Психологиялық кеңес берудің техникасы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   

«КӨКШЕ» академиясы

«Психология » кафедрасы

Қорғауға жіберілген күні: « » 2010ж.

Кафедра меңгерушісі : А. Х. Кукубаева

Досмағанбет Шахиза Балтабайқызы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

ПРАКТИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯДАҒЫ КЕҢЕС БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Ғылыми жетекші:

Аға оқытушы Г. Ж. Қырқаева

Көкшетау 2010

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І Психологиялық кеңес беру- психологиялық мәдениеттің ерекше формасы . . . 9

1. 1. Психологиялық кеңес процесінде - шешілетін маңызды мәселелер . . . 12

1. 2. Психологиялық қызметің негізгі формасы - психологиялық кеңес берудің түрлері . . . 14

1. 3. Психологиялық кеңес беру барысында орындалатын талаптардың маңызы және кеңес берудің этикалық принциптері . . . 16

1. 4. Қазіргі кеңес берудің негізгі бағыттары . . . 21

ІІ Консультаивті теория және тәжірибе . . . 29

2. 1. Психологиялық кеңес берудің негізгі кезеңдері . . . 33

2. 2. Психолог - кеңесшінің жеке жұмысын ұйымдастыру барысы . . . 35

2. 3. Психологиялық кеңес берудің техникасы . . . 40

2. 4. Кеңес беру процесіндегі техникалық қателер және оны болдырмау

жолдары . . . 48

Тәжірибелік жұмыстар . . . 52

Қортынды . . . 74

Қолданылған әдебиеттер . . . 79

Қосымша

Кіріспе

Психологиялық кеңес беру психологиялық практикадағы ерекше тақырып. Ол маман психологтың адамдарға психологиялық көмек беруімен байланысты, яғни олар қажет жағдайда ақыл кеңес немесе ұсыныс береді. Бұндай кеңестер психологтар тарапынан алдын ала зерттеген тақырып бойынша әңгіме өткізу немесе туындаған проблемаларды бұрынғы тәжірбиелер арқылы шешу арқылы жүзеге асады. Мұндай әңгімелесулер әдетте арнайы белгіленген орында келісілген уақытта өткізіледі. Әңгіме уақытында кедергі болатын жағдайларға жол берілмеуі керек.

Психологтың кеңес беру сеансы клиентпен жеке әңгімесі ретінде 10 минуттан 2 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Осы әңгімелесу кезінде клиент психологқа өзі туралы, басында туындап отырған проблемалар жайында әңгіме қозғайды. Ал психолог болса әңгімені мұқият тыңдап, түйінді проблемаларды шешудің жолын қарастырады. Кеңес кезінде клиенттің жеке тұлға ретінде қасиеттері бағаланады. Бағаланып қана қоймай, клиентке ғылыми анықтама беріледі. Сөйте келе психолог оның басындағы ірлі ұсақты проблемаларды шешуді жан жақты қарастырып, оның ішіндегі ең маңыздысын таңдайды.

Әдетте клиенттің проблемасын психолог кеңесші өзі жүріп шешіп бермейді. Біз сөз етіп отырған кеңес психолог кеңесшінің ұсыныстары мен ақыл кеңесі негізінде клиенттің проблемасын шешуге көмектесуді көздейді.

Психологиялық кеңес бұл психологтың адам табиғатын көп жылдар бойы зерттеу нәтижесінде жасаған қорытындысы. яғни, әр бір дені сау адам өз басындағы туындаған проблеманы шешуге шамасы жетеді, тек оған дер кезінде дұрыс бағыт бағдар көрсету керек. Міне психолог кеңесшінің ең басты мақсаты осы.

Кеңес кезінде психолог арнайы әдіс тәсілдер қолданады. Бұл тәсілдер барынша қысқа мерзімде (кеңес өткізе отырып) клиенттің проблемасын шешуді көздеуі керек. Сондай-ақ, психологтың шешімі клиентке әрі түсінікті әрі ыңғайлы болғаны дұрыс.

Психологтың кеңес әңгімесі клиентпен бір екі рет өткізумен шектеліп қалмайды. Көп жағдайда ұзақ мерзімді кеңес беру әдісі қолданылып, үш немесе оданда көп кездесу ұйымдастырады. Мұндай кездесу ұйымдастырудың қажеттілігі төмендігі жағдайларға байланысты.

Клиенттің басына түсіп отырған проблемасы қиын болған жағдайда, оны бір екі кездесуде түбегейлі шешу мүмкін емес.

Берілген кеңес клиенттің проблемасын түбегейлі шеше алмай, кеңесшінің қосымша көмегі қажет болады.

Психолог кеңесші өз клиентінің мінезіне жеке тұлғасына қарап оның берілген кеңестерімен проблемасын өз бетінше шешетініне күмән қарайтын жағдайлар болады. Мұндай жағдайлар өз өзіне сенбейтін, өз сезіміне берік емес адамдарда жиі кездеседі.

Көп жағдайда психологқа орта деңгейдегі физикалық психологиялық тәуекелге баратын адамдар көмек сұрай келеді. Өмірдің әр түрлі кезеңінде өте сезімтал адамдар психикалық, физикалық ауруларға шалдығады. Ал кейбір адамдар бұндай жағдайда өзін өзі жақсы сезінбейді немесе шаршайды, яғни олар психологиялық ауруға шалдықпайды.

Психологиялық кеңеске жүгінетіндер өмір сүруге тым бейім емес және жұмыстан қолы бос адамдар, өйткені психологқа бару үшін де көп уақыт кетеді. Психологқа көп баратындардың бірі көбіне көп жолы болмайтын адамдар. Дәл осы жол болғыштық олардың мамандардан кеңес сұрауына итермелейді. Сондай-ақ клиенттердің ішінде сезімі жағынан осал жандар да кездеседі. Бұл адамдар қандай жағдайда психологқа көп барады. Олар бастарында проблема туындағанда бірден келмейді, өмірлерінің қиын сәттерінде психологқа баруға мәжбүр болады. Адамдар өз проблемасын қалай және қайтіп шешуді білмей басы қатқанда жоғарыдағы жолды таңдайды. Тіпті олардың ойынша жан дүниелнріне жарықшақ түскендей, айналасындағы адамадармен аралары алшақтап кеткендей күй кешеді.

Адамдар психолог кеңесшіден не күтеді олар не үшін көмек сұрайды?

Бұл сұрақтарға төмендегідей жауап беруге болады:

  • кейбір клиенттер өз проблемаларын қалай шешу керек екенін жақсы біледі, тек олар психолог кеңесшілерден көңіл күйлеріне демеу күтеді.
  • енді біреулері проблемаларын қалай шешу керек екенін білмей, психологтың көмегіне жүгінеді.
  • үшінші бір топтағы адамдар өзіне не керек екенін, қандай жолмен жүретінін білмейді немесе өздеріне тым сенімділер тобынан құрылады. Оларға тек дұрыс бағытты көрсетіп жіберсе болды .
  • төртінші, рухани жалғыз адамдар, оларға әлдебіреумен әңгімелессе болды. Олардың көкейін тескен проблема жоқ, бірақ уақыт өткен сайын олар жақсы әңгімешілерге зәру болады .
  • психолог кеңесшілердің алдына не істерлерін білмей жүрген, мамандарды сынау үшін келетін клиенттер де болады.
  • біреулер шын көңілімен психологтың қандай болатынын көргісі келеді
  • енді біреулері психологтың қызықты жұмысын тамашалап, оларды ыңғайсыз жағдайға қалдырғысы келетін де жағдайлар болады .

Кәсіби психологтар алдына келген клиентті таңдамайды. Мейлі ол қандай мақсатпен келседе әңгімесін мұқият тыңдап, дұрыс көз қараспен, адамгершілік қасиетпен қарсы алуы керек. Бұл тек психологтың беделін жоғалтпау үшін ғана керек емес, ол сондай-ақ кәсіби психолог маман ретінде алдына келген адамның барлығына көмек қолын созуға міндетті. Тіпті, алдына келген клиент анайлыққа барса да психолог өз жұмысын дұрыс атқаруы керек. Психологиялық кеңес беру басқада психологиялық практикалық көмек көрсетуден мынадай белгілермен ерекшеленеді. Мысалы жекелеген және топтық психотерапиядан ерекшелігі, психологиялық кеңес беру қысқа мерзім ішінде психолог пен клиенттің қарым қатынасы негізінде өрбиді. Әртүрлі жекелеген және топтық психологиялық терапия клиентпен ұзақ мерзімде апталап, айлап, тіпті жылдап кең көлемде зерттеу нәтежиесінде жүзеге асады.

Психотерапияда басты рөлді клиенттің проблемадан арылуында психолог атқарады. Ал клинет болса, жәй ғана психологтың іс әрекетіне көзқарасын білдіреді. Ал психологиялық кеңес беруде іс әрекет басқаша жүзеге асады, бұл жерде психолог кеңесші клиентке ақыл кеңес ғана береді. Ал оны жүзеге асыру клиентке байланысты.

Психотерапияның енді бір түрі клиентпен тығыз қарым қатынас орнату. Клиент өз проблмасын өзі шешкен күнде де психолог оған кеңес беру арқылы қарым қатынасын үзбейді .

Осы және басқада проблемаларды шешуде психологиялық кеңес мынандай маңызды мәселелерді шешеді:

1. Клиенттің бетпе бет келіп отырған ең басты проблемасын анықтау .

2. Клиентті проблемасының қаншалықты түйінді екенін жөнінде ақпараттандыру .

3. Клиент психологтың кеңесі арқылы өз проблемасын түбегейлі шеше ала ма, жоқ па деген сұраққа жауап іздеу .

4. Клиенттің проблемасын шешуде әрі анық, әрі түсінікті түрде бағыт көрсету .

5. Клиенттің өз проблемасын психолог көрсеткен жолмен шешуге кіріскен жағдайда да, кеңесші қосымша кеңестермен демеп отыру .

6. Клиенттің жаңадан туындап келе жатқан проблемасын дер кезінде байқауға үйрету .

7. Клиентте өмірлік қарапайым психологиялық білім беру .

Енді осы мәселелерге жеке жеке тоқталайық:

Клиенттің басындағы проблеманы анықтау үшін психолог клиенттің әңгімесін мұқият тыңдап, оның әрбір қимыл қозғалысын қалт жібермей қарап отыту арқылы мұндай проблемаға соқтығысуының мәнін анықтайды. Кей кезде психологтың шешімі клиенттің ойындағысымен дәл түсіп отырады. Проблемалық ақпарат беру жоғарыдағы шешіммен тығыз байланысты. Психолог клиентіне неліктен осы проблемаға киліккені жөнінде ақпарат беріп, оны шешудің жолдарын ұсынады .

Келесі бір маңызды қадам психологтың клиенттің жеке тұлға ретіндегі қасиеттерін анықтау. Мұндай анықтаусыз психолог ешқандай шешім қабылдай алмайды. Біріншіден, клиентке проблемасының қаншалықты күрделі екеніне көз жеткізу керек, екіншіден, клиент өз проблемасын шешуде бел шешіп кіріскені жөн .

Клиент әр уақытта психологтың кеңесінің дәлдігіне мойын ұсынып, проблемасын шешуге кірісіп кетпейді. Клиенттің ойында сенімсіздік басымырақ болады. Осындай жағдайда психолог клиенттің әңгімесін тыңдап кеңес бердім болды, осымен іс бітті десе, қателеседі. Психолог өзінің беріп отырған кеңесін клиент дұрыс қабылдап, дұрыс жүзеге асыруды қадағалау керек . Көп жағдайда псхологиялық кеңес клиенттің проблемасын сол кезде шешіп бергенімен, болашақта дәл осындай проблема қайталанбайтындығына кепілдік жоқ. Сондықтан психолог әрдайым клиентін қайтадан алдындығыдай проблемаға ұрынбауын, болған жағдайды, барынша аз болуын қадағалайды. Мұндай жағдайда психолог кеңесші мақсаты сол болмаса да, клиентке қарапайым психологиялық білім береді .

Осы жағдайларға байланысты оны одан әрі тереңірек түсініп, зерттеу мақсатында дипломдық жұмысымның тақырыбын «Практикалық психологиядағы кеңес беру мәселелері» - деп алдым.

Мақсаты : психологиялық кеңес беру практикасына кәсіби даярлықты шыңдап, жетілдіру болып табылады.

Міндеттері :

1. Кеңес берудің өзіндік тәжірибесін жан- жақты талдап және барлық танымал психотерапевтік әдістердің психологиялық механизмдерін түсіну.

2. Негізгі психотехникалық ойлауды қалыптастыру.

3. Психологиялық кеңес беру саласындағы негізгі бағыттармен танысу.

Кәсіби психолог - кеңесшінің дағдыларына оқыту:

  • психологиялық кеңес берудің ерекшелігін білу және өз беттерінше оның міндеттерін нақты жағдайларға сай қалыптастыру;
  • психологиялық мәселенің кең спекторында бейімделу және клиентке психологиялық көмекке қарай сауал қалыптастыруына көмектесу;
  • клиентпен психологиялық контакт орналастыру және консультация процесінде оны қолдау; кеңес беру процесіндегі негізгі қателіктерді талдау.

Зерттеу нысаны : Түрлі өмірлік жағдаяттарға байланысты психологиялық кеңес беру әрекеті

Зерттеу пәні: Психологиялық кеңес берудің техникасын жете меңгеріп, кеңес берудің түрлерін анықтау және кеңес беру жұмыстарын жүргізу.

Ғылыми болжам: егер адамға кәсіби психологиялық көмек берудің формасы ретінде психолог - маман даярлау барысында, дәл психологиялық кеңес беру және психологиялық кеңес берудің техникаларымен бағыттарын жете меңгеріп, психодиагностикамен байланыстыра отырып жұмыстар жүргізсе, онда елімізде психологиялық кеңес беру тәжірибесін қарқынды дамытуға болады.

Зерттеу әдістері: Байқау, бақылау, диагностикалық зерттеу, коррекциялық сабақтар мен жаттығулар, тест, сауалнамалар.

Диплом жұмысының құрылымы : Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады. Кіріспеде мәселенің мақсаты, міндеттері, ғылыми болжамы көрсетілген. Бірінші бөлімде психологиялық кңес беру әрекеттерін ұйымдастыру, кеңес берудің маңызы, қарастырылған. Екінші бөлімде психологиялық кеңес беру кезеңдерін ұйымдастыру, психологиялық кеңес берудегі техникалық қателерді болдырмау көрсетілген. Қорытындыда, ғылыми болжамның дәлелдену, әдебиеттер тізімі беріліп, қосымшада тәжірибелік бөлімде қамтылған түрлі сызбалар мен кестелер берілген.

І Психологиялық кеңес беру- психологиялық мәдениеттің ерекше формасы

Психологиялық кеңес беру психологиялық практикадағы ерекше тақырып. Ол маман психологтың адамдарға психологиялық көмек беруімен байланысты, яғни олар қажет жағдайда ақыл кеңес немесе ұсыныс береді. Бұндай кеңестер психологтар тарапынан алдын ала зерттеген тақырып бойынша әңгіме өткізу немесе туындаған проблемаларды бұрынғы тәжірбиелер арқылы шешу арқылы жүзеге асады. Мұндай әңгімелесулер әдетте арнайы белгіленген орында келісілген уақытта өткізіледі. Әңгіме уақытында кедергі болатын жағдайларға жол берілмеуі керек.

Психологтың кеңес беру сеансы клиентпен жеке әңгімесі ретінде 10 минуттан 2 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Осы әңгімелесу кезінде клиент психологқа өзі туралы, басында туындап отырған проблемалар жайында әңгіме қозғайды. Ал психолог болса әңгімені мұқият тыңдап, түйінді проблемаларды шешудің жолын қарастырады. Кеңес кезінде клиенттің жеке тұлға ретінде қасиеттері бағаланады. Бағаланып қана қоймай, клиентке ғылыми анықтама беріледі. Сөйте келе психолог оның басындағы ірлі ұсақты проблемаларды шешуді жан жақты қарастырып, оның ішіндегі ең маңыздысын таңдайды.

Әдетте клиенттің проблемасын психолог кеңесші өзі жүріп шешіп бермейді. Біз сөз етіп отырған кеңес психолог кеңесшінің ұсыныстары мен ақыл кеңесі негізінде клиенттің проблемасын шешуге көмектесуді көздейді.

Психологиялық кеңес бұл психологтың адам табиғатын көп жылдар бойы зерттеу нәтижесінде жасаған қорытындысы. яғни, әр бір дені сау адам өз басындағы туындаған проблеманы шешуге шамасы жетеді, тек оған дер кезінде дұрыс бағыт бағдар көрсету керек. Міне психолог кеңесшінің ең басты мақсаты осы.

Кеңес барысында психолог арнайы әдіс тәсілдер қолданады. Бұл тәсілдер барынша қысқа мерзімде (кеңес өткізе отырып) клиенттің проблемасын шешуді көздеуі керек. Сондай-ақ, психологтың шешімі клиентке әрі түсінікті әрі ыңғайлы болғаны дұрыс.

Психологтың кеңес әңгімесі клиентпен бір екі рет өткізумен шектеліп қалмайды. Көп жағдайда ұзақ мерзімді кеңес беру әдісі қолданылып, үш немесе оданда көп кездесу ұйымдастырады. Мұндай кездесу ұйымдастырудың қажеттілігі төмендігі жағдайларға байланысты.

Клиенттің басына түсіп отырған проблемасы қиын болған жағдайда, оны бір екі кездесуде түбегейлі шешу мүмкін емес.

Берілген кеңес клиенттің проблемасын түбегейлі шеше алмай, кеңесшінің қосымша көмегі қажет болады.

Психолог кеңесші өз клиентінің мінезіне жеке тұлғасына қарап оның берілген кеңестерімен проблемасын өз бетінше шешетініне күмән қарайтын жағдайлар болады. Мұндай жағдайлар өз өзіне сенбейтін, өз сезіміне берік емес адамдарда жиі кездеседі.

Көп жағдайда психологқа орта деңгейдегі физикалық психологиялық тәуекелге баратын адамдар көмек сұрай келеді. Өмірдің әр түрлі кезеңінде өте сезімтал адамдар психикалық, физикалық ауруларға шалдығады. Ал кейбір адамдар бұндай жағдайда өзін өзі жақсы сезінбейді немесе шаршайды, яғни олар психологиялық ауруға шалдықпайды.

Психологиялық кеңеске жүгінетіндер өмір сүруге тым бейім емес және жұмыстан қолы бос адамдар. өйткені психологқа бару үшін де көп уақыт кетеді. Психологқа көп баратындардың бірі көбіне көп жолы болмайтын адамдар. Дәл осы жол болғыштық олардың мамандардан кеңес сұрауына итермелейді. Сондай-ақ клиенттердің ішінде сезімі жағынан осал жандар да кездеседі.

Бұл адамдар қандай жағдайда психологқа көп барады. Олар бастарында проблема туындағанда бірден келмейді, өмірлерінің қиын сәттерінде психологқа баруға мәжбүр болады. Адамдар өз проблемасын қалай және қайтіп шешуді білмей басы қатқанда жоғарыдағы жолды таңдайды. Тіпті олардың ойынша жан дүниелнріне жарықшақ түскендей, айналасындағы адамадармен аралары алшақтап кеткендей күй кешеді.

Адамдар психолог кеңесшіден не күтеді олар не үшін көмек сұрайды Бұл сұрақтарға төмендегідей жауап беруге болады. Кейбір клиенттер өз проблемаларын қалай шешу керек екенін жақсы біледі, тек олар психолог кеңесшілерден көңіл күйлеріне демеу күтеді. Енді біреулері проблемаларын қалай шешу керек екенін білмей, психологтың көмегіне жүгінеді. Үшінші бір топтағы адамдар өзіне не керек екенін, қандай жолмен жүретінін білмейді немесе өздеріне тым сенімділер тобынан құрылады. Оларға тек дұрыс бағытты көрсетіп жіберсе болды . Төртінші, рухани жалғыз адамдар, оларға әлдебіреумен әңгімелессе болды . Олардың көкейін тескен проблема жоқ, бірақ уақыт өткен сайын олар жақсы әңгімешілерге зәру болады . Психолог кеңесшілердің алдына не істерлерін білмей жүрген, мамандарды сынау үшін келетін клиенттер де болады . Біреулер шын көңілімен психологтың қандай болатынын көргісі келеді . Енді біреулері психологтың қызықты жұмысын тамашалап, оларды ыңғайсыз жағдайға қалдырғысы келетін де жағдайлар болады .

Кәсіби психологтар алдына келген клиентті таңдамайды. Мейлі ол қандай мақсатпен келседе әңгімесін мұқият тыңдап, дұрыс көзқараспен, адамгершілік қасиетпен қарсы алуы керек. Бұл тек психологтың беделін жоғалтпау үшін ғана керек емес, ол сондай-ақ кәсіби психолог маман ретінде алдына келген адамның барлығына көмек қолын созуға міндетті. Тіпті, алдына келген клиент анайлыққа барса да психолог өз жұмысын дұрыс атқаруы керек. Психологиялық кеңес беру басқада психологиялық практикалық көмек көрсетуден мынадай белгілермен ерекшеленеді. Мысалы жекелеген және топтық психотерапиядан ерекшелігі, психологиялық кеңес беру қысқа мерзім ішінде психолог пен клиенттің қарым қатынасы негізінде өрбиді. Әртүрлі жекелеген және топтық психологиялық терапия клиентпен ұзақ мерзімде апталап, айлап, тіпті жылдап кең көлемде зерттеу нәтежиесінде жүзеге асады.

Психотерапияда басты рөлді клиенттің проблемадан арылуында психолог атқарады. Ал клинет болса, жәй ғана психологтың іс әрекетіне көзқарасын білдіреді. Ал психологиялық кеңес беруде іс әрекет басқаша жүзеге асады, бұл жерде психолог кеңесші клиентке ақыл кеңес ғана береді. Ал оны жүзеге асыру клиентке байланысты. Психотерапияның енді бір түрі клиентпен тығыз қарым қатынас орнату. Клиент өз проблмасын өзі шешкен күнде де психолог оған кеңес беру арқылы қарым қатынасын үзбейді .

1. 1. Психологиялық кеңес процесінде - шешілетін маңызды .

Түптеп келгенде психолог кеңесші өз клиентінің ақыл кеңесін қалай қабылда, оны қалай жүзеге асырғанын есепке алмайды. Яғни, психолог кеңес береді, ал клиент оны қалай жүзеге асырсада өз еркі . Кеңесші өз ақылының немесе түйінінің дұрыстығына ғана жауап береді. Ал психологиялық терапияда психолог клиенттің іс әрекетіне жауап беруі тиіс. Өйткені бұл жерде басты басымдылық психологтың өзіне тиісті .

Кеңес берудің мынандай мақсаттары мен түрлері бар:

1. Клиенттің басында туындаған проблеманы шешуге тез арада көмек көрсету . Кейбір адамдарда мынандай жағдай туындайды . Клиенттің өзі оған көп уақыт жібергісі келмейтін, бірақ ол проблманы тез арада шешу керек болады. Мұндай жағдайлар кейінге қалдыруға болмайтын жағдайлар. Проблемаларды тез арада шешу үшін психолог кеңесшінің көмегіне жүгіну- таптырмайтын жол. Мысалы ата -ана мен бала арасында түсініспеушілік туындап, ол баланың ақыл ойы мен психикасына нұқсан келтіретіндей проблема болса, жұмысшы мен басшының арасында келіспеушілік болса, жұбайлар арасындағы жарастыққа нұқсан келіп жатса, психолог кеңесшінің ақыл кеңесі мұндай проблемалардан жол тауып шығу бірден бір жол.

2. Клиентке көмек керек болып, бірақ ол ондай проблемаларды өзі ешкімнің араласуынсыз шеше алатын жағдайда тұрса. Мұндай жағдайға әсіресе белгілі бір тәртіпке бағынып қалған адамдар түседі .

3. Клиентке уақытша көмек көрсету. Дегенмен клиент үнемі психологтың көмегіне зәру бола тұра, психолог кеңесші оған әр уақытта қысқа мерзім ішінде кеңес беріп отырады. Себебі, ауытқымалы адамдар өзіне керексіз теріс ақпараттарды жинағыш келеді.

4. Клиент өз проблемасын шешудің жолын өзі тауып тұрса. Бірақ әлі де болса өз шешіміне сенімсіз, әлде бір кедергілер бар . Психолог кеңесші осы кедергілерді жеңуге көмектеседі .

5. Клиентке ақыл кеңес беруден басқа ешқандай жол қалмаған жағдайда көмек керек .

6. Психологиялық кеңес басқа бір шешуші факторлардың орнына қолданбай, дәл осы уақытта психологиялық кеңестің маңыздылығын түсінген жағдайда.

7. Кей кезде клиенттің проблемасын шешуге психологтың кеңесі дәрменсіз болып қалады. Мұндай жағдайда психолог кеңесші ең құрығанда өз клиентін сенімнен айырмауға күш салу керек .

Осы және басқада проблемаларды шешуде психологиялық кеңес мынандай маңызды мәселелерді шешеді

1. Клиенттің бетпе бет келіп отырған ең басты проблемасын анықтау .

2. Клиентті проблемасының қаншалықты түйінді екенін жөнінде ақпараттандыру .

3. Клиент психологтың кеңесі арқылы өз проблемасын түбегейлі шеше ала ма жоқ па деген сұраққа жауап іздеу.

4. Клиенттің проблемасын шешуде әрі анық, әрі түсінікті түрде бағыт көрсету

5. Клиенттің өз проблемасын психолог көрсеткен жолмен шешуге кіріскен жағдайда да, кеңесші қосымша кеңестермен демеп отыру .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеңес беру психологиясы
Психологиялық консультация жайында
Психолог – кеңесшінің жеке жұмысын ұйымдастыру барысы
Психологиялық кеңес беру
Психологиялық кеңес берудің типі, түрі және деңгейлері
Әлеуметтік қызметкер және отбасы
Консультанттың клиентпен жұмыс істеуі және қолданылатын техникалары
Психологиялық кеңес берудің негізгі кезеңдері
Қалыптастырушы бағалау техникасы
ПРАКТИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ пәні бойынша СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz