Жарнама таратудың негізгі құралдары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАРНАМА ҚЫЗМЕТІНІҢ

ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1 Жарнама қызметінің мәні мен нарықта алатын орны. 5

1. 2 Жарнама қызметін ұйымдастыру және басқару. . 9

1. 3 Жарнама саласындағы мемлекеттік реттеу. 15

2 . «AS-MEDIA СТАНДАРТ» ЖАРНАМАЛЫҚ АГЕНТТІГІНІҢ

ҚЫЗМЕТІНЕ ТҰЖЫРЫМДАМА

2. 1 «AS-Media Стандарт» фирмасының жалпы мәліметтері . . . 20

2. 2 «AS-Media Стандарт» фирмасының негізгі техника-экономикалық

көрсеткіштер . . . . . 26

2. 3 «AS-Media Стандарт»фирмасының қаржылық жағдайының талдауы…. . 31

3 «AS-MEDIA СТАНДАРТ» ЖАРНАМА ҚЫЗМЕТІНДЕГІ

БАСҚАРУШЫЛЫҚ ШЕШІМДЕР БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР

3. 1 «AS-Media Стандарт» басқарушылық қызметін дамытудағы маркетингтік

зерттеулердің орны . . . 44

3. 2 Жалпы жарнама қызметінде шешім қабылдаудың экономикалық

тиімділігі . . . 46

3. 3 Жарнама қызметіндегі басқарушылық шешімдерді қабылдаудағы

жоспарларды дамыту . . . 48

Қорытынды . . . 51

Қолданылған әдебиеттер . . . 53

Қосымшалар

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Экономиканың қарқынын кеңейту, нарықтық қағидаларды нығайту, шешуге тиісті әлеуметтік мәселелер, шығарылатын өнімдер ассортиментінің сапасын жоғарылату, жарнамалық қызмет облысында нақты міндеттерді қойып шешуге бағыт алды. Онда істеп жатқан мамандарға өзінің кәсіби деңгейін жоғарылату, көптеген ұйымдастырушылық, кадрлық және өндірістік міндеттерді шешуге, жарнама-насихаттық және ақпараттық қызметтердің тиімді түрлерін табуға мәжбүр болды. Бұл жағдайда жарнаманың рөлі өседі, әсіресе сыртқы нарықта.

Біздің еліміздегі қазіргі даму кезеңі қоғам өміріндегі барлық салалардағы динамизмін және сапалы өзгерістермен ерекшелінеді. Радикализация, жаңару және демократизация процесстері саясаттық, экономикалық және әлеуметтің институттарды қозғады.

Шаруашылықтың әкімшілік-әміршілдік басқару жүйесінен бас тартуы жүргізіліп жатыр, кезең кезеңмен қатал орталықтандырылған жоспарлау және көптеген шаруашылық қызмет түрлеріне монополия алынып тасталынып жатыр, экономикалық қатынастарда икемділік және бар ресурстарды қолдану ие болып жатыр.

Нарықтық экономикаға көшу басталды. Нарықтық қатынастарды дамыту үшін, заң және қаулылар қабылданып жатыр.

Дипломдық жұмыстың зерттеу деңгейі. Аталған тақырып бойынша тура және жанама қарастырған ғалымдар, Бердалиев Қ. Б., Виханский О. С., Наумов А. И., Фатхутдинов Р. А., Травин В. В., Герчиков Д. В., Чернышев В. Н.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - жарнамалық қызмет ету саласындағы Қазақстан Республикасындағы жарнамалық қызметінде басқарушылық шешімді жасаудың мәселесін зерттеу.

Қойылған мақсаттардың негізінде келесі міндеттер анықталған:

- Қазіргі кезедгі сыртық және ішкі нарығтағы жарнама ролін анықтау.

- «AS-Media Стандарт» жарнамалық агенттігінің қызметін талдау.

- «AS-Media Стандарт» бақарушылық қызметін дамытудағы маркетингтік зерттеулердің орны мен жоспарлаудың әрекеті байланысты екенін дәлелдеу.

Зерттеу объектісі : ТОО «AS-Media Стандарт» жарнамалық агенттігінің қызметі.

Зерттеу пәні - көптеген экспорттық кәсіпорындарда нарықтағы жарнаманы зерттеу бөлімшелері әлі де жоқ, ал жарнамалық процессті жүзеге асыратын адамдарға бұл сала негізгі болып табылмайды. Сыртқы экономикалық жарнамада қалыптасқан жағдай, оның жағдайын және резервтерді іздеу мүмкіндігінің жағдайын зерттеуді талап етеді. Жарнамалық қызметті кеңейту мақсатында даму бағытын қалыптастыру және қазіргі заманға сай базаны құру, нарықты зерттеу қызметінің сапасын арттыру және жарнамалық компанияларды ұйымдастыру және олардың тиімділігін арттыру.

Дипломдық жұмыстың құрылымы : дипломдық жұмыс 3 бөлімнен және әр бір бөлім өз ішінен 3 бөлімшеден тұрады.

1БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАРНАМА ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

  1. Жарнама қызметінің мәні мен нарықта алатын орны

Жарнама - адамдардың беймәлiм тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаларға, тауарларға, тауар белгiлерiне, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткiзуге жәрдемдесетiн кез келген нысанда, кез келген құралдардың көмегiмен таратылатын және орналастырылатын ақпарат [1] .

1) сыртқы (көрнекі) жарнама - жылжымалы және жылжымайтын объектілерде орналастырылған, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеулеріндегі және елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырылған жарнама;

2) жөнсiз жарнама - мазмұнына, уақытына, таратылу, орналастырылу орнына және тәсiлiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптардың бұзылуына жол берiлген жосықсыз, дәйексiз, әдепсiз, көрiнеу жалған және жасырын жарнама;

3) жарнама берушi - жарнама жасау, тарату және орналастыру үшiн жарнамалық ақпарат көзi болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;

4) жарнама жасаушы - жарнамалық ақпаратты тарату және орналастыру үшiн дайын нысанға келтiрудi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

5) жарнама таратушы - мүлiктi, соның iшiнде радио және (немесе) теледидар хабарларын таратудың тexникалық құралдарын беру және (немесе) пайдалану жолымен және өзге де тәсiлдермен жарнамалық ақпаратты тарату мен орналастыруды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

6) жарнама тұтынушылар - жарнама арналған жеке және (немесе) заңды тұлғалардың беймәлiм тобы;

7) жүгiртпе жол - жарнама таратудың теледидар бойынша, кино және бейнеқызмет көрсетуде берiлетiн тәсiлi, ол теледидар экрандарында, сондай-ақ дербес мониторларда - тұрақты орналастыру объектiлерiнде жиынтығымен белгiлi бiр ақпаратты құрайтын әрiптер, цифрлар, белгiлер тiркесiнiң тiзбектесiп алмасуымен (қозғалуымен) сипатталады.

8) тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) туралы ақпарат - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген және тауармен (жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен), оның айырым белгілерімен және оны пайдалану ерекшеліктерімен таныстыру мақсатында сатып алушыға (тұтынушыға) жеткізілетін тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер), дайындаушы, сатушы, жеткізуші туралы мәліметтер.

Жарнаманың түрлері:

Теле және жарнама

1. Жарнама сипатындағы хабарламалар мен материалдарға мамандандырылмаған теле және жарнама, жүгiртпе жолды қоспағанда, тәулiк iшiнде берiлетiн хабарлардың жалпы көлемiнiң жиырмапроцентiнен аспауға тиiс. Жарнама беру кезiнде оның дыбысы берiп отырған бағдарлама дыбысынан жоғары болмауға тиiс.

2. Жарнаманы қосарластыру түрiнде, соның iшiнде жүгiртпе жол тәсiлiмен пайдалану кезiнде оның көлемi кадр аумағының жетi жарым процентiнен аспауға және телехабарлардағы мәтiндiк немесе ақпараттық материалды бұзбауға тиiс.

3. Ресми хабарларды, Қазақстан Республикасының Президентiне және өкiлдi органдардың депутаттығына кандидаттардың сөздерiн, бiлiм беру және дiни хабарлар берілімдерiн, сондай-ақ балалар мен жасөспiрiмдерге арналған жарнамаларды қоспағанда, балалар бағдарламалары көрсетілімдерiн жарнамамен, соның ішінде жүгiртпе жол әдiсiмен де бөлiп жiберуге тыйым салынады.
4. Ұлттық аза тұту күндерiнде электрондық бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнамаға тыйым салынады. Мерзiмдi баспасөз басылымдарындағы жарнама. Мерзiмдi баспасөз басылымдары жарнама объектiлерiн, оның тақырыбын дербес анықтайды. Жазылым арқылы тарайтын баспасөз құралдары жазылым шарттарында басылымның тақырыптық бағыттамасын көрсетуге мiндеттi [2] .

Кино, бейне және анықтамалық қызмет көрсетудегi жарнама.
1. Сериялар арасындағы үзiлiстердi қоспағанда, кино және бейне қызмет көрсетудегi фильмнің қойылымын жарнамамен бөлiп жiберуге тыйым салынады.
2. Анықтамалық қызмет көрсету кезiнде жарнама сұратылған ақпарат хабарланғаннан кейiн ғана берiледi.

3. Ақылы анықтамалық компьютерлiк және өзге де қызмет көрсету кезiнде жарнама клиенттiң келiсуiмен ғана таратылады. Мұндай жарнаманың құны сұратылған ақпараттың құнына кiрмеуге тиiс.

Сыртқы (көрнекi) жарнама.

1. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру плакаттар, стенділер, жарық беруші табло, билбордтар, транспаранттар, афишалар түрінде және осы баптың 2-7-тармақтарында көзделген тәртіпте өзге де тәсілдермен жүзеге асырылады.
Сауда (дәріханаларды қоса алғанда), қоғамдық тамақ¬тан¬дыру, тұрмыстық қызмет көрсету саласындағы кәсіп¬орындардың жайма сөрелерін (терезелерін) безендіру, сырт¬қы және есікке ілінетін маңдайшалары мен плакат¬тары, ішкі безендірілуі, егер бұл безендіру осы кәсіп¬орында сатылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер туралы жарнамалық ақпаратты қамтыса, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері болып табылмайды [2] .

Сыртқы (көрнекі) жарнама жолдардың көліктік-пайдалану сапасын төмендетпеуге, көлік құралдарының қозғалыс қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптарын бұзбауға, жол белгілеріне және сілтемелеріне ұқсас болмауға, олардың көрінуін немесе қабылдау тиімділігін нашарлатпауға, жол пайдаланушылардың көздерін қарықтырмауға тиіс.

2. Сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiн орналастыруға:
1. Ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлiнген мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарында сәйкес

берiлетiн рұқсат болған жағдайда жол берiледi.

2. Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнаманың объектілерін орналастырудың Қазақстан Республикасы¬ның Үкіметі бекіткен ережелеріне сәйкес жергілікті атқарушы орган беретін рұқсат болған жағдайда жол беріледі.
3. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгіленген тәртіпте және мөлшерде төлемақы алынады.

4. Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен берiлген рұқсат құжаттары туралы мәлiметтердi салық қызметi органдарына тапсыруға мiндеттi.

5. Тарих пен мәдениет ескерткiштерi, ғибадат ету объектiлерi аумағында, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыруға тыйым салынады.

6. Осы баптың 2-тармағында айқындалған уәкілетті органдар өтiнiштi алғаннан кейiн он күннiң iшiнде сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiн орналастыруға рұқсат беруге не оны орналастырудан негiздi түрде бас тарта отырып жазбаша жауап қайтаруға мiндеттi.

7. Сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру объектiлерiнiң меншiк иелерiмен немесе, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру объектiлерiне өзге де заттық құқықтарға ие адамдармен жасалған шарттың негiзiнде жүзеге асырылады. Сыртқы (көрнекi) жарнаманы жекеше меншiк объектiлерiнде орналастыру жөнiндегi көрсетiлетiн қызметке тұрақты мемлекеттiк бағалар (тарифтер) белгiлеуге тыйым салынады [2] .

1. 2 Жарнама қызметін ұйымдастыру және басқару

Жарнама өзінен коммуникациясының жеке емес формаларын көрсетеді, ақпаратты тарату үшін төлемдер негізінде жүзеге асырылады және қаржыландыру көздерін анық көрсетеді. Коммерциялық фирмалардан басқа мұражайлар, қорлар және басқа да қоғамдық ұйымдар жарнамаға ақшаны жұмсайды, олар әртүрлі аудиторияларға өзінің мақсаттарын жарнамалауға ұмтылады.

Жарнаманың көп қолданылуы бар. Ұйымның келбетін ұзақ уақыт қалыптастыру кезінде, тауардың маркасын ұзақ уақыт ішінде бөліп шығару, (марка жарнамасы) ; сату, қызмет немесе жағдай туралы ақпаратты тарату; жеңілдетілген баға жөнінде хабарландырулар және нақты ойда тұру үшін жарнаманы қолданады.

Жарнаманың басты қолданушылары жеке кәсіпорындар болып табылады, жарнамамен барлық әлем қолданылады.

Жарнама - үндеуді таратудың ең рентабельді тәсілі.

Кішкентай фирмаларда жарнамамен әдетте өткізу бөлімінің 1 жұмысшысы айналысады, уақыт өте келе олар жарнамалық агенттіктермен контактқа түседі. Ірі фирмалар өзінде жарнама бөлімін бекітеді.

Жарнамалық агенттігінің жұмысы.

Өзінің меншігінде мықты жарнамалық бөлімі бар фирмаларда жарнамалық агенттігінің қызметтеріне жүгенеді. Агенттіктерде шығармашылық және техникалық мамандар жұмыс істейді, олар фирманың штаттық қызметкерлерге қарағанда, көбінесе жарнамалық функцияларды жақсы және тиімді орындайды. Одан басқа агенттіктер фирманың алдында тұрған мәселелерін жан жақты қарайды және әртүрлі жағдайда әртүрлі әртүрлі клиенттермен бай, түрлі түрлілік жұмыс тәжірибесі бар. фирма әр мезгілде контракты бұзуы мүмкіндігі бар, солай болғандықтан агенттігінің тиімді жұмыс жасау үшін күшті стимул бар [3] .

Әдетте жарнамалық агенттігінің негізін 4 бөлім құрайды.

- Шығармашылық бөлім, хабарландыруды жасап шығарады және өндіреді.

-Жарнама құралдарының бөлімі, олар жарнама құралдарын таңдау және хабарландыруды орналастыруға жауапты.

-Зерттеу бөлімі, аудиторияның қажеттілігін және сипаттамасын зерттейді.

-Коммерциялық бөлім, агенттік қызметінің коммерциялық жағымен айналысады.

Әрбір бөлек клиенттің тапсырысының жұмысын жауапты орындаушы басқарады, ал арнайы бөлім қызметкерлеріне бір немесе бірнеше клиенттің тапсырысын орындауы жүктеледі.

Агенттіктер өзіне жаңа клиенттерді өзінің көлеміне, репутациясына байланысты тартады.

Алайда тәртіпке сай, клиент бірнеше агенттіктерге бәсекелестік тұсаукесерлерді жасауды ұсынады, ал оның қорытындысы бойынша өз таңдауын жасайды.

Жарнамалық бағдарламаны дайындау процесі.

Жарнамалық бағдарламаны ойлап жасау процесінің бірінші қадамы болып жарнаманың міндетін орындау болып табылады. Міндеттемелер бұрын таңдалған шешімдерден шығуы мүмкін. Олар толық нарықты таңдау, маркетингтік кешен және маркетингтік позициясы. Маркетингтік позициясының стратегиясы және маркетингтік кешенін қалыптастыруға жол табу маркетинг бағдарламасының кешенді шегінде не істеу керектігін анықтайды [3] .

Жарнама алдында өте көп нақты коммуникация және өткізу облысындағы міндеттерді қоюы мүмкін.

Бюджетті дайындау шешімі.

Өзінің жарнамасының міндеттерін анықтағаннан кейін, фирма өр бөлек тауарға жарнамалық бюджетті дайындауға кірісуге болады. Жарнаманың рөлі оған деген сұранысты туғызуда болады. Өткізу көрсеткіштеріне қол жеткізуге қанша қаражат керек емес, фирма оны жұмсауын қалайды.

Жарнамаға көңіл бөлу шешімі. Жарнаманың және жарнамалық бюджеттің міндеттерін анықтаған соң басшы жарнамаға және шығармашылық стратегиясына жалпы шығармашылық жол табу ыңғайын дайындау керек. Оны құру проесінде 3 кезеңді бөлуге болады:

Үндеу идеяларын қалыптастыру. Жарнама алдында тұрған міндеттерді шешу үшін шығармашылық қызметкерлер әртүрлі әдістерді қолданады. Көптеген идеялар тұтынушылармен, диллерлермен, бәсекелестермен сарапташылармен әңгімелесу барысында пайда болады [4] .

Кейбір шығармашылық қызметкерлер сый сыйяпаттың 4 түрінен рационалды, сезгіш, қоғамдық және қанағаттандырлық өзімшілдігін сатып алушылар тауардан қандай қанағаттанарлық алғысы келетінің елестетеді және күйзелістің қай түрінде. Қанағаттанарлық және күйзеліс түрлерін байланыстырғанда олар, көп және әртүрлі жарнамалық үндеуін жасаулары мүмкін.

Үндеулердің бағасы және таңдау нұсқаулары.

Үндеі ықпалының дәрежесі не айтқанынан ған емес, қалай айтқанынан тәуелді болады. Жарнама беруші толық аудиторияның назарын және қызығын тарту үшін үндеуді жасау керек [4] .

Дұрыс ұйымдастырылған жарнама өте тиімді болады және шығарылған өнімді тез тоқтаусыз өткізу мүмкіндігін жасайды. Осының арқасында кәсіпорынның ақша айналымының қайтарып алынуы жеделжетіледі, жасап шығарушылармен, сатып алушылармен және өнімді тұтынушылармен іскер контакттар орнатылады, ұсыныс артады, ал ол өз кезегінде өндірістің объективті негізін кеңейтеді және шаруашылық қызметтің тиімділігін жоғарылатады.

Жарнамалық агенттіктер - бұл тәуелсіз кәсіпорындар, шығармашылық қызметкерлерден және коммерсанттардан тұрады, өзінің тауарларына және қызметтеріне сатып алушыларды табуға ұмтылатын тапсырыс берушілерге жарнаманы жасап шығарады, дайындайды және жарнама құралдарында орналастырады.

Жарнамалық агенттіктер өз клиенттеріне әртүрлі мамандардың қызметтерін ұсынады, олардың арасында суретшілер, фотографтар, радио және теледидар продюссерлері, жарнама құралдарының мамандары, полиграфия мамандары,, нарықты зерттеушілер, жарнаманы жоспарлау мамандары, паблик релейшнз эксперттері (қоғаммен жұмыс жасау, қоғамның пікірін ұйымдастыру), мерчендайзинг мамандары.

Жарнама таратудың негізгі құралдары: Жарнама таратудың негізгі құралдары
Жарнама таратудың негізгі құралдары: Жарнама құралдары
Артықшылықтары
Кемшіліктері
Жарнама таратудың негізгі құралдары: Газеттер
Иілгіш, дер кезінде, жергілікті нарықты жақсы қамту, кең мойындау және қабылдау, дұрыстығы жоғары.
Қысқа мерзімді өмір сүруі, төмен сапалы, «екінші» оқырмандардың азғантай аудиториясы.
Жарнама таратудың негізгі құралдары: Теледидар
Бейненің, дыбыстың, қозғалыстың үйлесімі, сезімталдық ықпал, назарды тартудың жоғары деңгейі
Жоғары абсолютті баға, артық жарнама, аудитория таңдауының аздығы.
Жарнама таратудың негізгі құралдары: Тура пошталық жарнама
Аудиторияның таңдауы, иілгіштік
Шартты жоғары баға
Жарнама таратудың негізгі құралдары: Радио
Жаппай колданылады, географиялық және демографиялық таңдауы жоғары, төмен баға.
Тек ғана дыбыс құралдарымен көрсету, назарды тату деңгейі төмен, теледидарға қарағанда контактың көп.
Жарнама таратудың негізгі құралдары: Журналдар
Күмәнсіздік, өмір сүру ұзақтығы, «екінші» оқырмандардың саны едәуір көп.
Жарнаманың шығуынан және сатып алу арасынан ұзақ мерзімді үзіліс, қолда бар пайдасыз тираж.
Жарнама таратудың негізгі құралдары: Сыртқы жарнама
Иілгіш, контактардың қайталануы жоғары болады, әлсіз бәсекелес.
Сайлаудың жоқтығы, шығармашылық сипаты шектелген.

Жарнамалық агенттіктер келесі қызметтерді ұсыну мүмкін: маркетингтік зерттеулер, жарнамалық компанияларды ұйымдастыру және паблик релийшнз бойынша шаралар комплексі.

Ірі фирмаларда жарнама бөлімдері жарнамалық агенттіктермен жұмыс істейді. Осындай жағдайларда жарнама бөлімдерінің функцияларына жарнаманың жалпы бюджетін жасау; агенттік ұсынылған жариялауды және компанияларды бекіту, бақылау және талдау функциялары; тура пошталық жарнама бойынша шараларды өткізу; диллерлік мекемелерде жарнамалық безендірулерді ұйымдастыру және басқа да жарнамалық түрлерді жүзеге асыру; ал жарнамалық агенттіктер осы жұмыспен әдетте айналыспайды [5] .

Сірә, ең басты мәселе жарнамалық агенттігіне көңіл бөлу және өзінің жарнамалық бөлімді құру болып табылады.

Шешімді қабылдау кезінде, әдетте келесі ой пікірлермен саналады. Төменде көрсетілген себептер бойынша жарнама берушілер өзіндік жарнамалық бөлімді құру қорытындысына келеді:

1 себеп, сыртқы жарнамалық агенттікке қарағанда фирманың ішкі бөлімшелерінің қызметкерлеріне үлкен сеніммен қарайды. Басшылық, қызметкерлер өз фирманың пайдасында тұру, неғұрлым басқа ұйымға қарағанда.

2 себеп, жарнамалық агенттіктерге қарағанда, жарнамалық бөлімдер көбірек басшылыққа бағынады.

3 себеп, қаражаттарды үнемдеу, оны жарнамалық қызметтерді жасап шығарушыларға, тапсырыстарды орналастыру кезінде алуға болады.

4себеп, жарнама беруші қызметінің мамандандыруында болуы мүмкін, ал оны басқа ұйым бағалай алмауы да мүмкін [6] .

Келесі себептер бойынша жарнама берушілер жарнамалық агенттіктерге баруды қалайды:

1 себеп, агенттіктердің тәуелсіздігі. Олар бірнеше клиенттермен жұмыс жасайды және әрбір клиент алдында белгілі бір жауапкершілікті тартады. Әрбір жарнама берушіге ең жоғары сапалы қызметті көрсету кезінде, агенттік біреуіне де бағынбайды. Тәуелсіз агенттікке клиенттің мәселесіне басқа жағынан қарау мүмкіндіге бар және объективті баға беру. Агенттік өзіндік принциптерге сүйене тиімді жарнаманы жасайды, жарнама беруші ұйымының басшысынан бағынудан гөрі.

2 себеп, кең байтақ білім және тәжірибелі әртүрлі тапсырыстарды орындау кезінде жиналады. Өндірістің бір саласында алынған білім, басқа саланың жарнама берушілеріне өте пайдалы болады.

3 себеп, жарнамалық агенттіктерде осы істің ең жақсы мамандары шоғырланады, және ең ірі тапсырыс берушілер шығармашылық адамдардың осы жұмысқа деген жұмысдыруын пайдалану өзіне пайдалы деп шешеді.

4 себеп бойынша егер тәуелсіз агенттігінен әріптесуден бас тарту бойынша әрбір клиент өзінің жеке жарнама агенттігіне ие болған жағдайда үнемдеу үшін жоғары сапалы бағамы соммалық мөлшерінен аз болады. Сондай ақ бұл үнемдеу жасанды болады. Өйткені 10-15% үнемдеу кезінде, тапсырушы арқылы аталған 10-15% шығынға ұшырайды (бұл еңбек ақысын төлеумен байланысты) .

5 себеп, агенттікпен байланыста болған жағдайда жарнама берушіге қаражаттарын үнемдеуге көмектеседі. Үлкен көлемде жарнамалық алаңдарды және жарнамалық уақытты сатып алу барысында, әдетте агенттіктер екі есселік жеңілдік жүйесін пайдаланады: 10-15% дейін жететін коммисиондық сыйапат, және 15% құрайтын жарнаманы қайта қайта орналастыруы үшін үнемделінетін пайыз мөлшерлемелері. Өзара бәсекелескенде, агенттіктер жарнама берушіге жаппай ақпарат құралдарында ақпаратты орналастырудың ең тиімді шарттарын ұсынуға тырысады.

6 себеп, жарнамалық процессті ұйымдастырған кезде туындайтын «қара» жұмысты жасау мүмкіндіктерге ие болады.

7 себеп, жарнамалық компанияларды өткізу кезеңдерінде жарнамалық агенттігінің көмегіне уақытша баруға мүмкіндігі бар.

1. 3 Жарнама саласындағы мемлекеттік реттеу

Жарнамалық тәжірибиде ең қиыны бұл жарнаманың тиімділігін анықтау яғни, жарнамаға байланысты алған аударымдарды алу мәселесі болып табылады.

Жарнама тиімділігінің түсінігіне мынадай мазмұнына қарай сәйкес емес ұғымдар жатады: экономикалық, психологиялық, әлеуметтік. Ол белгілі бір ықпалды толық қоғамға тигізеді (әдетте адамның қалауы, олардың моральді және материалды байлықтарға көзқарасы және түсінігі) [7] .

Жарнаманың құралдарының тиімділігіне талдау жасау үшін, сату және қызметтерді көрсету орындарында фирма анкетілеуді жүргізеді.

Жарнама - бұл мақсатқа бағытталған коммуникация, уақыт үшін төленген немесе орын үшін төленген көздерге таратылады, және өте көптеген мақсатқа жету үшін қолданылады. Таңдалған аудиторияға жасалу кезеңдегі анық емес тиімділігі. Жарнама процесін басқаратын (жарнама бойынша менеджер), 4 негізгі міндеттерден тұрады: жарнамалық шараларды жоспарлау; жарнамалық шаралардың жоспарын жүзеге асыру; жоспардың жүзеге асыруын бақылау; жарнамалық шаралардың тиімділігін бағалау [8] .

Фирманың басшысына және жарнамалық бойынша менеджеріне ең маңызды мынадай шешімді қабылдау керек: жарнамалық компанияның жоспарын жүзеге асыру кезінде жауапкершілікті орнату (ерікті жоспарды жүзеге асыру, өкілеттілікті жарнамалық бөлімге немесе жарнамалық агенттікке беріледі. )

Кәсіпорынның мақсаттарына жету үшін, менеджер жарнаманың құралдарына және шығарушыларына жаранамалық шаралар тиімділігінің өлшемдерін тұрақты бақылауы тиімділігінің өлшемдерін тұрақты бақылауы керек.

Жарнамаға және жарнамалық құралдарды таңдау шешімі, жарнамалық қызметінің нәтижесіне баға бере алмайды. Өмірге ықпал жасау мүмкіншілігі бар арқылы жарнама өзіне қоғамның назарын тартады [8] .

Жарнама саласындағы мемлекеттік қорғау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маркетингтік коммуникациялар
Жарнама нарығы туралы
Дене шынықтыру және спорт саласындағы ақпараттық құралдардың негізгі құралдары
Банк саласындағы жарнама
ЖАРНАМА НАРЫҒЫ ӨНЕРКӘСІБІ
Жарнаманың тарихи кезеңдері
Саяси жарнама тарихы
Маркетинг жүйесіндегі жарнама
Жарнама агенттіктер туралы
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz