Аймақтардың инвестициялық саясатын қарастыру


Мазмұны
Кіріспе
Экономиканың негізі секторы болып сапалатын өнеркәсіпті қайта және жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебі, өнеркәсіп кез келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны жоғары деңгейге көтеру үшін инновациялық - инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету бәсекеге қабілетті тауар өндіруге мүмкіндік берері сөзсіз.
Басқа мемлекеттермен салыстырғанда Қазақстанда өнеркәсіпті дамытуға барлық жағдайдың бар екендігі белгілі. Шикізат қорларының молдығы, еңбек ресурстары мен білімді және интеллектуалды мамандардың жеткіліктігі, жаңа өндірістер құру үшін аймақтардың кеңдігі, жағрапиялық жағынан орналасу тиімділігі, ішкі және сыртқы нарыққа шығудағы бірқатар артықшылықтар - мұның бәрі өнеркәсіп салаларын, соның ішінде өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың алдында жаңа мүмкіндіктер ашады. Әрине, отандық өнеркәсіптің қарқынды дамуына теріс әсерін тигізер факторлар мен кедергілер жоқ емес.
Олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады десек қателеспейміз:
- өтпелі кезеңдегі жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алуда жіберілген қателіктер осы кезге дейін өзінің теріс «жемісін» беруде;
- кәсіпорындардағы табиғи және моралдық тозығы жеткен негізгі қорлардың үлес салмағының басым болуы;
- жаңа техника мен технологияны, шикізат пен комплект бұйымдарын импорттау өндіріс шығындарының артуына әсерін тигізеді, соның салдарынан өнім бағасы қымбаттайды;
- отандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары және импорт алмастыру саясатын тоқтаусыз және табанды түрде жүргізудің болмауы;
- өндірісті кеңейту және әр-тараптандыруды жүргізуде өндіріс басшылары өз мүдделерін тұтынушының талғамы мен талабынан жоғары қоюы;
- өнеркәсіп кәсіпорындарының сыртқы және ішкі инвестицияларға мұқтаждығы, мемлекет бюджетіне тәуелсіз даму үшін өз қаржыларынан құралатын амортизациялық, сақтандыру, резервтік, даму қорларын құра алмай отырғандығы;
- өнеркәсіп салалары арасындағы салааралық, салаішілік компаниялар мен фирмалардың аздығы;
- өндірістік инфрақұрылымның жетілмеуі, сонымен бірге, өнеркәсіпке қызмет көрсетуші әртүрлі инновациялық, инжинирингтік, маркетингтік, консалтингтік құрылымдардың ұсақ түрдегі қызметтерден аса алмауы және осы сияқты көптеген мәселелер көлденең тұруда.
Сондықтан да Президенттің 2004 жылдың 19 наурызындағы Қазақстан халқына жолдауында «мемлекеттік қолдаудың оңтайлы рөлі, бір жағынан, экономиканы барынша ырықтандырып, оның ашықтығына қол жеткізуге, екінші жағынан - инфрақұрылымды жасау және белді салаларды дамытуға жеке меншік секторды тарту жөнінде белсене жұмыс жүргізуде деп білемін» деп атап өткен [1, б. 21] .
Қазақстан өнеркәсібі кен өндіру, өңдеу және электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлу секторларынан тұрады. Осы топтама бойынша талдау жасап көретін болсақ, 2006 жылы статистика мәліметтері өнеркәсіп өндірісінің 47, 9%-ын -кен өндіру өнеркәсібі, 43, 3%-ін - өңдеу өнеркәсібі, 8, 8%-ды -электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлу алатынын көрсетеді. Демек, кен өндіру мен өңдеу өнеркісіптерінің арасында алшақтық онша көп емес. Экономикалық қызмет түрлері 2006 жылы 2003 жылмен салыстырғанда жалпы өнеркәсіпте -2, 0 есе, кен өндіру өнеркәсібінде - 5, 7 есе, өңдеу өнеркәсібінде - 2, 27 есе, электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлу - 1, 23 есеге артқан.
Стратегиялық даму болжамдары бойынша өңдеу өнеркәсіп салалары Қазақстан экономикасының индустриялық негізін құрамақ.
Машина жасау, автомобиль шығару, авиация, мұнай-химия, жоғары технологиялы электрондық техника өндіру- ғылыми жаңалығы жоғары, энергия, материал, еңбек шығындарын үнемдейтін, бірақ қоршаған орта мен адам деңсаулығына қаупі жоқ өнімдер өндіру өнеркәсіпті жаңа индустриялық деңгейге көтеретіні анық.
Импорт көлемін азайту экспортқа бағытталған өнім өндіру барлық дамыған және дамушы елдердің басты мақсаты. Бізде де бұл тұрғыда мемлекеттік деңгейде, жергілікті органдар тарапынан аршынды қадамдар жасалып, оң нәтижелер беріп отыр. Дегенмен, өңдеуші салалардың техникалық деңгейін көтеруде машина жасау өнеркәсібін көтеруге барлық күш-жігер салынуы тиіс деп ойлаймыз.
Себебі, көптеген кәсіпорындар техниканы, құрал-жабдықтарды импорттауға мәжбүр. Минералды шикізатты өндіруден өңдеуге дейін, тамақ, киім, ауыл шаруашылығы, көлік және құрылыстың техникасыз күні жоқ. Республикада машина жасаудың ең қуатты өндірістері көлік және ауыл шаруашылығына қажетті техника өндіруі тиіс.
Машина жасау кешенін дамытудың ұзақ мерзімдік стратегиясы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 9 қыркүйектегі қаулысымен бекітілді. Онда оның негізгі даму бағыттары мен экономикаға қажетті салаларын көтеру жолдары анықталды. Отандық ірі машина жасау зауыттары өзінің мүмкіндігіне қарай жұмыс істеумен шектеліп, қуаттарын барынша толық қолдана алмай отыр. Олар тапсырыс бойынша жұмыс істеп, өз профилінен ауытқып келеді.
Отандық өнеркәсіпті дамыту шараларына нарықтық тетіктерді тиімді пайдалану мақсатында ресурстарды үнемді пайдалану, экологиялық проблемаларды шешу, өндірістік құрылымды дамыту, өнеркәсіп салаларының құрылымын жетілдіру, бәсекеге қабілетті жоғары тауар өндіру мүмкіндігі бар өңдеу салаларына қолдау көрсету (мысалы, квота беру, монополияға қарсы күрес, импорт алмастыру, демпингке қарсы тұру шаралары, бәсекелестікті ынтыландыру және т. с. с), әлеуметтік-экономикалық мәні зор және ғылыми перспективасы жоғары салаларды ынталандыру, кәсіпорындардың экспорттық әлеуетін көтеру, өндірісте ғылыми жаңалықтарды енгізуде тәуекел деңгейін темендетуге ықпал ету және тағы басқалар жатады.
Қазіргі таңда тағы бір маңызды мәселелер қатарына өнеркәсіпте жаңа салаларды Қазақстанның экономикалық, географиялық ерекшелігіне қарай құру, олардың құрылымын жетілдіре түсу болып саналады.
Ірі кәсіпорындар мен өндірістік жүйелер, кластерлер құру бәсекеге қабілетті өнім өндіруге барлық жағынан жағдай жасайды.
Сонымен бірге, өнеркәсіптің индустриялық деңгейін көтеру үшін:
- өнеркәсіп салаларында фирмааралық кооперациялар кұру;
- әртүрлі дамыған елдердің компанияларының стратегиялық альянстарына кіруге талпыныс жасау;
- ғылыми-өндірістік ресурстарды шоғырландыру арқылы шағын ғылыми-техникалық кластерлер құру, экономикалық тиімді ғылыми парктер, шағын бизнес инкубаторларын, технополистер мен аймақтық бірлестіктер құру;
- ҒЗТКЖ-ның әртүрлі субъектілері арасындағы қауымдастықты ұйымдастыру;
- Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына кіру үшін өнеркәсіптің жоспарын құру, оның басты мақсаты етіп ішкі және сыртқы нарықтағы қатаң бәсекелестік күреске басымдылық көрсетуге бейім ірі өнеркәсіп кәсіпорындарын ұйымдастыру, оларға мемлекет тарапынан қолдау көрсету шараларын жүргізу қажет деп ойлаймыз.
Бұл мәселелерді шешудің төте жолы аймақтардың географиялық - табиғи, әлеуметтік - демографиялық ерекшеліктеріне байланысты экономикалық дамытуды инвестициялық тартымдылықты көтеру болып табылады.
Сол себепті «Аймақтың инвестициялық тартымдылығын талдау» тақырыбынағы дипломдық жұмыс бүгінгі күні актуалды болып табылатын Қазақстан аймақтарының инвестициялық саясатының проблемаларына арналған.
Жұмыстың мақсаты - аймақтардағы инвестициялар процесін басқарудың заңдылықты процесстерін анықтау болып табылады. Берілген тақырыпты толығырақ айқындау үшін келесі мәселелер қойылды:
- Қазақстан Республикасындағы жалпы инвестициялардың динамикасы мен қазіргі кездегі жағдайына ерекше көңіл бөлу;
- Аймақтардың инвестициялық саясатын қарастыру;
- Ақмола облысының инвестициялық жағдайын талдау
- ЖШС «Жеке-батыр» кәсіпорынының қаржылық және инвестициялық іскерліктерін талдау;
- Инвестициялық тәуекелдіктерді қарастыру.
Аталған жұмыс 3 тараудан және қортындыдан тұрады. Бірінші тарауда Қазақстан аймақтарының экономикалық даму жағдайы мен инвестициялық процестері қарастырылса, екінші тарауда Ақмола облысы және ЖШС «Жеке-батыр» кәсіпорыны мысалында инвестициялық іскерліктің жағдай талданды, үшінші тарауда аймақтың инвестициялық тартымдылығын көтеру жолдары қарастырылды да, соңында жалпы жұмыс қортындысы келтірілді.
Аталған жұмысты орындау барысында отандық және шетелдің экономист - ғалымдарының еңбектері, Қазақстан статистика агенттігінің мәліметтері, Ақмола облысының экономикалық даму ақпараттары және ЖШС «Жеке-батыр» кәсіпорынының бухгалтерлік есептіліктері пайдаланылды.
Тарау 1. Қазақстан Республикасының аймақтарының экономикалық дамуы және олардың инвестициялық тартымдылығы.
1. 1. Қазіргі кезеңдегі ҚР аймақтық экономикалық саясат ерекшеліктері
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ұзак мерзімге арналған стратегиясы табиғи, әлеуметтік-экономикалық және т. б. аумақтық факторларды толықтай ескеріп, оларды мемлекеттік саясаттың барлық бағыттарында нақтылағанда ғана ғылыми тұрғыдан негізделген және жүзеге асу мүмкіндігі жоғары болады. [2, б. 42]
Қазіргі уақытта республика кеңістігіндегі әлеуметтік-экономикалық даму жағдайларының біркелкі болмауы мемлекет тарапынан жүргізілетін аймақтық саясат ерекшеліктерін анықтайды. Соған орай мемлекеттің аймақтық саясатының мақсаттары мен міндеттері, оларды жүзеге асыру механизмдері анықталады.
Мемлекет нарықтық қатынастардың дамуы барысында кәсіпорындарға толықтай дербестік бере отырып, олардың шаруашылық қызметіне тікелей араласпағанмен де, жанама түрде (салықтар, экологиялық, монополияға қарсы шектеулер т. б. ) араласады. Бұл нарық жағдайында кәсіпорындардың тиімді қызмет етуінің бір шарты деуге болады. Ал егер мемлекет аймақтармен дұрыс өзара қарым-қатынас орнатпаған болса, немесе халықтың өмір сүруін қамтамасыз ететін ортасы болып табылатын мемлекеттің барлық аумақтарының дамуы үшін жауапкершіліктен бас тартатын болса, онда жүргізіліп жатқан реформалардың оң нәтижеге жеткізбейтіндігі анық. Демек, аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеу - бұл олардың дамуының қажетті шарты. [3, б. 214]
Нарықтық қатынастарды қапыптастыру барысында жүргізілген реформалар аймақ аралық саралауды (дифференциация) тым «күшейтіп» жіберді. Нәтижесінде жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнімді (ЖАӨ) өндіру көлемі бойынша республика халқының айырмашылығы он есеге дейін жетті (1-кесте) . Ал АҚШ-та ең «алдыңғы» және ең «артта қалған» штаттарының арасындағы айырмашылық - небәрі 1, 8 есе ғана. Кесте деректері көрсетіп отырғанындай, жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнімнің ең жоғары көлемі - Атырау облысына, ал ең төменгі көлем Жамбыл облысына тиесілі болып отыр. 2006 жылғы деректер бойынша осы екі облыстың жан басына шаққандағы ЖАӨ-дегі айырмашылық 12 есе болған.
Кесте 1
Жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнім, мың теңге
Мұндай тым саралау, әрине, миграцияның күшеюіне, дағдарысты және кедей ареалдардың кеңеюіне, аймақтардың экономикалық өзара әрекет ету механизмінің әлсіреуіне және аймақаралық қарама-қайшылықтардың өсуіне алып келері сөзсіз. Бұл өз кезегінде біртұтас әлеуметтік-экономикалық саясатты жүргізуді айтарлықтай қиындатады. Аумақтық әлеуметтік-экономикалық теңсіздіктер (диспропорциялар) көбінесе объективті сипаттағы себептермен байланысты болғанмен де, оларды «жұмсарту» қажеттілігі айқын. Мемлекеттің тұтастығын сақтауға ұмтылған бір де бір мемлекет аумақтық теңсіздіктердің соншалықты алшақтығына жол бермейді. Мұны дамыған мемлекеттердің тәжірибесі де дәлелдей түседі. Сондықтан Қазақстан үшін әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын тегістеуге бағытталған мемлекеттік аймақтық саясатты жүргізу стратегиялық тұрғыдан маңызды болып табылады. ¥лттық экономиканың тұрақты өсуі елдің проблемалық аймақтарындағы өмір сүру жағдайын жақсартпайынша мүмкін емес. Республиканың қазіргі экономикалық кеңістігі әлеуметтік, экономикалық, экологиялық ерекше проблемаларымен сипатталатын әр түрлі аумақтарды қамтиды. Осы тұрғыдан алғанда және аймақтардың мамандандырылу кағидасына сәйкес республика аймақтарын төрт топқа бөлуге болады:
- шаруашылықтарының құрылымы экспортқа бағытталған;
- индустриялық дамыған;
- агроөнеркәсіптік;
- дағдарыстық. [3, б. 97]
Бірінші топ - стратегиялық сипаттағы минералды ресурстардың айтарлықтай қорларын иеленетін және ғылыми-өндірістік әлеуетінің қарқынды дамуына жеткілікті мүмкіндігі бар, бірақ ауылдық аумақтарының экономикалық-әлеуметтік артта қалуымен, эқологиялық жағдайларының нашар болуымен ерекшеленетін аймақтар. Бұл аймақтарға Қазақстан экономикасының дағдарыстан шығару және тұрақтаңдырудың рөлі беріледі. Осы аймақ топтары үшін төмендегідей проблемалар кешенін шешу қажет деп атап көрсетуге болады:
Аймақтардың дағдарыстығының басты белгілері болып табылатындар:
- өндіріс қарқынының төмендеуі;
- халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі (жан басына шаққандағы табыстың төмендігі) ;
- жұмысбастылыққа қатысты жағымсыз тенденциялардың өрістеуі (жұмыссыздыктың жоғары деңгейі) ;
- демографиялық, экологиялық, әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы проблемалардың күшеюі және т. б. [3, б. 99]
Аймақтардың біркелкі дамымауы іргелі әлемдік үрдістерге жатады. Әрбір елде салыстырмалы түрде өркендеген және артта қалған аймақтар бар - бұл әлеуметтік-экономикалық, табиғи-климаттық, ресурстық және басқа да жағдайлармен байланысты табиғи, аумақтық айырмашылықтар. Осы орайдағы мемлекеттің міндеті шектен тыс жоғары аймақтық саралауға жол бермеу болып табылады.
Мемлекеттегі әрбір аймақ өзімен-өзі жеке дами алмайды, өйткені басқа аймақтардың даму барысына зиянын тигізбес үшін оның ерекшеліктерін де ескеруі тиіс. Сондықтан да экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі аймақтық саясаттың маңызы ерекше бола түседі. Мемлекет әрбір аймақ үшін бағдарлама жасап, сол бойынша аймақтар өзінің даму бағытын жүзеге асырады.
Аймақтық саясатты нақты қалыптастыру үшін еліміздің кеңістікті айырмашылық себептерін көрсету қажет. Оларға жататындар төмендегілер:
- еліміз аймақтарының табиғи-климаттық жағдайының айырмашылығы;
- аймақтың өнімділігін анықтайтын табиғи ресурстарды пайдалану бағыты, саласы және ауқымы. Бұл фактор тек ауыл шаруашылық, сондай-ақ пайдалы қазбаларды игеру ғана емес, өнеркәсіпті орналастыру жағдайына және халықтың өмір сүру жағдайын ұйымдастыруға да әсер етеді;
- аймақтың орналасуының «күрделі» жағдайы, соның әсерінен шығындар артып, бағаның өсуі туындайды. Бұл аймақтың көлік және байланыс қызметтерінің дұрыс дамымауына, оның экономикалық даму деңгейіне ықпал етеді;
- инновация енгізу жағынан артта қалуы, өндірістің ескі құрылымы;
- елдің экономикалық даму тенденциясы;
- тауар өндірісіне әсер ететін технологиялық даму сатысы;
- институционалдық фактор: жалпы және аймақтық саясаттың нысандары, саяси жағдайы, аймақтың даму тарихы және т. б. ;
- орналастырудың физикалық факторлары: аэропорт, көлік жүйесі, өндірістік алаңдардың бар болуы немесе жоқ болуы, байланыс жүйелерімен қамтамасыз етілуі, өндірістік инфрақұрылым;
- әлеуметтік-мәдени факторлар: урбанизация деңгейі, халықтың білім деңгейі, ғылыми орталықтардың бар болуы және т. б; [4, б. 117]
Сурет 1. Аймақты басқару жүйесі және оның мемлекеттік реттеу жүйесінің орны
- орталықпен жүргізілетін макроэкономикалық саясатта аймақтық ерекшеліктердің есепке алынбауы;
- орталық пен аймақтар арасындағы өкілеттіліктер мен міндеттерді жіктеу үрдісінің толықтай аяқталмауы. [4, б. 105]
Сонымен қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік аймақтық саясаты ең алдымен шектен тыс аумақтық теңсіздіктерге жол бермеу және оларды «тегістеу» саясаты болуы тиіс. Бұл жағдайда орталықтандыру мен орталықсыздандырудың тепе-теңдігі қажет. Осыған орай аймақтық дамудың шешілуін әлеуметтік, экономикалық, саяси, құқықтық, мәдени, демографиялық және т. б. шаралар жүйесін талап ететін сан қырлы проблема ретінде қарастыруға болады.
Нарықтық экономикаға өту барысындағы аймақтық саясат біршама өзгермелі болып келеді. Әрбір аймақтың ерекшеліктеріне қарай, кейбір аймақта мемлекет тарапынан нарықтық экономиканың қалыптасуы үшін жалпы құқықтық режимді қолдау жеткілікті болса, басқасында экономикалық белсенділікті ынталандыру қажет, келесі біреуінде, аймақтық экономикаға экономикалық және әкімшілік әсер ету әдістері қажет т. б. [5, б. 57]
Экономикалық саясат, еліміздің және оның жекелеген аймақтарының экономикалық жағдайын қамтамасыз етуге және қойылған мақсаттарға жетуді көздейтін мәселелерді шешуге бағытталуы тиіс. Ал, аймақтық саясаттың мәні жалпы ұлттық мақсаттарға жету үшін аймақтық дамуды басқару болып табылады.
Экономикасы нарықтық қатынастар негізінде дамып отырған елдерде аймақтық дамуға мемлекеттің араласуының екі негізгі мақсатын бөліп қарастырады:
- «әділдік», яғни барлық аймақ тұрғындары үшін жақсы тұрмыс-жағдайына жетудің тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;
- «тиімділік», жалпы ұлттың тұрмыс-жағдайын көтеру мақсатында әр аймақтың өндірістік әлеуетін тиімді пайдалану талап етіледі. [6, б. 151]
Бұл екі мақсат қарама-қайшы да бірыңғай да болуы мүмкін. Мысалы, экономикалық өсу кезеңінде бірінші мақсат басымдыққа ие болса, дағдарыс кезеңінде екінші мақсат алдыңғы орынға шығады.
Қазіргі кезеңде әлеуметтік-экономикалық жүйенің күрделенуіне орай басқарудың көп деңгейлі жүйесі кеңінен таралып отыр. Соған сәйкес қалыптасқан теориялық негіздерге жүгінейік. Жоғары деңгейдегі басқару құрылымы өзінен кейінгі басқару құрылымдарына үш негізгі тәсілмен ықпалын тигізеді:
- мақсаттар қою арқылы;
- белгілі бір күтілетін нәтижені жүктеу арқылы;
- ресурстарға шектеу қою арқылы.
Қазақстанның аймақтық экономикалық саясаты унитарлық мемлекет саясаты ретінде құрылады, Осыған орай, аймақтық экономикалық саясат, орталық үкімітпен қоса аймақтық билік орғандарымен де жүргізілуі тиіс. [3, б. 49]
Аймақтық саясатгы жасақтаудың мәні аймақты басқару функцияларын бөлу қағидаларын, мемлекеттік және жергілікті деңгейде аймақтық саясатты жүзеге асыру қағидаларын, сонымен қатар нақты экономикалық механизмдерді жасақтау болып табылады (2-сурет) .
Сурет 2. Мемлекеттік аймақтық саясаттың құрамы мен құрылымы
Орталық үкімет аймақтық саясатты елімізді дамытудың жалпы ұлттық мақсаттары шегінде жүзеге асырады және экономиканың даму жағдайына тәуелді. Экономикалық дағдарыс кезеңінде - экономикалық мақсаттар, ал экономикалық өсу кезеңінде әлеуметтік мақсаттар артықшылыққа ие болады. Қазіргі уақытта, Қазақстан үшін аймақтық даму мақсаттары ретінде төмендегілерді атауға болады:
1. Әрбір аймақтағы халықтың тұрмыс-жағдайының деңгейін теңестіру;
2. Дағдарыстық аймақтарды құрылымдық қайта құру. Бірінші мақсаттан айырмашылығы теңестіру саясаты жалпы барлық мемлекет үшін жүргізілетіндігімен ерекшеленеді. Дағдарыстық аймақтарды құрылымдық қайта құру тек ірі, жалпы-мемлекеттік бағдарлама көмегімен жүзеге асырылады, кейбір аймақтарда аталмыш міндетті орындау үшін қажет ресурстардың жетіспеушілігі болады. Мемлекеттің негізгі функциясы, артта қалған аумақтарды даму деңгейі жоғары аймақтардың деңгейіне жеткізу, бірақ мұндай жағдай халыққа өз зардабын тигізбеуі тиіс;
3. Аймақтардың кешенді дамуын жеке аймақтық мақсаттармен ұштастыру;
4. Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету. Мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру аймақтық деңгейдегі басқару функциялары рөлінің өсуіне алып келеді.
1. 2. Аймақтар дамуының қазіргі жағдайы және олардың инвестициялық тартымдылығы
Республикамызда соңғы жылдары аймақтық экономикаға, аймақтарды дамытуға, дәлірек айтсақ, республикадағы әрбір аймақтың экономикалық өсуіне, әлеуметтік жағдайына, қаржы жағдайын тұрақтандыруға, халықтың әл-ауқатын көтеруге, отандық және шетелдік инвестицияларды тарту және оны тиімді пайдалануға, өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, сонымен қатар шағын және орта бизнесті дамыту сияқгы мәселелерді шешуге айтарлықтай көңіл бөлініп, нақты іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда. [5, б. 61]
Соның нәтижесі ретінде 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсуі Қазақстанның барлық аймақтарында байқалады. Ең көп өсуге Қызылорда облысында (18, 7%) қол жеткізілсе, ең аз өсу Атырау облысында (0, 3%) орын алды. Өнеркәсіп өндірісінің орташа республикалық деңгейі еліміздің 11 аймағында асып түсті.
Ауыл шаруашылығы саласына келер болсақ, 2006 жылғы бағалау бойынша тұтастай республикада ауыл шаруашылығы-ның жалпы өнімінің көлемі ағымдағы бағамен 606, 7 млрд. теңгені құрады, бұл 2005 жылғы тиісті кезеңдегіден 1, 4% артық.
2006 жылы жалпы аймақтық өнім халықтың жан басына шаққанда 266, 9 мың теңгені құрады, оның ең жоғары көлемі Атырау (1099, 4 мың теңге), Маңғыстау (566, 5 мың теңге) облыстарында және Алматы (625, 7 мың теңге) мен Астана (510, 6 мың теңге) қалаларында байқалады.
Кесте 2
Қазақстан аймақтарының негізгі сипаттамалары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz