Қарыз алушының несие


Мазмұны
Кіріспе . . . 2
1 Несие тәуекелділігінің теориялық - әдістемелік аспектілері
1. 1. Несие, оның формалары және түрлері . . . 5
1. 2. Несие тәуекелділігі банк тәуекелділіктерінің бірі ретінде . . . 9
1. 3. Банк қызметінде несие тәуекелділігін бағалау мен басқару
тәсілдері . . . 11
2 АҚ «Нұрбанк» мысалында қарыз алушының несиеқабілеттілігін талдау және оны бағалау әдістері
2. 1. «Нұрбанк» АҚ-нің несие саясатын және қаржылық қызметін талдау . . . 18
2. 2. «Нұрбанк» АҚ-нің қиыншылықты несиелерін талдау . . . 33
- АҚ «Нұрбанк» мысалында қарыз алушының несиеқабілеттілігін талдауда банктік технологиялар . . . 39
3 Қарыз алушының несиеқабілеттілігін бағалау әдістерін жетілдіру жолдары
3. 1. Қазақстан банкілерінің несие қызметін ақпаратпен қамтамасыз ету жолдарын және банктерде несиелік тәуекелділік - менеджментін жетілдіру жолдары . . . 44
3. 2. Жеке тұлғалардың несиеқабілеттілігін бағалау үшін банктік скорингтік моделді құру әдістемесі . . . 48
Қорытынды . . . . 57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 60
Кіріспе
Нарықтық экономика жағдайда банк жүйесі негізгі орынды алады. Біздің республикамызда экономикалық процесстердің дамуы мен жетілуі - банк жүйесін реформалаудан басталды. Қазақстанның бүгінгі банк жүйесі шетел мамандарының бағалауы бойынша бұрыңғы кеңестік елдердің ішінде бақылау және реттеу ұйымдардың халықаралық стандарттарына толығымен сәйкес келуде жетекші орын алады. Бірақ та банктермен және басқа қаржылық мекемелермен өткізілетін түрлі операциялар тәуекелділікпен тығыз байланысты. Сондықтан банктер әр түрлі операцияларды жүзеге асыру барысында өз мойнына алатын қатерді дұрыс бағалай білудің маңызы зор.
Банктік тәуекелділіктер экономикалық тәуекелділіктер категориясына жатқанымен, оның өзіндік ерекшеліктері бар. Әрбір күтілмеген өзгерістер, яғни банк табысының кемуіне әкелетін өзгерістер, тәуекелділік көзі болып саналады. Банк операцияларын басқару-бұл банк табысын қамтамасыз ететін банктік портфелмен байланысты тәуекелділіктерді басқару.
Тәуекелділікті басқару функциясы банк қызметінің барлық бағыттарын қамтиды. Қаржылық тәуекелділіктердің басым бөлігі актив операциялармен, ең біріншіден несиелік және инвестициялық қызметпен байланысты. Сол себепті тәуекелділікті басқару банктің басқару стратегиясының ең негізгі тапсырмасы болып табылады. Бұл банктің кез келген бөлімінің қызметіне тиісті болады.
Халықаралық тәжірибеде тәуекелділікті басқару - өзіне негізгі төрт элементтерді кіріктіретін процесс болып табылады. Бұл: тәуекелділікті бағалау, тәуекелділіктің өзгеруі, тәуекелділікті бақылау және тәуекелділік мониторингі.
Бұл жұмыстың өзектілігі - тәуекелділікті бақылау. Жоғарыда айтылғандай әлемдік тәжірибеде тәуекелділікті бақылау - актуалды тақырыпқа айналды. Бүгінгі күні тәуекелділікті басқару бойынша интенсивті зерттеулер, жаңа әдіс - тәсілдерді қолдану шаралары өткізіледі.
Қазіргі кезде банктік жүйеде ең көп тараған тәуекелділік несие тәуекелділігі болып саналады.
Несиелендіру процессі көптеген және әркелкі тәуекелділіктер факторлармен байланысты, нәтижесінде келісілген мерзімде ссуданы қайтара алмауға әкеп соқтырады. [1, 9 б. ]
Несие тәуекелділігі экзогендік және эндогендік факторларға тәуелді. Экзогендік факторларға - экономикалық ортамен байланысты процесстер жатады, ал эндогендік факторларға банктің қате іс - әрекетінен туындайтын қиыншылықтар жатады.
Несие тәуекелділігін басқарудағы негізгі тетіктер банктің ішкі саясытында орналасқан. Несие тәуекелділігін басқару қабілеттілігі банк жетекшілерінің ұстанған саясатына, қызметкелердің мамандану денгейіне байланысты.
Несие тәуекелділігін төмендетудің бірнеше тәсілі бар, ең негізгісі болып қарыз алушының несиені өтей алатын мүмкіндігін талдау. Көптеген банктер осы тәсілді қолданады, өйткені ол несиенің қайтарылмай қалуынан орын алатын барлық ықтимал қатерді болдырмауға мүмкіндік береді. Қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалау оның қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштерді есептеуді, әрі талдауды білдіреді.
Банк тәжірибесінде қарыз алушыны баллдық бағалау жүйесі кеңейіп барады. Қарыз алушыны бағалау критерийлері әр банк үшін жеке және ұстанған саясатына байланысты болады. Банктердің болуының негізгі мәні - бұл кредитордан қарыз алушыға және сатушыдан сатып алушыға ақша құралдарының жылжу процессіндегі делдалдық.
Кредиторлар өте жиі қиындықтармен кездеседі, себебі қарыз алушының әрекетін үздіксіз бақылауға мүмкін емес, ал олардан ақпарат шамалы болады.
Қарыз алушыларға байланысты қиыншылықтарды шешу және оның алдын-алу үшін екінші деңгейлі банктерге нақты және сенімді ақпарат көздері қажет. Қазіргі кезде Ұлттық банкпен банк жүйесін жетілдіру саясаты жүргізіледі, соның ішінде несие тәуекелділігін басқару да бар. ҚР -ның қазіргі банктік жүйеде басқа елдерде сияқты қарыз алушылар туралы банкаралық ақпаратпен алмасу қиыншылығы бар. Коммерциялық құпияға сүйеніп қазақстандық банктер өзінің қарызданушылары жөнінде ақпарат бермейді, бірақ өздері де мұндай ақпараттың жоқтығынан құрбан болады.
Қарыз алушының қаржылық есептемелері басты ақпарат көзі болып табылады. Нарықта банктік қызметтерге деген бәсекелестіктің өсуі жаңа тиімді жолдарды іздеуге мәжбүрлейді. Бөлшек несиелендіру процесінде бағалаудың дәстүрлі әдістері өзінің тиімділігін жоғалтты, жаңа банктік қызметтерді ұсынудың өсуі бөлек немесе толық автоматизациялау процесін қажет етеді. Несиеқабілеттілікті талдау барысында банк келесі сұрақтарды шешуі тиіс: қарыз алушы өз міндеттерін уақытында орындай алуға қабілетті ме? Бұл сұраққа қарыз алушының қаржылық шаруашылық қызметін талдау жүргізген кезде ғана жауап беруге болады. Екінші сұрақ, заңды түрде міңезделеді, сонымен қатар кәсіпорын жетекшілерінің жеке қасиеттеріне байланысты болады. Несиені уақытында қайтару қабілеттілігі кәсіпорын өтімділігінің, рентабельділік деңгейінің, даму перспективаларының балансын талдау барысында бағаланады. [2, 32 б. ]
Осы дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - клиенттің несие қабілеттілігін талдау арқылы несие тәуекелділігін төмендету, яғни бүгінгі күнде несие тәуекелділігін басқарудағы негізгі әдіс - тәсілдер, банктердің несиеқабілеттілікті бағалау әдістері және несие тәуекелділігін минимизациялау жолдарын анықтау.
Негізгі қарастырылатын мәселелер - несие тәуекелділігінің теориялық - әдістемелік аспектілері, «Нұрбанк» АҚ - ның мысалында қарыз алушының несиеқабілеттілігін талдау және оны бағалау әдістері және қарыз алушының несиеқабілеттілігін бағалау әдістерін жетілдіру жолдары.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңашылығы - клиенттің несиеқабілеттілігін бағалауда жаңа әдіс - тәсілдерді ендіру, коммерциялық банктерде несие тәуекелділігін минимизациялау мақсатында әр түрлі моделдік жүйелерді қолдану және тәуекелділік менеджментін жетілдіру.
Жалпы айтқанда осы дипломдық жұмыста несие тәуекелділігінің теориялық әдістемелік аспектілері туралы айтылған, бұл мәліметтер жалпы несие, несие түрлері, банк тәуекелділіктері, соның ішінде несие тәуекелділігі және оны басқару мен минимизациялау тәсілдері туралы білуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар осы жұмыста «Нұрбанк» АҚ-ы мысал ретінде келтірілген. Біріншіден банктің даму тарихы және несие саясаты, екіншіден банктің қазіргі қаржылық жағдайы, үшіншіден қарыз алушының несиеқабілетілігін талдауда банктік технологиялары, қарыз алушының несиеқабілеттілігін бағалау әдістерін жетілдіру жолдары мен қиыншылықтары, жалпы айтқанда Қазақстан банкілерінің несие қызметін ақпаратпен қамтамасыз ету жолдарын жетілдіру шаралары, бүгінгі күнде жеке тұлғалардың несиеқабілеттілігін бағалау үшін банктік скорингтік моделді құру әдістемесі туралы айтылған.
Әрине бұл дипломдық жұмыс банк қызметінің барлық сферасын қамтымайды, бірақ та бүгінгі күні оның дамуына басты кедергі болатын факторлар туралы айтылған, яғни несиелеу процессінде туындайтын басты қиыншылық - несие тәукелділігі. Несие тәуекелділігін төмендетудің негізгі әдістерінің бірі - клиенттердің несиеқабілеттілігін анықтау, талдау және бағалау. Бұл осы дипломдық жұмыстың негізі болып табылады.
1 Несие тәуекелділігінің теориялық-әдістемелік аспектілері
1. 1 Несие оның формалары және түрлері
Несие-ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып табылады. ’’Кредит” деген сөз, ”қарыз”, ”несие” деген “kredo” - сенемін деген мағына беретін латынша “kreditum” деген сөзден шығады. Ол экономикалық дәреже ретінде әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Несиеге толық анықтама беруге тырысып көрейік.
Несие-кеңейтілген, қайта өндіру мақсатында жеделдік, төлемдік, қайтару талаптарына сай оларды ақшаны бөлу және халықтың экономиканың бос ақшалай қаражаттарының жұмылдыруын қамтитын несие капиталының қозғалысы себепті экономикалық қарым-қатынастарды көрсетеді.
Несие мәні қатынастардың несиенің қайтару, төлемдік, мерзімдік, қолма-қол ақша, мақсатты сипат сияқты маңызды принциптермен анықталады.
Бұл принциптер несиенің алғашқы даму кезеңдерінен бастап қалыптасты, ол кейіннен заңды түрде бекітілді.
Несиенің қайтарылу принципі-қарыз алушының несиені пайдаланғаннан кейін несие беруші уақытында қайтару қажеттілігімен сипатталады. Ол банктің несие қорын жаңғыртып отыруды қамтамасыз ететін несиені пайызбен өтеуде өзініңің іс жүзіндегі орнын анықтайды. Ол белгілі бір мерзімде берілген сомманың толық қайтарылуын қамтамасыз етеді.
Несиенің төлемділігі-қарыз алушыға берілген несиенің қайтарылуын және одан табыс түсіруге несие берушіге де, оның тиімді пайдалануына қарыз алушы да ынталы болады.
Несиенің жеделдік принципі-қарыз алушыға кез-келген тиімді уақытта емес, несие келісімшартында белгіленген уақытта қайтару қажеттілігін көрсетеді.
Белгіленген мерзімді бұзу- несие беруші үшін қарыз алушыға өндіріп алынатын пайызды көбейтілген түрде несиені пайызбен мерзімінен бұрын өндіріп алуға саятын экономикалық санкция қолдануға жеткілікті негіз болып табылады.
Несиенің қамтамасыз етілу принципі - несие келісімшартында қарыз алышы өз мойнына алған міндеттемелерді бұзуы мүмкін жағдайда несие берушінің мүліктік мүддесін қорғауды қамтамасыз етудің қажеттілігін көрсетеді. Бұл принцип жалпы экономикалық тұрақсыздық кезеңінде өзекті мәселе болып табылады.
Несиенің мақсатты сипаты несие берушіден алынған қаражаттың мақсатқа сай пайдалану қажеттілігін білдіреді. Бұл принциптің барлығы бір-бірімен өзара байланысты және олардың бір уақытта қызмет етуі несиенің мәнін анықтайды.
Несие формасы - бұл несие қатынасының сырттай нақты көрініс табуы. Ол несие қатынасының мәні мен ұйымдастырылуын синтездейді. Несие қатынастарының формасы оның мазмұны мен дамуына сәйкес келуі керек.
Несиенің мынадай ең маңызды формаларын бөліп көрсетуге болады:
- қызмет ету саласына қарай - ұлттық және халықаралық несие
- несие мәмілесінің объектісіне қарай - банктік, комерциялық, халықаралық, тұтынушылық несиелер (1 сурет)
Сурет 1 Несиенің негізгі формалары
Несиенің тауарлық формасы осы заманғы іс тәжірибеде төлемдердің мерзімін ұзарту мен тауарларды сатуда, машина мен құрал - жабдық, тұрмыстық тауарлар, саймандар лизингісінде қолданылады. Қазақстанда тауарлық неисе фермерлер мен шаруа қожалықтарына көктемде тұқым түрінде беріледі. Несиенің тауарлы формасының негізінде ақшалай несие формасы пайда болып дамиды, ол осы заманғы нарықтық шаруашылықта артықшылыққа ие, типтік форма болып табылады. Несиенің бұл формасы ұлттық және халақаралық экономикалық айналымның шегінде пайдаланылады.
Несиенің тауарлық және ақшалй формаларымен қатар оның аралас формасы да қолданылады.
Коммерциялық несие - несиенің бір түрі болып табылады. Несиенің басқа формаларына қарағанда коммерциялық несие олардан бұрын пайда болды. Оны бір шаруашылық жүргізуші субъекті екіншісіне сатылған тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін төлем мерзімін ұзартумен береді. Ол тауарлық формада беріледі және оның пайдалану шегі болады. Ең алдымен оның мөлшері шектеулі болады, өйткені әрбір кәсіпкер, әрбір өзге субъекті коммерциялық несиені өзінің ақшалай капиталының шегінде ғана бере алады.
Банк несиесі - нарықтық экономикада несиенің негізгі формасы. Бұл жағдайда несие қатынасының объектісіне ссуданы ақшалай қаражатпен беру процессі жатады. Мұндай несие уақытша қаржылай көмекке мұқтаж мамандырылған қаржы несие ұйымдарына, көбінесе банктерге, қарыз алушы кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа, мемлекетке беріледі. Банк несиесі банкпен қарыз алушының арасында несие келісімшарты немесе несие келісімі бекітілгеннен кейін беріледі.
Тұттыну несиесі - халыққа оның ағымдық сипаттағы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін беріледі. Оның ішінде жеке шаруашылығы өндірісті дамытуға, құрылыс салуға, тұрғын үйді жөңдеуден өткізуге, ұзақ уақыт пайдалануға жарамды заттарды сатып алуға беріледі. Тұтыну несиесі белгілі бір дәрежеде табыстарды біркелкі емес тұрғындардың өмір деңгейін салыстырмалы түрде теңестіреді, әртүрлі әлеуметтік топтардың тұтыну деңгейі мен құрылымының арасындағы айырмашылықты жояды.
Ипотекалық несие - нарықтық экономиканың ажырағысыз элементі болып табылады. Оның мынадай ерекшеліктері бар:
- Ипотекалық несие - бұл қатан анықтылған кепілзатпен берілетін ссуда. Несие қайтарылмаған жағдайда кепілге салынған жылжымалы мүлік сатылады және одан түскен қаражатпен несиегердің алашағы өтеледі.
- Ипотекалық несие - әдетте 10-30 жылға дейін ұзақ мерзімге беріледі.
Мемлекеттік несие - жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақшалай қаражаттардың мерзімдік, қайтарымдық және ақылы шарттары негізінде мемлекет тарапынан жұмылдыру себебі бойынша қатынастың жиынтығын білдіреді. Оны мемлекет бюджет тапшылығын жабу үшін және мемлекет өзінің ағымдағы мүмкіндіктерінен тыс қажеттіліктерін қосымша қаржыландыру үшін пайдаланады.
Халықаралық несие - несиегер ретінде мемелекет, банк, басқа елдің жеке және заңды тұлғалары алға шығатын халықаралық экономикалық қатынас саласындағы ссудалық капиталдың қозғалысын білдіреді. Халықаралық несие жаңа техника, технология тауармен қызмет көрсету импортын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Ол төлем балансының тапшылығын жабудың құралына және жинақтаудың қосымша көзіне айналады. [3, 78б. ]
Несие түрлері - бұл оның несиелерді жіктеу үшін пайдаланатын, экономикалық - ұйымдастырушылық белгілері бойынша ең бөлшектелген сипаттамасы, яғни несиенің іс тәжірибедегі нақты қосымшасы.
Қазақстанда неисе түрлері былайша жіктеледі:
- несиелеу объектінің экономикалық белгілері бойынша:айналым қаражатын қалыптастыруға берілетін несие; негізгі құрал-жабдықты қалыптастыруға берілетіннесие; ТМҚ аясында шұғыл қажеттілікке, сондай-ақ нормативтен тыс қорлардың аясында уақытша қажеттілікке берілетін несие; өндірістің маусымдық шығыны аясында берілетін несие; жол үстіндегі (жолдағы) есеп айырысу құжаттары аясында берілетін несие, аккредитивтер:төлем несиелері;
- Қамтамасыз етілуі бойынша:Жылжымалы және жылжымайтын мүлікпен, ТМҚ -пен, кепілдікпен, сақтандыру келісімімен толық қамтамасыз етілген; Ішінара қамтамасыз етілген; Қамтамасыз етілу болмайтын банкілік (сенімділік) ;
3. Қайтарылу мерзімі бойынша:
- Қысқа мерзімді;
- Орта мерзімді;
- Ұзақ мерзімді;
4. Өтелу тәртібі бойынша:
- Бөліп-бөліп төлеу;
- Бір жолғы өтеу;
- Кезең сайын бір қалапты;
5. Тәуекелдік деңгейі бойынша:
- Субстандартты;
- Стандартты;
- Күмәнді;
- Сенімді;
- Сенімсіз;
- Ұзартпалы;
6. Ақылылығы бойынша:
- Қалыпты пйыздық мөлшерлеме;
- Жоғары пайыздық мөлшерлеме;
- Төменгі пайызды мөлшерлеме;
- Пайызсыз;
7. Салалық бағыты бойынша:
- Сауда-саттық несиесі;
- Өнеркәсіп несиесі;
- Ауыл шарушылық несиесі;
- Құрылыс несиесі;
8. Ашылатын шот түрлері бойынша:
- Жай ссудалық шот бойынша несие;
- Арнайы ссуда шоты бойынша несие;
- Контокорренттік шот бойынша несие;
- Овердрафт бойынша несие;
- Несие желісі бойынша несие;
Несие экономикалық категория ретінде формаларға ие. Форма әруақытта қандай да бір объектілерге тән тұрақты, қажетті байланыстардың жиынтығын білдіреді. Несиеге қатысты оның формасы бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың әр түрлі сыртқы және ішкі өзгерістер кезінде сақталатын негізгі қасиеттерінің көрінісі. Қарызға берілген құнға қатысты кредитор мен қарыз алушы арасындағы байланыс қалай өзгерсе де, несиенің формасы оның бүтін ретіндегі мазмұнын білдіреді. [1, 96 6. ]
1. 2 Несие тәуекелділігі банк тәуекелділіктерінің бірі ретінде.
Қазақстанның қаржылық жүйесінің тұрақтылығы - көбінен мықты ақшалай - несиелік және инвестициялық қызметтер сферасына тәуелді. Бірақ та банктермен және тағы басқа да қаржылық мекемелермен өткізілетін операциялар тәуелділікпен тығыз байланыста. Тәуекелділік - табыстың жоғалуына, ресурстық базаның кеміуне, өтімділіктің жоғалуына және банкротқа ұшырауға әкеледі.
Өзінің қызмет көрсету аясында банктер және тағы басқа қаржылық мекемелер көптеген тәуекелділіктің әр түрімен кездеседі, олар бір - бірімен пайда болу уақытымен, ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен әркелкі болғанымен бір - бірімен тығыз байланыста және және бір - біріне үлкен әсерін тигізеді.
Қазіргі кезде банктік жүйеде ең көп тараған тәуекелділік - несие тәуекелділігі болып саналады. Бұл клиенттің өзіне жүктелген ақшылай міндеттемелерді жүргізген кезде қарыздық, лизингтік, факторингтік, форфейтингтік, ломбардтық операциялар бойынша келісімнің шарттарын орындамау, бұзу, бас тарту. Банктің адал іс - қимылдарына қарамастан, бұл тәуекелділік сырттай, мінезделеді, өйткені қатысушы өз міндетін орындай алмайды.
Сонымен қатар несие тәуекелділігі - қарыз алушының өз қаржылық міндеттемесін орындамағынына байланысты орын алатын банк ссудасы бойынша төлемеу қатері болып табылады.
Несие тәуекелділігі бірнеше себептерге байланысты:
- қарыз алушының жаупкершілігінің болмауы;
- қарыз алушының төлемқабілетсіздігі, яғни тұрақты ақша ағымын құра алмауы;
- банк жетекшілерінің және клиенттің есептеудегі жіберген қателері;
- саяси және экономикалық тұрақсыздық;
- қамтамасыз етілгн кепілзат бағасының болашақтағы құнына сенімсіздік.
Несие тәуекелділігі - банк өніміне тәуелді болғандықтан келесі түрлерге бөлінеді (Кесте 1) [ 4, 15б. ]
Кесте 1
Несие тәуекелділіктерінің түрлері
Тікелей несиелік тәуекелділер.
(қарызалушылар бойынша) .
Банк аралық операциялар бойынша тәуекелділік.
(банк - контрагенттер бойынша) .
Несие тәуекелділігінің үш түрін бөліп көрсетуге болады: теріс пайдалану қатері, шетелдік несие тәуекелділік, ішкі қарыз бойынша төлемеу қатері, яғни қарыздардың қайтарылмай қалу қаупы.
Теріс пайдалану - біздің республикамызда 1991- 1993 жылдары аралығында орын алған банктердің үмітсіз берешегінің ең көп тараған себебі. Тексеру барысында маусымдық егіс жұмысына, астық жинауға, өзіндік қаражатты толтыруға бөлінген мақсатты несие ресурстарының мақсатсыз пайдаланғанын растайтын көптеген факторлар анықталады.
Бұл жеңілдікті несиелер басқа банктердің несиесі бойынша берешектерді өтеуге, машиналарды, сән-салтанат бұйымдарын сатып алуға жұмсалған. Алаяқтық (алып - сатарлық) жағдайларда орын алған, атап айтқанда, бұл несиелер комерциялық құрылымдарға нарықтық баға бойынша сатылған валютаға айырбасталған және тағы басқалар.
Теріс пайдалану қатері банк жүйесінде 80 - ші жылдары кезінен тарады. Бұл қатердің түрінен АҚШ -ғы барлық банктердің жартысынан көбі банкротқа ұшырады. Директорлар мен жоғары лауазымды қызметкерлер несиені өз туыстарымен достарына берген, сондай-ақ, несиені қарыз алушының қаржылық жағдайын тексермей беру секілді сақтық шаралары қолданылмаған.
Шетелдік несие бойынша қатері әсіресе 70-ші жылдары дамыған елдердегі қарыз алушылар несиесі бойынша төлемдердің жаппай кешіктіруімен байланысты орын алды.
Ішкі қарыз бойынша төлемсіздік қарыз алушының төлемқабілетсіздігін тудыратын барлық факторлар есебінің қиындығымен байланысты. [1, 86б. ]
1. 3 Банк қызметінде несие тәуекелділігін бағалау мен басқару тәсілдері
Несие тәуекелділігін кемітудің бірнеше тәсілі бар:
1. Банк ссудасының портфелін әртараптандыру, яғни барлық назарымызды қатерге аударатын несиелеудің ”жоғары шегін ” белгілеу жолымен бір қарыз алушыға берілетін несиенің мөлшерін кеміту. Бұл тәсілді банк клиентінің несиені өтей алатын қабілетіне көзі жетпегенде, яғни клиенттің несиені қайтаруына сенімсіздік білдіргенде қолданады. Несиенің кемітілген мөлшері оның қайтарылмай қалған жағдайында тәуекелділіктің мөлшерін азайтуға мүмкіндік береді.
2. Несиені өтеу қабілетін, яғни қарыз алушының несиені өтей алатын мүмкіндігін талдау, көптеген банктер осы тәсілді қолданады. Өйткені ол несиені қайтарылмай қалуынан орын алатын барлық ықтимал тәуекелділікті болдырмауға мүмкіндік береді.
Қарыз алушының несиені өтеу қабілетін бағалау қарыз алушының қаржылық жағдайының тәекелділігін сипаттайтын көрсеткіштерін есептейді, әрі талдауды ұйғарады. Мұндай көрсеткіштерге мыналар жатады:
- абсолютті өтімділік коэффициенті - бұл ақшалай қаражат + қысқа мерзімді міндеттемедегі бағалы қағаздар қатынасы;
- өтеудің аралық коэффицинті - бұл ақшалай қаражат + бағалы қағаздар + қарыз алушының қысқа мерзімді міндеттемесінің есеп айрысуындағы қаражат қатынасы;
- өтеудің жалпы коэффициенті - бұл айналым капиталының қарыз алушының қысқа мерзімді міндеттемесіне қатынасы.
Оның үстіне банктер келешекте түсетін түсімдерді бағалау керек, өйткені оның есебінен несие өтелетін болады. Сондай - ақ қарыз алушының қаржы тұрақтылығының көрсеткіштерін бағалау қажет.
Соңғы уақытта шетелдік банктердің іс- тәжірибесінде қарыз алушыны балмен бағалауға негізделген әдіс кеңінен қолданылып жүр. Бұл клиент рейтингісін әзірлеуді ұйғарады. [5, 43 б. ]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz