Ақмола облысының экологиялық жағдайы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1 Ақмола облысының физикалық-географиялық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Жер
бедері ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1.2
Климаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7

1.3
Топырағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.4
Гидрологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.5 Өсімдіктер мен жануарлар
дүниесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

1.6 Физикалық- географиялық
аудандастырылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 17
2 Ақмола облысының экологиялық
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.1 Экологиялық кері жағдайлардың жалпы сипаттамасы
2.2 Ауа кеңістігінің
ластануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..24
2.3 Жер ресурстарының қалдықтарының
ластануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
2.4 Су қорларының экологиялық
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...40
2.5 Экологиялық мәселелердің адамға тигізетін
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 46
3 Табиғатты қорғау мәселелері, экологиялық жақсарту
жолдары ... ... ... ... ... 51
3.1 Табиғат қорғаудағы мәселелер
3.2 Экологиялық жақсарту шаралары жөніндегі
геоэкологиялық ... ... ... ... ... . ..53
принциптер
3.3 Ақмола облысының экологиялық-жағдайларын жақсарту
шаралары ... ... ...55
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..63
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
..66
ҚЫСҚАРТУЛАР

КІРІСПЕ

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес осы күнгі экологиялық
проблемаларды тиімді шешу Қазақстан Үкіметінің ең маңызды мәселелерінің
бірі болып түр. Ақмола облысының экономикалық - әлеуметік өмірінде алатын
маңызы зор болғандықтан бұл аймақтың экологиялық проблемалары да өте
маңызды. Қазақстан республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі Қоршаған ортаны
қорғау туралы заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3
желтоқсандағы Қазақстанның 2004-2015 жылдардағы экологиялық хауіпсіздік
концепциялары туралы жарлығын көздей отырып, бүгінгі танда Ақмола
облысының қазіргі кездегі экологиялық ахуалын қарастыру, жыл сайынғы
қоршаған ортада болып жатқан жағдайын зеріттеу жұмысы жүргізіліп отыр.
Зеріттеудің өзектілігі
Қоршаған ортаның ластану деңгейінің төмендеуіне, ауаның бұзылуына,
жер үсті суларының нашарлауына, өндірістік және тұрмыстық қалдықтардың тым
көбейіп кетуіне байланысты ғылыми негізделген тиімді тәсілдерін іздеуді
керек етеді. Сондықтан Ақмола облысында болып жатақан экологиялық
мәселелердің қоршаған ортаға тигізетін әсерін сипаттау және жақсарту
шараларын жүргіэу.
Зеріттеудің басты мақсаттары мен міндеттері:
Жұмыстың мақсаты.Табиғи ресурстардың ластануының негізгі себептерін
сипаттау және қолайлы шараларды ұсыну.
Қойылатын негізгі міндеттер келесі.
1. Ақмола облысының экологиялық кері жағдайларын зеріттеу.
2. Ауа кеңістігінің ластануының негізгі көздерін көрсету.
3. Жер ресурстарының қалдықтармен ластану дәрежесін анықтау.
4. Су қорларының экологиялық жағдайын талдау.
5. Табиғат пайдаланудың экономикалық тетін қарастыру.
6. Ақмола блысының экологиялық кері жағдайларының жақсарту шараларының
шешу жолдарын ұсыну.
Зеріттеудің ғылыми маңыздылығы
1. Ауа бассейнің оның ішінде Щучье-Бурабай сауықтыру аймағының ауасын
таза ұстауға көңіл бөлу.
2. Облыстың елді мекендеріндегі қоқыс төгілетін орындар мен
полигондарды тәртіпке келтіріп, олардың санитарлық-экологиялық жағдайына
назар аудару керек.
ҚТҚ жекелеп жинау бойынша муниципалдық бағдарлама ендіру көмегімен
қайталап қолдану үшін ҚТҚ жекелеп жинау бойынша муниципалдық бағдарлама
ендіру көмегімен қайталап қолдану үшін ҚТҚ құнды құрамды бөліктерін бөліп
алу сызбанұсқасы ұсынылған.
Жұмыс нәтижесінің іс жүзіндегі маңызы. Ақмола облысының экологиялық
кері жағдайларын жақсарту үшін шаралар жасалды.
1. АҚМОЛА ОЛЫСЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Жалпы, Ақмола облысы Қазақстан Республикасының солтүстігінің
орталығында, қазақтың ұсақ шоқысы мен Тенгіз жазықтығында орналасқан.
Ақмола болысының іргетасы 14.10.1939 ж. қаланған. Облыс территориясының
ауданы 121,7 мың км. Солтүстігінде Солтүстік Қазақстан, шығысында Павлодар,
оңтүстігінде Қарағанды, батысында Қостанай аудандарымен шектеседі.14
ауылдық, 2 қалалық әкімшілік ауданға бөлінеді. 8 қала, 12 кент,183 ауылдық
әкімшілік округ бар. Әкімшілік орталығы – Астана қаласы. Сарыарқаның
солтүстік – батыс бөлігінде, Есіл өзенінің жоғарғы ағысында, дала
белдемінде орналасқан[1].

1.1 Жер бедері

Жер бедері әр түрлі: ұсақ шоқылы, аласа белесті, ұсақ төбелі жазық.,
өзенді, сулы аңғарлар. Рельефтің контрасты түрге келуі геологиялық
құрылымының ерекшелігі мен геологиялық тарихына байланысты.
Облысың геоморфологиялық жағдайына келсек, солтүстігінде Көкшетау
қыратының сілемдері – Сандықтау, Домбыралы т.б аласа таулар орналасқан.
Зеренді, Балкашино мен Макин аудандарының территориясында. Орташа таулардың
биіктігі 400 - 500м. оңтүстік бағытында ұсақ таулы аймақтар мен аңғарлар
шоғырланған. Солардың бірі Жабай өзенінің аңғары. Балкашино ауданының
аумағында ұсақ таулы өлкелердің тау басында кристалды жыныс жиі байқалды.
Оңтүстігінде кең көлемді территорияны Атбасар енді жазықтығы алып жатыр.
Ал, солтүстік-шығыс бөлігінде Сілеті жазықтығы. Абсолюттік биіктігі
Атбасардан (205 - 300 м.) мен салыстырғанда кіші. Орталық оңтүстігінде
Теңіз көтермелі жазықтығы, ортасында Теңіз, Қорғалжын көлдері орналасқан.
Теңіз жазықтығының құламасының пішіні сопақтау және ені бойынша созылған.
Құламаның көп бөлігі кең акумулятивті жазықта жатқан өзендер. Терісаққан
мен Нұраның қойнауында абсолюттік ерекшелігі 250 - 400м. Терісаққан
бассейнінде және термелі иілім Ешім өзенінің үлкен аңғар мен ірілі
ұсақтығы төбешіктерге айналады. Солтүстік батысында Теңіз құламасы Есіл
өзенінің бассейндерімен, ал оңтүстік шығысында нақты емес. Бұл бөлігінде
көптеген көлдер тоғандары шоғырланған. Солтүстігінен Орталық Қазақстанға
дейін, ұсақ таулы өлке, 2 үлкен жер бедерінің сатысынан тұрады. Орташа саты
денудатциялық жазықтық (500-600м.) саты бұл да денужатциялық жазықтық (250-
300м.) бұлардың орталарында изомирланған бөліктеген үстіріктер де бар.
Сарыарқаның биік емес шоғырлары Шортанды, Ақкөл мен Макин аудандарының
территориясында кездеседі. Жер бедері ұсақ шоқылы, ірілі ұсақты таулы,
мұның бәрі техникалық ерекшеліктері коленозей кезеңімен қалыптасқан.
Төбешіктер суайырықтары мен су жиынтықтарымен ерекшеленеді. Бірінші
кезектегі (жазықтық) үстірт немесе төбелер жазықтықтан көтеріледі және
палеозойлық жыныстардың түзілген. Көл аралық төбешіктер қазіргі кездегі жер
беті денудатциясына жатады. Мысал ретінде, Сілеті конюнін айтуға болады.
Облыс территориясында Ерейментау таулары көзге түседі. өз кезеңінде
палеозойлық жыныстармен шоғырланған. Орташа биіктігі 400 - 500 м. аласа
таулы өлкелердің жер бедерін алдымен беткей экспозициясын сосын жыныстық
құрамына байланысты ажыратасыз. Жер бедерінің жыныстық ерекшеліктері,
әсіресе кварц, альбитефирами, гранит т.б. өзгеше ерекшеленеді. Жұмсақ
жыныстарға рельефке құмтасты конглометарі қиыршықтасты т.б. жатады.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігінде Сарыарқа тау тізбегі басталады.
Оларға жататын орташа таулар – Мұзбел және Ерейментау.
Сарыарқа Қазақтың ұсақ-шоқылы даласы Қазақстанның таулы өлкелерінің
бірі. Физикалық, географиялық және табиғаттық-климаттық жағдайынан ең үлкен
аймақ. Батысында Торғай үстіртімен, солтүстік батысында Солтүстік үстірті,
ал Шығысында Шығыс-Тарбағатай таулары және Оңтүстігінде Бетпақдала және
Балқаш көлі, ұзындығы 1200, ені 900 км. Жер бедері – шекті
жазықтықтар.Солтүстігінен жіктік аумақтарға Көкшетау облысы, Қарағанды
облысы, Жезқазған облыстары, ал оңтүстік батысынан Павлодар бөлігі және
Семей бөлігі алып жатыр. Солтүстік бөлігінен Ақмола облысы, жер бедері
негізінен, аласа таулы өлке, оларға: Ұлытау (1133м), Ерейментау (899м), Жел
адыр (601м), Арғынат (575м), Шығысында Теңіз – Қорғалжын құламасы. Теңіз
жазықтығымен Көкшетау үстірттің арасында Есіл және Атбасар жазықтығы алып
жатыр. Аумақтың геологиялық жағдайына қарасақ, солтүстігінен Орал – Монгол
геосинклин алды белдеулерінде голеозолық метоморты қатты жыныстар. Кварцит,
құмтас, әктас т.б. солтүстік Ақмолалық аумақта табиғи байлықтардың мынадай
түрлері кездеседі: алтын, боксит, мыс, сурьма, каолин батпағы, квасты
құмдар т.б. 3
Геологиясы. Жерінің геологиялық құрылымы каледон және герцін
қатпарлығы кезеңінде қалыптасқан. Палеозой дәуірінің соңында континенттік
түзілу кезеңі басталды. Өте ұзақ мерзімге созылған тегістелудің нәтижесінде
пайда болған таулы өлке мезазой дәуірінде бірте –бірте қыраттарға айналды.
Облыс жері, негізінен, палиозойдын метаморфтанған, кварциттеріне,
құмтастарынан, алвитофермелеріне, әктастарынан конгломераттарынан түзілген.
Солармен бірге интрузиялық (гранит, дерт, гоббра, т.б.) және эффузиалық
жыныстар тез таралған. Байырғы жыныстардың иген мен төрттік дәуірлерден
сарғылтым шөгінділерінің қалын қабаттары жауып жатыр. Кең байлықтарынан
алтын, уран, боксит, сүрме, мыс, молибден, кобальт, көмір, каолин сазы,
кварц құмы, құрылыс материалдары т. б. өндіріледі [2].

1.2 Топырағы

Аудан территориясының топырақ жамылғысы 2 түрден құралған қара
топырақ, қоңыр және белдеулерге байланысты.
Аумақтың солтүстік бөлігін өлі - қуан дала ағып жатқандықтан жер
бедері ірісі - ұсақты таулы және төбелікті кедір-бұдыр болғанымен топырағы
қара топырақ. Оның ауданы 487,6 мың га. Олардың арасындағы ең кең таралғаны
қара топырақ. Құрамындағы қара шіріктің көлемі 50-70 см - де 6-8%
құрайды. Топырақ құрамы химиялық элементтерге де бай кальцийдің 70-85%
сонымен қатар фосфор, кальций, т.б.
Оңтүстік белдемдегі қара топырақтың ауданы 2556,6 мың гектар.
Ерекшеліктері карбонатты қара топырақ, қара шіріктің құрамы 45-60 см - де,
4-5% құрайды. Карбонатты болғаны мен магний, иод, натрий т.б. элементтер
менде бай. Сондықтан топырақ эрозиясына ұшырамайды. 51º с.е. оңтүстікке
қарай қара топырақты белдем, ауысады. Ауданы 7340,3 мың га, 70% , өңделген
. белдемдердің арасындағы топырақтық ең жақсы болып табылады. Қара шіріктің
көлемі 35-40см-де, 3-4% құрайды.
Шығысында ұсақ шоқылы жазықтың болғандықтан топырақ жамылғысы
құнарлығы біршама аз кейбір бөліктердегі азот, фосфор т.б. құнарлы
элементтер жетпей жатады, сондықтан көктемде арнайы дәрілеу жүргізіледі.
Ауданның қалған оңтүстік бөлігінің жер бедері қуаң далалы бөлікке
кіретіндіктен, топырақ жамылғысы болып келеді, ауданы 2508,9 мың га. Қара
шіріктің көлемі:30 - 40см-де, 2,5 - 3,5% құрайды. Белдемнің ең
оңтүстігінің топырағы ауданы 472,2 мың га. Топырақ жамылғысына климаттың
әсері мол. Сондықтан, топырақ құрамы табиғи минералдарға қанықпаған,
өнімдердегі нашар болғандықтан, зерттей келе академик А.И. Баева, осы
салада көптеген еңбек сіңірген. Облыста солтүстіктен оңтүстікке қарай қара
қоңыр, қоңыр, ашық қоңыр белдемелері бірін - бірі алмастырады. Олардың
көпшілігі жыртылған [3].

1.3 Климаты

Облыстың климаты шұғыл континенталды. Қаңтардың орташа
температурасы: -14 – 18 ºС, шілденің орташа температурасы 20-24 ºС, қысы
қатал, аязы -40 ºС дейін жетеді, жазы ыстық + 35 ºС орташа температурасы,
ал оңтүстік батысында құрғақ және шаңды дауылдар жиі болады. Жылдың жауын-
шашын мөлшері 200-300мм. Ірі өзендері – Ішім, Нұра, көлдері – Теңіз,
Қарасор, Қорғалжын, Балықты көл, Қыпшақ. Далалық жазықтықтарда Жазылым
көгендері басым, оңтүстігі қара топырақты. Аумақтың көп бөлігі Қорғалжын
мемлекет қорығы орналасқан. Солтүстігінен Орталық Қазақстанға дейін аласа
таулы белдей де 2 үлкен жер бедері сатысы қалыптасқан. Орташа сатыға
денудациялық жазықтықтар жатады (500 - 600м), төменгі сатыға да
денудациялық жазықтық (250 - 300м).
Олардың орталарында изомеризатцияланған үстірттерде бой көтерген.
Биік емес Сарыарқа, Шортанды, Ақкөл және Бұланды аудандарын территориясында
қалыптасқан. Ауданның климаты шұғыл континентальді құрғақ. Негізгі климат
түзуші орақтары – күннің түсуі, оның түсу ұзақтығы 220 сағат, жылына, көбі
шілде айында болатын құбылыс. Жылдық радиацияның көлемі 112 ккалсм², ал
жарықтығы 52 ккалсм² жетеді. Ауданның аумағында ауа массасының 3 түрі бар:
арктикалық, полярлы, тропикалық.
Жылдың суық уақытында ауа райын бақылау батыс сілемдерімен, азиялық
антициклонмен байланысты. Қыста ауа райы тұнық болады. Көктемге дейін
антициклон сақталады, сондықтан ауа райы құбылмалы. Құрғақ жеңіл жел
болады. Күндізгі ыстық ауа температура және түнде қырау тартады. Жазғы
күндері далалы жазық жерлерде интенсивті жылу жүрудің негізінде аспан ашық,
бұлтсыз, ыстық немесе тымық ауа қалыптасады. Қаңтар айының орташа
температурасы 16º С, оңтүстік-шығыста 18,5 ºС дейін; абсолюттік минимум -49
– 54 ºС, әр облыстың аудандарында әр түрлі. Шілде айының орташа
температурасы 18,5 - 22,5 ºС. Ауаның максимум температурасы 44º С дейін
жетеді, ал жылдық температурасы 3,4-4,1º С. Жылы кезеңнің ұзақтығы 194-202
күн, оның ішінде суық күндер 163-171, ал аязды кезең 105-130 күндей. Ауаның
ылғалды қатыстық биіктігі, қысқы күндері байқалады.
Қараша - наурыз айларының орташа айлық мөлшері 80 - 82% - ның көп
бөлігінде қалыптасқан. Жылдың жылы кезеңі мен ауаның ылғалдылығы облыс
территориясында солтүстіктен оңтүстікке дейін артады. Ауа ылғалдығының ең
төмен уақыты мамыр-шілде айларында 54 -56% болады. Орташа жылдық
атмосфералық жауын - шашын солтүстікте 35,0мм, ал оңтүстікте 220 - 300мм.
Жауын-шашынның максимумды 54мм. шілде айында; ақпан айында - 23мм. орташа
жылдық жел жылдамдығы 5,3мсек. және біршама азырақ сәуір, қараша,
желтоқсан айларында 5,8мсек. айлық минимум желдің жылдамдығы тамыз айында
4,4мсек. қарша мен сәуір айларында желдің орташа айлық мөлшері көбейтеді.
Ақмола облысындағы желдің тұрақты қалыптасқан мөлшері 3,6мсек. 20
жылда бір рет белгіленеді. Жылдық суық мерзімінде желдің бағыты батыс
солтүстік антициклон қысымында болады., ал жылы мерзімінде бағытын аңықтау
қиынға соғады, ол барикалық депрессия мен байланысты.
Облыс территориясында найзағайлы жаңбырлар жиі жаз айларында, көктем
және күз айларында сирек. Орташа найзағайлы бұршақты күндер 19-25. жаз
айларында найзағайдың күшті ойнайтын бұршақты айы шілдеде 6-9 күн. Орташа
ұзақтығы 2,4 сағат. Бұршақты бақылау негізінен жылы мезгілді уақытты
жүреді, оларда салыстыру қиын, кей кездерде жолақтары бірнеше км. Ұзындығын
және енінен болуы мүмкін.
Орташа бұршақты күндер 1 - 2, кей жағдайларда жылына 4 - 9 рет.
Бұрқасындар жиі болып тұрады. 20-50 күнге созылады. Далалы аудандарда шаңды
дауылдар басым болады, жылына 14-40 күн, тұманды күндер 24 - 70. астанада
тұманды күндер 61. тұманды кезеңдердің басым болатын мерзімдер наурыз -
сәуір және желтоқсан айларында.
Аудан климатының ерекше қасиеттерінің бірі – құрғақтығында. Ең
құрғақ жылдар: 1955, 1957, 1961 - 63, 1965, 1967, 1982, 1984 жылдары
болған. Жалпы мерзімді кезеңде сәуір, қыркүйек айларында болатын күндер
саны 14- 20. кейбір жылдары Ақмола өңірінде қыс аяздығы қатты болады,
ұзақтығы 5- 5,5 ай, жер бетіне қардың түсуі қараша айында басталады. 120 -
150 күн жатады, қаңтар айында аяз қысып, қатты қыс басталады. Аязды күндер
- 25 ºС- тан және кей аудандарда 10 - 14 ºС- дан, 38 - 45º - тан болып
тұрады. Кейбір жылдары айына 18 - 20 күн қатты аязда болады. Жер бетіндегі
қардың биіктігі қалыпты жағдайда 20 - 22см болады. Қар қалың жылдары қар
жамылғысының жер бетінде жатуы 130 - 140 күн оңтүстікте, ал солтүстік
аудандарында 150 - 155 күндей жатады. Көктемі наурыз айының 2-ші жартысына
қарай болады. Ұзақтығы 1,5 - 2 ай, температураның 0 ºС - ден көтерілуі
сәуір айының басынан басталады.
Қар жамылғысының ең ерте еруі он сегізінші наурыздан бірінші сәуірге
дейін, ең кіші 25 - 26 мамырға дейін созылады.
Түңгі қатқақ суықтар 10 - 19 сәуірден 13 - 15 мамырға дейін
созылады, солтүстік аудандарда. Көктемгі ылғалдық жылдық мөлшердің 30 %
құрайды.
Жазы ыстық және құрғақ ауамен 3 айға созылады маусым – шілде -
тамыз. Ең жоғарғы температура (30º С- ден жоғары) шілде айында 11 - 12 күн
аптаған ыстық болады. Жаздық кезеңде атмосфералық ылғал 140мм немесе 34%
жылдық мөлшерді құрайды.
Жазғы жауын – шашын нөсерлі болып келеді. Күзгі уақыт қыркүйек
айының басынан басталып, қазан айының соңына дейін созылады, жазғы мерзімге
қарағанда біршама құрғақ тау болып келеді. Орташа температура батыстан
шығысқа қарай 13 – 10 ºС өзгереді. Қыркүйек айының бірінші жартысында ауа
райы күрт суытып, алғашқы қар жамылғысында түсуі мүмкін.
Қыркүйек айында 31мм, ал қазан айында 41мм ылғал түседі. Аудан
территориясы 4 климаттық аймаққа бөлінеді: шамалы құрғақ өлі жылы, құрғақ
жылы, өте құрғақ, құрғақ жылы аймақ.
Шамалы аймақ, өлі жылы аймақ ( гидро термиялық коэффицент, ГТК
1,0) Белсенді температураның мөлшері 10 ºС – 2100 ºС жоғары болмауы керек.
бұл аймаққа Балкан мен Макин аудандарының солтүстік бөліктері мен Ақкөл
ауданының солтүстік бағыты кіреді. Жылы мерзімде бұл өңірде 10мм. ылғал
түседі. Орташа жылдық ылғалмен қатылудың арқасында бидай өнім 60% құрайды,
бұл өте жақсы көрсеткіш. 135 күннің ішінде 10 ºС жоғары температура
өсімдікке өте жақсы әсер етеді. Ашық участоктарда аязсыз кезең 105 күнге
созылады. Аудан территориясында қолайлы температураның арқасында, бидай,
картоп, капуста т.б. мәдени өсімдіктерді өсіруге болады. Нақты қар
жамылғысының жер бетінде жатуы 140 күн, биіктігі 30 - 35см, бұл дегеніміз,
қосымша су қорының 90 - 95 мм.
Құрғақ, жылы аудан (ГТК= 0,7-1,0). Белсенді температураның мөлшері
10 ºС -2100 ºС – 2350 ºС аралығында. Бұл агро климатты аудан солтүстікпен
батысқа, оңтүстіктен шығысқа созылып, Балкан мен Бұланды аудандарының
оңтүстік бөлігіне жетер – жетпес , ал, Ақкөл, Шортанды, Вишневский,
Ерейментау ауданының батыс бөлігі, Ақмола болысының батыс және Атбасар
ауданының солтүстігін бүкіл территорияны алып жатыр.
Бірінше агро климатты ауданға қарағанда, мұнда ылғал азырақ түседі.
Бұл орташа көп жылдық бидай түсімінің 40 % құрайды. 10% жоғары ауа
температурасы 135 - 140 күн аралығында, ал аязсыз кезең 105 - 120 күн.
Термикалық ресурстардың қалыптасуына байланысты аудан аймағында
бидай, жүгері, картоп т.б. мәдени өсімдіктер түрлерімен айналысу кең
тараған. 125 - 140 күн аралығында қар жамылғысының биіктігі 15 - 35см. бұл
дегеніміз қосымша су көзінің 40 - 95мм. өте құрғақ жылы аудан ГТК – 0,5 -
0,7. 10 ºС жоғары температура 2350 ºС – 2550 ºС. Бұл агро климаты ауданға
Атбасар ауданының оңтүстік көп бөлігімен Астрахань ауданының көп бөлігімен,
Ақмола ауданының оңтүстік батысы мен Қорғалжын ауданының солтүстік батысы,
Ерейментау ауданының солтүстік шығысы аралығында созылып жатыр. Жоғарыда
айтылған климаттық аудандарға қарағанда, мұнда ылғалдану біршама төмен.
Орташа көпжылдық өнім, яғни бидай, т.б. мәдени өсімдіктерді қоса санағанда
40% төмен бұл тұрақты көрсеткіш. Сондықтан жақсы, құнарлы өнім алу үшін,
агротехникалық жаңартылған, мамандырылған салада топырақтағы ылғалды көпте
сақтау туралы бағытта, іс шаралар мен зерттеулер жүргізілуде.
Жылы мерзімде 125-170 мм. ылғал түседі, ал қар жамылғысының жер
бетінде жату уақыты 125-135 күн, биіктігі 16 - 23см. бұл дегеніміз, қосымша
су қорының 45 - 90мм. құрайды. Құрғақ жылы аудан ГТК 0,5, 10 ºС жоғары
температура 2550º - 2700 ºС, жылы мерзімдегі орташа жылдық ылғал 125 -
140мм аудан аймағының Қорғалжын ауданының оңтүстік бөлігін алып жатыр.
Жылы кезең әдетте сәуір айынан басталады: ауаның 0 ºС - тан өтетін
орташа тәуліктік температурасының орта датасы сәуірдің 10 – 15 - тері
аралығында. + 5 ºC - тық температура 22 - 25, ал + 10 ºC-тан өтетін
температура мамыр айының 8 – 10 - дары аралығына келеді. Күзде бұл даталар
қазан айының 20 - 25 күндері, қараша айының 4 - 7 және 16 - 18 күндеріне
сәйкес келеді. Ауаның +5 ºC - тан жоғары орташа тәуліктік температура
жиынтығы 2400 ºC - ты құрайды, 10 ºC - тан жоғарғы температура – 2100, 0 ºC
- тан жоғары орташа тәуліктік температураның ұзақтығы 190-210 (ең азы 160),
+5 ºC-тан жоғарысы – 160 - 200 күн, (ең азы 140), 10 ºC - тан жоғарғы
температура 130 – 160 күндей (ең азы 110). Аязсыз кезең 80 - 140 тәулікті
құрайды. Кейбір жылдары 150 - ден 60 күнге дейін. Атмосфералық қуаңшылық 42
күнге дейін созылады, орташа мөлшері 6 - 13 күндей. Желдің орташа
жылдамдығы 3 - 5 мс, ең күшті желдер 20 - 25 мс, сирек жағдайда дауыл
соғады.
Агроклиматтық аудандарға байланысты (ҚазКСР атласы, 1982 1 –
бөлім) облыс 3 агро климаттық ауданға бөлінеді:
1. Қоңыржай – жылы құрғақ аудан шоқ орманды – далалы және далалы
ландшафттан тұратын облыс аумағының басым бөлігі кіреді. Мұнда ГТК-
ның көрсеткіші 1,0-ден 0,8 аралығында және 10 ºC-тан жоғары тұрақты
температураның жылдық жиынтығы 2100 – 2200 ºС.
3 Жылы құрғақ аудан Есіл аңғарының батыс және шығыс бөлігін және
облыстың оңтүстік бөлігін алып жатыр. Мұнда ГТК 0,9 - дан 0,7 - ге дейін
ауытқиды. Ал 10 ºC - тан жоғары жылдық температураның жиынтығы 2200 – 2400
ºC. Кәдімгі және шоқ орманды – далалы ландшафт шекарасы Транссібір темір
жол магистралі бойымен дерлік өтеді.
Термикалық ресурстың вегетациялық кезең ылғалымен үйлесімділігі
мұнда ерте және орташа өсіп – жетілетін ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге
қолайлы. Олар: орташа және ерте пісіп – жетілетін жаздық бидай. (Иртышанка
10, Қазақстандық ерте пісіп – жетілетін), орта пісіп – жетілетін (Саратов
29, Омбы 19), орта және кеш пісіп – жетілетін (Омбы 9, Омбы 18, қатты
бидай – Алтайлық, Омбы рубині), күздік қара бидай, жаздық арпа, сұлы, тары,
бұршақ, қарақұмық, кендір, картоп, капуста, сәбіз, қызылша, т.б. [4].

1.3 Гидрологиясы

Ауданның су ресурстарының көлемі орташа, көпжылдық ауданы
өзендердің жылдық ағыны, сумен уақытша су көздерін қосқанда 2130млн. ма,
оның шамамен 350 млн. м³ су өзге аудандардан келеді, мысалы, Нұра, Құлан
төбе, т.б.с. жалпы коп жылдық ағынның ауданы көлдермен тұйық алаптарды қоса
есептегенде 160млн. м³. Жылдық ағын мен өзендер, ағын су және т.б. Су
көздерінің мөлшері жылдық ағынның 34% құрайды. Жылдық ағынмен көпжылдық
ағынның өзгеруіне ұзақ мерзімде уақыт қажет. Әрі өзендердің орташа жылдық
ең көп және аз шығыны 40 - 50 рет болады. Жалпы жылдық ағын мен өзендер
және уақытша су көздері ауданының 75 - 95% қамтиды, яғни 24 млн. м³ су.
Бір жыл ішінде ағынының қатты немесе жай ағуы сол жылғы ылғалдың немесе
т.б. табиғи құбылысына байланысты. Әсіресе көктемгі мерзімде 70 - 90%, бұл
дегеніміз, уақытша су көлемінің 100 % құрайды.
Қаланы және өнеркәсіптерді сумен қамтамасыздандыруға Вячисляв су
қоймасы салынған. Бұлардың алғашқыларының бірі болып, толық көлемде 410,9
тиімді су қайтарылуы 97,2 млн.м². Ақмола қаласының су мен
қамтамасыздандыруын құрайды. Екінші кезекте, толық кезең 250, тиімді су
қайтарымы 75 млн.м² Степногорск қаласының су мен қамтамасыздандыру Сілеті
су қоймасының үлесіне жатады. Су мен қамтудың көлемін арттыру мақсатында су
қоймалары іске қосылды. Толық көлемі 180,6 және тиімді су қайтарымы 41,8
млн.м³ қосымша 17 су қойманың құрылысы жаңа технологиямен жабдықталуға
тиісті деп, белгіленіп отыр. Қорғалжын су жүйесінің барысында
кеңейтулермен, толықталулар енгізуде және өнеркәсіп пен Ақмола қаласының
Нұра арқылы Ертістік сумен қамтамасыздандыруын құрайды. Тиімді су қайтар
ымының көлемі 70 - 74 млн. м³. Нұра өзенінің ластануына байланысты, Ақмола
қаласының ауыз су мен қамтамасыздандыруы Ертіс - Қарағанды каналынан Ешім
арқылы, жылына 65,4 млн м³.
Аудан территориясында әр түрлі 26 су қорларының түрі бар. Бұған
әсіресе жер асты сулары жатады. Оның 15 жергілікті елді мекендермен
кәсіпорындар және темір жол станцияларының (бекеттерінің) су мен
қамтамасыздандыруын құрайды. Атбасар, Балкан, Бұланды, Астрахань
аудандарында жер асты су көзінің 10 шақты түрлері бар төтенше жағдай.
Қосымша су қорының көзі аялювиальды аңғарларда Нұра, Сарқырама, Ешім
өзендеріне жатады. Ауыз су мен және су ресурстарымен бойынша әр түрлі.
Облыстық шығыс бөлігінде ауыз сумен қамтамасыз ету осалдау, әсіресе, Ақкөл
ауданының солтүстік шығысы және Шортанды ауданының оңтүстік бөлігі. Жер
асты суларын шаруашылықта тиімді пайдалану Қорғалжын, Красноколинка және
Атбасар, Ерейментау ауданының батыс бөлігінде жаңадан қолға алынып келеді.
Жер үсті сулары. Аудан территориясының гидро географиялық жағдайы
ерекше, ірілі-ұсақты көлдер, өзендер және уақытша су ағынды мен көзге
түседі. Гидро - географиялық тығыздығы (0,2-0,3 кмкм²). Терісаққан мен
Жабай өзендерінің үстіңгі бөліктерінің су жиыны Сілеті өзенінің оң жағалауы
және Ешім өзенінің оң жағалауының су жиыны жоғары ағынға жатады. Ешім
бассейінің орташа тығыздығы 0,1-0,2 кмкм² аралдығында, ал Нұра бассейнде
орташа тығыздық анықтау геоморфологиялық еркешеліктерге байланысты. Орталық
бөлігінің жазықтығы рельефі, шет аймақтары үстірті. Осы ерекшеліктерге
байланысты зерттеулердің қорытындысы көптеген өзендердің ағыны шеткі жақтан
орталыққа қарай. Шеті мен Өлеңді өзендерінде керісінше.
Ауданның ірі өзендері. Ешім және оның ірі тармақтары: Аршалы, Жабай,
Терісаққан, Нұра, Сілетінің тармақтары (Ақ мырза мен Кедей). Құланөтпес
өлеңі. Ірі өзендердің бірі Ешім, оның бассейінің ауданының территориясын
63% құрайды. Екінші Нұра бассейінің көп бөлігі Қарағанды ауданының
территориясында.
Барлық өзендердің бассейіндері көлдердің қазан шұңқырларында
тұйықталған немесе аудан территориясы бойынша (Нұра, Құланөтпес, Керей,
Қыпшақ) аудан шекарасы бойынша Ақмоламен Павлодар аудандары арасында
(Өлеңді, Енеке) және Сілеті. Уақытша су ағыны мен су жиынының ұзындығы және
көлемі әр түрлі, әсіресе 400 - 10 км. Біршама ірі уақытша су ағыны соның
ішінде (Керей, Қыпшақ, Танеке) көлдерінің ұзындығы 80 - 100км, ал су жиыны
700 - 3500км². Аңғарларда уақытша су ағындарының ені 0,5 - 1,0км аралығында
ғана өзгереді.
Уақытша су ағындарының ені кей жерлерде 2 - 3 км - ге жетеді. Мұндай
аңғарлардың кеңеюіне байланысты көлтабандар яғни мамандар тұрғызады.
өзендер мен уақытша ағындардың қоректенуі көзі негізінен қар жамылғысы
арқылы. Өзендердің жылдық ағынының салмағы 9,0% құрайды, ал уақытша су
ағыны 0,7 - 100% құрайды.
Жауын - шашынмен қоректену сирек және қауіпті. Жекелеген өзендерге
Жабай (Сарқырама) Көлтон (Аршалы, Оқ сық) Сілеті ( Ақмырза , Кедей)
салаларында ішкі су мен қоректенеді. Көктемгі өзен және су көздерінен
арнасынан дамуы және ұзақтығы өзеннің ұзақтығымен, созылуына және
орналасуына байланысты. әр өзендерде 41 күннен 87 күнге дейін, ұсақ өзендер
мен көлдерде 78 күннен 20 күнге дейін. Жалпы ағынының ұзақтығы ұсақ
өзендерде 10 - 30 тәулік, орташаларында 30 - 50, ірі өзендерде 230 - 250
тәулік. Өзен аңғармасын кең көлемде тілімделген жыралар кездеседі.
Участоктор бірен - сараң кездеседі, әсіресе жыныстарда. Аңғарлардың ені
(көлденеңі) ірі өзендерде (Нұра, Ешім) өзендерінде 5 - 10км жетеді.
Қатпарлардың қалыңдығы 10 - 15м. аралығында, жекеленген бөліктерде 25-30м
дейін жетеді. Арналардың ені ірі өзендерде 10 - нан 20м аралығында
өзгереді. Аңғарлардың тереңдігі 3 - 6 м-ден 10 - 12м дейін жетеді.
Көлдер. Аудан территориясында 4000 жуық көлдер бар. Олардың 92,5%
ауданы 1км аспайды. 5,4% - ң ауданы 4,1 - ден 5км дейін, ал, 1% -ң ауданы
5,1 - ден 10км дейін және 0,8% - ң ауданы 10,1 - ден 50 км²-дей және де
0,2% - ң ауданы және 0,8% - ң ауданы 10,1 - ден 50км дейін. Көлдердің басым
көпшілігі шығыс бөлігіне қарай орналасқан, олар Ерейментау, Ақкөл,
Астрахань, Қорғалжын аудандарының территориясында. Көлдердің жалпы санының
0,4 тұщы және аралас. Олардың 0,9% - ң ауданы 1 км дейін. Тұзды көлдердің
ауданы 1км, - 66% кездеседі.
Көлдердің шығу тегі және түзілуіне байланысты судың тұщы және тұзды
болу мен байланыстырамыз. Бір аудан территориялардың, әр түрлі ауғынының
суы, әр түрлі болып кездеседі. Көлдердің суының тұздануы және тұщылануы
көктем кезінде жүреді, мұны судың минералдану десек артық болмайды.
Қорғалжын Қожа көл, Балықты көл, Ұлы алқар және ең ірі тұзды көлдер: Теңіз,
Қыпшақ, Керей; Ең ірі көлдердің қазаншұңқыры (Теңіз, Қорғалжын) техникалық
жағдайда пайда болған.
Ұсақ-шоқылы аудандарда көлдердің қазаншұңқырларының пайда болу,
техникалық және техникалық эрозиялы болып келеді, жазықты және ұзақ қыратты
аудандарда дефляция мен суффозиялы және суффоизомерлі процестердің
нәтижесінде. Керінен жағалаулары кең және биік болып қалыптасқан. Судың мол
көктем кезінде, жағалауларының толығымен су басып, кейінен жаздық ыстығында
кебіп қалады. Топырағы дегретацияға ұшырайды.
Табиғат суларының ауыл шаруашылығында маңызы өте зор. 324 көл
негізгі қоры болып табылады, 9 - 152 балық аулауға қолайлы және балыққа
бай.
Көлдердің су айналымының белгілі тәртібі бар. Ғасырлық (негізгі)
су айналымының ұзақтығы 29 - 47 жыл, ал екілік су айналымы 6 - 8 жылды
құрайды. Көлдердің суы тартылуы және кеуіп қалуы 1937 - 40 жылдары жиі
байқалған. Ал 1950 жылдары көлдердің суы керісінше, молайды да, 1951 жылдан
1978 - 1979-ға дейін бұл процес созылады. 1986 - 87 жылдары көл
қойнауындағы судың тасу процесі жүреді. Кей-кезде максималдық жағдайға
жетеді.
Батпақты және суы мол көлдер: Ақкөл, Вишнев, Ақмола аудандарының
территориясында шоғырланған жергілікті жерлерде дәрілік мақсатта қолданады.

1989 жылы, Ақмола ауданының батпақты көлдерінің ең ірісі – Ақтамұлақ
көлінің батпағы медициналық тұрғыда зерттеліп, дәрілі, (медициналық) ем
ретінде қолданды. Бұл көлдің батпағының құрамы Украинаның Сак көлінің
батпағымен теңдес.
Жер асты сулары. Аудан территориясының жер асты сулар қорының орталық
Қазақстанның гидрогеологиялық жиындығының негіздеріне жатқызуға болады.
Орталық Қазақстанның гидрогеологиялық ерекшеліктеріне байланысты былай
топтастыруға болады. Көкшетау - Екібастұз, Теңіз - Қорғалжын және Сарысу -
Теңіз. Көкшетау - Екібастұз гидрогеологиялық ауданы территориялық солтүстік
бөлігін алып жатыр. Оған кіретін территориялар: Ерейментау, Вишнев, Сілеті,
Ақкөл, Бұланды, Шортанды, Астрахань ауданының солтүстік шығыс бөлігімен
Балкан ауданының солтүстігі және Атбасар әкімшілік аумағы.
Жер асты суларының қалыптасушыны табиғат жағдайының және геологиялық
шөгінде жыныстардың минералдардың тағы басқа жүріп жатқан әсері мол.
Аталмыш аумақ территорияларында 19 жер саты су қоймалы- кешенді түрде
белгілі.
Теңіз Қорғалжын гидрогеологиялық ауданына оңтүстік бөліктегі аймақтар
кіреді және оңтүстікте Сарысу Теңіз көтермелі мен шектеседі, біршама жер
асты сулары сирек кездеседі., не бары 6-ғана көзі белгілі.
Сарысу Теңіз гидрология ауданы бөлігіне Қорғалжын әкімшілік ауданының,
оңтүстік бөлігі кіреді. 12 жер асты су қоры белгілі. Жіңішке жолақты ені 30
- 40км, солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр. Шекараның батысқа
қарай, яғни Торғай гидрологиялық ауданы алып жатыр. Оған Ертіс өзенінің
оңтүстік батысы кіреді. Негізінен тұрмыстық мақсатта ауыз суының рольі
ретінде қолданылады.
Аудан территориясының топырақ жамылғысы 2 түрден құралған қара
топырақ, қоңыр және белдеулерге байланысты.
Аумақтың солтүстік бөлігін өлі-қуаң дала ағып жатқандықтан жер бедері
ірісі-ұсақты таулы және төбелікті кедір-бұдыр болғанымен топырағы қара
топырақ. Оның ауданы 487,6 мың га. Олардың арасындағы ең кең таралғаны
орташа тығыздығы қара топырақ. Құрамындағы қара шіріктің көлемі 50 - 70см -
де 6 - 8% құрайды. Топырақ құрамы химиялық элементтерге де бай кальцийдің
70 - 85% сонымен қатар фосфор, кальций,т.б.
Оңтүстік белдемдегі қара топырақтың ауданы 2556,6 мың гектар.
Ерекшеліктері карбонатты қара топырақ, қара шіріктің құрамы 45-60 см- де, 4
-5% құрайды. Карбонатты болғаны мен магний, иод, натрий т.б. элементтер
менде бай. Сондықтан топырақ эрозиясына ұшырамайды. 51º - с.е. оңтүстікке
қарай қара топырақты белдем ауысады. Ауданы 7340,3 мың га, 70% , өңделген
белдемдердің арасындағы топырақтық ең жақсы болып табылады. Қарашіріктің
көлемі 35 - 40см-де, 3 - 4% құрайды.
Шығысында ұсақ-шоқылы жазықтың болғандықтан топырақ жамылғысы
құнарлығы біршама аз кейбір бөліктердегі азот, фосфор т.б. құнарлы
элементтер жетпей жатады, сондықтан көктемде арнайы дәрілеу жүргізіледі.
Ауданның қалған оңтүстік бөлігінің жер бедері қуаң далалы бөлікке
кіретіндіктен, топырақ жамылғысы болып келеді, ауданы 2508,9 мың га. Қара
шіріктің көлемі:30 - 40см-де, 2,5 - 3,5% құрайды. Белдемнің ең оңтүстігінің
топырағы ауданы 472,2 мың га. Топырақ жамылғысына климаттың әсері мол.
Сондықтан, топырақ құрамы табиғи минералдарға қанықпаған, өнімдердегі нашар
болғандықтан, зерттей келе академик А.И. Бараев, осы салада көптеген еңбек
сіңірген. [1]

1.4. Өсімдігі мен жануарлар дүниесі

Ақмола облысының өсімдік түрлері сан алуан. Мұнда, негізінен 73
тұқымдасты, 830 гүлді өсімдіктер кездеседі. Аудан территориясын түгелімен
дала зонасында жатқандықтан. Обылыста солтүстіктен оңтүстікке қарай қара
қоныр, қоңыр, ашық қоңыртопырақ белдемері бірін-бірі алмастырады. Оның
көпшілігі жыртылған жерлер. Өсімдіктің 73 тұқымдасы, 800 - ден астам түрі
кездеседі. Негізінен, қылқан, селеу, бетеге, далалық жоңышқа, таспа шөп ,
жебіршөп, қазтабан, сәбіз шөп , жусан, т.б, өзен жайылмалар мен көл
жағалауында астық тұқымдас және әр түрлі шөп аралас шалғын, ұсақ шоқыларда
шоқ қарағай, қайың, көктерек, түрлі бұталар өседі.
Облыс табиғатына сәйкес мұнда сүтқоректілердің 55, құстың 80, бауырмен
жорғалаушылардың 8, қос мекенділердің 3, балықтың 30 түрі мекендейді.
Облыстың солтүстік ормандарында бұлан, Сібір елігі, сілеусін, ақ кіс, ақ
қоян, тиін, Еуропа кірпісі, орман құстары (құр, ақрұқ, тоқылдақ т.б.),
жыртқыш құстар (қарақұс, шаңқылдақ қыран, кезқұйрық, жаман сары, күйкентай,
жағалтай,), сауысқан, ала қарға, жау қараға, т.б. кездеседі.
Су құстарынан: қоқиқаз,қаз,үйрек, т.б., бауырымен жорғалаушылардан:
сарыбас, өрнекті қарашұар жылан, сұр жылан, секіргіш кесіртке,т.б,
мекендейді.
Суларда мөңке, оңғақ, лақа, алабұға, торта, шортан, аққайран өседі.
Қорғалжын, Ерейментау, Атбасар мемлекеттік қорықтар бар.
Қорғалжын қорығы 1968 жылы құрылған Ақмола болысында орналасқан
Қорғалжын, Теңіз көлдері кіреді.Сүт қоректілердің - 41, құстардың - 315,
балық – 14, өсімдіктің – 343 түрлері кездеседі. ЮНЕСКО-ның тізімінде ерекше
қорғалатын батпақты шөлді ландшафт ретінде енген.
Көкшетау паркі 1996 жылы құрылған Ақмола облысында орналасқан
ерекшелігі: аңдардың – 305, құстардың – 223,балықтың – 22, өсімдіктердің –
800 түрлері кездеседі.[1]

1.5. Ақмола облысының физикалық- географиялық аудандастырылуы

Ақмола облысы ауданы 147 мың км2 территорияны алып жатыр. Халық саны –
746,092 мың адам.
Облыс территориясының солтүстік бөлігін Көкшетау (947м), Жақсы
жанғыстау (730м), Жыланды (665), Зеренді (587м) таулар алып жатыр. Облыстың
оңтүстік бөлігінде абсолюттік биіктігі 300-400м таулы-қырлы жазықтықтар
орналасқан. Орталық бөлігінде Сандықтау, Домбыралы таулары орналасса,
оңтүстік-шығысында әсем таулар Ерментау, солтүстік-шығыста Сілеті
жазықтығы, орталық бөлігінде – Атбасар жазықтығы, оңтүстік-батыста Теңіз-
Қорғалжын ойпаты орналасқан.
Облыс минералды ресурстарға бай: алтын, құрамында ураны бар кен,
құрамында темірі бар кен, тас көмір, құрылыстық материалдар. Кен шығатын
жерлер құрамы бойынша өте күрделі және пайдалы материалдармен қатар олардың
құрамында зиянды, экологиялық қауіпті заттар, улы элементтер және олардың
минералды қосылыстары болады: уранның, торий, калий-40 радиоактивті
изотоптары, мышьяк, берилий, селен, фосфор, асбест және т.б.
Облыс өнеркәсібінің жетекші салалары тау-кен оңдеу өнеркәсібі,
химиялық, жеңіл және тағам өнеркәсіптері, электр қуатын, жылуды, газ және
суды өндіру мен тарату, олардың үлесіне барлық облыс өнркәсібі көлемінің
93% келеді. Соңғы кезде Ақмола облысында өнеркәсіптік көлімі өсуі байқалады
және сандық көрсеткіштермен ұсынсақ, 2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы 5-
7% өскен. Өндірістік көлемінің өсуі ауыл шаруашылығында да байқалады, бірақ
айтарлықтай емес (орта есеппен 2% өскен).
Өндірістің өсуіне байланысты қоршаған ортаға түсетін ластаушы заттар
көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда өскені байқалады.[1]

ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

Ақмола облысының қазіргі экологиялық жағдайы әлі де өткір күінде
қалып отыр. Облыстың жер, су, ауаның ластануың азайту үшін міндетті түрде
жедел табиғат қорғау шараларын жүзеге асыру керек. Тұтас Республика бойынша
2003-2004 жылдарға қарағанда қазіргі кезде қаржы бөлу едәуір есе түсті.
Ақмола облысы бойынша 2003 жылы табиғат қорғау шараларына 87,7 милион теңге
бөлінсе 2004 жылы 198,4 милион теңге бөлінген. Ауа басеенін қорғакға 2003
жылы 13 милион теңге бөлінсе 2004 жылы 20 милион теңге бөлінген . Жер
ресурстарын қорғау шараларына 2003 жыл 2,2 милион теңге ал 2004 жылы 2
милион теңге , 2005 жылы 8 милион
болды.
Ауа кеңістігінің ластануы бойынша
Автокөліктерден атмосфераға түсетін ластаушы заттар шығырындылары
көрсеткіштер өзгеруі айтарлықтай емес. 2004 жылдың 4 кварталында 18,81мың
тонна жылжымалы көздер шығырындылары ауаны ластаса, 2005 жылдың 4
кварталында – 20,17мың тонна (7% жоғары); толық 2004 жылы – 92,19 мың
тонна, ал толық 2005 жылы - 94,66 мың тонна (2,7% жоғары
2004жылы – 96,88 мың тонна, ал барлық 2005жыл үшін стационарлы көздер
шығырындылары-130,09 мың тонна (34,3% өскен
2004 жылы – 58,47 мың тонна түзілсе, 2005 жылы 60,28 мың тонна (3%
өсіті).
2008ж. кәсіпорындар шығарған зиянды газдардың көлемі 2007 ж.
салыстырғанда 31,5 мың. тоннаға кеміп 102 мын тонна, қатты заттардың көлемі
200 мың тоннаға кеміп 62 мың тонна күраган. Бүл, эрине, жақсы көрсеткіш.
Тек сол 102 мын тоннаның 13 мың ғана ауаға тазартылып шығарылатыны көнілге
кажау салады.
Жер ресурстарының ластануы бойынша.
2004 жылғы 4 кавртал және 2005 жылғы 4 квартал қалдықар түзілу
қарқынын салыстыру 2005 жылы қалдықтар түзілуінің 9,4 есе өскенін
көрсетеді.
2007 жылы жинақталған қатты қалдықтардың көлемі 25732,495 мың тонна
болып, бұл көрсетикіш 2006 жылмен салыстырғанда 1,8 есе артық болып отыр.
Су ресурстарының экологиялық жағдайы.
2005 жылы 131,135 млн куб метр 2004 жылмен салыстырғанда су жұмсау
127,638 млн куб метр төмендеген кестеде беріген.[5]

Кесте-1

Ақмола облыстық табиғатты пайдалану басқармасының 2005-2008 жылдарға
арналған табиғат қорғау шараларының тізбесі.
№ Жүзеге Қаржылан-дҚаржылан-
асыру ыру дыру ТЭО
Табиғат қорғау шараларының мерзімі мерзімі көздері
түрлері (Жылдар) (млн.теңге
)
1 Су ресурстарын қорғау және 2003 48,0
тиімді пайдалану. Механикалық, 2004 86,7 Облыстық Талдау.
биологиялық және 2005 112,0 бюджет Жобалау
физика-химиялық әдіспен су 2006 143,1 бар
тазарту қондырғыларын өндіріске2007 119,2
еңпзу, модернизация, ағынды
суларды тазарту, қабылдау,
босату жүйелерін енгізу.
Су сапасын жаксарту шараларын
жүзеге асыру.
2 Ауа бассейнін қорғау Шаң-газ 2003 13,0 Облыстық Талдау.
тазарту қондырғысын монтаждау 2004 20,0 бюджет Жобалау
және лайдалануға беру. 2005 8,5 бар
Атмосфералық ауаның жағдайына 2006 21,6
бақы жүргізетін қосындарды 2007
қалпына келтіру.
3 Жер ресурстарын қорғау. Жерді 2003 2,2 Облыстық Талдау
құнарсызданудаң ластанудан жер 2004 5,0 бюджет Жобалау
су эрозиясынан сақтау. Иесіз 2005 6,0 Бар
қалған нысандарды жою. Бүлінген2006 19,5
жерлерді рекультивация. 2007 8,0
Топырақтың ластануын бақылайтын
жүйе құру, оған лаборатория
алып, жабдықтау.
4 Флора мен фаунаны қорғау 2003 14,6 Облыстық Талдау
Биологиялық алуан түрліпікке 2004 20,0 бюджет Жобалау
төнетін хауіп пен қатерді 2005 23,6 бар
аластау. Биотехникалық шаралар 2006 21,0
жүргізу. 2007 18,0
Өрттен кейін орман алқаптарын
қалпына келтіру.
5 Өндірістік және тұрмыстық 2003 6,5 Облыстық Талдау.
қалдықтарды пайдалану 2004 41,3 бюджет Жобалау
Рұқсатсыз төгілген 2005 42,3 бар
қалдық-қоқыстарды жою шараларын2006 34,4
жүргізу, бүлінген жерлерді 2007 80,7
дереу рекультивациялау.
Пестицидтерден босаған
ыдыстарды, жарамсыз улы
химикаттарды залалсыздандыру.
Қалдықтардың кез келген
түрлерін төгіп, үюге арналған
полигондарды жоба, қайта
жаңарту.
6 Ғылыми-зерттеу жұмыстары 2003 - 22,4 Облыстық Талдау.
Жаңа технологиялы табиғат 4,0 бюджет Жобалау
қорғау қондырғыларың 2007 4,3 бар
жабдықтарын нысандарын құру 4,6
мақсатымен жоба-
іздестіру,
тәжірибелік-конструкторлық
жұмыстар
жүргізу. Қоршаған орта
компоненттеріне кері әсерді
азайту мақсатымен аймақтық
кешенді бағдарлама жасау.
Экологиялық аудандастыруды
жүргізу, табиғат ресурстарын
тиімді пайдаланудың аймақтық
бағдарлама-
сын жасау.
7 Радиациялық хауіпсіздік 2003 Облыстық Талдау.
шаралары 2004 11,0 бюджет Жобалау
Радиациялық хауіпті нысандарды 2005 11,6 бар
зерттеу, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР-ң Ақмола облысы
Ақмола облысының көлдер жүйесіне толықтай сипаттама
Ақмола облысының су ресурстарын пайдалану және қорғау
Ақмола облысының табиғи жағдайларының ерекшеліктері
Ақмола болысының іргетасы
Туристік ресурстар тізімін дайындау
Ақмола облысының туристік мүмкіндіктері
Ақмола облысының кейбір орман шаруашылықтарының экологиялық жағдайы
Экологиялық менеджменті және экологиялық басқару
Туризм индустриясына басқа экономика салаларының экономикалық бағыныштығы
Пәндер