Екінші деңгейлі банктердің актив операцияларын дымыту


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

ТАРАУ 1 . ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН

ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ . . .

1. 1 Екінші деңгейлі банктердің актив операцияларын дымыту . . .

1. 2 Екінші деңгейлі банктердің пассив операцияларын дамыту . . .

1. 3 Банк өтімділігі және оған ықпал етуші факторлар . . .

ІІ Тарау. ЕКІНШІ ДЕНГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ

2. 1 "БТА Ипотека" Ипотекалық ұйым" АҚ активтік және пассивтік операцияларының дамуын талдау

2. 1. Қазақстан Республикасындағы 2004-2006 жж. лизингтік операциялардың динамикасын талдау

ТАРАУ 3. ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ

ЖОЛДАРЫ

3. 1 Банктік операцияларды тиімді дамытудағы шет елдік тәжірибелерді қолдану

3. 2 Банк операцияларын тиімді дамыту бағдарламасының жүзеге асырылуы

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

КІРІСПЕ

Екінші деңгейлі банктердің актив және пассив операцияларын дамыту тақырыбын зерттеудің маңыздылығы банктердің экономикадағы жүйедегі орнымен анықталады.

Қайсібір елде де қуатты экономикасы, оны өрге сүйрейтін өз заманының талап -тілегіне сай, қауқарлы қаражат жүйесі болуы шарт. Қазіргі нарықтық, бәсекелестік заманында қайсы елдің банктерінің деңгейі биік болса, сол ел ғана өз тәуелсіздігін сақтап, өз жұртының келешегін баянды ете алуы мүмкін.

Коммерциялық банктердің халыққа көрсететін қызметтері, шағын және орта бизнеске берілетін несиелер, лизингтік операциялар, ипотекалық несиелендіру операциялары экономиканы тұрақтандыруда және халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылатуда маңызды роль атқарады.

Қазіргі уақытта коммерциялық банктер қаржыларын жұмылдырып, еліміздің экономикасын дамыту мақсатында үлкен жобаларға инвестициялар жасалынуда.

Қазақстанның коммерциялық банктері өздерінің клиенттеріне көптеген операциялар мен қызмет түрлерін көрсетіп, өздерінің табыс базасын кеңейтіп, рентабельдік пен бәсекелестікті көтеруге тырысуда.

Банктік қызметтің жаңадай дамып жатқан информациялық технологияларға көңіл аудармастан банкроттыққа ұшырауы мүмкін. Осы себебтен банктер өздерінің қызметтеріне және қызмет түрлеріне үлкен көңіл аударылады. Сондықтан екінші деңгейлі банктердің экономикадағы ролі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеп, ары қарай дамуын талап етеді.

Қазақстан Республикасының елу дамыған елдердің қатарына қосылу үшін банк жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойылады. Бұл дамыған елдердің банктер арасындағы бәсекеге шыдауға қажетті іс-әрекеттер жасауды талап етеді.

Осы аталған міндеттер мен мақсаттар екінші деңгейдегі банктердің қаржылық қызметтер нарығының мәселелерін теориялық және тәжірибелік тұрғыда талдаудың маңыздылығын көрсетеді.

Коммерциялық банктердің қаржылық жағдайын зерттеу жалпы отандық банк жүйесінің қазіргі жағдайы, жеткен жетістіктері, қаржылық қызметтер нарығының проблемалары туралы жазылған ақпараттар әлі жеткіліксіз деуге болады.

Қазақстан Республикасындағы банктердің қаржылық қызметтерінің даму бағыттарын зерттеудің маңыздылығы дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттерін анықтады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты -- коммерциялық банктердің қаржылық операцияларының, оның ішінде банктің актив және пассив операцияларына тереңнен тоқтап, қазіргі кездегі даму қарқыны мен проблемаларын қарастыру. Сонымен қатар алдағы уақытта банк қызметін дамыту мақсатында қажетті шет елдік тәжірибелерді қарастыру болып табылады.

Дипломдық жұмыстың негізгі міндеті ;

- банктің операцияларын теориялық зерттеу;

- банк өтімділігін қамтамасыз ететін факторларды айқындау;

- коммерциялық банктердің қаржылық жағдайын және банктік операцияларын

басқару әдістерін талдау;

- банктің қызметтер нарығының негізгі даму бет алысын анықтау;

- банктің қаржылық операцияларының пайда болған қиыншылықтарды анықтау

және оны шешу жолдарын қарастыру.

Дипломдық жұмыстың өзіндік ерекшелігі, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асырушы мекемелердің нарықтық экономикадағы ролі мен қызметтеріне арналады. Мысал ретінде алынған банктің тек қана қазіргі тұрғыдан сипаттап қоймай, оны тарихи даму тұрғысынан көрсетеді.

Бұл жұмыста банк қаражаттарының қалыптасуын теориялық бағытта қарастырып қоймай, сондай-ақ олардың практикалық жақтарын қарастырады.

Дипломдық жұмыстың негізгі методикалық және тәжірибелік негізі ретінде: Қазақстан Республикасының Үкіметінің заңдары және номативтік актілері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік іс -әрекеттерді қадағалау заңдылықтары, Қазақстан Республикасының Агенстволық статистикалық материалдары, банк ісіне арналған оқулықтарға, коммерциялық банктердің жарнамалық материалдарына болды.

ТАРАУ 1 . ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1. Екінші деңгейлі банктердің актив операцияларын дымыту

Коммерциялық банктердің орындайтын операцияларын екіге бөледі. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.

Коммерциялық банктердің бірінші қаржылық операцияларына оның активтік операцияларын жатқызуға болады.

Активтік операциялар-бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыру жүзеге асыратын операцияларды білдіреді/ 18. 236/.

Активтік банктік операцияларды басқару өзінің формасына және тағайындалуына қарай әр түрлі болып келеді. Банктердің активтік операцияларының ең көп тараған түріне мыналар жатады;

- несиелік операциялар;

- инвестициялық операциялар;

- депозиттік операциялар;

- қаржылық операциялар

- басқа да операциялар.

Банк активтік операцияларының маңызды бөлігін банктік несиелік операциялары негізгі орын алады. Банктік несиелік операциялары негізінде ссудалық портфель құрылады. Банктік ссудалар біршама табысты және жоғары тәуекелді болып табылады. Бұл активтер топтары банктің басты пайда көзі ретінде қызмет етеді.

Несие операциялары коммерциялық банктердің активті қызметінің негізін құрайды, өйткені оны табысты түрде жүзеге асыру кіріс әкеледі, банктердің сенімділігімен тұрақтылығын арттыруға әсерін тигізеді, ал олардың кедейенуі мен банкроттықа ұшырауы несие берудегі сәтсіздіктерге әкеліп соғады,

Екіншіден, банктер елдің экономикасын дамытуға бағытталған инвестицияларға несие беру үшін меншікті және тартылған ресурстарды шоғырландыруға бағытталған,

Үшіншіден, бұл қызметті табысты жузеге асырған кезде оның барлық қатысушыларына - несие ұйымдарына қарыз алушыларға және тұтастай түрде қоғамға пайда әкеледі.

Несие операциялары - бұл несие берушінің қарыз алушыға ақылы, жеделдік, қайтарушылық, қамтамасыз етушілік жағдайларында ақша қаражаттарының белгілі бір сомасынберу бойынша қатынасы/25. 365/.

Қайтарушылық түрінде қарыз алушының несие берушіге келісімде көрсетілген негізгі қарыз сомасын міндетті түрде төлеуі керек. Бұл ерекшелік ақша қатынастарының басқа экономикалық категорияларынан өзгешелеп тұрады. Қайтарушылық - несиенің ең негізгі белгісі болып саналады.

Бұл банк несиесінің ақылы болуы несие беру кезінде банктің көрсететін қызметінің өтелетін сипатына негізделінеді. Банк ссуда бергені үшін, негізінен, сый ақы түрінде белгілі бір ақы алады. Оның мөлшерін несие шарты бойынша тараптар белгілейді.

Ол яғни банк несие берушіден жедел несие беру жағдайында алынған қаржыларды қайтарудың алдын ала көрсетілген мерзімдері түсіндіріледі. Яғни жеделдік - оны бұзу белгілі бір санкциялар қолдануға әкелетін несиені қайтарудың уақытша айқындығы. Несие беру мерзімі ссудалық қаржылардың қарыз алушының иелігіне болуының шекті мерзімі болып саналанады.

Банк несиесін берудің жоғарыда атап өткен қағидаларына (жағдайларына) тағы несиенің қайтарушылығын қамтамасыз етеді.

Қамтамасыз ету - бұл кепілге беру, банк кепілдері, сақтандыру және заңдылықтармен, сондай-ақ әріптестер арасындағы шартпенен қаралған өзге де тәсілдердің көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін банк несиесін қайтарудың тәсілі. Банк несиелері келесі белгілер бойынша жіктеледі:

Мақсатты белгіленуі бойынша (тұтыну, сауда, ауыл-шаруашылық, инвестициялық және т. б. ) ;

- қайтару мерзімдері бойынша (қысқа мерзімді, орта мерзімді, және ұзақ мерзімді) ;

- қамтамасыз етушілік дәрежесі бойынша (қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген) ;

- пайыздық ставкалар түрлері бойынша (пайыздық ставкасы белгіленген және пайыздық ставкасы өзгеріп отыратын несиелер) ;

Банктің несие берудегі делдалдық қызметі толық көрінген кезде нақты экономикалық өмірдегі банктің рөлін көрсетеді. Нарықтық экономика кезінде коммерциялық банк несиелік қатынасын көптеген клиенттермен байланыста құра отырып, күрделі мәселелерді шешеді. Осылардың бәрі несие берудің аса ауқымды процесі арқылы жүзеге асады. Несие беру - сауда, кәсіпкерлік қызметпен пайда табуды қамтамасыз ететін банктердің маңызды операциялары болып саналанады.

Несие беру теорисы мен тәжірибесінде банктің қарыз алушылардың өзарақатынасы; несие ресурстарының жеткіліктігі; қарыз алушылардың ссудаларды пайдлануы; қарыздардың болуы сияқты көптеген проблемаларды қамтиды.

Банк қарыз алушылармен несие қатынастарын орнату үшін клиенттің несиеге деген нақты қажеттілігінің пайда болуына сенімді болуы тиіс. Клиенттің несиеге обьективті қажеттілігін білу және несиені қарызға, тек субьективтік қажеттіліктерді қанағаттандыру жағдайы үшін беру несиелік өзарақатынастардың беріктігін және ссударалды қайтару мүмкіндігін көрсетеді.

Коммерциялық банктер қарыз алушыларға несиелер бере отырып, тәуекелге барады, сондықтан несие беру процесінің маңызды ссудаларды берудің техникалық ережесін жиынтық түрде орындау және бақылау мен мерзімінде қайтарудан ғана тұрмайды, сонымен бірге несие беруші мен қарыз алушының міндеттемелері бойынша әрбір нақты жағдайда шешімдер қабылдауды да білдіреді.

Нарықтық ортада несие беру бизнесі тұрғысынан отандық бактер үшін ендігі жерде талдау техникасы мен несие беру процедурасы емес, ең негізгі болып кең ауқымды пайымдау мен ұтымды шешімдер қабылдай білу қатысады. Сонымен бір мезгілде несие беру жағдайы өзіне несие беру үшін қарыз алушы орындауы тиіс талаптарды еңгізеді.

Банк клиенттің қаржылық орнықтылығы мен экономикалық тұрақтылығын зерттеп, несиеге деген қажеттілікті қарай отырып, оның экономикалық негізіділігін, берілген деректердің сенімділігін ескеркді. Қарыз алушының қарызды несие шартында көрсетіген жағдайларға сәйкес қайтаруға қабілетті және дайын екендігіне сенімді болу үшін, ссудаға қатынасы бойынша клиенттің өз ісіне жауаптылығын, қарыз алушының беделін, рентабельділін; ссуданы қамтамасыз етуін экономикалық коньюктураны ескереді.

Банк қарыз алуға несие беру процесі басталмай тұрып тәекелді жою немесе оны төмендету мақсатымен әлеуетті қарыз алушыға талдау жасайды. Банктің бұл мақсаттағы міндеті клиенттің несие төлеу қабілетін анықтауға бағытталған.

Әлеуетті қарыз алушының несие төлеу қабілеті туралы дұрыс қорытынды жасаған жағдайда, банк несие шартының жағдайлрын әзірлеуге кіріседі. Бұл кезең ссуданы құрылымдау деп аталады, банк аталмыш процес кезең ссуданы құрылымдау деп аталады, банк аталмыш процес кезінде: несие мақсатын, сомасын, қайтару тәртібін, ссудалардың мерзімін, қамтамасыз етуді, несие бағасын, өзге де жағдайларды анықтайды.

Нарықтық экономика жағдайында ссуда беруші мен қарыз алушы екі жақ та бірдей мүдделік танытқанда ғана банктің несие қатынастары дамитын болады. Бірінші тарап, яғни несие беруші (банк) өзінің несие беру бизнесін дамыта отырып, ссуданың пайыздармен қоса мезгілінде қайтарылуын қалайды. Ал қарыз алушы ссуданы ала отырып, оны қызмет процесіндегі қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағыттайды.

Дамушы елдердің банк жүйесіндегі несие беру бизнесі несиені басқарудың келесідей негізгі ережелерін қамти отырып, көптеген жылдар ішінде өзін берік бекітті деуге болады. Ол ережелер бойынша:

- банктің несие қабілеті (несие беру қабілеті) капиталдың жеткілігі мен өтімділігіне негізделген;

- банк ақша іздейді, орта ставкалары қайта қаржыландыру ставкаларымен (рефинансирование), банкаралық несиелер бойынша ставкалармен салыстыра отырып, депозиттердің тартымдылығын талдайды. Несие беруді қымбат ресурстар есебінен дамыту банкке пайдалы емес;

- қарыз алушының бизнестегі бағытын, клиенттің өндірістік мүмкіндіктерін білуді талап ететтін несиелерді шоғырландыру банк үшін маңызды мәселе.

- бұл жерде негізгі шешімді қабылдау банктің жоғары шенді қызметкерлердің үлесіне қалады.

Несие беру өкілеттігі банктің несие саясатын жүргізу әрекетін қамтиды. Несие беруге қатысы бар орындаушыдан бөлімнің меңгерушісіне дейін, директорлар кеңесі банктің әрбір қызметкері несие процесін жылдамдатуы несие тәуекелін азайтуға жұмыс істеуі тиіс. Қызметкерлердің өз өкілеттіктері мен міндеттерін білуі маңызды болып саналады:

- банктердің тиісті комитеттеріне, өзінің міндеттері шеңберінде клиенттермен келіссөздер жүргізетін, несие беру жағдайын, несие бағасын, қайтару мерзімдерін анықтайтын аға қызметкерлерге келіссөздер жүргізуге өкілеттіктер берілген;

- келіссөздер жүргізу кезінде банктің шешім кабылдауына мүмкіндік бере отырып, құжаттама тәуекелден қорғауды қамтамасыз етеді. Қаржылық және заңдық құжаттамалар несие беру процедураларын белгілеу үшін негіз болып қатысады;

- бекіту (процедура) қарыз алушыға несие беру тәртібін аяқтайды. Несие комитеті несие берілуін мақұлдайды және оның сомасын анықтайды;

- банктің қарыз алушылармен несие қатынасы әлемдік тәжірибеде өзіне клиентің несие туралы өтінішімен бастап, несиені толық қайтарғанға дейінгі аралықты қамтитын кадамдарын енгізеді.

Коммерциялық банктердің несие саясатын жүргізу мақсатында қарыз алушыға несие беру кезіндегі несие шарттарын жасауы маңызды процесс болып саналады.

Несие шарты -бұл несиеге қатынасы бойынша әрбір тараптың құқықтары мен міндеттері ескертілетін банк пен қарыз алушылар арасындағы контракт. Несие шарты қарыз алушының қаржылық жағдайын ұстап тұру немесе жақсарту; банктің мүддесін қорғай отырып, ақша қаражатының қозғаласы мен пайдалылық деңгейін жақсартатындай етіп құрылатын жағдайлар мен қосымша ескертпелерден және шектеулерден тұрады/12. 123/.

Несие шартының экономикалық және заңдық жақтары олардың мазмұнында көрсетіледі, оған мыналар кіреді:

- ссуданы алу мақсатын, сомасын, аудару туралы жарлықты, төлем жасау кестесі мен процедулаларын енгізетін несие беру қаржысының сипаттамасы;

- терминология анықтамасы, қарыз беру күні, жұмыс күні, пайыздық кезең, пайыздар төлеу күні, көрсетілген шарттарды орындамау жағдайы, келісімнің күшін жою күні, растаушы құрал (заверительный инструмент) және т. б. қамтиды;

- қарызды дәлелдеу - қаралуы қажет құжаттамаларды (мысалы, қарыз алушы жазған жай вексель) сипаттайды;

- пайыз және комиссиялық ставка пайыздық төлемдер бойынша комиссиялық ставкаларды анықтайды;

- алдын ала төлемдер жасау (ерікті және еріксіз), төлеу кезіндегі айыппұлдар және оны басқару жағдайын қамтиды;

- ссуданы жабу қуқығы, қарыз алушы тарапынан шарттарды орындамаған жағдайда, банк өзінің талабын қарыз алушы арқылы жабады және қарыз алушының кез келген активіне иелік ете алады;

- кепілдер: оның заң ережесі, зайымдарды реттейтін басқа тұлғаларды қолдау сияқты банкке берілген, әртүрлі ақпараттарға сүйенетін қарыз алушының өтініші оның қаржылық есебінің дұрыстығы, соңғы қаржылық ақпараттар бойынша қаржылық жағдайда байланысты материалдарда кері өзгерістердің болмауы, қарыз алушыға қарсы талаптың (иск) жоқтығы, қарыз алушының активтеріне қарсы берешектері үшін мүліктерін ұстап қалудың кезі келген құқығын сипаттау немесе оның болмауы.

Банктің ссуда алушылармен несие қатынастарын жетілдіруіне қатысты несие шарты құқықтық және нормативтік ережелермен толықтырылуы мүмкін. Осыған орай несие шартының өзгермейтін формалары болмайды деп бекітуге болады. Көпшілік елдердегі банктер аталмыш заң құжатына өз қатынастарын барынша дәл айқындайды.

Қарыз алушы ссуда алу үшін негізді жазбаша түрдегі өтінішпен банке жүгінеді, онда ссуданың мақсатты бағыты, оның сомасы, қайтару мерзімдері, сондай-ақ несие берілетін шараның қысқаша сипаттамасы атап көрсетеледі. ¤тініш үш дана етіп толтырылады бірінші және екінші дана (проводка) үшін негіз болып қызмет етеді: үшінші данасы несие қызметкерінің сінде қалады. Ссудалық есеп шоты банкте, негізінен, банктің есеп шоты ашылған жерде ашылады. Клиентке басқа банк қызмет көрсететін болған жағдайда, соңғы банк -несие берушінің сұратқан бүкіл қажетті құжаттарын тапсыруға міндетті.

Банкпен тұрақты несие қатынасын орнатқан, жақсы беделге ие қарыз алушыларға несие алу үшін тапсыруға тиіс құжаттардың тізімін банк қысқартуы мүмкін. Тәжірибелік кезең барысында байқалған жағдай.

Банктің несие бөлімі несие беру мәселелері бойынша құжаттарды дайындау және өткізумен байланысты бүкіл жұмысты басқарады, несие берумен байланысты өзге де қызметтердің жұмысын үйлестіреді және қарыз алушылар тапсыратын мәліметердің жеделдігі мен сенімділігіне жауап береді.

Несие беру кезінде несие бөлімі мамандарының құзырына несие ресурстарының болуын, несие алу үшін қажетті тапсырылған құжаттардың толықтығын қарау, тапсырылған техникалық-экономикалық негіздеу есептерінің шынайлылығын анықтау мен қарыз алушының несие төлеу қабілетін талдау, сондай-ақ ссуданы қайтармауға әкелуі мүмкін факторларды зерттеу кіреді.

Несие бөлімінің қызметкерлері заң бөлімінің заңгер мамандарымен бірлесе отырып, оладың құқытық мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындау үшін клиенттердің заңдық істерін зерттейді.

Несие бөлімінің және банктің басқа қызметтерінің қорытындысы несие беру туралы мәселені несие комиссиясына немесе банк басқармасына ұсыну үшін негіз болып саналады. Несие комиссиясы немесе банк басқармасы, жекелеген жағдайларда банктің жетекшісі оң шешім шығырған кезде, заң қызметкерлері кепілдік туралы шартты, ал несие бөлімі - содан кейін банк жетекшісі қол қоятын несие келісімін (шартты) дайындайды.

Клиенттерге ссудалар беру ссуданың (несие шарты) мақсатты бағытталушылығына қатысты ашылатын жеке ссудалық есеп шоттар арқылы арқылы жүзеге асырылады. Осыған орай өнімдерді өткізуден түскен түсімдер мен ақша қаражаттарының бүкіл басқа түсімдерін банк қарыз алушының ағымдағы есеп шотына жазады.

Ссуда, негізінен тауар - материалдық құндылықтар мен көрсетілген қызметтерге төлеуге қарыз алушының есеп шотында қаржысы жоқ болған кезде, аккредитивтер ашуға және несие шартында айқындалған қарыз алушының өзге де қажеттіліктеріне беріледі. Қажет болған жағдайларда ссуда банк жетекшісінің өнімі бойынша тауар - материалдық құндылықтар және көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеуге берілуі мүмкін. Ссудаларды беру несие шартында айқындалған біржолғы, күнделікті және өзге демерзімдерде жүргізіледі. Бір жолғы ссуда сондай-ақ бір реттік контрактылар мен шарттар бойынша есептерді (счеттарды) төлеуге беріледі. /12. 145/

Несие шартында қаралған несиені беру және оны қайтарудың тәртібі мен жағдайларына сәйкес банктің несие бөлімі оны беруге үкім дайындайды.

Ссудалық операциялар банктің ресурстық базасын орналастыруда банктің активтік қызметінің негізгі бөлігін құрайды. Мысалға; Екінші деңгейлі банктер өз клиенттеріне несиенің бірнеше түрлерін және депозиттер қабылдайды.

Макроэкономикалық деңгейдегі бұл операцияның мәнін, оның көмегімен банктер уақытша жұмыс жасамайтын ақшалай қорларды өндірісті, айналысты және тұтыну процесінде жұмыс жасаумен сипатталады. Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әртүрлі ссудаларды береді. Екінші деңгейлі банктер тұтыну несиесінің бірнеше түрлерін береді. Оларға : автокөлік алуға арналған несие, табыс көзі бар тұлғаларға арналған қажетті жағдайға арналған несиелер, кіріс сараптамасы жоқ тұлғаларға арналған несие, жылжымайтын мүлікке берілетін несие және т. б жатықзуға болады.

1. 2 Екінші деңгейлі банктердің пассив операцияларын дамыту

Коммерциялық банктердің атқаратын операцияларының еінші тобына пассивтік операцияларын жатқызамыз. Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады.

Пассивтік операциялар - бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге асыруға арналған банктің өз ресурсын құру операциялары. Ол заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық негізі болып табылады/12. 147/.

Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсету мен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.

Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындайды:

- ақылы негізінде депозиттерді тарту;

- клиенттермен банк корреспонденттік шоттарын жүргізу және оларға кассалық

қызмет көрсету;

- қайтарымдылық, мерзімдік және төлемділік шарттары мен заңды және жеке

тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру;

- инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;

- заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару ( чектерді, вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және басқа да қаржылық міндеттемелерді ) ;

- төлем құжаттарын сатып, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргізу;

- ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін кепілдеме және өзге де міндеттемелерді беру;

- тауар тасымалын талап ету құқын, сатып алу және қызмет көрсету, осындай талаптардың орындалуын және бұл талаптардың инкасациялық ( факторинг ) тәуекелін өз мойнына алу;

- банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету, клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;

- клиенттер үшін құжаттар мен бағалылықтарды сақтандыру бойынша қызметтер ( сейфтік бизнес ) ;

- коммерциялық мәмәлелерді қаржыландыру, сондай -ақ сату құқынсыз ( форфейтинг ) ;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несие беру теорисы мен тәжірибесінде банктің қарыз алушылардың өзарақатынасы
Қазақстан Республикасының банк жүйесі жайлы
ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТЕРІН ТАЛДАУ
Республикасының Орталық банкі
Екінші деңгейлі банктердің атқаратын қызметтері мен операциялары
Коммерциялық банктердің актив және пассив операцияларының дамуы
Қаржылық жағдайды талдау
КСРО Өнеркәсіп - құрылыс банк
Коммерциялық банктер қызметінің құқықтық негіздері
Коммерциялық банктердің меншікті капиталдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz