ОҚУШЫ ПСИХОЛОГИЯСЫН ДАМЫТУДА ТАБИҒИ КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ РОЛІ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ТАНЫМ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДА КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- БАСТАУЫШ СЫНЫПТА КӨРНЕКІЛІКТІ
ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ . . . 7
1. 2 ТАНЫМ ПРОЦЕСТЕРІНІҢ ПЕДАГОГИКА-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІНІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ ЖОЛДАРЫ . . . 12
1. 3 ТАНЫМНЫҢ ФОЛОСОФИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ АЛАТЫН ОРНЫ . . . 19
1. 4 ОҚУШЫНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ТАНЫМДЫҚ
БЕЛСЕНДІЛІКТІҢ БАҒЫТТАРЫ, ДӘРЕЖЕЛЕРІ
ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ МЕН КОМПЕНЕНТТЕРІ . . . 22
- КӨРНЕКІ-ҚҰРАЛДАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДАҒЫ АНАТОМИЯ- ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҚТАРДЫҢ ӘСЕРІ . . . 26
- ОҚУШЫ ПСИХОЛОГИЯСЫН ДАМЫТУДА ТАБИҒИ КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ РОЛІ . . . 31
ІІ. ОҚУШЫНЫҢ ДАМУЫНДА КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛГІН АНЫҚТАУ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ
2. 1. КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ОҚУШЫ ДАМУ ДЕҢГЕЙЛЕРІІН АНЫҚТАУДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ТӘЖІРИБЕЛІК ЗЕРТТЕУЛЕРІ . . . 36
2. 2 ОҚУШЫ БІЛІМІН КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАР НЕГІЗІНДЕ АРТТЫРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ТӘЖІРИБЕЛІК ЗЕРТТЕУЛЕР . . . 38
- ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАСЫ БОЙЫНША КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК ТЕКСЕРУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ . . . 46
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 51
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 53
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Елбасы Н. Ә. Назарбаев 2007-жылғы 28 ақпан айындағы Қазақстан халқына жолдауынада « осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту» үкімет алдындағы келелі мәселенің бірі екендігін ашып айтты. Осыған орай білім беру жүйесіндегі істің жағдайын түбегейлі өзгертудің стратегиялық міндеттерін анықтап көрсетіп берді.
Бұның өзі білім саласындағы ең бір өзекті мәселе жеке тұлғаны дамыту, оның жан-жақты білімді, құзіреттілік қасиеттерді бойына сіңірген азаматтарды қалыптастыруды мұғалімдер алдына мақсат етіп қойып отыр. Бұл мақсатты орындаудың әдіснамалық жағын жүзеге асыру ұстаздардың асыл мұраты болмақ.
Бұл мақсат мүддені жүзеге асырудың бір жолы ақпараттық технололгия десек, мұнда қазіргі заманғы оқытудың техникалық құралдарының, оқу үрдісіндегі әртүрлі көрнекі құралдардың маңызы зор.
Олай болса бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының білімділігін арттыруда бастауыш сыныптарда көрнекі құралдарды пайдаланудың тиімділігі жайлы мәселе арнайы толық зерттелген емес.
Ендеше бұл тақырып оқу үрдісіндегі өзекті мәселенің бірі болғандықтан мен дипломдық тақырыбымды «Бастауыш сыныпта оқушылардың таным белсенділігін арттыруда көрнекі құралдарды қолдану тиімділігі » деп таңдауыма негіз болды.
Таңдаған тақырыптың маңыздылығына тоқтала кетсек Я. А. Коменскийді ерекше атауға болады. Ол өзінің "Ұлы дидактикасында" педагогикалық ойды және мектеп оқуын ілгері дамытуда ерекше роль атқаратын жаңа дидактикалық принциптерді анықтады.
Оқудың көрнекілігі, саналы оқу, оқудың жүйелі болуы, сатылы оқу, оқудың оқушы шамасына сай болуы, оқудың негізді болуы.
Коменскийдің көрсеткен бұл дидактикалық принциптері оның, педагогикалық жүйесінде бір-бірімен өзара тығыз байланысып отырды. Ол көрнекілік принципін психологиялық талаптармен байланыстырады.
- Дүниетаным әдетте сыртқы сезім мүшелеріне байланысты, өйткені түйсікте болмаған нәрсе, ойда болуы мүмкін емес, осыған байланысты оқыту ісін заттар туралы құрғақ сөзден бастамай, нәрсенің өзіне бақылау жасатудан бастау керек.
- Ғылымның ақиқаттығы мен анықтығы тек сезім арқылы дәлелденеді.
- Түйсік дегеніміз адал жетекші және зейін; тікелей сезім мүшелерімен қабылданған нәрсе көпке дейін берік есте сақталады.
Сонымен бірге Коменский осы көрнекілік принципіне байланысты мынадай ескерту жасады: дүниеде сезім мүшелері тікелей қабылдай алмайтын нәрселер бар (мәселен, аспан әлемінің денелері және жер астындағы нәрселер немесе басқа елдерде өсетін өсімдіктер мен жануарлар т. б. ) Бұларды оқытуда Коменский айналадағы заттарды негізге алып, солармен салыстыра отырып оқыту керек деді. Көрнекілікті іске асырудағы оның ұсынған құралдары: заттар, сол заттардың суреттері, модельдері т. б. деп көрсетуінен көрнекі құралдардың маңыздылығын көруге болады.
Ал Жан-Жак Руссо дидактикасының негізі баланың өзіндік әрекетін, зеректігін, зсйінділігін, байқампаздығын дамыту мақсатын көздеді. «Барлық оқылатын пәндер мейлінше көрнектілікпен баланың қабылдауына бейімделуі тиіс. Руссоның талап етуінде "көрнекілік" деген тек әдеттегі: суреттер, картиналар, приборлар т. б. ғана емес, ол - табиғаттың өзі, тікелей өмірдегі деректер. » деп анықтауы көрнекі құралдардың шығу тегі табиғат, қоршаған орта, айналаң, өмір сүріп жатқан қоғамың екендігін нақтылай түседі.
Швейцарияның көрнекті педагог ғалымы И. Г. Песталоцци «оқудың негізін оның көрнекі болуы деп санады. Көрнекілікті кең түрде қолданған жағдайда ғана айналасындағы дүние туралы дұрыс білім қалыптасады, ойлау және тіл дамиды» деп көрсетуін көрнекі құралдардың адам өміріндегі тиімділігінің негізін көре аласыз.
Демек, еліміздің білім саласындағы стратегиялық жаңа мақсаттар білім беру жүйесінің мазмұнын жаңа міндеттермен толықтырып, өмір талабына сай жаңаша, құзіретті, саналы тәрбие, сапалы білім берудегі қойып отырған талабын бастауыш сыныптарда көрнекі құралдарды пайдаланудың тиімділігі деп таңдауымызға негіз бар екендігін, әрі оның өзекті мәселе екендігін тағы да нақты дәлелдей түседі.
Оқу үрдісінде оқушылардың білімін арттыруда көрнекі құралдарды пайдаланудың тиімді жолдары мен тәсілдерін, ізденімпаздық, білімдік белсенділігін қалыптастыру мәселелері туралы жазылған еңбектерді атап өтсек: Я. А. Коменский, Жан-Жак Руссо, И. Г. Пестолоцци, К. Д. Ушинскийлер болса, қазақ ұлтында Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлихановтар, А. Құнанбаев, А. Байтұрсыновтар, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский, В. Ф. Шаталов Ш. Амоношвилилер дамытса, қазіргі кезде Т. Тәжібаев, Қ. Жарықбаев, Қ. Бержанов, Г. А Уманов, А. Ж. Қараев, Р. С. Омарова. т. б еңбектерін атауға болады.
Зерттеудің болжамы. Егер оқу үрдісінің әр кезеңдерінде бастауыш сынып оқушыларының білімдік белсенділігін арттыру мақсат-мүддесінде әрбір оқу сабақтары мейілінше көрнекі құралдармен әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етілсе, онда бастауыш сынып оқушыларының білімдік белсенділігі артып, білім деңгейі көтеріліп, дербестігі мен шығармашылығы қалыптасар еді.
Зерттеудің мақсаты. Бастауыш сыныптарда көрнекі құралдарды пайдаланудың тиімділігін арттыруды теориялық тұрғыда негіздеу және әдістемесін жасау, жеке тұлғаның қалыптасуын практикалық негіздерін әдістемелік тұрғыдан нақты айқындау
Зерттеудің міндеттері:
1. Оқушылардың білімдік белсенділігін көрнекі құралдар негізінде арттыру проблемасын теориялық тұрғыда қарастыру және оны қазіргі кезеңде дамытудың перспективалық бағыттарын айқындау.
2. Орта мектептердегі бастауыш сынып оқушыларының білімдік белсенділігін көрнекі құралдар негізінде арттыру моделін құру.
3. Бастауыш сынып оқушыларының білімдік белсенділігін көрнекі құралдар негізінде қалыптастырудың нақты әдістемесін жасау және оның тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру.
4. Бастауыш сынып оқушыларының білімдік белсенділігін көрнекі құралдар негізінде арттырудағы тәжірибеден бұрынғы оқушылар таным деңгейін анықтау
5. Оқушылардың білімдік белсенділігін көрнекі құралдар негізінде анықтау мақсатындағы тәжірибелік сауалнамалар құру
6. Жүргізілген тәжірибеге негіздей отырып, оқушылардың білімдік белсенділігін көрнекі құралдар негізінде арттыру жолдарын жасау
Зерттеу объектісі. Солтүстік Қазақстан облысы, Қызыл ту ауданы, № 2 және №3 орта мектптерінің 2 сыныбы. 2006-2007 оқу жылы
Зерттеу пәні. Бастауыш сыныптағы оқу пәндері. Оқыту үрдісінде көрнекі құралдарды пайдаланудың тиімді жолдары мен әдістері және нормалары.
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; белгіленген міндеттерді шешу және ғылыми болжамды тексеру үшін зерттеу әдістерін қолдану; бастауыш сынып оқушыларының оқу үрдісін бақылау; оқушылармен әңгіме жүргізу, сауалнама алу; алдыңғы қатарлы педагогикалық тұрғыда саралау; әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестігін және педагогикалық тиімділігін эксперимент арқылы тексеру; тәжірибелік - эксперимент жұмысының мәліметтерін сандық жағынан сараптап қорытындылау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні.
1. Оқушылардың білімдік белсенділігін көрнекі құралдар негізінде арттыру теориялық негіздері айқындалып, оларға берілген сауалнамалар бір жүйеге келтірілді және негізгі ұғымдардың анықтамасы нақтыланды.
2. Бастауыш сынып оқушыларының білімдік белсенділігін көрнекі құралдар негізінде арттырудың моделі жасалып, өлшемдері мен көрсеткіштері, деңгейлері айқындалды.
Зерттеудің тәжірибелік мәнділігі:
- Қазіргі жағдайда орта мектептерде оқушылардың білімдік белсенділігін көрнекі құралдар негізінде арттырудың әдістемесі жасалынды;
-Оқушылардың білімдік белсенділігін көрнекі құралдар негізінде арттыруға байланысты ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасалды;
-Оқушылардың білімдік белсенділігін көрнекі құралдар негізінде арттырудың теориялық әдістемесі, қорытындылары, зерттеу нәтижелері мектеп мұғалімдер қызметінде, педагог кадрлардың біліктілігін жетілдіру институттарында, осы саладан білім, іскерлік, дағдыларын жетілдіру мақсатында пайдалануға болады.
Қорғауға мынадай қағидалар ұсынылады:
-Көрнекі құралдың оқушылардың білімдік деңгейін арттырудағы мәні:
-Оқушылардың көрнекі құралдар негізінде қалыптасу моделі, өлшемдері мен көрсеткіштері, мүмкіндік болатынын деңгейлері:
-Қазіргі кезеңде бастауыш сынып оқушыларының білімдік көрнекі құралдарды пайдаланудың тиімділгі негізінде әдістемесінің мазмұнын қалыптастыру мен нәтижелері:
-Оқушылардың білімдік белсенділігін көрнекі құралдарды пайдаланудың негізінде қалыптастыратын педагогикалық шарттар негізделеді: оқу-тәрбие үрдісінде жеке тұлғалық-бағдарлық оқыту технологиясын қолдану, мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасындағы ынтымақтың болуы, бастауыш сынып оқушыларының қазіргі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге бейімдеу.
І. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ТАНЫМ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДА КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА КӨРНЕКІЛІКТІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Білім мазмұнына деген мұндай жаңаша көзқарас ең алдымен білім, білік, дағдыларды меңгерудің негізі ретінде оқушы дамуы мен тәжірибесін қамтамасыз ету міндеттерін шешуді көздейді. Басты кезекте бастауыш сынып оқушыларының игеруге қажетті білім, білік, дағдылар жүйесін зерттеуді қажет етеді. Бұл зерттеуде оқушы игерген білім, білік, дағдылар жүйесін тексеру мен багалаудың рөлі ерекше.
Н. Назарбаевтың «Қазақстан- 2030» Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы" туралы Қазакстан халқына жолдауында айқындалған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігін арттыру қажет. Сондықтан ұстаз өзінің ғана іс-әрекетінің дұрыс болуына қанағаттанып қоймай, оқушылардың да танымдық белсенділігін дамытуға ерекше көңіл бөлгені жөн.
Әл-Фараби, Ы. Алтынсарин, тағы басқалар оқыту арқылы оқушылардың ақыл-ой қабілеттерін, дербестігін дамытуға көңіл бөлу керектігін айтқан болса, оқыту үрдісінің ерекшеліктері мен ұстанымдары, оқыту әдютері мен құралдары туралы М. А. Данилов, Б. Н. Есипов, К. Ж. Ягодовский, М. Н. Скаткин, Н. Я. Лернер, Р. Г. Лемберг, Ю. К. Бабанский, В. Оконь, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, А. Клинберг, Н. Марев, С. Н. Архангельский, Н. Д. Хмель, тағы басқалар өз еңбектерінде талқылаған.
Көрнекілік - оқытуда заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр-сипаттарын сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс.
"Көрнекі құрал" ұғымының мазмұны психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде түрліше сипатталуда. "Көрнекілік" терминінің түбірі "көру" етістігінен шықса да, қазіргі уақытта ол түрліше сезім мүшелері арқылы санаға әсер ету керектігін білдіреді.
Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірлердің тарихында ұлы ағартушылардың, қазақтың алдыңғы қатарлы зиялы өкілдерінің еңбектерінде оқыту мен тәрбиенің негізгі мәселелері туралы көзқарастар ерекше орын алады.
Абай өзінің шығармаларында ақыл -ойды дамытып, шын ғылыми білім алудың қажеттілігін, ол үшін ойлау, зейін, ес, мінез-құлық, ерік-жігер, қиял сияқты психикалық процестерді дамыту керек екендігін ашық ұғынды. Білім алуда педагогикалық принциптерді қолдануды насихаттау туралы пікірлері дидактикалық мұра болып есептеледі.
Ұлы Абайдың: "Адам баласы . . . көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрнымен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады" - деген дана ойы педагог классиктермен ұштасады.
Қазақтың ұлы педагогы Ы. Алтынсарин де зор көңіл бөлген: "Қазақ жастары ғылым, өнерді кітап сөзі деп қарамай, заттай, көзімен көріп ажырата білулері керек", - деген.
Ол оқу әдістері мен тәсілдерін былай тұжырымдайды.
а) оқыту әдістері -балалардың жүре келе мектепке, сабаққа, кейіннен ғылымға, өз бетімен білім алуға құмарландыратын жол;
ә) сабақта баланың ойлау қабілетін арттыратын жаттығулар қажет, мысалы, әңгіме, түсіндіру арқылы оқыту әдістері.
Бұл көрнекілік заттарды және өмір фактілерін пайдалануға көмегін тигізеді: заттарды және құбылыстарды суреттеу, олардың қасиеттерін салыс-тыру, әр түрлі қорытындылар жасау. Сондықтан да балаларда дұрыс ойлау қабілеті қалыптаса бастайды. Профессор Т. Сабыров былай деп түйіндейді:
1) Мұғалім оқушылардың бақылауын ұйымдастыру үшін, ең алдымен, бақылаудың мақсатын, байқайтын нәрселердің мөлшерін немесе көлемін анықтап, жоспарын жасау.
2) Бақылауда, мүмкіндігінше оқушылардың барлық сезім мөлшерін қалыптастыру арқылы нәрселердің неғұрлым көп және әртүрлі қасиеттерін жан-жақты байқатқан жөн.
3) Мұғалім бақылау кезінде оқушылардың анализ бен синтез жасап, нәрселердің негізгі қасиеттерін айыру, топтастыру сияқты ойлау амалдарын қолданып, қорытындылар шығаруына басшылық ете білуі қажет.
4) Бақылау кезінде мұғалім өз сөздеріне басшылық ету рөлі мен оқушылардың өздігінен жұмыс істеуінің арасында дұрыс байланыс болуын қамтамасыз етіп, олардың өздігінен бақылау қабілетін мейлінше дамыту мақсатын көздеуі керек.
Демек. мұғалім баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, заттарды немесе көрнекі құралдар мен техникалық құралдарды көрсетеді, ал оқушылар сол кезде тыңдайды, қызығады, қабылдайды, бақылайды, ой-ланады және тағы басқа таным әрекеттерін жасайды.
Ендеше педагог-ғалым Оразбек Нұсқабайдың сөзімен айтсақ, оқыту, тәрбиелеу және жетілдіріп дамыту үрдістерін білім берудің субъектісі болып табылатын оқушылардың белсенді іс-әрекеттерімен тығыз бірлікте жүргізу керек. Сонда ғана оқушылар өз іс-қимылының мақсаты мен маңызын түсініп, - ұғынуға талпынады. Олардың ойлау қабілеті жан-жақты толысып, пісіп жетіледі.
Алдағы өміріне қажетті білімнің, біліктің, дағдылардың берік негізін дамытады. Сан алуан көрнекіліктер түрлері педагогика ғылымында жүйеленіп, топтастырылған.
Педагогикалық сабақ кезеңдерінде әртүрлі көрнекіліктерді шын түрлерімен қолдана отырып мұғалімдердің байқағаны: оқушылардың сабақка деген ынтасы мен қызығушылығын арттыра түседі.
Көрнекіліктер түрлері дидактикалық үрдістерімен, соның ішінде дамыта оқыту үрдісімен ұштастырыла іске асуы тиіс.
Көрнекі құралдарын жіктейтін сызба нұсқаны қарастырып көрейік.
Көрнекіліктің түрлері:
Көрнекіліктің түрлері:
Көрнекі күралдар
Табиғи бейнелеуші символикалық динамикалық
көрнекіліктер
оқу картиналары сызбанұсқа (нышандық)
диапозитивтер мәтіндік
диафильмдер сандық кестелер
мульяждар диаграммалар
макеттер план, карта
көркем суреттер таңбалық бейнелер
(формула таңдау белгілері)
Табиғи көрнекілік: коллекциядағы кептірілген өсімдіктер, хайуанаттар мен құстардың тұлыбы, минералдар және тағы басқалар жатады.
Заттар және бейнелеу көрнекілігі: муляж, геометриялық фигура. макет, портреттер, архитектура, кескіндеме және мүсін үлгілері, жер бетінің бедері тағы басқалар.
Символикалық көрнекілік: карталар, картограммалар, схемалар, диаграммалар, кестелер жатады. Мысалы, кестенің бірнеше түрлері бар. Олар: хронологиялық, сингрондық, тақырыптық, графикалық кестелер тағы басқалар.
Экранды - динамикалық көрнекілік: шындық дүниені бейнелейді. Олар: диапозитивтер, диафильмдер, эпипреакциялар, оқу киносы, оқу теледидары.
Дыбысты техникалық көрнекілікке: грампластинкалар, магнитофильмдер, радиоқабылдағыштар жатады. Жалпы орта мектептерде
оқу - тәрбие үрдісінің міндеттерін шектеуге көрнекілік құралдарының қызметтері, олардың дидактикалық құрылымдары мен тәрбиелік бағыттарына орай анықталады.
Көрнекілік құралдары мектепте оқыту мен тәрбие беру барысында:
- оқушының жеке сезім - күйіне әсер етеді (яғни, таныммен, ғылыммен, өнермен байланыс жасауы мен тұрақтандырушылық қызметі) ;
- ақпаратты меңгеруді жеңілдетеді (яғни, ақпараттық таныстырушылық қызметі) ;
объекті жөніндегі ақпаратты белгілі шамаға дейін ұғынуға мүмкіндік береді (сананы қалыптастырудағы көрнекілік қызметі) ;
- іскерлік пен дағдының қалыптасуына үлес қосады (жаттықтыру қызметі) ;
- оқу - тәрбие жұмыстарының нәтижесін бақылауға үлес қосады (бақылау мен бағалау қызметі) ;
Көрнекілік кұралдары төмендегі шарттарды ескеру барысында ғана өз міндеттерін толық орындай алады:
- оқу бөлмелерінің толық жабдықталуы; қажетті құралдын білім беру мен оқыту аясында өзіндік мүмкіндіктерінің жүзеге асырылуы;
- оқу-тәрбие жүйесінің барлық салаларының кіріктірушілік, үйлесімділік және кешендік мүмкіндіктерін ескерту;
оқытушы мен оқушының қазіргі кездегі оқыту әдістерін пайдалану барысында өзара қарым-қатынастарын ескеру.
Көрнекі құралдарды оқыту процесінде жүйелі түрде қолдану функциялары оқытушының өз жұмысына байланысты. Бүл ішкі және сыртқы байланыстарға байланысты анықталады. Оқытудың материалдары мен әдістері оқытудың мазмұнына байланысты болады. Оқушыға ақпаратты жеткізу үшін мұғалім өзіне тән әдістерін пайдаланады.
Мектептегі оқыту ісі сабақ мазмұнына байланысты алуан түрлі әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдануды қажет ететіні белгілі. Сондай әдістердің ең неізгілерінің бірі - оқушылардың байқау-көру қабілетін дамыту үшін сабақта қолданылатын көрнекі және дидактикалық құралдарды пайдалану.
Бұл негізінен мұғалімдердің ізденісіне, әдістемелік жаңалықтарды іске асыра білуіне байланысты болып келеді. Мысалы: бастауыш сыныптарда көрнекі құрал ретінде заттың өзін пайдаланған тиімді.
Бұл оқушылардың қабылдауына жеңіл болып, олардың сабаққа деген белсенділігін арттырады.
Дидактикалық материалдарды дамыту кезінде жұмыс жасау мен ұйымдастыру ең бірінші дидактикалық негіздерге және оны қолдана білу облыстарын білу керек. Оқу оқыту кезінде және оқу орындарында дидактикалық материалдар қазіргі заманғы талаптарға сай болу керек.
1. Дидактикалық, техникалық және экономикалық қажеттіліктерін қарастыру.
2. Оқу бағдарламасына сәйкес келуі.
3. Ғылыми техникалық қазіргі заман дамуына сәйкестендіріліп жасау керек.
4. Дидактикалық материалдар жүйесі ақпараттарды беру үшін оқушылардың өзіндік жүмысын ұйымдастыру үшін және бақылау жұмыстарын ұйымдастыру үшін білімділік іс-әрекеттерін қалыптастыру керек.
5. Негізгі дидактикалық принциптерге сәйкес келу керек. Оқытудың ерекшелігіне, жаңашыл, шебер ұстаздардың әдістеріне және оқыту формасына сәйкес келу керек.
6. Оқушылардың белсенділігін арттырып, олардың қабілеттерін танымдық процесі арқылы дамыту. Оқыту процесі кезінде оқушыларға жеке-жеке көмек көрсету. Фронтальдық оқыту кезінде жақсы көрінетіндей етіп әр элементтерді слаидтар арқылы демонстрация жасау керек. Оқушылар жүмыс жасайтын жер кеңірек болуы тиіс.
7. Оқушы мен оқытушы бір-бірімен еркін жұмыс жасай алуы керек. Жұмыс жасайтын орын эстетикалық және гигиеналық талаптарға сәйкес келуі қажет.
8. Мұғалім мен оқушы еңбегін ұйымдастыру кезінде ғылыми және шығармашылық жүмыспен қамтамасыз етілуі тиіс.
9. Қолданылатын дидактикалық материалдар тиімді және максималдық педагогикалық талаптарға сәйкес болуы керек.
Көрнекі құралдарға қойылатын талаптар:
1. Көрнекі құралдардағы суреттер, жазулар сынып оқушыларына толық көрінетін болуы керек.
2. Әрбір көрнекі құрал өтілетін тақырықа арналған, соның мазмұнын ашатын болуы тиіс.
3. Көрнекі құрал тартымды безендірілген, бояулары айқын болғаны жөн.
4. Көрнекі құралға оқушы назарын ерекше аудартуға арналған мәтін, сурет ерекше бояумен берілуі керек.
5. Бір сабақта бір не екі ғана көрнекі құрал қолданылуы тиіс.
6. Көрнекі құралда бір мәселенің қайталануынан сақ болу керек.
7. Көрнекі құралда жүйеліліктің, хронологиялық реттің сақталуын қатты қадағалау.
8. Көрнекі құралда берілген әрбір мысал тексерілген, дау тудырмаптын, түсінікті, өтіліп отырған материалды дәлелдеуге көмектесетін болуы керек.
9. Мүмкіндігінше көрнекі құрал өтілейін деп отырған материалды толық қамтитындай болғаны жөн.
10. Көрнекі құралды сыныпта пайдаланганда уақыт көп кетпейтіндей етіп жасау (іліп қою, алу, қайта пай далану) .
Сонымен, қорыта келгенде қоғамдық өмірдің қай саласында болсын жаңарулар жүріп жатқан қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердің әлеуметтік рөлі бұрынғыдан да аса түсуде. Қайта құрудың басты тұтқасы - адам, ал оның белсенді өмірлік айқындамасын қалыптастыру мектептен басталады.
Жеке пәндер бойынша, әсіресе бағдарламада көрсетілген кейбір қиын материалдарды немесе олар-дың тарауларын өткенде ғылыми тұрғыдан іздену мен әдістемелік талдаулар жасау арқылы ғана оқыту әдістерін жетілдіруге болады.
Педагогикада ең негізгі мәселелердің бірі болып қолданылатын көрнекілік және дидактикалық материалдарды оқу процесінде тиімді қолдану мәселесі. Осы мәселені шешу үшін, бұл педагогикалық коллективтерде және оқу орындарында, ғылыми конференцияларда қарастырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz