Қиын оқушылармен жүргізілетін психодиагностикалық жұмыс ерекшеліктері


Қазақстан Республикасының білім және ғылым минстрлігі
Ш. Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Филология факультеті
Педагогика кафедрасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: : « Қиын балалардың пайда болу себептері»
Орындаған:Айтеева Ш. Е
Ғылыми жетекшісі: Басболатова А. Р.
2007 ж. « ___» Жұмыс«___» «»
кафедраның шешімі бойынша деген бағаға қорғалды.
жұмыс қорғауға жіберілді. «___» 2007 ж.
Хаттама №
Көкшетау 2007 жыл
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І тарау. Қиын бала ұғымы және оның белгілері мен ерекшеліктері
1. 1. Қиын бала ұғымы және оның белгілері . . . 6
1. 2. Қиын баланың психологиялыќ ерекшеліктері . . . 9
1. 3. Бастауыш сынып оқушыларында кездесетін ауытқулар түрлері . . . 18
ІІ тарау. Қиын балалардың пайда болу себептері
2. 1. Отбасына байланысты қиын балалардың пайда болу себептері, алдын алу жолдар . . . 24
2. 2. Оқушының мектепке бейімделу қиындықтары және оны жеңілдету жолдары . . . 33
ІІІ тарау. Мектептегі қиын оқушылармен жүргізілетін психологиялық жұмыс
3. 1. Қиын оқушылармен жүргізілетін психодиагностикалық жұмыс ерекшеліктері . . . 43
3. 2. Жүргізілген іс - тәжірибелік жұмыстардың нәтижесі . . . 49
Қорытынды . . . 55
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша
Кіріспе
Қай ғасырда болмасын тәрбие мәселесі болып саналады. «Бала тәрбиесі - мемлекеттің маңызды міндеті» деген сөзді Платонның өзі де бекер айтпаған болар. Соның ішінде қиын балалар мәселесі өзекті тақырыптар қатарына еніп отыр. Әрбір қоғамның дамуына байланысты бұл мәселе әрқалай шешіліп отыр. Қазіргі таңдағы ағым да оңай болып отырған жоқ. Осыған байланысты 2002 жылдың тамыз айында ҚР “Қазақстан Республикасындағы балалар заңы жайлы “ атты Заң қабылданды. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңында девиантты мінезді оқушыларға мынадай анықтама берілген: “Балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы, оқудан, жұмыстан үнемі жол тарауы, отбасынан немесе балалардың оқыту тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, сондай-ақ қоғамға қауіпті әрекеттер жасауы”. Олардың әр кезеңде әртүрлі аталғаны бізге белгілі: “тәртібі нашар”, “қиын”, “тәрбиесі қиын”, т. б. Сондықтан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев “Еліміздің ертеңі бүгінгі жастардың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында”, - деп ұстазға үлкен міндет қойып отыр.
Балалар мен жасөспірімдердің ассоциалды мінез-құлық мәселесімен бірқатар қазақстандық педагог зерттеушілер жұмыс істеді. (мысалы, В. Г. Баженов, Р. А. Дебагян, А. Жұмабаев, К. А. Жүкенова, А. М. Қарабаева, Л. К. Керимов, В. П. Кривошеев, Л. В. Лысенко. И. Ф. Назаров, Э. И. Шнибекова, Г. А. Уманов) . Бұл зерттеушілер қиын балалардың қиқарлық сияқты жағымсыз қасиеттерінің қалыптасуына әлеуметтік-педагогикалық факторлардың әсер ететіндігін зерттеді. Бастауыш сынып оқушылары мен жасөпірімдердің ассоциалды мінез-құлықтарын, спорт, өзіндік және жеке жұмыстарды ұйымдастыру, мектепке деген ықпалды күшейту, отбасындағы белсенділікті арттыру, ұжымдағы әрекеттерге балаларды қатыстыру арқылы жеңудің әр түрлі жолдарын көрсетті.
В. В. Трифонов зерттеулерінде «қиын оқушы» анықтамасы-күнделікті педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне үнемі қосымша уақыт бөліп қарауды, мұғалімнің ерік-жігерін, күшін, қажырлы педагогикалық еңбегін қажетсінетін оқушы. Бұл шексіз (интегральное) ұғым, ол жеке адамның өзгеру құбылысын жинақтаушы. Осы категориядағы балалардың жалпы адамдық және ешкімде де қайталанбайтын қасиеттері, әлеуметтік және биологиялық факторлардың ықпалымен қамтамасыз етіледі.
Біраз зерттеулер (М. А. Алемаксин, Л. М. Зюбин, Д. В. Колесов, В. Н. Кудрявцев, Г. М. Минковский, И. Ф. Мягков т. б) «қиын балардың» басым көпшілігі - бұлар мектеп бағдарламасын дұрыс меңгере алмайтындар, сондықтан да оқушылар ұжымынан тысқары шығып қалатын балалар, - деп атап көрсетті. Ұжымдағы жағымды позициядан қалыс қалу оларды теріс- мінез құлыққа, айналасындағы адамдармен, әсіресе бірге оқитын құрбы- құрдастарымен дұрыс қарым- қатынас жасауына кедергі келтіреді. «Қиын балалар», «мінез-құлықтағы қиындық» ұғымынан басқа, «қиындықпен тәрбиелеу» ұғымы да кеңінен қолданылады.
Әсіресе осы жаста адамның мінез-құлқы және басқа да жеке басының негіздері қалыптасады. Міне, осы кезенде жеткіншектермен жасалатын тәрбие жұмысында кемшіліктер айқын көріне бастайды, ата-анамен келіспеушілік жағдайда болу, мектептегі қиындық пен сәтсіздік, тәртібі қиын құрбы-достарымен байланыс орнату.
Біз қайда бара жатырмыз, қандай ұрпақты тәрбиелеп жатырмыз, алдымызда не күтіп тұр деген сұрақтарға жауап беру қиынға соқтырады. Қазіргі заманда қылмыстық асқынып, аурулардың көбеюі, адамгершілік қасиетіміздің жүдеу тартуы, кісі өлтіру, маскүнемдік пен нашақорлық сияқты жат қылықтармен қатар мейірімсіз, қатыгез адамдар көбейді. қазақ халқында болып көрмеген қарттар үйі пайда болды. Балалар үйі тастанды жетімдерге толды. Күні кешеге дейін нашақорлық деген болған емес, маскүнемдіктің өзі жат болатын. Қазіргі жастардың арасында мұндай жағымсыз іс-әрекеттердің жаппай етек алуының себебі мынада:
Біріншіден - батыстың мәдениетінің қаптап кетуі тұтастай алғанда жалпы қоғамға, әсіресе жастарға теріс ықпал етеді.
Екіншіден - жастар бойындағы ұлттық рухани байлығымызды жоғалтып алғандығымыз. Себебі рухани бай адам елікпейді де, желікпейді, бәрін ақылмен ойлап, жүз толғанып өзіне қажеттісін ғана бойына дарытады. Жастарымыздың көпшілігі осындай кері жағдайлардың әсерінен өз мүмкіндіктерін заман талабына сай толық көрсете алмауда.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында девиантты мінезді оқушыларға мынадай анықтама берілген: «балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы, оқудан, жұмыстан үнемі жалтаруы, отбасынан немесе балалардың оқыту-тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, сондай-ақ қоғамға қауіпті әрекеттер жасауы».
Ұрпақ тағдыры дегеніміз - ұлт тағдыры. Әрбір ұлттың болашағы - оның білімді де іскер, талантты да мәдениетті, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірген тәрбиелі ұрпақтарды қолында.
Бала тәрбиесінің ортақтастығына байланысты ата-аналар мен мұғалімдер арасында шынайы байланыс керек. Мәселен, көп жағдайда ата-аналар мен мұғалімдер арасында өзара түсінбеушіліктен «қиын оқушы» тағдыры қиындай түседі.
Отбасының қиын жағдайы бала тәрбиесіне кері әсер ететіні бұрында бірнеше рет дәлелденгені ақиқат. Алайда Лев Толстой жазғандай: «барлық бақытты отбасылар бір-біріне қандай ұқсас болса, әрбір бақытсыз отбасы бір-біріне ұқсамайтындай әрқилы бақытсыз».
Қазіргі кезде ата-аналар өз ұрпақ тәрбиесіне жауапсыздықпен қарауынан немесе ұл-қызынан безген безбүйректердің өз міндеттерін қоғамға жүктеуі салдарынан туындап, кейбір педагогтар мен тәрбиешілердің немқұрайлылығына ұласып, пайда болған «тәрбиесі қиын» балалар проблемасы - бүгінгі таңда кім-кімді де ойландыратын мәселе. Осы орайда қиын балалармен жұмыс жүргізе отырып, олардың психикалық ерекшеліктерін зерттеу мақсатында мен өз диплом тақырыбымды “Қиын балалардың пайда болу себептері” деп алдым.
Тақырыбы: Қиын балалардың пайда болу себептері.
Зерттеу мақсаты: Қиын балалардың жеке тұлғалық қасиеттерін
қалыптастыруда олардың психикалық ерекшеліктерін
ескеріп, психологиялық көмек көрсету жолдарын белгілеу.
Зерттеу міндеттері: 1. Қиын балалардың мінез-құлықтарындағы
ауытқуларды психологиялық зерттеу арқылы
анықтау, әдебиеттерді талдау, саралау.
2. Қиын балалардың мінез - құлқындағы ауытқуларын,
жүргізілетін жұмыс түрлерін белгілеу.
3. Қиын балалармен жұмыс істегенде психологтың
шеберлігінің рөлін көрсету.
Зерттеу объектісі: Қиын балалармен психологикалық жұмыс жүргізу ерекшеліктері
Зерттеу пәні: Қиын балалармен психологиялық жұмыс жүргізу жолдарын анықтап, белгілеу, психологиялық көмек көрсету жолдары.
Ғылыми болжам: Егер, бала тәрбиесінде ортастығына байланысты ата-аналар мен мұғалім арасында шынайы байланыс болса және жеке тұлғаның психикалық ерекшеліктері анықталып, ескеріліп отырса, оларға қажетті психологиялық көмек көрсетілсе, онда олардың қалыпты дамып жетілуіне мүмкіндік жасауға болады.
Зерттеу әдісі: Ғылыми әдебиеттерді талдап, саралау, тест, сауалнама.
1. 1. Қиын бала ұғымы және оның белгілері
Қазіргі кездегі педагогикалық-психологиялық мәселелердің негізгілерінің бірі - қиын балалардың қалыптасуы және оларды тәрбиелеу мәселесі. Қиын балалар мәселесі ќазіргі кезде социолог, юрист, дәрігер, педагог, психолог мамандарының зейінін өзіне аударып, оларды алаңдатып отырған үлкен мәселе екенін айту керек.
«Қиын балалар», «мінез құлықтағы қиындық» ұғымынан басқа, «қиындықпен тәрбиелену» ұғымы да кеңінен қолданылды.
«Қиындықпен тәрбиелену» термині тәрбиеленушінің педагогикалық әсерге қарсылығын және оны түсінгісі келмейтін бейнелейді. Бұл қарсылықтың басты себебі, көп жағдайда жеке тұлғаның қалыпты дамудан қалыс қалыунан болады. Осыдан мінездегі жаман қылықтар туады. «Қиындықпен тәрбиелену» - баланың теріс мінез-құлқы, дау-жанжал екенін айтуға болады. Ал мұндай дау кейде онша қауіпті емес және ол қиындықсыз жойылуы мүмкін.
Қиын балалардың психологиялық педагогикалық ерекшеліктеріндегі типтік өзгешеліктерін соғұрлым айқындай білсек, қайта тәрбиелеу процесінің нәтижелігі арта түседі. Қиын баланың қалыптасу оның негативті мінез-құлқының белгілері арқылы білінеді. Балада негативті мінез-құлықтың қалыптасуы мынандай негізгі факторларға байланысты болады:
- отбасындағы тұрмыс жағдайы.
- мектептегі және отбасындағы тәрбиенің ынтымақтастығының жоқтығы.
- теледидардың негативті әсері.
- бос уақытының ұйымдаспағаны.
- отбасындағы тәрбиенің жоқтығы т. б көптеген фактор балалар теріс мінез-ќұлықтың ќалыптасуына әсерін тигізеді.
Қазіргі уақытта мектеп оқушыларының арасында мінез-құлқында қиындықтары бар оқушылар көптеп кездесуде. Педагогика-психология саласы бойынша мұндай балаларды “мінез-құлқында ауытқулары бар оқушылар”, “Қиын тәрбиеленуші”, “қиын балалар” деп атайды.
“Қиын” бала ұғымы-бүгінгі таңда тек ата-ана мен ұстаздар қауымын ғана емес, сонымен қатар социолог, психолог, юрист, дәрігер мамандарының зейінін өзіне аударып, бүкіл қоғамды алаңдатып отырған өзекті әлеуметтік мәселе.
Қазіргі уақытта мінез - құлықтың бұзылу себебі түбегейлі түрде зерттеліп, жаңа сипатқа ие болуда және әлеуметтік психологиялық, клиникалық, криминалогиялық тұрғыда қарастырылуда. Мінез - құлықтағы қиындық - бұл шексіз ұғым. Тәрбиелік және педагогтік әсерге қиындықпен көнетін, қайталанбайтын психологиялық ерекшелік.
Өкінішке орай, қазір бұл салада оқулықтар, әдістемелер өте аз, әсіресе қазақ тілінде. Қазіргі кезде көптеген ұстаздар қиын балалар жайында әр түрлі пікірлер айтып жүр. Көптеген педагог-ғалымдардың ғылыми тұрғыдан дәлелдеуінше, қиын балалар-табиғатында дұрыс жаратылған дені сау, қабілеті бар бала. Оның өзгелерден айырмашылығы отбасында және мектепте ойдағыдай жеке-дара педагогикалық тәрбиеге зәрулігінде ғана. Қиын баламен жұмыс істеудің тәсілі мен жолдарын бірқатар мұғалімдер, әсіресе жас мұғалімдер жете біле бермейді, ал кейбіреулер балаға шын ниетімен жаны ашып, жүрегі ауырып қарамайды. Күнделікті сабақ барысында, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында елеулі педагогикалық қателіктер жіберіп алады.
Мына бала қандай еді, қалай өзгеріп кетті? Жаман әдеттерді қайдан үйренді? Неге озбырлық жасауға бейім тұрады?-деген сұраулар әрбір ұстазды ойландырады.
Ата-анасын, жүрген ортасын қосқанда оның тәрбиесіне бірнеше адамның қатысы бары бас.
Қиын деп жүрген баланың мінез-құлқына, тұрмыс жағдайына зерттеу жүргізбей-ақ, ұрысып, әр түрлі шаралар қолданып жатамыз. Бірақ одан жақсы нәтижеге қол жеткізген емеспіз. Баламен кездескен сәттен бастап, оның үйіне қайтатын уақытына дейінгі кезеңде мұғалім баламен қарым-қатынаста екені, онымен ішкі сезімі тікелей байланыста болатынын ұмытпаған дұрыс. Баланаң әрбір ісіне ескерту жасап, кемшілігін тізе бергенше, бір уақыт мақтау мен жазалау әдістерін қолданған дұрыс па деп ойлаймын.
Тек өзімнің ғана айтқаным болсын дейтін өркөкірек, өзімшіл, қыңыр, қырсық мінезді балаларды сабақта, сабақтан тыс уақыттарда жақсы болса мақтап, кемшілігі болса жолдастары арасында айтып ұялтпай, қателігін өзіне мойындақтан жөн. Мұндайда кейбір балалар кінәсі болса да мойындағысы келмейді. Осы кезде ұрсып, ұрып, дауыс көтерудің қажеті шамалы.
Қазіргі кезде сабақтан жиі қалатын, темекі шегіп, аузына келген былапыт сөздерді жиі айтатын оқущылар кездесіп қалады. Әрине, оқушылардың бәрі сондай дей алмаймын. Осындай оқушыларды: “Ой, қойшы соны өзі қиын бала болып бара жатыр” деп қолды бір сілтейміз. Ал сол қиын болып бара жатқан баланы үнемі қадағалап, ата-анасымен сөйлесіп, бос уақытында немен шұғылданатынына, кімдермен бірге жүретініне, мінез-құлқы неге өзгергеніне назар аудармаймыз. Кейбір әріптестеріміз осыдан 15-20 жыл бұрынғы шәкірттермен қазіргі оқушылардың арасы жер мен көктей, қазіргі балаларды тәрбиелеу қиын дегенді жиі айтады.
Халықтың әлеуметтік жағдайы аса қолайлы болмаған, жұмыссыздық, нашақорлықтың кең етек алу жағдайында, ересек адамдардың материалдық табыс табу жолында отбасындағы мәселелерді шешуді кейінге қалдыру жағдайында, батыстың қазақ халқына жат әрекеттерінің ықпалын ескеріп, қазіргі кезде қиын балалардың, әсіресе табиғи факторлардың әсерінен жеткіншектер арасында, пайда болуымен түсіндіріледі.
1. 2. Қиын баланың психологиялыќ ерекшеліктері.
А. С. Макаренко “Балаларды жақсы тәрбиелеу - бұл біздің бақытты қарттық шағымыз, жаман тәрбиелеу - бұл біздің келешек қасіретіміз, бұл біздің көз жасымыз, бұл біздің басқа адамдар арасындағы айыбымыз десе, Жүсіпбек Аймауытұлы “ Балаларды бұзуға, түзетуге себеп болатын бір шарт жас күнде көрген өнеге” дейді.
Соңғы уақытта жеткіншек жастағы балалардың ауытқушылық мінез-құлқы ретіндегі қатыгездік, агрессиялық жағымсыз ассоциалды мінез-құлықтарын интенсивті түрде зерттеуді талап етіп отырады. Осындай ауытқушы мінез-құлықтың дамуына ықпал ететін факторларды зерттеу психология ғылымының негізгі мәселелері.
Бұл зерттеушілер қиын балалардың қиқарлық сияқты жағымсыз қасиеттерінің қалыптасуына әлеуметтік-педагогикалық әсер ететіндігін зерттеді.
Революцияға дейін педагогикалық әдебиеттерде және педагогикалық іс-тәжірибелерде жеткіншек жастағы қылмыскерлерге белгілі орын бөлініп келді. Олар соттың шешімі бойынша арнайы түзету орындарында тәрбиеленетін. Ал қиын балалар жайында тіптен сөз болған жоқ, жабық тақырыптар қатарына кірді “жабулы қазан жабық күйінде қала берді”. Әрине, бұл кезде тәрбиесі қиын балалардың болмағандығы емес. Қиын балалар революцияға дейін де болды. Оларға немқұрайлы қатынас білдірді. Олар бір мектептен, екінші бір мектепке, бір интернаттан екіншісіне көшіп жүрді. Бұл балалар барлық жерден қуылатын. Ал нәтижесінде тіптен мектептен шығарылып тасталатын. Соңында қиын балалар “кішкентай қылмыскерлер” қатарына қосылатын және олар жайында арнайы тәрбиемен түзету орнына бармайынша ешкім де есіне алмайтын.
Мінез-құлықтағы қиындық және қиын балалар ұғымы 1920-30 жылдары пайда бола бастады. (Блонский П. П. ) Бастапқыда ғылым саласында емес, күнделікті өмірде қолданылып жүрді. Біраз уақыт ұмытылып 1950-60 жылдардың басында қайтадан қолданысқа енді. Қазірде бұл терминдер ғылыми сөздіктерде нақты орын алып отыр.
Қиын бала … Бұл таныс та, өкінішке орай соңғы кезде жиі қолданылып келе жатқан сөздің астарында не жатыр? Қоғамдық тәртіп сақшылары үшін - ол тәртіп бұзушы, мұғалім үшін - басқа оқушыларға жағымсыз әсер ететін «шартсыз көшбасшы», тәрбиеші үшін - ол өте қозғалмалы, бағынбайтын сотқар бала. Ал ата-аналары үшін ол кім болып келеді? Әрине әрбір ата-ана өз баласын қиын деп санамайды.
“Қиын балалар”, “қиын балалық шақ” туралы түсініктер өткен ғасырдың 20-шы жылдары Е. А. Аркин, П. П. Блонский, В. Н. Мясищев, Г. А. Фортунатова және т. б. ғалымдардың еңбектерінде қолданыла бастады.
В. Н. Мясищев өзінің “Трудные дети в массовой школе” атты еңбегінде: “Жеке педагогтың және педагогикалық ұжымның қиын баламен жұмыс әрекетінде барлық қадыр-қасиеті мен кемшіліктерін айқындауға мүмкіндік туады” деген.
Қиын балалар проблемасын зерттеген педагогтардың бірі - А. С. Макаренко. Оның қиын балалар мен жасөспірімдерге арналған еңбектері отандық педагогиканың алтын қорына енді. Ол балалар тәрбиесі жайлы лекцияларында: “Сіз өз балаларыңыздың тәрбиесін бастамастан бұрын, өзіңіздің жеке мінез-құлқыңызды тексеріңіз . . . Сіздің жеке мінез-құлқыңыз нағыз шешуші нәрсе . . . егер сіз дөрекі немесе маскүнем болсаңыз, ал бәрінен жаманы, егер сіз шешесін балағаттасаңыз, онда сізге тәрбие туралы ойлаудың қажеті де жоқ. Ата-аналардың өздеріне талап қоюы, өз үйелменін қадірлей білуі, өзінің әрбір қадамын қадағалап отыруы - тәрбиенің ең бірінші және ең басты әдісі”, - деді.
А. С. Макаренко кезінде жақсы ұжым ұйымдастыра алды. Мұнда ол әрбір тәрбиеленушінің жеке ерекшеліктерін ескеріп, әрқайсысына ұжым ішінен тиісті орын тауып беретін. Сонымен қоса, ұжымның пікірімен санасып, осы арқылы жеке тәрбиеленушілерге ықпал жасап отырды. Макаренко адам мінезінің кемшілік жақтарын әділ бағалайтын ең негізгі төреші-қоғамдық пікір деп тұжырымдады. Ұжым ішіндегі тәрбиеде түрлі әдістерді өте шебер пайдаланып, жарамсыз қылық жасағандары ұжым талқысына салды. Тентектік жасаған балалармен жеке, не ұжым ішінде әңгімелесу, не күні бұрын белгіленген әңгіме шақыру, т. б. неше түрлі әдістерді жүргізіп отырған.
Баланың мінезін, жалпы деңгейін, ынтасын жақсы білу үшін, оның дамуына адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына не нәрсе қажет екенін әрбір әке, әрбір ана білуге міндетті. «Сіздің балаңыз қалай өмір сүреді, неге қызығады, нені сүйеді, нені қажет етеді, нені қажет етпейді, ең алдымен сіз осыны біліуіңіз керек. Ол кіммен достасады, кіммен ойнайды, не оқиды, оқығандарын қалай қабылдайтынын сіз білуіңіз керек», деген А. С. Макаренко.
Қиын балалрдың психологиялық ерекшеліктері теориялық тұрғыда Выготский Л. С. (1928ж. ) еңбектерінде талқыланды. Сондай-ақ Макаренко А. С. тәжірибелерінен де үлкен орын алды. Бұл мәселенің ары қарай талқылануына үлес қосқан зерттеушілер қатары біршама.
Қиын балалар проблемасымен айналасуда ірі педагог В. А. Сухомлинскийдің де тәжірибесі өте бай. Оның Тиросполь қаласындағы Павливи мектебіндегі жүргізілген жұмыстары үлкен, тәжірибесі мол. Мұнда оқушыларға жеке қатынас жасау әдісі кеңінен қарастырылды. Кезінде В. С. Сухомлинский қиын балалар тәрбиесі жайында былай деген: «Қиын бала - бұл ата-аналардың жіберілген кемшіліктері, отбасында теріс пиғылды болуы, алдау, арбау, мейрімсіздік, адамдардаы жек көрушілік, өз борыштарын өтеуде немқұрайлылық таныту жағдайында өскен гүл сияқты . . . , бұл ата-аналардың балалардың жоспарлауда, оны тәрбиелеуде адамгершілік, танымдық білімдерін, дайындықтарының аздығының нәтижесі».
Донецкідегі Тапскі арнайы мектептің оқытушысы В. Ф. Шаталовтың тәжірибесі, көптеген қиын балалар басқа балаларға қарағанда 1 жыл ішіндегі оқу жоспары бойынша 2 есе алда болатынын дәлелдеді. В. Н. Сорока Ресинскийдің де тәжірибесі тамаша мысал бола алады, ол жалпы оқу әрекетінде қиын балалармен тәрбие процесін құра алады, олардың ақыл-ой дамуында үлкен жетістіктерге жетті. Өзінің осы тәжірибесі жайында ол «Достоевский мектебі» атты кітабында толық ашып көрсетті.
Қиын балалардың жекелік ерекшеліктерін өмір жағдайымен, тәрбиемен өзара әрекеттістігін есепке алып, кешенді құрама түрінде зерттеп, іске асырған П. П. Блонский (1936 ж) болды. Оның зертеуінің негізгі мақсаты - қиын балалардың өмірін анықтау. П. П. Блонский қиын балалардың мінез-құлық тарихын мектеп, отбасы арқылы ашып көрсетеді. Ол қиын балаларға мұғалім қатынасы арқылы «қиын оқушы» терминін нақтылауды жөн көреді. Бұл балаларға былайша мінездеме береді: “Объективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы - мынадай, ол мұғалімнің жұмысының жемісті еместігіне байланысты. Субъективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы - мынадай, онымен мұғалімге жұмыс істеу өте қиын, мұғалімнен көп жұмыс істеуді талап ететін оқушы”. Блонскийдің пікірі бойынша қайта тәрбиелеудің нағыз тура жолы, тәртіп бұзушыларды мәдениетсіз ортадан мәдениетті балалар ұжымына біртіндеп әкелу болып табылады.
Атақты физиолог И. П. Павлов “Әрбір баланың мінез-құлқы ата-анасының жағымды іс-әрекетінен үлгі алу барысында қалыптасады” деп тұжырымдайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz