Рухани - адамгершілікке тәрбиелеудің шарттары


МАЗМҰНЫ
Нормативтік сілтемелер . . .
Анықтамалар мен қысқартулар . . .
1. Кіріспе
I. тарау. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1 Рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің қазіргі кездегі зерттелу тарихына шолу
1. 2 Рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің шарттары
1. 3 Рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің мүмкіндіктері
1. 4 Бастауыш сынып оқушыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының ықпалы
II. тарау ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ПӘНІ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ЖОЛДАРЫ
2. 1 Білім мазмұнымен рухани-адамгершілікке тәрбиелеумен ықпалдастығы
2. 2 Эксперименттік тәжірибелер және оның нәтижелері . . .
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымшалар
Нормативтік сілтемелер
Бұл дипломдық жұмысты келесі стандарттарға сілтемелер жасалған:
Анықтамалар мен қысқартулар
КIРIСПЕ
Тақырыптың өзектілігі
Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы бiлiм беру әлеументтiк құрылымының маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi бастауышта қаланатыны бәрiмiзге белгiлi. Бастауыш мектептен бастап оқушыларға бiлiмнiң қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдау адамгершiлiк қасиеттерiн дарытып Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу - бiздiң мiндетiмiз болмақ. Сондықтан да бастауыш мектептен бастап оқушының жан-жақты дамуына басты назар аударылуы керек.
Оқушының жан-жақты дамуына бағыт-бағдар берушi- мұғалiм. Бастауыш бiлiмнiң мемлекеттiк стандартында оқушыларды ғылымдар негiзiмен таныстырып қою емес, баланың жалпы ойын дамыту, қажеттi тәрбие берiп, оны тәжiрибеде қолдана бiлу үшiн өздiгiнен жұмыс iстеуге, адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру талап етiледi. Бүгiнгi заманның педагогикалық, психологиялық зерттеулерiнiң анықтауы бойынша мектептiң бастауыш сыныбындағы кезеңi баланың қай жағынан болсын ең қарқынды дамитын кезеңi.
Ғалым-педагог Л. В. Занков “Оқыту-оқушының жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуi қажет”- дейдi [9, 32] .
Адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастырудың тиiмдi тәсiлдерiне ұлттық педагогика элементтерi де жатады. Қазiргi таңдағы қазақ педагогикасының мiндетi - адам бойындағы жақсы қасиеттердi жас ұрпаққа үйрету, ұлтжанды, отансүйгiш, әдептiлiк, ар-намысы биiк оқушылар тәрбиелеу.
Бастауыш сынып оқушыларының оқу-әрекетi басым. Жас бала - жас шыбық тәрiздi қалай исең солай майысады. Сондықтан да бiлiм негiзi бастауыш мектепте қалыптасады деп айтылады, яғни осы кезеңнен бастап, балаға тиiстi көңiл бөлу керек екенiн заман талабы, тәрбие кепiлi деп түсiнуiмiз керек.
Оқыту мәдениетiнiң функциялылығы педагогтердiң де, оқушылардың да рухани-адамгершiлiк әдептiлiк бiлiктiлiгiн қалыптастыруға бағытталады. Оқыту мәдениетiнiң рухани - адамгершiлiк негiздерiн қалыптастырудың функциялық мәндiлiгi мынаған бағдарланған:
- бiлiм беру үрдiсi субъектiлерiнiң тұлғааралық қатынастарының рухани өрлеу тұрғысынан жаңарту;
- оқу әрекетiнiң психологиялық-педагогикалық қана емес, адамгершiлiк негiздерiн де анықтау;
Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiнiң даму динамикасы, оның iшiнде бастауыш мектеп жасындағы балаларға адамгершiлiк - рухани бiлiм бiлiм беруде бастапқы идеал құндылықтарды, ұстаным мен мақсаттарды қалыптастыруды талап етедi. Бүгінгі күні «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім берудің тәжірибелік бағдарламасы Қазақстан Республикасының жекеленген оқу орындары мен мектепке дейінгі мекемелерде сынақ алаңдарында жүргізілуде. Осы уақыт аралығында сынақ алаңдарында жұмыс істейтін педагогтар «Өзін-өзі тану» бағдарламасының әдістемесін игеру мақсатында қайта даярлау курстарынан сан мәрте өтіп, өз білімдерін жоғарлатуда. Сонымен қатар бірнеше мәрте барлық деңгейлер бойынша оқу-әдістемелік кешендер дайындалып, өңделіп, қайта жарық көрді.
Бұл өзекті мәселелерді шешудің негізі мені дипломдық жұмыс тақырыбын «Бастауыш сынып оқушыларын әдебиеттік оқу пәні арқылы рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің жолдары» деп таңдауыма негіз болды.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларын әдебиеттік оқу пәнінде арқылы рухани- адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастырудың тиiмдi жолдарын айқындап көрсету.
Зерттеу нысанасы: Бастауыш сынып оқушыларының әдебиеттік оқу пәні үрдiсi.
Зерттеу пәнi: Бастауыш сынып оқушыларының әдебиеттік оқу пәнінде рухани -адамгершiлiкке тәрбиелеу жолдары .
Зерттеу мiндеттерi:
- Зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми педагогикалық, психологиялық, әдіснамалық әдебиеттерді оқып, саралау, талдау жасау. әдiстемелiк ой-пікірлерге шолу жасау;
- Рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің шарттары белгілеу.
- Рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің мүмкіндіктері көрсету.
- Әдебиеттік оқу пәні бойынша бағдарламалар мен оқулықтарға талдау жасау;
- Әдебиеттік оқу пәнінде оқушылардың адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру жолдарын, әдiс-тәсiлдерін анықтап, педагогикалық эксперимент арқылы тиімділігін тесеру.
Зерттеу болжамы:
Егер, бастауыш сыныпта әдебиеттік оқу пәнінде оқушылардың рухани-адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру әдiс-тәсiлдерi тиімді қолданылса, онда әдебиеттік оқу пәні оқушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастырудың бір құралына айналып, дүниетанымдары кеңейгенімен қатар, тәрбие деңгейлері де артар еді, өйткені әдебиеттік оқу пәнінің оқушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыруда мүмкіншілігі ерекше болар еді.
Зерттеу әдiстерi:
- Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге, оқулықтарға, әдiстемелiк материалдарға талдау.
- Педагогикалық бақылау.
- Педагогикалық эксперимент.
- Озат ұстаздар тәжiрибесiн талдау.
- Сұрақ-жауап, салыстыру әдiстерi.
Зерттеу базасы: Ақмола облысы Степногрск қаласы, С. Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейінің 2-сыныбы
I. тарау. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1 Рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің қазіргі кездегі зерттелу тарихына шолу
Адамгершiлiк мәдениет адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасады, әрбiр дәуiрдiң өзiндiк қайшылықтарымен бiте қайнасып, жетiледi. Сондықтан да адамгершiлiктiң мәнiн абстрактылы түрде қарап, оны адамдардың табиғатымен, биологиялық ерекшелiктерiмен ғана байланыстыруға болмайды.
Адамзат тарихында адамгершiлiкке байланысты пайда болған категорияларға мыналар жатады: жомарттық, батырлық, ерлiк, әдiлдiк, қарапайымдылық, кiшiпейiлдiлiк, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс, тағы басқалары. Әрбiр қоғам өзiнiң даму процесiнде адамгершiлiк категорияларына, оның мазмұнына көптеген өзгерiстер енгiзiп отырған. Адамгершiлiк - адамдардың практикалық өмiрiнен тамыр алып, пайда болған әдет- ғұрыптар мен дәстүрлердi тудырып, солармен сәйкес дамиды. Ал мораль болса, шындыққа қарама- қарсы, терiс қарым- қатынаста пайда болады және адамның өзiне субьективтi түрде мiндет қоя бiлумен туындайды. Адамгершiлiк қасиеттерi отбасында, қоршаған ортада, балалар бақшасында, мектепте, адамдардың iс-әрекетiнiң барысында бiр- бiрiмен араласуы нәтижесiнде, қоғамдық тәжiрибе алуын өмiрмен байланыстыру арқылы қарлыптасады. Халықта: “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлерсiң” деген мақал бар. Тәлiм - тәрбие болмаған жерде адамгершiлiк мәдениетi мен қасиетi де қалыптаспайды.
Адамгершiлiктi, оның жоғарыда айтылған категорияларын қалыптастыру үшiн жүргiзiлетiн қатынастар аз емес, өте көп. Олар: дос- жарандармен, ата- анамен, оқушы мен ұстаздың арасында қарым- қатынас орнату, өзара сыйласу, қонақжайлылық, жолдастық, достық, туыстық қарым- қатынастар.
Адамге, ршлік -адам өмірінң рухани негіздепні, ойластырады, болжайды және адамат құндылығын қалыптастырады. «Адам жолында екітүрлі, бірі-біріне қарама-қарсы ағыстар бар. Бір ағыс қаталдыққа жетелесе, екіншісі -мейіріге талпынады» деген Леккидің сөзінеде үлкен мән бар. Адамгершілік мәселелерін қарастыруға философтар ерте кезден-ақ ререкше назар аударғакнг. Мәселен, и. Кант өзінің Практикалық сананы сынау» этикалық шығармасында адамгершілік жүйесін емес, адамгершілік шыңдығынның тұжырымдамасысы жасалған алдыңғы этикаклық дәстүрді қатты сынға алады. Ол мораль мен адамгершілікті бір-біріне ұқсамасйтын ұғым деп қарастырады. Адамгершлілікті Гегель, бір жағынан солардың көмегімен адамдырдың тәртібін реттейтін әдет-ғұрыфптары мен дәстүрлерін, екінші жағынан, моральға жанамак адамнның нақты міндеттері деп түсінеді. оның пікрі бойынша, мораль адамгершілікке қарағанда неғұрлым кең ұғым болывп саналады.
Оқушылардың адамгершілікке тәрбиелеу алдымызға мынадай міндеттер қойып отыр:
- Оқушыны оқыцған шығармалардың басты кейіпкердің іс-әрекетінің жағымды жақтарына көңіл аударып, талдауға түйін жасауға үйрету.
- Оқылған мәтіндерден кейіпкерлерге берілген авторлық көңіл -күйді табу.
- Оқушының адамгершілік сана-сезіміннің, ақыл -ой қызметінң дамуны қалыптасуына ықпал жасай отырып, адамгершлікке тәрбиелеуіне қозғау салу
- Адамгершлік тәлімі жүреке жан шуағын орнатып, бұрыннан бойымызда бар жақсы қасиеттерді дамытады. Жаман әдет пен теріс қылықтан тазарып, жаны таза, көңілі ақ, рухани сезімдерге бай адакм болып қалыптасу -өзекеті мәселе. Мейірімділік жылудан таракйды. Жүрек жылуының басқа табиғат жылуы, күн көзінің жылуынан да әсері мол.
Осы күні педагогикалық білімі жоқ адамдар да білетін ереже-«Тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек». Бірақ кейбір мұғалімдеріміз өзін-өзі қайта тәриелеуде бас тартқанадрыдң жауабы біреу-енді кеш, болары болды дейді. Рухани адамгерщілк-тәрбиенің барысында әрдайым осы мүраттарды басты нысана етіп ұстау қажет. Себебі баланың көзқарасы оның күнделікті іс-әрекетімен сәйкес келмесе, олпр ойлауға шеберғ, бірақ іс-әркетке қарым-қатынасқа жоқ адмадар болып қана шығады. Рухани тәрбиесі дұрыс балалар әрқашан жақсы қасиеттерлді бойыңа сіңіріп, өз идиларына ұқсауға ұмтыладцы. Таңдаған болавшақ мамандығыцна лайықты мінез-құлық қалыфптастырғысы келеді.
Оқушылардың рухани-адамгершілік жеке басының даралық ерекшеліктеріне мінез-құлық көрсеткіштері жатады. Мінез адамның өзіндік бағыт-бағдардың, жан дүниесінің ерекшеліктерінің тұрлаулы белгісі. Тәрбиелі мінез адам бойында ибалық қасиеттердің бар екендігін көрсетеді. Рухани дүнисі бай қажеттіліктері мен қызығушылықтары, талғамы ой-өрісі кең адамдарды толық мінезді адам дейміз.
Адамгершілік тәрбиесі - бұл тәрбиеленушінің қоғамдық мораль талаптарына сай санасына, сезіміне, әдет-қылығына, мақсат бағытына жүйелі түрде ықпал ету. Адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеттері:
1) ізгілік сана қалыптастыру; 2) инабаттылық сезімдер тәрбиелеу және дамыту; 3) адамгершілік әдет-қылықтың ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиесінің құрамы: адам және қоғам байланысын қалыптастыру, өз қылығының қоғаммен сәйкес болуы қажеттігін сезіндіру; адамгершілік білімді адамгершілік нанымға ауыстыру, тұрақты адамгершілік сезімдер мен сапалар орнықтыру; адамның басқалармен қатынасындағы жоғары мәдениет пен адамгершілік әдеттерді бекіту.
Қазіргі мектепте адамгершілік тәрбиесінің мазмұны жалпы адам құндылығын жоғарылату қажеттігінен көптеген өзгерістерге бет бұрды. Осыдан әрбір оқушыға төмендегі проблемалардың маңыздылығын түсіндіру ләзім:
1) адамға ең қымбат - өмір; 2) балалар - өмір жалғасы; 3) тәртіптілікпен байланысқан еркіндік; 4) отансүйгіштік (патриотизм) ; 5) ұлтжандылық; 6) интернационализм; 7) борыш, ар, намыс, ождан, тәртіп сақтау, кішіпейілділік және т. б.
Қазіргі тәрбие жүйесіндегі ең маңызды да көкейтесті проблемалар - бұл оқушылардың жыныстық тәрбиесі және еңбекке қатынасы.
Тәрбие ісінің этикалық бағьттағы құрылымына педагог адам моралі туралы мәліметтер ендіреді. Мораль - адам санасының формасы және адамзат мәдениетінің бөлігі. Мораль принциптерін, нормасы мен мәнін түсінуден тәрбиеленушілер өздерінің және басқа адамдардың қылықтарын дұрыс бағалауға үйренеді. Адамгершілік жағынан тұрақталған тұлға моральдық нормалардың шындығына сенімді болады, оларды орындау қажеттілігін мойындайды. Бірақ, адамгершілік нормаларды білу, түсіну наным-сенімдер бекуін өзінше қамтамасыз ете алмайды, тек - олардың қалыптасуына қажетті алғышарттар ғана болып есептеледі.
Адамгершілік білімдер баланың өмір тәжірибесіне өтіп, ой толғанысына еніп, тәрбиленушілердің өзіндік талқы сарабына түскен болса ғана адамгершілік нанымдар дәрежесіне көтеріледі. Этикалық тәрбие ісінің ең басты мақсаты - адамгершілік мінез-құлықтарды қалыптастыру, тәрбие ісінің күнделікті өмір жағдайындағы адамгершілік іс-әрекет бірлігінен құралады. Өз қылықтарымен адам айналамен байланысып, ондағы жағдайлармен қарым-қатынас бейнелейді.
Адамгершілік әдет-қылық тудыру үшін соған сәйкес жағдай жасау керек. Жоғары адамгершілік іс-әрекет қажеттігін қалыптастыру - этикалы тәрбие ісінің маңызды бөлігі.
Тұлғаның адамгершілік қажеттігін қалыптастыру - оның түйсік жүйесіне моральдық нормалар мен принциптерді қабылдату процесі.
Адамгершілікті қажеттіктің көмегімен ізгілік мораль негізі - еркін таңдау мүмкіндігі туады. Адамның еркін тандау мүмкіндігін дамытудан этикалы ТІ функциясы орындалады. Әдет-қылықтар жүйесі адамгершілік әдеттерді қалыптастырады. Әдеттерден адамгершілік қылықтарды қалау тұрақты қажеттілікке айналады. Әдеттер қарапайым (қарым-қатынас ережесі, жүріп-түру мәдениеті, тәртіп) және күрделі болады (еңбекке дайындық және оны қажетсіну) .
Тәрбие ісінің орындау мақсатында мектеп тәжірибесінде тексерілген келесі ережелерді негізге алған жөн:
1. Адамгершілік тәрбие процесі адам үшін "күреске" айналмауы тиіс. Тәрбие "күрес" емес, күнделікті күрделі жұмыстан тұратын ұзақ маңдай тер ісі.
2. Тұлғаның ізгілікті қасиеттері өмір қажетінсіз қалыптаспайды.
3. Тұлғаны жақсылық жасауға ынталандыратын жағдайлар туындату қажет.
4. Бірнеше әдетті қатар бір мезетте дамытуға болмайды, оқушының жаңа нормалар мен ережелерді қабылдауға дайындығын ескерген жөн: жаман қылықтары болса, одан арылуы тиіс, олардың жақсы не келеңсіз екенін түсіндіру қажет.
5. Жоғары адамгершілік қасиет қарапайым, жәй нәрселерге негізделеді. Гуманизм, сыйластық, қылық мәдениеті дағдыларын дамытпай, адамды мейірімділікке тәрбиелеуге болмайды: сыпайылылық, есіркеушілік, сөйлеу мәнері, мейір белгілері.
6. Ұжымдық, азаматтық тәртіпті түсіну сияқты адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу үшін арнайы әдеттерді ұғыну керек: басқаларға қамқорлық, адамды түсіну, өзінің эгоистік сезімін тежеу, ұжым талабын орындау, қауым алдындағы міндеттер, өз ісі мен сөзіне жауап беру т. б.
7. Мораль арқылы жаман әдеттерді айыра білу: өте қатты сөйлеу, басқалар сөзін бөлу және тыңдамау, тырнақ тістелеу, қол сілтеу т. б.
Арнайы мысалдар арқылы жастарға бір қарағанда еленбес әдеттердің салдарынан болашақ өз өміріне келетін зиянды түсіндіре әрі нақты көрсете білуі керек.
Адамгершілігі бай адам-ең алдыцмен әділ, шыңшыл мейірімді кешірімдіғқанағатшыл, ақылды, болады. Адамгершілігі бар болу деген не? Ол қайырымдылықтан тұрады. Ал қайыорырымдылық қандай қасиет?Ол үшін «Мен қвандай болуға тиіспын? Адам болу деген не? Сұрақтарға жауап беруіміз керек. Мысалы терк әдемі өсу үшін ылғал, күннің көзі, түорлі тыңайтқыштар мен қоректік заттарды топырақтан бойна сіңіру қажет, сонда белгілі өсу сатысына жетеді. Теректің «жақсы» өсіп дамуына құнарлы топырақ, ауарайының қолайлы болуы. т. б жағдайлар әсер етеді.
Қазақстан -тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш-білім жіне білімді де тәрбиелі ұрпақ. Білімді ұрпақ егеменді елдің берік тірегі. Біз білімді ұрпақ, білімді тұлға дегенде рухани жан дүниесі бай, білім мен біліктілігі жоғары, талап-талғамы терең, салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастырылған тұлғаны айтамыз.
Бүгінгі күн кімді болса да толғандырмай қоймайтын рухани-адамгершілік мәселесі болып отыр. Өйткені бүгінгі таңда рухани-адамгершілік тәрбиесінің өзектілігі бұрығы соңғы кезеңнен бірнеше мәрте арта түсті.
Рухани-адамгершілік тәрбие беруд мәселесі жаңалық болып таңылмайды. Өйткені ол адамзат қауымы қалыптасқан кезеңнен бері көкейкестілігі бір кемімеген тақырып. Сол себептен де аталған мәселе туралы өз көзқарас, пәкірлерні білдірмеген ойшыл ғұлама да кемде-кем. Қай кезеңде болсын адамгершілік мәселесіне арнайы қалам тартпаған белгілі ағаратушы жоққа тән. Әр ғалым оны өз кезеңінің ерекшеліктеріне сәйкес әр қырынан қарастыра оытырып, педагогика ғылымының дамунына өзінідк қолтанбасын қалдыраған. Демек, рухани-адамгершілік тәрбиеісінң зерттелу жайы зерттеушілер туралы ұзақ айтуға болады. Сол зерттеулер негізіне сүйене отырып сөз қозғайтын болсақ, ең алдымен, рухани адамгершілік ұғымының генизіне, педпгогикалық катеегория ретінде қарастырылуына, оны қалыптастыруына, оны оны қалыптастыру тетіктері мен ұйымдасатыру формаларына қысқаша тоқтала кеткен жөн.
Рухани-адамгершілік тәрбиесін қарастырмас бұрын оның негізгі құрауыштары: «Рух», » руханилық» «жалпы, адамзаттық құндылықтар», «адамгершілік» ұғымдарының өзара байланысына, ара-жігіне мән берген дұрыс болмақ. Өйткені рухани-адамгершілік ұғымын көпшілік дінмен байланысты ұғым ретінде қабылдап келгендіктен, оған мән бере бермейді, тіпті соңғы он жылдыққа дейін үрке қарағандар да аз болған жоқ. Сол себептен рухани-адамгершлік тәрбиесінің дерек көздері болып табылатын көптеген шығыс ғұламаларының еңбектерінен біле бермейміз де. Тек білім берудің ізгіліктік парагдигмасына көшу үрдісінің ықпалыныцң нәтижесінде оң көзқарастар қалыптасуда. Өйткені, рухани-адамгершілік тәрбиенің қайнар көзі :дін, құран, хадистер екенін, ал руханилықтың мәнін ашатын құнды ғылыми еңбектерді діндар, немесе соған жаны жақын адамдардың жазып, жарыққа шығарғанын, әрине, жоққа шығара алмаймыз. Мәселен, бүгінгі күнге дейінгі тәрбие теориясы мен тәжірибесне түсіне білген адамға берері мол еңбектер қатарына Румми, Иассауи, Үйгінеки, Саади, Инаятхан, Ыдырысғ Шах, Қайқаус. Баласұғын, М. Көпеев, Ш. Құдайбердиев және т. б
Адамгершілік тәрбиесін ғылыми тұрғыда зерттеген ғалымдар ретінде В. Белинский, В. Сухомлинский, А. Байтұрсынов, Л. Божович, П. Якобсон, Ш:Аманашвили, Е:Ильин, Б. Лихачев. Т. Петракова, А. Романова, Е. Егембаева, Т. Шамғанова, Ж. Бәрішева, Н, Әлқожажаева, Ұ. Асанова, И. Бодықова С. Әбілдина, Ә. Әмірова А. Қаплиева және т. б
Олардың әрқасысының ой-пікірлерніе жүгінсек те, ортақ сипат адамгершілік тәрбиесінің негізіне жалпы, адамзаттық құндылықтарды жатқызатына, тән мен жан саулығының руханилықпен байланысты екеніне көз жеткіземіз.
Ғылымда педагогикалық категория ретінде алдымен адамгершілік ұғымы анықталып, орныққан деуге болады. Педагогикада адамгершілік қоғамдық талапқа сай ізгілікті, инабаттылықты білдіретін моральдық ұғымдардың жиынтығы ретінде қарастырылады. Мәселен, педагогикалық энцоклпедияда «адамгершілік тәрбие» ұғымын адамгершілік мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді, мінездерді, моральдық қасиеттерді қалыптастыру үрдісі» деп анықтайды, ал, қазақ педагогикалық энцоклапедиялық сөздігіенде адамнгершілік тәрбиесі мақсатқа негізделген көзқарасты сенімді, парасатты, мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді қалыптастыруға және адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарым-қатынасты дамытуға бағытталған жалпы адамзаттық тәрбиенің құрамдас бөлігі» деген түсінік берілген Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «Адамгершілік тәрбиесі ізгілікке, инабаттылыққа баулудың жолы» деп түсіндіріледі.
Руханилық ұғымы-философиялық категория. Философиялық сөздікте !руханилық адамның материалдық, қоғамдық тарихи практикасының жоғарғы нәтижесі. Рух материяның «жоғарға көркі» қоғамның, рухани өмірі . қоғамдық сана мен болмыстың бейнесі болып табылады. . Сонымен белсенді ықпалын тигізеді. » деген түсінік берілген. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне жүгінсек, руханилық ұғымы адамның ой-санасына, ішкі дүниесіне байланысты жіне соған қатысты қасиеттерді білдіреді.
Руханилық мәселесін қазақстандық философ І. Ерғалиев, А. Косинчекалар, зерттей келе, руханилықты «Адам болмысының ерекше бір белгісі» дейді. Ал г. Солвьева «Руханилық адамның ішікі жарықыт, нұрды қабылдай білу қасиеті» дейді. Философ С. Нұрмұратов «Руханилықтың тағы бір келбеті адамдардың өз бойындағы барлық жақсы қасиеттерін қоршаған ортаға беруге дайындығы, яғни ақылын, дарырын, қабілетін, шеберлігін, ішкі нұрын, жүрек жылуын адамдарға, табиғатқа ғаламға беруге ұмтылысы Осындай ұстанымдар басымдық танытқанда ғана Адам рухани дамудың жолына түседі» деген пікір білдіреді. Ал В. Барулин «Әлеуметтік философия» еңбегінде Руханилықтың адамның өзіндік санасының, өзіндік етенелесуінің формасы; Руханилықтың интериоризацияланудың әлеуметтік тәжірибені игерудің формас; Руханилық Адам шығармаларының қызметтінің импульсі деп тұжырымдайды. М. Шахановтың пікірінше, руханилық адамның ішік жан дүниесі, көзге көрінбетін күш. Оның құндылығы өз еркінмен өзгеге, халыққа және әлемге деген тек жақсылық жасауға талпыныс, еріктілігі. Ал осы мәселені зерттеуші А. Түлкібаева өзінің ғылыми зерттеу еңбегінде «Рух» адамның ішкі жан дүниесі, көзге көрінетін, бірақ ерік-жігер беретін күші. Руханилық адам санасы мен сезімінің, сенімі мен сасының, білімі мен өмір сүру тәсілің көрсеткіші» деп пайымдайды. рухани-адамгершілік тәрбие мәселелерін аранйы зерттеген бір топ ғалымдардың пікірлерні тиянақтайтын болсақ, онда олар құндылықтарды бірнеше типке жіктейді.
... жалғасы1. Адамгершілік құндылықтар. Оның өзін екіге бөледі. Жалпы әмбебап құндылықтар: өзгенің сезіміне ортақтасу, сенімінің, ұлтының, дүниетанымының, мәдениетінің тсықары кетеді.
Әмбебап емес құндылықтар: дінеге қатысты міндеттер, мектепке қатысты, партиялық, отбасылық, және т. б.
2. Адамгершілікпен байланысты емес құндылықтар .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz