Сортаңды жерлердің генезисі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Солтүстік Қазақстанның топырағының европалық үйлестіктен айыратын негізгі ерекшеліктері сортаңдығының көптігі болып табылады. Мұны жыртынды алқаптың жетімсіздеу тығыз қатпарынан, суға еритін тұздардың аса жоғары жатқан пішінінен аңғаруға болады.

Сортаңды жерлер біздің еліміздегі ауыл шаруашылығы алқаптарын кеңейтудің үлкен резерві. Әйткенмен олардың көпшілігі түбегейлі жақсармайынша игеруге жарамсыз.

Тұзды топырақтағы өсімдіктердің өсуі топырақ ерітіндісінің концентрациясы мен химиялық құрамына байланысты. Тұздың суға ықпалын байланыстыратын жәйт, тұздың концентрациясы артқан сайын ол өсімдіктер үшін өте өтімді болады. Сөйтіп, көптеген мәдени дақылдар топырақта суға еритін тұздардың болуына байланысты әрі қарай дами алмайды немесе өте төмен өнім береді.

Сортаңды жерлердің ауқымды алқаптарында қысқа мерзімде түбегейлі мелиорацияны өткізуді жүзеге асыру мүмкін емес. Міне, содан барып қосалқы шаралардың мәні арта түседі. Сондықтан да сор мен аса тұзды топырақты күрделі мелиоративті шараларды жүзеге асырғанда ғана игеруге болады. Әсіресе, сортаңды топырақтағы табиғи азықтық алқаптар аса суландыруды қажет етеді. Ал топырақтың құнарлылығын арттыруға органикалық және минералдық тыңайтқыштарды енгізу, құрылымын жақсарту, топырақтың биологиялық белсенділігін күшейту арқылы қол жеткізуге болады. Осы мақсатпен тұздалған учаскелерді игерудің алғашқы кезеңінде тұзға төзімді ауыл шаруашылығы дақылдарын сепкен жөн.

Әйтсе де тұзға төзімділігіне қатысты ауыл шаруашылығы дақылдарын жақсарту жөніндегі зерттеулер аз болғандықтан, тұзды және сортаңды жерлерде ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге арналған шектеулі ғана жиынтық бар. Соған байланысты аса тұзды және тұзға төзімді ауыл шаруашылығы дақылдарын және нақты биоклиматтық аймақ жағдайындағы сорттарды іріктеп алу өзекті мәселе болып табылады.

Жұмыс мақсаты - сортаңды жерлерде өсіру үшін ауыл шаруашылығы дақылдарының аса тұзды және тұзға төзімді, құнарлылығы мол сорттарын іріктеп алу.

Зерттеулердің міндеттері:

1. Солтүстік Қазақстандағы өскіндері бойынша жаздық бидайдың аудандастырылған және перспективалы сорттарының тұздалуының түрлі үлгісіндегі галофиттігін анықтау;

2. Топырақ кеңістігінің (ортасының) тұздалу дәрежесі мен химиялылығына байланысты жаздық бидайды егу нормаларына түзету енгізу шкаласын жасау.

Ғылыми жаңалық. Ғалымдар ауыл шаруашылығы дақылдарының тұзды және тұзға төзімділігіне байланысты топтарын зерттеп дайындады. Тұтастай ғылымда және практикада галофитті дақылдардың шектеулі жиынтығы бар. Еліміздің түрлі аймақтарында сортаңды және тұздалған топырақтарында өсіру үшін дақылдар іріктеліп алынды. Бірақ сорттық дәрежесіне қарай, мұндай зерттеулер аз өткізілді. Оның үстіне, бұл бағытта селекциялық жұмыс та жүргізілмейді.

Міне, осыған байланысты біз, Солтүстік Қазақстанда тұздалған түрлі үлгідегі ауыл шаруашылығы дақылдарының аудандастырылған және перспективалы сорттарының галофиттігін зерттеп үйрену жөніндегі зерттеулерімізді бастадық. Зерттелетін сорт учаскелеріндегі жүргізілген зерттеулер тұзға аса төзімді жаздық бидайдың сорттарын іріктеп алуға мүмкіндік береді. Әрине, бұл үшін ғылыми және өндірістік қажеттілік бар.

Практикалық мәні. Солтүстік Қазақстандағы жаздық бидайдың аудандастырылған және перспективалы сорты құрғақшылыққа, аязға аса төзімді болғанымен тұзға аса төзімсіз. Тұздалған жерлерде өсіру үшін тұзға төзімді сорттарды анықтау және енгізу оның шығымдылығын анағұрлым арттыруға мүмкіндік етеді.

Зерттеу түрі. Солтүстік Қазақстанда жазғы бидайдың аудандастырылған әрі перспективалы сорты болып табылады. Түрлі дәрежеде тұздалған хлоридті, судьфатты, хлоридті-сульфатты, содалы және түрлі үлгідегі тұздалған орта объекті болып саналады.

Жұмысшы гипотеза. Жаздық бидайдың тұздалған түрлі үлгідегі тұзға төзімді сорттарын іріктеп алу оларды себудің нормативін түзетуге, сөйтіп өскіндердің қалыпты өсуін, тиісінше, шығымдылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өзекті сөз: галофиттігі, сортаңға төзімділігі, өсу қуаты, лабораториялық шығымдылығы, тұздалу үлгісі.

1. ӘДЕБИ ШОЛУ

1. 1. Қазақстанның жер ресурстарының экологиялық жағдайы

Сортаңды жерлердің генезисі. Академик К. К. Гедройц 1928 жылы сортаңды жерлердің генезисі мен мелиорациясы теориясын дайындады. Оның концепциясына сәйкес сортаңды жерлердің пайда болуы натрийдің топырақ - жұту кешеніне енуімен байланысты. Топырақ сіңірушілік кешенде натрийдің болуы топырақтың бірқатар кері су-физикалық, физико-химиялық және технологиялық ерекшеліктерін байланыстырады. Ал сортаңды жерлердің эволюциясы мына схема бойынша өтеді: сор-сортаңды жер - сортаң топырақ. Яғни, сортаңды жерден сортаң топырақтан қалыптасады. Ал сортаң топырақтың пайда болуы топырақтың тұздылығымен байланысты болады. Топырақтағы тұздың жинақталу проценті түрліше өтеді. П. С. Коссовичтің (1913) есебінше, тұз топыраққа атмосфералық ылғалмен (жауын-шашын) сіңеді. Т. И. Попов (1914) болса тұздың жинақталуына ағын сулардың тигізетін әсерін айтады. Л. А. Морякова мен Л. С. Травникова (1972) топырақтың тұздалуын атмосфералық ылғалдың ауыс-түйісімен байланыстырады.

Сортаңды жерлердің морфологиялық құрылымы. Әрбір топырақ өзіне тән қабаттан, немесе генетикалық көкжиектерден тұрады. Топырақ карталарында топырақ атауын индекстермен (П д - шымды-күлгін, Л - орман топырақтары, Ч - қара жер, т. т. ) белгілейді.

Әрбір көкжиектің өз атауы мен индексі бір: А о - орман жолақты көкжиек немесе далалық кигіз; А - гумусті-аккумятивті көкжиек, Ап- жыртынды; А 2 - элювиальді; В - иллювиальді, немесе жуу көкжиегі; Т. -шым тезекті; С - аналық тұқым; Д - алмалы-салмалы тұқым.

Топырақтың жоғарғы қабатында А. аккумулятивті- шірінді көкжиек орын алады. Аталмыш қабаттың қуаттылығы осы топырақтың агрономиялық құндылығын анықтайды.

Төменде В 1 сортаңды көкжиек орналасқан. Құрғақ күйінде ол тығыз, қатты, шикісінде - босаң және жұққыш. Сібір ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институтының нұсқауы бойынша аталмыш қабаттың өңдеу кезіндегі оптимальді ылғалдығы 23-25 пайызды құрауы керек. Өзі бағана іспетті, кесек құрылымды келеді. Ол жаңғақ кесекті қоңыр-сұрғылт түске ұқсас болады.

Келесі күнбағыс іспетті В 2 көкжиегі жаңғаққа ұқсас құрылымды, буырыл түсті, гумус тәріздес, жинақталған тұз көздеріне тән болып келеді. Ауыспалы В 2 С көкжиегі - сарғылт буырыл түстес, құрылымсыз, жоғарысында гумус жұғындылары бар, тұз барлық көкжиегіне жинақталған. С - аналық тұқым көкжиегі буырыл-сарғылт түстес, құрылымсыз. Ылғалдану кезінде төменгі жағынан темірдің шала тотығы іспетті таңбалар білінеді.

Сортаңдардың топырақты пішінінің құрылысын Н. П. Панов, Н. А. Гончарова (1972) мына түрде жазып көрсетеді. Сор пішіні бірқатар анық көрінетін көкжиектерге бөлінеді: А гумусті - элювиальді (сордан тысқары), В 1 сортаңды (иллювиальді), В 2 сортаң асты, ВС ауыспалы және С - топырақ құрайтын жыныс көкжиегі.

- А көкжиегі (0-2-ден 0-25 см дейін) қоңыр-сұрғылт, кесек немесе пластикті, қабатты, кеуекті.

- В 1 қоңыр немесе сұрғылт іреңді қоңыр түстес, бағаналы. Ал оның кесектері жаңғақ түстеске бөлініп, жиектері глянціге ұқсас болады.

- В 2 көкжиегі алдыңғысынан ашаңдау, призматикалы немесе жаңғақ түстес келеді. Құрамында гипс пен карбонат бар. Одан С көкжиегі бөлініп шығады.

Сортаңдардың өзіндік ерекшеліктері. Сортаңдардың потенциялдық құнарлылығы жоғары. Гумус құрамдылығы жағынан аймақтық топырақтардан кем емес.

В. В. Докучаев өзінің «Сібір қара топырағы» атты еңбегінде Түмен, Ялуторовск, Есіл, Называеск, Омбы, Калачинск, Каинск, тіпті Барабаның өзіне дейін әрлі-берлі өткенінде сортаңдардың қара топырақпен алма-кезек алмасып отырғандығын байқағандығын атап көрсетті. Яғни олар жекелеген төбешік болып орналасып қоймай, керісінше басқа топырақпен кешенді түрде орналасатындығы атап көрсетілді.

Сортаңды жерлердің физикалық-химиялық өзгешеліктері Н. А. Димоның (1914), Д. Г. Виленскийдің (1924), К. Я. Глинконың (1924), тағы басқалардың еңбектерінде де мазмұндалды. Сортаңды жерлердің ерекшеліктерін К. К. Гедроиц (1928) егжей-тегжейлі жазды. Олардың кері физикалық ерекшеліктерін ол В 1 көкжиегінің болуымен байланыстырады. Сортаңды көкжиек құрғақ күйінде тығыз, ал ылғалды кезеңде жабысқақ өңсіз болып, «атмосфералық ылғалды нашар өткізеді». Аталған ерекшеліктер топырақты механикалық өңдеуді қиындатып, оларда өсімдіктер үшін қолайсыз ауа тәртібін қалыптастырады.

Сортаңды жерлердің иллювиальді көкжиектерінің агрономиялық қолайсыз өзгешеліктеріне мыналар жатады:

  1. құрылымның жоқтығы;
  2. жоғары шашырандылығы, тығыздығы, жабысқақтығы және бөртуі;

3) әлсіз, су өткізгіштігі, төмен сүзгіштік қабілеттілігі;

4) кері су және ауа тәртібі;

5) алмастырғыш натрий мен магнийдің жоғары құрамы;

6) топырақты ерітіндіде сода мен натрий гуматтарының қабаттасуы;

7) ортаның сілтілік реакциясы;

8) тамырсорғыш қабатта суда еритін тұздардың көп болуы.

Зерттеушілер В. А. Ковда (1963), К. П. Пак (1975) және басқалары да осылай деп көрсетеді.

Батыс Сібірдің сортаңды жерлерінің өзіндік өзгешеліктері туралы деректерді К. П. Горшенин мен В. И. Барановтар 1927 жылдың өзінде-ақ жариялаған болатын. Аталмыш мақалада сортаңды жерлердің физикалық-химиялық сипаты жазылумен қатар олардың топырақ құрылымының жайы, гидрологиялық кестесі, топырақ кешендерінің геоморфологиясы мен құрылымы да мазмұндалады.

Кейіннен Орал мен Сібір маңындағы сортаңды жерлердің ерекшеліктерін зерттеумен А. И. Оборин (1958), Н. В. Орловский (1937), Н. Д. Градобоев (1972), А. С. Мигуцкий (1955), олардың ізбасарлары -Л. В. Березин, Н. В. Семендяева, А. И. Парфенов, тағы көптеген басқалары айналысты.

Сортаң жерлерді игеру жөніндегі жұмыс ең алдымен, немесе түптеп келгенде аталған кері өзгешеліктерді әлсіретуге бағытталуы тиіс.

1. 2 Қазақстанның тұзды топырақтарының генезисі мен жағрапиясы

Солтүстік Қазақстанның аумағы үш табиғи-жағрапиялық орман далалық, далалық және жартылай бос аймақты алып жатыр. Солардың әрқайсысының деңгейінде түрлі табиғи-жағрапиялық аудандар бөлініп шықса, өздерінің геологиялық құрылысы, геоморфологиясы, климаттық, өсімдіктер, топырақ қабаты жөнінен тағы ерекшеленеді.

Аумақтың солтүстік бөлігін Батыс-Сібір төмендігінің оңтүстік шетінің жоталары алады. Орталық, оңтүстік және оңтүстік-шығыс таулы-төбешікті және үстіртті-тегіс, аудандар Орталық-Қазақстанның ұсақ-төбешігі деңгейінде орналасқан. Батысында және оңтүстік-батысында өзі тектес Торғай асханалық елі жатыр. Аумақтың батыс шекарасы бойында Заурал қыратының учаскесі орналасқан, ол Оңтүстік Оралмен байланысады.

Геологиялық құрылысының күрделігілі мен топырағының әртүрлігі түрлі топырақ құрайтын тұқымдардың дамуына ықпал етті.

Әсіресе негізінен өте ерте жауын-шашындар түсетін ширек шөгінділер көп таралған. Олар орман тектес саз бен құмнан тұратын тау жынысы, сондай-ақ элювиалды-делювиалды және аллювиалды шөгінділер болып келеді. Ең ертедегі топырақжасау жыныс үштік жыныстар (дені түрлі-түсті тұзды балшық) және ертедегі желмен түскен қабық ұсақ шоқылар аймағында шағын таңба болып кездеседі (каолин тектес балшық негізгі жыныс) .

Солтүстік Қазақстанның кең аумағының климаттық жағдайы ұқсас еместігімен жер беті құрылысының бірыңғай болмауынан, ерекше ландшафтпен ерекшеленеді.

Евразия материгінің орталығына орналасқан ол белсенді циклон қызметінің аудандарынан алыста және Орталық Қазақстан және Орта Азия шөлейттерінің әсерінен бұлттану мен жауын-шашын саны азаяды. Орта көпжылдық жауын-шашын мөлшері далалық аймақтарда 200-350 мм, кей жылдары әжептәуір ауытқиды. Солай болған уақытта радиациалық баланс жауған жауын-шашын булануына қажетті жылу мөлшері екі есе асып түседі. Жыл бойы жауын-шашын біркелкі бөлінбейді. Жылдық мөлшердің ең үлкен бөлігі жазғы маусымның шілдеге келеді. Жауын-шашынның айлық мөлшері едәуір ауысып отырады. Жоғары температура ауа ылғалдығының төмендігінен және қатты желден жазғы жауын-шашын тез ұшып, өсімдік құрғақшылақтан жиі зиян шегеді.

Климаттың континеталдығы сөткелік, айлық және маусымдық температураның тез өзгеруіне байланысты. Ауаның орта жылдық температурасы солтүстікте 0, 4 0 тен оңтүстікте 4, 3 0 ке дейін. Ең ыстық ай шілде, орташа температура 19-24 0 , ең жоғарғы 40-42 0 . Ең суық ай қаңтар орташа температура 16-19 0 . Температураның сөткелік амплитудасы жазда жоғары 14-15 0 . Олардың тез өзгеруі өсімдіктердің өсуіне және дамуына кері әсерін тигізеді, әсіресе жылуды жақсы көретін құмай, жүгері сияқты дақылдарға. Әсіресе өсімдіктердің дамуына көктемгі кеш және күзгі ерте түскен суық кері әсер етеді. Олар әдеттегідей мамыр және қыркүйек, ал маусымның басында және тамыздың аяғында сирек кездеседі. Оң температура жиынтығы +10 0 жоғары Солтүстік Қазақстан орталық бөлігінде 2000-2400 0 . Аязсыз кезеңнің ұзақтығы 110-130 күннің аралығында.

Ауаның ылғалдығы аумақтың орталық бөлігінде мамыр-қыркүйек кезінде күндіз әдеттегідей 40% дейін, ал 1/3 барлық күннің - 30% төмен. Жалпы егін шаруашылығына қолайсыз жылу мен ылғалдың ара қатынасы солтүстікте 20%, оңтүстікте 0% дейін.

Желдің басым бағыты: солтүстік-шығыста жазда, оңтүстік-батыста қыста.

Қардың қалыңдығы қазан айының басында болуы мүмкін. Қалың қар түсуі кездейсоқ болады. Ол әдеттегідей онша қалың емес, біркелкі түспегенде топырақтың терең қатуына әкеледі. Қардың қалыңдығы сәуірге дейін сақталады. Қыстан көктемге шығу қысқа, жылдам. Қардың еруі тез өтеді, сондықтан жібитін топырақ өзіне жартылай ағып кететін суды сіңіріп үлгермейді.

Сөз болып отырған аумақта негізінен дала топырағы - кәдімгі қара топырақ (қоңыржай құрғақ дала) және оңтүстік (қуаң дала), сол сияқты қою сарғылт және сарғылт топырақ (қуаң дала) . Солтүстік Қазақстанның топырағының негізгі шет аймаққа тән ерекшелігі, европалық ұқсастарынан ерекшелігі оның жоғары сортаңдылығы және карбонандығы.

Аймақтық топырақтар өте жиі сортаң топырақтармен бірігіп, 5-10% тен 50-70% дейін алаңға жетеді.

Сортаң жерлер Солтүстік Қазақстан далалық жерлерінде бейтарап ақ сортаң және тұзды топырақтардың араласуымен топырақтың жоғарғы көкжиегінің тұздануына әкеліп соғады.

Сортаңның пайда болуы топырақтың жер асты суларының төмендеуі гидроморфиялық кезеңімен сай келеді. Бірақ оның көбі жер асты суларымен байланыссыз. Олардың көп бөлігі топырақтың жер асты суларымен байланыссыз жағдайда пайда болған. Сол уақытта топырақтың тұздалуы өсуде. Бұл жол сортаң жерлерге көп қаражат жұмсамай агротехникалық шараларды өткізуге болады. Үлкен сортаңды жерде қысқа мерзімде мелиорация (суландыру) жүргізу мүмкін емес, сондықтан жергілікті іс-шараларды қолданудың маңызы артады.

Осыған байланысты жеке тұрғыдан мелиорация және сортаңдарды пайдаланудың әр деңгейде оларды игерудің ұсыныстарын дайындау қажет. Ол үшін зерттелетін аймақта сортаңдарды мелиорациалаудың теориялық негіздерін білу қажет.

Бәрін есептей келіп, өндіріске сортаң топырақты пайдалануды тек зерттеулер арқылы мелиорациялау жобаларын жасап, арнайы зерттеулер жүргізіп, жобалау-іздеу жұмыстарының әдістерін белгілеу қажет.

Зерттеу Солтүстік Қазақстанның далалық аймақтарында 1963 жылдан 1974 жылға дейін Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының стационарлық сортаңдарында орындалды.

1. 3 Солтүстік Қазақстандағы сортаңды жерлердің агроэкологиялық сипаты.

Солтүстік Қазақстанның сортаңды жерлерінің негізгі бөлігі қолдан суарылмайтын жағдайда игеру үшін қара топырақты және сарғылт аймақта шоғырланған.

Қазақстан топырағының ғылыми танымының бастауы революцияға дейінгі кезеңде Переселенческий басқармасының топырақ-ботаникалық экспедициясының зерттеулерімен орыс топырақ зерттеушілерінің басшысы К. Д. Глинканың басшылығымен және тікелей қатысуымен жүргізілді. Бұған атақты топырақ танушылар: Л. И. Прасолов, С. С. Неуструев, А. И. Безсонов, Н. А. Димо, Р. И. Аболин және басқалары қатысты. Сөйтіп олар тұңғыш рет топырақ қабатының құрылысы мен аймағының жалпы схемасын ашып, Қазақстан топырағының негізгі аймақтық үлгілерін іріктеп, сипаттады. Экспедиция материалдары К. Д. Глинканың (1923. 1926) С. С. Неуструевтің (1926), Р. И. Аболиннің (1930) монографияларында және А. И. Безсоновтың (1960) таңдамалы еңбектерінде толықтырылды. К. Д. Глинка осы кезеңде аймақтағы сортаңдардың қалыптасуын тұздалу-тұздамау процестерінің алмастырылуымен байланыстырып, ол кейінгі зерттеушілердің еңбектерінде айғақтала түсті.

Бұдан кейінгі жағрафиялық классификациялық, жүйелілік, жерді сапалы есептеу жөніндегі ауқымды зерттеулер (Е. Н. Ивановтың, 1930; Е. В. Лобовтың, 1944-1949; И. П. Герасимовтің, С. П. Матрусевичтің, 1945; А. М. Петелиннің, 1950; М. А. Глазовскаяның, 1952; А. М. Дурасовтың, 1958; С. И. Соколовтың, 1959; Р. Д. Жанпейісовтің, А. А. Соколовтың, К. Ш. Фаизовтың, 1960; Л. И. Пачикиннің, М. И. Рубинштейннің, 1960; Ю. В. Федориннің, 1960; В. В. Редковтің, 1964; Ю. В. Евстифеевтің, 1966; Ю. Г. Евстифеевтің, У. У. Успановтың, 1972, т. б. ) Қазақстанның жер қорының құрамын аймақтар және аймақшалар бойынша сапалық сипаттағы топырақ, оларды тиімді пайдалану жолдары туралы анықтауға мүмкіндік берді.

Осы авторлардың деректері бойынша Солтүстік Қазақстанның қара топырақты аймағы үш аймақшаға бөлінеді. Сілтілі қара топырақты аймақша (оңтүстік орман даласы) Батыс Сібір ойпатының Солтүстік жағалауының Қазақстан деңгейінде азғана территориясын (0, 4 млн. га) алады. Жылдық орташа ылғал көлемі 320-340 мм. деңгейіндегі аралықта болады. Вегетациялық кезеңде ол 210 мм дейін жетеді. Жылдық ауаның орташа температурасы 0, 4°С, ауаның 10°С-дан жоғары температуралық кезеңінің ұзақтығы - 125 күн, ал оң температураның сомасы - 2050°С. Гидротермикалық коэффициент 1, 3-ке жуықтап, ылғалдану коэффициенті 0, 63-0, 77 деңгейінде болады.

Кәдімгі қара топырақты аймақша (мейлінше құрғақ дала) Орал қыратының солтүстік учаскелерін, Батыс - Сібір ойпатының оңтүстік бөлігін және Қазақ ұсақ төбешігінің солтүстік аймағын алады. Аймақша алаңы 11, 7 млн. га. тең (У. У. Успанов, Ю. Г. Евстифеев, 1972) . Ылғалдың жылдық орташа сомасы 300-330 мм. құрайды. Солардың ішінде өсімдіктердің өсіп-өну кезеңіне 180-210 мм келеді. Ауаның жылдық орташа температурасы 10°С жоғары - 125-135 күн, оң температура 10°С - дан астам сомада 2100-2200°С, гидротермикалық коэффициент - 1°1 - 1, 2, ылғал коэффициенті - 0, 4-0, 5.

Оңтүстік қара топырақты аймақшасы (құрғақшылықты дала) Солтүстік Қазақстанда кең тараған, ол Орал қыраты аймағында Батыс-Сібір ойпатының Қазақ ұсақ төбешігінің солтүстік бөлігінде орналасқан. Оның аумағы 13 млн. га-дан астамды (Ю. Г. Евстифеев, У. У. Успанов, 1972; К. Ш. Фаизов, 1976) құрайды. Ылғалдың жылдық орташа мөлшері -1, 250-300 мм, өніп-өсу кезеңінде - 150-180 мм. Ауаның жылдық орташа температурасы - 1, 1-2, 4°С, 10°С температурадан жоғары кезеңнің ұзақтығы - 130-140 күн, ал 10°С-тан жоғары оң температура сомасы - 2250-2450°С, гидротермикалық коэффициент - 0, 8-1, 0, ылғалдану коэффициенті - 0, 4-0, 5. Аймақшада құрғақшылықтың қайталануы 25 пайызға жетеді.

Оңтүстікке қарай қара топырақты аймақ бірте-бірте сарғылтқа ауысады. Ондағы климат жылырақ және қара топырақты аймақ климатынан құрғақтау, бірақ ауыспалы. Ылғал жылына 200 мм-ден 280 мм дейін, кейбір аудандарда одан да астам түседі.

Қара-қоңыр түстес топырақ аймақшасы (құрғақшылықты далаңқы жер) 27, 7 млн. га алаңды алады. Ылғалдың жылдық орташа сомасы 240-280 мм, өсіп-өну кезеңінде 140-160 мм дейін түседі. Ауаның жылдық орташа температурасы 1, 7-3, 4°С құрайды, 10°С температурадан жоғары кезеңнің ұзақтығы - 130-140 күн. 10°С температурадан астамының сомасы - 2300-2650°С, гидротермикалық коэффициенті - 0, 33-0, 42. Құрғақшылықтың қайталануы 50 пайызға дейін.

Солтүстік Қазақстан топырағының европалық өзі тектес топырақтан айырмашылығының негізгі провинциалдық ерекшеліктері тұздылығының және карбон қышқылының жоғарылығы болып табылады. Содан барып жыртынды қабаттың құрылымы онша тығыз болмай, суға ерігіш тұздардың аса көптігінің өзі соның айғағындай болып саналады. Аймақтық топырақтар сортаңды кешенде көбірек кездесіп, олардың қатысуы 5-10 пайыз алқаптан 50-70 пайыз және одан астам алқапқа дейінгі кең ауқымда өзгеріп отыруы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан жазықтарында сортаңдар және олардың кешендері аумақтық таралымға ие. Олардың жүйелілігі, диагностикасы және генезисі соңғы үш онжылдықта (Ю. В. Федориннің, 1960; Л. И. Пачикиннің, М. И. Рубинштейннің, 1960; Р. Д. Жанпейісовтің, А. А. Соколовтың, К. Ш. Фаизовтың, 1960; И. Д. Громыконың және басқалардың, 1963; В. В. Редкийдің, 1964; Ю. Г. Евстифеевтің, 1966; Ш. М. Чултуровтың, 1968, В. Н. Михайличенконың, Ю. П. Паракшиннің, А. Н. Тачинаның, 1970, 1972; И. Я. Половицкийдің, 1972; В. И. Кирюшиннің, 1976; В. И. Кирюшиннің, А. И. Бабичтің, 1978; В. Н. Михайличенконың, 1979; А. М. Дурасовтың, Т. Т. Тазабековтің, 1984) еңбектерінде толық көлемде мазмұндалды.

Солтүстік Қазақстанның генетикалық ерекшеліктері мен сортаңдарына мелиоративтік баға беруді В. И. Кирюшин мен А. И. Бабичтің (1978) зерттеулеріне сүйене отырып, Қазақстанның солтүстік облыстарындағы сортаңды жерлердің 11229 тіліктері бойынша жасалған деректерді толықтыруларға негізделген тұрғыда қараймыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның тұзды топырақтарының генезисі
Солтүстік Қазақстанның далалы (деградациялық) жайылымды жерлерін жақсарту тәсілдерін зерттеу
Ауыл шаруашлық мақсатындағы жерлерді кадастрлық бағалау
Қызылорда облысы арал ауданы туралы қысқаша мәліметтер
Сырдария өзені төменгі ағысы ландшафттарының құрылымдық өзгерістері
Cu, Pb, Ni, Cr ауыр металдарының күріш алқаптарындағы топырақтардағы сандық және сапалық құбылымдары (Қызылорда облысы, Шиелі ауданының мысалында)
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жердің мониторингі
Арал теңізінің жағалық сызығының өзгеруін картографиялау
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТЕРРИТОРИЯСЫ ТАБИҒАТЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Далалық аудандарда өзен суын және жергілікті жерде ағатын суларды пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz