Бауыржан Момышұлының соғыс өнері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 3
1 Қазақ халқының қаһарман ұлы 5
1.1Бауыржан Момышұлының өмір жолы 5
1.2Бауыржан Момышұлының шығармашылығы 17
2 Бауыржан Момышұлының соғыс өнері 24
2.1Соғысқа дейінгі әскери қызметі және соғыс кезіндегі іс-әрекеті 24
2.2Соғыстан кейінгі академиядағы дәрістері – соғыс тактикасына
қосқан жаңалығы 35
3 Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығы арқылы патриоттық
тәрбие беру 52
Қорытынды 62
Әдебиеттер тізімі 64
Қосымша А 67
Қосымша Б 69
Қосымша В 74

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Ұлы жеңістің 73 жылдығы да келіп өтті.
Қасымызда жүрген ардагерлердің де қатары сиреп барады. Бүкіл адамзат
өміріне, тағдырына қанды шеңгелін алған Ұлы Отан соғысының әрбір адамзаттың
жүрегіне салған жарасы да сол адамдармен бірге азайып бара жатқандай. Бүкіл
әлемдегі Ұлы неміс халқының табанында ұстағысы келген герман фашизмін
жеңуде қазақстандаықтар да КСРО-ның құрамы ретінде бүкіл соғысқа қатысқан
еді. Ерлік көрсеткен адамдар қаншама. Соның бірі де бірегейі – тірлігінде
батыр атағын алмаса да халқы бұл атақты өзі берген адам – Бауыржан Момышұлы
еді. Бұл адам тек талантты әскер басы ғана болған жоқ, сонымен бірге
қаламын қатар жүздірген жазушы да, қоғам қайраткері де болды.
Бауыржан Момышұлы соғыс өнеріне қосқан үлесі жайлы зерттеуіміз
Бауыржан атамыздың тағы да бір қырынан көрсетуіміз болып табылады. Әрине,
зерттеу тақырыбы тәуелсіз және егеменді Қазақстанның Қарулы Күштері
құрылысының қазіргі белесінде өзекті.
Дипломдық зерттеудің негізгі нысаны. Бауыржан Момышұлының - білікті
командир, көреген және стратег ретінде соғыс өнеріне қосқан үлесін зерттеу
болып табылады.
Бауыржан Момышұлының өмірі мен өскен ортасын әскери жолын, әскери-
тарихи қызметі мен мұрасына, өзі қатысқан ірі тарихи оқиғалармен
органикалық өзара байланыста кешенді тарихи зерттеу жүргізу; оның
қызметінің тәжірибесін жинақтау, тәжірибелін кепілдемелер мен теориялық
ұсыныстарын зерттеу пәні болып табылады.
Зерттеудің базасы: Өскемен қаласының №27 орта мектебінде өткізілді.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты – Б. Момышұлының соғыс өнеріне
қосқан үлесін жан-жақты зерттеу. Б.Момышұлының ерліктері мен шығармаларында
көрніс тапқан патриоттық тәрбиеге байлансты педогогикалық маңызы бар
ой–пікірлерді айқындау және жүйелеу, соның негізінде оларды жоғарғы сынып
оқушыларының сыныптан тыс іс- әрекеттерінде пайдаланудың қажетті амал-
жолдарын анықтау.
Алға қойылған мақсатқа жетуде мынадай нақты міндеттерді шешу
көзделді:
- Бауыржан Момышұлының өмірі мен өскен ортасы туралы нақты мәліметтер
беру;
- Бауыржан Момышұлының шығармаларындағы патриоттық идеяларын және
олардың жоғары сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудегі мүмкіндіктерін
анықтау;
- Соғысқа дейінгі әскери қызметі және соғыс кезіндегі іс – әрекетіне
талдау жасау;
- Соғыстан кейінгі академиядағы дәрістері – соғыс тактикасына қосқан
жаңалығының ерекшелігін талдау;
- Бауыржан Момышұлының дүниетанымындағы патриоттық сезімін анықтау.
Зерттеу объектісі. Жоғарғы сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру
процесінде батыр жазушының ерліктері мен шығармаларын тиімді пайдаланудың
жағдайлары.
Дипломның құрылымы. Диплом кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

1 Қазақ халқының қаһарман ұлы

1.1 Бауыржан Момышұлының өмір жолы

Қазақ халқының ұлы перзенті, қаһарман жауынгер, даңқты қолбасшы,
Кеңес Одағының Батыры, әйгілі жазушы Бауыржан Момышұлы – XX ғасыр биігінде
тұрған дара тұлға, қиян-кескі кезеңдерінде алған бағытынан қайтпастан өз
заманының биігіне көтерілген қазақ баласы көзі тірісінде бүкіл Кеңес Одағы
мақтан тұтатын және шет елдер танитын аңыз-адамға айналды.
Қазақ халқының даңқты перзенті Бауыржан Момышұлының аса күрделі өмір
жолы. Ғажайып жазмыштың құдіретті үкімімен мәңгілік даңқ тұғырына
қондырылған Алаш елінің жиырмасыншы ғасырдағы бас батыры, біртуар ардағы –
Бауыржан Момышұлы, Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Көлбастау ауылында 1910 жылы
24 желтоқсанында дүниеге келген.
Өзінің балалық шағын өзінің әжесі Қызтумастың ертегілерін тыңдап,
ауылында өткізеді. Содан Асадағы интернатқа түсіп. Онда үш жыл оқып,
бастауыш мектепті тәмамдадаған.
Ол кезде орта мектеп деген атымен жоқ. Жетіжылдықтың өзі алғаш рет
1921 жылы Шымкентте ашылды. Оған төрт кластық білімі барларды алады екен.
Бірақ ондай білімді шәкірттер аз. Сондықтан үшінші класс бітірген
Бауыржанды соған алды да кетті. Келсе, Бауыржан сияқты балалар Шымкентке
жан-жақтан жиналып қалыпты. Қызылордадан Әбділда Тәжібаев келіпті.
Қазалыдан келген бірнеше бала бар. Қазақстан коммунисі журналының қазіргі
редакторы Құрманбек Сағындықов бәрі сонда бірге оқыды. Бауыржан оқыған
тұңғыш жетіжылдық мектептің үйі Шымкентте әлі күнге дейін бар. Бүгінде ол
Совет Одағының Батыры Қарсыбай Сыпатаев атындағы қазақ орта мектебі. Жеті
жылдықты Бауыржан 1928 жылы бітіріп шықты.
1928 жылы Шымкентте жетіжылдық мектепті бітірген Бауыржан осы күнгі
ҚазПИ ол кезде Орынборда еді. Аздап оқудың дәмін татып алған Бауыржан енді
соған түсіп оқығысы келді. Ойладың, орындадың деген сөз бар емес пе
орыста. Сол айтқандай, ойға алғаны мұң екен, Орынборға тарттып кетеді.
Орынбор деген суық жер екен. Жұқа киіммен барған Бауыржан дірдектеп,
жанын қоярға жер таба алмай жүрді. Институттың директоры Тоқтыбаев деген
қазақ екен. Бір күні бүрсеңдеп институтқа кіріп келе жатқан Бауыржанға, сол
кісі кездесе кетті де:
Әй, қарағым, бері келші, — деп Бауыржанды кабинетіне ертіп апарды.
Тоқтыбаевтың үнемі Бауыржанға көзі түсіп, күйсіз жайын аңғарып жүреді екен.
Ол бірден өз ұсынысын айтты. — Мына киіміңмен, шырағым, сен Орынборда оқи
алмайсың, ауруға шалдығуың мүмкін. Адамға алдымен денсаулық керек. Мә, мына
қағазды бухгалтерге апарып, ақша ал да, еліңе қайт. Мінеки, ВУЗ-дың есігін
бала Бауыржан осылай жапты.
Сонымен, сорайып Жуалыға қайтады. Келе сала әкемсінің 2-3 қойын
сатқызып, кебіс киіп, пальто, малақай сатып алып. Сөйтіп, шыт жаңа болып
киініп гүбірналық (ол кезде Жамбыл, Шымкент, Қызылорда үшеуі бір гүбірна
болатын) оқу бөлімінің бастығы Әшіров деген кісіге келеді. Оған Бауыржан
жеті класс бітіргенін, тұрмыс жағдайына байланысты Орынбордан қайтып
келгенін айтып, қызмет сұрайды. Әшіров қуанып кетті. Сен сияқты білімі бар
қазақ баласын іздеп таба алмай жүрміз ғой, шырағым-ау. Қәне, мен сені
мұғалім етейін,—деп қолыма бір жапырақ қағаз жазып берді. Сөйтіп, Бауыржан
екі жыл бастауыш мектепке мұғалім болады [1, 20-24б.].
Ол тұс ел басқару ісіне баулу үшін жергілікті ұлт адамдарын жоғары
қызметтерге көтеріп жатқан шақ еді. Бурныйда да икемі бар қазақтарды
жоғарылата бастады. Бір жақсысы олардың орынбасарлары мамандар, орыстар
болатын. Білімі аз басшыға істің мән-жайын солар үйретіп отыратын. Сол
тұста бір күні Бауыржанды да жоғарылатып шыға келгені бар емес пе. Ол
былай болды.
Ол кезде райкомда да екі-ақ адам: секретарь мен есепші, райисполкомда
да екі-ақ адам: председатель мен жауапты секретарь жұмыс істейтін.
Райкомымыздың секретары Кабаков деген кісі де, райисполком председателі
Дүйсенғали Бурабаев деген семинария бітірген бұрынғы мұғалім еді. Аудандық
атқару комитетінің жауапты секретары Губанов деген адам орнынан түсіп қалды
да, райком мен райисполком оның орнына кандидатура таба алмай састы.
Бурабаев өзі бұрын мұғалім болған соң ба, кім білсін, әйтеуір, Бауыржанға
тоқтаса керек. Сонымен Бауыржанды ай-шайға қаратпастан, аудандық атқару
комитетінің жауапты секретары етіп тағайындап кеп жіберді.
Жауапты секретарьдың жұмысынан ешбір хабары жоқ ол. Әйтеуір, оңаша
кабинеті бар. Қалқиып сонда отырады. Оңаша отырғаннан кейін Бауыржан не
істеп, не тындыратынын ешкім біліп жатқан жоқ. Сырт жұрт осы бірдеңе
бітіріп отыр деп ойлайтын шығар. Ал ештеңені де ұқсата алмағаны тек
Бауыржанға аян. Бурабаев Бауыржанға ана мәселе, мына мәселе жөнінде
аудандық атқару комитетінің қаулысын, шешімін шығар, ана жерге қатынас жаз,
мына жерге жарлық жібер дейді. Ал Бауыржан олардың қалай жазылатынын да
білмейтін. Бірдеңелерді нобайлап, осылай болар деп тұспалдап, Бурабаевқа
алып барады. Бурабаев ұстамды педагог еді. Бауыржанның жазғандарын алдына
алып отырып, оған ұрыспастан, ренжіместен ерінбей соларды бірі қызыл, бірі
көк түсті қарындашпен түзететін де отыратын. Бауыржанға Бурабаев қып-қызыл
ала етіп берген документтерді қайта көшірумен күн өткізетін. Содан кейін әр
документтің соңына аудандық атқару комитетінің председателі Бурабаев деп
қол қояды, жауапты секретары Момышұлы деп қол қояды. Ал шындығына келгенде,
аудандық атқару комитетінің председателі де, секретары да Бурабаев еді. Не
керек, ақыры Бурабаев Бауыржанды үйретіп шығарды. Сөйтіп, Бауыржан үш жыл
аудандық атқару комитетінің секретары болады.
Иә, райисполкомда үш жыл секретарь болады, Бурабаев Бауыржанға
ұстаздық етті. Содан кейін Жуалыға тағы да екі аудан қосылып, аудан үлкейді
де, енді райисполкомға председатель болып Таран Бердібаев деген кісі келді.
Ал аудандық партия комитетінің секретары болып Ефимов деген жолдас
тағайындалды (кейініректе Хабаровск өлкелік партия комитетінің секретары
болатын осы Ефимов). Бауыржан жаңа председателге Бердібаевқа жақпады. Өзі
сауатты кісі еді. Бауыржан бірдеңені қате істесе, ол үйретудің орнына
тыржиятын болды. Үйретуге үйреніп қалған басы, Бауыржан да тырсия қалып
жүрді. Ақыры ол Бауыржанды секретарьлықтан босатуға айналды. Сол кезде
Бауыржанды Ефимов шақыртты. Соның алдында ғана аудандық милиция бастығы
орнынан түскен еді. Ефимов Бауыржанға сонын орнын ұсынды.
Осыдан кейін Ефимов милиция бастығының орынбасарларын шақыртты.
Оларға Бауыржанды таныстырды да бала демей, бағынындар. Көмектесіндер, —
деді. Сөйтіп, Бауыржан алты ай милиция бастығы болды. Сүзекпен ауырып, ол
қызметтен өзі түсіп қалды. Одан бұрын бастық болған кездегі Бауыржанның
хикаясы.
Сол кезде Сырдария гүбірнасында Емельянов деген аса маңызды істер
жөніндегі тергеуші бар еді. Ол өзі бір өте білімді юрист болатын. Аудандық
милицияға Бауыржан бастық болғаннан кейін, бір күні Жуалыға сол кісі келіп
қалды. Бауыржан бұрын ол кісіні көрмеген. Қаперінде түк жок, кабинетінде
отырған еді, бір тәпелтек кісі кіріп келді. Сәлемдескеннен кейін бас-аяғына
қарап алды да:
— Шырағым, милиция бастығы қайда екен? — деп сұрады. Тегі Бауыржанның
түріне қарап, бастық шығып кеткенде соның орнына келіп отырған жас
милиционерлердің бірі шығар деп ойлаған болуы керек.
— Бауыржан мен,—деп орнынан тұрады.
Ол кісі Бауыржанға документін көрсетті. Сөйтсе Емельяновы осы кісі
екен. Бастық болғанына 5-6 ғана күн болған. Не бар, не жоқты білмейтін.
— Ендеше барып түрмені көрейік, — деді ол.
Келіп. Көреді Адам деген бығып жатыр. Емельянов әркімдермен сөйлесіп,
не үшін жатырсың деп сұрайды. Олар білмейді. Қораға шықты. Қорада 69 ат
байлаулы тұр.
— Бұлар кімдікі?
— Түрмедегі қазақтардікі.
—Аттарын неге қайтармайсындар?—дейді Емельянов. Оны да ешкім
білмейді. Емельянов Бауыржанды ертіп, қайтадан кабиниетке келеді. Содан
кейін сабырмен кодексті алып көрсетті де, түсіндіре бастады.
Түрмеде 250 адам жатыр,—деді ол. — Осының көбіне қамауға берілген
санкция жоқ. Заңсыздық, совет заңын бұрмалаушылық деген осы болады. Адамды
қылмысы болса түрмеге қамауға болар. Бірақ олардың аттарын түрмеге қамауды
кайдан тапқансыздар? Меніңше милиционерлеріңіз өзіне жақпаған адамдардың
бәрін айдап әкеп түрмеге қамай берген. Ал протоколсыз бір адамды түрме
босағасын аттатуға қақыларыңыз жоқ. Әрине, бұл сіздің кінәңіз болмас, сіз
жаңадан ғана тағайындалған екенсіз. Енді осы адамдардың қаншасына протокол
жасалған екен? Соларды тексертіп, осында алдырыңызшы [2, 73б.].
Бауыржан аппаратын шақырып, Емельяновтың тапсырмасын айтты. Жұрттың
бәрі Емельяновтан қорқып зыр жүгірді. Тексерсе 50 адамға протокол
жасалыпты.
Протоколсыз жатқан адамдардың бәрін де қазір барып, түрмеден
босаттырыңыз,—деді Емельянов Бауыржанға. — Ертеңге дейін мен мына
протоколдарды қарап шығайын.
Бауыржан барып екі жүз адамды бірден түрмеден босаттырады. Қазақтар
өздерінің босағандарына сенер-сенбестерін білмей, Бауыржан қайта-қайта
жалтақтап қарай береді. Міне сол кездегі қазақтардың жағдайы осылай болған
еді. Бұның бәріне кінәлі – сауатсыздық болатын.
Бауыржан келмесе, біздің босанатын түріміз жоқ еді, — деп Бауыржанға
рақметті үсті-үстіне жаудырып жатыр. Аттарының жанына жетіп, жалына қолы
тиісімен ырғып мініп, Осы пәлелерден шынымен құтылдық па, жоқ па?
дегендей, арттарына жалт-жалт карасып, дала қойнына сүңгіп, ызғытып кетіп
жатыр, кетіп жатыр [3, 19б.].
Ертеңінде Емельянов протокол заңсыз жасалған деп, тағы да жиырма
адамды босаттырды. Совет азаматтарынан заңсыз бір адамды түрмеге отырғызған
адам өзі түрмеге қамалады деді. Бәріміздің зәреміз ұшты. Әпербақан
милиционерлер моп-момақан болып қалды. Осыдан кейін қылдай қиянат көрсем,
қылыштай қырқып отыруға бекінді ол. Әр түрлі кодекстерді оқыған Бауыржан,
оның әр статьясына зер сала бастады. Емельяновтың ауданға бір келіп-кеткені
Бауыржанға кішігірім бір мектептей болды. Сонымен жұмысын ептеп игеріп, қаз-
қаз басып, қалтақ-құлтақ жүре бастағандай шаққа жетті.
Бір күні ауданымызға Өлкелік партия комитетінің өкілі болып,
жабдықтау халық комиссары Нығмет Сырғабеков деген кісі келді. Сол кісімен
жүріп Бауыржан ауыруға шалдығып өзінің қызметінен түсіп қалады.
Ауруханадан шыққан Бауыржан сәлемдесу және қызмет мәселесін шешу үшін
аяндап отырып, екінші секретарьға барады. Барса, екі беті шарықтабақтай,
екі көзі бақырайған, бұғағы салбыраған, үстелге құрбақадай болып тарбиып,
жабысып қалған бір қазақ екен. Сәлем беріп, жөн-жосығын айтқан Бауыржанға
көзі шарасынан шыға сызданып, жауап бермеді. Паң екенін де, надан екенін де
айырмады. Ол уақыт кадрға тапшы кез еді ғой. Нобайы келген сон жіберіле
салған жандардың бірі болу керек. Отырып-отырып Бағов: Жүре беріңіз,
көрерміз, — деген сөзді әрең айтты. Наразылау болып, жаңа бастықтың
кабинетінен шыққан Бауыржан жолдас-жоралары қызмет істейтін басқа
мекемелерге бас сұғады. Олар Бауыржанның болашақ қызметі жайын сөз етісе
отырып. Жаңа хатшы жайлы айтады. Ал Бауыржан үстел басына отырғызып қойған
құрбақа сияқты екен! — дейді.
Сонымен күліп-күліп тарасқан. Түн ортасында есік тарсылдады. Одан соң
терезе қағылды. Шырт ұйқыда жатқан үй іші төсектен басымызды жұлып-жұлып
алдық. Жолдасы жүгіріп барып есік ашты. Үйге Бауыржанның бұрынғы екі
орынбасары сау етіп кіріп келді. Түстері суық. Шам жаққызып, алдымен үйдің
ішін тінтті. Бауыржанның қағаздарынын арасын ақтарып-төңкерістірді. Үйдің
ішін тінтіп болып, Бауыржанды киіндірді де, абақтыға қарай бұрды. Бауыржан
ыза болып кеттіп. Жоқ, мен онда бармаймын, — деді булығып. — Алдымен мені
қамау үшін жасаған протоколдарыңды көрсетіндер, қылмысым не екенін
айтындар.
Бұл баяғы Емельянов үйреткен өнеге еді. Мені абақтыға апара алмады.
Милиция бөліміне алып келіп, бастықтың кабинетіне қамады. Сөйтіп, кешегі өз
кабинетім бүгін Бауыржанға абақты болды. Таң атқанша сонда тұтқын боп
түнеді.
Таңертең Бауыржанды милиция бастығы болған Есенбаев кабинетіне келді.
Алдында сорайып Бауыржан тұр.
- Өй, сені жын соқты ма?—деді Мұқатай Есенбаев Бауыржанға дүрсе қоя
беріп. Бағовты құрбақа деп атап сені жын соқты ма деймін?—деді милиция
бастығы басын шайқап.
- Оны кім айтты?
- Кім айтқанын неғыласың, түнде Бағов бір үйде қонақта болыпты. Сонда
отырып біреу оған сізді Бауыржан құрбақа деп атады деп жеткізіпті. Бағов
бұлқан-талқан болып, маған телефон соқты. Сені дереу қамауды талап етті.
Бердібаев та соны айтты. Сон-соң мен саған бұрынғы орынбасарларынды
жібергенмін Бауыржанға айтындар дедім. Сөйтіп Бауыржанды босатып жібереді.
Бердібаев Бауыржанға райполеводсоюздің қызметін ұсынады оған бармай қояды.
Комсомолдан да, кәсіподақтан да шығасың. Жаңа біз осылай келістік. Қолынан
келмейтін жұмысты істемеді десеңіздер, шығарыңыздар [4, 25б.].
Ертеңінде комсомолдан да, кәсіподақтан да шығарылған Бауыржан. Екі
билеттен бірдей айрылды. Үшінші күні аудандық газетте: Кетсін
комсомолдан! деген бірінің астына бірі екі мақала басылды. Екеуі де
Бауыржанға арналды. Сөйтіп, абыройдан жұрдай болып, ауылға қайтты.
Ауылға келсе: Бауыржан орнынан түсіп қалыпты. Комсомолдан шығарып
жіберіпті деген хабарды естіп, әкесі біржола шөгіп қалған екен. Үміт
күткен көзінің нұрындай жалғыз баласының жайы мұндай болған соң әке байғұс
әлсіремегенде қайтсін. Әкенің аянышты халін көрген соң менен де қауқар кете
бастады. Оның жүдеу жүзіне қарап, ашудың ащы іркітін сіміріп, үйде жата
бергенмен жан семірмейтін болды. Бауыржанды тыңдап, мінін түзететін Ефимов
болса ауданнан жырақта, демалыста жатыр. Шырт-шырт үзілген шыдам шіркіннен
ол келгенше бір тұтам да қалатын емес. Ойлап-ойлап келгенде ауданға ана
жолы келген Сырғабеков ағай есіне түсті де, сол кісіге барып, бар мұңын
айтуға бел байлады. Бар дүниесін балама деп жинайтын әкелер мейірімінде шек
бар ма? Жәкем (мен әкемді осылай деп атаушы едім) тағы екі қойын сатып,
қаражат етіп қалтама салып берді.
Алматыға келген Бауыржан, әр жақтан келген жастардың оқуға түсіп
жатқан кезін көрді. Шаруасын реттеп алып, оқуға түсіп кетсем жақсы болар
еді деген ойға келді. Осы оймен Сырғабеков ағайдың кеңсесіне кірді.
Нығмет ағай Бауыржанды қуана қарсы алды. Әбден сауығып, жазылдың ба
деп сұрады. Үйішімнің, ел-жұрттың амандығын білгеннен кейін. Ал қалқам,
шаруаңды айта бер, — деді. Екі түрлі шаруамен келдім, ағай,—деп алдымен
өзімді комсомолдан неге шығарғандарын айтып, билетімді қайтып алуға
көмектесуді өтінді. Одан соң оқуға түскісі келетінін білдірді. Сырғабеков
Бауыржанды тындап алды даБауыржанға бір ғана сұрақ қойды, жалғыз ғана
ескертпе жасады. Сол ескертпе өмір бойы есімде сақталып қалды [5, 104б.].
Өлкелік комсомол комитетінің бірінші секретары Қайсар Тәштитов деген
ағаң бар. Осыдан шыққан соң сол кісіге кір. Мен хабарлап қояйын, — деп
телефонын бұрай бастады. Тәштитовпен сөйлесіп болып, Сырғабеков қайтадан
Бауыржанға қарады.— Жаның жүдемеу, жалының сөнбеу үшін, қалқам, Ленин
бейнесі бар билеттен айрылмауың керек. Алдымен комсомолдық билетінді алып
ал.
Сырғабековтың алдынан әрі қызарып, әрі қанаттанып шықтым. Сол
бетіммен ұшып отырып Тәштитовке барды. Ол бір ер көңіл, жайдары кісі екен.
Үлкенді сыйлай алмағаның үшін Нықаң сенің бетінді қызарттым деді. Енді мен
қинамай-ақ қояйын. Бар да, билетінді алып кел, — деп Жуалы аудандық
комсомол комитетіне қағаз жазып берді.— Тез орал, оқуға жолдаманы қайтып
келген соң беремін.
Бұлай дейтіні ол кезде жоғары оқу орнына түсетін жастарға жолдаманы
Өлкелік комсомол комитеті береді екен. Одан кейін, Нығмет ағайдың ақылы
бойынша, Өлкелік кәсіподақ советінің бастығына бардым. Бауыржан қалай
кәсіподақ мүшесінен шығып қалғаны жайлы әңгімені ішек-сілесі қата күліп
отырып тындады. Бауыржан кәсіподақ билетін қайтарып беруді талап етіп,
ауданға ол да қағаз жазып берді.
Сонымен, не керек, құстай самғап, қайтадан ауданға келді. Тәштитовтың
қолы қойылған қағазды қолына ұстатқанында аудандык комсомол комитеті
секретарының көзі шарасынан шығып кете жаздады. Ғафу өтініп, дереу билетін
қайтартып бердірді. Кәсіподақ билетін алып тура ауылына тартты.
Жәке, — деп әкесіне барып. — Міне комсомол билетім, міне кәсіподақ
билетім.
Әкесі қуанғанынан қолы қалтырап кетті. Үй ішіне Бауыржанның қалай
Сырғабековке барғанын, одан соң Тәштитовке кіргенін бәрін тегіс жырдай ғып
баяндап берді.
Е, қызынды оларды осылай ету керек қой! — деп мұны естігенде Момынқұл
көкем біржола өркештеніп кетті. Кейіннен ол ел ішінде кылдай қиянат көрсе:
Бұл қызталақтарды біздің Бауыржанша үйрету керек деп кез келген жерде
күпілдеп шыға келетін болыпты.
Екі-үш күн үйде болып,Бауыржан Алматыға тартты. Онда осы күнгі Гоголь
мен Фурманов көшелерінің қиылысқан жерінде медицина институты болатын.
Ректоры Санжар Аспандияров деген кісі еді. Өзі Халық Комиссары. Бауыржан
дәрігер боламын деп сол кісіге барды. Қабылдаттырды. Жатақханадан орын
бергізді. Алғашқы сабаққа барды. Алғашқы сабақтан кейін-ақ ол институттан
қашып құтылды. Мәселе былай болды.
Алғашқы сабақта бәрінің үстіне халат кигізіп, подвалдағы үйге алып
барды. Үйге кірісімен жалаңаш жайрап жатқан өліктердің үстінен шықты.
Оларды көрісімен денесі дір ете қалды. Ертіп кірген дәрігер:
Бұның атын мәйітхана деп атайды. Мұнда — дей бергенде-ақ Бауыржан
зыта жөнелді. Есік алдына шығып, халатын өткізді де, институтты тастап
қашты. Артынан жаңағы басы жоқ, аяғы жоқ тыр жалаңаш өліктер тырақайлап
қуып келе жатқандай көрінді. Жоқ, оқусыз қалсам да бұл институттын қарасын
кермеймін деп қашып бара жатып. Қанша қашса да, содан он жыл кейін
өліктердің ортасын кешіп жүретінін білмеген еді.
Содан Гоголь көшесін қуалап келе жатса бір үйдін алдында: Ауыл
шаруашылық институты деген жазу тұр. Қуанып кетті. Осыған түсейін, агроном
болайын деп ойлады. Ректоры Ораз Жандосов екен. Осылай да осылай деп жайын
айтты.
Шырағым, — деді ректор, — жеті жылдық біліммен институтқа түсе
алмайсың. Осы институттың екі жылдық кешкі рабфагі бар, соған түс. Халың
қалай, ақшаң бар ма? Жоқ.
Онда сен маған көмекші хатшы болып, бір жағынан айлық ал. Сөйтіп, бір
жағынан кешкі рабфакта оқып, бір жағынан Ораз ағаға көмекші хатшы болып
Бауыржан үш-төрт айдай жүрді. Жандосов өте шешен, ақылды кісі еді.
Кабинетінде көп болмайтын: аңда-мұнда шақырып, отырғызбайтын. Сондықтан
Бауыржан сабағын алаңсыз оқып, отыра беретін.
Бір күні кешке рабфактың оқу ісін меңгерушісі бірер сұрағына жауап
бере алмағаны үшін Бауыржанға жатып кеп ұрысты. Жандосов сияқты білімді
адамның қасында отырып, сабақ білмеуге ұялсаңшы. Және өзі жалақы алып
оқиды. Жалақы алған студент оқушы ма еді? деп жерден алып, жерден салды
[6, 16б.].
Осыдан кейін Бауыржан Ораз ағаға көрінуге ұялды. Өлімнен ұят күшті
деген емес пе, ол кісіге айтпастан, рабфакты да, көмекшілікті де тастап,
кетті де қалды . Енді Сырғабековке де, Тәштитовке де баруының реті жоқ деп
білді. Сөйтіп, салбырап көшеде келе жатқанында артынан біреудің Бауыржан
деген даусы естілді. Жалт қараса бұрын Жуалы аудандық атқару комитетінде
өзіммен бірге қызмет істеген Тимофей Терентьевич Дубовик деген кісі келе
жатыр.
Дубовик жол-жөнекей Бауыржанның хал-жайын сұрады. Асханада отырғанда
өзінің қазір Шымкентте өнеркәсіп банкының басқарушысы болып қызмет
істейтінін айтты. Бауыржанды жай-жапсарына әбден қанғаннан кейін ол
Шымкентке қызметке шақырды. Мен басқаратын банкке экономист боласың, —
деді.
Сөйтіп Бауыржан Шымкент өнеркәсіп банкының қызметкері болып шыға
келді. Дубовик қолын қалтасына салып жатып.— Мә, екі жүз сом ақша. Бұл
сенің әзірге алған авансың болып есептеледі. Мә, мынау Шымкенттегі менің
үйімнің әдірісі. Қазір поезға мініп жүріп кет те, тура біздікіне барып тұр.
Екі-үш күннен соң артыңнан мен де жетемін деді.
Бұл 1931 жылдың бас кезі болатын. Бауыржанның маңғазданып,
бұлданарлық жайы жоқ еді. Асханадан шығысымен вокзалға барды да, билет
алып, бірден Шымкентке тартты [7, 19б.].
Бауыржан Шымкент келіп. Артынан астанадағы жұмысын бітіріп, Дубовик
те қайтып оралды. Келісімен ол: Б. Момышұлы Шымкент өнеркәсіп банкының
экономисі болып тағайындалсын деген бұйрық жазып, қолын қойды да, Корнеев
деген аға экономисті шақыртты. Корнеев Бауыржанға еш нәрсе үйреткісі
келмеді.
Алғашында осқырынып жүргенімен, артынан ол ептеп Бауыржанға үйрете
бастады. Оның тапсырмаларын Бауыржан бұлжытпай орындай берді. Қарт
Бауыржанға бірте-бірте жібіп, жұмсара түсті. Арнаулы білімі болмаса да
экономист боп бір жыл қызмет істеді.
1932 жылы ноябрьде Бауыржанды военкоматқа шақырды. Жиналған
жігіттерді тыр жалаңаштандырып, дәрігерлердің алдынан өткізіп жатыр.
Сіздің де денсаулығыңыз жарамды,—деді комиссар Бауыржанға.— Бірақ
қарт кісінің жалғыз баласы болғандықтан, сізге берілетін жеңілдік бар. Егер
әскерге барғыңыз келмесе, сізді де қалдыруға болады.
Бармаймын деуге аузы бармады.
Барамын, алыңыздар, — деді комиссарға. Ертеңінде үйіне мынадай қағаз
келді:
Келу картасы №20
Азамат Момышұлы Шымкент шақыру комиссиясының ұйғарымы бойынша әскерге
жарамды деп танылып, 8 командаға тіркелді.
Сол себепті ол 1932 жылдың 7 ноябрінде сағат 7-де Шымкент қорғанына
келуге міндетті.
Комиссия председателі (Қол қойған).
Іс жүргізуші (Қол қойған).
(Мөр басылған).
Әскери кызметті Бауыржан Термезде өтеді. Қызыл әскер болды. Жауынгер
қатарында тапсырма орындай жүріп, үздік қызыл әскер атағына ілінді.
Полкымыздың командирі Дмитрий Коваленко деген кісі еді. Бір күні
стрельбищеде болған жаттығуда сол кісінің көзіне түсті. Алғашқы әскери
ұстазы Николай Редин.
Партия мен үкімет әскерде көп қызмет істедің, демал деп, айына екі
жүз сом пенсия тағайындап, ауылына қайтарды. Елге келгеннен кейін екі қолы
алдына сыймады. Қызметке тұрайын десе, мамандығы жоқ. Қалай дәрігер,
агроном бола алмағанын жоғарыда айтты. Мамандығы болмаған соң Бауыржанға
жұмыс бер деп ешкімге айта алмады. Қарап жүруге тағы да болмады.
Сонымен 1933 жылдың аяғында, қақаған қыста, әскерден оралды. Алыстан
аңсап келгенде туған үйін есігін алдынан шығып әкең ашқан қандай ғанибет
десеңші, шіркін! Бауыржан ашаршылық жылдары келген еді үйінде едәуір мүлік
болушы еді. Ертеңінде айналасына көз салса төрдегі жүк те, төсектегі жиһаз
да жұтаңтартып кетіпті. Солардың бәрі тамаққа жұмсалыпты. Бауыржан келген
күні үйде небәрі бір пұттай ғана ұн қалған екен. Сол азғантай ұннан күн
сайын бір уыстап алып, быламық істеп күн көріп отырса керек. Бір үйлі
жанның қыстан шығар бар үміті соған тіреліпті. Үйдің осы жайын көрген
Бауыржан ауырғанына қарамастан 2-3 күннен кейін Шымкентке тартты [8, 36б.].
Алдымен өзімнің ескі ұясы өнеркәсіп банкысына барды. Барса Дубовик
әлі сонда екен. Оны көріп Бауыржан қуанып, Бауыржанды танып ол шаттанып,
екеуі мәз-мейрам болды.
Бұрынғы Корнеев ақсақал кетіп қалған еді, оның орнына аға экономист
болып, Догалин деген кісі келіген. Бас бухгалтер болып сақал-шашы әппақ
қудай Бурмистров деген шал отырыпты. Дубовик Бауыржанды оларға таныстырды.
Дубовик Бауыржанды жалақысы жоғары деп кен істері жөніндегі аға
экономист етіп тағайындады. Бұйрықтың екінші пунктіне Бауыржанға көшіп-қону
қаражатынан босатылсын және 30 сом жәрдем жасалсын деп және қосыпты.
Бухгалтерге есептеттіріп, барлығы 110 сом ақшаны Бауыржанға ұстаттырды да:
Ал, Бауыржан, осы қазір үйіңе жөнел, — деді Дубовик. — Мына ақшаның
жартысынан көбін қарттарға бер. Сен он бес күннен кейін тағы да жалақы
аласың. Өзіңе сол жетеді. 2-3 күн үйінде аунап-қунап, жұмысқа біржола көшіп
кел.
Үйінде екі-үш күн болып, қайтадан Шымкентке келді. Дубовик Бауыржан
келгенше бөлме дайындаттырып коямын деп еді. Ол сөзіңде тұрыпты. Бауыржанға
деп әзірлеттірген оңаша бөлмеге бастығы өзі бастап келді. Соқа басты
жігітке шағын бөлменің өзі даладай болып көрінеді екен. Үстіндегі шинелі
нен басқа не астыға салар, не басқа жастанар ештеңе жоқ. Жапанға шыққан
жалғыз ағаштай болып, бөлменің ортасында сойдиды да қалды [9, 40б.].
Саспа,—деді Дубовик менің қысылып тұрғанымды аңғарып. — Қазір саған
Борис бауырың матрац, жастық, көрпе әкеліп береді. Өзің төсек-орын сатып
алғанша, соны лаждай тұрарсың.
Тимофей Терентьевич аузын жияр-жимаста болған жоқ, есіктен бір
матрацты көтеріп Борис кіріп келді. Оның артынан бір жастық пен көрпе
құшақтап Дубовиктің әйелі енді. Әкесі мен шешесіндей болып камқорлық
жасаған осы бір тамаша семьяның жан жылуы өмір бойы Бауыржанның жүрегінде
қалды. Дубовик сол кезде елуге тақаған кісі еді. Бауыржанның жаңа серіктері
Догалин мен Бурмистров та жақсы адамдар болып шықты. Бауыржанға үнемі
көмектесіп, болысып отырды. Командировкаға шықса олар Бауыржанға бар жайды
түсіндіріп, әлек болып жатады. Бауыржан, сөйтіп, алдымен Ленгір, одан кейін
Ащысай шахталарын тексеріп қайтты. Екі ұстазының айтқандарын бұлжытпай
орындап, керек боп қалар-ау деген мәселелерге өз бетімен назар аударып,
тындырып келген ісін көргенде, Бауыржанның зеректігіне, ыждағаттылығына
олар мәз болады. Міне, өстіп жүргенде бір күні Дубовик орнынан ауысты.
Орнына Георгий Федорович Марченко деген кісі келді. Онымен үш ай
істес болды. Табанының бүрі жоқ, тайғанақ, жалтақ кісі еді. Ондай кісіні
Бауыржан бастығы болмақ тұрғай, құдай болса да ұнатпады. Оның осындай
қылығын көрген Бауыржан, ұстараның жүзіндей болып, күн сайын жұқара берді.
Шымкенттегі осы күнгі атақты қорғасын заводы ол кезде жаңа салынып
жатқан болатын. Бір күні Марченко Бауыржанды сол заводтың финанс жағдайын
тексеріп келуге жұмсады. Дабыл бар. Егер игерілмеген қаражат соншалықты көп
болса, онда заводтын счетын жауып тастау керек деді. Барып тексерді. Завод
ақшаны ала берген. Бірақ соның оннан бірін де игермеген. Сөйтіп,
финансистердің тілімен айтқанда, завод өлі капиталдың астында қалған. Акт
жасады. Сала-саламен көрсетті. Заводтың счетын әзірге жаба тұру керек деп,
Марченкоға баяндады. Ол қол қойды [10, 58б.].
Счетының жабылып қалғанын естіп, бір күні Марченкоға заводтың бас
бухгалтері — Белугин келді. Марченко Бауыржанды шақырды. Өзі қол қойған
документтерді қарап отырды да Марченко: Счеттың жабылуы дұрыс, — деді.
Белугин орнынан атып тұрды. Мынадай бір боқмұрын келіп біздің счетымызды
жаба берсе, онда ол завод ешқашан да салынбайды, — деп айқайлады ол
Бауыржанды нұсқап. Содан соң Марченкоға зіркілдеді. — Қазір кұрылыстың
барлық жұмысы тоқтап тұр. Егер счетымызды осы қазір қайтадан ашпасаңыз мен
сізді сотқа беремін.
Марченконың көзі жыпылықтай бастады. Онда счетты қайтадан ашайық, деп
қарап отыр.
Ашты. Бауыржанның зығырданы қайнады да: Жұмыстан босатыңыз, сіздің
қоластыңызда қызмет істемеймін деп, бастығына дереу арыз жазып апарып
берді.
Сөйтіп Бауыржан жұмыстан босап қалды да ауылына қайтты. Бір күні
Мыңбұлаққа, Момышұлының атына Алматыдан соққан жұмбақ телеграмма сарт ете
түсті. Оны естіген кішкентай ауыл қысық көзін кеңірек ашып, селт ете қалды.
Телеграммада былай делініпті:
Приезжайте за наш счет для переговоров. Бархан.
Бауыржан Алматыға тартып кетті. Вокзалдан түсе сала бірден Барханға
барды. Ұрысатын шығар деп жас әтештей шақарланып, үрпиіңкіреп кіріп еді.
Бірақ Бархан ұрыспады. Тіпті сен неге кызметті тастап кетіп қалдың деген де
жоқ. Бауыржан бір сол қызметті үзіліссіз істеп келе жатқандай сөйледі.
Сізді ең жақсы қызметкеріміз ретінде жоғарылатсақ деген ой келіп еді,
- деді ол Бауыржанға жайлап қана. - Егер келісіміңізді берсеңіз СССР
Өнеркәсіп банкының республикалық басқармасына аға консультант етіп
тағайындар едік те, бұдан былай бірге қызмет істер едік. Келісемін, — деді
Бауыржан. Рақмет, Борис Михайлович, — деді Бауыржан.
Бархан орынбасары мен бухгалтерді шақыртты. Оларға Бауыржанды
таныстырып, орынбасарына Бауыржанға үй бергізуді жүктеді, бухгалтерге көші-
қон қаражатын бер деп міндеттеді. Алматының кеңсесінен орын, көшесінен үй
тиіп, жырғап, жетісіп қалды. Ол кезде Кұрманбек Сағындықов Казсовпрофта
істейтін еді. Ол Бауыржанға өз үйінен темір тесек, көрпе-жастық әкеп берді.
Бархан білімді кісі еді. Қызметкерлеріне әр жайды өзі тікелей ұғындырып,
түсіндіріп отыратын. Дубовиктен кейінгі жарыған бастығы осы кісі болды.
Жақсы бастық —жарты бақыт қой, шіркін! Өйткені ойлы бастық ұқыпты
қызметкерді адам етеді. Ойсыз бастық оқып келген маманды надан етеді.
Бархан Бауыржанды өз кабинетіне оңаша шақырды. Барды. Ол бір өте жайдары
күйде отыр екен. Ленинградқа Финанс академиясының жанындағы бір жылдық
курсқа оқуға жіберді.
Барса жалақысы сол қалпында сақталады деді. Сонымен Бауыржан
Ленинградқа келді. Барханның айтқаны рас болып шықты. Ленинград дегенің ой
жетпейтін өзгеше бір дүние екен. Онымен салыстырғанда Бурный да, Шымкент
те, Әулиеата да, Алматы да айдалада қалды. Тіпті Ленинград ғажайыптарына
әжем айтатын әр алуан ертегілерің де ілесе алмай қалды.
Иә, сөйтіп Бауыржан Ленинградтың көркем ескерткіштерін, көрікті
көшелерін, әсем аландарын күн сайын құмартып аралай берді, аралай берді.
Аралаған, көрген сайын өзімнің іштей түлеп, жаңарып, жақсарып бара жатқанын
байқаған сияқты да болды [11, 67-69б.].
Ленинград! Өмірбойы ауыз жаппай сөйлесеңде айтып тауыса алмайтын
мәңгілік жыр ғой бұл қала деген ой түйді. Содан Бауыржан оқуды бітіріп
келді. Ертеңінде ол Бауыржанды КСРО Өнеркәсіп банкының басқарушысы Туманов
жолдасқа ертіп апарып таныстырды. Бауыржан академия жанындағы бір жылдық
курсты үздік бітіріп келгенін, болашақта өзінің Бауыржаннан жақсы банк
қызметкері шығады деп үміттенетінін айтты.
Туманов Бауыржанның жұмысымның одан сайын жемісті бола беруіне
тілектестік білдірді.
Со бір айлық жиын Бауыржанның барлық болашақ тағдырының тетігі болды.
Егер Бауыржан сол бір айда көзге түспесе, онда Бауыржаннан басқа Бауыржан
шыққан болар еді. Бір айдан кейін қайтып келді. Келген бетте аға
консультант-экономист болып жоғарылатылды. Бар ықыласымен кірісіп жұмысын
тағы да ілгері жүргізіп әкетті. Енді жаңадан алынған жас қызметкерлерге өзі
ұстаздық ете бастады [12, 72б.].
Сөйтіп жүргенде 1936 жылдың мартында Бауыржанды Казвоенкомат шақырды
да, дереу Ташкентке жөнелтті. Келсе, баяғы Бахалов бір айлық жиында ерекше
көзге түскен командир деп, жаңадан құрылып жатқан бөлімге взвод командирі
етіп тағайындатыпты. Ол ортаазиялық әскери округтың 315-ші атқыштар полкына
командир болып тағайындалады. Бір жылдан кейін оның полкы ерекше Қызыл тулы
Қиыр Шығыс Армиясының бөліміне қосылады. Ал Бауыржан жарты ротаның
командирі болды.
Ұлы Отан Соғысының басталмай тұрған кезінде Бауыржан Момышұлы 105-ші
атқыштар дивизиясының қарамағындағы артиллериялық атқыштар бөлімшесінің
командирі қызметінде болады. 1940 жылы Украинаның Житомир қаласындағы 202-
ші арнаулы танкке қарсы шабулдайтын дивизионның командирі болып
тағайындалады. Алайда, 1941 жылдың қаңтарына тәжірибелі сардар Алматыға
қайтарылады. Сол жылдың жаз айларынан бастап жаңадан құрылған 316-шы
атқыштар дивизиясының штабына Қазақстан мен Қырғызстан елінен сарбаздарды
жинай бастайды. Бауыржан қайта жасақталған дивизияның 1073-ші атқыштар
полкының атқыштар батальонына командир болып тағайындалды. Ары қарай
қайнаған соғыс майданы басталып кетеді. Ержүрек сардардың батырлығын
танытқан майдандар аз емес. Солардың ең ерекшесі 1941 жылдың күзінен
басталған Мәскеуді қорғау шайқасы болатын. Ол кезде ол 19-шы гвардиялық
атқыштар полкына командир болады. Оның полкы жұдырықтай жұмылып, фашистерді
Мәскеуге қарай жібермейді. Жасаған ерлігі мен батырлығы үшін, өзіне
жүктелген міндеттерді абыроймен атқарғаны үшін, шешуші кездерде жылдам
түрде нақты шешім қабылдай білгені үшін ол Ленин Орденімен марапатталады.
1942 жылдың тамызынан бастап Панфиловшылар дивизиясында командир болады.
Мәскеуді қорғау майданының Клюкова шайқастарында жарақат алып, біраз уақыт
госпитальда жатады. 1945 жылдың ақпаны мен наурызында Латвия жеріндегі
Приекуле станциясы маңында болған шайқаста ол басқарған дивизияның
солдаттары қарсыластарының қорғаныс шебін тасталқан етеді. Сондай-ақ,
ұрыстың нәтижесінде 15 елді-мекен жаудан азат етіліп, жаудың әскеріне
солдаттар жағынан және әскери техника жағынан үлкен шығын келтіреді [13,
208б.].
Ұлы Отан Соғысы аяқталып, Кеңес үкіметі жеңіске жетіп, фашистік
Германия тізе бүкеннен соң Б.Момышұлы Қазақ КСР-нің Қарулы Күштерінде
әскери қызметтерді атқарады. 1948 жылы Генералдық штабтың әскери
академиясын аяқтады. 1950 жылдан бастап Тыл және Кеңес Армиясын қамтамасыз
ету әскери академиясында аға оқытушы болып қызмет етті. 1955 жылдың
желтоқсанынан бастап запастағы полковник. Б. Момышұлы Қазақ КСР Жазушылар
одағының мүшесі болды.1982 жылы 10-маусымда Алматыда батыр Бауыржан
Момышұлы дүниеден өтті.
Қорыта келгенде Бауыржан отыз жетінің қасабынан аман өтсе де,
ұлтжандылығы, халқын сүйгіштігі оның алдынан өле-өлгенше кедергі болып
кездескені анық. Оны қарсы алдынан атпаса да сыртынан қанжар сілтеген,
қарауылға алғандар, жала мен ғайбатты қарша боратқандар өте көп еді. Аңызға
айналған батыр полковник шенінде, 72 жасында Алматыда қайтыс болды.
Бауыржан Момышұлының соңғы суреттерінің бірінде сақал-мұрты өсіп, жағы
суалған, бет-жүзі жетпіс емес, жүз жасағандай қартайған қария тұр... Ол
көп, өте ұзақ жасаған еді. Бауыржан Момышұлының шендері мен марапаттарына
тоқталсақ.1942 жылдың қазанында Бауыржан подполковник шенін алады. Ал сегіз
айдан соң полковник шеніне көтеріледі.
1945 жылдың 21-қаңтарында Бауыржан Момышұлы Бірінші Балтық жағалауы
фронтының 6-шы гвардиялық әскерінің 9-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының
командирі болып тағайындалады. 1946 жылы К.Е.Ворошилов атындағы әскери
академиясының бірінші дәрежелі Суворов Жоғарғы Орденімен марапатталды.
Бірінші дәрежелі Қызыл Ту Ордені (2 рет), Ленин Ордені мен Отан
Соғысының Ордені, Әскери шайқастағы еңбегі үшін, Мәскеуді қорғағаны
үшін, Қызыл жұлдыз, Еңбек Қызыл Туы, Халықтар достығы және
Германияны жеңгені үшін медальдарымен марапатталған. 1990 жылы 11-
желтоқсанда Кеңес Одағы құламай тұрып ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың ұсынысымен Бауыржан Момышұлына Ұлы Отан Соғысында атқарған
орасан зор еңбегі үшін Кеңес Одағының Батыры атағын тағайындау туралы
жарлық шықты. Негізінде, Бауыржан Момышұлына бұл атақты беру жайлы 1942
жылы Мәскеу түбіндегі ұрыстардан кейін ұсыныс жасалынған болатын. Алайда,
ол ұсыныс ол кезде көздеген мақсатына жете алмады. Ел тәуелсіздік алғаннан
кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен
оған Халық қаһарманы деген атақ берілді. Міне қазақтың біртуар азаматы,
қазақ әскери әдебиетінің негізін қалаушы ағамыздың өмірі осылай болған.
Бауыржан Момышұлының өмірі, шығармашылығы қазақ патриоттарына мәңгілік
өшпес мұра болып қалды [14, 55б.].

1.2 Бауыржан Момышұлының шығармашылығы

Батыр Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24 желтоқсанында дүниеге келген
ол қолына 18 жасында қалам алды. Рас, Бауыржан Момышұлының жазушылық
таланты ерте оянған. Оның менің әкімдік карьерім мансабым ауылдық
милиционерден басталды. Бірақ әдебиеттегі жолымды сол кездің өзінде іздей
бастаған. Ол заманда біздерде қазақтың сауатты жігіттерін, жаңа өмірді
орнатушыларды саусақпен санауға да болатын. Жай жағдайдың ауанына лайық
біздердің ағартушы да, баспагер де, әрі жазушы, әрі редактор да болуымыз
керек. Бірақ әрқайсысымыз өзімізге әуелден тәңірі тағайындаған істі
іздедік, деп, өзінің маңдайына әскери өмірдің қиындығы мен қызығы
бұйырғанын еске алып, тебіренетіні бар. Бауыржан Момышұлының тырнақалды
тұңғыш очеркі 1928 жылы Жуалы ауданының (ол кезде Жуалы, Түлкібас, Сайрам
ауданы бір) Социалистік мал шаруашылығы деген газетінде Тау сағыз бен
көк сағыз деген атпен жарияланды. Осы очеркінің өзінде-ақ Бауыржан
Момышұлының қалам сілтесі, сөз саптауы жұп-жұмыр келіп, келешектегі
жазушының табиғи болмысы елес беріп тұрады.
Бауыржан Момышұлының баспасөзде тұңғыш жарияланған шығармасы қандай
еді? деген сұраққа, уақыт талабына үн қосып жазған шығармасымағы осы очерк
болатын деп айтқан еді. – Тау сағыз бен көк сағыз дегені не сонда? Бұрын
елде резіңке деген бұйым тапшы болған. Сол кезде біздің жақтың басшылары
еңбекшілерге бір арнайы шөп өсіртіп, содан резіңке айыратын. Небір замандар
өтті ғой қазақтың басынан. Бауыржан Момышұлы бір жағынан Кеңес өкіметінің
саясатының ықпалы бар, екінші жағынан әскери қызметтің темірдей тәртібі
бар, кезінде орыс тілінде өндіре жазған сияқты. Иә, бүгінде аса құнды
рухани мұраға айналып отырған Бауыржан Момышұлының жазбалары басым бөлігі
орыс тілінде жазылуымен ерекшеленеді.
Бауыржан Момышұлының шығармашылыққа араласуы. Ол қазақ және орыс
тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген білгендерін арқау етеді. Оның
қаламынан туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгіме,
повестері қалың бұқараның іздеп оқитын шығармаларына айналады.
Бауыржан Момышұлы әдебиетке ерекшелікпен келген екен. Оқырман қауым
батырды алдымен шығармалардың автор ретінде емес, шығармадағы ержүрек
кейіпкер ретінде таныды. Дәлірек айтар болсақ, Александр Бектың
Волоколамск тас жолы (Волоколамское шоссе) повесті арқылы танылған
болатын. Повестің басты кейіпкері панфиловшы офицер, Мәскеуді қорғауға
қатысқан батыр – Бауыржан Момышұлы – болатын. А.Бектің бұл еңбегін батырдың
әңгімелері мен еске түсірулерінің желісімен жазған болатын.
Бауыржан Момышұлы — Офицердің күнделігі, Бір түннің тарихы,
Артымызда Мәскеу әңгімелерінің, генерал И.В.Панфилов туралы Біздің
генерал өмірбаяндық повестінің, Біздің отбасы атты повестер мен
әңгімелер жинағы кітабының авторы. Біздің отбасы туындысы үшін 1976 жылы
Қазақ КСР-нің Мемлекеттік Сыйлыққа ие болады. 1965 жылы Кубалық
кездесулер атты очерктік шығармасын жазды. Артымызда Мәскеу шығармасы
А.Бектің Волоколамск тас жолы шығармасының жалғасы болып табылады [15,
169б.].
Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің,- деп, дана халқымыз айтқандай,
оның бойындағы адамгершілік – асыл қасиет, алдымен анасының ақ сүтінен
дарыса, екіншіден, өскен ортасының тәрбиесінен дарыды деп ойлаймын.
Қаршадайынан-ақ жігерлігі, қайтпас қайсарлығы, бойында бір жұмбақ
күштің жасырынып, жанартаудай өз кезегін күтіп жатқандығы аңғарылады.
Жеті жылдық білім алған Бауыржан ата алғаш еңбек жолын мұғалімдіктен
бастайды, кейін қаржы саласында екі жылдай жұмыс істейді.
1932 – 56 жылға дейін үзбей әскери қызметте болған Бауыржан атаның
жолы - өзінше бір ерлік дастан. Ол Ұлы Отан Соғысының жан беріп, жан
алысқан қиян-кескі майданында-ақ асқан ер жүректілігімен, әділетсіздікке
қаны қас, қиындыққа қайыспас қайсарлығымен, соғыс тактикасын жете
меңгергені, дарынды қолбасшылығымен аңызға айналып, қаншама өнер
туындыларының басты кейіпкеріне айналды.
Бауыржан ата туралы қаншама көркем шығармалар дүниеге келді. Олар
Александр Бектің Арпалыс, Әзілхан Нұршайықовтың Ақиқат пен аңыз, келіні
Зейнеп Ахметованың Шуақты күндер, ұлы Бауыржан Момышұлының Жанымның
жарық жұлдызы және тағы басқа шығармалар еді.
Тумасынан асқан дарынды Бауыржан Момышұлы 1956 жылы ең алғаш қаруын
қаламға айырбастап, бірыңғай жазушылықпен айналысады. Көрнекті жазушының
жазып қалдырған Офицердің күнделігі (1952), Бір түннің тарихы (1954),
Біздің семья ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бауыржан Момышұлы шығармашылығының өзіндік көркемдік сипатын байыптау
Бауыржан момышұлының өмір жолы
Бауыржан Момышұлының өмIрI мен шығармашылық жолы
Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы ерлік пен елдік
Бауыржан Момышұлының өмірімен, негізгі қызметтері
Бауыржан Момышұлы шығармашылығы және қазақ әдебиетімен байланысы
Б.МОМЫШҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫ –ЖАСТАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметі
Б.Момышұлының стенограммалары мен лекцияларындағы батырдың заман құбылысы мен сол кезеңдегі әдебиет майданындағы өзгерістер жайлы айтқан құнды пікірлеріне талдау жүргізу
Бауыржан Момышұлының әдеби мұралары
Пәндер