Жеміс ағаштары зиянкестерінің систематикасы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

2. 1. Жеміс ағаштары зиянкестерінің систематикасы

2. 2. Маңызы мен зиянкестерден қорғау шаралары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жеміс ағаштары - жеміс өндіру мақсатымен қолдан өсірілетін және жабайы (көп жылдық) ағаштар, бұталар, лианалар.

Қазақстанда жеміс ағаштарын зақымдайтын насекомдардың жүздеген түрлері белгілі. Бірақ біз осылардың ішіндегі ең қауіптілеріне тоқтала кетіп, оларға қарсы күресу шараларын қарастырамыз. Зиянкестің түр құрамы жеміс ағаштарының жас немесе кәрі болуына, физиологиялық күйіне және сонымен қатар жеміс шаруашылығының зоналық ерекшеліктеріне байланысты түрліше болады. Тікпе шыбықтардың өсу барысында оларды біртіндеп жапырақтарын соруға және кеміруге мамандаған зиянкестер мекендей бастайды. Жеміс салған кезден бастап зиянкестердің түр құрамы жеміс ағаштарының генеративтік мүшелерімен яғни бітеу гүлін, гүлін жемісін зақымдайтын зиянкестер гүл жемірлері, жапырақ ширатқыштар, жеміс жемірлері, егеушілер т. б есебінде көбейеді. Бақтағы әлсіреген кәрі ағаштарды қабық жемірлері, мөлдір қанаттылар, бұрғы көбелектер сияқты зиянкестер зақымдап олардың қурап қалуына себеп болады.

Солтүстіктен оңтүстікке қарай жылжыған сайын жеміс ағаштарының түр құрамы, жекелеген түрлерінің быр жыл ішінде беретін ұрпақтарының саны және олардың зияндылық саны да дәрежесінде өзгереді. Мысалы оңтүстікте сирек кездесетін мүр көбелегі шетеннің күйе көбелегі кең таралған. Зиянды насекомдар жеміс ағаштарының барлық мүшелерімен қоректенеді, жапырағын гүлін, бұтағын зақымдайды. Қатты зақымданған жеміс ағаштары әлсіреп, дұрыс өспейді. Келесі жылы өнімі төмендейді. Ағаштардың жемісін зақымдайтын зиянкестер де көп шығынға ұшыратады.

Жеміс ағаштарының бөрікбасы діңгекте орналасқан барлық жанама бұтақтар жиынтығынан құралады. Жеміс ағаштарынан Қазақстанда раушангүлділер тұқымдасы (алма, алмұрт, өрік, шабдалы, т. б. ), жиделер тұқымдасы (жиде, тікенжиде), жаңғақтар тұқымдасы (грек жаңғағы), тұт тұқымдасы (тұт, т. б. ) өсіріледі. Әсіресе, алма, алмұрт, шие ағаштарының маңызы зор. Солтүстік облыстарда алма ағашы, оңтүстікте, мұнымен қоса алмұрт, өрік, шие, шабдалы, жаңғақ өсіріледі. Бұлардың жемістері әрі тағам, әрі тамақ өнеркәсібінің шикізаты. Шекілдеуікті және сүйекті жеміс ағаштары құрамында қант, жаңғақ тәрізділерде май, тікенжидекте түрлі витамин көп.

Жеміс ағаштары селекциясымен Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты шұғылданады.

Негізгі бөлім

2. 1. Жеміс ағаштары зиянкестерінің систематикасы

Тең қанаттылар тобы - Homoptera - хомоптера

Бітелер топ тармағы - Aphidinea - афидинеа

Жапырақ бітелері - Aphididae - афидидэ

Пемфигиде тұқымдасы - Pemphigidae - пемфигидэ

Алманың қанды бітесі - Eriosoma Lanigerum Hausm - ериосома ланигерум

Жапырақ бүргелері топ тармағы - Psylloidea - псиллойдеа

Алмұрттың жапырақ бүргесі - Psilla pyri - псилла пири

Қалқаншалылар тұқымдасы - Diaspididae - диаспидидэ

Алманың үтір тәрізді қалқаншалы сымыры - Lepidosaphis ulmi L. -лепидосафисулми

Қарағанның жалған қалқаншалы сымыры - Parthenolecanium corni -партенолеканиум корни

Тұрандық жалған қалқаншалы сымыры - Rodococcus turannicus -родоуоккус тураникус

Калифорниялық қалқаншалы сымыр - Quadraspidiotus perniciosus -кудраспедиотус перникиосус

Цикадалар тұқымдасы - Cicodellidae - цикаделидэ

Жасыл цикада -Cicadella viridis - цикаделла виридис

Өрмекші тәрізділер тобы - Tetranychidae - тетранихидэ

Бақтың өрмекші кенесі -Schizotetranychus pruni - схизотетраникус пруни

Жемістің қоңыр кенесі - Bryobia redicorzevi - бриобиа редикорзеви

Күйе көбелектер тұқымдасы - Tineidae - тинейдэ

Алма күйесі - Yyponemeuta malinella - иипонемеута малинелла

Құндақты күйе көбелек - Coleophora hemerobiola - колеофора гемеробиола

Ақ көбелектер тұқымдасы - Pieridae - пиеридэ

Долана көбелегі - Aporia crataegi - апория кратеги

Бұйра көбелектер тұқымдасы - Orgyidae - оргидэ

Ж ұпсыз көбелек - Ocneria dispar - окнериа диспар

Шаңқан көбелек - Euproctis chrysorrhaea - эупрактис крисоррае

Жапырақ ширатқыштар тұқымдасы - Tortricidae - тортрицидэ

Раушан жапырақ ширатқышы - Cacoecina rosana - какоецина росана

Алма жеміс жемірі - Laspeyresia pomonella - ласпейрисиа помонелла

Алхоры жеміс жемірі - Laspeyresia funebrana - ласпейрисиа фунебрана

Шие бізтұмсығы - Rhynchites auratus - ринхитес ауратус

Кәдімгі егеуіштер тұқымдасы - Tenthredinidae - тентрединидэ

Шиенің шырышты егеуіші - Cаliroa limacine - калироа лимацине.

Алма күйесі - Yponomeuta malinellus Zell. ( Lepidoptera отряды, Уponemeutidae тұқымдасы) . Батыс Еуропа, Солтүстік Қытай, Корея және Жапонияда, ал Қазақстанның солтүстігінен басқа аймақтарда тегіс таралған. Көбелектің алдыңғы қанаттарының үсті үш қатар қара нүктелі күмістей ақ болады, ал артқы қанаттары күл түстес, жиек шашақтары ақшыл келеді. Қанаттарының жайғандағы ұзындығы 8-20 мм. Жұлдызқұрттарының ұзындығы 18 мм, түсі сарғыш, басы қара, арқасында қылшықты қара сүйелдер екі қатар орналасады. Пілләсінің түсі ақ, ал қуыршағы күңгірт сары. Алма күйесі жылына бір рет көбейеді. Жұлдызқұрттары алма ағашы бұтағы қабығының астында қыстайды. Көктемде олар тобымен жапырақ тақтасының арасына кеулеп еніп, жас тіндерін кеміріп жеп, тек жапырақ жүйкесін ғана қалдырады. Олар жіпшелерімен жапырақтарды, бұтақтарды шырмап, өрмек ұя жасайды. Алма күйесінен қатты зақымданған ағаштардың жеміс түйіндері төгіліп, өрт шалғандай болып көрінеді. Жетілген жұлдызқұрттар ақ пілләға оранып қуыршаққа айналады, ол кезең 15-20 күнге созылады. Алма күйесінің жұлдызқұрттарын жою үшін жеміс ағашы бүршік жармай тұрып немесе гүлдегеннен кейін инсектицидтер шашады.

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/0/08/Yponomeuta.malinellus.mounted.jpg https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/2/25/Yponomeuta_malinellus.JPG

Сурет 1. Алма күйесі - Yponomeuta malinellus Zell.

Алма жеміс жемірі - Laspeyresia pomonella. ( Lepidoptera отряды, Torticidae тұқымдасы) . Жапырақ ширатқыштар тұқымдасына жататын көбелек, әсіресе жеміс ағаштарын зақымдайтын, алма ағашының ең қауіпті зиянкесі. Қазақстанда кең таралған. Түсі қара қоңыр немесе сұр, қанаттарының жайғандағы ұзындығы 20 мм. Жұлдызқұрттары ақшыл қызғылт түсті, басы қара болады. Олар алма ағаш діңінде, кеуектерінде бұтақ қабықтары және әр түрлі паналар астында қыстайды. Көктемде қуыршаққа айналады. Көбелектер алма ағашы гүлденуінің аяқталар кезінде ұшып шығып, аналығы жұмыртқаларын (180-ге жуық) бір-бірлеп жапырақтарға, жеміс түйіндеріне салады. Жұлдызқұрт жемістің ішіне еніп, тұқым дәнегін жеп, келесі жеміске ауысады. Зақымдалған алмалар пісуі жетілмей үзіліп түседі, сақтауға жарамайды. Залалсыздандыру шаралары: ағаш бұтағына тор іледі немесе жерге түскен жемісі жиналып алынады, ерте көктемде ағаштың діңі мен бұтақтары ескі қабықтарынан тазартылып, сызаттар мен жарықтар бітеліп, сыпырынды өртеледі. Сондай-ақ жылына бірнеше рет Алма жемірінің жұлдызқұрттары көбелекке айналмай тұрғанда инсектицидтер шашады.

http://internet-magazin-zdorovie.ru/wp-content/uploads/2017/09/pcelinaya-ognevka.jpg

Сурет 2. Алма жеміс жемірі - Laspeyresia pomonella.

Жасыл алма бітесі - Aphis pomi. ( Homoptera отряды, Aphididae тұқымдасы) . Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Көбінесе жасыл алма ағаштарын зақымдайды. Түсі көк және сұр, ұзындығы 3 мм-дей. Алма жасыл бітесі жұмыртқаларын (ұрығын) жас өркен бүршігінің түбіне салып, сонда сақтайды. Көктемде олардан шыққан дернәсілдер бітеге айналып, олардың әрқайсысы 40 - 50-ден қайтадан тірі дернәсіл шығарады. Бір жылда 10-шақты рет көбейеді. Жазда қанатты бітелерге айналып, бау-бақшаларға таралады. Ағаштың жас сабақшалары мен жапырағының сөлін сорады. Соның кесірінен жеміс өркенінің өсуі тоқтап, қисайып немесе қурап қалады. Зиянкестерге қарсы карбофос, метафос, антио, фосфамид, т. б. инсектицидтер қолданылады.

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/c/cb/Snodgrass_Aphis_pomi.jpg

Сурет 3. Жасыл алма бітесі- Aphis pomi.

Долана көбелегі - Aporia crataegi. ( Lepidoptera отряды, Pieridae тұқымдасы) . Жер шарында кең таралған. Қазақстанның солт. Аймақтарынан басқа барлық жерлерінде кездеседі. Көбінесе долана, алма, алмұрт, алхоры, өрік, т. б. жеміс ағаштарын зақымдайды. Жас жұлдызқұрттары ағаш бұтағына ұя салып, қыстап шығып, ерте көктемде ағаш, бау-бақшаларға тарай бастайды. Жұлдызқұрттары жемір келеді. Олар алғашқыда ағаштың бүршігін, одан соң жапырағын кеміріп, шанағы мен күлтелерін зақымдайды. Әдетте маусымайының 1-жартысында қуыршақтарынан көбелектер ұшып шығады. Олар күндіз ұшып, түрлі өсімдіктердің шірнесімен қоректенеді. Ұрғашылары 20 - 300-ге дейін жұмыртқасалады. Олар 15-20 күннен кейін жұлдызқұртқа айналады. Жұлдызқұрттар, әсіресе, көктемде жеміс ағашына үлкен зиян келтіреді. Күзде ағаш жапырағы түскеннен кейін, оларды жинап өртейді. Жеміс ағашына түрлі инсектицидтер бүркеді.

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/e/e0/AporiaCrataegi.jpg

Сурет 4. Долана көбелегі - Aporia crataegi.

Сақиналы жібек көбелегі - Molocosoma neustria L. ( Lepidoptera отряды, Lasiocampidae тұқымдасы) . Жылына бір ұрпақ беріп өсіп-өнеді. Көбелектің қалыптасқан жас гусеницалары жұмыртқа қабығының ішінде қыстап шығады да көктемде қоректенуге кіріседі. Ағаштың жапырақтарын, гүлдерін түгелдей жеп қояды. Гусеницалар бұтақтардың айырына өрмек жіптерінен тоқылған тығыз ұялар жасап, топтанып жүреді. Тек ең соңғы жастағы гусеницалары ғана жеке жүріп тіршілік етеді. Дамуы аяқталған соң олар өрмек жіптерімен шырмалған жапырақтардың арасында сары түсті пілләға оранып қуыршаққа айналады. Көбелектер жаз ортасында жыныс бездері пісіп жетілген күйінде шығады, олар қореқтенбейді. Ұрғашылар барлық жұмыртқа қорын бірден салады. Жұмыртқаларын ағаштың майда, жіңішке бұтақтарына сақина тәрізді айналдыра орналастырады. Жапырақтары шықпай тұрғанда ағаштарға минералдық майлардың эмульсиясын бүрку. Гусеницалардың жаппай шыққан кезінде 80 проценттік хлорофос ерітіндісін бүрку.

http://macroclub.ru/gallery/data/507/08-02-29_A008462.jpg

Сурет 5. Сақиналы жібек көбелегі - Molocosoma neustria L.

Жұпсыз жібек көбелегі - Ocneria dispar L. ( Lepidoptera отряды, Orgyidae тұқымдасы) . Қазақстанда тегіс таралған. Жеміс ағаштары мен жапырақты орман ағаштарының зиянкесі. Көбелектің жас гусеницалары жұмыртқа қабығының ішінде қыстайды. Көктемде ағаштың бүршіктері жарылған кезде шығады. Олар ағаштардың жапырағын алғашында ойып-ойып, ал соңынан түгелдей дерлік жеп қояды. Сонымен қатар олар гүлшанақтары мен гүлдері де зақымдайды. Денесінде ұзын қылшықтары бар жас гусеницалар желмен аспанға көтеріліп, едәуір қашықтыққа бара алады. Сөйтіп олар бір ағаштан екінші ағашқа және көршілес бақтарға тарлады. Жаздың бас кезінде гусеницалар өрмек жіптермен шырмалған жапырақтардың арасында немесе қабықта борпылдақ пілләға оранып қуыршаққа айналады. Көбелектер жаз ортасында жыныс бездері пісіп жетілген күйде шығады, қоректенбейді. Жұмыртқаларын топтап ағаштың сүңгегіне жабыстыра салады, үстін өздерінің бауыр түктерімен жауып тастайды.

Картинки по запросу Ocneria dispar L

Сурет 6. Жұпсыз жібек көбелегі - Ocneria dispar L.

2. 2. Маңызы мен зиянкестерден қорғау шаралары

Жеміс ағаштары жасы ұлғайған сайын сидамдарының беті өлген ұлпалардан тұратын кедір-бұдыр қабықпен жабылады. Осы жерден жарылып, оған зиянкестер мен ауру қоздырушылар жиналады. Ағаштар сидамын зақым келтірмей сақтау үшін оларды жыл сайын қырғыштармен, металл щеткалармен астына кенеп төсеп тазарту қажет. Бұл жұмысты ылғалды күндері (күзде) жасаған дұрыс. Сидамды ескі қабықтан тазарту кезінде аса сақ болған жөн. Әйтпесе жас қабық пен сүрек зақымдануы мүмкін. Барлық шыққан қоқыстарды сыртқа шығарып өртеу керек, себебі олардың арасында неше түрлі зиянкестер болады. Жеміс ағаштарының қаңқа бұтақтарының камбийі мен қабығының күннің күйдіруінен зақымдануы өте қауіпті. Мұндай зақымдану климаты континенталды аудандарда байқалады. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығыс облыстарындағы жеміс бақтарына үлкен қауіп төндіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орман ағаштары және оларға зиян келтіретін аурулар
Алма жемірі көбелектің систематикалық орны
Шекілдеуікті өсімдіктердің зиянкестері мен аурулары
Энтомофагтар
Қазақстанда өсетін жеміс дақылдарының сорттық ерекшеліктері
ЖЕМІС БАУЛАРЫНДА БОЛАТЫН КЕЙБІР ЗИЯНКЕСТЕР
ЖЕМІС-ЖИДЕК, ЖҮЗІМ ӨСІМДІКТЕРІНІҢ ЗИЯНДЫ ЖӘНДІКТЕРІ МЕН АУРУЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕС ШАРАЛАРЫ
Шекілдеуікті мен сүйекті жеміс-жидектерді ветеринариялық-санитариялық сараптау
Дәнді дақылдар, бұршақ, көкөніс, жеміс-жидектерге сипаттама
Айқышгүлді егістік,жемдік,көкеніс дақылдарының зиянкестері туралы мәлімет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz