Банк актив операцияларын басқару



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Екінші деңгейлі банктердің опрацияларын басқару

Мазмұны

Кіріспе
Тарау 1 Екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқарудың мәні
1.1 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
1.2 Банк актив операцияларын басқару
1.3 Банктің пассив операцияларын басқару
1.4 Несиені қайтару тәртібі және оған бақылау жасау

Тарау 2 Банктік операцияларды басқаруды талдау
( Акционерлік қоғам Валют-Транзит Банк мысалында )
1. Валют-Транзит Банктің жүзеге асыратын операциялары
2.2 Банк депозиттерін басқару
2.3 Банктің инвестициялық операцияларын басқару
2.4 Банктің несиелеу механизмін және несиелік процесті басқару

Тарау 3 Банктік операцияларды басқаруды жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстандағы банктік реформа
3.2 Банк операцияларын тиімді басқару бағдарламасы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Кіріспе

Қайсібір елде де қуатты экономикасы, оны өрге сүйрейтін өз заманының
талап –тілегіне сай, қауқарлы қаражат жүйесі болуы шарт.Қазіргі нарықтық,
бәсекелестік заманында қайсы елдің банктерінің деңгейі биік болса, сол ел
ғана өз тәуелсіздігін сақтап, өз жұртының келешегін баянды ете алуы
мүмкін.Қаржы қауқары жоқ ел- болашағы жоқ ел.
Қазақстан нарықтық реформаларды батыл түрде жүзеге асырды. Қазақстан
экономикасы жаңа сатылық және сапалық биікке қадам басты.Еліміздің осындай
деңгейге жетуіне екінші деңгейлі банктердің қосқан үлесі зор деуге болады.
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә
Назарбаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына қол қойған күннен бастап,
еліміздегі банктердің қызметтерін тұрақтандыру және дамыту үшін
бағдарламалар құрыла бастады.
Қазақстан Республикасының банктік жүйелері соңғы 10 жылда қуатты
дами бастады. Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда , несиелік
жүйенің басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта
кету керек. Яғни операциялар формасы, бәсеке әдістері , бақылау және
басқару жүйелері өзгеруде. Он бес жылда қол жеткізген бұл табысты
еліміздің барлық қаржы жүйесінің жемісті дамуының тек алғашқы кезеңі деп
білеміз.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтың қаржы және
банк салаларының іс-әрекетін дамытуға тәуелсіздік алған алғашқы күнінен
бастап ұдайы көңіл бөліп отыруы елімізде әлемдік деңгейге сай келетін
банктік жүйенің қалыптасуына зор ықпалын тигізді.
1995 жылы екінші деңгейлі банктердің халықаралық стандартқа көшу
бағдарламасының қабылдануы өзекті шешімдерінің бірі болды.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасындағы екінші
деңгейлі банктердің өз қаражттарымен жүзеге асыратын операцияларын ,
банктердің операцияларын басқарудың жолдарын қарастыру.
Дипломдық жұмыстың өзіндік ерекшелігі- коммерциялық банктердің
қызметін ұйымдастыру, реттеу және бағалау, олардың нарықтық экономикаға
өтудегі ролі мен қызметтері жайлы нақты Қазақстан Республикасының
тәжірибесіне сүйене отырып жазылғанымен сипатталады.Сонымен қатар, ол
банктің атқаратын операцияларын қарастыра отырып, Валют-Транзит Банк
акционерлік қоғамының атқаратын операцияларына толық талдау жасай отырып,
осы операцияларды әрі қарай жетілдіру үшін қажет тиімі жолдарын да
қарастырады.
Дипломдық жұмыс коммерциялық банктердің операцияларын басқарудың тек
теориялық бағытта қарастырып қоймай, сондай-ақ олардың практикалық жақтарын
да қамтиды.
Дипломдық жұмыс құрылымы: үш бөлімнен және бірнеше тақырыпшалардан
,әдебиеттер тізімінен тұрады. тұрады.
Бірінші бөлімінде Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің
операцияларының мәні қарастырылған. Бұл бөлімде әрбір атқарылатын
операцияларға толығырақ тоқталған.Банктің активтік және пассивтік
операциялар туралы мәселелерді толық сипаттайды.
Екінші бөлімінде Валют –Транзит Банкі мысал ретінде қарастырылып, осы
банктің операцияларын және қызметтерін басқару туралы талдау
жасалынған.Банктің бөлімшелері, атқарып жатқан қызметтері туралы жалпы
түрде баяндалады. Валют- Транзит Банкінің құрылу тарихы қысқаша жазылған.
Үшінші бөлімінде жалпы Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі
банктердің операцияларын басқарудағы басқа да тиімді жолдары , Қазақстан
Республикасының тәуелсіздік алып, банк қызметтерінің тұрақты қызмет етуіне
дейінгі қиыншылықтары, осы қиыншылықтарды жеңу үшін жасалған банктік
реформалар, екінші деңгейлі банктерге қазіргі заманда қажетті ұсыныстар
қарастырылған.
Дипломдық жұмыс негізінен Мақыш Серік Биғанұлының Коммерциялық
банктер операциялары атты оқулығына, коммерциялық банктердің жарнамалық
материалдарына, Каспий Банкінің бухалтерлік құжаттарына сүйенген.

Тарау 1 Екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқарудың мәні
1.1 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер өз қызметінде
1995 жылы 30 наурызда қабылданған ҚР Ұлттық банкі және 1995 жылдың 31
тамызында қабылданған ҚР дағы банктер және банктік қызмет туралы ҚР
заңдарын басшылыққа алады.
Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажыратын
функцияларды орындаудан көрініс табады.
Банк қызметін – банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-
әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өнімінің
негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі
жатады.
Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғынша салымдар
тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайлдаларының көп бөлігін осы
операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет
төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.
Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал
етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша
қаражаттарының болуы және экономика мен халықтың қысқа мерзімдік
қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық
негізі болып табылады.
Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық
қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және
қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.
Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы
заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:
- ақылы негізде депозиттерді тарату;
- клиенттер мен банк-корреспонденттердің шоттарын жүргізу және оларға
кассалық қызмет көрсету;
- қайтарымдылық , мерзімдік және төлемділік шарттарымен заңды және жеке
тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру;
- инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің
тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
- заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді ,
вексельдерді , аккредитивтерді , депозиттік сертификаттарды , акцияларды
және басқа да қаржылық міндеттемелерді);
- төлем құжаттарын сатып алу ,сату және сақтандыру, олармен басқа да
операцияларды жүргізу;
- ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін кепілдеме
және өзгеде міндеттемелерді беру;
- тауар тасымалын талап ету құқын, сатып алу және қызмет көрсету, осындай
талаптардың орындалуын және бұл талаптардың инкассаациялық (факторинг)
тәукелін өз мойынына алу;
- банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету, клиенттердің
тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;
- клиенттер үшін құжаттар мен бағалылықтарды сақтандыру бойынша қызметтер
(сейфтік бизнес);
- коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай-ақ сату құқынсыз
(форфейтинг);
- клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды (қаражаттарды
қарау және орналастыру , бағалы қағаздарды басқару);
- банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;
- лизингтік операцияларды жүзеге асыру.
Ұлттық банкінің арнайы лицензиялары бар болса, банктер басқа да
банктік қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен
операцияларды жүргізу; халықтың ақшалай салымдарын қарау; ақшаларды
аударуға байланысты қызметтерді көрсету ( инкассация).
Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі
қызметтерді былай құруға болады:
- уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау (депозиттік операциялар );
- экономиканы және халықты несиелендіру (активтік операциялар );
- қолма-қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;
- инвестициялық қызмет ;
- клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді көрсету.
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау – коммерциялық банктердің
алғашқы дәстүрлі- базалық қызметі. Бұл банктің пассивті меншікті капиталы
мен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншікті капитал – банктің несиелік
ресурстарын маңызды және ажырамас бөлігі , бірақ ол оның барлық
ресурстарының тек 10%-ын құрайды. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда
қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталдың төменгі деңгейі болуы
мынадай жағдайлармен түсіндіріледі – біріншіден , банктер қаржылық
нарықтарда қаржы делдалы ретінде басқа кәсіпорындардың , мекемелердің және
халықтың уақытша бос қаражаттар сомасын депозит түрінде жинақтайды , осы
жағдайда оларды тиімді басқарады, сондай- ақ олардың қауіпсіздігін
қамтамасыз етеді және пайдалық негізде қарызды қарыз алушыға
ұсынады.Екіншіден , депозиттерді мемлекеттік сақтандыру жүйесі болады, бұл
салымдарды жаппай кері алу қауіптігін төмендетеді. Үшіншіден , банктерге
тартылатын депозиттер басқа кәсіпорындардың материалдық обьектілерінде
орналыстырған активтеріне қарағанда қондырғы ғимараты ыңғайлы, өтімді
және нарықта оңай өткізіледі.
Жоғарыда айтылып өткендей, банктер өздерінің активтік операцияларын
жүзеге асыру үшін тартылған қаражаттардың 90%--нан жоғары бөлігін
пайдаланады, сондай- ақ банктер өз клиенттердің уақытша бос ақшалай
қаражаттарын жинақтайды. Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың негізгі
бөлігін депозиттер құрайды. Депозит пен банктің клиенттердің жинақ
салымдарынан басқа мерзімді және мерзімсіз салымдарының барлығы
түсіндіріледі. Банктердің ақшалай қаражаттарын салымдарға тарту және
оларды пайда табу мақматында орналыстыру жұмыстары депозиттік операциялар
деп аталады. Осылардың негізінде коммерциялық банктердің несиелік
ресурстарының негізгі бөлігі құралады.
Депозиттік операциялар мынадый қағидалармен ұйымдастырылады:
- банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасауға;
- депозиттік операциялар әрекет ету керек ;
- банк балансының оперативтік өтімділігін демеу мақсатында икемді
депозиттік саясат жүргізілуі керек;
- банк балансының өтімділігін жоғары дәрижеде демеп отыратын мерзімдік
салымдарға депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде ерекше назар
аударылуы қажет;депозиттік операцияларымен қарыздарды беру бойынша
операциялардың арасында мерзімдік және сомалар бойынша өзара байланыс
пен сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет;
- депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамытуға шаралар
қолдану
Коммерциялық банктердің екінші дәстүрлі-базалық қызметі-
экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік көрсету аясындағы
маңыздыларға және банкінің актив операцияларына жатады. Соның арқасында
банктер несиелік институттарға қатысты болады.
Несиелік операциялар – бұл несие беруші мен қарыз алушының арасындағы
біріншінің екіншісіне төлемделік, мерзімділік және қайтарымдалық
шарттарында белгілі ақша қаражаттары сомасын ұсынуы бойынша
қатынастар. Банктің несиелік операциялар активті және пассивті болады.
Активті несиелік операциялар банктер мен қарыз алушыға қарыз ұсынғанда ,
ал пассивтер , керісінше , банк қарыз алушы роьінде, ал клиенттер –несие
беруші рольінде болғанда пайда болады. Сәйкесінше несиелік
операциялардың екі нысаны болады:қарыздық және депозиттер. Біз алдыңғы
бөлімде қарастырған бірінші қызмет-бұл банктің пассиивтік несиелік
операциялары, яғни депозит формасында.
Коммерциялық несиелендіруде несие беруші де және қарыз алушы да
шаруашылық субьектілері болады, яғни бір кәсіпорын басқа кәсіпорынға тауар
нысанында несие береді, бұл мәміле вексельмен рәсімделеді, яғни қарыз
алушы несие берушіге тауар нысанында несие алуын растайтын құжат-
вексельді береді. Одан әрі несие беруші осы вексельдің кепілдігіне қарыз
ақша бер деп банкіге барады. Осылайша коммерциялық несие банкілік несиеге
түрлендіріледі. Коммерциялық банктің несиелік операцияларын әр түрлі
белгілері бойынша жіктеуге болады: мерзімдері бойынша- қысқа мерзімді (1
жылға дейін),орта мерзімді (1-ден 5жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5жылдан
жоғары); қамтамасыз ету түрлері бойынша – қамтамасыз етілмеген (қарыз
алушыға сенімге негізделген және қамтамасыз етілуі жоқ бланкілер ) және
қамамасыз етілген ; банктің рольне байланысты (несие беруші немесе қарыз
алушы ) –активтік және пассивтік қарыздық операциялар (активтік-бұл
клиенті және басқа банктерді несиелеу ; пассивтік –Орталық банктен және
басқа коммерциялық банктерден несие алу); несиелендіру мақсатында
байланысты- негізгі капиталды арттыруға , айналым капиталын қаржыландыруға
, тұтынушылық мақсаттарға арналған қарыздар.
Коммерциялық банктердің үшінші қызметі – қолма-қолсыз есеп айырысуды
ұйымдастыру және жүргізу. Ол банктердің клиенттерге көрсеткен қызметтеріне
немесе банктің комиссиондық операцияларына байланысты.
Қолма – қолсыз есеп айырысудың кең таралуы , қолма-қол ақшаның айналу
аясын шектеуге , ақша белгілерін жасауға , сақтауға және есептеуге
кеткен шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Қолма-қолсыз есеп айырысудың
тиімді формаларын енгізу төлемдердің жылдамдауына, есеп айырысуда ақшалай
қаражаттарарының айналымдылығына көмектеседі, соңында ақшалардың банктік
айналымын тездетеді. Қолма-қолсыз есеп айырысу зат алмасуда халық
шаруашылығы шаруашылық байланыстарда делдал болады және олардың нақтылығы
мен үздіксіздігі жалпы экономиканың тиімділігіне байланысты болады.
Қолма-қолсыз есеп айырысулардың мәні мынада, олар шаруашылық органдардың
қорларының айналымына және шаруашылық мәмілелердің аяқталуына
көмектеседі.
Қатысушыларға байланысты есеп айырысу операциялары екі топқа
бөлінеді:клиенттік есеп айырысу операциялары (қатысушылары клиенттер мен
банктер) және банкаралық есеп айырысулар (қатысушылар тек банктер ). Есеп
айырысудың формалары мен ерекшеліктері негізінде банктердің келесі есеп
айырысулардың айтуға болады:аударымдық , инкассалық, аккредитивтік және
клирингтік .
Есеп айырысу кезінде келесі төлем құралдары қолданылады: төлем
тапсырмалары, чектер, вексельдер, аккредитивтер , пластикалық карточкалар ,
жирочектер (тапсырмалар).
Инвестиция дегеніміз – бұл халық шаруашылығына мемлекет ішінде және
шетелде , оны қайта құру және кеңейту, сол сияқты пайда алу мақсатында
ұзақ мерзімді қаражат бөлу. Тікелей инвестиция- бұл қаражаттарды тікелей
өндіріске , құрал-жабдықтарды сатып алу және әлеуметтік , өндірістік
сипаттағы обьектілерді салуға жұмсалады. Портфельдік инвестициялар бағалы
қағаздарды сатып алу арқылы және ұзақ мерзімдік банк несиелерін беру
арқылы жүзеге асады.
Қазақстанда , заңға сәйкес , инвестиция деп , кәсіпкерлік іс-әрекет
және басқада пайда әкелетін іс-әрекет обьектілеріне салынатын ақша
қаражаттары мен бағалы қағазадарды айтады.инвестициялық қызметтің
қатысушылары-жеке және заңды тұлғалар , мемлекет , сол сияқты шетелдік
инвесторлар бола алады. Берілген жағдайдағы әңгіме коммерциялық
банктердің инвестициялық қызметіне қатысты. Әдетте, банктердің
инвестициясы деп , ақша қаражаттарын банктердің өздерінің бастамшылығмен
табыс алу мақсатында , белгілі бір мерзіміне ақшалай қаражаттар салу. Тар
мағынада банктердің инвестициялық қызметі деп , банктердің салыстырмалы
ұзақ мерзім ішінде қызмет ететін бағалы қағаздараға ақша қаражаттарын
салу.Инвестицияның қарыздан бір қатар айырмашылығы бар. Біріншіден,
қарыздар салыстырмалы қысқа мерзімде қайтарымдылық шартымен қолданылады,
ал инвестиция салынған ақша иесіне қайтпас бұрын , салыстырмалы ұзақ
мерзімде қаражаттарының ағынын қамтамасыз ету мақсатында жасалады.
Екіншіден , несиелеу кезінде бастамшылық қарыз алушыдан болған ,ал
инвестиция кезінде- несие берушіден (банктен) болады. Үшіншіден, несилік
мәміле нақты несие беруші мен қарыз алушы арасында жасалады, ал
инвестициялау нарықта міндетті қызметті қарастырады.
Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің мақсаты-
қаражаттардың сақталыуын қамтамасыз ету, диверсификацияны, табысты және
өтімділікті қамтамасыз ету.
Коммерциялық банктердің басқа да қаржылық операциялары
Лизингтік операциялар .Лизинг ғылшын тілінен аударғанда жалға беру
деген ұғымды білдіреді. Лизингтік операциялар деп ұзақ мерзімді
пайдаланатын заттарды (ғимарат , машина, ұшақ ) жалға беруді айтады.
Лизингтік мәміледе 3 қатысушы болады. Олардың өзара қытынастары
мәмілемен реттеледі : бірінші қатысушы- мүлік иесі (лизинг беруші),екінші
–мүлікті пайдаланушы (лизинг алушы), үшінші-мүлікті сатушы. Олардың өзара
қытынасы келесідей түрде қалыптасады: болашақ лизинг алушы ақша
қаражаттары бар болашақ лизинг берушіні мәмілеге қатысуын сұрайды, ол
лизинг алушыға керекті мүлікті сатып алып, одан кейін оны лизинг алушыға
төлемді шартпен жалға береді. Коммерциялық банктер бұл жерде мүлік иесі
ретінде болады, яғни олар мүлікті өз меншігіне алады және лизинг алушыға
(оған қаржылық қызмет көрсете отырып) береді. Шын мәнінде олар осы мүліктің
несиесін береді, сөйтіп несиелік қатынастар пайда болады. Мұнда
несиелеудің барлық принципі бар : мерзімділік , қайтарымдылық ,төлемділік
. мерзімі біткенде лизинг алушы мүлікті иесіне қайтарып береді, қызметті
төлейді, яғни жалақысын төлейді. Формасы бойынша бұл ақшалы несие емес,
бұл өндірістік, негізгі қорларға тауарлық несие.
Факторингтік операциялар. Бұл клиентпен төленбеген қарыздық талаптар
бойынша төлемді талап ету құқын басқаға (банкіге ) беру. Оның мәні –
банктер өз клиенттерінен төлем құжаттарды (олардың дебиторлық қарызын)
пайыздық ақы үшін сатып алу. Мұндай мәміле келісім-шартпен жүзеге асады.
Ол келісім-шартта сатып алынған қарыздың сомасы қарыздың қандай мөлшері
алынатынын көрсетеді.
Трасталық операциялар . Коммерциялық банктер өздеріне сенімді
тұлғаның қызметтерін қабылдап өздерінің жеке және коперативті клиенттер
үшін әр түрлі қызметтер орындайды. Траст - сенім дегенді білдіреді.
Капитал иесі өз капиталын басқа тұлғаға (сенімді ) оның мүддесі қорғап
отырып, иелік етуге сенім білдіріп тапсырады, яғни траст деп , банктердің
, басқа қаржылық институттардың мүлікті және капиталды басқарумен
байланысты қызметер көрсетуін және клиент атынан , оның мүддесі үшін ,
сенімді тұлға ретінде басқа да қызметтер көрсетуін айтады.
Коммерциялық банктер трасталық операцияларымен қосымша табыс алу үшін
айналасады.Сол сияқты корпорациялар,
фирмалар және олардың ақша қаражаттарын басқару үшін , ірі клиенттермен
байланыс орнату үшін айналысады.
Кеңес беру қызметі . Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне
банктік мекеменің ерекшеліктеріне байланысты , экономика және қаржы
,инвестициялау, несиелеу, есеп айырысу, есеп жүргізу және есеп беруге
байланысты кеңес беру қызметін көрсетеді. Бұл қызмет көрсетулер банктер
тарапынан пайда табу мақсатында ғана емес, сондай-ақ клиенттерге банк
ісінің қырларын білу үшін , жаңа қызмет түрлеріне қатысты толық
түсіндірмелер беру арқылы жаңа клиенттерді тартуға да байланысты
көрсетіледі.
Ақпараттық қызмет көрсету. Қазіргі кездегі телекомуникациялар ,
компьютерлік байланыстарды игере отырып, банктер жеткілікті түрде
коммерциялық немесе коммерциялық емес ақпараттарды да иеленеді. Сонымен
қатар , банктер клиенттерге әр түрлі қызметтер көрсете отырып , олардан
түрлі мәліметтер алады. Ақпарат алудың басты көзі басқа банктермен жеке ірі
ақпараттық агенттіктермен өзара ақпараттар алысу болып табылады.
Кез келген кәсіпкерлік қызметтің ең маңызды мақсаты - табыс табу
болып табылады. Сонымен катар бухгалтерлік есептің ең басты қызметі -- осы
мақсаттарға жету жолындагы банктің жетістіктері мен сәтсіздіктерін анықтау
және есептілікті көрсету. Пайда - шаруашылық қызметті жүргізу нәтижесіндегі
капитал өсімі; бұл толық табыстан толық шығыстарды шегергенге тең. Бірақ
бұл аныктамалар әр тұрлі кабылдануы мүмкін. Бухгалтерлер бөлінбеген пайда
немесе таза табыс терминдерін колданғанды жөн көреді.
Таза табыс = табыс - шығыс.

Егер шығыс табыстан асып кетсе, онда жабылмаған шығын жайлы сөз
козғалады.
Шығындар - бұл шаруашылық жүргізуші субъектіге тиесілі
келісімшарттар және оқигалардың нәтижесінде, соңымен қатар шыгынның немесе
акционерлік капиталды үлестірудің нәтижесі болып табылатындарын
коспагандағы субъектіге әсерін тигізетін барлық басқа да мәмілелер,
оқиғалар меи жағдайлар нәтижесінен капиталдьщ азаюы.
Табыс және шыгыс ұғымдары әр түрлі анықталады. Жиі колданылатындары:
Табыс - есепті кезең аралыгындағы активтер ағымы немесе өсуі немесе
банк қызметінің табыс алуга багытталган және капит-алды өзгерте алатын
түрлерінің нәтижесінде орын алган, жалпы қабылданган есептілік қагидаларына
сәйкес өлшенген және мойындалган несиелік қарыздың азаюы нысанындагы
экономикалық пайданың көбеюі.
Шығыс - есепті кезең аралыгындагы экономикалық табыстың активтердің
кері ағыны немесе пайданылуы түріндегі азаюына эке-летін қарыздардьщ пайда
болуы, бүлар меншікті капитал үлесінің иелері арасында бөлетіндеріяен
ерекше болады.
Табыс банктің өмір сүру көзі болып табылады. Банксіз табыс жоқ,
табыссыз банк жоқ. Табыстың мәнін аныктау, бағалау және табысты уақытгтен
байланыстыру бухгалтерлік есептің негізгі мәселелері.
Табыстар мен шығыстардың әрбір түрі банктің кызмет етуінің тиімділік
деңгейін бағалау үшін жеке ашылады. Банктің каржы шаруашылық кызметінің
нәтижесі туралы есеп кұру үшін табыстар мен Іпыгыстар маңызына қарай
сәйкестілік кағидаларына сай топталады,
Табыстар және шығыстар баптарын бөлек ашып қарастыруға алып келген
жағдайлар мыналарды қамтиды
- банк қызметі құрылымының өзгеруі және күрылымның өзгеруі бойынша
шығындарға арналған кез келген резервтерді жою;
- жылжымайтын мүлік және құрал-жабдык баптарының істен шығуы;
- ұзақ мерзімді инвестициялардың істен шығуы;
- үзілген операциялар;
- сот үрдістерін реттеу;
- резервтердің күшін жоюдын басқа да жағдайлары.
Әрбір үзілген операция үшін келесідей ашылулар жүргізілед
- үзілген операция сипаттамасы;
- есепке алу мақсатында операциялардың нақты үзілу күні;
- үзу әдісі (сату немесе бас тарту);
- операцияны үзуден түскен табыс немесе шыгын және оларды
өлшеу үшін колданылатын есептілік саясаты;
- әр есепті кезенде күнделікті қызметте сәйкес сомалармен түсетің түсім,
табыс немесе шығын.
Жалпы көлемде елеусіз үлеске және бір реттік сипатқа ие табыстар мен
шығыстардың жеке түрлері жеке аналитикалық жайғасымға бөлінбей, банктің
басқа да табыстары мен шығыстары кұрамында есептеледі.
Осылардың әрбір түрі клиенттерге ұлттык және шетел валютасында қызмет
көрсетуге пайдаланыла алады. Ол үшін валюталар шегінде ақпарат алуға
мүмкіндік беретін жайғасымдар (позиция) қарастырылған.
Жоғарыда айтылып кеткендей, банк шығындары - бұл есепті кезең ішінде
меншікті капитал (дивидендтен басқа) үлесінің иелері арасында бөлінетін
түрінен өзгеше, калиталдың азаюына алып келетін активтердің жылыстауы
немесе пайдаланылуы не болмаса қарыздардың пайда болуы түрінде экономикальқ
тиімділіктің азаюы.
Экономикялык шыгындарды табыс алу үрдісінде банк қызметтерін және
өнімдерін паңдалану және тұтыну ретінде аныктауға болады. Шығыстар тек банк
өнімдері немесе қызметтері табысты калыптастыру үрдісінде қолданылған кезде
пайда болады. Шығыстардың бухгалтерлік есеп шоттарында және қаржылық
есептілікте көрініс табуы есептілік кезеңде не кешігіп, не мерзімінен бұрын
орындалады. Есепті кезең қабылданған табыс түжырымдамасымен аныкгалады.
Шығыстар өнімдердің немесе қызметтердің күны төмендеуі орын алғанда немесе
болашақта бұларды пайдалану есебінен құн өсімі үсынылмаған жағдайда көрініс
табады. Ақша каражаттарыньщ келіп түсуіне негізделген табыс тұжырымдамасы
шығыс шегу кезеңіне уақыты бойынша шекті жакыңдатылып көрсетілуі кажет.
Банк табыстары есептеу әдісі бойынша теңгемен есептеледі
жэне мыналардан тұрады:
- төмендегілер бойынша сыйақы (мүдде) алумен байланысты:
- Ұлттық және басқа банктердегі корреспонденттік шоттар;
- Ұлттык және басқа банктерде орналастырылған депозиттер;
- Ұлттык банк қайта қаржыландыруы үшін жарамды қазы-нашылық
міндеттемелер мен басқа да өтімділігі жоғары бағалы қағаздар;
- сатуға арналған бағалы қағаздар
- басқа да бағалы кағаздар;
- басқа банктерге орналастырылған салымдар;
- басқа банктер ұсынған қарыздар;
- клиенттерге берілген карыздар;
- капиталға және бағынышты борышқа инвестиция;
- банктің келесі қызметтері бойынша комиссиялық табыстары:
- аударым операциялары;
- бағалы қағаздарды сату-сатып алу;
- шетел валюталарын сату-сатып алу;
- сақтандыру операциялары;
- берілген кепілдіктер;
- шоттарды және клиенттердің салымдарын жүргізу;
- пай, акция және баска да бағалы қағаздар бойынша дивидендтер;
- клиенттердің банкке есеп айырысу және кассалық қызмет
көрсеткені үшін төлемдері, клиенттердің телеграфтық (пошталық) және
тағы басқа шығындардың орнын жабуы;
- шетел валютасын, бағалы қағаздарды сату-сатып алудан түсім;
- шетел валютасын, бағалы металдарды және бағалы қағаздарды
қайта бағалаудан түскен табыс;
- кәсіпорындарға, ұйымдарға, банктерге халыққа көрсетілген басқа да
қызметтер үшін, соның ішінде инкассация үшін төлем;
- банк активін сатудан түскен түсім;
- банк шығындарының орнын жабу сомалары;
- есепті кезенде шыккан өткен кезеңцер табыстары (өткен жылдар
қателерін анықтау нәтижесінде): өткен жылдарда алынған алдын
ала есептелінген пайыздар және комиссия, өткен жылдары банктің
клиентгерге артық төленген талап етуге дейінгі сыйақы және
комиссиялық ақы, алдында үмітсіз деп есептен шығарылған қарыздардың келіп
түсуі, егер олар күмәнді қарыздар бойынша резервті көбейтуге бағытталмаса;
- банк қызметкерлерінің олардың кінәсі есебінен банктің
төленген айыппұлдарының орнын жабуға түсімдердің түсуі; алынған айыппүлдар,
өсімпұл, тұрақсыздық төлемі және басқа да экономикалық санкциялар, соның
ішінде есеп айырысу операцияларын орындау ережелерін бұзғаны
үшін клиенттерден алынатын айыппұлдар, сонымен қатар,
мерзімінде жеткізбеу, корреспонденцияны жоғалтқаны үшін байланыс
кәсіпорынынан алынған айыппүлдар; банк меншігіндегі мүлікті жалға беруден
түсетін табь сонымен қатар мәмілеге сәйкес факторингтік және фор ейтингтік
операцияларды жүзеге асырудан түсетін түсім;
- банк алатын басқа да түсімдер: сатылған макулатура, мета сынығы, өнделген
пломба, банк көлігін пайдалану, ісі шықкан материалдарды қалдық заггар
ретінде өткізуден түсь табыс, негізгі қорларды жоюдан түсімдер, жүмысшыла
еңбек кітапшасын және оларға косымша бет (вклады беруден алынатын сомалар,
түгендеу кезінде аныкталған арт негізгі қорлар, баланстан балансқа ауыстыру
тәртібі бойын қабылданған инвентарь кұны (сыйға тарту) және т.с.с.
- күтілмеген жағдайлар салдарынан туындаған басқа да күтпеген табыстар.
Ақша айналысы саласында аткаратын кызметі және негізгі шаруашылық
қызметімен байланысты банк қаражат жұмсайды, олар екі бөлікке бөлінеді:
операциялық және әр түрлі шығын, және баскару аппаратының шығындары.
Операциялық және әр түрлі шығындар құрамында ең үлкен үлес салмағы
банкаралық несие бойынша, мерзімді және талап етуге дейінгі салымдар
бойынша есептелінген және төленген пайдалар алады.
Басқару аппаратына кететін шығындар барлық кызметкерлер, соның ішінде
басқару аппаратынын жұмысшыларын қоса алғанда еңбекақысын және әлеуметтік
қамтамасыз ету шығындарын қамтиды.
Банк шығыстары есептеу әдісі бойынша теңгемен есептеледі және
мыналардан тұрады:
- клиентгердің есеп айырысу, ағымдағы және басқа да шоттары бойынша;
- кәсіпорындардың, ұйымдардың, кооперативтердің депозит және салымдары
бойынша, азаматтардың және әскери қызметкерлердің салымдары бойынша
- азаматтардың, ұйыдардың, ортақ меншіктегі кәсіпорындардың ағымдагы
шоттары және салымдары бойынша;
- басқа банктерден уақытша пайдалануға алынған несиелік ресурстары үшін;
өткен жылдары клиенттерден артығымен алынған, қайтарыл-ған сыйакы мен
комиссиялық ақылар;
- өткен жылдар операциялары бойынша алдын ала есептелінген сыйақы мен
комиссиялық ақылар;
- банк қызметін қамтамасыз етумен байланысты әр түрлі шы-ғындардан,
мыналарды қоса:
- әр түрлі қосымша төлемдерді қоса алғандағы банк қызметкерлерінің
еңбекақысы;
- жыл сайынғы және косымша демалысты (пайдаланылмаған демалыс айына
өтемақы) заңға сәйкес төлеу;
- қызметкерлерге заңға сәйкес берілетін оқу мақсатында босату төлемдері;
- кадрларды даярлау;
- белгіленген нормалар шегіндегі іссапар шығындарының орнын жабу;
- негізгі корлар бойынша амортизациялық аударымдар, материалдық емес
активтердің тозуы, негізгі қорлардың жалға
- берілген бөлек объектілері бойынша амортизациялық аударымдар
(негізгі қорлардың материалдык емес активтерді жоспарлы қолдану
мерзіміне байланысты), егер мәміле шарттарына сәйкес амортизациялық
аударымдарды жалға беруші жүзеге асыратын болса, онда негізгі
қорлардың жеке
объектілерінің жалына есептелген сома жалға берушіге тиесілі;
- қызмет ғимараттарының, құрал-жабдықтың барлық жөндеу түріне
кеткен шығындарды қоскандағы банк қүрал-саймандарының істен шыгуы;
- жылуға, жарықка, өрттен корғау және күзетті қамтамасыз ету
төлемдері;
- активтердің жіктелуіне және банктің баланстық емес міндеттемелеріне
сәйкес мәжбүрлі шығындар кұру;
- бланкілерді дайындау, сатып алу және аударып жіберу
шығындары, соның ішінде магниттік ленталардың қатаң есептілік
бланкілері
- құжаттарды және кұндылықтарды тасымалдау және сақтау үшін
қолданылатын сөмкелерді, қаптарды сатып алу, жөндеу және жаңарту шығындары;
- ақша қаражаттарын, құндылықтарды, банк кұжаттарын тасымалдау
және сақтаумен, сонымен қатар басқа да банктің негізгі қызметін жүзеге
асыруға байланысты шығындары;
- жарнамаға кететін;
- өндірістік қызмет пен кеңсе пошталық-телеграфтық, операциялық,
іссапар шығындары;
- кеңес беру, ақпаратгық және аудиторлық қызметгерге ақы төлеу.
- мәдени, ойын-сауық іс шараларға бару және жұмыс бабына байланысты болған:
- қызмет автокөлігін ұстау шығындары және қызмет бабына байланысты
іссапарларға өз көлігін пайдаланғаны үшін өтемақылық төлемдер;
Алайда акционерлердің салымдары мен өндіріп алулары шығыс және табыс
болып танылмайды.
Банктің таза пайдасы табыстар мен шығыстар арасындағы айырма ретінде
анықталады және акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша
үлестірілуге жатады.
Банк шығындарының маңызды үлесін есеп айырысу, ағымдағы,
корреспонденттік шоттар және кәсіпорындар мен азаматтардың мерзімдік
салымдары бойынша есептелген пайыздар кұрайды.
Салық салу мақсаты үшін нормаға келтірілген шығыстардың (өкілдік, банк
кызметімен байланысты іссапар шығындары, жарнама шығындары, оқыту
мекемелерімен келісім бойынша қызметкерлерді оқыту шығындары) асып кеткен
бөлігі банк жұмсауында қалған табыска жатқызылады немесе арнайы қорлар
аркылы жабылады.
Соңғы қаржылық нәтиже пайда немесе шығын есепті кезең аралығында
банк алған шығыстар мен табыстарды салысту арқылы анықталады. Осыған
байланысты табыстардың азаюы сал салынатын табыстың, орталыктандырылған
қорларға және резе терге аударымдардың төмендеуіне, дивидендтердің азаюына
не болатынын ескере отырып, олардың толықтығын, дүрыстып мерзімділігін және
бухгалтерлік есепте көрініс табуын тека қажет. Керісінше, есептегі
қателіктер салдарынан және басқа себептермен табысты асырып көрсету кері
нәтиже туындата; кайтарылуы өте қиынға түсетін табыстан негізсіз төлемдер ж
гізуге алып келеді.
Банктің табыстары мен шығыстары есептіліктің, сақтық және
сәйкестіліктің негізгі халықаралық принциптерін негізге ала отыр танылады.
Әдетте есеіпі кезең аралығында танылған табыстар мен шығі тардың
барлық баптары таза пайданы немесе шығынды аңықта; қолданылады. Осылармен
бірге таза пайданы (шығынды) анықтуға төтенше баптар және есепті
бағалардағы өзгерістер нәтижел қолданылады. Осындай екі жағдай бар: маңызды
қателерді түзету және есептеу саясатындағы езгерістер нәтижелері.
Іс жүзінде есепті кезендегі таза табысты немесе шығын анықтауда
қолданылатын барлық кіріс және шығыс баптары ба тің күнделікті қызметі
барысында пайда болады. Сондықтан тек кейбір жағдайларда ғана шаруашылық
қызмет немесе операі төтенше баптың пайда болуына әкеледі.
Төтенше баптардың сипатын және сомасын ашу табыстар және шығындар
есебі құрамында немесе қаржылық есеп ескертулерінде жасалган кезде табыстар
және шығындар есебінде жасалынуы мұмкін.
Үзілген операциялар нәтижелері әдетте күнделікті қызметтен түсетін
пайдаға немесе шығынға енгізіледі. Алайда кейбір жағдайларда ұзу шаруашылық
кызметінің немесе қалыпты емес операцияларды жүзеге асыру нәтижесінде пайда
болса және олардың үнемі қайталанып отырылуы қарастырылмаса, үзу
нәтижесінде пайда болған табыс немесе шыгын төтенше баптар ретінде
қарастырылады.
Экономикалық қызметке тән белгісіздік салдарынан қаржылық есептің
бірнеше баптары нақты өлшене алмайды. Бұл жагдайда соңғы мәліметтерді қоса
есептегендегі пікірталастарды енгізетін бағалау үдерісі жүргізіледі.
Мысалы, үмітсіз қарыздар, тауарлы-материалдық калдықтардың ескіруі, пайдалы
кызмет ету мерзімі немесе амортизацияланылатын активтердін экономикалык
пайдасын тұтынудың күтілетін үлгісінін бағасы талап етілуі мүмкін. Тиімді
бағаларды пайдалану қаржылык есептерді құрудың маңызды бөлігі болып
табылады және олардың нақтылығының дәрежесін төмендетпейді.
Әр түрлі кезендердегі қаржылық есептердің сәйкестілігін камта-масыз
ету мақсатында, есептік бағалардағы өзгерістердің бұрын кәдуілігі
кәсіпкерліктен түскен табыс немесе шығындар есебіне қосылған бағаларға
әсері таза пайда немесе шыгын құрамына енгізіледі.
Қаржылық есептерді толтыру кезінде қате математикалык дұрыс
есептемеулер нәтижесінде, есеп саясатын қолдануда, фактілерді дұрыс
талқыламау, жалған мәліметтер алу немесе абайсыздык нәтижесінде туындауы
мүмкін. Түзетулер, соның ішінде кезекті кезендегі әдетге ағымдағы жылдағы
таза табыс немесе шығынды анықтауға негізделеді.
Болашақ кезеңдерге қатысты маңызды катенің түзетілуі сомалары есеп
беруде бөлінбеген пайданың бастапқа сальдосын түзету жолымен жүргізіледі.
Кезекті кезеңнің салыстырмалы мәліметтерін қоса есептегендеп қаржылық
есеп беруде маңызы зор қателер сол қате жіберілген есепті кезенде
тузетілгендей етіп ұсынылады. Сондықтан әр ұсынылған есепті кезеңге жататын
түзету
табысын немесе шығынын камтиды. Ұсынылған кезеңдердің ең алғашкысының
бөлінбеген пайдасының алғашкы сальдосы каржылык есеп берудегі салыстырмалы
мәліметтерге енгізілген кезеңнің алдындағы кезеңге жататын түзету
сомаларына түзетіледі. Өткен жылдардағы қаржылык мәліметтерді баяндау
сияқты кезекті кезеңдерге көрсетілген кез келген басқа мәліметтер де
басылымдарға кайта шығарылады.
Табысқа кірістірілген қаражатты алу мүмкіндігіне қатысты белгісіздік
туындаған жағдайда, алынбаған немесе алынуы мүмкін емес сома алғашқы
мәліметтерді түзету ретінде танылады.
Банк өз активтерін жіктейді және соларға қарсы Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкісі анықтаған шарттарына сәйкес қажетгі мәжбүрлі
шығындарды анықтайды. Мәжбүрлі шығындарды құру банктің шығысы ретінде
танылады.
Егер шығынға қосылған соманы банктің төлемеуіне немесе пайдаланбауына
қатысты сенімділік пайда болса, онда олар басьшда мойындалған шығындарды
түзету ретінде танылады.
Алғашында есептен шығарылған активтердің сомасын қайтару осы есептен
шығару жүзеге асырылған баптардың орнын толтырады.
Банк пайдасын макрореттеу оны төмендету үшін қызмет етеді және
баланстық пайда мен таза пайдаға қатысты болып келеді. Сонымен катар
жиынтық сомаларына толығымен тәуелді болатын және солармен қатар өсіп
отыратын міндетті төлемдер түрі бар. Яғни табыс өскен жағдайда, оған осы
үрдіспен өсуіне жол бермей, сәйкесінше шыгыстар да өседі. Жәрдемақыға,
жарнамаға, амортизацияға, резервтерге, негізгі кұралдарды, техниканы және
кұрал-жабдықтарды сатып алу шығындарынын шектен тыс көп болуы банктің таза
табысын азайтады.
Микрореттеу максаты баланстык және әр уақытта максималдау кезіндегі
салық салынатын табыстың азаюы болып табылады. Баланстық табыстың көбеюі
таза имидждік ауыртпалыкты көтереді: банк балансын баспаға шығару, баспаға
шыққан банктердін кезекті рейтингіде алатын орнының жоғарылау мүмкіндігі
банктің нақтылы жағдайымен тікелей байланысты және оның болашақтағы даму
мүмкіңціктерін анықтайтын, экономикалык маңызы зор және өмір сүруін
камтамасыз етуші мәселе.
Табысты макрореттеу әдістері: қызметкерлердің еңбекақысын
төлеу, несиелеу әдісі бойынша қүрал-жабдықтарды және басқа да негізгі
құралдарды сатып алу және т.б. Сонымен қатар пайданы микроретгеу көп
дәрежеде табысты банк операцияларын кеңейтіп және шығынды операцияларын
қысқарту жолымен жүзеге асырылады. Оның үстіне әр кезеңдерде бұл
операциялар әр түрлі болып келеді. Осылайша, соңғы жылдары Қазақстан
Республикасында банктер валюталық операциялар, банкаралық несиелеу,
корреспонденттік қатынастар айырбастау орындары, бағалы қағаздар бойынша,
жеке тұлғаларға қызмет көрсету бойынша жұмыстарды алғашында ұлғайтып,
кейіннен кысқартты.

1.2 Банк актив операцияларын басқару

Коммерциялық банктердің орындайтын операцияларын екіге бөледі. Олар
банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен кең
көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.
Коммерциялық банктердің бірінші қаржылық операцияларына оның активтік
операцияларын жатқызуға болады.
Активтік операциялар—бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін
қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыру жүзеге
асыратын операцияларды білдіреді.
Активтік банктік операцияларды басқару өзінің формасына және
тағайындалуына қарай әр түрлі болып келеді. Банктердің активтік
операцияларының ең көп тараған түріне мыналар жатады;
- несиелік операциялар;
- инвестициялық операциялар;
- депозиттік операциялар;
- қаржылық операциялар
- басқа да операциялар.
Банк активтік операцияларының маңызды бөлігін банктік несиелік
операциялары негізгі орын алады. Банктік несиелік операциялары негізінде
ссудалық портфель құрылады. Банктік ссудалар біршама табысты және жоғары
тәуекелді болып табылады. Бұл активтер топтары банктің басты пайда көзі
ретінде қызмет етеді.
Несие операциялары коммерциялық банктердің активті қызметінің негізін
құрайды, өйткені оны табысты түрде жүзеге асыру кіріс әкеледі, банктердің
сенімділігімен тұрақтылығын арттыруға әсерін тигізеді, ал олардың кедейенуі
мен банкроттықа ұшырауы несие берудегі сәтсіздіктерге әкеліп соғады,
Екіншіден, банктер елдің экономикасын дамытуға бағытталған
инвестицияларға несие беру үшін меншікті және тартылған ресурстарды
шоғырландыруға бағытталған,
Үшіншіден, бұл қызметті табысты жузеге асырған кезде оның барлық
қатысушыларына – несие ұйымдарына қарыз алушыларға және тұтастай түрде
қоғамға пайда әкеледі.
Несие операциялары – бұл несие берушінің қарыз алушыға ақылы, жеделдік,
қайтарушылық, қамтамасыз етушілік жағдайларында ақша қаражаттарының белгілі
бір сомасынберу бойынша қатынасы.
Қайтарушылық түрінде қарыз алушының несие берушіге келісімде
көрсетілген негізгі қарыз сомасын міндетті түрде төлеуі керек. Бұл
ерекшелік ақша қатынастарының басқа экономикалық категорияларынан өзгешелеп
тұрады. Қайтарушылық – несиенің ең негізгі белгісі болып саналады.
Бұл банк несиесінің ақылы болуы несие беру кезінде банктің көрсететін
қызметінің өтелетін сипатына негізделінеді. Банк ссуда бергені үшін,
негізінен, сый ақы түрінде белгілі бір ақы алады. Оның мөлшерін несие шарты
бойынша тараптар белгілейді.
Ол яғни банк несие берушіден жедел несие беру жағдайында алынған
қаржыларды қайтарудың алдын ала көрсетілген мерзімдері түсіндіріледі. Яғни
жеделдік – оны бұзу белгілі бір санкциялар қолдануға әкелетін несиені
қайтарудың уақытша айқындығы. Несие беру мерзімі ссудалық қаржылардың қарыз
алушының иелігіне болуының шекті мерзімі болып саналанады.
Банк несиесін берудің жоғарыда атап өткен қағидаларына (жағдайларына)
тағы несиенің қайтарушылығын қамтамасыз етеді.
Қамтамасыз ету – бұл кепілге беру, банк кепілдері , сақтандыру және
заңдылықтармен, сондай-ақ әріптестер арасындағы шартпенен қаралған өзге де
тәсілдердің көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін банк несиесін қайтарудың
тәсілі.Банк несиелері келесі белгілер бойынша жіктеледі:
Мақсатты белгіленуі бойынша (тұтыну, сауда, ауыл-шаруашылық,
инвестициялық және т.б.);
қайтару мерзімдері бойынша (қысқа мерзімді, орта мерзімді, және ұзақ
мерзімді);
қамтамасыз етушілік дәрежесі бойынша (қамтамасыз етілген және
қамтамасыз етілмеген);
пайыздық ставкалар түрлері бойынша (пайыздық ставкасы белгіленген және
пайыздық ставкасы өзгеріп отыратын несиелер);
Банктің қарыз алушылармен несиелік қатынасы және шартының рөлі
Банктің несие берудегі делдалдық қызметі толық көрінген кезде нақты
экономикалық өмірдегі банктің рөлін көрсетеді.
Нарықтық экономика кезінде коммерциялық банк несиелік қатынасын
көптеген клиенттермен байланыста құра отырып, күрделі мәселелерді шешеді.
Осылардың бәрі несие берудің аса ауқымды процесі арқылы жүзеге асады.
Несие беру – сауда, кәсіпкерлік қызметпен пайда табуды қамтамасыз
ететін банктердің маңызды операциялары болып саналанады.
Несие беру теорисы мен тәжірибесінде банктің қарыз алушылардың
өзарақатынасы; несие ресурстарының жеткіліктігі; қарыз алушылардың
ссудаларды пайдлануы; қарыздардың болуы сияқты көптеген проблемаларды
қамтиды.
Банк қарыз алушылармен несие қатынастарын орнату үшін клиенттің несиеге
деген нақты қажеттілігінің пайда болуына сенімді болуы тиіс. Клиенттің
несиеге обьективті қажеттілігін білу және несиені қарызға, тек субьективтік
қажеттіліктерді қанағаттандыру жағдайы үшін беру несиелік
өзарақатынастардың беріктігін және ссударалды қайтару мүмкіндігін
көрсетеді.
Коммерциялық банктер қарыз алушыларға несиелер бере отырып, тәуекелге
барады, сондықтан несие беру процесінің маңызды ссудаларды берудің
техникалық ережесін жиынтық түрде орындау және бақылау мен мерзімінде
қайтарудан ғана тұрмайды, сонымен бірге несие беруші мен қарыз алушының
міндеттемелері бойынша әрбір нақты жағдайда шешімдер қабылдауды да
білдіреді.
Нарықтық ортада несие беру бизнесі тұрғысынан отандық бактер үшін
ендігі жерде талдау техникасы мен несие беру процедурасы емес, ең негізгі
болып кең ауқымды пайымдау мен ұтымды шешімдер қабылдай білу қатысады.
Сонымен бір мезгілде несие беру жағдайы өзіне несие беру үшін қарыз алушы
орындауы тиіс талаптарды еңгізеді.
Банк клиенттің қаржылық орнықтылығы мен экономикалық тұрақтылығын
зерттеп, несиеге деген қажеттілікті қарай отырып, оның экономикалық
негізіділігін, берілген деректердің сенімділігін ескеркді. Қарыз алушының
қарызды несие шартында көрсетіген жағдайларға сәйкес қайтаруға қабілетті
және дайын екендігіне сенімді болу үшін, ссудаға қатынасы бойынша клиенттің
өз ісіне жауаптылығын, қарыз алушының беделін, рентабельділін; ссуданы
қамтамасыз етуін экономикалық коньюктураны ескереді.
Банк қарыз алуға несие беру процесі басталмай тұрып тәекелді жою немесе
оны төмендету мақсатымен әлеуетті қарыз алушыға талдау жасайды.Банктің бұл
мақсаттағы міндеті клиенттің несие төлеу қабілетін анықтауға бағытталған.
Әлеуетті қарыз алушының несие төлеу қабілеті туралы дұрыс қорытынды
жасаған жағдайда, банк несие шартының жағдайлрын әзірлеуге кіріседі. Бұл
кезең ссуданы құрылымдау деп аталады, банк аталмыш процес кезең ссуданы
құрылымдау деп аталады, банк аталмыш процес кезінде: несие мақсатын,
сомасын, қайтару тәртібін, ссудалардың мерзімін, қамтамасыз етуді, несие
бағасын, өзге де жағдайларды анықтайды.
Нарықтық экономика жағдайында ссуда беруші мен қарыз алушы екі жақ та
бірдей мүдделік танытқанда ғана банктің несие қатынастары дамитын болады.
Бірінші тарап, яғни несие беруші (банк) өзінің несие беру бизнесін дамыта
отырып, ссуданың пайыздармен қоса мезгілінде қайтарылуын қалайды. Ал қарыз
алушы ссуданы ала отырып, оны қызмет процесіндегі қажеттіліктерді
қанағаттандыруға бағыттайды.
Дамушы елдердің банк жүйесіндегі несие беру бизнесі несиені басқарудың
келесідей негізгі ережелерін қамти отырып, көптеген жылдар ішінде өзін
берік бекітті деуге болады. Ол ережелер бойынша:
- Банктің несие қабілеті (несие беру қабілеті) капиталдың жеткілігі мен
өтімділігіне негізделген;
- банк ақша іздейді, орта ставкалары қайта қаржыландыру ставкаларымен
(рефинансирование), банкаралық несиелер бойынша ставкалармен салыстыра
отырып, депозиттердің тартымдылығын талдайды. Несие беруді қымбат ресурстар
есебінен дамыту банкке пайдалы емес;
- Қарыз алушының бизнестегі бағытын, клиенттің өндірістік мүмкіндіктерін
білуді талап ететтін несиелерді шоғырландыру банк үшін маңызды мәселе.
- Бұл жерде негізгі шешімді қабылдау банктің жоғары шенді қызметкерлердің
үлесіне қалады;
Несие беру өкілеттігі банктің несие саясатын жүргізу әрекетін қамтиды.
Несие беруге қатысы бар орындаушыдан бөлімнің меңгерушісіне дейін,
директорлар кеңесі банктің әрбір қызметкері несие процесін жылдамдатуы
несие тәуекелін азайтуға жұмыс істеуі тиіс.
Қызметкерлердің өз өкілеттіктері мен міндеттерін білуі маңызды болып
саналады:
- Банктердің тиісті комитеттеріне, өзінің міндеттері шеңберінде
клиенттермен келіссөздер жүргізетін, несие беру жағдайын, несие бағасын,
қайтару мерзімдерін анықтайтын аға қызметкерлерге келіссөздер жүргізуге
өкілеттіктер берілген;
- Келіссөздер жүргізу кезінде банктің шешім кабылдауына мүмкіндік бере
отырып, құжаттама тәуекелден қорғауды қамтамасыз етеді. Қаржылық және
заңдық құжаттамалар несие беру процедураларын белгілеу үшін негіз болып
қатысады;
- Бекіту (процедура) қарыз алушыға несие беру тәртібін аяқтайды. Несие
комитеті несие берілуін мақұлдайды және оның сомасын анықтайды.
- Банктің қарыз алушылармен несие қатынасы әлемдік тәжірибеде өзіне
клиентің несие туралы өтінішімен бастап, несиені толық қайтарғанға дейінгі
аралықты қамтитын кадамдарын енгізеді.
Коммерциялық банктердің несие саясатын жүргізу мақсатында қарыз
алушыға несие беру кезіндегі несие шарттарын жасауы маңызды процесс болып
саналады.
Несие шарты –бұл несиеге қатынасы бойынша әрбір тараптың құқықтары мен
міндеттері ескертілетін банк пен қарыз алушылар арасындағы контракт. Несие
шарты қарыз алушының қаржылық жағдайын ұстап тұру немесе жақсарту; банктің
мүддесін қорғай отырып, ақша қаражатының қозғаласы мен пайдалылық деңгейін
жақсартатындай етіп құрылатын жағдайлар мен қосымша ескертпелерден және
шектеулерден тұрады.
Несие шартының экономикалық және заңдық жақтары олардың мазмұнында
көрсетіледі, оған мыналар кіреді:
- Ссуданы алу мақсатын, сомасын, аудару туралы жарлықты, төлем жасау
кестесі мен процедулаларын енгізетін несие беру қаржысының сипаттамасы;
- Терминология анықтамасы, қарыз беру күні, жұмыс күні, пайыздық кезең,
пайыздар төлеу күні, көрсетілген шарттарды орындамау жағдайы, келісімнің
күшін жою күні, растаушы құрал (заверительный инструмент) және т.б.
қамтиды;
- Қарызды дәлелдеу – қаралуы қажет құжаттамаларды (мысалы, қарыз алушы
жазған жай вексель) сипаттайды;
- Пайыз және комиссиялық ставка пайыздық төлемдер бойынша комиссиялық
ставкаларды анықтайды;
- алдын ала төлемдер жасау (ерікті және еріксіз), төлеу кезіндегі
айыппұлдар және оны басқару жағдайын қамтиды;
- Ссуданы жабу қуқығы, қарыз алушы тарапынан шарттарды орындамаған
жағдайда, банк өзінің талабын қарыз алушы арқылы жабады және қарыз алушының
кез келген активіне иелік ете алады;
- Кепілдер: оның заң ережесі, зайымдарды реттейтін басқа тұлғаларды қолдау
сияқты банкке берілген, әртүрлі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының банк жүйесі жайлы
Банкінің атқаратын функциясы және мәні
Банк табыстылығын талдау
Банк табыстылығын басқару
Несие беру теорисы мен тәжірибесінде банктің қарыз алушылардың өзарақатынасы
Республикасының Орталық банкі
Коммерциялық банктер операциялары-қоғамдық экономикалық дамуында негізгі факторы
Коммерциялық банктердің экономикалық мәні
Коммерциялық банктер қызметін ұйымдастыру мен дамытудың теориялық аспектілері
Коммерциялық банктерде пассивтік операциялар есебін ұйымдастыру
Пәндер