Зеренді ауданының шағын өзен көлдерінің сипаттамасы


Мазмұны
Кіріспе . . . 4
- Зеренді ауданының физикалық-географиялық сипаттамасы . . . 8Физикалық -географиялық орны . . . 8Геологиялық құрылысы, тектоникасы . . . 9Рельеф жағдайы . . . 10Климаты . . . 11
- Зеренді ауданының шағын өзен-көлдерін зерттеп игеру . . . 13Шағын өзен-көлдердің жалпы сипаттамасы . . . 13Ауданның тұщы су көздерін комплексті пайдалану жолдары . . . 23Зеренді ауданының шағын өзен-көлдерінің экологиясы . . . 24
- Су қорларын ластанудан және сарқылудан қорғау . . . 28Судың күйлері жөніндегі негізгі түсініктер және шағын өзен-көл суларының қазіргі жай-күйі . . . 28Табиғат суларының негізгі ластану көздері және су қорларының
ластануы мен сарқылуының себептері . . . 30
- Су көздерінің тазалығын сақтау және қалпына келтіру шаралары . . . 33Су көздерінің өзін -өзі тазалау және оны жеделдету . . . 37
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 39
Қосымшалар
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Ақмола облысының Зеренді ауданы - Ақмола облысының солтүстігінде орналасқан әкімшілік бөлік. Аудан солтүстік батысында Солтүстік Қазақстан облысымен, шығысында Бурабай, оңтүстігінде Сандықтау аудандары жерімен шектесіп жатыр. Аудан 1935 жылы құрылған. 1997 жылы Көкшетау ауданымен біріктірілді. Жерінің аумағы 8, 0 км². Тұрғыны 50, 2 мың адам. Аудандағы 85 елді мекен 11 ауылдық, 3 кенттік әкімшілік окруктерге біріктірілген.
Аудан орталығы- Зеренді ауылы. Ауданының 11429 гектарын су объектілері құрайды. Территориясында 43 көл, 5 өзен, 3 тоспа бөгет, 1 су қоймасы, яғни 48 табиғи, 4 жасанды су объектілері бар.
Өзендердің сулары көбінесе егістік, шабындық жерлерді суаруға, елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуге пайдаланылады.
Зеренді ауданында ащы және тұщы көлдері көп. Көлдерінің 18% шаруашылықтарда пайдаланылады.
25% шаруашылыққа пайдасы шамалы игерілмеген болып келеді. Соның ішінде Ірі көлдері- 9, орташа көлдері-10, кіші көлдері - 24, тұщы көлдері - 42, сонымен қатар 2 тұзды көлі бар.
Ауданның оңтүстігінен солтүстігіне қарай Шағалалы өзенімен оның оң саласы -Қылшақты өзені ағып өтеді. Оңтүстігінен Есіл өзенінің салалары - Жабайы, Аршалы, Қошқарбай өзендері бастау алады.
Аудан жерінде көл көп. Солардың ішінде ірілері: Зеренді, Қарағайлыкөл, Айдабол, Бірқыз, Шымылдықты, Құмдыкөл (тұщы), Қараңғыүнгір, Жамантұз, Жолдыбай, Ахметжансор көлдері жатады.
Шағын өзендер беткі ағынның басым бөлігін құрайды.
Ірі өзендер жоқ. Бұл категорияларға кеме жүрмейтін суы таяз өзендерді жатқызады. Шағын өзендер өнеркәсіп комуналдық және ауыл шаруашылық мекемелерінің қалған қалдық лас суларымен ластанып, түбіне тунба лай жиналып деңгейі төмендеп тартылып таязданады.
Шағын өзендердің шаруашылық климаттық рекрациялық маңызы зор. Шағын өзендер елді мекендерді қалаларды сумен қамтамасыз етеді, шағын өзендердің жайылмаларында мыңдаған гектар шабындық және жайылымдық жерлер ауыл шаруашылығында пайдаланылады.
Шағын өзендерде жасанды тоғандар жасалып, кәсіптік балық шаруашылығы дамыған. Жасанды су қоймалары, Шағалалы өзені елді мекенінде орналасқан. Ол Көкшетау қаласын сумен қамтамасыз етеді.
Шағын өзендер көбінесе жауын- шашын, еріген қар суы және жер асты суымен коректенеді. Өзеннің алабының беткі ағыс қоректену бассейні сол өзенінің жер асты суларының қоректену бассейні шекарасына сәйкес келмейді.
Территорияның, ылғалдануын мына формула бойынша анықтаймыз.
У =C + И (формула1) [11]
У - территориялық ылғалдану
С- жер асты суының толық жер асты ағыны
И- буланушылық
Өзеннің жер асты суымен қоректенуінің коэффиценті мына формула бойынша есептелінеді.
Кn= C /У (формула 2) [12]
Кn= коэффицент көлемі географиялық ерекшеліктерге байланысты.
Мысалы: Дала- 0, 30 . . . 0, 38
Орманды дала - 0, 11 . . . 0, 29 болып белгіленеді.
Ауданымызда 2000 жылға қарағанда табиғи су көздерінен су алу ұлғайып келеді. Ұзақ уақыттан бері күрделі жөндеуден өтпеген тарамдаған және магистральді су құбырларының тасымалдау кездегі жағдайының нашар болуынан өте көп су ысырапталды.
Тасымалдау кезеңде 2006 жылы 5, 1 млн м³, 2007 жылы 3, 2 млн м³ су ысырап болды. 2001-2003 жылдары суды тұтыну 3-ке ұлғайды. Шағалалы өзенінің басты ластанушысы болып нөсер жауын кезінде елді мекендерден сонымен бірге минералды және органикалық тыңайтқыштардан ағатын еріген қар және жауын шашын сулары саналады.
Ал тыңайтқыштардан келетін судың құрамына аммиак, нитрат, нитрит сияқты азот құрамада зиянды заттар мол. Аудан орталықтарындағы канализациялық тазартқыш құрылғылар толығымен тозып кетуіне байланысты жабылған, яғни істен шыққан. Ауылдық селолық мекендердегі ағын су әдетте тазартылмай ол ақаба сулар жинақтаушыларға және сүзбе алаңына жіберіледі.
Жұмыстың актуальдылығы. Тың игеру жылдары аудан жерінің басым бөлігі жыртылған. Табиғат қорағу шараларының уақыт озбай дер кезінде жүргізілмеуі, соңғы 20 жыл аралығында аудандағы шаруашылықтардың өзен-көл суларын шамадан тыс пайдалануы өзендер мен көлдердің су деңгейінің төмендеуіне, таязданып құрғауына басты себеп болады.
Кәсіптік маңызы бар ауланатын балықтар- карп, линь, карась, шортан, табан, шабақ балықтары.
Жоғарыда айтқандай қазіргі экологиялық жағдайлардың өзектілігіне байланысты су қоймалары мен Қазақстан жеріндегі өзен-көлдерді қорғауға алып, қандай өзендер мен көлдер қандай жағдайда екенін білу қазіргі экология үшін маңызды болып табылады. Сондықтан да біз дипломдық жұмысымызда Зеренді ауданында орналасқан кіші және аз болса да өзендерді зерттеп қарастырып отырмыз. Себебі, Зеренді ауданында ораналасқан көлдер мен өзендер жайын зерттеп, ғылыми жұмыс қорғалмағаны бәрімізге мәлім. Әсіресе, болашақ ұрпақ үшін өз отанының табиғатын білу қазіргі қоғамның өзекті мәселесі болып табылмақ.
Дипломдық жұмыстың зерттелу деңгейі . Жалпы Зеренді ауданы туралы ғылыми энциклопедияларда берілгенімен толықтай осы аудандағы өзен көлдерді жеке-жеке қарыстырып, зерттеген толықтай еңбек жоқтың қасы болып табылады. География оқулықтарында қысқаша түрде ғана қарастырылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері : Біз дипломдық жұмысымызда Зеренді ауданының табиғи сипаттамасы мен онда орналасқан өзен-көлдердің түрлерін қарастыра отырып, алдымызға төмендендегідей мақсаттар мен міндеттер қойдық:
- Зеренді ауданында орналасқан барлық ірілі ұсақты өзен көлдерді жеке-жеке қарастырып, саралу;
- Өзен мен көлдердің әрбірінің ерекшеліктеріна назар аудару;
- Өзен мен көлдерде мекен ететін балық және тағы басқа жан-жануарлардың өміріне терең көз жүгірту;
- Өзен көлдердің қандай көлемде терең екеніне және физикалық сипаттамасын алға тарту;
- Өзен-көлдер жайында толық статистикалық мәлімет көздерін жинау.
- Қазіргі экологиялық проблемалардың бірі - өзен-көлдердің ластануы жайында терең сараптама жүргізу;
Дипломдық жұмысының ғылыми жаңалығы . Жоғарыда атағанымыздай Зеренді ауданы және ондағы өзен-көлдер жайында зерттеу еңбенктері аз болғандықтан біз осы жұмысымызда өзен-көлдер мен Зеренді ауданының табиғи жағдайы жайында өте көп және маңызды мәліметтер мен зерттеу жұмыстарын жасадық. Соның нәтижесінде біз бұрын-соңды аты аталмағын өзен-көлдер мен онда мекендейтін түрлі жәндіктер жайында тың мәліметтер көзін аштық.
Дипломдық жұмыстың тәсілдері : Диплом жұмысын жазу барысында біз талдау, сараптау, ғылыми, тарихи-статистикалық, статистикалық, сұрақ-жауап, салыстырмалы, баяндау, теориялық тағы басқа.
Дипломдық жұмыстың нысаны. Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Зеренді ауданының табиғи жағдайы мен өзен-көлдер мен сондамекен ететін жәндіктер түрелірін диплом жұмысымыздың негізгі нысаны етіп аолық.
Диплом жұмысының ғылыми-тәжірибелік мәні : Жұмыстың нәтижелері мен тұжырымдары, орта мектептерге, жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтар жазуда, сондай-ақ география пәні бойынша арнаулы курстар мен семинарлар жүргізуде, мектеп оқулықтары мен сабақтарында, зерттеулерде ғылыми мағлұматтар беруге көмектесері анық.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар. Зеренді ауданының табиғи жағдайы мен өзен-көлдер мәселесін қарастыру барысында төмендегідей тұжырымдарды ұсынамыз.
- Зеренді ауданының географиялық орны мен табиғи ерекшелігіне талдау жасалынды;
- Ауданда орналасқан бұрын қарыстырылмаған өзен-көлдер мен жәндіктер тізімі қарастырылды;
- Қазіргі экологиялық табиғаттың бұзылуы және судың ластану мәселесі талданады;
- Өзен-көлдер жайында терең статистикалық мәліметтер көзі шоғырланады;
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, үш үлкен бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
Кіріспеде дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі, зерттеудің мақсаты мен міндеті, ғылыми жаңалығы, зерттеу нысаны, зерттеу барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер, теориялық және әдіснамалық негіздері баяндалады. Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар анықталады.
Бірінші бөлім « Зеренді ауданының физикалық-географиялық сипаттамасы» деп аталып, онда Зеренді ауданының физика-географиялық орны, геологиялық құрылысы мен тектоникасы және рельеф жағдайы мен климаты талданады. Ол төрт тараушадан тұрады.
Екінші бөлім « Зеренді ауданының шағын өзен-көлдерін зерттеп игеру» деп аталып, онда Зеренді аймағындағы шағын өзен-көлдердің жалпы сипаттамасы және ауданның тұщы су көздерін комплексті пайдалану жолдары мен Зеренді ауданының шағын өзен-көлдерінің экологиялық жағдайына талдау жасалынды. Аталмыш бөлім з тараушадан құралған.
Үшінші бөлім « Су қорларын ластанудан және сарқылудан қорғау» деп аталып, онда Зеренді аймағындағы шағын өзен-көл суларының қазіргі жай-күйі, су қорларының ластануы мен сарқылуының себептері және су көздерінің тазалығын сақтау және қалпына келтіру шараларына байланысты мәселелер талданды. Бұл тарау да үш тараушадан тұрады.
Қорытындыда талдау барысында дипломдық жұмыстың негізгі қорытындылары мен нәтижелері жалпы сипатта берілген.
- ЗЕРЕНДІ АУДАНЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫ
Зеренді ауданы- Ақмола облысының солтүстігінде орналасқан әкімшілік бөлік. 1935 жылы құрылған. 1997 жылы Көкшетау ауданымен біріктірілген.
Жерінің аумағы 8, 0 км². Тұрғыны 50, 2 мың адам. Ауданындағы 85 елді мекен, 11 ауылдық, 3 кенттік әкімшілік окруктерге біріктірілген.
Аудан орталығы- Зеренді ауылы. Зеренді ауданы Көкшетау қыратының солтүстігін алып жатыр.
Зеренді ауданы солтүстігінен және батысынан Солтүстік Қазақстан облысымен, шығысында Бурабай, оңтүстігінде Сандықтау аудандарымен шектеседі. Аудан жері арқылы Алматы- Петропавл, Қостанай- Барнауыл темір жолдары, Алматы- Петропавл, Атбасар- Көкшетау, Саумалкөл- Шортанды тағы басқа транспорт бағыттарымен жолдар өтеді.
Сонымен қатар ауданда доломит кеніші, тас ұсататын, спирт зауыттары, құрылыс материалдарын өндіретін, тұрмыстық қызмет көрсететін кәсіпорындар, астық қабылдау пункттері, нан, май заттары, баспахана бар. Зеренді ауданының экономикасының басты салалары егін және мал шаруашылығы. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жері 642, 4 мың га, тыңайған жері 112, 0 мың га, жайылымы 278, 2 мың гектар жерін қамтыса, орманы 85, 9 мың гектар жерді қамтиды. Бұрынғы мамандырылған 15 астық, 2 шошқа, 2 картоп, 4 ет, 1 жылқы, 1 бау-бақша, 1 көкеніс- сүт кеңшарлары негізінде 2 акциондық қоғам (Целина, Болашақ), 2 өндірістік кооператив, (Зеренді, Картофель), 39 ЖШС, 176 шаруа қожалығы құрылған. Егін шаруашылығының басты салалары: астық, жемшөп, картоп, көкеніс, жеміс-жидек өндіру.
Мал шаруашылығының басты салалары: сиыр, қой мен ешкі, шошқа, жылқы, құс өсіру болып табылады.
Ауданда 5 мектепке дейінгі балалар мекемесі, 42 жалпы білім беретін, музыка, спорт мектептері, 2 кәсіптік училище, колледж, мәдениет үйлері, клубтар кітапханалар, 80 емдеу-сауықтыру мекемелері, оның ішінде 65 фельдш-акушер пункт бар.
Зеренді демалыс аймағы- Зеренді ауданында орналасқан демалыс орны. Аймақтың қыратты- төбелі жер бедері шоқы, қырқалармен үйлесімен тапқан. Олардың баурайларында қайың, реликті шырша өскен орман қалыптасқан. Бұлардың барлығы туризм индустриясын дамытуға, санаторийлер мен курорттар, демалыс үйлері мен балалардың денсаулығын сауықтыратын лагерлер, шаңғы базаларын, ұлттық табиғи парк құруға қолайлы. Зеренді ауданында «Қарағайлы», «Зерен плюс», «Сұңқар», «Құлпынай мүйісі»,
Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп лицейі және Еуразия университетінің спорттық-сауықтыру лагерлері, «Аққайың», «Жасыл мүйіс», «Ұшқын», «Шығыс», демалыс базалары шоғырланған. Демалушыларға «Керемет » «Нұр ауыл» тағы басқа кафелері, «Көмек» кемпингі, «Оазис» мотелі, «Қалқаман» қонақ үйі, тағы басқалары қызмет көрсетеді. Демалушыларға уақытты тиімді өткізу мақсатында шаңғы трассалары, стадион салынған. Сонымен қатар, демалушыларға арнап 11 экологиялық туристік маршрут ұйымдастырылған. Бұл маршруттар бойында Барлаутөбе, Шиелі, Беріктас, Ақшабұлт, Құзбасары, Аюлы, Қоянды, Сұлутөбе, Әулиешың, Қойтас, Жекетау, Жайынауаз, тағы басқа шоқылармен жартастар, балбалтастар кесдеседі. Демалыс орны Зеренді табиғи зоолологиялық қорықшасы аумағында орналасқан. [1, 303-310 б]
- ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ, ТЕКТОНИКАСЫ
Геологиялық даму барысында Қазақстан жерін әлденеше рет су басып, кейінен теңіз табаны құрлыққа айналған. Осының нәтижесінде, теңіз бен құрлықтың табиғат жағдайы өзгерген.
Палеозойға дейін, яғни архей және протерозой эраларында, республика аумағын тұтастай дерлік теңіз суы басып жатқан геосинклинальды аймақ болды. Жерінің геологиялық құрылысы каледон және герцин қатпарлығы кезінде қалыптасқан. Палеозой дәуірінің соңында континенттік түзілу кезеңі басталды. Өте ұзақ мерзімге созылған тегістелудің нәтижесінде пайда болған таулы өлке мезазой дәуірінде бірте-бірте қыраттарға айналады. Облыс жері негізінен палеозойдың метаморфтанған тақтатастарынан, кварциттерінен, құмтастарынан, альбитофирлерінен, әктастарынан конгломераттарынан, түзілегн. Солармен бірге интрузиялық (гранит, диорит, габбро тағы басқа) және эффузиялық жыныстар кең таралған. Байырғы жыныстарды неоген мен төрттік дәуірлердің сарғылтым шөгінділерінің қалың қабаттары жауып жатыр.
Сарыарқаның біршама көтеріңкі келген қырқалар мен қыраттар Зеренді ауданында кездеседі. Олар негізінен жеке қырқалар, жалдар немесе салыстырмалы түрде біріктеу келген төбешікті жер бедерімен сипатталады.
Аласа таулармен төбешікті тауларға кайнозой кезеңіндегі біршама қарқынды көтерілген жақпартастар тән.
Ұсақ шоқылықтар суайрықтармен және өзен маңының ұсақ шоқылықтарымен ерекшелінеді. Біріншісі- қырқа тәрізді қырат немесе палеозойдың тау жыныстарынан түзілген, жазық жерде біршама көтеріңкі келген жеке төбелерден тұрады.
Өзен маңындағы ұсақ шоқылықтар денудацияның қазіргі жер бетін құрайды. Олардың деңгейі аласа және эрозиялық базисі төмен.
Бұл аласа таулы жер бедері негізінен беткей экспозициясымен және телімнің кейбір тұстарын құрайтын тау жыныстарының кұрамымен сипатталады. Жер бедерінің өте айқын пішіндері кварциттер, альбитофирлер және граниттерден түзілген телімдерде байқалады. Тақтатас, құмтас және конглометраттардан түзілген жер бедері біршама дөңді-белесті пішіндермен айқындалады.
Зеренді таулары - Көкшетау қыратының орталық бөлігіндегі орманды-таулы алқап. Зеренді ауданында орналасқан. Батыстан шығысқа, солтүстіктен- шығысқа қарай 28 км-ге созылған, енді жері 18-20км. Батысында Жыланды тауына ұласады.
Абсолюттік биіктігі 587 метр. Жер қыртысы палеозойға дейінгі гнейс, мәрмәр және кристалды тақтастан, сондай-ақ, девон және тас көмір кезеңдерінің шөгінділерінен түзілген. Зеренді тауын шоқ қарағайлы, қайыңды ормандар көмкеріп жатыр. Төңірегінде тұщы көлдер орналасқан.
Жыланды тауы - Ақмырза өзенінің оң жағалауында орналасқан. Ерейментау ауданындағы Торғай ауданынан оңтүстік батысқа қарай 15 км жерде. Абсалюттік биіктігі 395 метр, ұзындығы 6 км, енді жері 3 км-ді алып жатыр Беткейі көлбеу. Элювийлі-деоювийлі шөгінділер жапқан ордовиктің тау жыныстарынан түзілген. Сортаңтау күңгірт қоңыр топырағында бетегелі- бозды өсімдіктер өседі,
Зеренді қорықшысы - Зеренді ауданындағы облыс мәні бар зоологияық қорықша. 1979 жылы құрылған. Ауданы 23 мың га жерді құрайды
Қорықша аумағындағы қыратты-төбелі жазық жерлер гранитті шоқылар мен адырлы қырқаларға ұласады. Олардың баурайларында қарағайлы қалың орман, астық тұқымдас өсімдіктер мен түрлі шөптесін өсімдіктер аралас өседі. Қорықшада бұлан, елік, борсық, қасқыр, түлкі, тиін, құр тағы басқа мекендейді.
Кен байлықтарынна алтын, уран, боксит, сүрме, емдік сөз, мыс, молибден, кобальт, каолин сазы, қызғылт гранит, долалит, кварц құмы, құрылыс материалдары тағы басқалары өндіріледі.
- РЕЛЬЕФ ЖАҒДАЙЫ
Қазақстанның жер бедері оның геологиялық құрылысы мен даму тарихына тікелей байланысты. Жер шарының басқа аудандары сияқты Қазақстан аумағында да жер бедері әлі даму үстінде.
Ауданның жер бедері біркелкі емес. Мұнда аласа таулар мен шоқылар, өзен-көлдері, қырқарлары, өзен аңғарлары мен көл қазаншұнқырлары кездеседі.
Жер бедерінің мұндай әрқилы болуына ауданның геологиялық тарихындағы жер қыртысының күрделі қалыптасуы әсер етеді.
Зеренді ауданының маңында кристалды тау жыныстары төбелі таулардың басында жер бетіне шығып жатыр. Мұнда бірнеше көлдер шоғыры шоғырланған. Жазықтардың кейбір жері қолат, өзен және өзен аңғарларымен тілімделген. Соңғы жылдары дала зонасының жер бедерінде беткейлерінің эрозиялық шайындыларымен және жыраларымен тілімделгені байқалады.
Ірі таулары : Зеренді тауы 587м биіктікте, Жыланды 609м, Қараүңгір 551м, Елікті 502 м, Нарөлген 489 м тағы басқа таулары бар.
Аудан жерінде шіріндісі мол қара және күңгірт қоңыр топырақ кең тараған, сортаңдар да кездеседі. Тың игеру жылдары ауданның көп жері жыртылып, жел, су эрозияларына ұшыраған қазіргі антропогенді ландшафтыларды қалыптастырды.
Ауданының солтүстік бөлігін қайың, терек шоқтары өскен ормандар алып жатыр. Қыраттың биік жерлері мен шоқыларда қарағай, Зеренді өңірінде қылқан жапырақты орман, Кіші Түкті өңірінде қайыңды, теректі ормандар басым. Ашық жерлерде қарағай, тобылғы, бұталар, қалың шалғындық, астық тұқымда түрлі шөп, қызғылт селеу, сәбізшөп, бетеге, жусан, тастақты жерлерінде қына өседі. Сонымен қатар орманда қарақат, таңқурай, мойыл итмұрын бүлдірген көптеп кездеседі.
Антропогенді ландшафтылары, яғни ауыл шаруашылығына пайдалынылатын жер 642, 4 мың гектар алқапты алып жатыр, оның ішінде жыртылған егістігі 249, 1 мың га, тыңайған жері 112, 0 мың га, шабындығы 3, 1 мың га, жайылымы 278, 2 мың га, орман 85, 9 мың га жерді қамтып жатыр.
Егін шаруашылығының басты салалары: астық, жемшөп, картоп көкеніс, жеміс-жидек өндіру болып табылады.
- КЛИМАТЫ
Зеренді ауданының климаты тым континеттік және құрғақ. Климатты қалыптастырушы негізгі факторларға күн сәулелілігі (шуақтылығы) және азиялық антициклон (қыс айларында) жатады. Антициклонның әсерінен қыс айларында ашық ауа райы қалыптасады. Бұл антициклондық режим көктем айларында да сақталады. Көктемде тұрақты емес құрғақ жылы ауа райы қалыптасады да күндіз температура жоғары болып, түнде үсік жүреді. Жаз айларында дала кеңістігіне оңтүстік, оңтүстік- батыстан келетін құрғақ жылы ауа ағысы ауаны жылытады да бұлтсыз ыстық ауа райы қалыптасады. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы оңтүстік шығыста -18ºС құрайды. Ауаның аудан бойынша абсалютті минимумы -49-54ºС. Жазы жылы, әрі құрғақ болады шілдеде 19ºС- қа жетеді. Жылы кезеңнің ұзақтығы 194-200 күн болады. Ашық және тегіс телімдердегі аяссыз кезең 105 күнге жетеді.
Ал максимальды температурасы 44ºС-қа жетеді. Сонымен қатар қысы ұзақ суық, қары аз 20см шамасында жылына орта есеппен 140-160 күн жатады. Қар еритін кезде қар құрамындағы судың қоры 90-95 мм-ді құрайды.
Жауын шашынының жылдық мөлшері 350-400мм дейін болады. Тұрақты қар жамылғысы әдетте қараша айының ортасында қалыптасады да 120-150 күндей жатады. Қаңтар айында аяз күшейе түседі де 25ºС -қа жететін аязды күндер саны 10-15 күннен 35-39 күнге дейін, кейбір жылдары бір ай ішінде 15-18 күнге дейін жетеді.
Сәл құрғақ қоңыржай жылы аудан. Оның гидротермикалық коэффиценті 1, 0- ге тең. 10ºС-тан жоғарғы активті температураның жылдық жиынтығы 2100ºС-тан аспайды. Жылдың жылы мезгілінде мұнда 190 мм-ге дейін жауын-шашын түседі. Жылдың жылы мезгілінде аудан аумағында ауаның салыстырмалы ылғалдығы солтүстіктен оңтүстікке қарай кемиді. Ауаның орташа салыстырмалы ылғалдылығы мамыр-маусым айларында 54%-56%- ды құрайды. Жауын- шашынның ең көп түсетін кезі- шілде айында, ал ең аз түсуі ақпан айында болады. Аудан жел өтінде орналасқандықтан желдің орташа жылдамдығы 5, 1 м/сек-қа дейін жетеді. Желдің ең қатты соғатын кезі наурыз айында байқалады. Сәуір, қараша және желтоқсан айларында біршама төмен болады. Желдің ең аз айлық жылдамдығы тамыз айында келеді. Қарашадан сәуір айына дейін желдің орташа айлық жылдамдығы арта түседі. Жылдың суық айларында жел режимі негізінен Сібір антициклонының батыс тармағы әсерінен болса, жылы кезеңде барикалық депрессияның әлсіз қалыптасуымен анықталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz