Оқушы жастарға патриоттық тәрбие берудегі алғышарттар


Мазмұны
Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі.
Патриоттық тәрбие беру оқушының Отанға деген саналы көзқарасын қалыптастыру деген сөз. Мектептегі алғашқы әскери дайындық пәні Отанымыздың саналы және белсенді күрескерлерін тәрбиелеуге, оларды еліміздің игілігіне жанқиярлықпен еңбек етуге деген көзқарасын қалыптастыруда шешуші рөлге ие. Әр жасжігіт, бойжеткен қыз еліміздің келешегі жолында табанды күрескер болуы керек екенін тебірене сезінуі тиіс. Елжанды, ұлтжанды, ержүрек күрескерлерді тәрбиелеудің негізі мектепте және патриоттық клубтар әскери мектептерде қаланады.
Зерттеудің мақсаты. Патриоттық тәрбиеге байлансты педогогикалық маңызы бар ой-пікірлерді айқындау және жүйелеу, соның негізінде оларды жоғарғы сынып оқушыларының сыныптан тыс іс-әрекеттерінде пайдаланудың қажетті амал-жолдарын анықтау.
Зерттеу объектісі. Жалпы білім беретін орта мектептердегі оқушылардың патриоттық тәрбиесі.
Зерттеу пәні. Жоғарғы сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру процесін тиімді пайдаланудың жағдайлары.
Зерттеудің базасы:
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс Өскемен қаласының №27 орта мектебінде өткізілді.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер оқу орындарында оқушыларға педагогика негізінде патриоттық тәрбие берудің ерекшеліктерін анықтап, жыл бойы әскери-партиоттық шаралар өткізсе, онда оқушыларға патриоттық тәрбие берудің тиімділігі артады.
Зерттеу міндеттері:
1. Патриоттық тәрбиенің әлеуметтік-педагогикалық мәнін, мазмұнын, жүйесін анықтау.
2. Оқушыларға патриоттық тәрбие беруде қазақстандық патриотизм мен ұлттық патриотизм ерекшеліктерін көрсету, мәнін ашу.
3. Педагогика негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие берудің әдістемесін жасап, оның тиімділігін эксперимент жүзінде тексеру.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі болып жеке адамды дамытудың философиялық - психологиялық қағидалары, іс- әрекет теориясы, тәрбие процесінің мәні, құрылысы мен заңдылықтары туралы теориялық - педогогикалық қағидалары, оның жеке адамды қалыптастырудағы рөлі, оқушылардың патриоттық тәрбие проблемасына байланысты жазылған болып саналады.
Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша философиялық, педагогикалық, психологиялық, әдебиеттану, әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау; мектеп бағдарламалары мен оқулықтарын, оқу құралдарын зерттеп, қорыту; сауалнамалар жүргізу, сұрақ-жауап алу, педагогикалық материалдарды саралап жөндеу.
Патриотизм ұғымы азаматтардың қоғамдық өмірдің саяси құрылыма және басқада компанентеріне деген идеалогиялық қарым қатынасын білдіреді. Әр бір адам осы бір жоғары да ізгілікті сезімді әр түрлі түсінетіні белгілі: біреулер бұл ұғымды өз отбасы, істеп жүрген жұмысы, туып өскен және мекен ететін жері мен астастырса, ал екінші біреулер үшін бұл мемелекет, ел, қоғам, қоршаған ортаны тұтасымен қамтитын аса кең мағыналы ұғым.
Патриотизмнің мазмұнына мыналарды жатқызған жөн: адамның өзі туып-өскен жеріне сүйіспеншілік сезімі; ана тіліне құрметпен қарау; Отан мүдделеріне қамқорлық жасау; азаматтық сезімдердің көрніс беруі және Отанға адалдықты сақтау, оның босандығы мен тәуелсіздігін қоғау; әлеументтік және мәдени жетістіктерге деген мақтаныш; Отанның тарихи өткеніне және одан қалған мұраларға, дәстүрлерге құрметпен қарау; өз еңбегін күш жігері мен қабілеттерін Отанның гүлденуіне арнауға ұмтылу. Патриотизмнің мәні туралы сөз еткенде, патриотизм идеялары бағзы замандардан - ақ қалыптасқанын және бұл прогресшіл идеяларды игерудің патриоттық тәрбиеде маңызды мәні бар екенін атап өткен жөн.
Жоғарыда айтылған пікірлерді қуаттай отырып, бізде патриоттық сезім ұрпақтан-ұрпаққа тек мұра ретінде берілмейді, патриотизм - өз Отаннына, туған жерге, елге сүйіспеншілік, ұлтына берілгендік, халық мүдделері үшін құрбандық пен ерлік жолына даяр болу демекпіз.
Дегенмен жаңа тарихи - әлеументтік жағдайда патриотизм ұғымы жоғалып кеткен жоқ. Егемендік пен тәуелсіздікке ие болу жағдайында Республика Президентті Н. Ә. Назарбаев егеменді және тәуелсіз Қазақстан үшін жаңа идеялогияның қажеттігін тұңғыш рет негіздеп, осы идеялогияның негізгі идеяларын бөліп көрсетті. Президенттің айтуынша: «Мемелекеттік идеялогия деген сөздің ауқымы әлде қайда кең, мазмұны терең. Бұл идеялогияның басты мақсаты- тәуелсіздігмізді баянды ету, мына шырғалаң мен дағдарыс кезеңінен елді аман-есен алып өту, осыған дейінгі ғасырлар бойы жасалып келген рухани байлықтарымыздың қайнарларын бұзбай, оны өрісі кең әлемдік өркениетке ұлстыру болса, аса маңызды идеялогиялық міндет - Қазақстандық Отансүйгіштікке тәрбиелеу әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру.
Яғни, көпұлтты Қазақстан халқы үшін отансүйгіштік сезімнің рухани саладағы тату-тәтті тіршілік, азаматтық келісімге ғана емес, мемелекеттің материалдық негізін нығайтуға да тікелей ықпалы бар. Отансүйгіштік рух - қазақ елінің әлемнің өркеиетті елдер көшіне қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орын алуына мүмкіндік беретін бірден бір күш. Жалпы Қазақстандық патриотизм дегеніміз - Қазақстан осында тұрып жатқан барлық ұлттардың ұлттық Отаны дегеніргелі негізге сүйенген ұлттық патриотизмдердің синтезі, қорытпасы. Н. Ә. Назарбаев:
«Қазақстан - біздің отанымыз деген қарапайым ойды қоғамда орнықтыру керек, мұның өзі үлкен ұғымды қамтйды. Сондықтан біздің ортақ үйімізде, ең алдымен, достық пен келісім ахуалын ұстау, қай ұлттан болмасын, әр бір азаматтың парызы. Айтпақшы, бізге қарағанда ұлттар мен халықтардың саны көп оның үстіне өркендеп жатқан мемелекеттер әлемде аз емес. Оның үстіне олардың патриотизмі ерекше дамыған, қоғамда мемелекеттік нышандарға құрметпен қарау қалыптасқан. Мысалы, мектептерде сабақтың басталуы, ант қабылдау, көптеген бұқаралық шаралар мемелекеттік жалауды көтерумен, ән ұранды орындаумен өткізіледі» - деп өте орынды атап көрсетті. Жалпықазақстандық патриотизм тең құқықтық, өзара бірін-бірі байыту, ерлік, өзара көмек, ортақ мақсаттар, мұраттар, ұлтық және жалпы адамзаттың мүдделерді табиғи ұштастыру арқылы жақындасуға, ықпалдасуға саналы түрде ұмтылу принцптері негізінде қазақ ұлттының республикадағы орыс, ұйғыр, неміс және т. б. ұлттық қауымдастықтарымен өзара іс-қыймыл негізінде қалыптасады.
Қазіргі жағдайда жалпы қазақстанды патриоттық тәрбиенің негізгі бағыттары:
- Егеменді және тәуелсіз Қазақстанның жаңа идеологиясын жасау.
- Република азаматының осы жаңа идеологияны терең игеруі Қазақстан Республикасын өзінің Отаны ретінде сезінуі.
- Қоғамдық ұйымдар, әлеументтік және мемелекеттік құрылымдар тарапынан патриоттық тәрбие жөніндегі жұмысты жүйелі жоспарлау және оның тиімділігін бақылау.
- Біртұтас републикалық халық шаруашылық кешенін құру, обылыстар мен аудандар арасындағы өзара байланыстарды, Қазақ ұлттық қауымдастық арасындағы өзара мәдени байланыстарды күшейту.
- Жалпықазақстандық патриоттық тәрбие жақсы жолға қойылған ұжымдардың тәрбиесін зерделеу және оны тарату.
- Қоғамдық бірлестіктердің, партиялардың, мемелекеттік құрылымдардың, электронды техниканың, баспасөздің және жалпықазақстандық патриоттық тәрбиенің рөлін жетілдіру.
- Әр бір азаматтың бойында Қазақстан Республикасының біртұтас халқы жататындығы сана-сезімін тәрбиелеу, республика азаматының жалпыұлттық сезімін тәрбиелеу.
- Адамзаттың бойында Қазақстан республикасының эканомикалық, мәдени және әскери қуатын нығайту, оның мүдделерін қорғауда жауапкершілік пен патриоттық парыз сезімін қалыптастыру.
Патриотизм-әлеуметтік тарихи қалыптасқан сезім. Ол Отанға деген сүйіспеншілік сезім, олай болса ол Отанға қызмет көрсетуден басталады.
1 Әскери-патриоттық тәрбие жүйесі
Осы тұжырымдаманы мазмұндау жастарды патриотизм мен Отанына абыроймен қызмет етуге дайын болуға тәрбиелеуді біршама дербес жүйе ретінде қарастыруды көздейді. Бұл, ең алдымен, әскери-патриоттық тәрбие мақсатының, міндеттерінің, мазмұны мен принциптерінің практикада түрлі буындарды, құрылымдарды, органдарды, осы қызметті жүзеге асыру жолдарының, нысандарының, әдістері мен құралдарының бүкіл әралуандығын қамтитын күрделі тармақталған жүйесі арқылы іске асырылады. Әскери-патриоттық жұмыс жүйесі орнатылған немесе қалыптасқан тәртіпті, бастапқы ұжымнан, топтан бастап жоғары басқару органдарына дейін оның барлық деңгейлеріндегі тәрбие қызметінің мазмұнын көрсетеді. Жүйе әскери-патриоттық тәрбиеге әсер ететін барлық факторларды практикада кешенді есепке алуды қамтамасыз етуге, қоғамның, мемлекеттің мүддесінде, Қарулы Күштерді нығайтуда олардың міндеттерін орындау процесінде тиімділікті арттыруға ықпал ететін қажетті жағдайлар мен механизмдерді жасауға арналған. Тәрбиенің осы бағытының бүкіл жүйесін ұйымдастыруды, оның жұмыс істеуін және оның тиімділігі мен түпкілікті нәтижелерін бақылауды қамтамасыз ететін негізгі институт мемлекет болып табы- лады. Ол өскелең ұрпақты мектепке дейінгі және, ең ал-дымен, бүкіл отбасы тәрбиесі, мектеп деңгейінде, кәсіптік білім алу кезінде, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының деңгейінде, министрліктерде, ведомстволарда және т. б. жерлерде тәрбиелеу процесін ұйымдастырады. Жастардың әскери-патриоттық тәрбиесі - бұл мемлекет саясатының ұзақ мерзімді бағыттарының бірі [1, 4б. ] .
Әскери- мыналарды қамтиды:
1. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, жалпы білім беру мектептерінде, оқу орындарының басқа да түрлерінде тәрбие және оқу процесінде әлеуметтік маңызды құндылықтарды, азаматтылық мен патриотизмді қалыптастыру және дамыту.
а) Жалпы білім беру мектептерінің оқушыларында ерекше және төтенше жағдайлардағы (оның ішінде бастауыш әскери дайындық және дене шынықтыру сабақтарында, оқу-әскери жиындарда, жергілікті жағдайлар мен жалпы білім беретін орта мектеп статусынан аспайтын оқу мекемесініңтипіне қарай әскери және мемлекеттік қызметтің басқа да түрлері, әскери ойын түріндегі екі жақгы тактикалық оқу, ұзақ жорықтар және т. б. ) әрекеттерге дайындықты қалыптастыру.
б) Жастар әскері қозғалысының шеңберінде жастар әскері бірлестіктерінің Республикалық штабының басшылығымен әскери есептік мамандықтар бойынша мамандарды (жас байланысшы, жас танкист, жас десантшы, жас теңізші және т. б. ) дайындау жөніндегі мамандандырылған орталықтарды құру, онда оқушылар әскери қызметшілер мен запастағы офицерлер арасынан алынған тәлімгерлердің басшылығымен өздерінің болашақ әскери мамандықтарын зерделейтін болады.
2. Мемлекеттік және қоғамдық органдар мен ұйымдар, жергілікті билікжәне басқару органдары, Қарулы Күштер, запастағы жауынгерлер, ардагерлер ұйымдары мен бірлестіктері, құқыққорғау органдары мен ұйымдары, кейбір қоғамдық қозғалыстар ұйымдастыратын және жүзеге асыратын жаппай патриоттықжәне әскери-патриоттықжұмыс (патриоттықжәне әскери-патриоттық, мәдени-тарихи және әскери-тарихи, әскери-техникалықжәне әскери-спорттық және басқа да клубтар мен бірлестіктер, арнайы мектептер, курстар, түрлі үйірмелер, спорт секциялары; кпубтар, болашақжауынгердің, офицердің оқу пункттері; патриоттық жұмыс айлықтары мен күндері, іздеу қызметі, әскери- спорттық ойындар, жорықтар және т. б. ) .
Бірінші топ, әскери-патриоттық тәрбие мазмұнының жалпы дамушы компонентіне негізделген, ол жалпы патриоттық сипаттағы аса аумақты және әралуан нысандарды қамтиды
Екінші топ, әскери-патриоттық тәрбие мазмұнының спецификасына негізделген, ол онша әр алуан емес және үлкен әскери және әскери-қолданбалы бағытпен сипатталады. Бұл негізінен практикалық сабақгар, жұмыстар, түрлі ойындар мен т. б. түрінде жүргізілетін нысандар, атап айтқанда, жасөспірімдер мен жастарды әскердің өмірімен және қызметімен, әскери қызметшілер қызметінің және тұрмысының ерекшеліктерімен таныстыру (әскери- техникалық үйірмелер, тактикалық оқу, әскери-спорттық ойындар, спорттыңәскери-қолданбалы түрлері бойынша секциялар және т. с. с. ) [2, 11б. ] .
Әскери-патриоттық тәрбие міндеттерін жоғары тиімді орындау аясында ең басымдысы үшінші топты құрайтын оның мазмұнындағы жалпы, сондай-ақ спецификалық белгілерді оңтайлы үйлестіретін кешенді құрама интеграцияланған нысандарды қолдану болып табылады. Осылай әскери-патриоттық тәрбиенің теориялық және практикалық-қолданбапы компоненттері арасындағы, оның жалпы дамушы бағыты мен спецификалық міндеттері арасындағы алшақтық еңсеріледі [3, 9б. ] . Патриоттық тәрбиені жүзеге асыру үш негізгі компонентті: материалдық- техникалық, оқу және ұйымдастыру құралдарын қамтитын құралдар жүйесін пайдалануды көздейді. Материалдық- техникалық құралдарға оқу аудиториялары, бастауыш әскери оқу бойынша сабақтарға арналған сыныптар мен кабинеттер, мұражайлар, ескерткіштер, мамандандырылған мектептер, әскери-патриоттық клубтар, техника, арнайы жабдық, қару-жарақ, макеттер, оқу алаңдары, спорт қалашықтары, тирлер, тренажерлер, сондай-ақ тиісті бұқаралық ақпарат құралдары, әдебиет пен өнер туындылары жатады. Оқу құралдары әскери-патриоттықтәрбиені ұйымдастыру және өткізу, көзқарасты, сенімді, қажеттіліктер мен мүддені қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікті, оның бостандығы мен тәуелсіздігін сақтауға дайындықты тәрбиелеу, қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету және нығайту туралы, Отанды қорғау функцияларын іске асыруға қатысатын мемлекеттік және әлеуметтік институттар туралы, әскери қызмет және т. б. туралы қоғамдық пікірді қалыптастыру жөніндегі негізгі теориялық және ғылыми-практикалық ұсынымдарды қамтиды. Әскери-патриоттық тәрбиенің ұйымдастыру құралдары - бұл азамат пен патриот тұлғасын қалыптастыру және дамыту жөніндегі жалпы және спецификалық міндеттерді барынша іске асыратын, тиісті нысандарда жүргізілетін материалдық-техникалықжәне оқу құралдары пайдаланылып жүзеге асырылатын, іс-шаралардың бүкіл кешені. Әскери-патриоттық тәрбие құралдарының бүкіл үш түрі өзара тығыз байланысты, бір-бірін толықтырады және осы қызметтің субъектілері мен объектілерінің өзара іс-қимылын жасау процесінде оларды кешенді пайдалану ғана оның басты мақсатына қол жеткізуге ықпал етеді. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру моделі 1 суретте көрсетілген.
Сурет 1 Оқушыларға патриоттық тәрбие беру моделі
1. 1 Бастапқы әскери дайындық пәнінің патриоттық тәрбие берудегі рөлі
Әрбір оқушы өзінің сана-сезімі, ақыл-ой қабілеттілігін, психологиялық, физиологиялық мүмкіншілігін пайдаланып, өзін-өзі даярлау қажет. Мұғалім сабақта оқу амалдарын, әдістемелерді пайдаланып, оқушылардың жоғарыдаға әр түрлі кәсіби қабілеттерін және мүмкіншіліктерін анықтап, осылар бойынша әр түрлі кәсіби қызметтерге бағыттауы керек [4, 352б. ] .
Бұл әр түрлі қабілеттер мен мүмкіншіліктерді орындаудың негізгі амалы, дене тәрбиесі жаттығулары мен теориялық білім. Алғашқы әскері дайындық сабағын дұрыс өткізген мұғалім жеке оқушыларды таңдап алған спорт түрлерінен жоғары жетістікке жетуін ғана емес, барлық оқушылардың денсаулықтарын нығайту, қозғалыс ептілігі мен дағдыларын қалыптастыратын, оларды үлкен өмірге дайындайтын дене тәрбиесі сабағының негізгі бағыттарын құрайды.
Қазіргі мектептерде оқушылардың құзырлықтарын, қызығушылықтары мен қабілеттерін шешуге мүмкіндік бермеген, білім беру процесінде мазмұны, құрылымы және ұйымдастырылуы өзгермеген, осыларды шешетін бейімдік оқыту мектептер құрылмаған.
Алғашқы әскери дайындық азаматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарында әскери қызмет атқаруға дайындық жүйесінің бір бөлігі болып табылатындықтан, қазіргі кезеңде «Алғашқы әскери дайындық» пәнін оқыту Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және Қорғанысы туралы» және «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарына сәйкестікте жүзеге асып отыр.
Алғашқы әскери дайындық - Қазақстан Республикасы азаматтарын Қарулы Күштерде, басқа да әскер және әскери құрамаларда қызмет етуге дайындайтын мемлекеттiк жүйенiң негiзгi құрамы болып табылады [5, 400б. ] .
Алғашқы әскери дайындық меншік түрі мен ведомствалық бағыныштылығына қарамастан, барлық типтегі жалпы білім беретін мектептерде, орта арнаулы оқу орындарында (колледждерде), кәсіптік- техникалық мектептерде (кәсіптік мектеп) әскерге шақырылуға дейінгі және әскерге шақырылу жасындағы білім алушы жастардың міндетті оқытылатын пәні болып табылады.
Әскери-патриоттық тәрбие алғашқы әскери дайындықпен тығыз ұштастырыла отырылып, жастардың әскери iстi жақсы меңгеруiне, төтенше жағдайларда қорғанудың тәсiлдерi мен құралдарын дұрыс пайдалана бiлуiне ықпал ете алуы қажет.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету туралы түсінігін және әскери іс негіздері бойынша оқушылардың білімдерін қалыптастыру, оқушылардың өмірлік қабілеттері мен дағдыларының дамуын қалыптастыруға ықпал ету.
ҚР ҚК туралы Заң қабылдануына байланысты білім беру саласы мен мектептегі АӘД сабағына мемлекеттік пән мәртебесі беріліп, әскерге даярлау мен жас жеткіншекке отаншылдық тәрбие беру жұмысына Үкімет тарапынан көңіл берілуде. Пәннің міндеті - келешекте Отанын, жерін, елін қорғай алатын, ұлттық намысы мол, жігерлі ұл, қыз тәрбиелеу, әскер қатарына сауатты, моральдық жағынан дайын азамат даярлау [6, 54-56б. ] .
Алғашқы әскери дайындыққа үйретудің басты міндеттері негізінде нақты дидактикалық тапсырмалар қарастырылады, оның ішінде аса маңыздысы оқушылардың сенімділігін, саналы түрде Қазақстан Республикасы егемендігін қорғау қажеттілігін, әскери қызметке жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру болып табылады.
Жалпы орта білім беру деңгейі бойынша «Алғашқы әскери дайындық» пәнінің мазмұны пәннің мақсат-міндеттеріне және оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес айқындалады.
Пән бойынша оқу бағдарламасының мазмұнын іріктеуде жалпыдидактикалық ұстанымдар: табиғи үйлесімділік, практикаға бағыт ұстану, сабақтастық, саналылық, көрнекілік, белсенділік, жүйелілік пен бірізділк принциптері басшылыққа алынды.
Үздіксіздік ұстанымы оқытудың барлық сатылары арасында әдіснамалық, мазмұндық, оқытудың әдістемесі мен технологиясы деңгейінде сабақтастықты қамтамасыз етеді.
Көрнекілік ұстанымы нақты жағдайда қарым-қатынастың «болуын» көрсететін барлық көрнекілік құралдарын (вербалды, иллюстрациялық, сонымен қатар мұғалім сабақ барысында қолданатын қимыл-қозғалыстар) пайдалану қарастырылады.
Белсенділік ұстанымы. Мұнда ұстанымның 3 түрі қолданылады: тұлғалық-бағдарланған, мәдени-бағдарланған, іс-әрекеттік бағдарланған ұстанымдары.
Тұлғалық бағдарланған ұстанымына: адекваттық ұстанымы, даму ұстанымы, психологиялық жайлылық ұстанымы кіреді.
Мәдени бағдарланған ұстанымының құрамына келесі ұстанымдар кіреді: әлем картинасы ұстанымы, білім беру мазмұнының біртұтастығы ұстанымы, жүйелілік ұстанымы, әлемге деген мағыналық қарым- қатынас ұстанымы, білімнің бағдарланған қызметі ұстанымы, дүниетаным және мәдени стереотип ретінде мәдениетке сүйену ұстанымы.
Әрекетке бағытталған ұстанымдар тобына оқушының оқу әрекетін реттейтін ережелер кіреді: оқытудың әрекетшілдік ұстанымы, іс-әрекеттен оқу жағдаятына, іс-әрекеттен өмірлік жағдаяттарға басқару арқылы ауысу ұстанымы, оқу-танымдық іс-әрекеттен оқушының өздік іс-әрекетіне (өзіне жақын аймақта) ауысу ұстанымы, алдағы (спонтанды) дамуға сүйену ұстанымы, креативті ұстаным немесе шығармашылыққа мұқтаждықты және шығармашылық біліктерін қалыптастырушы ұстаным.
Жүйелілік және сабақтастық ұстанымдары қайталау, қорыту жолдары және сабақ, тақырып, бірнеше тақырып, тоқсан және т. б. үдерісінде қажетті материалды жүйелендіру арқылы, сонымен қатар келесі дидактикалық ережелерді сақтау арқылы жүзеге асырылады: белгіліден белгісізге, қарапайымнан күрделіге, үйлестіктен өзектіліктікке. ҚР ҚК туралы Заң қабылдануына байланысты білім беру саласы мен мектептегі АӘД сабағына мемлекеттік пән мәртебесі беріліп, әскерге даярлау мен жас жеткіншекке отаншылдық тәрбие беру жұмысына Үкімет тарапынан көңіл берілуде. Пәннің міндеті - келешекте Отанын, жерін, елін қорғай алатын, ұлттық намысы мол, жігерлі ұл, қыз тәрбиелеу, әскер қатарына сауатты, моральдық жағынан дайын азамат даярлау [7, 107-115б. ] .
Осылайша, әскери пәндерді оқыту арқылы Қазақстан Республикасы азаматын тәрбиелей отырып, оқыту арқылы адамгершілік-рухани тұрғыда егемен еліміздің ұлттық сана-сезімі мен намысы оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, еңбекқор, бойында білімге негізделген ізгілікті қасиеттері қалыптасқан азамат тәрбиелеуге болатынына біздің көзіміз жетіп отыр.
Іскер ұстаздың тағы бір жетістігі - пән кабинетін талапқа сай жабдықтауында. Кабинеттегі Абылай хан, Б. Момышұлы, Т. Әубәкіров, Т. Бигелдинов, С. Нұрмағанбетов, сол сияқты жерлестеріміз Қ. Қамзин, С. Мүткенов т. б. туралы деректер оқушыларға ерлік тағылымымен табындырар ұлы тұлғалар туралы сыр шертеді [8, 70б. ] .
«Алғашқы дәрігерлік көмек», «ҚР Қарулы Күштері рәміздері», «Атыс дайындығы», «Саптық дайындық», «Тактикалық дайындық», «Әскерге бару - азамат болу», «ҚР Қарулы Күштерінің жарлығы» сияқты стенділер оқушылардың әскери ережелерді жадында сақтауына әсер етеді. Кабинетте тәулік кезекшілік бөлмесі және қару-жарақ сақтайтын бөлме болғаны абзал. Ортада ұрыс алаңы бейнеленген жайма тақталарын да орналастыруға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz