Қойма шаруашылығын ұйымдастырудың жағдайын тексеру


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 6
1 ДАЙЫН ӨНІМНІҢ ЕСЕБІ
- Дайын өнім есебінің мәні және негізгі түсінігі 10
- Дайын өнімді есебі және оның қозғалысын ұйымдастыру 12
1. 3 Қазақстан Республикасында астық өндіру мәселелері 14
1. 4 Дайын өнімнің аудиті 22
2 «АРЫҚБАЛЫҚ ЭЛЕВАТОРЫ» ЖШС СИПАТЫ ЖӘНЕ ТАЛДАУЫ
2. 1 «Арықбалық элеваторы» ЖШС қысқаша сипаты 33
2. 2 Негізгі көрсеткіштерді талдау 35
2. 3 Көрсетілетін қызметтердің бағасы мен өзіндік құнын талдау 42
2. 4 «Арықбалық элеваторы» ЖШС қаржылық жағдайын талдау 47
2. 5 Дайын өнім есебін талдау 53
3 ДАЙЫН ӨНІМНІҢ ЕСЕБІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3. 1 Кәсіпорында дайын өнім үшін өткізу жүкқұжатын енгізу 59
3. 2 Икемді бюджет енгізу 60
3. 2. Элеватор қызметінің тиімділігін арттыру 63
ҚОРЫТЫНДЫ 72
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ 74
ҚОСЫМША 76
АННОТАЦИЯ
Дебиторская задолженность представляет собой один из элементов отчетности, а именно активов.
Большое внимание на финансовое состояние предприятия оказывает увеличение или уменьшение дебиторской задолженности. Ее величина зависит от объемов продаж, условий расчета с покупателями, периода отсрочки платежа, организации контроля за состоянием дебиторской работы и претензионной работы на предприятии и др.
Первая глава посвящена изучению теоретических аспектов учета и анализа дебиторской задолженности.
Во второй главе раскрыта краткая характеристика ТОО «Арыкбалыкский элеватор», а также рассмотрена организация учета дебиторской задолженности и проведен ее анализ состояния за последние 3 года.
Третья глава посвящена совершенствованию учета дебиторской задолженности на данном предприятии.
ANNOTATION
Debitory liabilities are the element of financial accounts exactly of assets.
The increase or decrease of debitory liabilities influences greatly the financial situation of an enterprise.
Their quantity depends upon the volume of selling the conditions of setting accounts with customers, the period of the delay of a payment, the organization of the control of the state of debitory work and the pretensional work on the enterprise.
In the first part is the attention is paid on the study of the theoretical aspects of calculation and analysis of debitory liabilities.
In the second part the brief description of “Arykbalykski’s elevator” LTD is given besides the organization of the calculation of debitory liabilities is presented in this part. The analysis of their state for the last 3 years is also examined.
In the third part the author describes the ways of improvement of the calculation of debitory liabilities on the given enterprise.
АҢДАТПА
Дебиторлық қарыз есеп беру элементтерінің бірі болып табылады, нақты айтқанда активтердің бірі.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайына дебиторлық қарыздардың өсуі және азаюы үлкен әсерін тигізеді. Дебиторлық қарыздың көлемі сату көлеміне, сатып алушылармен есептесу жағдайына, төлемді кейінге қалдыру кезеңіне, дебиторлық жұмыстардың жағдайын бақылауын ұйымдастыруына және кәсіпорындағы қарсылық жұмыстарға байланысиы болады.
Бірінші бөлім дебиторлық қарыздар есебі мен талдауының теориялық аспектілерін зерделеуге арналған.
Екінші бөлімде ЖШС «Тайыншинский элеватор» қысқаша сипаттамасы, сонымен қатар дебиторлық қарыздар есебін ұйымдастыру және соңғы 3 жылдағы жағдайы туралы талдау жүргізіліп берілген.
Үшінші бөлім берілген кәсіпорындағы дебиторлық қарыздар есебін жетілдіруге арналған.
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауының Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында «Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өз-өзіне лайық «орнын» иемденген әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімдеуге қабілетті ел болуын қалаймыз. [1]
Мен дипломдық жұмысымда қарастырайын деп отырған «Арықбалық элеваторы» ЖШС негізгі дайын өнімі астық өнімі болып санлады. Ал, астық өндірісі Қазақстан Республикасында өсімдік шаруашылығының негізгі және стратегиялық тұрғыдан маңызды саласы болып табылады. Қазақстан АӨК дамуының тарихи тәжірибесі тың игеріліп, астық өндірісінің өркендеуіне байланысты тек аграрлық салада ғана емес, бүкіл ел экономикасында зор өрлеу болғанын көрсетеді.
Мемлекет басшысының Жарлығымен 2003-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық- түлік бағдарламасы мен 2004-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік ауыл- аймақтарды дамыту бағдарламасы бекітілді. Бұлар ауыл шаруашылығында мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуы үшін берік қаржылық негіз қалады.
Өндірілетін өнімнің көлемін ұлғайтуға, оның ассортиментінің кеңейуіне және сапасының артуына нарықты зерттей отыра, тұрақты түрде, үлкен көңіл аудару қажет. Қазіргі жағдайларда, кәсіпкерлер үшін негізгі мәселе дайын өнімдерді сату бойынша келісім-шартқа отыру, ол кәсіпорын қызметінің маңызды экономикалық көрсеткіші болып табылады, оның көмегімен кәсіпорынның шаруашылық қызметінің мақсаттылығын, тиімділігін анықтайды. Сату көлеміне босатылған және жөнелтілген дайын өнім кіреді, ол кәсіпорынның есеп айырысу шотына төлем түскен -түспегеніне қарамайды, немесе вексель алынды ма, оған да қарамайды.
Осылайша, сату процессі кәсіпорынның шаруашылық құралдарының айналымын аяқтайды, ол кәсіпорынға мемлекеттік бюджет алдындағы міндеттемелерін орындауға, банктерге несиелерін қайтаруға, жұмысшылар мен қызметшілерге, жабдықтаушыларға және өндірістік шығындарды жабуға мүмкіндік береді. Сату жоспарын орындамау айналым құралдарының айналымын бәсендетеді, сатып алушылар алдында келісім-шартта көрсетілген міндеттемелерді орындамағаны үшін айыппұл төлетеді, сонымен қатар, төлемдерді кешіктіреді және кәсіпорынның қаржылық жағдайын нашарлатады.
Астық өндірісін тиімді жүргізудің негізі- сапасы жоғары тұқым, мол өнімді сорттар, ғылыми негізделген ауыспалы егістер, химияландыру деңгейі, агротехнологияны қатаң сақтау. Қазіргі қатаң нарық жағдайында бұл мәселелердің бәрі әрбір ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің жадында болуы тиіс. Мемлекет еліміздің азық- түлік қауіпсіздігі мен экономикалық өрлеу қарқыны ауыл шаруашылығы өндірісі деңгейіне байланысты екенін ескере отырып, әр тауар өндірушіден өндірістің тиімді ұйымдастырылуын талап етеді.
Өндірілетін ауыл шаруашылығы өімдерінің ішінде астықтың халық шаруашылығында алатын орны ерекше. Астық- елдің азық- түліктік қауіпсіздігінің негізгі компоненті. Бұған дәлел біздің елде осы өнімнің дамуы үшін жасалатын шаралар. Мысалы, «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ арқылы астық нарығын қалыптастыру мен реттеу, 2003-2005 жылдар арасында болған «Ауыл жылы» бағдарламасы, «Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік аграрлық азық- түлік бағдарламасы» және тағы басқалардағы ерекше назар аударылуы. Қазақстан үшін астық шаруашылығын қолдап, дамыту экономикалық тиімділікке жету жолындағы әлеуетті мол бағыт. Себебі, астық экономиканың көптеген тұстарымен тығыз байланысты болып табылады. Жер, су, климат, экология жағдайларымен, химия, машина жасау салаларымен және ең бастысы ауыл тұрғындарының экономикалық жағдайы мен адам өмірі сияқты неше түрлі салалармен байланысты. Агроөнеркәсіптік өндірістің 50%- ы астық ресурстарымен тікелей байланысты. Астық дақылдарының егісі жыртылған жер көлемінің жартысына жуығын алып жатыр. Егін шаруашылығында астық басқа да өнімдермен салыстырғанда, мемлекеттің азық-түлік резервін құрудың басты көзі болып табылады. Астық - Республиканың ұлттық байлығы оның экономикасының тұрақты құралдарының бірі. Астық шаруашылығының даму жағдайы барлық ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігімен тығыз байланысты. Елімізде қалыптасқан экономикалық жағдайда астық өндірісінде шығынды азайту мәселесі маңызды орын алады.
Астық қабылдайтын кәсіпорындардың негізгі функциясы астық сапсын жақсарту болып табылады. Бұл үшін жақсы құрал-жабдықтар қажет. Өкінішке орай, қазақстандық астық қабылдайтын кәсіпорындардың қызмет ету мерзімі 40-50 жылдан асып кетті. Бұл кәсіпорындарда тозған, моральды ескірген құрал-жабдықтар қолданылады.
Кәсіпорында, нақты дайын өнім есебіне ерекше көңіл бөлу қажет, өйткені бұл кез келген кәсіпорынның негізгі тармағы болып табылады. Аталмыш дипломдық жұмыста өндірілетін дайын өнім есебінің оның ішінде астық өнімін өндірудің негізгі үдерістері қарастырылған.
Бухгалтерлік есеп өндірістік үдерісті, оның ішінде дайын өнімнің келіп түсуінің және шығысының қозғалысы туралы ақпаратты жинақтап қорытуға негізделген.
Дайын өнімнің өндіріліп сатылуы рентабельдіктің артуының басты шарты. Менің қарастырып отырған «Арықбалық элеваторы» ЖШС астықты өндіру, сату және сақтаумен айналысады. Ал, «кәсіпорын» астық өндірісін тиімді жүргізу үшін сапасы жоғары тұқым, мол өнімді сорттар, ғылыми негізделген ауыспалы егістік, химияландыру деңгейін, агротехнологияны қатаң сақтайды. Қазіргі қатаң нарық жағдайында бұл мәселелердің бәрі әрбір ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің жадында болуы тиіс. Мемлекет еліміздің азық- түлік қауіпсіздігі мен экономикалық өрлеу қарқыны ауыл шаруашылығы өндірісі деңгейіне байланысты екенін ескере отырып, әр тауар өндірушіден өндірістің тиімді ұйымдастырылуын талап етеді.
Астық қабылдайтын кәсіпорындардың ең негізгі функциясы астық сапасын жақсарту болып табылады. Бұл үшін жақсы құрал-жабдықтар қажет. Өкінішке орай, қазақстандық астық қабылдайтын кәсіпорындардың қызмет ету мерзімі 40-50 жылдан асып кетті. Бұл кәсіпорындарда тозған, моральды ескірген құрал-жабдықтар қолданылады.
Жалпы табыс өсімін молайтудың басты талабы, табиғи тозған негізгі құралдарды тұрақты жаңарта отырып, дайын өнім өндірісін молайту және шығындарды азайту болып табылады.
Дипломдық жұмыстың пәні «Арықбалық элеваторы» ЖШС дайын өнім есебі мен жүргізілетін аудиттің пайдасын ашып көрсету және өндірілетін өнім есебінің негізгі процесстерін қарастыру.
Дипломдық жұмыстың мәні «Арықбалық элеваторы» ЖШС дайын өнімнің есеп және жүргізілетін аудит жағдайын зерттеу және оны жетілдірудің негізгі бағыттарын ұсыну.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі - «Арықбалық элеваторы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және оның өндірген дайын өнім есебі.
Осы дипломдық жұмыстың мақсаты зерттеліп отырған «Арықбалық элеваторы» ЖШС экономикалық тиімділігін бағалау және арттыру, экономикалық тиімділігіне толық талдау жасай отырып, шаруашылықтың қызмет ету барысындағы кемшіліктері мен артықшылықтарын айқындау және зерттеу нәтижесінде қызмет етудің экономикалық тиімділігін жетілдіру бағыттарын қарастыру болып табылады. Осы мақсаттарға жету үшін жұмыста келесідей міндеттер қарастырылады:
- Қазақстандағы астық нарығының қалыптасуы мен даму жағдайы;
- Қазіргі нарықтық жағдайда астық өндірісін ұйымдастырудың экономикалық негіздерін қарастыру;
- Элеватор қызметіне талдау жасау;
- Элеватор қызметіннің экономикалық тиімділігін жетілдіру бағыттары бойынша ұсыныстар беру, оларды жүзеге асыру мүмкіншіліктерін көрсету;
Тақырыптың өзектілігі бойынша алдыма мынандай міндеттер қойдым:
- Дайын өнімнің кіріс және шығыс құжаттарын уақытылы және дұрыс толтырылуын тексеру;
- Дайын өнімді сақталуын, мақсаты бойынша пайдалануын қадағалау;
- Нақты қолда бар дайын өнімдерді бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстырып отырып түгендеу;
- Дайын өнімді құжатпен рәсімдеу және бухгалтерлік есептің шоттарында дұрыс көрсетілуін бақылау;
- Дайын өнім есебіне аудиторлық тексерістің дұрыс жүргізілгенін ашу.
Осы міндеттерді сәтті шешу үшін қойма шаруашылығында дайын өнімді есепке алуды ұйымдастыруды, бастапқы құжаттарды дұрыс толтыруды, құжат айналымын жүйелеуді, материалды-жауапты тұлғалардың есептіліктерін қадағалауды, бухгалтерияда талдамалы және жинақтамалы есепті уақытында жүргізілуін бақылап, дайын өнімнің есебінің тиімді жүргізілуіне дипломдық жұмысты жазу барысында ұсыныс енгізу.
«Арықбалық элеваторы» ЖШС Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы», Қазақстан Республикасының Салық Кодексін, Қазақстан Республикасының «Аудит қызметі туралы» заңдарын, Халықаралық қаржылық есеп стандарты (ХҚЕС) және басқа да ҚР нормативті актілерін, құрылтай құжаттарын, ХҚЕС сәйкес дайындаған «Есеп саясатын» басшылыққа алады.
«Арықбалық элеваторы» ЖШС мүлік және шаруашылық операциялар есебін 2006 жылдың 1 қаңтарынан Халықаралық Қаржы Есеп Стандарттарына сәйкес (әрі қарай ХҚЕС) жұмыс шоттар жоспарымен жүргізеді жүргізеді.
Дипломдық жұмысты жазу барысында статистика - экономикалық, монографиялық, баланстық тәсілдерді қолдандым. Сондай ақ, ҚР «Бухгалтерлік және қаржылық есеп туралы» заңын, ҚР Салық Кодексін, «Аудиторлық қызмет туралы» заңды және басқа да ҚР нормативті актілерін және ҚР бухгалтерлік есеп бойынша ұлттық комиссияның дайындаған құжаттарын және келесідей авторлардың Родостовец В., Кеулімжанов К., Назарова В. Л. «Бухгалтерлік есеп» оқулығы және бухгалтерлік оқу кітаптарына арналған әдістемелік нұсқауларды пайдаландым.
«Арықбалық элеваторы» ЖШС қаржылық қызметін талдағанда, соңғы үш жылда аудиторлық тексерістің болмағанын анықтадым. Өйткені, кәсіпорынның есеп бөлімі бухгалтерлік есебін ХҚЕС талаптарына сәйкес жүргізген. Сол себепті, аталмыш дипломдық жұмысты жазу барысында кәсіпорынның есеп бөліміне аудиторлық тексерісті қалай жүргізуге болатынын тек теориялық тұрғыдан ұсынамын.
Жоғарыда аталған міндеттерді орындау үшін «Арықбалық элеваторы» ЖШС 2007-2009 ж. ж қаржылық есептердің мынандай нысандарын пайдаландым:
- буxгалтерлік баланс №1;
- ақша қаражатының қозғалыс есебі №3;
- кіріс пен шығыс туралы есебі №2;
- меншікті капитал есебі;
- түсініктеме жазу
1 ДАЙЫН ӨНІМНІҢ ЕСЕБІ
1. 1 Дайын өнім есебінің мәні және негізгі түсінігі
Дайын өнімнің бухгалтерлік есебінің және оны сатудың негізгі міндеті болып табылатыны:
- өнімнен болатын барлық операцияларды есепте көрсету және уақытында құжаттау, өнімді өндіру, сақтау, жылжу жоспарының орындалуын бақылау; босатылған тауарларды есептеу және босатылған тауарларды сатып алушылармен уақытында есептесуі;
- сату мақсатында дайын өнімдердің нормативтен жоғары қорын анықтау және басқалары.
Өнеркәсіптік кәсіпорындарда және өндірістік бірлестіктерде жасалатын өндірістік процестің маңызды материалдық нәтижесі - дайын өнім болып табылады. Оның көлемінің, технико-экономикалық сипатының және тұтынушылық қасиетінің артуы экономиканың әрі қарай дамуын және халық тұрмысының көтерілуін қамтамасыз етеді.
Кәсіпорынның негізгі цехтарымен шығарылған және басқа сатып алушыларға, сонымен қатар өзінің өнеркәсіптік шаруашылығына және меншіктік капиталдық құрылысына сатуға арналған дайын бұйымдар өнеркәсіптік өнім құрамының басты элементі болып табылады.
Тауар өнімінің құрамына жататындар:
а) дайын бұйым (өнім), толық өңделген, бекітілген техникалық жағдайлар мен стандарттарға сәйкес, кәсіпорынның техникалық бақылауымен қабылданып, қоймаға тапсырылған немесе осы өнімге белгіленген қабылдау тәртібіне сай тапсырыс берушімен қабылданған;
ә) жартылай фабрикаттар, сатуға арналған және сатылған;
б) шетте жасалған өнеркәсіптік сипаттағы жұмыс.
Технологияық процестердің барлық кезеңдерінен өткен бұйымдар дайын өнім болып саналады. Олар барлық тиісті құрал саймандар және бөлшектермен жабдықталған, уәкілетті техникалық бақылау бөлімшесімен тексерілген және қабылданған, бекітілген стандарттарға сай екендігін куәләндыратын сертификат немесе басқа да құжаттармен жабдықталған.
Әдетте, дайын өнім құрамына көрсетілген талаптарға сай болатын бұйымдар кіргізілуі мүмкін, егер оларға жүкқұжат (накладной) толтырып сату бөлімінің қоймасына тапсырылады. Жүкқұжатта: өнімнің аты, өлшем бірлігі, өнімнің саны, бағасы, соммасы жазылады. Бірақта ережеден тыс жағдайлар да болады.
Кейбір өндірістен шыққан химиялық өнімдерді сатып алушыларға босатқанға дейін цех қоймаларында сақтаған дұрыс. Әр өнімнің өзге де ерекшеліктері болады, осы ерекшеліктеріне байланысты оларды жеке қоймаларда ұстаған дұрыс. Осындай жағдайларда өндірістен шыққан бұйымдар дайын өнімнің құрамына техникалық бақылау бөлімі және сатып алу бөлімі қабылдап алған соң кірістеледі.
Екінші жағынан, бұйымдар қоймаға өткізілгеннен кейін де әр қашан дайын өнім деп есептей бермейді. Мысалы, егер стандарт бойынша бұйымдар қорапта болу керек деп есептелсе, онда оларды қорапқа орап болған соң ғана дайын өнім деп есептелінеді, тіптен бұйым қорап цехында, қоймада жатқанның өзінде де.
Дайын бұйымдарды өнім құрамына қосу үшін оларды цехтан қоймаға босату уақыты да өте маңызды. Есепті айда дайын өнім құрамына тек осы айдың соңғы күнінде сағат 24-ке дейін босатылған бұйымдар ғана жатады. Егер екінші (немесе үшінші) смена графикка сай жұмысын сағат 24-тен кейін аяқтаса, онда бұйым дайын өнімнің қатарына қосылады, тек оларды келесі күннің таңғы сағат 8-ге дейін қоймаға тапсырылуы керек.
Бұр мерзімдер басқа жағадайларға да қатысты, көрсетілген мерзімдерде бұйымдар қорапталса, сатып алушыларға босатқанда дайын өнім құрамына жатқызылады.
Өнеркәсіптік өнім құрамының екінші элементі жартылай фабрикаттар көмекші және қосалқы цехтардың (өндіріс) өнімдері болып табылады. Олар дайын өнім қатарына жатқызылып, қоймаға кіріске алынып, сатушыларға босатыла береді.
Өнеркәсіптің кейбір салаларында дайын өнімнің құрамына осы кәсіпорынның басқа негізгі цехтарында әрі қарай өнделуіне (қайта өнделуіне) арналған өндірістің жартылай фабрикаттары да жатады. Мысалы, тоқыма өнеркәсібі кәсіпорындарында ол жуылған жүн, кейіннен ол жіп өндіруге қолданады, осы жіптен дайын өнім болып табылатын мата жасалады.
Өнеркәсіптік өнім құрамының үшінші элементі - бұл өнеркәсіптік сипаттағы жұмыс.
Өнім есебі және оны сату өнімді өндіру және өткізуді басқару үшін қажет мәліметтерді уақытылы алуды қамтамасыз ететін мақсатты процесс.
Бұл есептің мақсаты сатып алушыларына қатысты кәсіпорын өзінің келісім-шарт міндеттемелерін және өнім өндірудің өндірістік бағдарламасын орындауды бақылау болып табылады. Сонымен қатар, есептің көмегімен кәсіпорынның қоймасындағы өнімдердің қолда бары, оның қабылданған қор нормасына сәйкестігі (құралдардың айналымын жеделдету үшін қажет), сату бөліміндегі тауарлардың көлемінің жеткіліктілігі, қоймадағы және сатып алушыға жөнелтілген тауарлардың сақталуы бақыланады. Босатылу және сатылу операцияларының есебі сатып алушылар төлемдерінің уақытылы түсуін және сату барысында шығындар пайда болатын өткізу сферасындағы үнемдеу тәртібін қадағалау мақсатын көздейді.
Өнімді өндіру, босату және сату бойынша дұрыс басқару шешімін қабылдау үшін кәсіпорынның басқару органдары қажетті ақпаратты уақытылы алып отыру қажет. Мысалы, өнім өндіру жөніндегі күнделікті хабар тәуіліктік тапсырманың және айлық өндірістік бағдарламаның орындалғанының тұрақты түрде бақылап отыруына және жоспардан ауытқып кеткен жағдайда қажетті шара қолдануға мүмкіндік береді. Қоймадағы өнімнің қалдығы туралы мәлімет кәсіпорынның күнделікті потенциалды мүмкіндігі туралы талдау жасауға мүмкіндік береді. Босатылған өнімнің қалдығы туралы мәлімет өнімнің сатылуын болжау үшін, кәсіпорынның пайдасына оның әсерін болжау үшін, және де осы маңызды көрсеткіштер бойынша жоспардың орындалу жолын болжау үшін қажет.
Кәсіпорынның сыртқы есеп беру көрсеткіштерін қалыптастыру көзі ретінде де есеп ақпараты өте маңызды.
Есеп ақпаратын алуды ұйымдастырушы және оның қалыптасу тәртібін орындаушы кәсіпорын бухгалтериясы болып табылады. Оның өнімді шығару, босату және сатуды бақылау бойынша негізгі міндеттері келесідей:
- Өнім қозғалысын уақытылы құжатты толтыруын қамтамасыз ету - оның қоймаға түсуі (өндірістен шығуы) және сатып алушыларға жөнелтуі;
- Материалды-жауапты тұлғамен өнімді толық және уақытылы қабылдануын және оның сақталуын, сонымен қатар бекітілген нормативтерге оның қорларының сай болуын бақылау;
- Келісім-шарттарды орындаудың нақты тәртібін, сатып алушыларға өнімді жөнелтудің, өнімнің сапасы мен ассортименті, оның босатылу мерзімін ұйымдастыру. (Осы жедел есепті жүргізуді негізінен сату бөліміне жүктейді) ;
- Өнімді сатып алушылардан төлемнің уақытында түсуін бақылау және төлем құжаттарын толтыру;
- Ағымдағы бухгалтерлік есеп тіркемелерінде және бухгалтерлік шот жоспарында өнімді өндірудің, босатылуын және сату операцияларын жүйелеп жазу;
- Өнімді сатумен байланысты өндірістік шығындарды белгілеу және олардың шамасы мен құрамын бақылау;
- Өнімді сату жоспарының орындалуын бақылау;
- Кәсіпорынның сыртқы есеп беру көрсеткіштерін дайындау немесе олардың есептік ақпараттарын жинақтау;
Осы міндеттердің бухгалтерлік есепте толық орындалуын дұрыс жүргізілуін бақылау қажет.
1. 2 Дайын өнімді есебі және оның қозғалысын ұйымдастыру
Дайын өнім қозғалысын есептеудің алғы шарттары үшін нормативті-анықтамалық ақпарат қажет.
Дайын өнім қорының жағдайын жан-жақты бақылау, оның өндіру және жеткізу жоспарын орындау әрбір бұйымның атауын, көлемін, сортының қозғалысын қадағалауды қажет тұтады. Есептеуді осылай детальдап қарау дайын өнімді есептеу мен оның қозғалысын ұйымдастырудың міндетті алғышарты болып табылатын номенклатураны жобалау жолымен жасалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz