Азаматтық қорғаныстың жалпы сипаттамасы


Мазмұны
Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі.
Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу-мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Оның қорғаныс шараларын қамтамасыз ету құрылымдарының құрамдас бөлігі. Апат болған жағдайда азаматтық қорғанысты ұйымдастыруды, ұйымдарға хабар беруді, адамдарды апат болған жерден залалсыз жерлерге көшіруді, т. б. үйретеді. Сондай-ақ, «Азаматтық қорғаныс пен Төтенше жағдайлар саласындағы» Қазақстан Республикасының зандары мен міндеттерін оқытады. Республикамыздың әрбір азаматы Азаматтық Қорғаныс пен Төтенше жағдайлар шараларын өткізуге белсенді қатысуға міндетті. Халықты Азаматтық Қорғаныс міндеттерін іске асыру мен тосын жағдайларда сауатты да, іскерлі іс-әрекетгерге даярлау біртұтас кешенді шаралардан тұрады. Олардың ішінде халықты тікелей қорғауға бағытталған ең маңыздыларының бірі халықты қорғаныс пен өз-өзіне көмек көрсетуге және көмек шараларын құтқару мен зақымдалу ошақтарындағы кезек күттірмейтін жұмыстарға, зілзала, авариялар мен апаттар салдарын жоюға үйрету болып табылады.
Зерттеудің мақсаты. Жалпы білім беру мекемелерінде Азаматтық қорғаныс сабақтарын өткізу, оқушыларды қорғаныс шараларының сипатымен таныстыру.
Зерттеудің базасы: Өскемен қаласының №27 орта мектебінде өткізілді.
Зерттеу болжамы - жалпы білім беру мекемелерінде Азаматтық қорғаныс сабақтарын өткізе білумен туындайды. Ол мына мәселелерді жүзеге асырғанда шешіледі:
- Жалпы білім беру мекемелерінде Азаматтық қорғаныс сабақтарын өткізу әдістемесін жетілдіруді, жүйелі түрде жүргізу.
- Азаматтық қорғаныс сабақтарын ұйымдастырып және өткізудің ерекшелігі туралы дұрыс көзқарас қалыптастыру.
Зерттеу міндеттері:
- Жалпы білім беру мекемелерінде Азаматтық қорғаныс сабақтарын өткізіп, Төтенше жағдай қалыптасқанда оқушыларды қорғаныс шараларымен таныстыру болып табылады;
- Жалпы білім береу мекемелерінде Азаматтық қорғаныс сабақтарын өткізудің әдістемесін жетілдіруге оқушыларды тарту, орын алған Төтенше жағдай проблемаларын шешу факторлары анықталады.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы: оқушыларды Азаматтық қорғанысқа психологиялық түрде дайындау.
Зерттеудің практикалық маңызы - жинақталған материалдарды жас ұстаздар, студенттерге әдістемелік құрал ретінде пайдалануға болады.
Зерттеу құрылымы - ғылыми жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен қорытындыдан тұрады.
Адам табиғаттағы, өндiрiстегi, көлік апаттарының Төтенше жағдайының басы-қасында болғанда оқиғаны әртүрлi бағалайды әрі оған психологиялық кері әсер етуі мүмкін. Мұның өзi сол адамдардың апат зардабын бағалауды, қиын-қыстау жағдайда қалай қимылдауды бiлмегендiгiнен болады. Міне, сондықтан-да жалпы білім беру мекемелеріндегі оқушылардан бастап Азаматтық қорғаныс пәнін сабақ барысында тиімді қолдануды қажет етеді.
1 Азаматтық қорғаныстың жалпы сипаттамасы
1. 1 Азаматтық қорғаныстың мақсаты мен қызметі
Кұтқару және шұғыл авариялық қалпына келтіру жұмыстары, зақымдану ошақтарында, табиғи сұрапыл апаттар ауданында жүргізіледі. Авариялық шұғыл қалпына келтіру және құтқару жұмыстарын жүргізу үшін мемлекет тарапынан қажетті күш құралдар тобы біріктіріледі. Кұтқару жұмыстары ауқымына зақымданған ошаққа барлау жүргізу, атқарылатын жұмыстар көлемін белгілеу, басылып қалған нысандар мен қираған ғимараттарға кіру үшін үйінділер ортасынан жүрер жолды анықтау, адамдарға зақымдану түрлеріне байланысты алғашқы дәргерлік көмек көрсету, санитарлық тазарту және дезактивация жұмыстарын жүргізу кіреді.
Қазақстан Республикасы халықаралық қағидалар мен нормаларды берік ұстап, көрші мемлекеттермен достық пен сыйластық қарым - қатынаста болып және олардың ішкі саясатына араласпайды [1, 17б. ] .
Қазақстан мемлекеті өзін ядролық қаруы жоқ, өз территориясында жаппай шығынға ұшырататын қаруларды жасамайтынын және сақтамайтынын, сондай-ақ әскери доктринасы негізінен қорғаныс бағытында екенін жариялады. Бұған қоса Қазақстан Республикасының әскери доктринасы соғысқа қарсы бағытталып, осы аймақта және дүниежүзінде соғыс болмауына ат салыса араласады.
Қазақстан Республикасы халықаралық ұйым мүшесі, дүниежүзінің АҚШ, Франция, Ресей және Қытай сияқты ірі мемлекеттерімен достық қарым - қатынаста. Бұл мемлекеттер Қазақстанға қарсы жаппай шығынға ұшырату қаруларын қолданбайды және басқа мемлекеттердің басқыншылық саясатынан біздің елді қорғайды.
Мемлекетіміздің тәулесіздігін сақтау үшін және қорғаныс саласын күшейту мақсатында, үнемі әскери күштермен қатар Азаматтық қорғаныс күштері де талапқа сәйкес жабдықталып қосымша дайындықтардан өтіп отыруы тиіс [2, 34б. ] .
Азаматтық қорғаныс күштері ұлттық қауіпсіздік пен төтенше жағдайлардан сақтандыру және олардың салдарын жою жөніндегі мемлекет тарапынан жүргізілетін жұмыстар ауқымын атқарады.
Бұнымен бірге Қазақстан мемлекетінің көптеген аймақтарында, бірнеше шақырым территориямен елді мекендерді қамтитын адам өміріне қауіп төндіріп, мемлекет экономикасына нұсқан келтіретін зілзалар болады. Экономиканың қарқынды дамуы, ірі зауыт, фабрикалардың бой көтеру және өндіруші өнеркәсіптің шарықтап дамуы әртүрлі қауыпты шикі заттар мен технологиялық әдістерді қолдануды қажет ететіндіктен өндіріс апаттарының да болуы әбден мүмкін.
Жоғарыдай айтылғанның барлығы мемлекет тарапынан арнайы комплексті төтенше жағдайлардың алдын алу жоспарылары мен жұмыстарын жасауды қажет етеді. Осы мақсатарды шешуге Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс ұйымы мүрделіде міндетті. Осыған орай Қазақстан Республикасының «Табиғи төтенше жағдайлар мен техногендік апаттардан сақтану» заңымен бірлестіріп шығарылған «Азаматтық қорғаныс заңы» басшылыққа алынады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс ұйымының міндеті бұқара халық пен ұлттық қаупсіздікті, республика экономикасы мен территориясын табиғы сұрапыл зілзалар мен техногендік апаттар және дұшпан көпшілік шығынғы ұшырату қаруларын қолданғанда қорғаныс шараларын ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының АҚ - ұйымының рөлімен орнын мынандай факторлар анықтайды: мемлекеттің геополитикалық жағдайы, көрші және басқада ірі мемлекеттермен саяси қарым-қатынасы, экономикалық даму деңгейі, әскери доктринасы мен мемлекет саясатына сәйкес соғыс нысандары құрлысын салуы және сондай ақ жергілікті аймақтардың географиялық ерекшелігіне байланысты. Басты мақсат адамдардың өмірін, территория тұтастығымен халық шаруашылығы нысандарын қорғау [3, 97б. ] .
Азаматтық қорғаныс ұйымы атқаратын міндеттер, негізгі мынандай топтарға бөлінеді:
- бұқара халықты бейбіт және соғыс кезіндегі төтенше жағдайлармен кәзіргі заман қаруларынан қорғау;
- халық шаруашылық нысандарының тұрақты жұмыс атқаруын қамтассыз ету;
- халықтың тұрмыстық қажеттілігіне жағдай жасау;
- зақымдану аймақтарымен, залалдану ошақтарында құтқару және т. б. шұғыл атқарылатын шаралардың жүргізілуін қамтассыз ету.
АҚ - атқаратын жұмыстарының барлығы бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, қандай болмасын жұмыс нақтылы жағдайға байланысты атқарылады.
1. 2 Азаматтық қорғанысты ұйымдастырудың жалпы принциптері
Азаматтық қорғаныс жұмысын ұйымдастыру барынша тиімді түрде, яғни адам күші және материалдық жабдықтарды ұтымды пайдаланып, күнделікті өндіріс жұмыстарына нұқсан келмейтіндей жағдайда жүргізеді. Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс ұйымы аймақтық және өндірістік принциппен ұйымдастырылады. Барлық атқарылатын шаралармен мен жоспарлау жұмыстары орталық, жергілікті басқару орындарымен және Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар күштерімен атқарылады. Бұқара халықты төтенше жағдайларда қорғау, азаматтық қорғаныс күштерін дайындап басқару, өндіруші өнеркәсіптің тұрақты жұмысын қамтассыз ету мақсатында Қазақстан Премьер-министрімен Қазақстан Азаматтық қорғаныс бастығы төтенше жағдайларда қорғаныс және сақтану шаралары бойынша 1-2 жыл мерзімде күшін сақтайтын бұйрық шығарады. Бұл бұйрық орталық және жергілікті басқару орындары және Азаматтық қорғаныс күштерімен мүлтіксіз орындалады. Барлық орталық және жергілікті басқару ұйымдары, өндіріс нысандары басшылары жергілікті аймақтың және өндіруші өнеркәсіптің ерекшеліктері бойынша Азаматтық қорғаныс шаралары бойынша жоспар дайындайды.
Қалалардың қандай топтарға және нысандардың қандай категорияға жататынын Қазақстан Республткасы Үкіметі анықтайды. Бұл мынандай талаптарға сәйкес болуы тиіс:
1) Азаматтық қорғаныс ұйымының жіктеуі бойынша қалалардың бөлінуі ерекше топ - Қазақстан Республикасының астанасы, республикалық маңызы бар және тұрғын халықы 1 млн. асатын қалалар.
«Жоғары дәрежелік маңызы бар қалалар» - радиациялық және химиялық қауыпты нысандар орналасқан, оннан астам апаттар кезінде радиоактивті зақымдаушы факторлар мен күшті әсер ететін улы заттар қала территориясына 50 пайыздан артық жерге тарап қауып төндіретін облыстық әкімшілік орталығы және ірі қалалар.
2) Азаматтық қорғаныс нысанына кіретін, жоспарланып немесе қайта құрылып салынып жатқан өндіріс, жол-көлік, энергетика мен байланыс жүйелері шоғырланған, мемлекеттік тұрғыдан құнды және маңызды ғылыми-зерітту институттары, қорғаныс маңызы бар, мұнай өңдеу зауодтары орналасқан, аса құнды мемлекеттік бағалы (көрме, кітапхана т. б. ) заттары бар, сондай-ақ ірі су құбырлары шоғырланған әкімшілік басқару орталықтары орналасқан қалалар. Басқа қалалармен елді мекендер соңғы топқа жатады [4, 104б. ] .
Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс бастығы мен Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы басқармасының төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс мәселері бойынша қойған талаптарын, барлық орталық және жергілікті атқарушы орындармен бұқара халық мүлтіксіз орындауы тиіс. Азаматтық қорғаныс күші және материалды жабдықталуы аймақтық, өндірістік принциппен ұйымдастырылып, келесі деңгейлерде құрылады: республикалық, белгілі ведомстволық, аймақтық, нысандық. Азаматтық қорғаныс күштері ондаған жасақтарға бөлінеді:
- Азаматтық қорғаныстың толық жасақталған, жоғарғы деңгейде дайындықтағы әскери бөлімдері, республикалық және аймақтық шұғыл-құтқару топтары;
- Азаматтық қорғаныстың үнемі дайын әскери бөлімдері мен жасақтары, Азаматтық қорғаныстың нысандық және аймақтық жасақтары, Төтенше жағдайлар мен Азаматтық қорғаныс қызметі.
Азаматтық қорғаныс күштерінің төтенше жағдайларға дайын болу уақыты арнайы белгілінген құжаттармен анықталады. Азаматтық қорғаныс күштерін пайдалануда негізгі қағидалар болып:
- орындалатын істерге сәйкес жасақ жабдықтарды жоғарғы дәрежедегі дайындықта ұстау;
- күшпен жасақтың қандайда болмасын міндетті толық, тиімді қысқа мерзімде шешуі;
- құтқару және т. б. шұғыл атқарылатын әдіс-шараларды нақтылы жағдайға байланысты жылдам және тиімді орындау;
- құтқару және т. б. шұғыл атқарылатын жұмыстарды басқа ұйымдармен тығыз байланыста шешу;
- зақымдану ошағында автономды түрде, сырттан көмек күтпей үздіксіз жұмыс жасау;
- қолдағы бар күштермен жабдықты орынды пайдаланып, қосымша резревті уақыттылы қайта дайын күйіне келтіріп отыру;
- бөлімшелердің жұмысын үнемі, үздіксіз бақылап, қажет хабарлармен қамтассыз ету;
- алға қойылған міндеттерді толық қанды шешу үшін, азаматтық қорғаныс күшімен жасақтары үнемі қажетті құрал-жабдықтармен қамтассыз етілуі тиіс.
Халықаралық талапқа сәйкес Азаматтық қорғаныс күштері жоғары деңгейдегі дайындықта ірі аймақты алып жатқан төтенше жағдайлар ошағында 14 тәулік автономды, сырттан келетін көмексіз жұмыс атқару.
Классикалық тұншықтыра әсер ететін фосген, хлор, хлорпикрин улы заттары өндерістерде пайдаланылады. Әсересе қоймаларда сақталатын хлор, өте көп мөлшерде. Мұндай қоймалардағы апат көптеген адамдардың өміріне қауіп тудырады [5, 36б. ] .
Фосген-шіріген алма иісті түссіз газ, қайну температурасы 8, 2˚ С, -118˚ С қатады, газ күйінде ауадан 3, 5 есе ауыр, суда нашар ериді, органикалық ертінділерде жылдам ериді.
Дифосген-шіріген шөб иісті, түссіз, сұйықтық, мешіктік салмағы 15 С, 1, 64˚ С қайнайды, - 57 температурада қатады 128˚ С буға айналады, ауадан 6, 9 есе тығыз.
Хлорпикрин - өткір иісті, түссіз сүйықтық, меншікті салмағы 1, 69, қайнау температурасы 113˚ С, 37˚ С қатады. Улау күшін жою үшін натри сульфиті спирті ертіндісі пайдаланлады.
Өлімге әкеп соғатын дозасы а Сt 100 5 мг мин/л, орташа өлімге әкеп соғатын ас t 50 3, 2 мг мин/л.
Хлор-өткір иісті, 2 ні сап - сары түсті газ, ауадан 2, 5 есе ауыр. Су және кейбір органикалық ертінділерде жақсы ериді гипосульпид улы ертіндісімен күші жойылады. 0, 01 мг/л концентрациялы хлор буы тітіркендіре әсер етеді, 0, 1 мг/л концентрациялы хлор буы адам өміріне қауіпты.
Уақытында шешілетін міндеттің анықтамасы мен жіктелуі тек қана теориялық емес, ең бірінші практикалық мағынасы жағынан өте маңызды.
ТЖ әрекетінің басты мақсаты-адамдарды қорғау. Бірмезгілде мынандай міндеттер түрі болуы мүмкін:
1. Қауіпті фактор әрекетінің аймағынан адамдарды көшіру. Бұл міндет ТЖ аймағының ішкі адам күштерінің қатысу мен және оларға қосымша сырттан көмек жұмылдыру арқылы орындалады.
2. Осы фактор әсерінде қалған және өзбеттерімен қорғана алу мүмкіндігінен айырылған адамдарға / балалар, үлкенкісілер, ауру адамдар / көмек көрсету. Бұл міндетті арнайы дайындалған құтқарушы адамдар шешеді.
3. Өзін-өзі құтқару, тірі қалу -мұндай міндет әр жеке адамның немесе топтағы адамның алдында қыйын жағдайда туындырады. Мұндай міндеттердің жақсы жағынын шешілуі, адамдардың арнайы дайындығын талап етеді.
4. Құтқарушылардың өздеріне қауіпсіздік қамтамасыз етеуіді қажет етеді.
ТЖ-ң жіктелуі.
ТЖ себептері табиғи, техногендік, антропогендік, экологиялық және әлеуметтік болады.
Табиғи төтенше жағдайда адам өміріне зиян келтіретін адам өліміне, материалдық құндылықтарды жоятын сипаты бар қауіпті табиғи құбылыстар жатады. Оларға жерсілкінісі, су тасқыны, цунами, сел қауіпі, опырылмалар, қатты дауылдар, орман өрттері, бұрқасындар, қар басу тағы да басқа жатады.
Зілзалалы қатерлерге құрғақшылық, көпжаутын жауын, қатты аяздар, эпидемиялар, эпизоотиялар, эпизтотиялар, орман мен ауыл шарушылығына зиян келтіретін жәндіктердің көбеюі жатады [6, 155б. ] .
Зілзалалы қатерлер заттың тез қозғалуы нәтижесінде жерсілкінісі, опырылмалар болуы мүмкін, жердің ішкі қуатын босату процесінде жер сілкінісі; өзен, теңіздердің жалпы деңгейінің көтерілуінде су тасқаны, цунами; қатты желдің әсерінен дауылдар, циклондар. Кейбір зілзалалы қатерлер өрт, опырылмалар, үгінділер адамның әрекетінің нәтижесі болып табылады. Зілзалалы қауіптер жалпы мемлеткеттік трагедия, әсересе болатын аймақтардың апаты болып табылады. Зілзалалы қатерлерде мекемелер құлайды, материалдық құндылықтар жойылады, ең бастысы адам өлімі. Олардың үйі мүліктері жойылады, сонымен қатар, зілзалалы қатерлер халықтың өміріне жағымсыз әсер жасайды, ол жалпылық инфекциялық аурулардың қозуы болуы мүмкін. Зілзалалы қатерлердің зардап шеккен адамдар саны өте көп болуы мүмкін, оның пайда болу сипаты әр түрлі болуы мүмкін. Адамдар көбінесе су тасқынынан зардап шегеді жалпы деңгейден 40 процент, одан кейін қатты желден 20 процент; жерсілкінісі мен құрғақшылықтың 15 процент. Басқа зілзалалы қатерлер түрінен жалпы зардабы 10 процент шамасында [7, 209б. ] .
Техногендік ТЖ деп машиналардың механизімдердің және агрегаттар, жұмыс істеу кезінде істен шығуы саналады, кәсіптік процестің бұзылуы, апат ошақтарының пайда болуы, үлкен территорияларды радиоактивті химиялық немесе биологиялық зақымдалуы, адамдардың топтық өлімі мен сипатталады.
Техногендікк ТЖ кәсіптәк объектілерде, құрылыс болып жатқанда, темір жол, әуе, автомобиль, және су транспорттарда болатын авариялар жатады, осы авариялардың нәтижесінде болған өрт, тұрғын үйлер және өндірістік ғимараттардың улы сұқтардың жер бетіне, суға төгілуі.
Техногендік апаттардың болу сипаты авария түріне, масштабына және авария болған мекемеледің ерекшелігіне байланысты.
Антропегендік ТЖ адамның қате істеген әрекетінің зардабы және тағы басқа. ТЖ-ң бұл тобы - техногендік ТЖ болған объектілерде болады. Екеуінің айырмашылығы - техногенді ТЖ адамның факторымен ғана емес.
Төтенше жағдайлардың экологиялық сипатына топырақты қопару және оның ауыр металдармен ластануы химиялық заттар жатады.
Әлеуметтік ТЖ-ға ортада болып жатқан ұлтаралық конфликтілер, қару қолданумен мемелекеттер арасындағы келіспеушіліктер.
Қауіпті тарату жылдамдығы бойынша ТЖ былай жіктелуі мүмкін:
Байқаусыздан болатын жер сілкінісі, жарылыстар, көлік авариялары тағы да басқа; арнайы бағытталған гидродинамикалық өрттер; су тасқыны, радиоактивті заттарды лақтыру авариялары; қауіпті жай таралтын құрғақшылық эпидемиялары, зиянды химилиялық заттармен топырақ пен судың ластануы [8, 150б. ] .
Масшатабына байланысты төтенше жағдайларды бес түрге бөлуге болады: локальды объектілік, жергілікті, аймақтық, ұлттық және глобальды. Локальды ТЖ зардапты халық шаруашылығы объектісімен шектеледі және олар осы объектінің күші мен ресурстары арқылы жойылуы мүмкін.
Жергілікті таралу машстабы тұрғылықты пункт, оның ішінде үлкен қаланың, админастративті аймақтың немесе облыстың аумағында болады және осы облыстың күші мен ресурстарын пайдаланып жою мүмкін.
Аймақтың ТЖ зардаптары бірнеше облыс пен экономикалық ауданмен шектеледі және республикалық күші мен ресурстары арқасында жоюға болады. Ұлттық ТЖ зардабы бірнеше экономикалық аудандар мен немесе Республикаларды қамтиды, бірақ мемлекеттің шекарасынан шықпайды. Бұндай ТЖ мемлекет күшімен ресурстары арқылы кейде шетелдің көмегімен тоқтатады [9, 154б. ] .
Глобальды ТЖ-ң зардаптары мемлекеттен шығып және басқа мемлекеттерге таралады. Бұл зардаптарды өзінің территориясында мемлекеттің көмегімен және де халықаралық бірлестік көмегімен жойылады. ТЖ-ң зардаптарының негізгі түрлері:адам өлімі, адамның ауруы, радиоациялық ластану, химиялық және бактериялық улану болып табылады. Айта кетсек, ТЖ-ң экстремальды жағдайларында болған адамдардан әртүрлі жарақаттау факторлары мен қатар психологиялық жарақататтау жайлары әсер етеді. Психологиялық жарақаттар аса жоғары күшті қоздырғыштар комплексі түрінде болады, олар активті жағдай ретінде психикалық іс-әрекеттерді бұзады. ТЖ қауіпті және зиянды факторлар әсерететін адамдардың, жануарлардың, ғимараттарының және кешендерінің орналасу территориясын зақымдау ошағы деп аталады. Зақымдау ошақтары жай және күрделі болып бөлінеді.
Жай зақымдау ошағы деп бір зақымдау факторының әсерінен пайда болатын ошақ.
Күрделі зақымдау ошақтары төтенше жағдайлардың бірнеше зақымдау факторларының әсерінің нәтижесінде пайда болады. Мысалы, химиялық мекемелерде жарылыстың нәтижесінде әр түрлі заттардың құлауына әкеліп соғады, өрттер қоршаған аймақтың химиялық улануы, жер сілкіністер және қатты дауылдар кешендерді бұзу мен бірге су тасқының болуына себеп және т. б [10, 166б. ] .
ТЖ дамуында пайда болуымен түрлерінен басқа 4 сипатын сатыларын болуге болады тұтану сатысы, пайда болу иницирования, кульминациялық және сөну стадиясы. Тұтану стадиясында болатын ТЖ-ға қауіпті жағдайлар туындайды, жағымсыз табиғи процестер активтендірілген: кешендердің өндірістік және көптеген техникалық кемшіліктердің жиналуы; жабдықтау жұмыстары істен шығады. Тұтану стадиясының ұзақтығын тек метерологиялық, селдерге қарсы және т. б. станциялардың бақылауымен күнделікті локальды авариялардың статистикасының нәтижесінде анықтауға болады.
ТЖ-ң басталу сатысында, адам факторы әсеретеді. Статистика бойынша аварияның 60 процент-нан көбі адамның қателігінен болады делінген.
Кульминациялық сатыда адамдарға және қоршаған ортаға жағымсыз әсер ету энергиясы заттардың босатылуы болады. ТЖ-ң сөну сатысы уақыты бойынша ТЖ қауіпін тоқта тұрура және жанама зардаптарын толық тоқтату кезенің қамтиды. Бұл сатының ұзақтығы жылдар бойы кейбір жағдайларда ондаған жылдарға дейін созылады.
1. 3 Қазақстан Республикасы АҚ және ТЖ құрылымдары мен оны ұйымдастыру деңгейлері
Тіршілік қауіпсіздігі - адамның төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасының, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен салдарын жою және осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылу мәселелерімен, төтенше жағдай кезіндегі шаруашылық нысандарының тұрақты жұмыс істеу әдістерін зерттейді.
Тіршілік қауіпсіздігі - адамның төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасымен оны қорғауға, төтенше жағдайларда шаруашылық нысандарының тұрақты жұмыс істеуіне, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын ескерту мен жоюға, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуына бағытталған шаралар кешені.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz