солодтар көбнесе далалы ормандарда көп болады, егіншілікке пайдаланбайды. Ал егістік арасында солодтар кездессе, көктемде ондай ойпаң жерлерде көп уақыт су көлкіп тұрады.

Ашыған жердің дифференциациялық профильін механикалық құрамынан анық байқалады. Ашыған жердің жоғарғы жақтары сазды жермен біріккен, ал сазды жер олармен байытылған [7] .

Осы жағдайларға байланысты ашыған жерді 3 түрге бөледі: далалы - шабындық ашыған жер; шабындық ашыған жер (шымды) және шабындық-сазды жер (шымтезекті) .

Сор топырақтың беткі қабатында суға еритін тұз өте көп мөлшерде (0, 5 . . . 3%) шөккен топырақ. Топырақ негізінен екі жолмен сорға айналады: бірінші- тұзды борпылдақ жыныста (өзен мен теңіз шөгінділері) және екінші - тұзды жер асты суынан. Сондай- ақ сорлануға желмен ұшырылып келген тұзды шаң мен сораңды өсімдіктер қалдықтары да себеп болады. Соған сәйкес сор топырақтың екі түрі болады: автоморфты және гидроморфты. Ал тұзды қабат топырақ кескінінде 0, 3 . . . 0, 5 м-ден төмен жатса, ондай топырақты сортаңдау деп атайды.

Химиялық құрамына қарай хлорлы, хлорлы - сульфатты және содалы, ал тұздарсапасына қарай - қабыршықты, борпылдақ, ылғалды және қара сор топырақтар болады; сор топырақтар - тек қана өте қажет жағдайда мелиорацияға тартылады, ол үшін топырақ суын терең жуып суармалы егіншілікке пайдаланады. Жоғарыда айтқандай химиялық құрамына қарай содалы болып келеді.

Сода - карбонаттар (көмір қышқылының тұздары) класындағы минерал Na 2 CO 3 . 10 H 2 O, қоюланған ерітіндіге айналған тұзды көлдер суынан (2 . . . 32 градусте) тұнады. Химиялық құрамында натрий оксиді 21, 6, көмірқышқыл газы 15, 4, су 63% - ке тең.

Физикалық қасиеттері: суда жақсы ериді, түсі - ақ, сұр, сарғыш, жарқылы - шыныдай, қаттылығы - 1 . . . 1, 5, тыыздығы - 1, 4 . . . 1, 47. Құрғақ климатты аудандарда топырақ және грунт суынан шөккен. Сода аққардай шықтанып құры жер бетінде шоғырланады да, өсімдікке көп зиянын тигізеді. Топырақ ерітіндісінде сода 0, 01% мөлшерде болса да, мәдени өсімдіктерге улы келеді. Топырақтың қарашіріндісі өте сілтілі ортада (рН - 9) ерітіндіге көшкені салдарынан содалы сорлар беті ылғалданса қарайып кетеді. Сондықтан содалы сорларды қара сор деп атайды. Сода химиялық металлургия, тамақ және шыны өндірістерінде пайдаланылады.

1. 3 Тұзды жер. Генезис және тұзды жердің қасиеті

Тұзды топырақ деп, сіңіріліу жағдайындағы натрий алмасуының көп мөлшерде болуы, ал кейде сазды жерде магнийдің көп мөлшерде болуын атайды. Олар жағымсыз агрономиялық қасиеттерімен сипатталады. Тұзды жер сортаң жерлер сияқты тұзданған топырақ категориясына жатады, бірақ сортаң жерлерден айырмашылығы, құрамындағы су еріткіш тұздар ең үстінгі жағында емес, керісінше төменгі жағында кейбір тереңдікте кездеседі.

Тұзды жер профилінің даму процессі кезінде анық көрінетін горизонтар қатарына бөлінеді: қарашірікті- созылмалы, тұзданған, тұзды жер асты және топырақ түзуші тұқым.

Қарашірікті - созылмалы горизонт құрылымы сазды фракциямен біріккен, кеуекті, жұмырлау, мүк қабатты, сол себепті төменгі орналасқан горизонттарға қарағанда механикалық құрамы біршама жеңіл болып келеді. Бұл горизонттың түсі әртүрлі: шөл дала мен құрғақдала аймағының тұзды жері ашық-қоңыр, қоңыр немесе қызғылт, ал ормандыдала және далалы аймақтарда қара-сұры, кейде қара болады. Горизонт қуаттылығы 2-3 тен 20-25 ке дейін. Тұзды жер горизонтының қуаттылығы 7-12 ден 25 см-ге дейін [8] .

Тұзды жер астының горизонты біршама ашық түстес, құрылымы призматикалық немесе жаңғақ таріздес, әдетте құрамы гипс пен карбонаттан тұрады.

Тұзды жер үстінің горизонты басқалардан органо-сазды массасының алғашқы минералдар қалдығына бірдей тегіс бөлінуімен ерекшеленеді.

Тұзды жердің пайда болуына байланысты бірнеше тұжырымдар бар. Жалпы тұжырымдаманың бірі - натрий ионының жағымсыз тұзды жерге үйлеспей дамуы.

К. К. Гедройцтың коллоидтық-химиялық теориясында, нейтральды натрий тұзымен тұзданған, сортаң жердің тұздануынан тұзды жер түзіледі.

Топырақ құрамында натрий тұзы көп мөлшерде болса, онда басқа катиондарды ығыстыру арқылы, комплекстік натрий ионыны

сіңірілуіне жағдай жасалады. Натрийге қаныққан топырақ бөлігі натрий ионының жоғары гидратациясының нәтижесінде агрегаттық күйін жоғалтады. Натрийге қаныққан каллоидтардың суды ұстап тұру қабілеттілігі жоғары, яғни өз үстінде суды ұстап тұру арқылы қатты ісініп, коагуляция мен белгілі бір қозғалыстарға қарсы тұра алады. Натрий ионының жоғары мөлшерде болуынан органикалық және минералды ерітінділердің топырақта бірігуі бірден өседі, нәтижесінде сілтілі реакция пайда болады. Бұл реакция топырақ ерітіндісіндегі кальций көмірқышқыл тұзы, комплекстік сіңіруші натрий арасындағы алмасу реакциясы мен минералдар гидролизінің нәтижесінде түзіледі:

Na+ Ca +

[ППК ] +Ca(HCO ) [ППК ] +2NaHCO (1)

Na+ Ca +

Ерітінділердің сілтіленуі топырақты коллоидтардың ары қарай дисперсиалануына мүмкіндік туғызады. Олар осы қозғалыстың әсерінен тұздар горизонттың үстінгі жағы сілтіленеді, ал кейбір тереңдікте электролиттердің әсерінен күлтүзуші жағдайынан гелиге айналады, соның салдарынан сазды ( тұзды) горизон түзіледі [9] .

К. К Гедройц тұзды топырақтың дамуының екі түрін көрсетеді: бірінші-топырақтың нейтральды натрий тұзымен тұздануы, екінші-сортаңдардың тұздануы және тұзды топырақтың дамуы. Сортаң жерлердің тұздануын Гедройц 3 фаза бөлді: ерітінді тұздардың жойылуы; соданың түзілуі; топырақтың бір бөлігін дисперсиялануы.

Тұзды жердің пайда болуы туралы биалогиялық теорияны В. Р. Вильям дамытты. Оның айтуы бойынша натрий тұзының негізгі көзі дала және жартылай шөл дала өсімдіктері болып табылады. Өсімдік қалдықтарын минерализациалау кезінде көп мөлшерде тұз бен сода түзіледі.

Топырақтың жеңіл еритін тұздармен баюы, комплекстік натрийдің сіңірілуіне әкеп соғады және тұзданбаған топырақ біртіндеп тұзды жерге айналады.

Соңғы жылдардағы зерттеу барысында тұзды топырақ сортаң топрақтарының әсерінсіз пайда болған (В. А. Ковда және т. б. ) . Мұндай тұзды топырақ, натрийдің негізгі көзі сода болған жағдайда ғана түзілуі мүмкін. Бұл жағдайда топырақ ерітіндісінде бәсекелестіктен тыс натрий сіңірілуі жүреді. Cондықтан ерітіндідегі соданың азғантай коцентрациясының өзі комплекстік натрийдің сіңірілуіне әкеп соғады [10] .

Тұзды жердің қалыптасуында сода негізгі рольді атқарса, әрине ол топырақта қалай пайда болды деген сұрақ туындайды?

Табиғи жағдайда сода, құрамында натрий бар магматикалық және шөгінді жыныстарды желдету нәтижесінде түзіледі. Желдету кезінде босап шыққан (Ca, Mg, Na және т. б. ) топырақ ерітіндісіндегі көмірқышқылмен әрекеттеседі және сәйкес келетін карбонаттар түзіледі, сонымен қатар натрий карбонаты. Сода топырақтағы сілтілі көтерілген нейтральды тұздармен, әрекеттесу нәтижесінде түзілуі мүмкін:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мелиорация – табиғатты ұйымдастыру ілімі
Тропиктік белдеулер топырақтары қызыл топырақ - топырақ түрі
БҚО, Ақсай қаласы, Бөрлі ауданының бұзылған жерлердің топырағын бонотировкалық бағалау
Сортаңды жерлердің генезисі
Топырақтардың басым бөлігі азгумусты қара топырақтар
Химиялық мелиорант, фосфогипс
Топырақтың термиялық мелиорациясы
ОҚО Мақтарал ауданы Тоған ЖШС жер алқабын суғару жүйесін жетілдіру туралы ақпарат
Топырақты химиялық жолмен мелиорациялау
Қазақстанның тұзды топырақтарының генезисі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz