Банктік несиенің экономикалық мәні


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. Қазiргi кезеңде Қазақстан Республикасында банк аясы серпiндi түрде дамып келе жатқан экономикалық секторлардың бiрi. Бұрын қатал түрде реттелетiн коммерциялық банктер, бүгiн дербес және үлкен банкаралық бәсеке жағдайында халықаралық деңгейде жұмыс iстеп жатыр.
Дағдарысты құбылыстардан өтумен байланысты Қазақстан экономикасының қазiргi несиелiк операциялары мәселелер тұрғысында банк жүйесiнiң алдыңғы уақыттағы дамуы мен жетiлдiрiлуi үлкен тәжiрибелiк мәндiлiкке ие.
Қазiргi банктер клиенттерге қызметтердiң кең, ауқымды, тиiстi жолдарын ұсынып, банкте несиелiк түрлерінің жаңа технологиясын қолданып, қызмет көрсетудiң жоғарғы деңгейiмен қамтамасыз етiп отыр. Банктердiң ең басты қызметi - несиелiк операциялар болып табылады. Ол кәсiпорындардың, ұйымдардың және кәсiпкерлiк фирмалардың тұтынушылық және инвестициялық мақсаттары үшiн iске асырылады. Банктер өздерiнiң несиелеу түрлерін қаншалықты тиiмдi жүзеге асырса, соншалықты клиенттердiң экономикалық жағдайына әсерiн тигiзедi. Себебi банктiк қарыз жаңа кәсiпорындардың пайда болуына, жұмыс орны санының өсуiне мүмкiндiк туғызады және олардың экономикалық өмiр икемдiлiгiн қамтамасыз етедi. Соның iшiнде әсiресе жеке және заңды тұлғалардың, яғни кәсiпорындардың экономикалық тәуекелдiлiгiн басшылыққа ала алады.
Нарықтық экономикада банктік несие маңызды рөл атқарады. Банктік несиенің экономикадағы алатын орыны елеулі екеніне ешбір күмән жоқ. Олай болса, бұл тақырыптың өзекті екеніне көз жеткізуге болады. Жұмыстың мақсаты капиталдың, яғни қарызға берілген ақша капиталының жүру формасын несие, ақша капиталының ақша айналуын және несие берушінің қарыз алушы арасындағы қатынастарды көрсетеді. Оның көмегі арқылы жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттің бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, қарыз капиталына айналуы және белгілі уақытқа қолдануға ақылы түрде беріледі.
Банк несиесінің маңызы, сонымен бірге оны қолдау аясы елдің экономикалық жағдайына байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Айталық, экономиканы орталықтанған жоспарлы түрде басқарудан нарықтық экономикаға өтуге байланысты біздің елімізде коммерциялық және ипотекалық, лизингтік, трастылық қаржылық банктік операцияларды пайдалану жаңғыртылады, сонымен бірге банктік несие қатынастары мен несиенің көлемі, несие ставкасы де өзгереді.
Дипломдық жұмыс бүгінгі күні актуалды болып табылатын ұлттық экономикалық жүйедегі банктік несиенің дамуына арналған.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Банктердің несиелік мәні мен қажеттілігін, қызметтерін және түрлерін зерттеу жалпы отандық банк жүйесінің қазіргі жағдайы, жеткен жетістіктері, несие нарығының проблемалары отандық және шетелдік экономистердің еңбектерінде жан-жақты қарастырылған.
Отандық экономистердің ішінде профессор Г. С. Сейітқасымовты ерекше атаған жөн. Ол өзінің еңбектерінде Қазақстанның банк және қаржы жүйелерінің өзекті мәселелерін зерттеуге үлкен үлес қосқан. Сонымен қатар А. Д. Челекбай, Б. И. Иришева, Мамыров Н. А., Мадиярова Д. М., Калдыбаева А. Е. Саниев М. С. және тағы басқа экономистер де банк ісіне байланысты мәселелерге бағытталған еңбектер жазып жүр.
Соған қарамастан, отандық экономистердің еңбектері көп жағдайда экономикалық басылымдардағы ғылыми мақалалар мен оқулықтар шеңберінен шыға алмай жүр. Қазақстанда банк жүйесінің қазіргі жағдайын талдауға бағытталған кең көлемді ғылыми еңбектер жоқ. Қазіргі жаһандық қаржы дағдарысы жағдайында отандық банк жүйесінің даму мәселелерін талдаудың маңызы зор. Сондықтан да бүгінгі таңда банктік несиені дамыту өте қажет.
Әлемдегі әрбір дамушы мемелекеттің банктік несиелендіру жүйесі әлеуметтік тұлғаның нақты табысын көздей отырып оны тұтыну мақсаттарымен қамтамасыз етуге бағытталған.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердің несиелендіру принциптерін талдау арқылы оларды жетілдірудің жолдарын зерттеу.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін дипломдық жұмыста мынандай мәселелер қарастырылды:
- ұлттық экономикадағы банктік несиенің экономикалық мәні мен түрлерін сипаттау;
- банктік несиенің қалыптасуына шолу жасап, белгілері мен функцияларын анықтау;
- Қазақстан Республикасында банктік несиені қалыптастыру қажеттілігін көрсету;
- Қазақстан Республикасында банктік несиенің қызмет ету жағдайын бағалау;
- Қазақстан Республикасында банктік несиенің кемшіліктері мен артықшылықтарын баяндау;
- Қазақстан Республикасындағы банктік несиені енгізу мәселелерімен мен тәжірибені талдау;
- Қазақстан Республикасындағы банктік несиені дамытудың, жетілдірудің жолдары мен іс шараларын көрсету.
Зерттеу объектісі - Қазақстан Республикасындағы «БТА Банк» АҚ банктік несиесі.
Зерттеудің пәні - ұлттық экономикалық жүйедегі банктік несиенің дамуы болып табылады.
Дипломдық жұмыстағы зерттеудің методологиялық және теориялық негіздері - дипломдық жұмыс әдістемелік нұсқауға сай орындалған және отандық экономикалық каржылық әдебиеттер мен журналдар, статистикалық көрсеткіштері, Қазақстан Республикасының Үкіметінің заңдары және нормативтік актілері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік іс-әрекеттерді қадағалау заңдылықтары қолданылған. «БТА Банк»АҚ мысалында талдау жүргізілген.
Дипломдық жұмыстың тәжірибесінің негізі. Дипломдық жұмыста банктік несиелендірудің түрлері, шарттары, құқылық қатынастары, сондай-ақ, банктік несиенің дүниежүзілік тәжірибелеріндегі үлгілері бойынша талдау көрсетілген.
Зерттеу әдістері - жалпы ғылыми, аналитикалық, талдау, тарихи-зерттеу әдістері қолданылған.
Дипломдық жұмыстың жаңашылдығы мен практикалық маңызы . Дипломдық жұмыстың авторы «БТА Банк» АҚ мысалында банктік несиенің дамуын талдау арқылы оларды жетілдіру жолдары ұсынылды. Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, объектісі мен пәні және зерттеу әдістері қарастырылған.
Бірінші тарауда ұлттық экономикалық жүйедегі банктік несиенің теориялық негіздері. Сонымен бірге банктік несиенің түрлері және атқаратын қызметі мен банктік несиенің қайтарымдылық пішіндері қарастырылған.
Екінші тарауда «БТА Банк»АҚ банктік несиелеу қызметінің негізгі бағыттарын, 2007-2009жж. экономикалық несиелеу көрсеткіштерін, банктік несиелеу операцияларын талдау көрсетілген.
Үшінші тарауда Қазақстан Республикасында банктік несиенің даму болашағы мен проблемалары, банктік несиені дамыту бойынша шетелдік тәжірибесі қарастырылған.
Дипломдық жұмыстағы зерттеудің нәтижелері қорытындыда жинақталған.
1 ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕДЕГІ БАНКТІК НЕСИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Банктік несиенің экономикалық мәні
Ұлттық экономикалық жүйедегі банктік несиені қарастырмас бұрын несие ұғымына тоқтала кетелік. Несие - ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып табылады. «Кредит» деген сөз, «қарыз», «несие» деген «kredo» -сенемін деген мағына беретін латынша «kreditum» деген сөзден шығады. Ол экономикалық дәреже ретінде әр түрлі экономикалык қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша катынастары сияқты үнемі даму үстінде болады. Алғашқы несие табиғи түрде (астық, мал, еңбек құралдары және т. б. ) қоғамның дәулетті топтарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге тұтыну мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар-ақша қатынастарының дамуымен несие ақша түріне көшті.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды [1] .
Құнның қозғалысы - бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады.
Нарықтық экономикаға көшу кезінде несие - нарықтың экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиеге дәлірек анықтама берер болсақ несие - бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады.
Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие - бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда - бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.
Экономикалық категория ретінде, несие - кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.
Зерттеу заты сияқты несие құрылымы бір-бірімен өзара байланысты элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар субъектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.
Қарыз беруші - қарызды беретін несиелік қатынастық бір жағы. Қарыз беруші - бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектілер болып табылады. қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шарушылық субъектілері және халық жатады.
Қарыз алушы - бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік қатынастың, екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір-бірімен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әр түрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдың қызметке, салықтарға т. б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай-ақ азаматтық қатынастар жағдайын сипаттайды . Борыш - бұл өте ауқымды ұғым. Ал қарыз алушы - бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.
Карыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құрылымының элементіне берілетін объект де жатады. Беру объектісі - бұл құнның ерекше бөлігі, яғни қарызға берілген құнды білдіреді [2] .
Несиенің формалары, оның құрылымымен және белгілі бір дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді.
Несиеің формасы - бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі кызметтерінің, ягни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді.
Несиенің екі формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұнда тауар түрінде берілетін несиені - коммерциялық, ал ақша түріңдегі несиені банктік деп атайды.
Қалған несиенің түрлері осы екі форманың тәжірибеде қолдануынан туады.
Коммерциялық несие - бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген тауарын білдіреді.
Коммерциялық несие көбіне тауарды сатып алушыда нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. Мұндай жағдайда айналыс құралы ретінде қарыз алушының көрсетілген соманы уақытында төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме - векселъ қолданылады.
Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылығы мынадай:
- қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе қызметті сатумен айналысатын кез келген заңды тұлға бола алады;
- коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі;
- қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;
- коммерциялық несиенің орташа құны сол кезеңдегі банктік пайыз мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;
- қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің заңды түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының құнына қосылады.
Банктік несие - бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несиені білдіреді.
Банктік несие коммерциялық несиенің шектеулерін жояды. Бос ақшалай капиталдар кез келген өндіріс саласына беріледі және банктік несие арқылы кез келген бағытта қозғала алады. Тоқыма фабрикасының иесі өзінің бос ақшалай капиталын банкке орналастыра алады, ал банк бұл капиталды машина құрылыс кәсіпорынына қарызға береді.
Банктік несие сферасы коммерциялық несие сферасына қарағанда несиені қолдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек тауар айналысына қызмет етеді, ал банктік несие қоғамның барлық топтарының ақшалай табыстарынан және жинақтарын капиталға айналдыра отырып, капиталдың қорлануына қызмет етеді. Банктік және коммерциялық несиенің динамикасы әр түрлі. Коммерциялық несиенің көлемі өндіріс пен тауар айналымынның ұлғаюымен жоғарылайды және олардың азаюымен қысқарады. Өнеркәсіптің дамуы кезеңінде оған ұсыныс және сұраныс жоғарылайды, ал дағдарыстар кезінде азаяды. Өндіріс дағдарыстары әсерінен тауарлардың өндірілуі мен өткізілуі де қысқарады, ал қарыздарды төлеу үшін банктік несиеге деген сұраныс өседі. Өндірістің жанданып, жоғарылаған кезінде нағыз капиталдың көлемі өседі, өндірістік мақсаттар үшін банктік қарыздарға деген сұраныс жоғарылайды. Қоғамдық капиталдың ұдайы өндірілуі тұрғысынан банктік несие қарыз капиталына (қарыз алушылар қаражаттарды жұмыс істеп тұрған капиталдың көлемін ұлғайту үшін пайдаланғанда) және ақшалай қарызға (қарыз алушылар қаражаттарды өздерінінң қарыздық міндеттемелерін өтеу үшін алғанда) бөлінеді. Жеке капиталды ұдайы өндіріс тұрғысынан алғанда, бұл бөлініу қарыздың қамтамасыз етілуіне байланысты және қарыз алушы капиталының шамасына несиенің әр түрлі әсерін көрсетеді. Несие алу кезінде тауарларды, бағалы қағаздарды кепілдікке қоя отырып, борышқор банктен қосымша капитал алмайды. Оның көзқарасы тұрғысынан, бұл - ақша қарызы.
Банктік несие әмбебап болып келеді, өйткені банк арқылы қайта бөлінген қарыз капиталы экономиканың барлық салаларында қолданыс табады. Бұл ерекшелік оның жедел даму себебі қызметін атқарады. Қарыз мәмілесінің дербес сипаты бар, онда ақшалай капитал өнеркәсіптік капиталдан бөлектенген. Кредитордың мақсаты-пайыз түрінде табыс алу. Қарыз алушыға қайтарымдылық, мерзімділік және пайыз төлеу жағдайларында қарыз капиталын ұсынушы банктік мекеме ретінде көрінеді [3] .
Банктік несие өзінің маңызды ерекшеліктерін сақтай отырып, едәуір сандық және сапалық өзгерістерге ұшырайды. Олардың біреуі қарыз мәмілесінің қатысушыларымен байланысты. Қазіргі уақытта ол мәмліенің екі қатысушыларымен банкирлер және жұмыс істеп жүрген капиталистермен шектеліп қалмайды. Бір жағынан, қарыз капиталын беруді банктерден басқа әр түрлі мекемелер (қаржылық компаниялар, өзара несие банктері) жүзеге асырады. Қарыз капиталымен мәміле жасаушы жаңа типтегі мекемелер кейде "банктік емес" деген атқа ие, ал бұл жағдай олардың мәнін өзгертпейді (мысалы, Ұлыбританиядағы құрылыс қоғамы олардың қызметі тұрғын үй несиесін берумен байланысты) . Екінші жағынан, қарыз алушылардың құрамы өзгереді. Жұмыс істеп тұрған капиталистерден басқа (акционерлік компаниялар және жеке кәсіпорындар) қарыз алушылар - несиелік-қаржылық мекемелер, тұрғындар, үкімет және жергілікті үкімет органдары болып табылады. Банктік мекемелерде қарыз алушыларға ақшалай қаражаттарды берудің әр түрлі мүмкіндіктері бар.
Несиелік мүмкіндіктер ғана емес, сонымен қатар берілген қарыздардың көлемдері де өзгереді. Несиелік операциялардың көлеміне ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді. Біріншіге банктің қолында бар ресурстардың көлемі жатады. Ресурстардың өсуіне сәйкес оның несиелік мүмкіндіктеріне әсер етеді және активтік оперциялардың ұлғаюына жағадай жасайды.
Банктік белгілі бір шетке капитал шығару және оны қарыз алушыларға беру мүмкіндігі бар. Қазіргі жағдайда депозиттер банктік ресуртардың бірден-бір көзі болып табылмайды. Несиелік мекемелер ақшалай қаржаттарды банк аралық нырықтан қарызға алады, сонымен қатар көрсетілген мақсатқа облигациялық қарыздарды да белсенді пайдаланады [4] .
Банктік несиенің шамасына ақшалай-чектік эмиссиямен толтырылған нақтылы ресурстардың көлемі ғана емес, оған өнеркәсіптік компаниялар, жеке тұлғалар және мемлекеттік мекемелер тарапынан қарыз қаражаттарына деген сұранысч та әсер етеді. Осылайша экономикалық төмендеу кезінде қарыз капиталы нарығының конъюнктурасын айқындаушы негізгі фактор болып, банктердің ресурстары емес, несиеге деген әлсіз сұраныс болып табылады. Несиелік жүйе мемлекет тарапынан болатын ықпалға ұшырайды. Мемлекеттік органдар және орталық банктер ұдайы қолданылатын несиелік шектеулер, активтік операциялардың жасанды түрде қысқартылуын тудырады. Осылайша, несиенің экономикалық ғана емес, оның әкімшіліктік те шектері бар.
Банктер өз саясатын қайта қарастыра отырып және несиенің берілуі мен қызметтің басқа түрлері арасындағы қолайлы арақатынасты табуға тырысады. Мысалы, қаржылық инженеринг жүйесі - әр түрлі экономикалық кеңес беруді қоса алғандағы, қаржылай қызмет көрсетулердің толық комплектісін ұсыну дамытылады.
Кредитор ретінде банктердің ролі біршама төмендегеніне қарамастан, ол едәуір шамада қысқаруы мүмкін деп есептеуге негіз жоқ. Өйткені көптеген кәсіпорынның қосымша қаражаттарға деген қажеттіліктер, бірінші кезекте, банктік несие есебінен қанағаттандырылуы мүмкін, ол өнеркәсіптік компониялар үшін, жеке тұлғалар үшін де қарыз қаражаттарын алудың анағұрлым ыңғайлы формасы болып келеді. Осылайша, несиелік жүйенің негізін ірі банктер құрайды, ал банктік несие өзінің басымдық жағдайында қалады.
Банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі банктік несиелер береді. Олар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
1. Қарыз алушылар категорияларына қарай:
- қаржылық институттарға берілетін несиелер: мақсатты қорларға; банктерге; қаржы-несиелік мекемелеріне;
- қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер: өнеркәсіп салаларына; ауыл шаруашылығына; саудаға; дайындау ұйымдарына; жабдықтау-сату ұйымдарына; кооперативтерге; жеке кәсіпкерлерге;
- тұтыну мақсатына берілетін несиелер.
2. Мерзіміне қарай: қысқа мерзімді (1 жылға дейін) ; орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін) ; ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары) .
3. Тағайындалу және пайдалану сипатына қарай: негізгі қорларға жұмсалатын; айналым қаражатына жұмсалатын.
4. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай: қамтамасыз етілген; кепілхатпен, кепілдемемен; кепілдікпен; сақтандырылған; қамтамасыз етілмеген; сенім (бланктік) несиесі.
5. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
- стандартты несие - қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай күмән жоқ несиелер;
- күмәнді несиелер - қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған активтердің жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара бөлінеді:
6. Валютамен берілуіне қарай: ұлттық валютамен; шетел валютасымен.
7. Берілу шартына қарай:
- тұтыну несиесі - бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие;
- ипотекалық несие - бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс гимараттарын, жерді және т. с. с. ) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несие;
- овердравт несиесі - клиенттін шотынан қаражатты шегеру, дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы;
- овернайт несиесі - өтімділікті колдау мақсатында бір түнге берілетін банкаралық несиенің түрі;
- онколъдық несие - кредитордың, алғашқы талабы бойынша өтелеті қысқа мерзімді несие;
- банкаралық несие - банктердің, бір-біріне беретін несиесі;
- ломбардтық несие - тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепілге алып, берілетін несие;
- лизингтік несие - құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты берілетін несие;
- рамбурстық несие - шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат пен дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланылатын несие;
- сенім несиесі - банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары клиенттерге берілетін несие;
- маусымдық несие - жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz