Қарулы Күштер тылы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе
3
Кіріспе: 1
3: Қазақстан Республикасының Қарулы күштері
5
Кіріспе: 1. 1
3: Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылуы
5
Кіріспе: 1. 2
3: Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің жарғылары туралы ұғым
11
Кіріспе: 1. 3
3: Қазақстан Қарулы Күштері қатарында әскери қызметшілердің негізгі міндеттері
14
Кіріспе: 2
3: Қазақстан армиясы
18
Кіріспе: 2. 1
3: Қазіргі Қазақстан армиясы
25
Кіріспе: 2. 2
3: Республикалық «Ұлан» арнаулы әскери құрамасы
31
Кіріспе: 2. 3
3: Қазақстан Республикасының әскери доктринасы
37
Кіріспе: 2. 4
3: Қазақстан Армиясының қарулары
38
Кіріспе: 2. 5
3: Тұңғыш қазақ генералы
40
Кіріспе: 2. 6
3: Әскерлердегі негізгі проблемалар және оларды шешу жолдары
41
Кіріспе: 3
3: Қазақстан Республикасының Конституциясы мен егемендігін қорғау
48
Кіріспе: 3. 1
3: Қазақстан қарулы күштерінің болашағы
55
Кіріспе: Қорытынды
3: 58
Кіріспе: Әдебиеттер тізімі
3: 59
Кіріспе: Қосымша А
3: 62
Кіріспе: Қосымша Б
3: 66
Кіріспе: Қосымша В
3: 70

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштеріне биыл 26 жыл толды. Қазақстан Армиясының тарихы 1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсултан Әбішұлы Назарбаевтың Қарулы Күштерді құру туралы Жарлығына қол қойған күннен бастау алады. Осы жиырма алты жыл ішінде еліміздің қорғаныс қабілеті нығайып, шекарасы бекемделді. Жоғарғы Бас Қолбасшының тікелей бастамасымен жоғары жауынгерлік әзірліктегі армия құрылды деуге толық негіз бар. Қарулы күштер - елдің тірегі, қорғаны, тыныштығының тірегі, тұтастығының кепілі болып саналады.

«Қазақстан Республикасының Қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Заңда Отанды қорғау және Қазақстан Қарулы Күштерінде қызмет ету халық пен мемлекет аясындағы Конституциялық міндеті мен парызы болып табылады деп көрсетілген. Өз Отанының қорғаушысы болуға Қазақстанның әрбір азаматы міндетті. Сондықтан да бүгінгі таңда елімізге дені сау, батыл, білімді, тәрбиелі, отансүйгіш азамат қажет. Қазіргі заман ағымы жетіншектерді оқыту мен тәрбиелеуде қоғам алдында қатаң талаптар қойып отыр. Өскелен ұрпақты еліміздің білімді де отансүйгіш патриоттары етіп тәрбиелеу үшін ұстаздарға аянбай еңбек ету керек. Соның ішінде мектептегі алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысының оқушыларға әскери партиоттық тәрбие берудегі міндеті мен жауапкершілігі зор.

Мектепте алғашқы әскери дайындық пәнін оқыту барысында оқушыларға Қазақстан Республикасын қорғау жөніндегі Конституциялық құқықтарын ұғандыру, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің сипаты мен мақсатын, оның бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы мол мағлұматтар беру арқылы, әскери іс пен азаматтық қорғаныстың негіздерін түсіндіру олардың олардың бойында отансүйгіш патриоттық сезімді қалыптастырады.

Зерттеудің мақсаты: Қазақстанның Қарулы Күштерінің құрылуы, Қазақстанның Қарулы Күштерінің міндеттері мен қызметін қарастыру, Қазақстан Қарулы Күштері қатарында әскери қызмет атқарудың мән-маңызын айқындау, қалыптасу, даму жағдайларын нақтылап, Қазақстан Армиясының қызметін, Қазақстан Армиясының құрал-жабдықтарының түрлерін қарастыру.

Зерттеудің міндеттері:

  • тақырып аясындағы зерттеу жұмысы, қосымша мәліметтермен жұмыс, аталмыш тақырыпқа сай деректер мен қосымша статистикалық материалдарды пайдалану;
  • дипломалды практикасы барысында оқушыларға Қазақстанның Қарулы Күштері туралы мағлуматтармен таныстыру.

Зерттеудің базасы: Өскемен қаласының №46 орта мектебі.

Зерттеудің пәні: Қазақстанның Қарулы Күштерінің дамуы.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: дипломдық жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қосымшалардан тұрады. Қолданылған әдебиеттер тізімі бар.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қарулы Күштерге ерекше назар аударып, үнемі бақылауда ұстайды. Елбасы: «Конституция - тәуелсіздіктің бағасыз сыйы. Мемлекеттің тәуелсіздігі тек оның қуатты армиясы бар болғанда, елдің және оның азаматтарының қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілгенде ғана баянды. Бүгін біздің айбынды Қарулы Күштеріміз еліміздің Конституциясын кірпік қақпай қорғап тұр»-деп, Қарулы Күштерге баса мән береді.

Қазақстанның Қарулы Күштері, басқа әскерлері мен әскери құрылымдары тәуелсіз елмен қатар дамып, көптеген өзгерістерді бастан кешірді. Бүгінде біздің мемлекетіміз жоғары деңгейде жабдықталған, ықтимал қатерлерге төтеп бере алатын заманауи армияға ие. Бұл жетістік - Қарулы Күштер, басқа әскерлер мен әскери құрылымдардың даму бағытын заман ағымына, Қазақстан өміріндегі негізгі кезеңдерге сай айқындап отырған Елбасымыздың мемлекеттің қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, ел тыныштығын қорғауға бағышталған салиқалы саясатының жарқын жемісі. Бұл сондай-ақ мемлекет егемендігін қырағы күзететін әскери қызметшілердің тынымсыз еңбегінің жемісі. . Еліміз қауіпсіздігінің, бейбітшілікті қорғаудың мүдделері талап еткен, агрессия құрбандықтарына көмектесу керек болған әрбір сәтте қазақ жауынгері дүние жүзінің алдында қандай да болсын қиыншылықтарды жеңуге әзір тұратын, қалтқысыз, әрі ержүрек патриот, интернационалист ретінде көрінеді.

Қазіргі армия жауынгердің ерік-жігері мен психологиялық төзімділігіне үлкен талап қояды. Ол әскери техникаларды, оның ішінде өте күрделі әскери машиналарды, ракета комплекстері мен радио электрондық жүйелерді, атомдық сүңгуір қайықтары мен дыбыстан жылдам ұшатын әуе кемелерін шебер меңгере білуі керек. Бұл жерде жауынгердің ұйымшылдығы мен тәртіптілігі қажет. Ал әскери тәртіпті білу, оны орындауға әзір тұру - өзіңнің жеке басыңды қалыптастыру мен әскери қызметке дайындалу жолындағы маңызды қадам деген сөз.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 36-бабында былай деп жазылған: «Қазақстан Республикасын қорғау - оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті. Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады».

1 Қазақстан Республикасының Қарулы күштері

Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарында әскери қызмет атқару әрбір қазақ азаматының аса маңызды әрі құрметті міндетінің бірі болып табылады. Қарулы Күштер қатарында қызмет ету - Отанымызды қорғаудағы қасиетті борышыңды өтеу деген сөз.

Отанды қорғауды біздің елімізге шабуыл жасаған сыртқы жаулармен қарулы күрес деп қана түсінбеу керек. Біз Отанымыздың күш-қуатын нығайта отырып, оны бейбіт уақытта да қорғауға ат салысамыз.

Қазір енді Отан қорғаушылар қатарында Ұлы Отан соғысы қаһармандарының ұлдары мен немерелері тұр. Олар әкелері мен аталарының үлесіне тиген қатал сыннан өткен жоқ. Әйтсе де олар армиямыздың, халқымыздың қаһармандық дәстүрлеріне адал, Еліміз қауіпсіздігінің, бейбітшілікті қорғаудың мүдделері талап еткен, агрессия құрбандықтарына көмектесу керек болған әрбір сәтте қазақ жауынгері дүние жүзінің алдында қандай да болсын қиыншылықтарды жеңуге әзір тұратын, қалтқысыз, әрі ержүрек патриот, интернационалист ретінде көрінеді [1, 14б. ] .

Қазіргі армия жауынгердің ерік-жігері мен психологиялық төзімділігіне үлкен талап қояды. Ол әскери техникаларды, оның ішінде өте күрделі әскери машиналарды, ракета комплекстері мен радио электрондық жүйелерді, атомдық сүңгуір қайықтары мен дыбыстан жылдам ұшатын әуе кемелерін шебер меңгере білуі керек. Бұл жерде жауынгердің ұйымшылдығы мен тәртіптілігі қажет. Ал әскери тәртіпті білу, оны орындауға әзір тұру - өзіңнің жеке басыңды қалыптастыру мен әскери қызметке дайындалу жолындағы маңызды қадам деген сөз.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 36-бабында былай деп жазылған: «Қазақстан Республикасын қорғау - оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті. Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады». Бұл сөздердің мәні қандай екендігі жайында өздеріңе ұсынылып отырған библиографиялық құралдағы материалдардан білулеріңе болады.

1. 1 Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылуы

Соғыстан сақтану - адамзаттың ең бірінші мақсаты. Қазіргі кездегі қасіретті болмыстардан - соғыс, қақтығыс, әскери қауіптен және әскери қатер көздерінен арылу армияға арқа сүйемей өтуі мүмкін емес. ҚК мемлекеттің аумақтық тұтастығын сыртқы қауіп-қатерден қорғауды қамтамасыз етуде күш көрсету әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, агрессияға қарсы тұруға міндетті.

Аймақта қалыптасқан әскери-саяси жағдайға байланысты және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) аумағында орын алып отырған саяси және экономикалық процестерді талдай келе, ҚР өз ҚК-ін құруды қолға алды.

Кеңестер Одағы тарағаннан кейін қысқа мерзімде 1992 жылдың 7-ші мамырында ҚР ҚК құрылды. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «ҚР ҚК-ін құру туралы» Жарлығына сәйкес, ҚК-ді тиімді басқаруды шешу үшін Республиканың Қорғаныс министрлігі құрылды. ҚК-ді басқару органдары қалыптастырылды, армияның құрылымы мен саны анықталды, ҚК-дің қызметі мен құрылуы туралы негізгі құқықтық құжаттар даярланды. Оның юрисдикциясына Қазақстан аумағында орналасқан барлық әскерлер кірді. Олар құрылық әскерлері, әскери-әуе күштері, әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері, әскери-теңіз күштері, сондай-ақ ұрыстық, арнайы, тылмен қамтамасыз ету және АҚ-тың әскери құрамалары [2, 10б. ] .

Республиканың ҚК мынадай қағидаларды үйлестіре құрылды: жалпы әскери міндеттілік пен демократиялық басқару, орталықтандыру мен келісім- шарт жүйесі, дара басшылық, мемлекеттік билік органдарының есеп беруі мен бақылауға алынуы. Бұл қағидалар ҚР Конституциясы мен әскери мәселелер бойынша: «ҚР ҚК және қорғанысы жайында», «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы», Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебелері және оларды әлеуметтік қорғау туралы» заңдарында және т. б. заңнамалық актілерде қарастырылған.

ҚР Конституциясында ҚР-ның аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғауға негізделген ҚК-дің міндеттері белгіленген. Осы басты міндеттерден негізгі тапсырмалар анықталады: жоғарғы жауынгерлік әзірлік жағдайында тұру арқылы соғыстың алдын алу; мемлекет шекарасына қол сүғылмаушылықты сақтау; мемлекеттік мекемелер мен әскери нысандарды қорғау және күзету; қарсыластың басып кіруші топтарын құрту және агрессияға тойтарыс беру; агрессия зардаптарын жою және шекарадағы жағдайды қалпына келтіру [3, 197б. ] .

Қазақстанның сыртқы саясаты тең құқықтық және өзара тиімділік қағидалары, басқа елдердің ішкі істеріне қол сұқпаушылық негізінде құрылады. Республика халықаралық аренада бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту үшін, қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеу үшін күреседі. Республика басшылығы стратегиялық жою қаруларын қысқарту туралы келісімдерге, басқа да жаппай жою қару түрлеріне тиым салуға қол жеткізді. Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімге қол қойылды. 1993жылы 31 наурызда ТМД-ның Жарғысы бекітілді, оның үшінші тарауында ұжымдық қауіпсіздік, ынтымақтас мемлекеттердің әскери-саяси бірлестігі туралы мәселелер қарастырылған.

Біздің республика өз қорғаныс мүмкіндіктерін бағалай және әскери қауіптің сипаты мен масштабын болжай отырып, әскери құрылысты ТМД-ға мүше елдер мен қорғаныс одағына кіруді қалайтын басқа мемлекеттермен бірге дамытуды жүргізеді. Мемлекет саясатының бір бөлігі болып табылатын әскери саясат ҚК-дің құрылуы мен міндеттері, мемлекетті қорғау мүддесінде оның әскери қуатын пайдалануға байланыста мәселелер кешенін қарастырады. Оның мәні - армияның әскери қуатын нығайту үшін оны барлық қажетті атериалдармен қамтамасыз етуге, әскери істің барлық саласын үйлесімді дамытуға бағытталған мемлекеттік органдардың өзара байланысты шаралар жүйесі. Ол кең ауқымды мәселелер шешуге бағытталған: әскери құрылыстың теориялық негіздерін даярлау; ҚК техникамен жабдықтау; әскери кадрларды даярлау, орналастыру; әскери бөлімдерде тәрбие жұмыстарын өткізу; әскери өнер және әскери ғылым дамуына басшылық жасау; әскерлерді жауынгерлік және оперативтік дайындау қағидалары; мемлекеттің жұмылдыру мүмкіндіктерін ұлғайту; әскери-үйретілген резервтерді дайындау және т. б.

Дербес қорғаныс құрылысын жүзеге асыра отырып, ҚР өз қауіпсіздігін, сондай-ақ ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімшартқа қол қойған ТМД мемлекеттерінің мүддесін де басшылыққа алады [4, 33б. ] .

Аймақта және Достастық мемлекеттерде қалыптасқан жағдай Қазақстанның дербес ҚК құру туралы шешімді дер кезінде қабылдағанын көрсетіп отыр. Бірақ оның қалыптасуы күрделі экономикалық және әлеуметтік саяси жағдайда өтіп жатыр. Сондықтан ұрысқа дайындық, ұрыстық әзірлік деңгейін төмендетпей, ұйымшылдықты, әскери тәртіптілікті барынша нығайту керек. Республика ҚК шынайы халықтық сипатын сақтап, ТМД ҚК-мен тығыз байланысты агрессорды тежеудің, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудың сенімді факторы болуы тиіс.

Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігі ҚР Президентінің 1992 жылы 7 мамырдағы Жарлығымен ҚР Мемлекеттік қорғаныс комитетінің қайта құрылуының нәтижесінде құрылды. ҚР Өкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы қаулысымен министрлік туралы жаңа ереже бекітілді. Ережеге сәйкес министрлік қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштерінің Бас штабы арқылы ҚР Қарулы Күштеріне басшылықты жүзеге асырған орталық атқарушы орган болып табылды. Бас штаб ҚР Қарулы Күштерін жедел-стратегиялық басқаруды жүзеге асыратын министрліктің құрылымындағы әскери басқару органы болып табылды. Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болды: мемлекеттің әскери саясаты мен ҚР әскери доктринасының мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу; ҚР әскери бюджетінің жобасы жөнінде ұсыныстар әзірлеу; ҚР әскери-техникалық және әскери-экономикалық саясатын лайықты жүргізуде Ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасын, әскери доктринасын әзірлеуге және іске асыруға қатысу; әскери-саяси жағдайға баға беруге, ҚР қауіпсіздігіне төнетін ықтимал қатердің сипаты мен дәрежесін айқындауға қатысу; Қарулы Күштерде мемлекеттік құпияларды қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету; мемлекеттің егемендігін және аумақтық тұтастығын қорғауға Қарулы Күштердің жауынгерлік және жұмылдыру даярлығын үнемі қолдау мен қамтамасыз ету, қарулы шабуылды болдырмау және ҚР-на қарсы агрессияға қарулы тойтарыс беру үшін қажетті жағдайлар жасау; Қарулы Күштер туралы ҚР Конституциясының нормалары мен ҚР нормативтік-құқықтық кесімдерін іске асыруды қамтамасыз ету; Қарулы Күштер түрлерінің, әскер тектерінің және арнайы әскерлердің жедел мақсаты мен міндеттерін айқындау, оларды ҚР басқа әскерлерімен және әскери құралымдарымен, сондай-ақ халықаралық шарттар негізінде басқа мемлекеттердің қарулы күштерімен өзара іс-қимылда қолдану; ҚР Президентінің шешімімен Қарулы Күштерге адам, көлік және материалдық - техникалық ресурстарды жұмылдыруды жүргізу; Қарулы Күштерде идеологиялық және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету; экономиканы жұмылдыру даярлығын ұйымдастыру және ұйымдардың белгіленген жұмылдыру тапсырмасын орындау даярлығын бақылауға қатысу; ғылыми-техникалық және арнаулы зерттеулер мен Қарулы Күштердің мұқтажы үшін әскери кадрларды даярлауды дамыту бағыттарын айқындау; әскери іс-әрекетті жүргізуге байланысты қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету; Қарулы Күштердің қару-жараққа, әскери-техника мен басқа да материалдық жабдықтарға сұранымын, олармен Қарулы Күштерді жұмылдыра өрістетудің жоспарын қамтамасыз ету, қару-жарақтың, әскери техника мен басқа да материалдық жабдықтардың жедел және стратегиялық қорларын жинақтау мен орналастыруды айқындау; әскери қызметшілердің, азаматтық қызметкерлердің қауіпсіздігі мен өмірін және денсаулығын сақтауды қамтамасыз етут [5, 89б. ] .

ҚР Үкіметінің 2002 жылы 14 маусымдағы қаулысымен министрліктің «ҚР Қарулы Күштерінің Құрылық әскерлері бас қолбасшысының басқармасы» құрылды. ҚР Президентінің 2003 жылы 7 мамырдағы Жарлығымен ҚР Қарулы Күштерінің құрылымы бекітілді:

1. Қарулы Күштерге басшылық жасаудың жоғары әскери-саяси органы - соғыс кезінде Қарулы Күштердің бүкіл қызметіне жалпы басшылық жасауды және Штабтар бастықтарының комитеті арқылы оларды басқаруды жүзеге асыратын Жоғарғы Бас қолбасшылық (Жоғарғы Бас қолбасшылық Ставкасы) .

2. Әскери басқару органдары: стратегиялық - Қорғаныс министрлігі (орталық атқарушы орган) және Штабтар бастықтарының комитеті (ведомство) ; жедел-стратегиялық - Қарулы Күштер түрлерінің құрамына кіретін бас қолбасшылардың, Қарулы Күштер әскер тектерінің қолбасшылары мен Қарулы Күштер Тылы бастығының басқармалары; жедел-аумақтық, жедел-тактикалық, тактикалық, жергілікті.

3. Қарулы Күштер түрлері: өңірлік қолбасшылық, әуе қорғанысы күштері; әскери-теңіз күштері.

4. Қарулы Күштер әскер тектері: Аэроұтқыр әскерлер; ракета әскерлері мен артиллерия.

5. Арнаулы әскерлер.

6. Қарулы Күштер тылы.

7. Әскери-оқу орындары мен әскери-ғылыми мекемелер.

ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 6 тамыздағы қаулысымен министрліктің Штаб бастықтарының комитеті және ҚР Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштері құрылды. Министрліктің мынадай мемлекеттік мекемелері құрылды: ҚР Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысының басқармасы; ҚР Қарулы Күштерінің ракета әскерлері мен артиллерия қолбасшысының басқармасы; ҚР Қарулы Күштерінің тыл қолбасшысы басқармасы; ҚР Қарулы Күштерінің Өңірлік әскер қолбасшысының басқармасы ҚР Қарулы Күштерінің Өңірлік әскер бас қолбасшысының басқармасы болып қайта аталды, № 21140 әскери бөлім КР Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы болып қайта аталды. Министрліктің бірқатар мемлекеттік мекемелері қайта аталды. Министрлік туралы ережеге өзгерту енгізілді, атап айтқанда ҚР Қарулы Күштерінің Бас штабы туралы жолдар алынып тасталынды. ҚР Президентінің 2004 жылы 10 қарашадағы Жарлығымен ҚР Қарулы Күштерінің құрылымына бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. ҚР Үкіметінің 2004 жылы 12 қарашадағы қаулысымен министрліктің ҚР Қарулы Күштерінің Өңірлік әскер бас қолбасшысының басқармасы таратылып, ҚР Қарулы Күштерінің әскери даярлық бас басқармасы құрылды. ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 2 ақпандағы қаулысымен. ҚР Қарулы Күштерінің арнайы әскерлері мен Тылы штат санының бекітілген лимиті шегінде ҚР Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік мекемелері құрылды: әскери полиция жасағы (ҚР Қорғаныс министрлігінің күзеті), әскери полиция жасағы (ҚР Қорғаныс министрлігіиің объектілерінің күзеті), әскери полиция бөлімдері және гарнизондардың анықтау және іздестіру бөлімшелері, әскери полиция мамандарын даярлау орталығы, зат қоймасы [6, 209б. ] .

Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамына негізінен 40-жалпы әскери армияның жауынгерлері енді, олар 1979 жылдың 27 желтоқсанында генерал-майор А. Тухариновтың башылығымен Ауғанстан шекарасынан өткен болатын. Жүз мың жауынгері бар бұл топ 9 жылдан астам уақыт моджахедтердің қарулы оппозициясына қарсы әскери операцияларға қатысқан. Женева келісімі бойынша белгіленген мерзімде, яғни 1989 жылдың 15 ақпанында 40-Армияның әскерлері Ауғанстаннан шығарылды. Бүл әскери бөлімдер, әдеттегідей, таратылды, қызметін өтеген солдаттар запасқа шығарылды, ал офицерлер мен прапорщиктер Ауғанстанға келгенге дейінгі өз әскери бөлімдеріне, көбіне отбасы тұратын жерлерге қайтарылды. 40-Армияның штабы Ташкентке көшірілді.

Көптеген «ауғандық» солдаттар мен офицерлердің КСРО Қорғаныс Министрлігі мен Құрлықтағы әскерлердің Бас штабына жолдаған өтініштеріне орай 1991 жылғы 7 маусымда жалпы әскери 40-Армия басқару орталығы Алматыда болып қайта құрылды.

Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамына 40-Армиядан басқа, әскери-Әуе Күштері мен Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерелері, сондай-ақ оларға қызмет көрсету қүрамалары мен бөлімдері кірді.

Қорғаныс министрлігіне осы мемлекеттік институттың құрылымы мен материалдық жағынан қамтамасыз етілуі жөніндегі үйымдастыру мәселелерін шешуге тура келді. Қалыптасу кезеңінде әскери мүліктерді ұрлау мен талан-таражға салудың сан түрлі айла-шарғылары бой көрсете бастағандықтан, әскери техниканың, қару-жарақ пен материалдық- техникалық мүліктердің көшіп-қонуына бақылау орнату қажеттігі туды. Ұйымдастыру кезеңінің мерзімі қатаң түрде белгіленді: үш ай ішінде КСРО-дан қалған әскери мұра қабылданып, әскерлерге тікелей басшылық жасау және ТМД Қорғаныс министрлігінің ведомстволарымен өзара қимыл жасау жүйелері кұрылды. Қазақстан Республикасының әскерлерін қаржылай, материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыз ету мәселелері шешілді.

Еліміздің басышылығы өмірдің аса маңызды салаларының бірі - мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тарихи шешімдер қабылдады. Егемен Қазақстанның Армиясы қауіпсіздікті қамтамасыз ету қүралы ретінде әскери әлеуетті нығайту жолын таңдай отырып, орнықты дамып келеді. Оның заңнамалық негізі Қазақстан Республикасының Конституциясына сүйенеді және «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы», «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және әлеуметтік қорғалуы туралы», «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Заңдармен реттеледі [7, 172б. ] .

Еліміздің қорғаныс қабілеттілігі үшін жауаптылық республика Үкіметіне жүктелген, ол туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 66-бабында баянды етілген, мүнда Үкімет өзінің ең басты міндеттерінің бірі ретінде, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады деп айқындалған. Ал 36-баптың 1-тармағында «Қазақстан Республикасын қорғау-оның әрбір азаматтарының қасиетті борышы және міндеті» деп Қарулы Күштердің негізгі міндеттері тұжырымдалған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ел әскерімен айбынды
Жаппай қырып жою қаруын өндіру, иемдену және өткізу қылмысы, қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтау
Казіргі заманғы ұрыс сипаты
Транспорттагы төтенше жағдайлар.Транспорттық оқиғаларды топтастыру. Соғыс және бейбіт уақытындағы жаппай зақымдау құралдарының түрлері
Қазақстан Республикасының әскери доктринасы
Сталинград шайқасы туралы
Жаппай қырып жою қаруларының түрлері
Батыс Қазақстандағы Сталинград майданы тылының инфрақұрылымының, күштері мен құралдарының қызметі
1941-1945 жылдардағы ұлы отан соғысы жайлы
Химиялық қарудан қорғану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz