Несие саясатының дамуы


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1 тарау. Екінші деңгейлі банктердің несиелік саясатының теориялық негіздері
1. 1. Екінші деңгейлі банктердің несиесі және олардың құрылымы . . . 5
1. 2. Несиелендіру саясаты және оның теориялық негіздері . . . 15
2 тарау. «Халық банк» акционерлік қоғамы мысалы негізінде 2005 - 2007 жылдар аралығындағы екінші деңгейлі банктердің несиелік саясатын талдау.
2. 1. Әлеуметтік - экономикалық бағдарламаларды қаражаттандыру мен несиелендіру саясатындаға екінші деңгейлі банктердің рөлі . . . 33
2. 2. «Халық Банк» Акционерлік қоғамының негізгі экономикалық көрсеткіштерінің талдауы . . . 41
2. 3. Банктің капиталдары мен міндеттемелерін талдау . . . 49
3 тарау. Қазақстан Республикасында екінші деңгейлі банктердің несие саясатын жетілдіру жолдары
3. 1. Қазіргі таңда несиелеуді жетілдірудегі несие тәуекелін басқару жолдары . . . 54
3. 2. Несиелеу барысында қарыз алушылар туралы ақпарат алу көзін жетілдіру . . . 56
Қорытынды. . . . 66
Әдебиеттер тізімі. . . . 69
Кіріспе
Нарықтық экономикада банктердің ресурстық потенциалын өсіру маңызды мәселе болып табылады. Ерекше несиелік ресурс болып эмиссиондық ресурс. Оның несиелік ресурс ретінде құралуы және пайдалану мүмкіндігі келесімен байланысты. Тұрғындардың қолма-қол ақшалай түрде алатын табыстары бірден жұмсалмайды, сондықтан банктың кассаларынан берілетін қолма-қол ақшалардың осы кассаларға келіп түсетін түсімдерде бір жыл ішінде артық болуы тұрғындардың өз табыстарының бөлігін жұмсамай-ақ банк тұлғасында мемлекеттік несиелеуге беріледі.
Несиелік ресурстардың анағұрлым тұрақты бөлігі депозитті қаражаттар болып табылады. Несиелік ресурстар-ақшалай қаражаттардың бір формасы. Демек, біздің көзқарамызша экономикалық белгісі бойынша анағұрлым дұрысы несиелік ресурстардың қайтарымдылық негізде уақытша пайдаланылатын ақшалай қаражаттардың бөліктері ретінде айқындалуы болып табылады.
Несиелік ресурстар-банктік жүйенің арнайы несиелеу үшін арналған қаражаттар жиынтығынан тұрады.
Несиелік ресурстар пассивтік операциялар нәтижесінде құралады. Пассивтік операциялар көмегімен банктер нарықтан несиелік ресурстарды сатып алады.
Дипломдық жұмыстың басты мақсаты- Қазақстан Республикасындағы қазіргі банктердегі несиелеу саясатының басты ерекшелігі тек қана тартылған және меншікті қаражаттарға ғана байланысты емес сол сияқты клиенттерді несиелеуді жүзеге асыратын коммерциялық банктер үшін Ұлттық банк бекіткен нормаларға және пруденциялық нормативтерге байланысты келеді.
Дипломдық жұмыста несиелендірудің түрлері, шарттары, құқылық қатынастары, несиелендіру жүйесі, механизмі мен тәртіптері келтірілген. Сондай-ақ несиенің дүниежүзілік тәжірибелеріндегі үлгілері бойынша талдау көрсетілген, оның біздің экономикамызға тиімді жақтары қарастырылған. Мемлекеттің тұрақтылығы және даму көрсеткіші ретінде әлеуметтік тұлғаның деңгейі және өзінің баспанамен қамтамасыз етілуі несиелендіру маңызды фактор болып табылады.
Әлемдегі әрбір дамушы мемелекеттің несиелендіру жүйесі әлеуметтік тұлғаның нақты табысын көздей отырып оны тұтыну мақсаттарымен қамтамасыз етуге бағытталған.
Дипломдық жұмыс әдістемелік нұсқауға сай орындалған және қолданылған әдебиеттер отандық және батыс елдерінікі, сонымен қатар орындалған жұмыс үш тараудан, кіріспе, қортындыдан және қосымшалардан тұрады. Дипломдық жұмыс әдістемелік нұсқауға сай орындалған.
1 Тарау. Екінші деңгейлі банктердің несие саясатының теориялық негіздері
1. 1 Екінші деңгейлі банктердің несиесі және олардың құрылымы
Нарықтық экономикада банктердің ресурстық потенциалын өсіру маңызды мәселе болып табылады. Ерекше несиелік ресурс болып- эмиссиондық ресурс. Оның несиелік ресурсы ретінде құралуы және пайдалану мүмкіндігі келісімімен байланысты. Тұрғындардың қолма-қол ақшалай түрде алатын табыстары бірден жұмсалмайды, сондықтан банктің кассаларынан берілетін қолма-қол ақшалардың осы кассаларға келіп түсетін түсімдерде бір жыл ішінде артық болуы тұрғындардың өз табыстарының бөлігін жұмсамай-ақ банк тұрғысынан мемлекеттік несиелеуге беріледі.
Сонымен бірге банктер мен ақша қаражаттарын тарту үшін шығарылатын коммуналдық облигациялар әртүрлі мемлекеттік заңды тұлғаларға қарыздар бойынша талаптардың қамтамасыз етілуі болады. Бұл бағалы қағаздар қатаң өсім ақылы және әдетте оның 25 жылға дейінгі мерзімде шығарылады. [5]
Екінші денгейлі банктер бағалы қағаздарды нарықта сата отырып, қайта сатып алу операциясын (репо) жасайды. Бұл банктердің өтімділігін реттеу үшін ақша нарығында қаражаттарды қысқа мерзімді жұмылдыру үшін өте икемді және ыңғайлы тәсілі.
Несиелік ресурстардың анағұрлым тұрақты бөлігі депозитті қаражаттар болып табылады. Олар әртүрлі белгілер бойынша жіктеледі.
Депозиттің тұрақты бөлігінің көбеюі банктің өтімді активтерге мұқтаждығын азайтады.
Депозиттердің сапалығы тұрақты бөлігі неғұрлым көп болса, банктің өтімділігі соғұрлым жоғары болады.
Несиелік ресурстар-ақшалай қаражаттардың бір формасы. Демек, біздің көзқарамызша экономикалық белгісі бойынша анағұрлым дұрысы несиелік ресурстардың қайтарымдылық негізде уақытша пайдаланылатын ақшалай қаражаттардың бөліктері ретінде айқындалуы болып табылады.
Несиелік ресурстар-банктік жүйенің арнайы несиелеу үшін арналған қаражаттар жиынтығынан тұрады. Несиелік ресурстар пассивтік операциялар нәтижесінде құралады. Пассивтік операциялар көмегімен банктер нарықтан несиелік ресурстарды сатып алады. Банкаралық қарыздар-банктің ресурстық потенциалының тұрақтылығын қолдау үшін ресурстарды қалыптастырудың маңызды көзі. Банкаралық несиелеу банктің тиімділік тенденциясын қолдау мақсатында жүзеге асырылады және негізінен қысқа мерзімді сипатта болады.
Банкаралық қарыздар ерекшелігі мынада:
біріншіден, банкаралық ресурстар банкаралық ақша нарығынан тартылады;
екіншіден, банкаралық несиелерді тарту клирингтік орталықтағы корреспондеттік шоттардың ақшалай қаражаттарының қалдықтары шегінде жүзеге асырылады. [12]
Банкаралық ақша нарығында несиелік қаражаттар жетіспеген жағдайда екінші деңгейлі банктер Ұлттық банктен қысқа мерзімді несие алады. Әдетте бұл несиелік қаражаттар басқа ресурстарға қарағанда қымбат болып келеді.
Қазіргі банктердегі несиелеу саясатынің басты ерекшелігі тек қана тартылған және меншікті қаражаттарға ғана байланысты емес сол сияқты клиенттерді несиелеуді жүзеге асыратын екінші денгейлі банктер үшін Ұлттық банк бекіткен нормаларға және пруденциялық нормативтерге байланысты келеді.
Мысалы, ҚР Ұлттық банк орталық резервтерге міндетті төлемдер аудару үшін нормасын белгілейді. Сол сияқты басқа да нормативтер, оның ішінде екінші денгейлі банкте құрылатын төменгі ақшалай резервтер түрінде, ең ірі несиелер көлеміне байланысты шектеу, банк балансының өтімділігінің параметрлері сияқты банктің міндеттемелерін өтімді қаражаттар резервімен салыстыра өлшеу арқылы белгіленетін формалардағы нормативтері.
Несиелік ресурстар тек қана депозит емес сондай-ақ депозиттік емес көздерден де құралады. Оларға жататындар банкаралық нарықтан қарыздар алу, бағалы қағаздарды сата отырып, кейін оны қайта сатып алу (репо), вексельдерді есепке алу және Орталық банктен қарыздар алу, банктік акцептерді сату, бағалы қағаздарды шығару, облигацияларды шығару, евродоллар нарығынан қарыздар алу.
Меншікті қаражаттар арқылы барлық қаражаттарға деген 10 пайызы өтеледі. Меншіктеу қаражаттар арқылы қосымша капиталдар, жарғылық капитал, негізгі қорлар, резервтер құралады.
Депозиттік және депозиттік емес пассивтер салымшыларға пайыз төлеумен, оларға есеп айырысу төлемдік қызметтер көрсетумен, оларды банктердің шоттарында сақтандыруды ынталандыру жолымен жинақталады.
Екінші деңгейлі банктердің несиелік операцияларда қарыздарды пайдаланғаны үшін төленетін төлем көлемі пайыз, оны пайдалану мерзіміне қарыз алушының төлем қабілетсіздігі тәуекелділігіне несиелік ресурстар үшін төлеміне, объектінің сипатына, банктердің мөлшерлемеріне тағы басқалары факторларға тәуекелі белгіленеді.
Қарыз пайызы экономикалық категория ретінде екі функция орындайды: үлестіру және банктің несиелік потенциалын өсіру.
Біріншіден, қарыз пайызының үлестіру функциясы барлық құнның үлестірілуіне емес, оның жаңадан құрылған құнды білдіретін бөлігімен байланысты.
Екіншіден, функция банктің карыз алушы ретіндегі потенциалының ұлғаюымен және сақталуымен байланысты. Банктің несиелік потенциалының ұлғаюы алынатын пайыз бен төленетін пайыз арасындағы айырмашылық есебінде болады. [8]
Қарыз мәмілесі ретінде несиені екі көзқараста қарастыруға болады. Біріншіден, оның техникалық заңдылық белгілері көзқарасынан, екіншіден әлеуметтік мазмұны, яғни осы келісім негізінде өсетін және дамитын немесе онда өз көрінісін табатын өндірістік байланыстар типін сипаттайтын белгілер тұрғысынан . Бұл екеуі бір-бірінен бөлінгісіз, бұлар өзара байланысты және себепші. Бірақ экономикалық талдау үшін маңыздысы қарыз мәмілесінің эканомикалық мазмұны яғни өндірістік қатынастардың белгілі формаларымен байланысты шаруашылық әдістері, жұмыс тәсілдері емес, өндірістік қатынастардың өзі болып табылады .
Бұл жағдайды былайша түсіндіруге болады. Мысалы, машина өндірісін таза техникалық тұрғыда машина өндірісінің макроэканомикалық орта параметріне анағұрлым бейімделуін оның жұмыс және таза техникалық тиімділігі тұрғысынан қарастыруға болады. Сонымен қатар, сол машина өндірісін оның әлеуметтік жағынан да қарастыруын, яғни машина өндірісі негізінде пайда болатын және дамитын өндірістік байланыстардың формалары мен типтері тұрғысынан, бұл бір жағынан оларға себепші, екінші жағынан, олар оны анықтайды. Бірінші жағдайда біз машина өндірісін техникалық-экономикалық категория, ал екінші жағдайда- экономикалық категория ретінде қарастырамыз .
Несиеге қатысты осыны айтуға болады. Несиені оның техникалық-заңдылық белгілері жағынан тауарлар айналысы процессін жүзеге асыратын мәміленің белгілі бір типі ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдайда несие олардың алдында техникалық немесе құқықтық категория ретінде танылады. Несиені құбылыстардың экономикалық мазмұны ретіндегі көзқарас тұрғысынан қарастыруға болады. Бұл жағдайда несие олардың алдында экономикалық ғылым категориясы ретінде қабылданады. Несие теориясы оны техникалық- заңдылық категория ретінде емес, қоғамдық-экономикалық категория ретінде қарастырады . Несиені оның формальді-заңдылық белгілері жа ғынан оқып білудің несиелік мәмілені тек меншіктің қозғалысы әдісінің ерекше түрі ретінде түсіну үшін маңызы бар . Сондықтан несие экономикалық категория ретінде несиелік мәміленің ерекше техникалық-заңдылық белгілерімен сипаттала алмайды. Осылайша, несие-өндірістік қатынастарды білдіретін экономикалық категория . Несие экономикалық категория ғана емес, сонымен қатар тарихи категория екенін атап өту керек. Ол өндірістік күштердің тек белгілі бір дамуында пайда болады. Экономикалық категориялар-жалпы тарихи категориялар. [13]
Несиенің және несиелік қатынастардың пайда болуына табиғи негіз, тауар шаруашылығы болып табылады. Тауардың пайда болуы екі жағдайда қатар жүреді. Біріншіден, тауар тек натуралды формасы және құны бар болған жағдайда ғана тауар бола алады . Біріншіден ол бір мезгілде тұтыну заты болады және олардың құны болады; екіншіден, қандай да бір заттар бір-біріне тауар ретіндегі қатынаста болуы үшін оларды өндірушілер өздеріне де ортақ ерікті әрекеті, өз меншігіндегі тауарды иелігінен шығара отырып басқа тауарды өзіне иеленуге ықыласы бар меншік иелері ретінде бір-біріне қарама-қарсы тұрулары қажет .
Тауардың бір тауар иесінен басқаға ауысуы нарықта айырбас арқылы жүзеге асады . Тауар айырбасы сферасының несие үшін маңызы зор. Оның пайда болуын ішкі тұтыну үшін өндірілген өнімдер сферасынан емес, тауар иелері, экономикалық қатынасқа түсуге дайын меншік иелері дербес заңды тұлға ретінде бір-біріне қарама-қарсы тұрған айырбас сферасынан іздеу қажет.
Несие қарыз мәмілесі ретінде ежелгі әлемде де орта ғасырлық қолөнері дамыған тауар шаруашылығында да кездеседі . Барлық кезде біз анағұрлым жетілген, бір қарыз мәміле-сіне ездесіп отырдық бірақ осы мәмілелер негізінде ұлғайып отыратын, құқықтық хатталуы осы мәмілелер болып табылатын өндірістік қатынастардың әр түрлі шаруашылық жүйелерінде бір - бірінен өте қатты айырмашылықтары болады.
Несие бәрінен бұрын тауар өндірісі процессінде пайда болатын оның негізгі өндірістік қатынастарымен анықталатын қоғамның әлеуметтік байланыстарының белгілі бір типі. Сондықтан несие экономикалық категория ретінде тек өндірістік қатынастар шеңберінде ғана сипатталуы мүмкін. Бұл несиені экономикалық мазмұны көзқарасы тұрғысынан қарастыруға қатысты. Несие әлеуметтік байланыстың белгілі бір типі бола отырып, өндірістік қатынастар тобына жатады. Өндірістік қатынастар өз жиынтығында қоғамдық қатынастар, қоғам аталатындарды құрайды және сонымен қатар тарихи дамудың белгілі бір сатысында тұрған, өзіне ерекше сипаты бар қоғамды құрайды.
Қоғамның негізгі өндірістік байланыстарына сүйенген неселік қатынастар жекелеген тұлғалар мен кесіпорындар, кесіпорындар мен мемлекет, мемлекет пен тұрғындар, адамдардың әлеуметтік топтары
ның арасындағы тауарлар айналысы сферасында пайда болады. Айналыс сферасы немесе тауарлар айналысы өндірістік қатынастармен анықталады. Осылайша белгілі бір өндіріс белгілі бір тұтынуға, үлестіруге, айырбасқа және осы әр түрлі жағдайлардың бір -біріне белгілі бір қатынасына себепші болады.
Өндіріс жағдайындағы айырбас құн ның немесе меншіктің бір иесінен басқаға ауысуы тәрізді әр түрлі тәсілдерімен жүзеге асырылады. Мұндай тәсілдердің бірі қарыз деп аталатын тауар айналысының бір формасы болған мәміле типі болып табылады. Тауар айналысының мұндай формасы өндірістің ерекше шарттарымен анықталады, осы себептен тауарлардың иеліктен шығаруылуы уақыт бойынша олардың бағасының өткізілуінен бөлініп қалады. Бұл шарттар мынаған байланысты: «тауарлардың бір типі өз өндірісіне көп уақытты, ал басқа түрі анағұрлым аз уақытты талап етеді . Әр түрлі тауарлардың өндірісі жылдың әр түрлі мерзімімен байланысты . Бір тауар өз нарығында пайда болса, басқасы алыс нарыққа сапар шегуі қажет. Сондықтан әлде бір тауар иеленуші келесі бір сатып алушыдан бұрын сатушы ретінде көрінуі мүмкін. Бірдей мәмілелердің бір тұлғалардың арасында жиі қайталануы кезінде тауарларды сату шарттары олардың өндіріс шарттарымен реттеледі. Екінші жағынан, тауарлардың белгілі бір түрін пайдалану мысалы үйді, белгілі бір уақыт аралығына сатады. Бұл жағдайда сатып алушы тек мерзімі өткеннен кейін ғана шын мәнінде тауардың тұтыну құнын алады. Сондықтанда ол тауарды төлемі төлегеннен бұрын алады.
Ақшаның қажеттілігін қамтамасыз ететін себептер, несие қажеттілігінің де себептері болып табылады. Жай тауар шаруашылығы жағдайында тауар айналысының формасы ретіндегі қарыз мәмілесі қажеттілік пен өндіріс шарттарынан туындайды. Алайда ндіріс шарттары несиенің қажеттілігін толығымен ашпайды . Тауар айналысының ішкі мазмұны ретіндегі құн қозғалысы несиенің қажеттілігі туралы түсінікті тереңдетеді. Айырбас шаруашылығы жағдайында құн қозғалысы капиталдардың шеңбер айналымында және өндірістік айналымда нақтылы түрде көрінеді және ол несиелік қатынастар пайда болатын, дамитын нақтылы экономикалық негіз болып табылады. Артынан несиелік қатынас өзінің табиғаты бойынша құндық болады. [10]
Несие ұдайы өндіріс процессінің үздіксіздігін қамтамасыз ету қажеттілігінен келіп шығады. Несие берілген сайын ол шаруашылық субъектілерінің өндірістік капиталы ақшалай (негізгі және айналым ), өндірістік және тауарлық формаларда бола алатыны бәрімізге мәлім .
Өндірістік капиталдардың қозғалысы олардың бір формадан басқа формаға ауысуымен тұйықталмайды, қозғалыс олардың ұдайы өндірісінің процесі, капиталдардың шеңбер айналымы болып табылады. Капиталдардың үнемі қайталанатын шеңбер айналымы бұл- капиталдардың айналымы . Өндірістік капиталдардың бірде тауар формасында, бірде ақшалай формада болуы олардың қозғалысының жалпы формасы болып келеді, яғни олардың ұдайы өндіріс формасы болып саналады .
Өндірістік капиталдардың жүйелі түрде бір формадан басқа формаға айналуы, сонымен қатар олардың үнемі шеңбер қозғалысы, капиталтардың шеңбер айналымы және айналымы барлық жерде бірдей емес; әрбір нақты жағдайда олар өндірістің тауар айналысының ерекшеліктерін қамтып көрсетеді. Өндірістік капиталдардың қозғалысы олардың шеңбер айналымы шегінде үздіксіздігімен ерекшелінеді. Олардың қозғалыс процесінде ақшалай қаражаттардың құйылуы және кері қайтуы, ресурстарда және оларды жабатын көздерде қажеттілердің толқуы байқалады. Мұны функционалдық формаларының өзгерісіне қарай негізгі, сондай-ақ айналым капиталдарының да қозғалысына байланысты байқауға болады .
Негізгі капиталдардың қозғалысы процесінде мезгіл-мезгіл ақшалай ресурстар формасында құн босатылады. Еңбек құралдары өндіріс процесінле ұзақ уақыт пайдаланылатыны белгілі, олардың құны тауар құнына бөлшектеніп ауысады. Негізгі капиталдар құнының ақшалай формада бірте-бірте қалпына келтірілуі, босаған ақшалай қаражаттар
дың кәсіпорындар шотында тұрып қалуына әкеп соғады.
Бұл кәсіпорындар оларды тозған еңбек құралдарының орнына жаңаларын алу үшін, соның ішінде кезекті машиналар мен механизмдерді алу үшін жеткілікті белгілі соманы жинақтағаннан кейін ғана пайдалана алады. Алайда негізгі капиталдар құнының бірте-бірте босатылуы, өз мөлшері бойынша кәсіпорынның олардың жаңа партияларын алу қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды, өйткені машиналар мен механизмдердің жаңа партиясы жекелеген бөлшектермен, детальдарымен емес толығымен алынады. Амортизациялық қорда негізгі капиталдардың тозған бөлшектерінің ауыстырылуы жинақталған амартизациялық қаражаттар есебінен жүзеге асырылады. Негізгі капиталдарды қалпына келтіруге немесе алуға өте үлкен шығындар жұмсалады, сондықтан оларды қаржыландыру ұзақ уақыт бойынша ақшалай қаражаттар жинақтауды қажет етеді
Негізгі капиталдар құнының қозғалысының бірқалыпсыздығы, капиталдың шеңбер айналымының және олардың айналымының сатылары бойынша қозғалысының ұзақтығынан болады. Нәтижесінде бір кәсіпорындарда еркін ақшалай қаражаттар пайда болса, басқаларында (ірі бір реттік шығындарға қажеттілікпен байланысты) олардың жеткілісіздігі пайда болады. [8]
Айналым капиталы құнының қозғалысымен байланысты осындай көрініс туындайды. Оның шеңбер айналымы және айналымының ұзақтығы әр түрлі. Уақыт бойынша ұзақтылық өзгерісі бәрінен бұрын өндірістің маусымдылығы, өндірістің және тауар уақыт бойынша сай келмеуі салдарынан пайда болады. Қосымша қаражаттарды тарту қажеттілігі импорттық қойылымдармен, тауарлы материалды құндылық
тарды бір реттік әкелуімен және басқа факторлармен байланысты болуы мүмкін қаражаттар қозғалысындағы бірқалыпсыздық дайын тауарларды жөнелтумен байланысты пайда болады. Тауарларды жөнелту мерзімі, оларды өткізуден түсім алу мерзімімен әрқашан сәйкес келе бермейтіндігі белгілі. Бұл көбінесе тауар өндірісі орынын көп жағдайда алыс орналасуына сонымен бірге, тауарларды өткізу нарығынан бұл алшақтың едәуір болуы және уақытша бос ақшалай қаражаттарға деген қосымша қажеттілікті тудыруы мүмкін .
Тауарлай және ақшалай формаларға және өндірістік капитал шеңбер айналымы мен айналымы, құндық болып табылатын қатынастың пайда болуына және дамуына нақты материалдық негіз болады. Берілген шеңбер айналым процесінде, бір жағынан, оның аяқталуы жүреді, осының нәтижесі ретінде бәрінен бұрын өткізілген құн ретінде болатын ақшалай қа ражаттар формасындағы құнның босатылуы жүреді. Екінші жағынан, объективті себептерге байланысты ақшалай ресурстардың жеткіліксіздігі олардың өндірістік жұмсалуына қосымша қажеттіліктер пайда болады. Демек, несие және несиелік қатынастар құн қозғалысы кезіндегі өндіріс уақытымен құн айналысы уақыт арасындағы, оның ақша формасында шот тарда уақытша тұрып қалуымен, оларды тауар өндірісінде пайдалану қажеттілігі арасындағы қарама-қарсы қайшылықтарды шешудің табиғи процесі ретінде пайда болды
Біріншеден, қоғам босатылған ресурстардың бекерге доғарылуын болдырмауға, екіншіден, ұдайы өндірістің үздіксіз жүзеге асуына мүделі болады. Өндіріс уақытымен айналыс уықыты арасындағы сәйкес келушілік құндық субстанциясы бар жиынтық ұлттық өнім қозғалысына қатысты. Босатылған жиынтық ұлттық өнім құнының барлық бөліктерінің-«С», «V» және «М»-өнімдері болуы мүмкін. Мысалы: жалпы экономика көлемінде өндірістік процесінде жұмсалған өндірістік құралдарын қалпына келтіру бірден жұмсалмайды: амортизациялық аударымдар жинақталады, бос ресурстар өз қозғалысында тоқтап қалған және өнімді пайдалануды талап ететін құндар түрінде тұрып қалады. [10]
Ұдайы өндірістің объективті процестеріне байланысты құн өндірісте толығымен қатыспайтын «V»-да да осындай көрініс байқалады, оның кейбір бөлігі уақытша пайдаланылмайды және ақшалай формада банктегі шоттарда тұрып қалады. Әрине, бұл қоғамдық өнім құнның уақытша босатылған бөлігі несиеге негізделіп жинақталады, қарыз ақша түрінде өз қозғалысын жалғастырады. Мұнан басқа «М» түрінде жаңадан жасалған құнның бөлігі де несие арқылы қайта бөлу сферасына тартылуы, несие қозғалысына құндық сипат беруі мүмкін.
Тауар шаруашылығы жағдайында өндірістік капиталдардың (негізгі және айналым ) шеңбер айналымы және айналымы несиенің объективті қажеттілігін толық түрде түсіндіре алмайтынын атап өту керек. Уақыт бойынша капиталдың шеңбер айналымының кеңістікте бір қалыпты еместігі тек қаражаттардың бір буынында босатылуы және басқа буында оларға қажеттіліктің бар болу нақты сипаттайды. Демек, тауар шаруашылығында капиталдың шеңбер айналымы және айналымында несиелік қатынастардың пайда болу мүмкіндігі қаланған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz