Салықтар мемлекеттің егемендігінің бір көрінісі
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. Еліміздің Президентінің
Қазақстанға жолдауына Қазақстан – 2030. Көркею, қауіпсіздік және барлық
қазақстандықтардың тұрмыс жағдайының жақсаруы мемлекетіміздің ең маңызды
мәселелерінің бірі, қазіргі заманға сай нәтижелі мемлекеттік қызмет орнын
және мемлекеттік басқарма құрылымын құру.
Сонымен қатар өте маңызды қызмет атқару барысында Қазақстан
Республикасының үкіметі тұтас және тәжірибелі болу керек екені анықталған.
Әр министрлік және мемлекеттік басқару салалсы мен қарамағындағы мекемелер
жүйесі өзіне тән емес қызметтерден, орталықтан аумақтарға және мемлекеттен
жеке меншікке беру арқылы босатылуы керек.
Бұл әрекет мемлекеттік басқарманың жүйелік болуына әкеледі. Әр
басқарма деңгейіне қызметі мен үстіндегі нақты анықталуы керек, қаржылық
ресурсына бекітілген, барлық деңгейдегі өкіметтің нәтижелі қызмет етуіне
заңдылық – құқықтық базаның құрылуы.
Өткен жылда өткізілген реформаның нәтижесінде қазіргі нарықтық
экономика талабына сәйкес келетін мемлекеттік басқарма жүйесі құрастырылды,
орталық қызметтен аудару процесін бастау және үстемділік, сонымен қатар
мемлекеттік басқармадағы жергілікті деңгейдің территориялық дамуының көп
сұрақтарын шешу. Мемлекеттік қызметтің іске асыруын нәтижелігін қамтамасыз
ету үшін орталық және облыстық билік деңгейі арасындағы үстімдегі
жетерліктей нақты белгіленген.
Еліміздің дамуының қазіргі заманға сай этапына, мемлекеттік
басқарманың нәтижелілігі әрі қара көтерілу қажеттілігінен қарағанда, барлық
билік деңгейіндегі қызмет аралары нақтылап бөлу, реформаны жүргізу
орталықтан төменгі жергілікті мемлекеттік басқарма деңгейіне ауыстыру
мәселелері орын алады.
Облыстық, аудандық (қалалық) және ауыл деңгейдегі билік қызметтері
бөлу бүгінгі күні облыстық деңгейге берілді және орталықтандырылған
басқарма жүйесін түгелдей қабылдайды. Алайда орталықтан берілген үстемдік
облыстық деңгейде қалды, ал ол өткізілген реформа идеологиясымен толық
мөлшерде сәйкеспейді.
Сонымен қатар әкімшілік-бюджеттік реформаның аяқталуы мемлекеттік
дамудағы алдағы іс-әрекеттікті және тұрақтылықты қамтамасыз етудің
маңызды шарты болып табылады.
Осы немесе басқа қызметтердің, осы немесе басқа мемлекеттік басқарма
деңгейде қатынасы тұрақты қызметтілік талдау негізінде іске асыруы керек.
Мемлекеттік қызметті орындау мемлекеттік материалдың және еңбек ресурстарын
нәтижелі пайдалануды және бюджеттік құралды дұрыс пайдалануды қамтамасыз
ету мақсатымен тұрғындарға максимальды түрде жақын болу керек.
Бюджет, олармен өз қызметін мемлекеттік саясаттық шараны іске
асыруының орындалуын қамтамасыз ететін мемлекеттің негізгі құралы болып
табылады.
Сондықтан да, тұрақтылық дәйегісінде негізделген, оларға салынған
қызметтің іске асуына және қарым қатынастың адалдығына, сондай ақ
бюджеттік саясаттың жүруіне ықпалын тигізу ушін мемлекеттік басқарма
деңгейінің барлығын жеткілікті қаржылық құрал мен қамтамаыз етуге бюджет
аралық қатынастың оптипальды моделін түрлендіру талап етеді.
Қаржылық жүйе түсінігі жалпы қаржы анықтамасының дамуы болып
табылады деп есептеледі. Сонымен қатар алдында айтылғандай қаржы
экономикалық қоғамдық қатынасты көрсетеді. Теорияда қаржы жүйесін
менеджментте жүйені мәселені шешу деп түсіндіріледі.
Қаржылық жүйе - ол білім саласының әдісі мен түр жүйесі және
мемлекеттік жіне кәсіпорындық ақша құралдарының қорын қолдау және
бөлу анықтамасы екені белгілі.
Бiздiң ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабiлеттiлiгiне оны әлемдiк
экономикаға интеграциялаған жағдайда ғана қол жеткiзе аламыз. Экономиканы
дамыту саласындағы, халықты әлеуметтік қорғау және азаматтар өмірінің
сапасын арттыру жөнiндегi алға қойған міндеттерді жемісті шешу үшін
бюджетаралық қатынастарды одан әрі жетілдіріп және барлық деңгейдегі бюджет
қаражатын барынша тиімді, шашпай-төкпей пайдалануымыз қажет.
Тақырыпты зерттеудің дәрежесі. Мемлекеттік бюджетті зерттеу, бюджет
саясатының қазіргі жағдайы, жеткен жетістіктері, проблемалары отандық және
шетелдік экономистердің еңбектерінде жан-жақты қарастырылған. Қазақстан
Республикасының бюджетін зерттеу барысында Үмбетәлиев А.Д., Керімбек Ғ.Е.,
Мельников В.Д., Байдуйсенов А.Д., ІлиясовҚ.Қ., Құлпыбаев С., сияқты
экономистер үлкен үлес қосқан.
Салықтар – мемлекет қаржысының (бюджетінің) тұрақты қайнар көзі болып
табылады. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында
қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланылады. Салықтар мемлекеттің
егемендігінің бір көрінісі. Осынысымен салықтар мемлекет меншігі мен
қарыздардан түсетін табыстан ерекшеленеді.
- Жаңа бюджет және салық кодексіне сәйкес, салық және бюджетке түсетін
міндетті төлемдер құрылымын, сонымен қатар ставкаларын қайта
қарастырулармен байланысты өзгертулер мен толықтыруларды енгізуді жылына
бір рет келесі жылдың қаңтарынан бастап шектеуді ұсынады. әрине, мұндай
қадам салық заңдылығының бірқалыптылығын және нақтылығын қамтамасыз
етеді. Одан да басқа, салық салудың мүделігінде Трансферттік баға,
Салық құпия институты және басқалары. Салық есебінде оларды қолдану
ерекшеліктерінің түсінікті жазылуы және операцияның жеке түрлерінің,
мәліметтер көздерінің, жақтардың өзара қызметтері мен өзара тәуелділігі
түсінікті түрде түсініктер енгізілген.
- Дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасының бюджетіне толықтай сипаттама
беріліп, қазіргі кездегі бюджеттің мәнін, маңызын, нарықтық экономикадағы
алатын орнын, проблемаларын және жетілдіру жолдарын қарастырдық.
- Бюджеттік шығындардың қалыптасқан сыныптамасы қарастырылып, оны пайдалану
саясаты мен бағыттыры зерттелді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – Мемлекеттік бюджеттік саясатын, оның
кәзіргі экономикадағы мәні мен ролін талдау, жетілдіру жолдарын қарастыру.
Осы міндеттер тұрғысында Қазақстан Республикасының бюджеттік саясатын
жетілдірудің негізгі жолдары жұмысында келесідей нысанды сұрақтар
қарастырылды:
- Қазақстан Республикасының бюджеттік саясатын жетілдірудің теориялық
негіздемесі;
- Жергілікті бюджеттің кірістерін және шығыстарын Ақмола облысының
Зеренді ауданы мысалында талдау;
- Бюджет процессіндегі шет елдер тәжірибесі негізінде аймақтық бюджетті
жетілдіру саясаты;
Дипломдық жұмыстың объектісі – Қазақстан Республикасының бюджетінің,
оның ішінде жергілікті бюджеттің қызметтері мен қатынастары.
Дипломдық жұмыстың пәні – Ақмола облысының Зеренді ауданының қаржылық
департаментінің қызметтері.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде
құқықтық және ақпараттық материалдар, Қазақстан Республикасының нормативтік
актілер және заңнамалар, ҚР статистикалық агентствосының ақпараты, Ақмола
облысының Зеренді ауданының қаржылық бөлімінің есептілік мәліметтері
пайдаланылды. Жұмыс барысында отандық және шет ел ғалымдарының еңбектері
пайдаланылды. Зерттеу барысында экономикалық талдаудың әдістері
қолданылған.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және
қолданылған әдебиеттерден тұрады.
1 Қазақстан Республикасының бюджеттік саясатын жетілдірудің теориялық
негіздемесі
1.1 Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесіннің қалыптасуы және
дамуы
Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін
басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс.Осы
мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір
әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды,заң шығарушы билікті, басқару
аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша
ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі
құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығындарын
қалыптастыру, оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі
бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда болды. Осы элементтердің барлығы
– бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының
өзара қатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары, бюджет құқықтарының
жиынтығы – бюджет құрлысын құрайды.
Дүниежүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттің
құрылысына, аумақтық-әкімшілік бөлінісіне, экономиканың даму деңгейіне және
нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктермен
ерекшеленеді.
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық
қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер
бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесі мен қатынстарының жиынтығын
білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің
жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың
аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты болады.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен
анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.
Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады: мемлекттік
бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық мемлекеттің бюджеті;
федерация мүшелерінің бюджеттері; жергілікті бюджеттер.
Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі
қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті
бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаулану мен дербестігінің түрлі
дәрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық
процестерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі
бюджеттерге қатынасы бойынша белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте
сақталады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрлымының унитарлық
типімен анықталады, өйткені Қазақстан – федералдық емес, басқарудың
Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.
[3,б.12]
2005 жылы қаңтар айының 1 жұлдызына күшіне енгізген жаңа Бюджеттік
кодекстің 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйе құрамына
келесі бюджет түрлері мен деңгейлері кіргізілген:
• республикалық бюджеті;
• облыстық бюджеті, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бюджеті;
• аудан бюджеті (облыстық маңызы бар қалалар бюджеті).
Бюджеттік заңнамаларға сәйкес бюджеттің барлық түрлері мен деңгейлері
дербес болып есептеледі. Бюджеттік жүйе құрлымында Төтенше мемлекеттік
бюджет пен Ұлттық қор қарастырылады. [3, б.14]
1991 жылы Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге
ұшырайды. Бұған дейін Қазақстанның мемлекеттік бюджеті, басқа одақтас
республикалардың мемлекеттік бюджеттері сияқты, КСРО-ның мемлекеттік
бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері, соның ішінде ауылдық
және поселкалық бюджеттер де қамтылып көрсетілді. Ол одақтық бюджеттен, 15
одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекттік әлеуметтік
сақтандыру бюджетінен тұрды. Одақтық бюджетке 1970-1990 жж. мемлекеттік
бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 52-50% тиді, оның 35% республикалардың
республикалық бюджеттерінің және 15% жергілікті бюджеттердің қарамағында
болды.
Бюджет кодексіне сәйкес, мемлекеттік бюджет – араларындағы өзара
өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті
бюджеттерді біріктіретін, талдамалық ақпарат ретінді пайдаланылатын және
бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.
Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (муниципалдық) бюджеттер
кез-келген басқа мемлекеттердегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің
орталық буыны болып табылады. Бюджет – мемлекеттің қажетті атрибуты және
оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және
муниципалдық құрылымдарының ақша қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы
маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың
қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарын
шоғырландыру мемлекеттің қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі республикалық
бюджетте шоғырланған.
Республикалық бюджет – бұл салықтық және басқа да түсімдер есебінен
қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық
бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен
қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын
жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Жергілікті бюджет (әкімшілік-аймақтық бірліктердің бюджеттері) –
облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті,
аудандардың (облыстың маңызы бар қаланың) бюджеті.
Бюджет кодексімен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен
қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік
органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, оларға
ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын
қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аймақтық бірлікте
мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры
облыс бюджеті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті
болып табылады.
Бюджет заңнамасымен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер
есебінен есебінен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар
қаланың) жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынышты
мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз
етуге және аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) мемлекеттік саясатты
іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстық маңызы
бар қала) бюджеті болып табылады.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан
Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер мәслихаттардың шешімдермен
бекітіледі,
Төтенше мемлекттік бюджет республикалық және Қазақстан
Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық
уәкілетті орган әзірлейді және ол Қазақстан Республикасының заңдарында
белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен
бекітіледі.
Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше немесе соғыс
жағдайын енгізу және оның күшін жою туралы Президенттің Жарлығы төтенше
мемлекеттік бюджетті енгізуге және оның қолданылуын тоқтатуға негіз болып
табылады.
Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан
Республикасының Парламенті дереу хабардар етіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылу уақытына тиісті қаржы жылына
арналған республикалық бюджет туралы заңның және тиісті қаржы жылына
арналған барлық деңгейлердің жергілікті бюджеттері туралы мәслихаттар
шешімдерінің қолданылуы тоқтатыла тұрады.
Төтенше мемлекеттік бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген
мерзім ішінде қолданыста болады.
Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылуы тоқтатылғаннан бастап
республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы тиісті қаржы жылына
арналған республикалық бюджет туралы заңға және тиісті қаржы жылына
арналған барлық деңгейлердің жергілікті бюджеттері туралы мәслихаттардың
шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының жекелеген жерлерінде төтенше жағдай
енгізілген ретте төтенше мемлекеттік бюджет енгізілмейді.
Қазақстан Республикасының бірнеше аймақтарының аумақтарында бір
мезгілде төтенше жағдай енгізуге төтенше жағдайдың зардабы ұлттық
мүдделерге және республиканың экономикалыќ қауіпсіздігіне нақты қатер
төндіруі мүмкін болатын ретте ғана төтенше мемлекеттік бюджет енгізуге
негіз бола алады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қор негізін мемлекеттің қаржы
активтері мен материалды емес активтердің мүлік түріндегі басқа да
активтері құрайды. Бұл қордың қаражаттары мемлекеттің әлеуметтік-
экономикалық даму
тұрақтылығын қамту, қаржылық активтер мен басқа мүлік қорландыру,
экономиканы шикізаттық сектордан тәуелділігін және сыртқы қолайсыз
факторлардың әсерін төмендетуге арналған.[3, б.25]
Бюджеттік жүйе қызмет атқаруының негізі келесі қаржылық қатынастары :
• мемлекеттің кәсіпорындармен орталықтандырылған ақша қоры қалыптасу
процесі жөнінде;
• мемлекеттің өндірістен тыс саласының мекемелерімен бюджет тарапынан
қаржыландыру жөнінде;
• мемлекеттің халықпен бюджет кірісін қалыптасу және әр түрлі өтемақы төлеу
мен әлеуметтік жәрдем жасау жөнінде;
• қаржы-банк жүйесінің мекемелері арасында (Қаржы министрлігі, Ұлттық банк
және т.б.);
• мемлекеттің шетелдік мемлекеттермен.
Қаржылық қатынастардың барлық бұл формалары мемлекетпен реттеледі,
жетілдіріледі және белгілі принциптер мен құқықтық нормалар негізінде
басқарылады.
Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің
өзара байланысына негізделеді және оларды жоспарлау, әзірлеу, қарау,
бекіту, атқару, бақылау тәртібімен, сондай-ақ республикалық және жергілікті
бюджеттердің атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі ынтымақтық, толығу,
бірізділік, басымдылық, шынайшылық, жайдарылық, дербестік, жауаптылық,
тиімділік, және нәтижелілік принциптерге негізделеді. Бұл принциптер
арасында басты болып ынтымақтық және дербестік принциптері саналады, олар
бюджеттік процесті ұйымдастырудың да негізгі принциптері болып саналады.
Бюджеттік кодексте жоғарыда айтылған принциптердің әр біреуіне түсініктеме
берілген.
Ынтымақтық принцип – бюджеттік жүйенің ұйымдастыру экономикалыќ
орталықтандыру дәрежесін көрсетеді. Ең толық түрде бұл принцип Кеңес
Одағының бюджеттік жүйесінде болды. Қазіргі кезенде жергілікті билік
органдарының дербестікке ие болғанына және оларға қаржылық ресутстармен
билік жүргізу жөнінде бірсыпыра құқық берілгеніне байланысты ынтымақтық
принцип босаңсытылып қалды.
Республика аумағында әрекет жасайтын мемлекеттік кірістер мен
мемлекеттік шығыстар жалпы бірыңғай жүйесі бар екені осы ынтымақтық принцип
арқылы дәлелденеді. Бұл принцип бюджеттік жоспарлау әдістемесі мен
ұйымдастыру бірлестігіне және жоспарлау мен әлеуметтік-экономикалық
болжамдау өзара байланысына кепіл береді. Осы принциптің негізінде
заңнамалық, өкілдік органдар жағынан бюджет қаражаттарының қозғалысына
тиімді бақылау жүргізіледі.
Бюджеттік жүйенің ынтымақтық принципі бірыңғай құқықтық база, бірыңғай
бюджеттік жіктеу арқылы бюджеттерді сапқа тізу, бюджеттік процесті іске
асыруда бірыңғай шаралар пайдалану, статистикалық және қаржылық ақпаратқа
қажетті бюджеттік құжаттар формаларының бірлестігі, бірыңғай ақша жүйесі,
бірыңғай әлеуметтік-экономикалық және салықтық саясатпен қамтамасыз
етіледі. Бұл принципті қолданған бюджетті құрастыру мен бекітуде көбінесе
артықшылығы бар бюджеттік баптардың болмауына әсерін тигізеді.
Толығу принципі – бюджеттер мен Ұлттық қорда республиканың
заңнамаларымен қарастырылған, объективті және сенімді көрсеткіштер
негізіндегі кірістер мен шығыстар толық көлемінде болуын қадағалайды.
Үкіметте бюджетте қарастырылғаннан басқа ешқандай да кірістер мен шығыстар
болуы тиісті емес. Сонымен қатар, бюджет қаражаттарын пайдалануда есепке
жатқызудың өзара талаптары мен талаптар құқығына жол беру жіберілмейді.
Бюджеттің толығу принципімен бюджет - брутто мен бюджет - нетто түсініктері
байланысты. Бюджет-брутто мемлекеттің кірістер мен шығыстар бойынша барлық
қаржы операцияларын көрсетеді. Ал бюджет-нетто тек қана бюджет баптарының
қалдықтарын көрсетеді, яғни әр бап бойынша кіріс түсіруге жұмсалған
шығындарды алғаннан кейінгі түсімдерді көрсетеді.
Қазіргі кезеңде әлемдік тәжірибеде бұл принциптің лайықтылығы шамалы
деп есептеледі, себебі оны қолдану бюджетті қажетті емес өз алдына бөлек
болатын шығыстармен толтыруы мүмкін. Қазақстанда мемлекеттік қаржы
құралдарын қалыптасуда орталықтырылған әдіс қолданады, сондықтан 1998
жылдан бастап барлық бюджеттен тыс қорлар жойылған.
Шынайшылық принцип деген бюджеттің қабылданған көрсеткіштерінің
республика мен аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының ортамерзімді
жоспарлары және ортамерзімді фискалдық саясаттың бекітілген параметрлері
мен бағыттарға сәйкестігі. Сондықтан бюджет көрсеткіштерінің шынайшылығы
экономика ахуалы және өндіріс көлемін объективтік бағалау мен әлеуметтік-
экономикалық даму жоспарының макроэкономикалық көрсеткіштеріне негізделеді.
Шынайшылық принцип бюджет атқару жөнінде есеп беруді бұрмалауын
болдырмау мен жоюға қажет. Ол мемлекеттің қаржы операцияларын әділетті
көрсету мен бекітілген сомалар бюджеттік белгілеулерге пайдалануын
қарастырады. Шынайшылық даму болжамдар мен бағдарламалар көрсеткіштері және
бюджеттік резервтер барлығымен қуаттандырылған негіздегі барлық кіріс
көздері мен шығыс бағыттары есептемелерімен дәлелденіп анықталады.
Бюджет жүйесінің жайдарылық принципі бекітілген бюджет пән оны атқару
есебі жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауын керек етеді. Бұл
қоғам мүшелерінің әр біреуіне мемлекеттің болашақ кірістері мен шығыстары,
әсіресе қаражат шығындарының негізгі бағыттарымен, оның ішінде әлеуметтік
салаға арналған қаражаттар көлемімен танысуға мүмкіншілік береді.
Жайдарылық принциптің түсінігіне толығырақ сипаттаманы былай беруге болады.
Жайдарылық принциптің түсінігіне толығырақ сипаттаманы былай беруге болады
– ол бюджеттік заңнамалар аумағындағы нормативтік-құқықтық актілер,
бюджеттер мен оларды атқару жөніндегі есептер және фискалдық саясат
жөніндегі есептер және фискалдық саясат жөніндегі есептер және фискальдық
саясат жөнінде басқа да ақпататтарды міндетті түрде жариялау, бюджет
процесінің ашықтығы мен мемлекеттік қаржы бақылау жүргізу.
Жергілікті бюджеттердің жөнді мен тиімді іс-әрекетінің шарттары болып
дербестік пен теңгерулік табылады. Бюджеттердің дербестік принципі маңында
олардың кірістері өздік қайнар көздерінің түсімдері арқылы қалыптасу мен
сол кірістер көлемінде ғана пайдалану бағыттары анықталуы түсініледі. Бұл
принципті қолдану әр деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдерді тұрақты түрде
бөлуін кірістіру мен олардың жұмсау бағыттарын анықтау және мемлекеттік
басқарудың барлық деңгейлерін бюджеттік заңнама негізінде бюджеттік
процесті өз еркі іске асыруына құқық берумен қамтылады.
Бұл принцип биліктің өкілетті және атқарушы органдарының аймақтар
деңгейінде қаржы ресурстарды пайдалану мен жұмсау жқніндегі құқықтарын
бірсыпыра кеңітеді, себебі жергілікті бюджеттерді атқарған процесте қосымша
алынған кірістерді жоғары деңгейдегі бюджетке қайтарып алуы мен жергілікті
бюджеттер қосымша ресурстармен қамтылмаса оларға қосымша шығындар салуы
жіберілмейді.
Бюджеттердің дербестігін бюджет жүйесінің барлық буындарының түсімдер
көздері заңмен бекітілу мен бюджет құралдарын әрбір деңгейдегі билік
органдарының заңмен анықталған өкілеттіктері негізінде пайдалану құқықтары
қамтиды. Барлық деңгейдегі бюджеттердің теңгерулігі бюджеттік-қаржы
саясатының қажетті талабы болуы мүмкін. Мысалы, бюджеттерді қарастыру мен
бекіткенде олардың тапшылықтарының шекті мөлшері тағайындалуы мүмкін.
Кейбір уақытта мемлекетте экономиканың бөлек бір салалары немесе іс-
әрекет салаларының бірінші кезекте дамуы қажетті болады. Осыған байланысты
ел немесе аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдылықты
бағыттары жасалады. Сондықтан, басымдылықтық принциптің түсінігі бюджеттік
жүйеде бюджеттік процесті осы басымдылықты бағыттарға сәйкес іске асыруды
білдіреді.
Бюджетті жасаудан бастап, оны атқарумен аяқталуына дейін бюджеттік
жүйе әрекеті бюджет ресурстарын оңтайлы көлемінде пайдалана отырып,
бюджеттік бағдарламалар паспорттарымен қарстырылған белгілі бір әсершіл
нәтижеге жету қажеттілік талаптарға бағынады. Бұл тиімділік және нәтижелік
принциптің мазмұнына сәйкес, себебі оның керек екендігі болып бюджеттік
құралдардың бекітілген көлемін пайдалануда нәтижелі жетістіктерді
қамтамасыз ету табылады.
Бюджеттік процестің әрбір қатысушысы міндетті түрде бюджеттік
заңнамалар талаптарын орындауы тиіс. Сондықтан бюджеттік жүйеде жауаптылық
принцип іске асуда, себебі бұл принциптің талабы – бюджеттік заңнаманы
бұзғаны үшін бюджеттік процеске қатысушыларды жауапкершілікке тарту.
1.2 Мемлекеттік бюджеттің қоғамның әлуметтік-экономикалық дамуындағы
мәні мен ролі
Бюджет - ол жалпы қаржы категорияға қарағанда бөлек, ерекше тұрған
экономикалыќ категория. Оның қаржыдан ерекшілігі тек қана абстракцияның
басқа деңгейі мен қаржылық байланыстың әр түрлі дәрежеде болуына
байланысты. Сондықтан, көптеген қаржылық байланыстардың ішінде бір-бірінен
ерекше тұратын бөлек арнайы салаларды бөліп шығаруға болады. Сондай бір
ерекше байланыс қоғамдық құндылық өнім бөлу аумағында мемлекет пен заңды
және жеке тұлғалар арасындағы қаржылық қарым-қатынас болып табылады. Бұндай
қаржылық қарым-қатынастың жалпы белгісі, біріншіден, олар мемлекеттің
қатысуымен болатын құндылық бөлу процесінде орын алуы, екіншіден, жалпы
мемлекттік функцияларды атқаруға арналған орталықтандырылған ақша
қаражаттар қорын қалыптастыру мен пайдалануына байланысты. Осындай барлық
қаржылық қарым-қатынас мемлекеттік бюджет деген түсініктің экомикалық
мазмұнын құрады.
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексініѕ 4-бабында бюджетке
келесідей түсінік берілген: Бюджет- ол мемлекеттің міндеттері мен
функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның
орталықтандырылған ақша қоры. Бюджеттің формасы – қаржылық жоспар,
материалдық негізі – орталықтандырылған қор, экономикалыќ негізі – жалпы
экономикалық қарым-қатынас, заңнамалық белсендіруі – заң. [3,б.69]
Бюджет әр мемлекетке өзінің экономикалыќ, әлеуметтік және саясаттық
функцияларын орындауға объективтік ақшалай түрде қажетті.Бюджет қай
мемлекеттікі болмаса да мазмұндары бірыңғай категориялардан қалыптасады,
яғни салық, займдар, шығын және тағы басқалары, сонымен қатар олар бір
қоғамдық-экономикалық формациядан басқа формацияға ауысса да өздерінің
мазмұнын өзгерпейді. Дәл осы ұғым бюджетті экономикалық категория деп
дәлелдійді. Сондықтан, бюджеттің экономикалыќ түбі басқа да экономикалыќ
категорияларға сай ақша түріндегі және соған сәйкес материалды негізі бар
өндірістік қарым-қатынаста жатыр.
Бюджет қаржы жүйесінің орталық тізбегі болғандықтан, ол сол қаржының
брлық негізі, сапалы сипаттамаларына сай. Басқаша айтқанда, егерде қаржы
жалпы ақша қарым-қатынас жүйесі болса, яғни орталықтандырылған ақша қорын
қалыптастыру және пайдалану процесі, онда бюджет өз алдына ақша
қарым-қатынас жүйесін құрады, яғни бюджеттік қорды қалыптастыру және
пайдалану процесі. Бюджеттік қор көптеген қоғамдық қажеттілік шығындарды
(әлеуметтік, қорғаныс, т.б.) қаржыландыруға арналған орталықтандырылған
ақша қоры.
Экономикалық әдебиет (заңдар, монографиялар, оқулықтар, ғылыми
мақалалар) бетерінде бюджет термині әр түрлі ұғымда пайдаланады, мысалы,
ақша қаражаттарының кірісі мен шығысы формасында немесе ақша қаражаттарының
негізгі орталықтандырылған қоры ретінде. Осыған қоса, әдебиетте мемлекеттік
бюджетке тағы да келесідей анықтама берілген: бюджет – ол қаржылық жоспар;
бюджет – ол басқарушылық жоспар; бюджет – ол заңнамалық құжат; бюджет – ол
коммуникация құралы; бюджет – ол бюджеттік салық саясатты дәлклдейтін құжат
деген. Бірақ, бюджеттік салық саясатының мазмұны өте кең, себебі оған
мемлекеттік басқару органдарының негізі функциялары, мемлекеттің әлеуметтік-
экономикалық дамуы мен фискалдық саясаттың көрсеткіштері, бюджеттің
көрсеткіштері тағы басқа көрсеткіштер мен ережелер кіреді.
Бюджет деген көптеген ұғымға сүйене отырып, ол келесідей
түсініктемелерден қалыптасады деп айтуға болады:
• ол өз алдында жеке бір экономикалыќ категория;
• ол мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қоры;
• ол экономиканы реттеуге арналған құрал (бюджеттік механизм арқылы);
• ол мемлекеттің негізгі қаржы жоспары;
• ол барлық бюджеттік қарым-қатынасқа қатысушылар міндетті түрде
орындайтын заң.
Бюджет экономикалыќ қарым-қатынасқа негізделгендіктен объективтік
түрде сипатталады. Өз алды бюджеттік сала болуы адамзаттың субъективтік
пікіріне байланысты емес, ең алдымен ол қоғамдық өндірістің дамуына керекті
орталықтандырылған ресурстарға, мемлекеттің табиғаты мен функцияларынан
туатын объективтік қажеттілікке байлансты. Ақша қаражаттары ресурстарын
орталықтандырудың экономикалыќ және саясаттық мәні өте зор, себебі олар
мемлекеттің жоспарланған шараларын іске асырудың негізгі құралы, біріккен
экономикалыќ және қаржылық саясатты жүргізуге қажет болып табылады.
Сондықтан, Бюджет кодексінде мемлекеттік бюджетке мынадай түсінік
берілген – ол республикалық және жергілікті бюджеттердің арасындағы қарама-
қарсы өтеу операцияларын есептемегенде сараптамалық ақпарат ретінде
пайдаланатын және бекітуге жатпайтын қосындысын құрайтын жалпы бюджет.
Сонымен қатар, мемлекеттік бюджет термині – мемлекет құрастыратын және
басқаратын орталықтандырылған бюджеттік қор мағынасында да пайдаланады.
Бүгінгі күнгі мемлекеттің бюджеті қаржылық қарым-қатынастағы әр түрлі
қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық мүделерін қалыптастыратын күрделі
және көп міндет атқаратын құрал. Бюджет арқылы орталық пен аймақтар
арасындағы әлеуметтік шығындар мен салық бөлу, еңбекақы мен кіріс
жөніндегі ымыраға(компромисс) келеді, бюджеттік дотациялар мен трансфертер
бөлу арқылы мемлекет орталық және жергілікті мүдделерді қалыптастырып іске
асырады. Ал бюджет экономикалыќ құжат ретінде қоғамның саясаттық және
әлеуметтік дамуын көрсетеді. [4,б.152]
Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік
бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер
тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында
жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен
қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік
ерекшілік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен
шықпайды.
Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына
өзгеше белгілермен сипатталады:
1. мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және
оны қоғамдық қажеттіліактерді қағанаттандыруға пайдаланумен байланысты
бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалыќ нысаны болып табылады;
2. құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық
өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес
сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық
шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық
қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған;
3. қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей
байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан
белгілі үзілісте жүзеге асырылады, қаржы қатынастары материалдық
өндірісте де, өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен
тығыз тоқайласып жатады.
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалыќ категория сияқты,
өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты
материалдық-заттай түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорында – бюджеттік қорында затталынады. Мұның
нәтежесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалыќ (бөлгіштік) процетер
мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақшаның ағынында өзінің
көрінісін табады. Бюджеттік қор – бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың
құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс,
халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қоғаныс және басқару жөніндегі
қажеттіліктерді қағанаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының
объективті шарттасылған экономикалыќ нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы
мен пайдаланылуы құнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс
процесін білдіреді.[4.б 163]
Мемлекеттік бюджеттің экономикалыќ маңызы жалпы қаржы қасиеттерімен
сипатталады, яғни экономикалыќ маңызды әлпеттейтін әдіс жалпы қаржы мен
оның тізбектерінде біртиптік функцияларға сәйкес. Сондықтан, мемлекеттік
бюджет, барлық қаржы жүйесі секілді бөлу және бақылау функцияларын
атқарады. Сонымен қатар, қаржы категориясына қарағанда бюджет ерекше
категория, оған келесі негізгі функциялар атқаруы тәнті:
• Ұлттық табысты қайта бөлу;
• әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету;
• экономикалыќ реттеу мен ынталандыру;
• ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру мен пайдалануын
бақылау.
Ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімдердің құндық бөліс құралы ретінде
мемлкеттік бюджет осы функция арқылы өзінің экономикалыќ маңызын тікелей
әлпеттейді. Бөліс функция арқылы мемлекет ауқымында ақша қаражаттарын
орталықтандыру мен оны жалпымемлекеттік мұқтаждықты
қанағаттандыруға пайдалану әске асырылады. Ал бақылау функциясы мемлекет
тарапына уақытында және толық қаржы ресурстар түсуі, орталықтандырылған
қаражаттар бөлуіндегі пропорцилар жағдай, сол қаражаттар үнемде және тиімді
пайдалану жөнінде мәлімдейді.
Мемлекеттік бюджеттің бөлу мен бақылау функциялары бір бірінен бөлек
емес, неғұрлым бірігіп, бір уақытта іске асырылады, себебі бұларды
бюджеттік қарым-қатынастың барлық жағы бейнеленеді.
Бөлу функцияның мазмұны қоғамдық іс-әрекет салалары, аумақтар,
экономика салалары арасында қаржы ресурстарды қайта бөлу процесімен
анықталады. Бюджеттен басқа бір де бір құндылық бөлу категориялар ақша
қаражаттарын осындай көп аспектіні қайта бөлу мен экономикалыќ басқарудың
әр деңгейінде іске асыра алмайды.
Салааралық қайта бөлу, бір жағынан, заңды және жеке тұлғалар бюджетке
енгізетін салықтар мен төлемдерге, ал екінші жағынан, бюджеттік қаражаттар
арқылы әр түрлі инвестициялық бағдарламалар, айналыс құралдар, операциялық
және басқа да шығындарды қаражаттандыруға негізделеді. Аумақаралық қайта
бөлу лайықты мемлекеттік билік органдарына салықтар мен кірістер бекіту
және бюджеттік реттеудің әр түрлі формалары арқылы жүргізіледі. Мұндай әдіс
әрбір әкімшілік-аумақтық бірлікте оның дамуын еліміздің әлеуметтік-
экономикалық даму жоспарына сәйкес қамтамасыз ететін бюджеттік қор
қалыптасуын қамсыздындырады.
Ақша қаражаттарын өндірістік және өндірістік емес салалар арасында
қайта бөлу материалдық өндіріс кәсіпорындардың қаржы ресурстарының бір
бөлігін алу арқылы іске асырылады. Содан кейін өндірістік емес сала
мекемелерін бюджеттік қаржыландыру жүргізіледі мұндай бюджеттік
қаржыландырудың ұлттық табысты пайдалануының құрлымын қалыптастыруда рөлі
өте зор, себебі мемлекеттік бюджет экономика секторлары арасында ұлттық
табысты қайта бөлудің маңызды құралы болып табылады. Әрине, қазіргі уақытта
ақша қаражаттарының басым жағы орталықтандырылған қорға мемлекеттік
сектордан түседі, бірақ жалпымемлекеттік қажеттілікті қамтамасыз етуге жеке
кәсіпкерлер мен экономиканың мемлекеттік емес саласының басқа да
субъектілердің қаражаттары тартылады.
Бөлу функияны ішкі өнімнің бөлінген құнын қайта бөлуге пайдалануының
кең тарауы бірден мемлекттік бюджет арқылы ұлттық табыстың белгілі бір
бөлігін бірнеше қайта бөлуге әкеледі. Ақша қаражаттарының ағыны бюджетпен
кәсіпорындардың өзара қатынастарының өзгерістері арқылы ең алдымен өзара
байланыстарды өзгертеді, сонымен қптпр бюджеттің экономикаға тигізетін
әсерінің дәрежесін тек сандық үйлесімдермен анықтамай, олардың экономика
процестерінің дамуы мен еліміздің қаржы ресурстарының өсуіне әсерлі болады.
Сондықтан, бюджеттің бөлу функциясы экономиканың құндық құрылымын реттеуде,
салалық және аумақтық үйлесімдерді жетілдіруде, мемлекет ішіндегі және
мемлекетаралық деңгейдегі интеграциялық процестерді ұлғайтуда кеңінен
пайдаланады.
Бөлу функциясының әркет ету шекарасы бюджетпен қатынасқа түсетін
қоғамдық өндірістің барлық қатысушылар мен экономиканың барлық салаларымен
анықталады. Бюджеттік бөлудің негізгі объектісі болып қосымша өнім (таза
табыс) табылады, бірақ бюджет арқылы керекті өнімнің де бір бөлігі қайта
бөлінуі мүмкін, мысалы, материалдық өндіріс жұмыскерлерінің салықтық
төлемдері және оларды пайдалану.
Бюджеттің бөлу функциясының ерекшіліктеріне: бюджеттің қоғамдық
өндіріске көпжақты әсері мен нақты нәтежеге жеткізетін жоғары деңгейдегі
іскерлігі жатады. Бюджеттің бұл функциясы ақша қаражаттарын экономикалыќ
және әлеуметтік дамудың басымдылық бағыттарға пайдалануға мүмкіншілік
береді де экономиканың жоғары өсу қарқынына жетуі мен оның тиімділігін
жоғарлатуына ықпал етеді.
Бюджеттің бақылау функциясының негізін бюджеттік түсімдермен шығындар
көрсеткіштері арқылы бюджеттік ресурстар қозғалысы қалайды. Мысалы бюджетке
уақытында немесе толық төленбеген салықтар мен түсімдер экономиканың кейбір
салалрында даму қарқыны төмендегеннің белгісі жатады. Егер бюджет тарапынан
қарастырылған қаражаттар толық көлемде пайдаланбаса, онда экономика
салалары мен іс-әрекет салаларда экономикалыќ коньюктура қажетті деңгейде
еместігі. Сондықтан, бюджеттік көрсеткіштер экономикадағы осындай
кемшіліктерді жою мен бүзылған қаржылық тәртіпті қалпына қайта келтіруге
бағытталған нақты шара қарастырып қолдануға негіз болады.
Бюджеттің бақылау функциясы бәрін қамтушы сипатқа ие және өте кең
әрекетті шекарамен ерекше. Бұл функция экономиканың барлық салалары мен
қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларына жайылған. Дегенмен, бюджетке
елдің барлық қаржы ресурстары жиналмаса да, ол бақылау функцияға
экономиканың жалпы қаржылық ахуалы жөнінде хабар беруге кедергі болмайды.
Қазіргі заманның шарттарына сәйкес бюджеттің бақылау функциясы да
өзгеруде, себебі ол өз мақсаттарын әске асыруға кең тараған ақпарат
пайдалану, автомтталған жүйелер, қаржылық есептемелер, компьютерлер қолдану
негіздерінде көп мүмкіншілік алады.
Мемлекеттік бюджет категориясы объективті болғандықтан оның
функциялары да объективті. Бюджет функцияларын бірден оның ішкі
потенциалдық қабілеттілігінен түсіну қажет, себебі ол (қабілеттілік) өзін
тек міндетті түрде бюджеттік қатынасы бар қоғамдық қарым-қатынастың белгілі
саласында көрініс табады. Сондықтан, бюджетке тәнті қасиеттер көрінісі,
оларды бөлу мен бақылау құралдары ретінде пайдалануы тек адамша іс-әрект
процесінде мүмкін, ал ол мүмкіндік мемлекет жасаған бюджеттік механизм
арқылы іске асырылады.
Бюджеттік механизм, бюджеттік саясатты шынайы түрде іске асырушы
болып, бюджеттік қатынастарды нақты түрде экономикалық және әлеуметтік
сауалдарды шешуге бағытталады. Бұл арада бюджет іс-әрекетінің объективтік
және субъективтік жақтарының арасындағы арақатынасты дұрыс түсіну қажет,
себебі бюджеттің және оның функцияларының объективтік сипаты қатынас
жүйесіндегі бюджеттің орны мен оның экономиканың даму деңгейіне тәуелді
екенін анықтайды.
Сонымен, бюджет функциялары, дәл айтсақ, бюджеттік салық сясаттың
функциялары қорытынды түрде келесілерді құрайды:
1. нарықтан тыс қызмет көрсету (қоғамдық сипаттағы қызыметтер: білім беру,
денсаулық сақтау, қорғаныс және т.б.);
2. кірістерді қайта бөлу (салықтар, трансфертер, субсидиялар және т.б.);
3. мемлекеттік реттеу (монополияға қарсы реттеу, еңбекпен қамтамасыз ету
жіне т.б.);
4. мемлекеттік баұылауды іске асыру (сыртқы бақылау, ішкі бақылау).
Мемлекеттік бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек
экономикалыќ категория және орталықтандырылған ақша қоры ретінде ғана емес,
сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық процестерді
реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарауға болады. Мәселен,
мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалыќ процестер
бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары – салықтар,
мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар және т.б.
өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы
жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір жылға
жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығындарын, орталықтандырылған қаржы
ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі қаржы
жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды орнын,
қаржы жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ қоғамдық ұдайы
өндірістегі айрықша рөлін айқындайды. Негізгі қаржы жоспары мемлекттің
қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Елдің негізгі қаржы жоспарының
көрсеткіштері республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық
бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің
бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен
пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылады бюджеттік
механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы
ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономиканы реттеу
орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен
бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы
ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.
Ақырында, мемлекеттік бюджет орындалуы міндетті мелекет заңдарының
бірі болып табылады (мысалы, келесі қаржы жылына арналған републикалық
бюджет туралы заң).
Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекттік бюджеттің қаражаттары
ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік
бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлуетті арттыруға,
әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтын табысы аз жіктерін
(зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған отбастарын) қолдау, сондай-ақ
денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерін әлеуметтік қорғауға
бағытталуы тиіс.
1.3 Қаржылық саясаттық экономикалық мазмұны және оны түрлендіру
Жергілікті өзіндік басқару – демократиялық қатардың міндетті
компоненті. Ол тұрғындардың өздерімен еркін тағайындалған өкілетті органмен
іске асырылады. Жергілікті өкілетті және атқарушы органға қатарланған
қызметті атқару үшін, олар белгілі мүліктік және қаржылық – бюджеттік
құқықпен үлестелінеді.
Жергілікті билік органының қаржылық базасы олардың бюджеті болып
табылады. Осы органдарға берілген бюджеттік және мүліктік құқық, оларға
өз бюджетін құрастыру, қарастыруға екітуге мүмкіндік береді.
Бюджет – жалпы ішкі өнімнің жартысынан көбін қамтитын қаржылық-
несиелік жүйенің орталықтандырылған бөлігі. Қазақстан Республикасының
қаржылық-несиелік жүйесі.
Жергілікті бюджет – ол жеке муниципальды пайда болудың қаржылық
ресурстарының орталықтандырылған қоры. Тұрғындарға өндірістің соңғы
нәтижесін жеткізетін басты жолдардың бірі. Солар арқылы қоғамдық тұтыну
қоры жеке тұрғын топтары арасында бөлінеді. Осы бюджеттерден өндірістік
аумақтағы салалардың дамуы қаржыландырылады, бірінші кезекте жергілікті
тағам өндірісі, коммуналдық шаруашылық, тұрғындардың өмір сүруіне қажетті
компонент болып табылатын өнім және қызмет көрсету көлемі.
Бюджет ұғымы экономикалық және құқықтық категория ретінде
қолданылады.
Құқықтық категория ретінде бюджет - мемлекеттік билік органдары
қазметін іске асыруға, ақша құралдарын шығындандыру және қалыптастыру,
заңмен бекітілген түрі.
Жергілікті бюджетті жеке даралық экономикалық категория ретінде
қарастыруға болады. Оның өзіндік ерекшеліктері бар:
– Жергілікті бюджет қайта бөлушілік қатынаста негізгі экономикалық түр
брлып табылады. Ұлттық кірісті жергілікті өзіндік басқару органы
қолындағы және қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру мақсатымен оны
қолдану;
– Жергілікті бюджет көмегімен ұлттық кірісті ұлттық шаруашылық,
территориямен, қоғамды қызмет аумағы саласымен қайта бөлу іске асады.
– Жергілікті бюджетті қайта бөлу пропорциясының құны қайта өндірістің
қажеттілігімен анықталады, мәселесімен, әр тарихи этапта қоғамның
алдында тұрады.
Жергілікті бюджет маңызы экономикалық категория ретіндей бөлінушілік
және бақылаушылық қызмет арқылы іске асады.
Бөлушілік қызметтің мағынасы ол оның арқасында жергілікті өзіндік
ьасқару органы қолында ақша құралдарының концентрациясы іске асады және
олардың идара территориясының әлеуметтік-экономикалық қажеттілігін
қанағаттандыру мақсатымен оларды қолдану. Содан басқа, осы қызметтің
көмегімен жергілікті өзіндік басқаруға қаржы ресурстары қаншалықты
уақытымен және толықтай түсінетінін анықтауға болады және жергілікті
бюджет пропорция құрымы қалай құрылатынын көруге болады. Қызмет құрамы
қоғамдағы өндірістік әртүрлі бөлімдердің арасындағы қаржылық ресурстардың
қайта бөлушілік процесімен анықталады. Басқа қаржылық жүйенің құрамдас
бөлігінің бірде біреуі осындай әр түрлі қайта бөлушілік қаржылық
ресурстарды (сала аралық, территория аралық, көп деңгейлі қайта бөлушілік
қаржылық ресурстардың, сол сияқты бюджеттік саясаттың әр түрлі деңгейімен)
іске асырмайды.
Осы қызметтің іс-әрекеттік аумағы, заңды тұлғалардай жек тұлғаларда
(ведомствалық территориядағы), қоғамдық өндірістің барлық қатысушылары
жергілікті бюджетпен қатынасқа кіруімен анықталады.
Бақылау қызметінің қорытындысы, жергілікті өзіндік басқару ақша
құралдарын қолдану және түрлендіруі арқылы экономикалық муниципалды
құрастыру экономикасының процесін көрсетеді. Осы қызметтің арқасында
жергілікті өзіндік басқару органының құзырына, әр түрлі шаруашылық
субъектіден қаржылық ресурстардың қалай түсетінін көруге болады, сондай-ақ
муниципалды құрылу қажеттілігіне орталықтандырылған ресурстардың мөлшері
сәйкес келедіме екенін көруге болады. Осы қызметтің негізін, жергілікті
бюджеттік түсімдер мен шығындық бағыттардың сәйкестік көрсеткішін тауып
көрсететін жергілікті бюджет ресурстарының қозғалысы құрастырады.
Жергілікті бюджет қызметі осы категорияның өзі сияқты объективті болып
келеді. Жергілікті бюджет экономиканы және әлеуметтік аумақтың дамуында
маңызды құрал әрекеті болып табылады. Оның көмегімен мемлекет қоғамдық
өнімнің құрылымын өзгерте алады, шаруашылықтың нәтижесіне әсерін тигізе
алады, әлеуметтік қайта құрушылықты іске асыра алады.
Жергілікті өзіндік басқару органы, орындалуы заңмен
бекітілгенминимальды мемлекеттік әлеуметтік стандарт деңгейінен төмен емес
муниципалдық құрылымға қатынасты саласында, тұрғындардың өміршендік
қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Нарықтық шаруашылық дәйегілердің дамы мен қатар жергілікті билік
органдарының қызметтері кеңейеді және күрделенеді, өткізілген реформаның
орталық ауырлығы төменгі бюджеттік жүйе деңгейіне ығысады.
Жергілікті бюджеттің құрамы және қаржылық саясатын түрлендіру. Жалпы
мемлекетті экономикалық және әлеуметтік міндеттердің жүзеге асырылуы
жергілікті бюджеттің маңыздылығы зор – ең алдымен бірінші кезекте
мемлекеттік қордың әлеуметтік дамуына және әлеуметтік инфро-құрым
ұйымның дамуына үлестіреді.
Бұл қаржы жергілікті бюджеттің жүйесі бойынша өтеді, оған, қалалық,
аудандық, ауыл бюджеті енеді. Мемлекетіміздің осы әлеуметтік саясатты
іске асырылуы үлкен материалдық және қаржылай қорды талап етеді.
Негізінен жалпы мемлекеттік ақшалай қордың бөлінуі өз ара жергілікті
бюджеттің өздігінен бюджет құрылым тобының қағидалары кепілдікке
берілген. Осы қағидаларды қорытқанда жергілікті бюджеттің кірісі меншікті
және табыс көзінің реттеуінен ұйымдастырады.
Жергілікті бюджет табысының бөлігі меншікті табыстан реттеу
түсімінен сонымен бірге ол қаржылай көмек әр түрлі формада (дотациялар,
субвенциялар, жергілікті білім қорының қаржылай қолау қаражаты), өзара
есептесу қаржысынан құрылады.
Жергілікті бюджет табысына жергілікті салық, айып пұл жинауы,
федералдық салығынан бөлінуі және адам салығы Қазақстан Республикасының
нормасына сәйкестігі, федералдық заң және Қазақстан Республикасы
субъект заңы белгілеуіне байланысты енеді.
Басқа да меншікті табысқа жергілікті бюджетке енетіндер:
– Жекешелендіру және мемлекеттік мүліктің нақтылау табысы;
– мемлекеттік мүліктің жекешелендірілуінен 10%-дан кем емес,
мемлекеттің территориясында орналасса, мемлекеттік жекешелендіру
бағдарламасына сәйкес келуіне жүргізілуі;
– Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жергілікті қойнауының және
табиғи қордың қолданылу төлемі;
– Мемлекеттің ақшалай – заттай, лоторей өткізуінің табысы;
– Мемлекет заңы және Қазақстан Республикасының адам заңына сәйкес, айып
пұл және жергілікті бюджетке бөлінуі;
– Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, мемлекеттік баж;
– Кәсіпорын мүлігіне 50%-дан кем емес салық;
– заңды тұлғаның құрылусыз кәсіпкерлік іспен айналысуына байланысты
жеке тұлғадан табыс салығы.
Жергілікті бюджеттің өз табысына мемлекеттік салығының жартысы жатады,
өзара әр түрлі деңгейде және жергілікті бөлімінің күнделікті негізіне
міндеттің бөлінуі. Оларға кіретіндер:
– жеке тұлғадан 50%-дан кем емес табыс салығының бөлігі Қазақстан
Республикасының орташа субъектісі бойынша;
– Қазақстан Республикасының азаматына, жобамен ұйым пайдасынан
орташа 5%-дан кем емес салығы;
– Спиртке, араққа және ликерлі-арақтық өнімдерге жоғары алғанда
Қазақст ан Республикасы субъектісі орта есебімен 5%-дан кем емес;
– Қалған подакциздік тауарлардың (минералды түр, шикізаттың,
бензин, автокөлік, импорттық подакциздік тауарлардан басқа)
акциздік бөлігі Қазақстан Республикасының орта есебімен 10%-дан
кем емес.
Муниципалды құрастырылымды негізінде бекітілетін мемлекеттік
салықтың минимальды (пайызбен) мөлшері көлемінде Қазақстан
Республикасының заңдылық (өкілетті) органы субъектілерімен анықталады.
Мемлекетпен бекітуге жататын мемлекеттік салықтың үлес есебі,
Қазақстан Республикасының субъектісіне берілген осы салықтардың
әрқайсысымен жалпы құралдар көлемінен өндіріледі. Көрсетілген
салықтардың үлесі базалық жылдың нақты көрсеткішімен есептеледі. Осы
үлестен жоғары заңдылық (өкілеттік) Қазақстан Республикасының органы
жоспарланған қаржылық жылға реттелетін кірістен жергілікті бюджетке
нормативтік алымдар (пайызбен) бекітуге құқығы бар, сондай-ақ ұзақ
мерзімді негізде (үш жылдан кем емес).
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзіндік басқарудың қаржылық
негізі туралы заңында жергілікті бюджеттің кірістік және шығыстық
түрлендіру дәйегісін кепілдеді, жергілікті бюджетті түрлендіруінде
жергілікті өзіндік басқару органдарының өкілеттігін ашты.
Салықтық кодекс жергілікті салықтардың және алымдардың тізімін
белгіледі, оларға, жер салығы, еке тұлғадан мүлік салығы, жарнама
салығы, мұралау және сыйлау салығы қатыстырылған (енгізілген). Бюджеттік
кодекс муниципалды мүлікті қолданғаннан, жергілікті өзіндік басқару
органының жүргізуіндегі жергілікті өзіндік басқару органымен және
бюджеттік мекемемен төлемді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz