Өндірісті кеңейтуге салынатын инвестициялар


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІС - ӘРЕКЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 7

1. 1 Инвестициялар экономикалық даму құралы ретінде: инвестицияның

мәні . . . 7

1. 2 Инвестициялық іс-әрекетті бағалаудағы әдістемелік тәсілдемелер . . . 15

1. 3 Инвестициялық іс-әрекетті реттеуді экономикалық механизмдері . . . 20

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ

КЛИМАТ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ . . . 24

2. 1 Қазақстан Республикасында инвестициялық іс-әрекетіндегі

мемлекеттің ролі . . . 24

2. 2. Қазақстан Ресупбликасының инвестициялық үрдістің даму

бағыттар динамикасындағы тенденциялар . . . 30

3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ

ТАРТУ САЯСАТЫ . . . 44

3. 1. Қазақстандағы инвестициялық - қаржылық жоспарлау мәселелерінің

даму жолдары . . . 44

3. 2. Қазақстандағы экономикалық дамуды инвестициялық қамтамасыз

етудің өзекті мәселелерін шешу жолдары мен реттеу механизмдері . . . 48

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 60

ҚОСЫМШАЛАР . . . 63

КІРІСПЕ

Тақырыпты зерттеу өзектілігі. Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік - экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез - келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор.

Инвестициялар - бұл сақтау және ұлғайту мақсатында капиталды түрлі экономика салаларына ұзақ мерзімді салу. [1, 18] Инвестор құнды қағаздарға табыс түрінде дивиденд ала отырып, өзінің қаржылық капиталын арттырады. Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамасына сәйкес, инвестициялық іс-әрекет төмендегілер есебінен қаржыландырыла алады:

- меншік қаржылық ресурстар және ішкі шаруашылық резервтер;

- қарызға алынған қаржы қаражаттары;

- акция сатудан, еңбек ұжымдарының мүшелерінің жарналары, азамат, заңды тұлғалардың жарналары есебінен алынған, тартылған қаржы қаражаттары;

- Қазақстан Республикасының инвестициялық белсенділігін талдау.

Қазақстан Республикасының түрлі аймақтарының инвестиция үшін тартымдылығы бірдей еместігін көрсетеді, ол олардың даму теңсіздігімен, сондай-ақ инвесторлар үшін неғұрлым тартымды өнеркәсіптік объектілердің белгілі бір территорияда шоғырлану жағдайымен шартталған.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың неғұрлым жоғары қарқыны 2002-2004 жылдары Батыс Қазақстан (2, 8 есе) мен Атырау облыстарында (31%) байқалды. Ал Қостанай (1, 1%), Ақтөбе (0, 8%) облыстары мен Астана қаласында сомалық инвестициялардың айтарлықтай төмен көлемі байқалды.

Инвесторлар үшін (әсіресе, шетел) тау-кен өнеркәсібі мен мұнай газ кешенінің объектілері ерекше қызығушылық тудырады. Оларды салуға жалпы инвестициялар көлемінің 50% шетел қаражаттары салынған, екінші орынды - өңдеуші өнеркәсіп объектілері, үшінші орынды - көлік және байланыс, сауда және автокөлік жөндеу объектілері алады. Қазақстан Республикасының барлық шаруашылық субъектілерінің, өнімөндіру көлемі және кәсіпорын персоналының саны бойынша шағын кәсіпорындар, сондай-ақ үй шаруашылықтарының жиынтық табыстары жалпы облыс бойынша табыстан басым түседі. Осылайша, мысалы, Шығыс Қазақстан облысында ол (ірі кәсіпорындардың меншік табысы) 1. 01. 03 жылы 1, 5 есеге, Ақтөбе, Қостанай, Оңтүстік Қазақстанда - 1, 2 есеге, Павлодарда - 7, 6 есеге, Атырауда - 6, 8%-ға, Қызылордада - 2, 6%-ға жоғары болды. Сонымен қатар, Жамбыл, Қарағанды облыстары және Астана қаласының ірі кәсіпорындарының, жалпы аймақ бойынша жиынтық шығын байқалғанда, орташа нарықтық табыс алуы қызығушылық тудырады.

Айта кететін бір жәйт, инвестициялар өсімінің қарқыны бойынша, экономикалық стагнация жағдайында болып отырған Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау облыстары мен Астана қаласы өз жағдайларын сақтап, біртіндеп экономикалық дамуды бастай алады.

Инвестициялық даму жоспарының кешенді жүйесін өңдеу барысында мемлекеттік және территориалды - салалық қызығушылықтарды үйлестіру мен оған жету шараларының кешенін анықтау мәселесі ерекше қиындылық тудырады.

Зерттеу маңыздылығы: Инвестициялар - ұзақ мерзімді процесс болып табылады (ең алдымен салынған қаражаттарының қайтарылуы мен көбейтілуіне жағдай жасайтын инвестор үшін) . [2, 36] Осыған ұқсас жағдай Қазақстандық кәсіпкерлердің ақпараттық қамтамасыз етілуінде қалыптасты: олардың көбісі үшін потенциалды инвесторларды іздеу мүмкіндігі жоқ деуге болады. Шетел инвесторларын болашақ пайда алу үшін қандай да бір кәсіпорындар қызықтырады, бірақ оларды анықтау Қазақстанда өте қиын. Бұл жерде маңызды жалпы ұлттық мағынаға ие ірі кәсіпорындар жайлы айтылып отырған жоқ. Көбінесе күрделі қаржылық мүмкіндіктерге ие банктер жалпы массадан қарыз қаражаттарын алуға қызығушылық тудырған кәсіпорындарды анықтай алмайды. Тек компанияның “мөлдірлігі” және нарықтың “мөлдірлігі” ғана инвестормен реципиенттің бір-бірін табу мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Зерттеудің мақсаты мен мәселелері: Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері жайлы ақпарат көлемі жеткіліксіз болып табылады. Көптеген инвесторлар үшін негізгі ақпарат көзі болып халықаралық ұйымдардың аналитикалық есептері мен Қазақстандық емес бұқаралық ақпарат құралдары қала береді. Инвесторлар заңнама мен нормативтік актілер (50%) жайлы Қазақстандағы инвестициялық жобалар тәжірибесі жайлы (45%) ақпаратқа, жекелеген Қазақстандық нарықтар жайлы маркетингтік ақпаратқа (25%), жалпы саяси ақпаратқа (23%), жалпы экономикалық ақпаратқа (20%) Қазақстанның жекелеген кәсіпорындары туралы техникалық және қаржылық ақпаратқа (20%) қажеттілік тудырады.

Осыған сәйкес көздеген мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді алға қоямыз:

- инвестициялық іс - әрекеттің теориялық негіздері жағдайларын ашу;

- Қазақстан Республикасының инвестициялық климат жағдайына талдау жасау;

- Қазақстанның қазіргі кезеңдегі инвестицияларды тарту саясатын қарастыру.

Зерттеу әдістері: Мен дипломдық жұмысымда ең алдымен инвестициялар экономикалық даму құралы ретінде: инвестицияның мәні, түрлері және қайнар көзі, инвестициялық іс-әрекетті бағалаудағы әдістемелік тәсілдемелер және инвестициялық іс-әрекетті реттеуді экономикалық механизмдері мәселелеріне де біраз талдау жасап кетуді жөн деп шештім.

Ғылыми жаңалығы: Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы 1997 жылдың басында Республика Парламентінің бір қатар жаңа заңдарды қабылдауына байланысты артуда. Осылайша, “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы” Заң инвесторлар құқықтарын арттырған жаңа заңдық ережелерге ие болды. “Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы” Заңның шығуымен республикада инвестициялық қорлар сияқты жаңа қаржылық институттардың пайда болуы жайлы айтуға болады. “Инвестициялар туралы” жаңа Заң екі әрекет етуші заңды біріктірді: Қазақстан Республикасының “Шетел инвестициялары туралы” Заңы және Қазақстан Республикасының “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы” Заңы. Осылайша, республикада болып жатқан өзгерістер Үкімет саясатының инвестициялық белсенділікті арттыруға, сондай-ақ Қазақстан экономикасына тікелей инвесицияларға қолайлы жағдай жасау тәртібін құруға бағытталғандығын дәлелдейді. Қалай дегенменде, болып жатқан процестердің абсолютті “тазалығына” елдегі шетел инвесторларының шаруашылық ету жағдайларын реттейтін, бір -біріне қайшы келіп, үнемі өзгеретін заңды және нормативтік актілер, түрлі талқылаулар, кейде тіпті жекелеген басқару органдарының олардың экономико-құқықтық мәртебесін елемеуі тосқауыл болады.

Өнеркәсіптің аймақтық салалық құрылымының деградациясы инвесициялық дағдарыстың ең қауіпті формасы болып табылады. Машина құрылысы, құрылыс индустриясы, құрылыс материалдарының өнеркәсібіне айтарлықтай дағдарысы салдарынан аймақтардың кешенінің қолайлы базалық салаларының бұзылуы байқалуда. Инвестициялардың аймақтық нарықтарының қалыптасуына республикалық бюджет қаражаттар аз салынған, айтарлықтай қомақты шамалар тек Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы облыстары, Астана мен Алматы қалаларында ғана құрайды. Сондай-ақ күрделі салымдарды қаржыландыруға мемлекеттік орталықтандырылған қаражаттарды бөлу барысында шаруашылық аймақтарының қызмет ету тиімділігі мен олардың республиканың ЖІӨ-нің қалыптасуына қатысу дәрежесі ескерілмеген. Аймақтар экономикасын инветсициялау саласындағы жағдайға жасалған талдау терең инвестициялық жағдарысты дәлелдейді. Оның одан әрі тереңдеуі таяу арада өндірістің айтарлықтай деңгейге төмендеуіне әкелуі мүмкін. Аймақтарда, әлі күнге дейін, меншік өндірістік потенциалды жаңарту және өндірістік емес саланы дамыту үшін нақты алғышарттар жасалмаған. Жекелеген аймақтар экономикасына күрделі салымдардың салыстырмалы ұлғаюы республикалықпен салыстырғанда негізінен экономиканың шикізат және жаңармай - энергетикалық секторлары, сондай-ақ Астана қаласындағы жеделдетілген құрылыс есебінен жүзеге асырылған. Осындай жағдай аймақтық инвестициялық саясатты жүзеге асырудың негізгі концептуалдық тәсілдемесін өзгерту қажеттілігі туындағанын дәлелдейді.

Зерттеу құрылымы: Бұл жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

Кіріспеде зерттеу жұмысының өзектілігі негізделеді, тақырыптың зерттеуіне жалпы баға береді, мақсаттар мен міндеттер қойылып, зерттеу жұмсының теориялық және әдістемелік негіздері және жұмыстың ғылыми жаңалығы көрсетіледі.

Бірінші бөлімде инвестициялық іс - әрекеттің теориялық негіздері, инвестициялар экономикалық даму құралы ретінде: инвестицияның мәні, түрлері және қайнар көзі, инвестициялық іс-әрекетті бағалаудағы әдістемелік тәсілдемелер және инвестициялық іс-әрекетті реттеуді экономикалық механизмдері қарастырылған.

Екінші бөлімде Қазақстан Республикасының инвестициялық климат жағдайын талдау, Қазақстан Республикасында инвестициялық іс-әрекетіндегі мемлекеттің ролі, Қазақстан Ресупбликасының инвестициялық үрдістің даму бағыттар динамикасындағы тенденциялар мәселелеріне тоқталдық.

Үшінші бөлімде Қазақстанның қазіргі кезеңдегі инвестицияларды тарту саясаты, Қазақстандағы инвестициялық - қаржылық жоспарлау мәселелерінің

даму жолдары, Қазақстандағы экономикалық дамуды инвестициялық қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін шешу жолдары мен реттеу механизмдері қарастырылады. Зерттеу нәтижесі қорытындыда қарастырылады.

1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІС - ӘРЕКЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Инвестициялар экономикалық даму құралы ретінде: инвестицияның мәні

Инвестициялар - бұл сақтау және ұлғайту мақсатында экономиканың түрлі салаларына ұзақ мерзімді капитал салымдары. Қазақстан Республикасының “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы” заңда Қазақстан Республикасы егеменді кепілдіктермен байланысты және Қазақстан Республикасы ұсынылатын гранттар немесе ресми техникалық көмек шектеріне кіретін инвестицияларды қоспағанда, инвестицияның барлық түрлерін, атап айтсақ, тікелей инвестицияларды бөліп көрсетеді.

Жанама инвестициялар - бұл қоржындық салымдар (құнды қағаздар немесе мүліктік құндылықтар жиыны) . Инвестициялаудың келесі формасынан жер учаскелерін мүліктік құндылықтарды (ақшалай эквивалентпен бағаланатын), өнеркәсіптік меншік құқығын беруге лицензияларды, өндіріс құпияларын, бір нәрсені ойлап табуға патенттерді, жаңа технологияларға куәліктерді, тиімді үлгілер мен өнеркәсіптік үлгілерді, тауарлық белгілерді, фирмалық атауларды, өндіріс өнімі және технологиясына сертификаттарды сатып алу және жерді пайдалану құқықтары жатады. [3, 28]

Инвестициялардың тиімді типтері. Кез келген фирманың іс - әрекетінің маңызды салаларының біріне инвестициялық опреациялар жатады, яғни 1 жылдан асатын кезең аралығында фирманың табыс алуын қамтамасыз ететін жобаларды жүзеге асыруға ақша қаражаттарын салумен байланысты операциялар.

Коммерциялық тәжірибеде инвестицияның келесі типтері бөліп көрсетіледі:

- Физикалық активтерге инвестициялар;

- Ақшалай активтерге инвестициялар;

- Материалдық емес активтерге инвестициялар;

Физикалық активтер дегеніміз өндірістік ғимараттар мен құрылыстар, сондай-ақ 1 жылдан астам мерзім бойы қызмет ететін машиналар мен құрал-жабдықтардың кез келген түрлері, өндірісте қолданылатын немесе өтімділікке ие кез келген басқа да мүліктер болып табылады.

Ақшалай активтер дегеніміз басқа жеке және заңды тұлғалардан ақша сомаларын алуға құқықтар түсіндіріледі. Бұл банктегі депозиттер, облигациялар, акциялар, несиелер, қарыздар, кепіл заттар және тағы басқалары.

Материалдық емес активтер деп фирманың персоналдарды қайта оқыту немесе біліктілігін арттыру бағдарламаларын, сауда белгілерін өңдеуді, ойлап табуға патенттер, тиімді үлгілер мен өнеркәсіптік үлгілерге куәліктер, өндіріс өнімі және технологиясына сертификаттар, сондай-ақ жерді пайдалану құқықтары сияқты өнеркәсіптік меншік құқығын беруге лицензияларды сатып алуды жүзеге асыру нәтижесінде алынатын құндылықтары түсіндіріледі.

Инвестициялаудың барлық типтері фирманың бәсекеқабілеттілігі мен несиеқабілеттілігін сақтау үшін және оны дамыту үшін зор маңызға ие.

Нақты активтерге салынатын инвестициялардың жіктелуі. Нақты активтерге инвестицияларды салуды дайындау және оны талдау инвестициялардың түрінен айтарлықтай тәуелді болады, яғни кәсіпорындардың алдында тұрған мәселелердің қайсысын инвестицияның көмегімен шешуге болатынынан тәуелді болады. Осы тұрғыдан, инвестициялаудың мүмкін болатын барлық түрлерін төмендегідей негізгі топтарға үйлестіруге болады:

- Тиімділікті арттыруға салынатын инвестициялар. Олардың мақсаты ең алдымен құрал-жабдықтарды айырбастау, персоналды оқыту және неғұрлым тиімді өндіріс жағдайлары бар аймақтарға өндірістік қуаттардың орынын ауыстыру арқылы фирма шығындарын төмендету үшін жағдай жасау болып табылады.

- Өндірісті кеңейтуге салынатын инвестициялар. Осындай инвестициялаудың мақсаты әрекет етуші өндірістер шегінде ертеректе қалыптасқан нарықтар үшін тауарлар шығару мүмкіндіктерін кеңейту болып табылады.

- Жаңа өндірістерді құруға салынатын инвестициялар. Мұндай инвестициялар кәсіпорындармен бұрын шығарылмаған тауарларды шығаратын (жаңа қызметтер типін көрсететін) мүлдем жаңа кәсіпорындардың құрылуын қамтамасыз етеді, немесе фирмаға бұрын шығарылған тауарларымен ол үшін жаңа нарықтарға шығу мүмкіндіктерін береді.

- Мемлекеттік басқару органдарының талаптарын қанағаттандыру мақсатында салынатын инвестициялар. Бұл инвестицияның түрі егер кәсіпорын биліктер талаптарын не экологиялық стандарттарға қатысты, не өнімнің қауіпсіздігіне қатысты, немесе тек қана менеджментті жетілдіру есебінен қамтамасыз етілмейтін өзге де іс - әрекет шарттарына қатысты талаптарын қанағаттандыру қажеттілігіне тап болған жағдайларда ғана қажет болады.

Инвестицияның осындай түрдегі жіктемесін енгізуге мәжбүрлейтін себеп олардың өздерімен байланысты түрлі тәуекел деңгейлері болып табылады. [4, 32]

Толық ғылыми техникалық және өндірістік циклды (ғылыми-техникалық өндіріс), сондай-ақ оның элементтерін де (кезеңдерін) инвестициялауға болады: атап айтсақ ғылыми зерттеулер, жобалық конструкторлық жұмыстар, әрекет етуші өндірісті кеңейту немесе қайта құру, жаңа өндірісті ұйымдастыру немесе жаңа өнімді шығару және тағы басқа.

Инвестицияның объектілерін төмендегілер бойынша бөліп қарастырады:

  • Жоба масштабтары бойынша (шағын жобалар мен мега жобалар) ;
  • Жобалардың бағыты бойынша (коммерциялық бағыт, әлеуметтік бағыт, мемлекеттік қызығушылықтармен байланысты бағыт және тағы басқа) ;
  • Инвестициялық циклдың сипаты мен мазмұны бойынша (өмірлік циклдың барлық кезеңдері немесе жекелеген кезңдер ғана) ;
  • Мемлекеттің қатысу сипаты мен дәрежесі бойынша (мемлекеттік күрделі салымдар, акция пакеттері, салық жеңлдіктері, кепілдіктер, өзге де қатысу формалары) ;
  • Салынған қаражаттардың өзін - өзі ақтау дәрежесі мен ерекшеліктері бойынша.

Шағын жобалар масштабы бойынша кішкентай болып келеді, олар қарапайым және көлемдері бойынша шектелген. Осылайша американдық тәжірибеде капитал салымдары 10-15 млн. долларды құрайды, ал еңбек шығындары 40-50 мың адам/сағаттарды құрайды. Жоғарыда аталған шағын жобалардың мысалдары: тәжірибелі - өнеркәсіптік құрылғылар, шағын (көбінесе блокты - модульды атқарылымдағы) өнеркәсіптік кәсіпорындар әрекет етуші өндірісті жаңаландыру.

Мегажобалар - бұл мақсатты бағдарламалар, бөлінген ресурстармен және олардың орындалуына берілген уақытпен, жалпы мақсатпен біріктірілген өзара байланысты жобалардың мазмұны. Мұндай бағдарламалар былайша жіктеледі: халықаралық, мемлекеттік, ұлттық, аймақтық (мысалы, еркін экономикалық зоналардың дамуы), салалық және аралас. Тәртіп бойынша бағдарламалар басқаруының жоғарғы деңгейінде қалыптасып құпталып және реттеледі, яғни басқарудың мемлекеттік (мемлекет аралық), республикалық, облыстық, муниципалды деңгейлері және тағы басқа. [5, 19]

Мегажобалардың төмендегідей бірқатар ерекше сипаттары болады:

  1. Құнының жоғарылығы - шамамен 1 мрлд доллар және одан аса;
  2. Капиталды көп қажет етуі - осындай жобалардың қаржы қаражаттарына деген қажеттілігі, тәртіп бойынша дәстүрлі емес, (акционерлік, аралас) қаржыландыру формаларын талап етеді (әдетте фирмалар консорциумдардың күштерімен;
  3. Еңбекті көп қажет етуі - жобалауға 2 млн. адам/сағат, құрылысқа 15-20 млн. адам/сағат;
  4. Жүзеге асырудың ұзақтығы - 5-7 және одан астам жыл;
  5. Басқа елдердің қатысу қажеттілігі;
  6. Жүзеге асыру аудандарының шалғайлығы, сәйкесінше инфрақұрылымға қосымша шығындарды қажет етуі;
  7. Аймақтың, тіпті жалпы елдің әлемдік және экономикалық ортасына ықпал етуі.

Өзінің өндірістік-экономикалық потенциалын (әлеуетін) сақтау және дамыту кәсіпорындарының өндірістік шаруашылық іс-әрекетінің маңызды жақтарының бірі болып табылады. Осы бағыттағы кәсіпорындардың іс - әрекеті инвестициялық іс-әрекеті деп аталады. Қазақстан Республикасының “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы” Заңына сәйкес инвестициялық іс-әрекет дегеніміз инвестицияларды жүзеге асыру процесімен байланысты кәсіпкерлік іс-әрекет болып табылады.

Инвестициялық іс - әрекет субъектілеріне инвесторлар (инвестициялық іс-әрекетті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар), тапсырыс берушілер, жұмысты орындаушылар, инвестициялық іс - әрекет объектілерін пайдаланушылар, сондай-ақ жабдықтаушылар, заңды тұлғалар (банктік, сақтандыру және делдалдық ұйымдар, инвестициялық қорлар) және инвестициялық процестердің өзге де қатысушылары жатады. Тапсырыс беруші инвесторлар, сондай-ақ инвестициялық процестердің басқа қатысушыларының кәсіпкерлік немесе өзге де іс - әрекетіне араласпай, инвесторлармен инвестициялық жобаны жүзеге асыруға өкілеттенген кез келген басқа да жеке және заңды тұлғалар қатыса алады (егер бұл жағдай олардың арасындағы келісімшартпен қарастырылмаса) .

Инвестициялық іс - әрекет субъектілері ретінде жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде шетелдік тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар бола алады. Инвесторлар инвестициялар формасында меншік, қарызға алынған және тартылған қаражаттардың салынуын жүзеге асырып, олардың мақсатты пайдалануын қамтамасыз етеді. [6, 27]

Инвесторлар, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік және муниципалды органдар, инвестициялық іс-әрекет объектілері құрылатын шетел мемлекеттері мен халықаралық ұйымдар инвестициялық іс-әрекет объектілерін пайдаланушылар бола алады.

Инвестициялық іс - әрекет субъектілері инвестицияның тәжірибелік қолданылуы жүзеге асырылатын инвестициялық салада әрекет етеді. Инвестициялық саланың құрамына мыналар кіреді:

- Күрделі құрылыс саласы - мұнда салалардың негізгі және айналым өндірістік қорларына инвестицияның салынуы жүзеге асырылады;

- Инвестициялық сала - мұнда ғылыми - техникалық өнім мен интелектуалдық потенциал (әлеует) жүзеге асырылады;

- Қаржылық капиталдың айналыс саласы (түрлі формадағы ақшалай, ссудалық және қаржылық міндеттемелер) .

Кәсіпорындардың инвестициялық іс - әрекеті Қазақстан Республикасында “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы”, “Заң күші бар Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығына өзгерістер мен толықтырулр енгізу туралы”, “Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы”, “Шетел инвестициялары туралы” Заңдарымен, сондай-ақ “Банкроттық туралы”, “Концессиялар туралы”, “Құныд қағаздар нарығы туралы”, “Сырттан қарыз алу және сыртқы қарызды басқару туралы”, “Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы” Заңдар мен және басқа да бірқатар нормативтік актілермен реттеледі.

Инвестицияның қайнар көзі. Шетел салымдарының көрсетілген деңгейінің өте төмен болып табылатынын (Қазақстан экономикасының масштабын ескере отырып), әсіресе оның әлемнің басқа елдерімен шетел инвестицияларын тарту барысында өте төмен болатынын айта кету керек. Осылайша, соңғы жылдардағы Таиландтың экономикасына тек тікелей шетел салымдарының жыл сайынғы құйылуы 2, 5 млрд. долларды, Мексика мен Малайзияның - 10 млрд. долларды, Қытайдың - 25 млрд. долларды, ал АҚШ экономикасына 60-65 млрд. долларды құрады.

Осындай жағдайдың себебіне сақталып отырған Қазақстандағы онша қолайлы емес инвестициялық климат жатады. Оның сипаттамалары мыналар:

- Заңнаманың тұрақсыздығы;

- Өнеркәсіптік өнім мен қызметтерге ішкі сұраныстың шұғыл қысқаруы себеп болған 1991 жылдан бастап дағдарыста болған өндірістің төменгі қарқыны;

- Жаплы экономикадағы және жекелей алғанда шетел инвстициялары саласындағы нормативтік - құқықтық базаның жетілдірілмеуі;

- Салық салу мен сыртқы сауда баждары деңгейінің жоғарылылығы;

- Сапалы инфрақұрылымның жеткіліксіздігі;

- Шетел инвестицияларын тарту саласындағы әлсіз мемлекеттік саясат;

- Жергілікті шенеуніктердің жемқорлығының жоғарғы дәрежесі.

Қазақстанда еркін экономикалық зоналар қажетті даму деңгейіне жеткен жоқ (ЕЭЗ) . Еркін экономикалық зоналар туралы нақты нормативтік -құқықтық актілер болмаған кезде ұқсас зоналар құрылған болатын (Лисаковск, Жаркент т. б. ) . Олар негізінен құқықтық вакуумде әрекет етті. Бұл кәсіпкерлердің билікпен үнемі келіспеушілікке келуіне және инвесторлар үшін жеңілдіктерді туынды түрде енгізіп, одан бас тартуға әкелді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық климаттың мәні және әсер ететін негізгі факторлары
Инвестицияның жіктелуі және түрлері
Инвестиция және оның Қазақстан Республикасындағы қызмет етуi туралы
Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметінің қаржыландыру деңгейіне талдау және жетілдіру жолдары
Инвестициялар жайлы
Инвестициялық қызметтің мәні мен принциптері
Инвестиция туралы түсінік
Шетелдік инвестициялар
Инвестициялық портфельдің экономикалық негіздері
Автономды және индуцирлі инвестицияның теориялық негіздері. Кәсіпорынның инвестициялық портфелінің тиімділігін талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz