Туберкулез ауруының түрлері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . . 5

1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ . . . 5

1. 1 Ауа - тамшы жолымен берілетін бактериялар . . . 5

  1. Туберкулез індетінің тарауы . . . 7
  2. Дифтерия ауруы туралы түсінік . . . 11
  3. Туберкулез ауруының түрлері . . . . 13Өкпе туберкулезі . . . 13Кеуде ішіндегі көк ет туберкулезі . . . 15Сүйек буын тберкулезі . . . 16Без туберкулезі . . . 17
  4. Туберкулез ауруын тарататын микробактериялар . . . 18

1. 5. 1 Туберкулез микробтарының типтері . . . 19

1. 6 Дифтерия ауруын тарататын микробактериялар . . . 20

1. 7 Микробактериялардың адам организіміне таралу жолдары . . . 21

1. 8 Алдын алу шаралары . . . 24

1. 8. 1 Туберкулездің алдын алу . . . 24 1. 8. 2 Дифтерияның алдын алу мен күресу шаралары . . . 26

1. 9 Емдеу жолдары . . . 27

1. 9. 1 Хирургиялық жолмен емдеу . . . 33

1. 9. 2 Дәрімен емдеу . . . 36

1. 10 Науқас адамның ішетін тамағы . . . 38

1. 11 Науқас адамның тәртібі . . . 45

1. 12 Туберкулез ауруын асқындырмау үшін алдын ала жүргізілетін шарала . . . 49

2 ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ

2. 1 Зерттеу материялы . . . 51

2. 2 Жұмыстың жүргізілу жағдайы . . . 51

2. 3 Зерттеу әдістері . . . 52

3. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

3. 1 Туберкулез және дифтерия ауруларының жалпы көрсеткіштері . . . 53

3. 1. 1 Дифтерия бақылаудағы инфекция . . . 54

3. 2 Туберкулез ауруының қарқынды түрде даму себебі . . . 57

3. 3 Туберкулездің көптеген дәрілерге төзімді түрлері: арту механизмдері мен себептері . . . 62

3. 4 ТБ таралуын тоқтату мақсатындағы шаралар . . . 66

ҚОРТЫНДЫ . . . 69

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі:

Бүгінгі күні бүкіл әлем бойынша туберкулез мәселесі өзекті мәселелердің қатарында тұр. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының берген бағасы бойынша 2 млрд. халық, жер шары халықтарының 1/3 бөлігіне тең, туберкулездің микобактерияларын жұқтырған. Дертті жұқтырған 10 адамның 1-і өмір бойында туберкулездің белсенді түрімен ауыратын науқасқа айналады. Дерттен айығып шығуға мүмкіндік болғанымен, күн сайын жер бетінде бұл аурудан 5000 адам көз жұмады!

Қазіргі кезде көптеген жаңашыл әдістердің, арнайы диагностикалық тәсілдерінің эпидемияға қарсы шаралардың қолданылуына қарамастан, көптеген проблемалар кездеседі, этиотропты терапияны қолданғанда, микроорганизмдердің дәрі дәрмектерге төзімділігі ұлғаяды.

Адамның жалпы паталогиясындағы жұқпалы аурулардың маңызын ескере отырып, жұқпалы патологияны оқыту келешектегі мамандарды практика және теория түрінде сапалы дайындау маңызы зор. Және жаңа емдеу тәсілдерін қарастыру қажет.

Ғылыми медицина жетістіктеріне қарамастан, жұқпалы аурулармен ауру деңгейі әлі де жоғры болып қалады. Жақсы білетін аурулардың көптеген клиникалық көріністері өзгерді, олардың ағымы ауырлап, кей кездерде летальды жағдайлардың себептері болды немесе созылмалы процеске соқтырды, бұл қоғамға әлеуметтік- эканомикалық жетіспеушілігін әкеледі.

Техникалық ғылыми зерттеу жетістіктерін қолдана отырып, көптеген инфекциялық ауруларды емдеуіндегі жетістіктерін ескере отырып, қазіргі кезде жаңа инфекцилық патологияны, белгісіз ауруларды зерттеу жалғасып жатыр.

Жұмыстың мақсаты : туберкулез ауруының қарқынды түрде даму себебін анықтау.

Нысана: Ауа - тамшы жолдарымен берілетін бактериялариялардың биологиялық қасиеттерін талдау арқылы олар туғызатын жұқпалы аурулардың тиімді және нәтижелі алдын алуда биотехналогиялық тәсілдері.

Жұмыстың міндеттері:

  • ҚР-ғы туберкулез және дифтерия ауруларына салыстырмалы талдау жасау.
  • Ақмола облысы бойынша туберклезге талдау жүргізу.
  • Туберкулез және дифтерия ауруларын жас ерекшеліктеріне байланысты талдау жүргізу.
  • Туберкулез және дифтерия ауру қоздырғышының төзімділік салдары.
  • Туберкулез және дифтерия ауруларының таралу себептерін анықтау.
  • емдеу нәтижелерін қарастыру.

Ғылыми жаңалығы: Туберкулез микобактериялырының таралу, дифтерияның микобактерияларының таралмау себептерін анықтау.

Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы: жұмыс барысында жүргізілген зерттеулер қортындысы туберкулездің алдын алу және емдеу барысында қолданылмақ.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

1. 1 Ауа - тамшы жолымен берілетін бактериялар

Ауру адамнан cay адамға жүғатын жұқпалы аурулар бар екендігін адамдар инфекциялық аурулардың таралу заңцылығы мен даму себептерінің ашылуына дейін ежелгі заманда байқаған. Гиппократ, Фукидида және Ежелгі Қытай, Үндістан, Египет дәрігерлерінің шығармаларында «Жойылған» құлататын аурулар кездесетіні туралы сипатталған.

1546 жылы итальян профессоры Джироламо Фракастороның (1478-1553) «контагий» - өте белсенді тірі заттардың қасиеттері туралы сипаттап «О контагии, контагиозных болезнях и лечении» кітабын жарыққа шығарған. Бірақ сол кезеңде Фракасторо езінің керемет гипотезасын дәлелдей алмады, Бұл кезеңце тек қана аурудың белгілері, олардың жұқпалылығы сипатталған, білімдер толықтырылды, жұқпалы аурулардан түрлі қорғаныс, алдын алу шаралары сынақтала бастады.

Голландық табиғи зерттеушісі Антоний Ван Левенгуктың (1632-1723) ұзақ өмір сүрушілерді ашуы, жұқпалы инфекциялық аурулар туралы ілімің, жаңа ғылым -.

Инфекциялық аурулардың эпидемиологиясы, этиологиясы, клиникасы диагностикасы, емі, алдын any шаралары туралы жаңашыл көзқарастардың қалыптасуы үшін көптегөн әлемдегі ғылымдардың уақыттары мен күштерін қажет етті.

Луи Пастер (1822-1895) микробиологиямен шұғылданып табиғатта іріп-шіру кезіндегі микроорганизмдердің рөлін, микробтардың өз бетінше пайда болу мүмкін еместігін дәлелдеді, ғылыми түрде пастеризацияның негізін ҚҮРДЫ.

Оның жұмысы физиология мен биохимияның микробтарын зерттеумен байланысты, қабілетті және қабілетсіз механизмі қалыптасты. Л. Пастер әр түрлі жұқпалы аурудың қоздырғыштарымен тәжірибелер еткізді.

Микроағзалар әлсізденіп, ауруды қоздырмайтынын, соның негізінде жасанды жолмен пайда болған веруленттік микробтардың нашарлау нәтижесінде вакцина жасап, жүқпалы аурулардыңалдын алу әдісін зерттеп дайындады,

Пастердің замандасы Роберт Кох (1843-1910) түйнеменің қоздырғышын зерттеу жұмысын орындап, қоздырғыштың даму циклын сипаттады, түйнеменің бациллалар спорасының бар екенін ашты және оның аурудың таралуындағы, сақталуындағы эпидемиологиялық маңызын айтты.

1882 ж. Р. Кох туберкулез қоздырғышын ашқанын хабарлады, морфологиялық қасиеттерін, қоздырғыштың табу әдісін сипаттады. Осы жаңалығы үшін Р. Кохқа Нобель сыйлығы берілді. Иммунитеттің фагоцитарлық теориясының ашылуы И. М. Мечниковке (1845-1916) жатады, ол фагоцитоздың қызметін лейкоциттердің екі түрі: макрофагжәне микрофаг атқаратындығын дәлелдеді [1] .

НИ. Мечников осы клеткалар тек қана морфологиялық түрде бөлінбей, сонымен қатар организмде әртүрлі қорғаныс қызметін орындайтынын дәлелдеген.

Иммунология саласындағы еңбектері үшін И. И Мечников (1854-1915) және неміс дәрігері П. Эрлих Нобель сыйлығының лауреаты болды.

Эдуард Дженнер (1749-1823) шешекке қарсы егілудіңтиімді әдісін ашты.

Д. И. Ивановский (1864-1920) еңбектерімен 1892ж, ұсақ бөлшектердің бар екендігін дәлелдеді. Вирустардың ашылуы инфекциясы туралы ғылым дамуының өрлеуіне әкелді.

Н. Ф. Гамалея (1859-1949) иммунология теориясының дамуын жалғастырып бактериофагия құбылысын ашты. Орыс медицинасының классигі С. П. Боткин (1832-1889) еңбектері ерекше орын алады, инфекциялық гепатиттің Боткин ауруы «катаралды сарғаюдың» инфекциялық негізі екенін дәлелдеді. Одан басқа ол іш сүзегі, бөртпе сүзегі, қайталама сүзектердің клиникалық көріністерін сипаттады.

СП, Боткиннің оқушысы Н. П Васильев (1852-1891) бірінші клиникалық иктеро-геморрагиялық лептоспироздың патологиялық анатомиясын және клиникалық көрінісін сипаттады, кейінірек «Васильев-Вейль» ауруы деп аталды.

Н. Ф. Филатов (1847-1902) балалардың инфекциялық ауруларын оқуға үлкен үлес қосты. Ол қызылшаның алғашқы кезеңде негізгі клиникалық белгісі болып, ауыз қуысының шырышты қабатының түсуін, сонымен қатар ол инфекциялық мононуклеозды сипаттады, қазіргікезде оны «Филатов ауруы» деп атайды.

Инфекциялық аурулардың негізгі оқу белімі - белсенді емдеу әдістерін табу.

1821 жылы алколоид хинин алынды. Ол хин ағашының қабығының эсер етуші агенті. Осы уақыттан бастап жүқпалы инфекциялық аурулардың химиотерапия ілімінің даму жылдары болып саналады. XX ғасырдың 30-шы жылдарында синтетикалық сульфаниламидті препараттар алынды, ал 1941 жылдан бастап антибиотик ғасыры басталды [2] .

Ағылшын микробиологы Александр Флемингтің (1881-1954) байқауы өте маңызды орын алды, ол 1929 жылы жасыл балдырдың стафилококка (Penicillium notatum) және басқа да бактерияларға жою әсерін байқады. Кейінірек кептеген әлемдегі ғалымдардың көмегімен әртүрлі антибиотиктердің жасалу әдістерін шығарды, пенициллин олардың негізі болып саналады. Жаңа антибиотиктерді іздестіружәне оларды .

Инфекциялық аурулардың патогенезін, клиникалық керінісін, емін, алдын алу шарасын қазіргі кезде зерттеуде ғалымдардың бірі А. Ф. Билибиннің үлесі зор (дизентерияны, іш сүзегін, туляремияны, бруцеллезды емдеу) .

К. В. Бунин - өзінің ғылыми клиникалық иммунологияны зерттеулеріндегі негізгі бағыты инфекциялық аурулар диагностикасының деңгейін көтеру деп саналады.

В. И. Покровский - іріңді мененгидттің патогенетикалық және этиотропты

Терапиясын зерттеуде және оның дамуында үлкен үлес қосты, ішек инфекциялары кезінде сулы - тұзды терапия әдістерін қолдануды ұсынды. [3]

Инфекциялық аурулар ғылымының дамуында Қазақстандық ғалымдардың үлесі мол:

- Т. Н. Никонова - дифтерияның емі және диагностикасы, вирусті гепатиттердің емі және нәтижесі.

- Р. С. Идрисова - өзінің ғылыми жұмыстарын балалардағы инфекциялық патологияға, соның ішінде балалардағы вирустық, бактериялық аурулардың емі мен диагностикасының проблемаларына арналған.

- М. К. Сапарбеков пен Т. Е. Чакликовтің Қазақстандағы АИТВ жұқпалы эпидимиялогиясын және оның алдын алу шарасын зерттеген.

- К. Б. Құрманов - бруцелездің емі, алдын алу шарасы, иерсиниоздың проблемаларын зерттеген.

Техникалық ғылыми зерттеу жетістіктерін қолдана отырып, көптеген инфекциялық ауруларды емдеуіндегі жетістіктерін ескере отырып, қазіргі кезде жаңа инфекцилық патологияны, белгісіз ауруларды зерттеу жалғасып жатыр [4] .

1. 2 Туберкулез індетінің тарауы

Совет медицинасының қолы жеткен жетістіктерне қарай халқымыздың медициналық мәдениеті де артып келеді. Совет медицинасында жүрек, өкпе сияқты ірі-ірі операция жасап емдеу үйреншікті іске айналды. Мұның өзі жұртшылықты медицина күшіне сенімін күшейтіп, оның жаңалықтарын білуге ынтасын артыра түсуде.

Дәрігерге кездескен жерде жұрттың қояр сұрағы көп, өйткені әркім өз сырқатының жай - жапсарын білгісі келеді. Мінеі осындай адамдар арасынан біз өкпе ауруларымен ауыратындарды да жиі кездестіреміз. бұлардың біреулері тиісті емді мезгілінде алса, ал екінші біреулерінің ауруды асқындырып та алғанын байқаймыз. әрине бұл адамдарды көргенде дәрігер де іштей ренжиді. Мезгілінде қолға алса, жазылмайтын ауру аз. Мысалы: туберкулез бұрын ем қонбайтын сырқат еді, қазіргі күнде бұдан емделіп айығу негізгі жолға қойылды. Сол сияқты рак ауруы да келешекте осылай шешілмес деп кім айтады. Өткенге ұңілсек, бұрын зілді індет болып тараған шешек, сүзек, оба сияқты аурулардың қаншама адамды қазаға ұшыратқаны мәлім. Қазір бұл аурулардан еліміз тазарды. Мұның өзіне совет медицинасының күші және халқымыздың мәдениеті көтерілуі арқасында қол жетіп отыр .

Біздіңше өкпенің сырқаттары жөнінен әркімнің түсінігі болып, ал ауыра қалған жағдайда саналы түрде емделіп, келешекте оны асқындырмау жағын көздеп, режим сақтап жүргендері жөн.

Өкпе аурулары халық арасында жиі кездеседі. Өмірінде ең болмаса салқын тиіп, жөтеліп ауырмайтын адам аз. Шынында жөтел көп сырқаттың белгісі. Бірақ ол кандай жөтел? Қолқа мен кеңірдектің кілегей қабықтарының қабынуынан ба? Әлде бронх, өкпе ұлпаларының түрлі өзгеріске ұшырауынан болған жөтел ме?Оны ауырған адамның өзі де сезбеуі мүмкін.

Совет Одағында еңбекшілердің тұрмыс жағдайы мен денсаулығының жақсара беруіне ерекше көңіл бөлінді. Бұған түрлі ауруларға қарсы күресетін мекемелердің, ауруханалардағы төсек орындардың үздіксіз көбейіп, өсіп отырғандығын айтудың өзі жеткілікті болады.

Ауру белгілері неғұрлым ерте білінсе, оған тиісті алдын алу шаралары дер кезінде қолданылса қандай аурудың болса да зардабы жойылып, күші азаятындығы мәлім. Осындай алдын алуға болатын аурулардың бірі - туберкулез. Туберкулнзге қарсы күресу мәселелерін зерттеу жұмыстары арнаулы туберкулез ғылыми - зерттеу институтарында жүргізіледі. Осы арнаулы мекемелерден басқа туберкулезге қарсы күресу шараларыжер - жердегі ауруханаларда, санаториде, демалыс орындарында жалпы алғанда бүкіл мемлекет көлемінде жүргізіліп отырылады. Үкімет туберкулезбен ауырған адамдардың қызмет жағдайына қарасып, олардың жұмысына жеңілдік туғызатын бірнеше зеңдар шығарды [5] .

Фабрикалар мен заводтар жанындағы медицина және санаторий бөлімдері өндіріс орында тазалық сақтау жұмысын жолғақою үшін күреседі; жаңадан көптеп салынып жатқан құрылыстардың бәрінде де күн түсетін үлкен терезелі, таза ауалы кең үйлер, шомылатын, қол жуылатын және қайнаған сулы, көтеріңкі тазалық орындары бар. Олар үй іші ауасын жаңғыртып отыратын желдеткіштермен жабдықталған.

Капиталистік елдерде туберкулезді тудыратын жағдайлар, туберкулезді әлеуметтікдерт ететін, қалың бұқараның бойға сіңген ауру ететін жағдайлар біздің елімізде толық жойылған.

Біздің елімізде туберкулезге қарсы шара қолданатын орындардың алдына қойылатын міндет - тек ауруларды емдеу ғана емес, емдеуге дер кезінде, нағыз ем қонатын уақытында кірісу жөнінде әртүрлі шараларды қолдану болып табылады. Сондай- ақ туберкулез ауруының алдын алу жөнінінде сақтық шаралары да қолданып отырады.

Осы айтылған шаралардың арқасында совет одағында туберкулез ауруы Батыс Европадағыдай кең өріс алған жоқ және туберкулезбен ауыратындардың саны жылдан жылға кеміп келеді.

Бүгінгі күні бүкіл әлем бойынша туберкулез мәселесі өзекті мәселелердің қатарында тұр. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2008 жылы туберкулезді «төтенше де ерекше өзекті мәселе» деп жариялады. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының берген бағасы бойынша 2 млрд. халық, жер шары халықтарының 1/3 бөлігіне тең, туберкулездің микобактерияларын жұқтырған. Дертті жұқтырған 10 адамның 1-і өмір бойында туберкулездің белсенді түрімен ауыратын науқасқа айналады. Дерттен айығып шығуға мүмкіндік болғанымен, күн сайын жер бетінде бұл аурудан 5000 адам көз жұмады [6] .

1882 жылы 24 наурызда Роберт Кох туберкулез таяқшасын ашып, аурудың жұқпалы екендігін дәлелдеді. Осыған байланысты Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы 24 наурыз күнін Бүкіләлемдік туберкулезбен күрес күні деп жариялады. Оның көздеп отырған негізгі мақсаты қоғамның және халықтың назарын туберкулез мәселесіне аудару.

ҚР Үкіметі туберкулез ауруын азайту мақсатында туберкулезге қарсы күресудің ұлттық бағдарламасын қабылдады . Онда республика көлемінде туберкулезбен ауыратындарды тегін емдеу және тегін тексеру қарастырылған [7] .

DOTS (Directly Observed Treatment Short-course) - бағдарламасы Қазақстанда 1994 жылдан бастап енгізілді. Бұл бағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі туберкулездің алдын алу және емдеу. DOTS бағдарламасында науқастардың міндетті түрде қысқа мерзімді химиятеропиясы бар ем алу қарастырылған. Нәтижесінде 85% науқас емделіп шығады, басты мәселе 70% науқасты дер кезінде анықтап емдеу. Бағдарлама барлық елдерде енгізіліп ТБ үкімет деңгейінде шешілуі қарастырылған, яғни, тек денсаулық сақтау органдары ғана емес, мемлекет тарапынан да көңіл бөлінуі қажет.

DOTS әлемдегі жалғыз ТБ қадағалауға алынған стратегия. Мұндағы маңызды жағдайлардың бірі: ТБ ауруының алдын алуына және емделуіне науқастың өзі емес денсаулық сақтау мекемелері, яғни дәрігерлер жауапты .

DOTS бағдарламасының негізгі 5 шарты бар. Егер бұл бес шарттың біреуі орындалмаса, онда аурудың алдын алу, емдеу мүмкін емес:

  1. Науқастарды дер кезінде анықтау, өйткені олар ауруды таратушылар. Таратушыларды анықтамайынша біз бұл дерттен құтыла алмаймыз.
  2. Ем алуын қадағалау. Науқас адамның дәріні дер кезінде қабылдау, дәрі қабылдау дәрігерлердің бақылауында өтеді немесе арнайы оқыталған адамдар қадағалау тиіс.
  3. ТБ ауратын адамның толық ем алғанын қадағалау, және толығымен емделіп шыққанын тексеру, өйткені науқас толық емделмесе, ол басқаларға жұқтыруы әбден мүмкін. Емдеу барысында науқасты 2 айдан кейін және емдеу аяқталған кезде толық тексеру қажет. дәрігерлер тексеру нәтижелерін міндетті түрде өз есебінде көрсету қажет.
  4. Емдеу барысындағы қабылданатын дәрілердің мөлшерін және дұрыс тәртіпте қабылдануын қадағалау. DOTS-тың маңызды шарттарының бірі емді толығымен алу және керекті дәрі-дәрмектердің науқасқа қол жетімді болуы тиіс.
  5. DOTS бағарламасын міндетті түрде мемлекет қолдауы қажет. өкмет тарапынан кереті шаралар қолдануы және қажетті мөлшерде қаржы бөлінуі тиіс.

Көптеген дамыған елдерде ТБ ауруы аз кездеседі соның әсерінен летальды жағдайлардың тіркелуі аз. Өйткені дамыған елдерде халықтың әлеуметтік жағдайы жақсы, ал ТБ біз білетініміздей әлеуметтік жағдаймен тығыз байланысты, бірақ бұл елдерде ТБ аз тіркелуі бұған ғана байланысты емес сонымен қатар эканомикасы жақсы дамыған елдерде бұл дертпен күресуге көп көңіл аударылып жеткілікті мөлшерде қаржы бөлінуде.

Кейбір елдерде мемлекет және денсаулық сақтау ұйымы бұл инфекцияға көңіл аудармайды. Солардың ішінде бұл дерт кеңінен таралған 13 мемлекет бар Дүниежүзіндегі барлық тіркелген науқастардың 70% осы елдерде. Бұлар − Пакистан, Индия, Бангладеш, Таиланд, Индонезия, Филиппины, Китай, Бразилия, Мексика, Россия, Эфиопия, Заир ижәне Оңтүстік Африка.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған ДОТС бағдарламасын жүзеге асыру, туберкулез науқасының алдын алу, анықтау, емдеу жұмыстары ауданда 1999 жылдан бері қолға алына бастады. Бұл ретте туберкулез науқасын анықтаудың қарапайым әрі арзан тәсілі - бакскопиялық тәсілмен туберкулез таяқшаларын бөлетін науқастардың қақырығын тексеру арқылы анықтауға жете мән берілуде.

DOTS плюс бағдарламасы Қазақстанда 1999 жылы енгізілді.

Елді мекендерде «Тубергулезге қарсы күрес күні» ұйымдастырылып жұртшылықпен пікір алысу ісі назарда.

Бір аландатын жайыт - соңғы жылдары науқастар арасында туберкулез таяқшаларының дәрігерлерге тұрақты түрлері, яғни туберкулездің негізгі дәрілеріне сезімталдығы жойылған түрлері етек алуда. Экалогиялық нашар аймақта тұрғандықтан болар [8] .

1. 3 Дифтерия ауруы туралы түсінік

Дифтерия (Diphteria) - фебринді қабықша түзе отырып, қабынуды жеделдетін жұқпалы ауру. Бұл кеселді қазқша « күл » дейді. 1923 жылы Рамон дефтерияға қарсы анотаксин енгізу арқылы егуді ұсынды.

Совет үкіметінің кезінде ақ дифтерия өте сирек кездесетін, ал летальды жағдай мүлдем кездеспейтін деңгейге жетті. Бұл дерт көптен бері қауіпті болып саналмайды, қазіргі кезде дифтерияны Роман айтқандай «аналардің жауы»- деуге болмайды.

Романның анотаксині медецинада тез арада таралып қолданыла бастады, балар ағзасына зиян келтірмейтін, дифтерияға төтеп бере алатын егуге арналған препарат болып есептелінеді. Бұл препаратты барлық елдерде медецинада қолданбастан бұрын, анотаксинді зерттеуге көптеген жылдар кетті [9] .

Тыныс жолдарының антропоноз тобына жататын індеттер жұқпалы ауруларының денін құрайды. Тек олардың кейбір түрлері зооноздар, ал туберкулез - антропозооноз. Олар адамдар арасында кең тараған және әлемнің барлық түкпірінде кездеседі. Тыныс жолдар ауруының (ТЖА) қоздырғыштары жас өспірімдерді жиі жарақаттайды, сондықтанда оларды «балалар ауруына» (дифтермя, көкжөтел, скарлатина-жаншау және т. б. ) жатқызады. ТЖА кең тарауы және нәтижелі алдын алу шараларының толық шешілмеуі, олардың әлеуметтік-экономикалық маңыздыығын анықтайды. Кейбіреулері (дифтерия, көкжөтел, менингококты және гемофильді аурулар) иммундық реттейтін ауруларға жатады, яғни олармен жемісті күресу үшін тұрғындарды жоспарлы түрде тән вакцинациялау іске аырылады.

Осы топқа жататын барлық ауру қоздырғыштарының берілу механизмі аэрозольды (аспи-рационды) болып саналады, ол ауа-тамшы және ауашаң жолда-рымен іске асады, сондықтан олар кең тарайды. Эпидпроцеске тұрғындардың ай-тарлықтай бөлігі қатысады және ауру оқиғасы жылдың суық мезгілінде жиі тіркеледі.

ТЖА қоздырғыштары сезімтал адамдар арасында жеңіл және жылдам тарайтындақтан сыртқы ортада, туберкулез микобактериясынан басқасы, төзімсіз келеді, олар өздерінің филогенетикалық дамуында қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділік қасиеттер жасауға (икемделуге) қажеттік болмаған.

ТЖА барлық, вирустардан басқа, қоздырғыштары антибиотиктерге сезімтал келеді, дегенмен олардың арасында кейбір антибиотиктерге тұрақтыларыда кездеседі (тубкркулез және басқалары), бұл құбылысты осы дәрі-дәрмектерді ұзақ жылдар бойы пайдаланумен түсіндіруге болады.

Кейбір бактериялар мен микоплазмаларда сыртқы көріністері ұқсас тыныс жолдарының ауруларын шақырады. Соларды анықтап диагноз қою өте қиынға түседі, сондықтан «Қазіргі кезде біріктіріп» қарқынды тыныс жолдар ауруы (ҚТА) - деп диагноз қою жиі кездеседі. ҚТА - ең кең етек жайған аурулар, олардың құрамына жұқпалы және жалпыда аурулар кіреді [10] .

Дифтерия - аэрогенді (аспирационды) механизмімен берілетін, улану және мұрын, мұрынжұтқыншақ, кеңірдек, қолқада фиброзды-қабыну процесімен, кейде ауыр асқыну белгілерімен (ісіп ауру, жүрек қабыну, нерв жүйесінде ауытқу) сипатталатын антропонозды респираторлы қарқынды жұқпалы ауру.

  1. сурет. Бадамша бездегі қабыршақты қақты қақ, бір жерге жиналған.

Егілген балардың дефтерияға шалдығуы антитоксикалық иммунитеттің төмендеуіне байланысты. Бұның себептері: белсенді егілудің уақытылы жүргізілмеуі ( мысалы: жедел риспираторлы ауру себебінен егілу уақытының ұзаруы), мидың ауыр жұқпалы- уақыттық зақымдалуы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туберкулез ауруы оның түрлері
Туберкулез(тарихы, этиологиясы, патогенезі, түрлері, диагностикасы, емі, алдын алу)
Туберкулездің эпидемиологиясы
Балалардағы өкпе туберкулезі
Құстың туберкулез ауруының диагностикасы мен сақтандыру шаралары
Туберкулез ауруының негізгі себептері
Туберкулез ауруының алдын алу
Туберкулездің жалпы сипаттамасы
Туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілер
Жұқпалы аурулар туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz