Мұғалім мен оқушылар арсындағы қатынас
Жоспар
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...3
І. Бөлім. Талас-тартыстың әлеуметтік сипаты
... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1. Талас-тартыстың жалпы сипаттамасы, ерекшеліктері, зерттеу
проблемасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
1.2. Мекемелерде туындайтын талас-тартыстың
типтері ... ... ... ... ... ...12
1.2.1. Оқу-тәрбие процесінде туындайтын талас-тартыстың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
ІІ. Бөлім. Мұғалім мен оқушы арасында туындайтын талас-тартыстың
себептері, оларды шешу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.1. Мұғалім мен оқушы арасында қарым-қатынас жасау
мәдениеті ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2.1.1. Қарым-қатынас дегеніміз
не? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.1.2. Мұғалім мен оқушылар арасындағы
қатынас ... ... ... ... ... ... .18
2.1.3. Мұғалім мен оқушылар арасында туындайтын
тартыс ... ... .27
2.2. Оқу-тәрбие процесі барысында талас-тартыстың туындау
себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
2.2.1. Өзара реніштің туындау себептері мен психологиялық
ерекшеліктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
2.3. Педагогикалық процестегі талас-тартыстарды шешу
стильдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
ІІІ. Бөлім. Эксерименталды
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..40
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..65
Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ..68
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...70
Кіріспе.
Қазіргі мектеп дидактикалық шеберлігіне педагогикалық кәсібилігі сай
академиялық білімі бар, яғни, жеке тұлғаның даму деңгейіне диагностика
жасай алатын мұғалімдерді қажетсінуде. Күнделікті мектеп өмірінде
кездесетін өткір даулы жағдаяттар, оқиғалар, оқушыылардың оқуға ынтасының
төмендеуі, стрестік жағдайлар мұғалімнен психологияны терең меңгеруді
талап етіп отыр. Мектептегі даулы қатынас туғызатын жағдаяттар қалай,
неліктен пайда болады, әрі оны болдырмаудың жолдары бар ма? – деген
сұрақтар менің осы тақыпты таңдауымның себебі болды. Менің ойымша,
педагогикалық қақтығыстарды шешу – бұл өзіндік ішкі логикасы бар, нағыз
зерттеу жұмысы.
Бұл мәселені, яғни, педагогикалық процесте кездесетін мұғалім мен
оқушылар арасында қарым-қатынас мәселесін зерттеген ғалым, Л.Алтынбекова:
Баламен ортақ тіл табысу үшін мамандардың бала психологиясы, олардың әр
сатыдағы ерекшеліктері жөнінде толық теориялық білімі болуы керектігі
даусыз. Сол білімді тәжірибеде қолдану тек өзара қарым-қатынас негізінде
жүзеге асады. Көп жағдайларда мектептегі, әсіресе, жас өспірімдер мен
мұғалімдер арасындағы "қиын балалардың" қаулап кетуі – мұғалімнің бұл
мәселесінің түпкі себебін, олардың жеке ерекшеліктерін жете білмеуінің
салдарынан болатын құбылыс, - деп атап көрсеткен.
Зертеу жұмысының мақсаты: педагогикалық прцессте мұғалім мен
оқушы арасында туындайтын тұлғааралық талас-тартыстартыстың туындауының
себебін анықтау.
Зерттеу субъектісі: педагогикалық процесте мұғалім мен оқушы
арасында туындайтын тұлғааралық талас-тартыс.
Зерттеу объектілері: Тельман орта мектебінің мұғалімдер тізімі
(қосымшада берілген).
Зерттеу пәні: педагогикалық процесте мұғалім мен оқушы арасында
тұлғааралық талас-тартыстың сыртқы және ішкі фактолардың әсерінен
туындауы, дамуы және аяқталуы.
Зерттеу әдістері: Т.Лиридің Тұлғааралық қарым-қатынасты
диагностикалау әдістемесі, Тұлғааралық бағыт-бағдарды анықтау тестісі,
Реактивті және тұлға мазасыздығы деңгейін анықтау Ч.Д.Силберг, Ю.Л.Ханин
әдістемесі.
Ғылыми болжам: Педагогиалық ұжымда талас-тартыстардың
туындауының негізгі себебі – адамдардың құндылықтық деңгейлері мен
идеалдарының бір-біріне сай келмеуі және мұғалімнің тұлға ретінде
мазасыздық деңгейінің жоғары болуы.
I бөлім. Талас-тартыстардың әлеуметтік сипаттамасы.
1.1. Талас-тартыстардың жалпы сипаттамасы, ерекшеліктері, зерттеу
проблемасы.
Педагогикалық психологияның, қарым – қатынас психологиясының,
күрделі, педагогикалық мәнді проблемаларының бірі - адамның іс - әрекетте,
қарым – қатынаста кездесетін талас –тартыстар проблемасы болып табылады.
Психологиялық тұрғыдан адғанда талас – тартыстар (лат. KNFLITUS) дегеніміз
– адамдардың санасындағы, қарым – қатынастардағы жағымсыз сезімдермен
байланысты қарама – қарсы бағыттардың тоғысуы. Топтық және тұлғараалық
талас-тартыстардың негізінде адамдар арасында бір- бірімен сәйкес емес,
бір мезгілде жүзеге аса алмайтын қызығушылықтар, қажеттіліктер,
құндылықтар жатады. Бірақ психологияда талас – тартыстардың анықтамасы
және осы түсініктің көлемі әлі күнге дейін толық шешілген емес. Талас –
тартыстар туралы идеялардың жинақталуы сан ғасырлық тарихқа ие. Ең алғаш
талас – тартыстар туралы концепциялар 19-20 ғ-да пайда болды және кейінгі
жүзжылдықтарда көптеген ғылымдар бұл феноменнің табиғатын түсіндіру,
болдырмау және оны шешу жолдарын іздеумен айналысуда.
20 ғ-дың бірінші жартысында шет елдік психологиялық зерттеулердің
арасында, талас-тартыстардың мынадай бағыттары ерешеленеді:
- психоаналитикалық (З.Фрейд, А.Адлер, Л.Хорни, Э. Фромм);
- социотропты (У. Мак-Дугалл, С.Сигеле және т.б.);
- этологиялық (К.Лоренц, Н.Тинберген);
- топтың динамика теориясы (К. Левин, Д. Креч, Л.Линдсей);
- фрустрационалды – агрессивті (Д.Доллард, Л.Берковитц, Н.Миллер);
- мінез – қылықтық (А.Басс, А.Бандура, Р.Сирс);
- социометриялық (Дж.Морено, Э.Дженигс, Д.Додд, Г.Гурович);
- интерракционалды (Д.Мид, Т.Шибутани, Д.Шпигель).
Қазіргі таңда, шет елдік психологияда талас – тартыстарды зерттеу
келесі бағыттарда дамып келе жатыр:
1) теориялық - ойындық (М.Дойч);
2) организациялық жүйелер теориясы (Р.Блейк, Дж. Мутон);
3) әңгімелесу процесінің теорясы мен практикасы (теория и практика
переговорного процесса) (Д.Прюитт, Д.Рубин, Р.Фишер, У.Юри).
1956 жылы жарық көрген, американ социологы Л. Козердің "Әлеуметтік
конфликттердің функциялары" атты еңбегі қазіргі батыстық талас –
тартыстардың социологиясының құрылуына негіз болды. "Позитивті –
функционалды конфликттер " концепциясында, ол әлеуметтік жүйелердің
тұрақтылығын қамтамасыз етуде талас – тартыстар рөлінің маңыздылығын
тұжырымдаған. Оның айтуы бойынша талас – тартыстар әлеумметтік
иновацияларға, жаңа қоғамдық тәртіптердің, нормалардың және қатынастардың
орнауына негіз болады.
Совет психологиясына келетін болсақ, 1988 – 1992 ж-ры А.Я.Анцупов
талас–тартыстардың эволюционалд-дисциплинаралық теориясын құрастырды.
Кейін бұл теория жалпы талас – тартыстар теорияларының ішінде бірінші
қатарға енді. Бұл теорияның кейбір аспектілерінің дамуына А.И.Шипиловтың
еңбегі зор.
Қазіргі таңда, талас–тартыстар проблемасын қарастырғанда, көптеген
авторлардың көз–қарасы бойынша негізінен тәжірибиелік жұмыстардың көбейіп,
теориялық зерттеулердің саны азаюда.
Талас – тартыстар құрылымы – оның бірігейлігін қамтамасыз ететін,
әлеуметтік өмірдің басқа да құбылыстарынан ерекшелейтін талас–тартыстардың
тұрақты байланыс жүйесі. Талас–тартыстардың психологиялық құрылымын екі
ұғым: талас–тартыстар жағдаяты және инцидент арқылы түсіндіруге
болады. Талас–тартыстар жағдаяты – талас–тартыстардың нақтылы негізі, екі
жақтың қызығушылығы мен қажеттілігі арасындағы қарама – қайшылық. Бұл әлі
талас–тартыстардың өзі емес, нақтылы болмыстағы қайшылықты ұзаққа дейін
бірлескен әрекетке қатысушылар саналы түрде қабылдамай жүре береді.
Инцидент – талас – тартыстар жағдаятын саналы түрде түсіну, екі
жақтың алғаш рет соқтығысуы, ол талас – тартыстың басталуына негіз болады.
Талас – тартыстық құрылым:
Талас - тартысқа қатысушы → Нысаны ← Талас –
тартысқа
жақтар
қатысушы жақтар
Сызбада көрсетілгендей әр талас – тартыстың нысаны (даудың себебі
болған нақты немесе идеалды зат) және жақтары (жеке адамдар немесе топтар)
болады.
Талас – тартысқа қатысушылардың ішкі және сыртқы позициясын ажырату
керек. Сыртқы позиция – қарсыластарға ашық жарияланатын талас –
тартыстарға қатысудың себебі. Ішкі позиция – талас – тартыстарға қатысудың
шынайы себебі даулы іс - әрекетке кірісуге түрткі болған қызығушылықтар,
құндылықтар, мотивтер. Сыртқы және ішкі позициялар бір – біріне сәйкес
болмауы да мүмкін. Көбінесе ішкі себептерді адамның өзі де сезбейді, олар
адамның бейсанасында ұялайды. Ішкі мотивтерді санамен сезу –
талас–тартыстардың шешілуінің алғышарты болып табылады.
Талас–тартыстарға қатысушылар үшін даулы мәселенің бар екендігі
инцидент пайда болған кезде түсінікті болады. Сонымен, инцидент - өзара
әрекетке қатысушылар өздерінің қызығушылықтары мен мақсаттары арасындағы
объективті қайшылықты түсінген сәт.
Инциденттің ашық және жасырынды түрлері болады. Жасырынды инцидент
қатысушылардың санасына жеткенімен, олардың нақты қатынастары мен
қимылдарында ешқандай көрініс таппайды. Ашық инцидент дегеніміз –
қатысушылардың бірқатар өзара ерегесі, жанжалдары.
Талас – тартыстар динамикасы – ішкі механизмдер мен сыртқы
факторлардың әсерінен талас – тартыстардың даму жолы, өзгеруі болып
табылады. Даму процесі барысында талас – тартыстар бірнеше даму
сатыларынан өтеді. Қазіргі авторлардың көбі талас-тартыстардың келесі
сатыларын ерекшелейді:
1 саты – нақты талас – тартыс жағдаятының пайда болуы;
2 саты- талас – тартысты саналы қабылдау;
3 саты – талас – тартыстық іс - әрекеттер;
4 саты – талас – тартыстың шешілуі.
Сызбада көрсетілгендей, талас- тартыс оған қатысушылардың
мақсаттарында объективті қайшылық пайда болғанда басталып, объективті
қайшылықты саналы қабылдағанға дейін жалғасып, талас – тартыстық
әрекеттерден өтіп белгілі бір шешімге келіп аяқталады. Екі өтпелі саты
кейде болмайды, пайда болған талас – тартыс 3-ші немесе 3-ші сатыға жетпей
– ақ өз шешімін табады. Бірақ, көбінесе талас – тартыстар барлық
сатылардан өтеді.
Талас–тартыстық іс-әрекеттер сатысында оның барлық құрылымдық
жақтары да дамиды, нысаны кеңейіп, бір сатыдан басқа сатыға таралады.
Мысалы, іскерлік қатынастардан жеке тұлғалық қатынастарға, талас –
тартысқа қатысушылардың қатары да кеңейіп, жеке тұлғалық талас – тартыстар
топаралық талас – тартыстарға айналып кетеді.
Талас–тартысқа қатысқан адамдардың санына байланысты, оның негізгі 4
түрлерін ерекшелеуге болады: тұлғаішілік, тұлғааралық, тұлға мен топтың
арасында және топаралық талас–тартыстар.
Тұлғаішілік талас–тартыстар категориясына индивид санасында
бейнеленетін әр түрлі жеке тұлғалық қалыптасулардан (мотив, мақсат,
қызығушылық және т.б.) тұратын талас - тартыстардың психологиялық
бірлігін айтады. Тұлғаішілік талас – тартыстардың келесі негізгі түрлері
бар:
- мотивоционалды талас – тартыстар;
- моральды;
- жүзеге асырылмаған тілектердің арасындағы талас-тартыстар;
- өзіне-өзі әдеттегідей баға бере алмауынан туындайтын талас –
тартыстар.
Адам өзіне жете алмайтын, бір–біріне сай келмейтін мақсаттарды
алдына қойған кезде тұлғаішілік талас – тартыстар туындайды.
Топаралық талас-тартыстар деп, қарым – қатынаста адамдар топтары,
немесе топтардың жеке мүшелері арасында, өздерін және бірін – бірі басқа
топтың мүшелері деп қабылдайтындықтан туындайтын барлық талас – тартыстық
жағдайлар аталады.
Тұлғааралық талас–тартыстар – бұл адамдар арасында әр түрлі
себептерге байланысты туындайтын қарама – қайшылықтар, қақтығыстар.
Талас–тартыстарды дәстүрлі классификациялауда топішілік
талас–тартыстарды жиі ескермейді. Бұған енгіз болған көз–қарас топішілік
талас – тартыстар еркін феноменологияға ие емес, ол тұлғааралық немесе
топаралық талас–тартыстар формасына айналады, өйткені, топішілік
талас–тартыстарға қатынасатындар–топтың жеке мүшелері немесе оның құрамына
енетін топшалар.
Талас–тартыстар мотивациясын және жағдайды субъективті қабылдауды
ескере отырып, Г.И.Козырев талас–тартыстардың келесі түрлерін ерекшелейді:
жалған талас–тартыстар – субъект туындаған қайшылықтарды себепсіз деп
қабылдайды; потенциялды талас-тартыстар – талас-тартысқа негіз бола алатын
себеп бар, бірақ, бір немесе екі жақ та, белгілі бір себептерге байланысты
жағдайды конфликт ретінде толық қабылдаған жоқ. Шынайы талас-тартыс
(истинный конфликт) – екі жақтың бір-бірімен қақтыңысуы.
Егер де, талас-тартыстарды адамның талас-тартыстық жағдайдағы мінез-
құлқын ескере отырып классификацияласа, онда оларды рационалды және
эмоционалды; мақсатына және көз-қарасына (последсвиясына) байланысты –
конструктивті (функционалды) және деструктивті (дисфункционалды) деп
бөледі.
Жоғарыда айтылғандардың барлығын қорытындылай келе талас-
тартыстардың кейбір позитивті функцияларын ерекшелеуге болады:
- талас-тартыс жасырынды қарама – қайшылықтардың шешілуіне негіз
болып, оған қатысқан екі жақты қарым-қатынастың жаға деңгейіне
шығарды;
- талас-тартыстық жағдайда адамдар өздерінің қызығушылықтарымен қатар,
оларға қарама – қайшы қызығушылықтарды нақты түсініп, объективті
проблеманың барын мойындатады;
- ұжымда талас-тартыстар топішілік және топаралық байланыстарды
стабилизациялау және интеграциялау функциясын атқарады, позитивті
шешілген талас-тартыстар қатынастардағы құндылықтарды шешеді, оларға
динамикалық сипат береді, шығармашылықты және иновациялылықты
жақтайды;
- талас-тартыс ақпарат іздеуге оған және талдау жасауға себеп болады,
күштердің арақатынасын, өзінің потенциялын объективті бағалауға –
бұл ішкі ресурстарды мобилизациялауға, өзінде және өз тобына
өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді;
- талас-тартысқа қатысушылардың позицияларын, қызығушылықтарын,
мақсаттарын анықтайды, осылайша ол туындаған проблемалардың
үйлесімді шешілуіне негіз болады.
1.2. Мекемелерде туындайтын талас-тартыстардың типтері.
Талас-тартыстар типтерінің классификациясын қаратырғанда ол оған
қатысқан субъекттер санына негізделген талас-тартыстар классификацясына
сай келетіндігін байқауға болады. Екі жақтың құрамы бойынша мекемелерде
туындайтын талас-тартыстарды 3 категорияға бөлуге болады (26,40):
- тұлға – тұлға (тұлғааралық);
- топ – топ (топаралық);
- топ – тұлға.
Көрсетілген талас-тартыс типтері бір-бірінен шығып, шеңбер тәрізді
бірін – бірі шарттайды. Мекемелерде тұлғаарадық талас-тартыстарды шартты
түрде вертикалды және горизонталды деп бөлуге болады. Вертикалды –
мұндайда талас-тартысқа қатысқан жақтар басқару иерархиясының әр түрлі
деңгейінде орналасқан; горизоталды талас-тартыстар – мұндайда талас-
тартысқа қадысқан жақтар басқару иерархиясының бір деңгейінде орналасқан.
Бұл талас-тартыстардың басқа да талас-тартыстардан еш айырмашылығы жоқ.
Айырмашылықтар талас-тартысқа қатысқан екі жақтың жүгінетін позицияларда
ғана болуы мүмкін.
Тұлғааралық талас-тартыстар басқа талас-тартыстар типтерімен тығыз
байланысты. Тұлғааралық талас-тартыстар өте жиі тұлғаішілік талас-
тартыстардан туындайды: адамның ішкі жеке тұлғалық қарама-қайшылықтар
тенденциясы, басқа адамдармен қақтығысқа әкеледі. Ол жиі оны
толғандыратын проблемалардың шынайы себебін таба алмай, басқа адамдарды
кінәлай бастайды. Осының салдарынан ол өзін адекватты емес ұстап, топ
мүшелеріне себепсіз притензиялар, талаптар қояды. Онымен қарым-қатынас
жасаған адамдар мұндай мінез-қылықтың себебін түсінбейді, ал егер бұл
мінез-қылық олардың жеке қызығушылықтарын бұзса, онда олар онымен талас-
тартысқа түседі.
Мекемелердегі топаралық талас-тартыстар құрылымдық бөлімшелер
арасында және бір бөлімшенің қызметкерлері арасында да туындауы мүмкін.
Тұлға мен топ арасындағы талас-тартыс тұлғаның жеке талаптары мен
топта қалыптасқан мінез-қылық нормалары арасындағы қарама-қайшылық ретінде
көрініс береді. Бұл талас-тартыс ұжымның даму деңгейі басқару стилңне сай
келмеуінен, ұжым басқарушысының және специалисттерінің компитенттілігінің
жетіспеушілігінен, топ өз басшысын қабылдамауынан туындайды. Бұл
категориядағы талас-тартыстар әр түрлі көрініс беруі мүмкін.
Талас-тартысты және топтың даму деңгейінің арасындағы байланысты
зерттеген зерттеушілер (Бэннис, Шепард, және т.б.) даму деңгейі бойынша әр
түрлі сатыдағы топтар талас-тартыстық және стрестік жағдайларға
реакциялары әр түрлі болады дегенді қабылдаған. Жалпы тенденция мынада:
дамыған топтар туындаған қиындықтарға күштерін мабилизациялаумен, ал даму
деңгейі бойынша төмен топтар – ішкі дезорганизациямен жауаб береді. Осыдан
басқа, даму деңгейі төмен топтарда жүйелі қалыптасып қалған мақсаттары мен
бағыт-бағдарының жоқтығынан ішкі талас-тартыстардың туындауы жиі
кездеседі. Теориялық жағынан, құндылықтық бағыт-бағдарлылықтың бірігейлігі
топтың бірігейлігінің көрінісі екендігіне сүйеніп, топтың және индивидтің
бағыт-бағдарының сай келмеуі негізінде талас-тартыстардың деңгейін
болжауға болады.
1.2.1. Оқу-тәрбие процесінде туындайтын талас-тартыстардың түрлері.
Оқыту-тәрбие процесінде процесінде туындайтын талас-тартыстарға
келетін болсақ мектептегі қақтығыстарды үш үлкен топтарға бөлуге болады:
1-ші топқа мотивтік қақтығыстар кіреді. Ол оқушы мен мұғалім
арасында оқушының әлсіз оқу мотивіне байланысты, яғни оқушы оқығысы
келмейді, қызығусыз не зорлықпен оқиды. Негізі бір ғана мотивке байланысты
болғандықтан, бұл топтағы қақтығыс күшее береді де, нәтижесінде мұғаләм
мен оқушы арасында өзара жек көрушілік, ұнатпаушылық, тіпті күрес пайда
болады.
Мысалы, мұғалімдер өзара, көбінесе, оқушылар туралы ғана айтады:
олар түк түсінбейді, тыңдамайды, оқығылары келмейді т.б. Ал оқушылар,
әрине мұғалімдер туралы айтады: бағаны әділеттсіз қояды, оқушыларды
сыйламайды, ұрысқақ, т.б. Екі жақты да тыңдаған адам қайсысы дұрыс,
қайсысы кінәлі екендігін ажыратуға қиналады. Негізінде мотивтік
қақтығыстар мұғалім мен оқушының қатынасы үзілген, байланыссыз, қарама-
қарсы қойылған әр түрлі бағыт пен мақсатты көздегендіктен пайда болып
отырады.
2-ші топқа оқытуды ұйымдастыруңдың кемшілігіне байланысты туындайтын
қақтығыстар кіреді. Біз мектептегі оқу үрдісі кезінде оқушы басынан
өткізетін 4 кезңді атап көрсетеміз. Мектеп – бұл өзек десек, оған 1-ші
сыныпта енген оқушы 11-ші сыныпта түлек болып шығады.
Бірінші сынып оқушысы оқуды бастай отырып күрделі әрі ауыр кезеңді
бастан өткізеді (1 кезең). Себебі: а) іс-әрекет түрі өзгереді; ә)
әлеуметтік көз-қарасы өзгереді; б) жаңа міндеттер мен талаптар пайда
болады.
Мектепке бейімделу 3 айдан 1,5 жылға дейін созылады.
Өзінің жаңа рөліне енді ғана үйренген кезде оқушы жаңа қақтығыс
кезеңіне тап болады (2кезең), ол 5-ші сыныпқа көшіп, әр түрлі пән
мұғалімдерінен оқи бастайды. Бастауыш сыныпта мұғалімнің қамқорлығына,
көмегіне үйреніп қалған оқушыға қатал, талап қойғыш мұғалімге үйренуге
тура келеді, әрі пәндер күрделене түседі.
3-ші қақтығыс кезеңі 9-шы сыныптың басынан басталады, себебі жаңа
ділгірлік туындайды: 9-шы сыныптан кейін не істеу керек? - оқуды
жалғастыру немесе басқа оқу орнына түсу. Басқа оқу орнына баратын
оқушыларда егер оның үлгнрімі төмен болса, өзін-өзі төмендету мәселесі,
ал жақсы үлгерімі барларында отбасына материялдық көмек көрсету, ертерек
жұмыс істеу мәселесі туындап, олар алаңсыз балалықпен қоштасып, ересек
өмірді бастауларына мөжбүр болуы түрлі эмоциялық толқуларды туғызады.
Соңғы, 4-ші кезең мектепті бітіру, болашақ мамандықты таңдау,
курстық емтихнадар, жеке басына қатысты өмірдің басталуы.
3-ші топқа өзара әрекетке қатысты педагогикалық қақтығусылар енеді.
Олар оқушы мен мұғалім, мұғалім мен мектеп әкімшілігі (директор, оқу
ісінің меңгерушісі) арасындағы жеке бастарының ерекшелігі, олардың
мақсаттары мен өмірлік құндылықтарына байланысты туындап отыратын
қақтығыстар.
Оқушы - оқушы қақтығысы – басшылыққа ұмтылу 2-3 бала арасында,
ұлдар мен қыздар арасында, 3-4 оқушы мен бүкіл сынып арасындаболады.
Мұғалім - оқушы - бұл мотив қақтығыстан басқа, адамгершілік –
этикалық тұрғыдан болады. Мысалы, мұғалімдер айтқан сөздерінде тұрмайды,
балалардың сырын ашып қояды, т.б.
Мұғалім - мұғалім қақтығысы – сабақ кестесінен бастап, жеке
бастарына қатыстыдүниелерге дейіе болады. Бастауыш буын мен орта буын
сынып мұғалімдерінің арасында кездеседі.
Мұғалім - мектеп әкімшілігі - билік жүргізу мен бағыну мәселесінен
туындайды.
Сонымен мектеп өмірі біртұтас педагогикалық қақтығыстардан
тұратынына көзіміз жетті. Сол себепті әрбір мұғалім қақтықыстың табиғатын,
құрылымын, өрісін, қозғалысын білу керек. Мұғалім кез келген педагогикалық
жағдаяттан абыройын түсірмей шығуы міндетті, әрі парызы болып табылады.
II бөлім. Мұғалім мен оқушы арсында туындайтын талас-тартыстардың
себептері, оларды шешу жолдары.
2.1. Мұғалім мен оқушы арасында қарым-қатынас жасау мәдениеті.
2.1.1. Қарым-қатынас дегеніміз не?
Оқу үрдісінде жаңа инновациялық технологиялар пайдаланылып келеді.
Педагогикалық үрдістің сапалы болуына көңіл бөлініп отыр. Солардың бірі –
педагогикалық үрдістегі мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы.
Мектептегі ең басты фигуралар – ұстаз бен оқушы. Олардың сабақтағы,
сыныптан тыс жұмыстардағы қарым–қатынасы оқыту - тәрбие процесінің
эффективтілігінің маңызды шарты, оқушы жеке тұлғасының қалыптасуының бір
әдісі болып табылады.
Тіл – адамның қатынас құралы дегендей, мұғалім мен оқушы арасындағы
қарым-қатынас олардың тіл табысуына байланысты болмақ. Ғылымның тіліне
сүйенсек, мұғалімнің коммуникативтік іскерліктері оқу және тәрбие
үрдісіндегі қарым-қатынастың жүйелі, сапалы және нәтижелі болуына әкеледі.
Ғалымдардың пікірі бойынша, ХХ ғасыр басына дейін коммуникация
терминіне көп көңіл бөлінбей, сөз тек қатынас және оның түзгіштері жайлы
айтылып келген дейді. Бірақ коммуникация (communicatio) деген сөздің
түбірі латыннан алынғанына қарағанда бұл сөздің ежелде пайда болғаны
шығады.
Энциклопедиялық сөздіктер коммуникацияны, біріншіден, хабарласу
жолы, адамнан адамға мағлұматтар беру деп айқындайды.
Психологиялық сөздік коммуникация (ағылшынның communicatе –
хабарлау, байланыстыру, қатынаста болу) -әлеуметтік психологияда,
біріншіден, адамдар арасындағы кәсіби және тұлғалық байланысты; екіншіден,
адамдар арасындағы қатынастағы мағлұматтармен алмасуын сипаттау деп
береді.
Коммуникация сондай-ақ, адамдар арасындағы қызмет барысындағы
көзқарас алмасу, ой, көңіл мен сезім алмасу.
Коммуникация кең мағынада қатынас деп те тұжырымдалады.
Соңғы жылдары педагогика, психология ғылымдары педагогикалық қарым
- қатынас, қарым-қатынас, коммуникативтік біліктілік ұғымдарына,
болашақ педагогтың кәсіби біліктілігі мен оның жетекшілік рөліне ерекше
мән беріп жүр.
Қоғамда, ұжымда адамдар қарым-қатынас мәдениетін игермегендігінен,
бірінен-бірі түсіп, өз ойы мен сезімін дұрыс жеткізе алмағандығымен
көптеген талас-тартыстардың түрлері туындап жатқаны анық, сондықтан да
тұлғааралық қарым-қатынас сауаттылығы мен оны қалыптастыру өзекті
мәселелердің біріне айналуда.
Педагогикалық қатынасқа ерекше көңіл бөлген В.А.Кан-Калик,
А.В.Мудрик, А.А.Леонтьев, А.Б.Ынтықбаева және тағы басқалардың ғылыми
еңбектері бар.
В.А.Кан-Калик өзінің және басқалардың педагогикалық тәжірибесіне
сүйене отырып, мұғаліммен оқушы, мұғалімммен сынып арасындағы
қатынастарында кездесетін қиындықтардың себебі, мұғалімнің педагогикалық
қатынастың егжей-тегжейін әлі де бойына сіңірмегені жайлы сөз етеді.
Мұғалімге коммуникативтік іскерліктерді меңгеріп, оны оқу және тәрбие
үрдісінде қолдануы қажет екені айтылады.
В.А.Кан-Калик мұғалімнің коммуникативтік іскерліктері қатарына:
адамдар алдында сөз сөйлей білу; қарым-қатынасқа түсе білу; түрлі
жағдайларды туғыза отырып шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастыру; оқу және
тәрбие үрдісінде дұрыс, бір бағыттағы қарым-қатынасты құрып, оны басқара
білу іскерліктерін атайды.
Комуникативтілік біліктілік кәсіби мәдениеттің құрамдас бөлігі. Бұл
жөнінде ғылыми пікір білдіруші ғалымдар: Н.В.Кузьмина, А.А,Майер,
А.К.Макарова, А.И.Мищенко, И.М.Павлютенков, И.И.Рытанова, Г.Н. Сериковтар
комуникативтік біліктіліктің педагог тұлғасының бойына қатысты жалпы
біліктіліктер қатарынан ерекше орын алатындығын атап өткен болтын.
М.В.Сесенованың пікірінше, комуникативтік біліктілік болашақ
педагогтың кәсіби қарым-қатынасының тиімділігінің деңгейін және қарым-
қатынас мәдениетін, педагогикалық технологиясын, перцептивті
біліктілігінің қалыптасуын сипаттайды. Сонымен қатар зерттеуші-ғалым
қарым-қатынас – педагогтың басты құралы болып табылады деген.
Педагогикалық қарым-қатынас жалпы психологиялық заңдылықтармен тығыз
байланысты, ол адамның өзгелермен байланыс жасауының бір түрі боып
саналатын комуникативі, интерактивті және перцептивті компоненттерден
құралатын өзіндік ерекше қасиеті бар қарым-қатынастың спецификалық формасы
– деп санайды.
А.А.Леонтьев мұғалімнің комуникативтілік біліктіліктерін ерік
жігерлік қасиеттері ретінде қарастырып, оған өзінің мінез-құлығы мен жүріс-
тұрысын қадағалау іскерлігін, өзінің ықылас көрсетуін, адамның жүзінеқарап
көңілін таба білуін, оқушыны бір қарағаннан психологиялық ерекшелігін
айқындау іскерлігін, оқушылармен дұрыс, әрі тартымды байланыс жасай білу
іскерлігін жатқызады.
Е.Нусубаева шетелдік ғалымдардың пікіріне сүйене отырып, мәдени
комуникативтік қарым-қатынас шеберлігінің мынадай факторларын анықтаған
болатын, олардың олардың бәрқатарын атап өтер болсақ: түрлі мәдениет
үлгілеріне бейімделу, қарым-қатынасты жеңілдету қабілетінің болуы, мәдени
эмпатия, тұлғаның өзін және мәдениетті сезінуі, эгоцентризімнің болмауы,
және т.б.
Педагогтың комуникативтік қарым-қатынасы кәсіби тұлғаның айнасы
десек артық айтылғандық болмас. Біздің пайымдауымызша, комуникативтік
біліктіліктің даму шарттары негізгі атқаратын қызметіне сай келуі керек,
және нәтижесінде біліктіліктің мынадай сипаты көрініс беруі шарт:
- педагогтың қарым-қатынас жасаушы адаммен тілдік, тілдік емес және
өзге де тәсілдер арқылы ақпаррат алмаса отырып, оның өзіне тән
ерекше қасиеттеріне болжам жасап, ескере алу қасиеті;
- белгілі бір қоғамдық құнды мақсаттарға қол жеткізуге ұмтыла отырып,
бағдарлама, әдіс-тәсіл, техника, қарым-қатынасты құру арқылы ортақ
әрекетті ұйымдастыру;
- қарым-қатынас жасаушы жеке тұлғамен немесе топпен тіл табысаалу және
қалай қабылданатындығын түсіне алу қасиеті.
2.1.2. Мұғалім мен оқушылар арсындағы қатынас.
Мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынастары – ересек адамдардың
тәрбие ықпалынан туындайды. Мұғалім негізінен қарам-қатынас қйымдастыруға
біршама даяр, ол оқушыны істің енгізгі өрісінде, мектепте көреді, оның
жолдастарын біледі. Бұл бір жағынан араласу үшін көп материал береді,
екіншіден, педагогтың тәрбиелік мақсатына жетуіне әсер етеді, себебі
оқушылармен араласа отырып, оның өміріндегі көптеген факторларды ескере
алады және соған сәйкес күнделікті тіршілікте кездесетін проблемаларды
шешуге көмектесе отырып шәкірттерге ықпалын тигізеді, олай болуы бұл
проблемалардың көпшілігі оқудан, жолдастарымен араласудан, қоғам
жұмысынан, яғни, басқа ересек адамдарға қарағанда мқғалімге әжептеуір
таныс шәкірттер өмірінің өрістерінен туындайды. Алайда тәжірибеде
мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы әрдайым ұтымды қалыптаспайды.
Оқушылардың әлеуметтік дағдылары мен пәнге қатысына ықпал ететін
факторлардың бірі – пән мұғалімінің балалармен тіл табыса білу қабілеті
болып саналады. Себебі мұғалімнің жеке басының қасиеті оқушының пәнге
деген қатынасына елеулі әсер етеді. Жасөспірімдер үшін мұғалімдердің
рухани дүниесі, өздеріне деген көзқарасы маңызды рөл атқарады.
Жас өспірімдер мен ұстаздар арасындағы өзара қарым-қатынас жасау
мәселесі – психология ғылымындағы және тәлім-тәрбие ісіндегі маңызды, әрі
күрделі проблемалардың қатарына жатады. Бұл салада жүргізілген бірсыпыра
зерттеулер мен осы бағытта жинақталған тәжірибелердің нәтижелері жас
өспірімдер мен ұстаздар, оқушылар мен тәлімгерлер арасындағы қарым-қатынас
орнатуда айтарлықтай ерекшеліктер мен сипаттар, түрлі түсініктер бар
екендігін көрсетті. Міне мұндай мәселедегі елеулі жәйттің бірі – мұғалім
мен оқушылар арсындағы қарым-қатынас жасауда әрқилы қиыншылықтардың үнемі
кездесіп отыратындығы.
Егер кіші мектеп жасындағы балалар үшін мұғалім барлық бейнесімен
ерекше із қалдырып, оларға күшті әсер ететін тұлға болып саналатын болса,
ал ересек балалар мұғалімнің әрбір қимыл-қозғалысына, іс-әрекеті мен
сөйлеген сөзіне, оның ақыл-кеңесіне, өзге адамдармен қарым-қатынасыеа,
шәкірттерге қоятын түрлі талаптарына қздерінше іштей сын көзбен қарайды.
Осы мәселені анықтау бағытында арнайы жүргізілген психологиялық және
педагогикалық зерттеулер төменгі сынып оқушыларынан гөрі ересек оқушылар
арасында үлкендердің айтқан сөздеріне құлақ аспау және айтқанынан
қайтпайтын мінез көріністерінде әрқилы кедергілер мен себептер
болатындығын анықтады. әрине мұндай мәселенің түпкі себептерін
психологиялық жағынан тереңірек зерттеу – тәлім-тәрбие ісінде маңызды
мәселе болып саналады.
Бізде, атап айтқанда, Қазақстанда, әсіресе қазақ мектептері мен
арнаулы білім беретін орта дәрежелі оқу орындарында ұстаз бен шәкірттер
арасындағы қарым-қатынас орнату, олардың арасында кездесіп қалатын
қиыншылықтар психологиялық тұрғыдан әлі де қызу қолға алынып, тиянақты
іздестірілмеген мәселелердің қатарына жатады. Ал мұғалім мен шәкірттер
арасындағы қатынасты іздестірудегі ғылыми-педагигикалық әдебиет пен
мақалаларда тек ұстазға қажетті сапаларды сөз етумен шектеледі. Осы кезде
тәлім-тәрбие ісіндегі жас өспірімдермен қарым-қатынас жасауда мұғалімнің
өзіндік сапа ерекшеліктерімен қатар, оның өзге адамдармен, әсіресе
шәкірттердің даралық ерекшеліктерімен санасып отыру қажеттігіне баса мән
беріледі. Осындай талапты анықтап оны жүзеге асыру жолында мұғалімнің
бойында өзіндік сапа, ұстаздық қасиет және арнайы білімі керек деген
міндет қойылады.
Шәкірттер өз ұстаздарының бойынан көңілдеріне қонымды талап-
тілектеріне лайықты ұнамды қасиеттерді көргісі келеді. Осы орайда ұстаздың
бойындағы сапалар мен қасиеттердің оқушылар үшін қаншалықты ықпалды
болатындығын белгілі жүйеге келтіріп іздестіру оларды күнделікті тәлім
тәрбие істерінің тәжірибесіне ендіріп отырудың маңызды екендігіне айрықша
көңіл бөліп отыру керек болды. Осындай сапалар қатарына ұстаздардың жас
өспірімдермен қарым-қатынас жасау үшін өзіндік сипат-ерекшеліктері
болғандығын көрсетеді. Жас өспірімдік кезең балалық шақ пен ересек адамдар
арсындағы өтпелі кезең екендігін ескеретін болсақ, бұл кезеңде жас
өспірімдердің тек өз мұғалімдері мен тәрбиешілеріне ғана емес, өзге
адамдарға, айналасындағы кісілерге деген өзіндік сын көзқарасы өрістеп,
әрбір нәрсенің мән-жайына үңіле қарап, оларды танып білуге деген ықылас-
ынтасы арта түсетін кезең. Олардың ақыл-ойы өсіп, сана сезімі оянып
дүниетану шеңбері ұлғая бастаған кез. Адамның дамып жетілуіндегі мұндай
сапалар жас өспірімдердің ұстаздарға деген талап-тілегін де күрделене
түседі. Жас өспірімдер бұл кезеңде өздерін ересектер қатарына қосылдық деп
санап, үлкен адамдардың өздеріне ілтипатпен көңіл аударып, сеніммен
қарауды талап етеді. Керсінше, ересек адамдар оларға әлі де бала деп
қарайтын болса, онда олар мұндай талаптарға қарсы шығып, өздерінің
қарсылығы мен наразылығын сөйлеген сөздерімен, істеген істері мен мінез-
қылықтары арқылы білдіреді.
Ұстаздар мен шәкірттер арасындағы қарым-қатынастың бірсыпыра
жәйттерін психологиялық тұрғыдан анықтау мақсатымен Алматы қаласындағы
бірнеше мектептерде арнайы тәжірибелік зерттеулер жүргізіліп, онда мақсат
етіп қойылған мәселенің жай-жапсары іздестірілді. Бұл зерттеуде негізгі
мәселе – мұғалімдік мамандыққа қойылатын жас өспірімдердің талабын
психологиялық тұрғыдан негіздеп, ұстазға тән сапалар мен ерекшеліктердің
сырын ашып көрсету және оны педагогикалық және методикалық жағынан талдау
жасау.
Зерттеу арқылы іздестірілетін мәселенің түйінін шешу үшін мынадай
тәсіл қолданады. Мұғалімнің ұстаздық қызметіндегі барлық іс-әрекеттерін
оқушылардың ой-пікірлері бойынша қалайша баңаланатыннын анықтау ниетімен
ұнамды және ұнамсыз жақтары деп екі жікке бөлінді. Осы сапалар мен
ерекшеліктерден мұғалімнің ұстаздық қызметіндегі даралық қасиеттері мен
мамандық біліктілігіне қойылатын талаптар айқындала түсер деген жорамал
жасалды. Соның нәтижесінде шәкірттер тарапынан мұғалімге қойылатын
талаптар мен тілектердің мән-жайын қарастырып мынадай төрт топқа бөлініп
әздестірілді де, олардан тиісті қорытындылар жасалды.
Бірінші топқа ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынастағы
мұғалімнің адамгершілік сапалары жатыды. Олар: игі тілек, шәкірттерге
мүмкіндігінше ықыласты көмек көрсету, олардың жан дүниесін түсінуі. Мұндай
қасиеттерді шәкірттер өз ұстаздарының бойынан көргісі келеді. Ал
ұстаздардың бұларға немқұрайды, селқос, ықылассыз қарауын оқушылар
ұстаздың ұнамсыз қасиеттері деп санайды.
Екінші топқа мұғалімнің ұстаздық шеберлігіне байланысты қойылатын
талап-тілектер. Мұғалімнің өз пәнін жетік білетіндігі, балаларға оқу
материялдарын жете түсіндіріп, ұғындыра алатындығы, әр алуан амал-тәсілдер
қолданып, сабақты тартымды және қызықты етіп өткізетіндігі.
Үшінші топқа ұстаздың жас өспірімдердің бірімен-бірінің өзара
қатынасына, олардың өміріндегі күйініш-сүйініштеріне, табыстары мен
сәтсіздіктеріне, әр түрлі қоғамдық жұмыстарға қатысуына байланысты көңіл
бөліп, мөн беруі, ұстаздың сынып жетекшілік жұмысындағы іс-әрекеттері
жатады.
Төртінші топтағы шәкірттер, мұғалімнің жеке басына тән мінез-
қылықтарының ерекшеліктерін атап көрсетеді.
Шәкірттердің ұстаз бойындағы ерекшеліктер мен сапалары туралы
көзқарастары мен өзіндік пайым-түсініктерін мынадай төрт топқа бөліп
анықтап көрсетейік:
1) мұғалімнің адамгершілік сапалары мен өзіндік қасиеттері,
оқушыларға деген қатынасы;
2) мұғалімнің өз пәнін меңгеруі мен ұстаздық шеберлігі;
3) мұғалімнің сынып ұжымын басқарып, оған жетекшілік ете алуы;
4) мұғалімнің мінез-құлқындағы даралық сппалары, бойындағы қасиет
ерекшеліктері.
Арнайы зерттеу нәтижелерін талдай отырып, мұғалім жайындағы
шәкірттердің пікірлерін топтатыра отырыпқарастырылғанда ұстазға тән 27
ұнамды сапалармен бірге 27 ұнамсыз ерекшеліктердің бар екендігін атап
көрсетуге болады. Сол шәкірттердің мұғалімнің мінез-құлқы жайында ұнататын
сапалары мен қарым-ққатынас жасауда тлап ететін жағымды сипаттар мынадай:
Бірінші топқа жататын сапалық ерекшеліктер: а) шәкірттердің адами
қасиеттерін ескеріп онымен үнемі санасып отыруы; ә) жас өспірімдер мен
ересек адамдарға бірдей деңгейде қарым-қатынас жасап, олардың пікірлерімен
санасу; б) оқушыларға сенім білдіру; в) шәкірттердің бойындағы
кемшіліктерді көпшілік талқысына салмай, жеке өзіне оңаша айтуы; г)
шәкірттермен сөйлескенде үнемі сыпайлық пен әдептілік үлгісін көрсету; ғ)
кімге де болса игі тілекпен ықыласы көмек көрсету; д) шәкіртердің жан
дүниесін (психикасын) айтпай-ақ түсініп, үнемі сезмталдық көрсетуі; е)
әрбір істе үнемі әділетті болуы; ж) шәкірттердің табысы мен ықылас-ынтасын
тез аңғарғыштығы; з) әркімге лайықты орынды талап қоюы.
Екінші топтағы сапаларға: а) өз пәнін жетік біліп, бағдарламалардан
тыс материалдарды қамти алатындығы; ә) өзінің мамандығын өзге ғылымдармен
ұштастыра білуі мен білімінің әр тараптығы; б) сабақты түснікті әрі нақты
жүргізуі; в) өз ынтасымен қосымша әдебиет оқыған шәкірттерді тез аңғарып,
оларды көтермелеп отыруы; г) өз пәнәне деген оқушылардың ықылас-ынттасын
арттыра білуі; ғ) сабақты шебер ұйымдастырып, әрбір оқушының дербес жұмыс
істеуін, сабаққа сынып ұжымынның түгел қатыстырып отыруын қамтамасыз ету.
Үшінші топтағы сапалар: а) қоғамдық ұйымдар мен сыныптан тыс
жүргізілетін жұмыстарды қызықты әрі тартымды етіп өткізуі; ә) оқушылардың
белсенділігі мен дербестігін бағалап, балалардың бастамасын үнемі қолдауы;
б) балалардың пікірлерімен санасып, оған мән беруі және олардың талап-
тіліктерін ылғи ескеріп отыратындығы; в) оқуушыларға берген уәдесін
қалайда орындайтындығы; г) балалардың өзара қарым-қатыннасына мән бере зер
салуы, тату болуға бағыттай білетіндігі; ғ) ұлдар мен қыздар арасындағы
достық қатынастарды дұрыс қалыптастырып, қомқорлық жасауы; д) әрбір
нәрсені істей білетін шебір ұстаз шәкірттеріне декөп нәрсе үйрете
латындығы.
Төртінші топтағы сапалар: а) әрбір істі көңілді орындап, сөзді
тапқыр сөйлейтіндігі; ә) мінез-құлқының қарапайымдылығы; б) өзін-өзі
меңгеріп, ұстамдық үлгісін көрсететіндігі.
Осындай топтастырып көрсетілген сапалар шәкірттердің ұстаздары
жайындағы шынайы ой-пікірлерін білдіреді. Мұндай ұнамды сапалармен қатар,
оқушылар өз ұстаздарының іс-әрекеті мен мінез-құлқындағы және шәкірттермен
қарым-қатынасындағы ұнамсыз ерекшеліктері мен жағымсыз сипаттарын атап
көрсетеді. Осы тұрғыдан алғаанда ұстаздың ұнамсыз ерекшеліктерін де
мынадай төрт топқа бөліп жіктеп көрсетуге болады.
Бірінші топтағы ерекшеліктер: а) шәкіртттерге немқұрайды қарап, дара
ерекшеліктерімен санаспай, оларды балаға саанайды; ә) ақыл-есі жетілмеген
деп санап, оқушыларға көбінесе ақыл айтады; б) оқушыларға сенімсіздікпен
қарап, олардан тек өзз айтқандарын ғана бұлжытпай орындауды талап етеді;
в) оқушылардың ағат сөздері мен кемшіліктеріне мысқыл күлкімен ескерту
жасайды; г) шәкірттерге дауыс көтере, зекіп сөйлеп, олардың айтайын деген
сөзі мен жауабын толық тындамай, бөліп тастайды; ғ) оқушылардың
қиыншылықтары мен мұңын жете түсінгісі келмей, атүсті жауап береді; д)
шәкірттердің көпшілік арасында ұялатын құпия сырларын ішінде сақтамайды;
е) кейбір оқушыларды ғана бөлектей көрсетіп, алалап, әілетсіздік
білдіреді; ж) оқушылар бойындағы ұнамды қасиеттерді аңғармай, олардың
қабілеті мен күш жігерін жете бағаламайды; з) оқушлардың мінез-құлқынан
үнемі мін іздеп, оның әрбір жаза басқандығын жазалап отыруды қолдайды.
Екінші топқа жататын кемшіліктер: а) оқу материалын оқулық
шеңберінде ғана түсіндірумен шектеледі; ә) оқушылардың бағдарламадан тыс
қойған сұрақтарына көмескі және шала жауап береді; б) сабақты нақты
түсіндіре алмайды; в) сабақты қызықсыз әрі жалаң өткзеді; г) оқу
материалының түйінді мәселелеріне көңіл аудармай, он түрлендіре отырып
түсіндіруге жете мән бермеуі; ғ) оқушыларға бір талабын шегіне жеткізе
орындатпай жатып екіншісін қойып, сабақтың береекесін алады.
Үшінші топқа жататан кемшіліктер: а) мектептегі және сыныптағы
қоғамдық жұмыстардың жүргізуіне жеткілікті көңіл аудармайды; ә) балалардың
әлі жетерлік қоғамдық жұмыстарды өзі істеп, оқушылрға сенімсіздік
білдіреді; б) оқушылардың тек өзінің ғана айтқанын орындауды талап етеді;
в) сынып ұжымына берген уәдесін дер кезінде орындамайды; г) баларалдың
көкейкесті мәселелеріне мән бермейді,олардың жеке басының істеріне
араласпайды, өйткені мұндай істер оқуушылардың өз жұмыстары деп санайды;
ғ) ұлдар мен қыздар арасындағы жолдастық, достық қарым-қатынастың дұрыс
қалыптасу мерзімі ерте деген ікірде болады; д) қоғаммдық жұмыстардыы
орыындаудың жолын жете түсіндірмейді.
Төртінші топқа жататын кемшіліктер: а) ашуланшақ, күйгелек; ә)
тұйық, оқушылармен қарым-қатынасы салқын; б) жүріс-тұрысының бәрі асығыыс,
үнемі өз жұмыстарымен ғана шұғылданады.
Оқуылардың мұғалімге қойылатын мұндай талаптарын ұстаздар үнемі
ескеретін болуға тиіс.
Шәкірттердің өз ұстаздарына қоятын осындай талаптары мен
тілектерінің мазмұнын тереңірек анықтау мақсатымен арнайы тәжірибелік
зерттеулер жүргізіліп, осындай зерттеу нәтижелері жүйеге келтірелік арнайы
жеке –жеке каррточкаларға жазылады да, олар араластырылып сыналушы
оқушыларға таратылып беріледі. Оқушыларға ұсынылған карточкалар бойынша
олар мынадай үш түрлі тпсырманы орындауы қажет: бірінші әрбір оқушы
карточкадағы сапалар мен ерекшеліктерді, байыптап оқып шығып, ондағы
мұғалімге тән ұнамды сапаларды бір бөлек, ал ұнамсыз қылықтарды екінші
жағына қойып, екіге ажыратып көрсетулері керек.
Екінші тапсырма бойынша оқушылар мұғалімге тән ұнамды саапалар
ішінен ұстаз үшін аса қажеттерріе аңдап алып, бір бөлек көрсетеді. Осы
тәсілмен оқушылар мұғалімге тән ұнамсыз қасиет саларды он түрлі белгісін
бөліп көрсетеді.
Үшінші тапсырмады сыналушылар одан әрі қарай мұғалімнің екі бөлікке
жіктелген ұнамды және ұнамсыз жақтарын өздерінің ұғынуы мен түсініктеріне
сәйкес реттеп қоюға тиіс. Бұл ретте оқушылар аса қажетті деген ұнамды
сапаларды алғашқы орынға қояды да, ал екінші дәрежелі деген сапаларын
соңғы орындарға қояды.
Мұндай зерттеулер үшін жүргізілген тәжерибелер Алматы қаласындағы
бірсыпыра мектептердің V және VIII-IX сыныптарда оқитын төртжүзге жуық
оқушылар қамтылды. Тәжірибе нәтижелері жас өспірімдердің ұстазға тән аса
ұнады сапалар өз ұғымдарының түсіну дәрежесіне сәйкес рет-ретіне қарай
және маңыздылығына орай көрсете білетіндіктері анықталы. Ұнамды
саапалардың алтауы мұғалім мен шәкірттер арасындағы қарым-қатынас
сапаларын көрсететін болса, ал төрт түрлі сапа ұстаздың сынып ұжымымен
жүргізетін қоғамдық жұмыстарына байланысты. Ал біреуі мұғалімнің дара
ерекшелігін көрсетеді. Жас өспірімдерге қарағанда жоғарғы сыныптарда
оқитын оқушылар ұстазға қоятын талаптары әлдеқайда жоғары болатындығы
байқалады.
Ұнамды сапалар ішінен мұғалімнің мамандығын жете меңгеріп, әдісшіл
болуы – екінші орынға қойылады да, бұл сапа жоғарғы сынып оқушылары
тарапынан ерекше бағаланады.
Ұстаз бен шәкірттер арасындағы қарым-қатынасты күнделікті тәлім-
тәрбиенің нақтылы фактілерінен алынып, оларды салыстыра отырып, өзара
топтастырылып көрсетіледі. Осындай аталған ұнамды, ұнамсыз деген сапалар
мен ерекшеліктер шәкірттер тарапынан көрсетілген өз пікірлері. Солай
дегенмен бұл қасиеттердің бәрі оқу-тәрбие ісінде жиі кедесіп отырады.
Мұндай жәйттердің бәрі шәкірттердің жүрегін жарып шыққан пікірлері мен
жанашырлық ниетімен айтылғған олардың жан дүниесін тебіренткен мәселелер
екенін әрбір ұстаз, тәлім-тәрбиеші ақыл-ойға салып, өз қабырғасымен
кеңесіп таразыла көруі қажет.
2.1.3. Мұғалім мен оқушылар арасында туындайтын тартыс. Осы
заманғы психологиялық зерттеулерде әлеуметтік өмірдің әр түрлі өрісінде
болып отыратын талас-тартыстар мен дау – дамайдың өрбуі ерекше назар
аудырып, олардың себеп салдарын анықтап отыруға ерекше мән беріп отыруды
қажет ететін өмір тіршілігінің шындығы. Талас-тартысты мәселелердің
туындап отыруында әлеуметтік-психологиялық заңдылықтардың болатындығы
анық.
Шәкірттер мен мұғалімдер арасындағы, әсіресе мұғалім мен жас
өспірімдер арасындағы, қарым-қатынаста кездесіп қалатын тартыстар осы
кезге дейін жете зерттелмеген мәселе. Міне осы мәселлені зерттеуді негізгі
объект етіп алып қарастыру мынадай себептерге байланысты:
1. Орта жастағы мектеп оқушылары өздеріне ерекше зейін қойып
қарауды қажетсінеді. Олардың өмірідегі өтпелі кезең, жоғарғы
талаптар, сана – сезімі мен ақыл-ойының өсуі мұғалімді жас
өспірімдерге жаңа қырынан келуге мәжбүр етеді.
2. Өтпелі кезең жасындағы балаға дұрыс қалып көрсетпеуден
туындайтын тартыстарды жиі кездестіруге болады. Балалардың жас
ерекшелігін және тәлім-тәрбие жұмысында соған сай әдіс-амалдарды
қолдана білмеуден кейбір мұғалімдер өз жұмысында көптеген
қиындықтарға кездесіп жүр. Олар бірер рет көзге түсіп
қалғандарды тәрбиеленуі қиын балалар қатарына ой салақтамай
қосып, өз жұмыстарын да қиындатады. Енді-енді қалыптаса басаған
жеткіншек мінез-құлқына кері әсерін тигізеді.
Мұғаліммен осындай тартысқа душар болған оқушының жан дүниесіне
үңіліп көрелікші. Болса да мұғалім мені жек көреді деген ой санасына
ұялай бастаған оның оқуға ықыласы сөзсіз төмендейді, мектепте, тіптен, қай
жерде жүрсе де жаңағы ой соңынан қалмай, оны бәрін керсінше жасуға
жетелейді. Бұл оның мұғалім әділетсіздігіне өзінше қарсылық білдіру шарасы
екендгіне ешбір таңдануға болмайды.
Әрине, мұндай күйге ұшыраған оқушының сабақ үлгерімінің қаншалықты
төмендеп кететіндігін дәл айту қиын. Алайда бұл орайда бір шындық бар.
Бұндайда кейбір оқушылар тіптен мектептегі оқуын жалғастырғысы да
келмейді. Оған қаншама жан ашарлық ақыл айтса да ол мұғалімге сенімсіз,
көңілге күдік алып қарайды. Оқушымен осындай тартысқа кездескен кейбір
мұғалімдердің мазасы кетеді. Өздерінің ұстаздық мамандықты таңдағанына
өкініп, оқушылармен дұрыс қарым-қатынас жасай алмағанына құса болады. Ал
кейбіреулер (әрине, жас мұғалімдер) осындай тартыстардың шығу төркініне
үңіліп қарамай, өзіне де өзге ге де сенімсіздкпен қарап, әлі оқушы сияқты
мұңлы күй кешеді.
Мұғалім қызметінің табыстарына қатысты жәйттерді зерттеп, оларды
күнделікті тәжірибеге ендіру болашақ ұстаз кадрларды даярлап шығаруды да
маңызы айрықша екендігінде ешқандай күмән жоқ. Ұстаз бен шәкірт арасында
тартыстың шығу себебі мен оның өрбеу жолын педагогикалық шеберлік пен
тиімді әдістерді қолданып жеңе білу оқушының сана-сезіміне ықпал етіп,
оған дұрыс бағдар беудің тәлім-тәрбиелік маңызы айрықша. Осындай
мақсаттарды мектеп тәжірибесіне ендіру ниетімен Алматы қаласындағы бірер
мектепте екі жыл қатарынан зерттеулер жүргізілді. Онда, ең алдымен,
оқушылар және мұалiмдер (бiр сыныптағы оқушылар мен онда сабақ беретiн
барлық мұғалiмдер қамтылады) арасындағы нақтылы жәттерге байланысты талас-
тартыстың сырын ашу қажет болды. Тармақтала келе олар әрбiр мұғалiмнiң
педагогакалық ерекшелiктерiн, тартысты ситуацияларын, оқушылармен қарым-
катынас қалпын, оқу пәдерiне ьқылас-ынтасын зерттеп, оларды салыстыра
отырып зерттеу жургiзiлдi. Алға қойған мiндеттердi барынша айкындай түсу
үшін жекелеген оқушылармеIн, пән мұғалiмдерiмен әңгiмелер де өткiзiлдi.
Осындай зерттеу нәтижелерi бұл мәселеде мұғалiмдердi екi жаққа
бөлiнетiндiгiн көрсеттi. Кейбiреулерiнің қызметiнде тартыс ситуациялары
мүлдем жоқтың қасы. Ал басқа бір мұғалiмдердiң күнделiктi жұмысында ондай
жәйттер жиi кездеседi. Бұндай жәйттер өтудiң орнына жылма-жыл кайталанып,
тiптен өршi түскен. Мұғалiм мен окушылар карым-қатынасындағы осындай
тартыстардың мазмұны, ауқымдылығы (тартысқа түскен оқушылар санына орай),
шиеленiстiлiгi (эмоциялык шиеленiстi дәрежесiне қарай), тұрақтылығы
(тартыс ұзактығына сәйкес) жағынан ерекшелегiедi.
Мұғалiм мен оқушы арасындағы тартысты туғызатын себептерге оқушылар
тобы, олардың жас және өзiндiк ерекшелiктерi, мұғалiм мен оның оқушылар
ұжымына басшылық ету стилi де, әсер етеді. Тәлiм-тәрбие саласында
жүргiзiлген зерттеу тәтижелерiн жинақтап қарастырғанда мұғалiм мен оқушы
арасындағы тартыстардың туындап, олардың етек ауының бiрнеше түрлерi
болатындығы байқалады:
1. Оқу ісін жүзеге асырып, оны бiрiздiлiкпен жургiзуде кедергi
болатын жәйттер мұғалiмнiң бiлiм деңгейi мен оны шәкiрттерге тиiмдi әдiс-
тәсiлдермен жеткiзе алмай, тәжірибесіздік көрсетедi, оқушыларға серпiмдi
ықпал ете алмайды. Сондай-ақ мұғалiм окушыларға қоятын талабын үнемi
өзгертiп калыпты жағдайдан жиi ауытқып отырады. Соның салдарынан
шәкiрттердiң тәртiбi де нашарлайды. Мұндай кемшiлiктер, ең 6алдымен,
ұстаздың ұйымдастырушылық қабілеті мен сабақ жүргiзудегi методикалық
оқылығынан пайда болып, шәкiрттер сабақта көпшiлiк уақытын босқа жiберетiн
болады. Алайда мұндай жағдайдан туындайтын тартыстар оқу-тәрбие iсiндегi
өзге сипаттағы дау-дамайлардан кемдеу.
2. Жеке бастың өзi ұстанған адамгершiлiк қасиеттерге байланысты
кездесетiн кедергiлер мен тартыстар. Баланың өз басына талап қоюы,
айналасына зер салып, әрбiр нәрсеге мән беруге баланың өсiп жетiле
бастағанын көрсетедi. Мұндай ерекшелiктерге баланьң ересек адамдармен
карым-катынас жасап, өзiнiң есейгендiгiн байқатуы оның адами — этикалық
жағынан да талап-тiлегiнiң өскендiгi деп санау керек. Ересек адамдармен
салыстырғанда мұғалiм мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас едәуiр
күрделi. Өйткенi мұндағы бiрiншi жақ — мұғалiм - толық қальптасқан,
мораль, этикалық жағынан жетiлген, мiнез-құлқы орныққан адам. Екiншi жақ —
оқушылар. Бұлар небары өз ұстазының сезiмi мен ақыл-ойына ынтыққандар
ғана. Мұғалiм мен оқушының ойлану, тсiну сипаттары да түрлi деңгейде.
Ұстазға айдай анық құбылыс шәкiртiне нанымды бола бермейдi. Кейде мұғалiм
мен оққушы бiр құбылытсқа, сөзге немесе кылыққа беретiн бағалары да
түрлiше. Тiптi қарама-қарсы мәнде де болуы мумкiн. Ұстаз бен шәкiрттер
арасыдағы қарым-қатынаста тартстың туындауына ұстаздық методикалық
тұрғыдан қате жiберiп жаңылысуы, не оқу материалын тиянақты түсiндiре
алмауы да себеп болады.
З. Окушылардың жас ерекшелiктерiн елемей, олардың құрдастарымен
қарым-қатынастарының қыры мен сырына жете мән берiп, оларды жете бағаламау
салдарынан болатын тартыстар. Ал оқушылар тобы тарапынан мұғалiмге
қойылатын талаптар олардың рухани тiлектерiн қанағаттандырмауға
байланысты. Әдетте мұндай жағдайда мұғалiм оқушылар ұжымынан өз бойын
аулақ ұстап көпшілiк-қоғам жұмыстарына сирек қатысады. Оқушылар ұжымыныы
сан алуан жұмыстарына, ұымдық пiкiрлерге жете мән беремейдi. Мұндай
жағдайда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz