Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерен ерлігі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 3
1 Өскемен қаласы туралы 5
2 Ұлы Отан соғысы – тарихтағы ұмтылмас кезең 8
2.1Ұлы Отан соғысы тақырыбының зерттелу жайы 8
2.2Ұлы Отан соғысы және Қазақстан 14
2.3Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерен ерлігі 19
3 Шығыс Қазақстан облысы Ұлы Отан соғыс жылдары 31
3.11941-1945 жылдардағы шығысқазақстандықтардың майданға көмегі 34
4 Шығыс Қазақстан облысының батырлары 40
4.1Қ.Нұрғалиев – Ұлы Отан Соғысының ардагері және халық мұғалімі 54
Қорытынды 59
Әдебиеттер тізімі 61

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Даңғылдар, көшелер, тұйық
көшелер...барлығының өз тарихы, өз тағдыры, атауы бар.
Қаланың келбеті – сәулетімен, сән-салтанатымен ғана өлшенбейді.
Ұлттық сипат беретін көше аттарының да маңызы бар.
Шығыс Қазақстан орталығы – Өскемен қаласы. Өскемен қаласында көптеген
көшелер бар. Олардың атаулары да әр түрлі. Қала көшелерінің көптегені
құрметті азаматтарның есімдерімен аталады. Мысалы: Протозанов Александр
Константинович, 1915 ж.т. 1969-1984 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан
обкомының бірінші хатшысы болған. Осы жылдары Жаңа Сограда теплица, сол
сияқты, құс фабрикасы, кинотетрлар, мәдениет үйлері тұрғызылды; Куленов
Ахат Салемхатович, УК СЦК АҚ бұрынғы президенті. Оның бастамасымен
комбинатта алтын және күміс өндірілді. Ахат Сәлемхатович Ертістің сол
жағалауына тұрғын–үй коттедждері құрылысын ұйымдастырды; Славский Ефим
Павлович, машинажасау министрі кезінде Өскемен қаласын дамытуға еңбек
сіңірді және т.б. Сонымен қатар Өскемен қаласы көшелерінің есімдерімен
аталатын ШҚО жауынгерлері де бар. Осы дипломдық жұмыс барысында ШҚО-ның
жауынгеріның өмірбаяны, ерліктерімен танысамыз.
Зерттеу мақсаты: Ұлы Отан соғысында қатысқан қазақстандықтардың
әскери жолын, әскери-тарихи қызметі мен мұрасына, өздері қатысқан ірі
тарихи оқиғалармен органикалық өзара байланыста кешенді тарихи зерттеу
жүргізу; олардың қызметтерінің тәжірибелерін жинақтау. Ұлы Отан соғысына
қатысқан қазақстандықтардың ерен ерлігін паш ете отырып, жастарды
патриоттық сезімге тәрбиелеу мәселелерін қарастыру.
Зерттеу мақсатының міндеттері:
- тақырып бойынша ізденіс, қосымша деректер бойынша ғылыми-зерттеу
жұмыстары;
- Ұлы Отан соғысы тақырыбын зерттеушілердің еңбектеріне назар аудару;
- жас буындарды патриотизмге тәрбиелеудің теориясы мен практикасына
қатысты қазақстандық, ұлттық тәжірибелерді жетілдіріп, іс жүзінде
қолдану аясын кеңейту.
Қазіргі заман кезеңінде ерекше назар аударатын маңызды мәселелердің
қатарына Ұлы Отан соғысы кіреді. Ұлы Отан соғысы кеңестік халықтар үшін
шыңдалу мектебі болды. Шабуыл жасаспау туралы (23 тамыз 1939 ж) Совет
Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда
соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай
басталды. Соғыстың сипаты - Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық,
жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз
жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды.
Тас түйін болған жауға Кеңес Армиясы қарсы тұрды. Азаттық пен
бостандық үшін күресте жүзден аса ұлттар мен ұлыстар бір жеңнен қол, бір
жағадан бас шығарды. Германияның КСРО-ға соғыс ашудағы мақсаты – Кеңестік
социалистік қоғамдық құрылысты құрту, көп ұлтты Кеңес мемлекетін қирату,
қуыршақ мемлекет құру еді. КСРО-да ұлы герман империясы үшін қуатты шикізат
және қосымша азық-түлік базасын құруды өзінің міндеті деп есептеді. Кеңес
халқы Герман фашизмі мен оның одақтастарына қарсы өз күресін Ұлы Отан
соғысы деп атады,
Кеңес Армиясы мен халқы бір кісідей өз Отанын қорғауға шықты. Бүкіл
еліміз біртұтас әскери лагерьге айналды. Бәрі майдан үшін, бәрі жеңіс
үшін - әрбір кеңес адамы осы ұранмен еңбек етті. Қазақстан біртұтас елдің
бір бөлігі ретінде өзінің ең таңдаулы ұлдары мен қыздарын майданға жіберді.
Республикадан майданға адам алу үрдісі жоғары қарқында жүргізілді.
Армия қатарына 1196164 қазақстандық алынса, соның ішінде әрбір бесінші
қазақстандық майданға аттанып отырды. Көптеген қазақстандықтар жасақталған
бөлімшелерге тіркелді. Мобилизациялық жоспардан тыс, еріктілерден құрылған
бұл бөлімшелердің тең жартысы коммунистер мен комсомолдардан тұрды. Кеңес
халқы соғыстың бірінші күнінен-ақ жауға қарсы табандылықпен қарсы тұрды.
Міне, осы Ұлы Отан соғысында батырлық, ерлік танытқан қаһармандар
ерлігі арқылы оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу – қазіргі уақытта бүкіл
қоғам үшін өзекті мәселе. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар да аз емес.

Зерттеу жұмысының құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім
мен қорытындыдан тұрады. Қолданылған әдебиеттер тізімі бар.
1 Өскемен қаласы туралы

Өскемен – Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсіптік, мәдени және
әкімшілік орталығы болып табылатын Шығыс Қазақстандағы қала. Негізі 1720
жылы қаланған. Қала Ертіс және Үлбі өзендерінің сағасында орналасқан,
ауданы 54, 4 мың гектар жерді алып жатыр.
Қаланы Алтай тауларының Оңтүстік-Батыс бөлігінің құрамына кіретін,
жан-жағынан тау жотасының тарамдарымен қоршалған, өзен алқабы. Шығыс жақта
жоғары нүктелері 800 метрге дейін жететін Шановск жотасының батыс тарамдары
жайылған. Батыс жағындағы жер біраз төмендеп адырлы жазыққа айналады.
Оңтүстік – батысқа және оңтүстікке қарай жер қайтадан біртіндеп биіктейді
және терең шатқалдар мен таулы өзендердің алқаптарымен қиылысқан Қалба
жотасының солтүстік тарамдарына айналады.
Қаладан бірнеше шақырым жерде Монастырь көлінің архипелагы бар. Бұл
қала тұрғындарының және қала қонақтарының танымал демалыс аймағы болып
табылады.
Қазіргі таңда бұл жерде әкімшілік, ғылыми, оқу, медициналық,
көріністік, ойын – сауық мекемелері орналасқан.
Қала экономикасының негізгі бағыттары түсті металлургия, машина жасау
және металл өңдеу, энергетика, жеңіл, орман, азық-түлік өнеркәсіптері болып
табылады. Қалада қара және түсті металлдарды өңдеу бойынша кәсіпорындар,
республика бойынша ірі машина және құрал-жабдықтар зауыты, сонымен қатар
Қазақстандағы Лада автокөліктерінің жалғыз өндіруші зауыт бар. Түсті
металлургия кәсіпорындарында қорғасын, мырыш, алтын, күміс, кадмий, талий
және теллур балқытылады. Соңғы жылдары Өскемен қаласында ғылыми-техникалық
және мәдени салаларында дамыған. 2005 жылдан бастап қалада 58 жалпы білім
беру мектептері, 5 колледж, 3 политехникалық мектеп және студенттер саны 71
758 адам оқитын 8 жоғары оқу орындары бар.
1714 жылы Ресейдің патшасы І Петр Иркеть өзенінің жағасында алтын
құмдар кені бар екендігі мәлім болады. Осылайша, 1715 жылы оның бұйрығы
бойынша Тоыолдан Ертіске қарай жоғары шыққан И.Бухгольцтің қолбасшылығымен
отряд жіберіледі. Көп кешікпей Ямышев бекінісі салынады, одан кейін сол
жерде Семей қаласы қаланады. 1719 жылы І Петр Яркенд алтынының іздеу
мақсатымен қайтадан жаңа отряд жібереді [1, 9б.].
1720 жылдың мамыр айында майор И.М.Лихаревтің экспедициясы Ертіс
бойымен Зайсан көліне қарай бойлай жүзеді. Содан кейін Үлбінің Ертіске құяр
сағасында Усть-Каменогорская немесе дәл осы жерде Ертіс тас тауларының
жоталарынан қаулап шығатын және ары қарай өзін суларын жазыққа құйған.
Бекініс ертіс желісінің шеткі оңтүстік тірелген жері болған. Ол
үйінділермен қоршалған. Осы жерде сарбаздарға арналған казармалар, әскери
госпиталь, әскери бастықтардың пәтерлері, әр түрлі қоймалар және каторга
түрмесінің бөлімшесі (олар осы күнге дейін сақталған) салынған. Бекіністен
тыс бірінші үйлер қамалардан жақын жерде қаланған.
Өскемен сөзінің мәнін тас тауларының жотасындағы саға деп
түсінуге болады; қазақша атауы Өскемен деп айтылады.
Өскемен қаласы Алтай таулары мен Алтай тау бөктерінің қақпасы болды.
Әскери бекіністің қаладың екінші себебі дәл осы аумақта жоңғарлардың
шабуылынан Сібірдегі орыстардың иеліктерін қорғау болған. Алайда, 1757 жылы
Жоңғар хандығының күйреуінен кейін бекініс өз рөлін жоғалтты, және ХІХ
ғасырдың басында Өскемен кенті Моңғол және Қытай арасындағы қызыған сауда
орталығына айналады. Өскемен арқылы Барнаулдың және Орталық Ресейдің метал
зауыттарына Ертіс бойынша көлік немесе кеме арқылы жіберілетін жүктер,
көбінесе кен концентраты өткен. Қаланың ауданында сауда орындары бар базар
алаңы пайда болған, ауыл шарушалық өнімдерінің саудасы жүзеге асырылған.
Өскеменде күнделікті нан, аң терісі, май, былғары, балауыз, бал және басқа
да тауарлар сатылатын жыл сайынғы жәрмеңке өтетін. Осы жерде бай
көпестердің тас дүкендері болған. Сол ғимараттардың кейбіреуі осы күнге
дейін Киров және М.Горький көшесі бойынша сақталған.
1868 жылы халқы 18 ғасырдың екінші жартысында көшіп келген Сібір
казактарынан тұратын кент қала мәртебесіне ие болған. Қала тарихының
парақтарынан осы жерде жағымсыз және қайғылы жағдайлардың көп болғанын
көруге болады. Сонымен, мысалы Өскемен қаласында бір кездері толығымен
жалынымен жалмап өткен өртте, орасан зор залалдан басқа ештеңе әкелмеген су
тасқыныда болған [2, 28б.].
ХХ ғасырдың басында қалада сауда дамуын жалғастырған, кемежай және
темір жолы (Защита бекеті) салынады; Өскемен Алтайдың қазақстандық
бөлігінде алтын өндіру орталығы бола бастайды. Ұсақ және байырғы кен
орындары қарқынды өңделуде. Тарихтағы ресми есептер бойынша шамамен 700 т.
алтын өндірілген. Осы жерлерде табылған салмағы 27, 57 килограммды құраған
сомтума алтыны ерекше назарға ие болған.
Бұдан басқа, қаламыз орыстың әйгілі жазушысы Бажовтың келуімен де
танымалдыққа ие. Осы өңірдің ғажайып көркем орындары гүлді таулардың
шатқалынан көруге құлшынатын оның мыс тауының қожайыны үшін жасалғандай.
Бұл жерде ертегі персонажының жомарт қолымен шашылған бағалы
кристалладардың біреуіне шалынбай қадам жасау мүмкін емес.
XVII ғасырдың соңы – XVIII ғасырдың басында бір көркем өзенінің
жағалауында Өскемен қаласынан қашықта қиратылған тибет шиыршық қағаздардың
үлкен кітапханасы бар ламаистік ғибадатхана болған. Ол туралы әрең
ажыратылатын ғажайып сақталған қиралған орындар еске салады.
Өскеменде монументалдық өнердің, тарихтың, сәулеттің және
археологияның 33 ескеркіші орналақсан. Барлық ескерткіш мемлекеттің
күзетінде. Тағы 9 ескерткіш тізімдік есепте тұр.
Өскемен қаласының көрікті жерлері: Ұлы Отан соғысының азат етуші –
жауынгерлер монументі; Ауғаныстанда жауынгерлік әрекеттерге қатысқан
сарбаздар ескерткіші; Республика алаңындағы мешіт; Андреев Кафедралдық
соборы (Стрелкадағы шіркеу); Абай, Пушкин, Киров, Потанин және Ушановқа
арналған ескерткіштер; Спорт Сарайы; Халықтар достығының үйі; Орталық
Мәдениет Үйі; Металлургтер мәдениет сарайы; Жамбыл атындағы Шығыс Қазақстан
драма театры. Халық үйінің ғимаратында орналасқан (1902); Юбилейный
кинотеатры; Эхо кинотеатры; Hollywood кинотеатры.
Облыстың тарихи мұрағатының мақтанышы шыныда бірегей экспонаттары бар
оның үш мұражайы: Шығыс Қазақстан өлкетану мұражайы; Шығыс Қазақстан өнер
мұражайы; Шығыс Қазақстан Этнографиялық мұражайы үш сыныпты қалалық
училищенің және бір қабатты Мариинск училищесінің ғимаратында орналасқан;
Өскемен қаласының негізгі көрікті орындары: Покров соборы, түрме қамалы
және алтын өнеркәсіпшілері Меновщиктердің (қазіргі облыстық баспахана) және
Валитовтың (қазіргі Қ.И.Сәтпаевтың атындағы геологиялық ғылымдар
институтының Алтай бөлімі) үйлері болған [3, 40б.].
Қаланың негізгі назар аударлық орындары: Өскемен қаласында тарихи
және мәдени мұрағаттың ескерткіштері бар: Ахмет (Ахтам) Рафиков көпестің
үйі мен дүкені – ағаш үй, XIX ғ. соңы – жергілікті маңызды сәулет
ескерткіші; Иван Никонорович Кожевниковтың ыдыс – аяқ дүкені (әрлеуді
тұтқындағы чехтар орындаған) – жергілікті маңызды сәулет ескерткіші, 1914
ж.; Көпес шарап дүңгіршегі – сәулет ескерткіші, 1907ж., жергілікті маңызды;
Василий Логинович Иньковтың дәріханасы – тарихи ескерткіш, жергілікті
маңызды сәулет, XX ғ. басы; Қалалық бастапқы ерлер училищесі –жергілікті
маңызды сәулет ескерткіші, 1881-1896 ж.ж..; Савва Семенов және ұлдары
сауда үйі – сәулет ескерткіші 1910 ж.; Эхо кинотеатры – сәулет ескерткіші
1911 ж.; Алтын өнеркәсіпшісі Андрей Савельевич Меновщиктың конторасы –
сәулет ескерткіші, XIX ғ. аяғы - XX ғ. басы; Мариин әйелдер училищесі –
сәулет ескерткіші 1901 ж.; Сыра зауыт иесінің үйі, Яворовский үйі – сәулет
ескерткіші, 1908 ж.; Шіркеу ерлер училещесі – сәулет ескерткіші, 1897 ж.;
Алғашқы ерлер мектебі – сәулет ескерткіші, 1912 ж.; ШҚО халықтар
достастығының үйі; Байланыс үйі – сәулет архитектурасы, 1959 ж.;
Металлургтер мәдениет сарайы – сәулет ескерткіші, 1957 ж.; Өскемен
қаласының заманауи назар аударарлық орындарының бірі теңіз деңгейінен
биіктігі 522 метрдегі Аблакетка тауында үлкен әріптермен төселген
Қазақстан сөзі болып табылады. Жазу калифорния белестеріндегі Голливуд
әріптерін еске түсіреді. Алайда, сол әріптердің биіктігі 10 метрді құрайды,
ал Өскемен жазуындағы әріптер біраз орташа, ол алты метрді құрайды! Жазудың
қасында қомақты көлемдегі – 12-ге 6 метр Қазақстандық ту орналасқан. Түнгі
уақытта металдық әріптер жарқырай түседі [3, 43-47б.].

2 Ұлы Отан соғысы – тарихтағы ұмтылмас кезең

2.1 Ұлы Отан соғысы тақырыбының зерттелу жайы

Соғыс кезіндегі республика тарихын зер сала зерттеп, алғаш көлемді
монографиялар жазған ғалымдар – Ғ.Әбішев пен М.Қ. Қозыбаевтар болды.
Тарихшы-ғалымдардың зерттеулерінде Ұлы Отан соғысы кезіндегі елдің дамуы,
қазақстандықтардың майдан мен тылдағы жеңіске қосқан үлестеріне лайықты
баға беріліп, Қазақстан-майдан арсеналы деген қорытынды жасалды. Алайда
еңбектердің коммунистік идеология тұрғысынан жазылғандығы айқын көрінеді.
Сонымен қатар осы кезеңде А. Нүсіпбековтың еңбектері, О. Малыбаев пен Ғ.
Әбішевтің жұмыстары жаңаша ойларымен, пайымдауларымен көзге түседі. Олардың
арасында соғыс жылдарындағы республика еңбекшілерінің еңбегі мен
қазақстандықтардың Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысуы академик А.Н.
Нүсіпбековтің ғылыми еңбектерінде орын алды. Тарихшы-ғалым бұл еңбектерінде
мерзімді баспасөз материалдарымен қатар мұрағат құжаттарын кең қолдана
отырып, еліміздің майданға қосқан үлесі жөнінде пікірлер айтты [4, 108б.].
Соғыстан кейінгі кезеңде атақты жауынгерлердің есімдері мен
ерліктерін насихаттауда бірқатар еңбектер жарық көрді, олардың алғашқылары
Кеңес Одағының батырлары – қазақстандықтар жинағына өмірбаяндық
мәліметтер, марапат қағаздардың көшірмелері және соғыс жылдарының басқа да
құжаттары мен материалдары енгізілді. Қазақстандықтардың ерлік істері
жөнінде және тыл еңбеккерлерінің қажырлы еңбегі жөнінде Қазақ ССР
тарихының бірнеше рет жарық көрген басылымдарында келтірілді.
И.В. Сталиннің жеке басына табынушылықты әшкерелеген Кеңес Одағының
Коммунистік партиясының ХХ сьездінен кейін зерттеушілердің мұрағаттарда
жұмыс жасау мүмкіншілігі кеңейіп, жалпы тұжырымды еңбектер мен
монографияларды даярлау үрдісі біршама қарқынды дами бастады. 1950
жылдардың соңы - 1960 жылдардың басында 6 томдық 1941-1945 жылдарындағы
Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысының тарихы және 12 томдық 1939-1945
жылдарындағы Екінші дүниежүзілік соғыс тарихы жарық көрді.
Жалпы, тарихшылар Т. Балақаев пен Қ. Алдажұмановтың мәліметтері
бойынша Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың қатысуы туралы 1941 жылдан
бастап 1979 жылға дейінгі аралықта 25 монография, 11 мақалалар жинағы,
құжаттар мен естеліктер, 200-ге жуық ғылыми мақалалар, 20-дан астам
естеліктер мен шағын кітапшалар жарық көрген [5, 36б.].
Бұл кезеңде жарық көрген еңбектердің ішінен республика ауыр
өнеркәсібінің дамуы туралы жазған В.Я. Басиннің, Л.А. Пинегина мен
С.А.Федюкиннің, Г.Чулановтың, мұнай өндірісі туралы Т.Шаукенбаевтың
еңбектерін бөліп айтуға болады. Ф. Михайлов пен К.Оразов өз еңбектерін
соғыс кезеңіндегі кадр мәселесіне, бірінші кезекте өнеркәсіп пен көлік
саласы үшін қажет кадрларды даярлау мәселесіне арнаса, соғыс жылдарындағы
әйелдер мәселесіне Г. Нұрбекова өз жұмысын арнады.
Соғыс жылдарындағы Қазақстанның колхозшы шаруаларының Жеңіске қосқан
үлесі, олардың майдан мен тылды азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізатпен
жабдықтау жөніндегі рөлі туралы мәселеге де ерекше назар аударылды. Т.Б.
Балақаев пен Қ.Алдажұмановтың еңбектерінде эвакуацияланған тұрғындардың
ауылшаруашылық өндірісіндегі қосқан үлесі, малды эвакуациялау және
орналастыру, республика колхоздарының азат етілген аудандарға көрсеткен
көмегі кеңінен көрсетілген. Ауыл мен қала арасындағы байланыс түрлеріне,
бақташылық мал шаруашылығы мәселелеріне, колхоз саудасына, сонымен қатар,
соғыс жылдарындағы колхозшылар арасындағы партиялық-саяси жұмыстардың
формалары мен әдістеріне көп көңіл бөлінген. Жергілікті партия ұйымдарының
жұмысы, комсомол ұйымдарының қызметі туралы А.В. Шошенко, С.Каймолдин,
И.Спиридоновтың еңбектерінде қарастырылды [6, 96б.].
1960-1980 жылдары соғыс кезінің құжаттарын жариялауға көп көңіл
бөлінді. 1968 жылы Қазақ КСР ҒА Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология
және этнография институты Қазақстан КП ОК жанындағы Партия тарихы
институтымен, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Бас Мұрағат
басқармасымен және журналист, жазушылармен бірігіп, Кеңес Одағының
батырлары – қазақстандықтар атты екі томдық еңбек шығарды. Онда алғашқы
рет сол кезде белгілі болған Ленин орденімен және Алтын Жұлдыз медалімен
марапатталған 447 қазақстандық жауынгерлер туралы материалдар жинақталды.
Отанды қорғауда қазақстандықтардың әртүрлі операцияларға қатысқандығы
жөнінде очерктік еңбектерде кең түрде айтылды. Сонымен бірге осы кезеңде
екі томдық Казахстан в период Великой Отечественной войны Советского
Союза. 1941-1945 гг. көлемді құжаттар жинағы жарық көрді.
XX ғасырдың 50-90 жылдар аралығында Ұлы Отан соғысы тақырыбында тарих
саласынан көптеген докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғалынды.
Бұл диссертацияларды екіге бөліп қарастыруға болады. Олардың
біріншісі–қазақстандықтардың соғысқа қатысуына байланысты жазылған болса,
ал екіншісі–тылдағы қазақстандықтардың соғысқа қосқан үлесі турасында.
Бірінші тақырып бойынша тек Қ.Аманжолов пен П.С.Белан ғана докторлық
диссертациялар қорғаса, ал екінші тақырып бойынша Ғ.Әбішев, Т.Б.Балақаев
пен Т.С.Көлбаевтар қорғады. Кандидаттық диссертациялардың ішінде соғыс
жылдарындағы қазақстандықтардың майдандағы ерлік істері турасында А.
Алданазаров, Ә. Қалшабеков, И. Маляр, А. Мұхамеджанов, К.Стамбеков және
т.б., ал тылдағы әскери экономика, өкімет органдары қазақстандық жастардың
еңбектегі ерлік істері У. Абдуллаев, М. Ақынжанов, Қ. Алдажұманов, А.
Әуелбаев, Л. Балақаева, Л. Баширова, П. Белан, А. Бисенбаев, П. Букаткин,
М. Бутин, В. Городецкая, А. Жұмасұлтанов, Е. Ибраев, Б. Искакова және тағы
басқа ғалымдардың кандидаттық диссертация тақырыптарының арқауы болды.
1980-жылдардың екінші жартысынан басталған қоғамдағы оң өзгерістер
мен 1991 жылғы Қазақстанның өз тәуелсіздігін жариялауы Отандық тарих
ғылымына да игі әсерін тигізді. Бұл жылдар аралығында Ұлы Отан соғысына
қатысты шынайы еңбектер мен мақалалар жарық көре бастады.
Ұлы Отан соғысы жылдары жасақталған құрамалар мен бөлімдердің қалай
құрылғандығын, оның жеңіспен өткен жолдарын тарихшы-ғалым К.Аманжолов
ғылыми еңбектерінде фактілерге сүйене отырып жазды. Онда 105-ші, 106-шы
және 96-шы ұлттық атты әскер дивизиялары мен 100-ші және 101-ші ұлттық
дербес атқыштар бригадалары жайында қысқаша шолу жасалынды [7, 143б.].
Қазақстанда жасақталған әскери құрамалар жөніндегі құжаттарды кеңінен
жинақтап, жариялауда зерттеуші-ғалым – П.С.Белан көп еңбек сіңірді. Ол
өзінің ғылыми зерттеулерінде қазақстандықтардың Белоруссия, Прибалтика,
Сталинград пен Волга түбіндегі шайқастарға қатысуы мен Москваны азат ету
барысында Қазақстанда жасақталған дивизия, бригадалардың соғыс қимылдарын
нақты түрде талдап, көрсете білді .Соғыс ардагерлері Қ. Көпішев,
Ә.Халимулдин, Ә.Нұршайықовтар соғыс күнделігі мен мұрағат қорындағы
құжаттарға сүйене отырып, Алматы мен Ақтөбе қаласында жасақталған 100-ші
және 101-ші ұлттық дербес атқыштар бригадаларының жауынгерлік жолдары,
қарулас достарының ерлігі хақында құнды мәліметтер береді.
Қазақстан территориясында жасақталған әскери құрамалар турасында
қысқаша болса да мәлімет беретін ғылыми еңбектің бірі – тарихшылар
П.С.Белан мен Н.Е. Едігеновтың құрастыруымен жарық көрген Боздақтар атты
кітап аса құнды. Бүл кітапта осы әскери жасақтардың құрамында болып, қаза
тапқандардың, хабар-ошарсыз кеткендердің жалпы саны берілген. Мұнда
соғыстың статистикалық бүкіл көрінісі алғаш рет ашылып, қазақстандық
дивизия, бригада, полк және басқа әскер түрлерінің тарихы туралы тарихи
анықтамалар ерекше сараланған [8, 72б.].
Соғыс жылдарындағы Қазақстан мәдениеті тақырыбының зерттелуіне
келсек, М.П. Кимнің, А.Ж. Қалшабековтың және басқаларының еңбектерінде
соғыс жылдарындағы мәдениеттің дамуы, интеллигенцияның жеңіске қосқан үлесі
туралы айтылды. Оларда идеологиялық тұрғыдан жазу басым болды.
Отандық тарихшы Р.М. Жұмашев Развитие социалистической культуры в
Казахстане в годы Великой Отечественной войны (1941-1945 гг.)
тақырыбындағы кандидаттық диссертациясында және Историография становления
и развития культуры Казахстана. 1936-1991 гг. атты докторлық
диссертациясында Ұлы Отан соғысы жылдарындағы, жалпы кеңес дәуіріндегі
республика мәдениетінің дамуының басты бағыттарын, тарихнамалық
аспектілерін жан-жақты қарастырады.
Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысындағы ерліктері, әскери
құрамалардың шайқастарға қатысуы, республика халық шаруашылығының соғыс
жылдарындағы дамуы, тылдағы еңбеккерлердің ерен еңбегі, соғыс тарихына
қатысты қазақстандық жеке тұлғаларға қатысты түрлі жаңаша ой пікірлер,
тұжырымдар соңғы жылдары шыққан Ұлы Жеңістің жыл сайынғы мерейтойларына
орай өткізіліп отырған республикандық, халықаралық деңгейдегі ғылыми-
теориялық және ғылыми-практикалық конференциялардың материалдарының
жинақтарын атап өтуге болады.
Соңғы жылдары жарық көрген еңбектерден публицист қаламгерлер
В.Могильницкийдің, В.Суворовтың жалпы Ұлы Отан соғысына, екінші
дүниежүзілік соғыс тарихына қатысты жаңаша көзқарастары, пайымдаулары
жазылған соны еңбектерін атап өтуге болады.
Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің естеліктері Ұлы Отан соғысы
жылдарындағы Қазақстан тарихына қатысты қызықты, сан-салалы сипаттағы
мәліметтер береді. Олардың арасында ардагерлердің естеліктерінің жинағы,
жекелеген ардагерлердің естелік кітаптары, сонымен қатар мұрағат
құжаттарымен толықтырылып, мәліметтері салыстырылып, жазылған құнды
еңбектер де бар. Олардың арасында Қ.Исабай, Д.Снегин, С. Нұрмағамбетов, К.
Әбеновтың естеліктерін атап өтуге болады. Майдангер Кәкен Әбеновтың
кітабында 100 және 101 қазақ атқыштар бригадаларының майдангерлік
тағдырына, аталған бригадалардың шайқас жолдары, ондағы жалпы құрамының
соғыс кезіндегі адам шығыны соңғы мәліметтермен толықтырылып, жүйелі де
қызықты, тартымды тілмен баяндалған. Автордың еңбегінің құндылығы, аталған
ұлттық бригадалардың Тверь облысындағы бұрын көп уақыт айтылмай келген
Марс операциясына қатысуы туралы толық баяндайды, еңбектің соңында осы
жеке құрамалардың қайтымсыз шығыны туралы мәліметтер, жауынгерлер туралы
атаулар тізімін береді [9, 24б.].
Соғыс тарихын әскери тарих тұрғысынан зерттегендер арасында К.
Аманжолов пен А. Тасболатовтың Қазақстанның әскери тарихы, М. Назарбаев
пен В. Слиденконың Великие битвы Великой Отечественной войны еңбектерінде
Ұлы Отан соғысына қатысты мол мағлұматтар берілген . Алдыңғы еңбекте
қазақстандық әскери құрамаларға жеке бір тарау арналып, олардың әрқайсысына
жекеше тоқталып өтсе, соңғы көрсетілген еңбектің өкініштісі Ұлы Отан
соғысындағы маңызды шайқастарды қарастырып өткенмен, онда қазақстандықтар,
ұлттық әскери құрамалар туралы мәліметтер жалпылама қарастырылып өткен.
1990 жылдардан бері қарай қорғалған кандидаттық және докторлық
диссертациялардың арасында қазақстандық әскери құрамалардың тарихын
зерттеген Көшербаева Б., әйелдер мәселесі туралы Карпыкова С., Бырбаева Г.,
Қожабекова А. кандидаттық диссертацияларын атап өтуге болады.
Осылайша, байқағанымыздай Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан
тарихының тарихнамасын кешенді талдаған зерттеулер ғылымнан орын алмаған.
Сонымен қатар соғыс тарихының болашақта әлі де зерттеуге тиісті тұстары
бар.
Тарихнамалық дерек – бұл сол не басқа мәселенің ғылыми зерттелу
тарихы бойынша, тарих ғылымы бойынша ақпаратқа ие кез келген тарихи дерек.
Негізгі тарихнамалық дерек болып мәселенің тарихы бойынша жалпы және
нақтылы тұжырымдарды мазмұндаған тарихшы ғалымдардың еңбектері болып
табылады. Бұл топтағы деректерді 1941 жылдан бүгінгі таңға дейін кеңестік
және отандық тарихнамада жарық көрген Ұлы Отан соғысының тарихы және осы
кезеңдегі Қазақстан тарихына қатысты түрлі мәселелерді қамтыған Ғ.Әбішев,
А.Н.Нүсіпбеков, М.Қ.Қозыбаев, З.Ш.Кашкенбаев, Қ.С.Алдажұманов, В.Басин,
Т.Балақаев, Р.Б.Сүлейменов, П.С.Белан және басқаларының монографиялары,
жекелеген еңбектері, мақалалары мен П.А.Жилин, Г.А.Куманев,
А.В.Митрофанова, П.Р.Букаткиннің және басқа да кеңестік тарихшылардың
мақалалары құрайды. Сонымен қатар тәуелсіздік кезеңде мерзімдік баспасөз
беттерінде жарық көрген М.Қ.Қозыбаев, Т.Балақаев, Д.Қыдырәлі, А.Кәкен,
Н.С.Аликулова, М.Рысдәулет, М.Төлепберген, Б.Қ.Көшербаева, М.Жақып және
басқа да зерттеушілердің, тарихшылардың, қаламгерлердің мақалалары
қарастырылды [10, 76б.].
Екінші кезектегі деректер тобын Ұлы Отан соғысы жылдарындағы
республикадағы қоғам және мәдениет қайраткерлерінің, ғалымдардың
естеліктері, майдан және тыл ардагерлерінБахрушин және басқа да соғыс
жылдары Қазақстанда эвакуацияда болған ғалымдардың естеліктері бар. Сонымен
қатар М.Ғабдуллин, Б.Момышұлы, Қ.Қайсенов, Х.Доспанова, Ф.Осадчий,
Д.Снегин, К.Әбенов, Д. А.Қонаев, С.Бекенов, Р.Қошқарбаев және басқаларының
естеліктері зерттеу аясына тартылды.
Тарихнаманың бірінші кезеңінде (1941-1945 жылдардағы) осынау маңызды
және көлемді ғылыми мәселені қарастыру бойынша тек алғашқы қадамдар
жасалды. Зерттеушілердің қолында әлі де деректердің мол қоры бола қоймады.
Құжаттарда берілген көптеген фактілер мен оқиғалар әскери уақыт жағдайында
жабық сипатта болды, қажетті құжаттық материалдардың жинақталуы үшін
біршама уақыт керек болды. Бұл кезеңде жалпылаушы сипаттағы бірқатар
зерттеулер жарық көрді, оның ішінде: Е.М.Грановский Советская
промышленность в Великой Отечественной войне (М, 1949), П.А.Белов Вопросы
экономики в современной войне (М, 1951), А.В.Шошенко Борьба партии
большевиков за укрепление тыла в годы Великой Отечественной войны (Алма-
Ата, 1952), Е.И.Солдатенко Трудовой подвиг советского народа в Великой
Отечественной войне (М, 1954) және тағы басқалары [11, 13б.].
Кеңес тылының тарихнамасының түрлі мәселелері 50 жылдардың ортасынан
бастап кеңінен қарастырыла бастады. Бұл кезеңдегі көрнекті еңбектерден
Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысының тархы алты томдығын айтуға болады.
Сонымен қатар, кеңес тылы, КСРО әскери экономикасы, басқа да маңызды
мәселелер туралы жарық көрген В.С. Василенко, А.В. Митрофанова, Н.П.
Липатова, Ю.В. Арутюнян, Г.С. Кравченко, В.А. Ежов, Г.Г. Морехин, Г.А.
Куманев, Я.Е. Чадаева, Л.В. Максакова, М.К. Козыбаев және басқаларының
зерттеулері бар.
1970 жылдары жарық көрген еңбектерден соғыс жылдарындағы кеңес
тылының тарихы бойынша ғылыми-зерттеушілік жұмыстың елде белсене
түскендігін байқауға болады. Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан
тарихының жалпы мәселелерін жасауда белгілі отандық тарихшы М.Қ. Қозыбаев
елеулі үлес қосты. Автор өз еңбектерінде кең деректік негізде республика
еңбекшілерінің жаумен күреске жұмылдырылуы, соғыс кезеңіндегі экономиканы
әскери жағдайға бейімдеп дамытудағы Қазақстан Компартиясының қызметін
кешенді қарастырады. М.Қозыбаев Компартия Казахстана в период Великой
Отечественной войны (1941-1945 гг.) еңбегінде Ұлы Отан соғысы кезеңінің
бай фактілік материалдарымен Қазақстан Компартиясының халық шаруашылығын
әскери жағдайға қайта құру бойынша, қала мен ауыл еңбекшілерін жұмылдыру,
республиканы майдан арсеналдарының біріне айналдырудағы жан-жақты қызметін
дәлелді түрде көрсетеді. Т.Шаукенбаевтың, В.Я.Басиннің еңбектерінде
мұрағаттық және жарияланған деректерді зерттеу негізінде республиканың ауыр
өнеркәсібінің Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі дамуы қарастырылады. Жұмысшы
мамандар мәселесін зерттеуге Ф.К.Михайлов, К.Ю.Оразов, Г.Шибанов өз
еңбектерін арнаған [12, 160-164б.].
Соғыс жылдарындағы Қазақстан әйелдерінің өнеркәсіп пен ауыл
шауашылығындағы ерлік еңбегі Г.Нұрбекова мен Е.Сегізбаеваның, республика
жергілікті кеңестерінің қызметі С.Қаймолдиннің, Ү.Абдоллаевтың, комсомолдар
мен жастардың ерлік еңбегі Т.Сарбақанов пен К.Майғарапова және басқаларының
зерттеулері мен мақалаларына негіз болды. Соғыс жылдарындағы әйелдер
мәселесі қазіргі тарихнамада А.Д. Қожабекованың кандидаттық
диссертациясымен толықты.
Қорыта келе айтарымыз, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның
экономикалық даму тарихын зерттеуде көлемді жұмыстар атқарылды. Ұлы Отан
соғысы жылдарындағы Қазақстан экономикасының дамуының көптеген аспектілері
отандық тарихшылардың еңбектерінде қамтылған. Дегенмен, біздің ойымызша,
соғыс жылдары Қазақстанға қоныс аударған халықтарды қабылдау мен
орналастыру, қорғаныс өнеркәсібін жасау мен оның қызметі, майданға қызмет
еткен көлік мәселесі, республиканың балық шаруашылығының дамуы сияқты
тақырыптар әлі де зерттеуді қажет етеді.
Қазақстанның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы майданға барынша көмек
көрсетуден туындаған патриоттық қозғалыстың зерттелуі отандық орныққан
тақырыптардың бірі болды. Тарихи еңбектерді тарихнамалық тұрғыдан талдау
көрсетеді, кеңестік тарихнамадағы жалпыодақтық зерттеулерде және отандық
тарихшылардың еңбектерінде Қазақстанның соғыс жылдарындағы халық
шаруашылығының дамуы, майдан мен тылдың бірлігі және басқа да аспектілері
қарастырылды. Ал кеңес үкіметінің халық шаруашылығын дамытудағы еңбек
армиясы, әскери тұтқындардың еңбегін пайдалану, еңбекпен түзеу
лагерлеріндегі тұтқындардың елдің экономикасын дамытудағы үлесі туралы
айтуға тыйым салынды. Тек тәуелсіздік алған кезеңде ғана бұл мәселелерді
зерттеуде біршама жетістіктерге отандық тарихшылармен қол жеткізілді [13,
250б.].
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан тарихының түрлі аспектілері
аталған кезеңдегі тарихшылардың, әлеуметтанушылардың, қаламгерлердің
еңбектерінде, зерттеулерінде кеңінен қарастырыла бастады. Оларда сталиндік
тоталитарлық жүйе тұсындағы халықтарды депортациялау үрдісі, олардың
республика территориясына орналасу тарихы, күштеп қоныс аудару саясатының
сол халықтардың тағдырына қалдырған ізі туралы тұжырымды ойлар айтылған.
Қазақстан территориясындағы еңбекпен түзеу лагерлерінің тарихының жекелеген
аспектілері бойынша отандық тарихнамада М.Қ.Қозыбаев, Қ.С,Алдажұманов,
М.Т.Баймаханов, Ж.Б.Абылхожин, В.Ф.Михайлов, М.Қойгелдиев т.б.
зерттеушілердің еңбектерінде көрініс тапты. Екінші дүниежүзілік соғыс және
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Карлагтағы әскери тұтқындар туралы
С.Д.Шаймұқановтың монографиясында, Алжир туралы А.А. Абдакимовтың
еңбегінде, М.Қозыбаев пен Н.Е.Едігеновтың бірлескен Труд во имя победы
атты монографиясында қарастырылды. Онда соғыс уақытындағы шахта, кеніштер
мен құрылыстардағы тұтқындар мен әскери тұтқындардың еңбегін жұмысшы тобын
толықтырудың қайнар көзі ретінде пайдаланылғаны сарапталды. Лагерлер тарихы
туралы жазылған диссертациялық зерттеу жұмыстарының арасында Л.В.
Михееваның Иностранные военнопленные в Центральном Казахстане (1991-начало
50-х годов ХХ века) тақырыбындағы диссертациялық жұмысын атап өту керек.
Бұл зерттеудің құндылығы сол, онда Орталық Қазақстан жеріне шетелдік әскери
тұтқындар мен интерпирленген шетел азаматтарының келуі туралы мәселе
қарастырылады. К.Аманжолв пен А.Тасболатовтың Қазақстанның әскери тарихы
оқу құралында Ұлы Отан соғысы туралы біртаай мәліметтер орын алған.
Тұжырымдайтын болсақ, Ұлы Отан соғысы елдік пен ерлікті паш еткен
жағдай. Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтардың ерлігі – ұрпақтарына үлгі-
өнеге, бүгінгі таңда жан-жақты қырынан қарастырылып келе жатқан өзекті
ахуал. Бұл тақырып бойынша Ұлы Отан соғысы мәселесін жан-жақты қырынан
зерттеген ғалдымдардың, зерттеушілердің еңбектерін атап өттік [14, 44-
49б.].

2.2 Ұлы Отан соғысы және Қазақстан

Қазақстандықтар өз Отанының қаһармандық жолын заңды мақтаныш етеді.
Өткен сұрапыл соғыс жылдарында Қазақстан еңбекшілері жеңіске үлкен үлес
қосты.
Фашист басқыншыларына қарсы Ұлы Отан соғысы Қазақстан халқының, бүкіл
Қазақстан жастарының барлық рухани күш-жігерін және қайратын қатал сынаған
соғыс болды. Бұл сыннан Қазақстан абыроймен өтті. Қазақстан жастар ұйымы
Ұлы Отан соғысы кезінде жауға берілмес батырларды тәрбиелеп шығарды,
бұлардың ерліктеріне дүние жүзі жастары қайран қалды. Қазақстан жастары мен
жастар ұйымдары ерлікте ғана емес, басқыншыларға қарсы жастарды күрсеке
шақыруда, соғысқа аттанған ағалары мен апаларының орнын толтыруда, ел
басына түскен қиыншылықтармен арпалысуда, соғыстың барлық ауыртпалығына
қарсы саяси-идеологиялық күрес жүргізуде де белсенділік таныта білді.
Соғыс жылдары Қазақстан жерінде 12 атқыштар дивизиясы, 4 ұлттық атты
әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы мен 50-ге жуық әртүрлі полктер,
батальондар құрылып, майданға аттанады.
Жауынгерлері жаумен жан аямай шайқасқан қазақстандық бес әскери
құрамға гвардиялық деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына бірнеше
ордендер қадалды. Олардың қатарында жауынгерлерінің ерлігі аңызға айналған
атақты 8-гвардиялық Панфилов дивизиясы да бар [15, 63-64б.].
Соғыс кезінде 3,5 мыңдай қазақстандықтар партизан отрядтарының
құрамында болып, Жеңісті жақындатуға өз үлестерін қосты.
Жанқиярлық ерлігі мен батырлығы үшін 96638 қазақстандық жауынгер
бірнеше дүркіннен орден және медальдармен наградталды. 497 жерлесіміз Кеңес
Одағының Батыры атанды. Олардың 97-сі қазақ болатын. 142 жауынгер Даңқ
орденінің толық иегері болды. Соғыстың 4 жылы ішінде Қазақстан мемлекетке
482,8 мың тонна астық, 217,6 мың тонна картоп, 143,2 мың тонна көкөніс,
1193,2 мың тонна қант қызылшасын, 155,3 мың тонна мақта тапсырды. Қазақстан
еңбекшілері майданға 25 миллион дана жылы киім, Отан қорғау қорына 4
миллиард сомнан астам қаражат берді. Ұлы Отан соғысына барлығы 35 миллион
адам қатынасты, Орта Азия республикаларынан соғысқа  3 миллионға жуық адам
қатысса, соның 1 миллион 366 мыңы қазақстандықтар екен. Ұлы Отан соғысы
жылдарында Қарулы Күштерде 4 орталық, 19 майдандық және флоттық, 103
армиялық газет, ұлттар тілінде 50 газет шығып тұрды. Сол сұрапыл ауыр
жылдарда қазақ тілінде 10 майдандық, 3 дивизиялық, 1 округтік газет жарық
көрген. Олар: Қызыл әскер ақиқаты, Қызыл Армия, Жауға қарсы аттан,
Отан үшіналға,Дабыл және басқа да баспасөз құралдарының маңызы
қаһармандарды жігерлендіруде ерекше зор болды.
Ұлы Отан соғысы тарихының беттерін парақтаған адам жеңіс сағатын
соқтыруға Қазақстанның қосқан үлесі телегей-теңіз екенін байқар еді. Осы
бір аяқ астынан басталған әділетсіз арпалысқа Қазақстаннан 2 миллионға жуық
түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Майдан даласынан 394 мың қазақ
боздақтары қайтпай қалды. Бұл соғыс қайғы-қасірет әкелмеген бірде-бір
отбасы болмады... Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Қаншама жас
боздақтардың қыршын жасы қиылды. Ішінде ақын да, әншісі де бар еді.
Фашистік Германия тізе бүкті. Бірақ сол сұм соғыс өзімен бірге 10
миллионнан астам немістің өмірін алып кетті. Оны жеңген Кеңестер Одағы 27
миллион адамның өмірін берді. Талай ғасырлар бойы жасалған материалдық және
мәдени қазынаны құртты. Міне, соғыстың әкелген қасіреті. Сондықтан
адамзатқа әрқашан соғысты тоқтататын жеңіс керек. 1418 күн мен түн
толарсақтан қан кешіп, кейінгі ұрпаққа тыныштық әкелгені үшін қасиетті.
Әрине, жеңіс өздігінен келген жоқ. Оны елі, жері үшін отқа түскен ерлер
ерлігі жеткізді. Қазақстаннан 1941-1945 жылдардағы қанды қырғынға 1,3
миллион ұл мен қыз аттаныпты. Бәрі де жанқиярлықпен соғысты. 500-ден астамы
елге Батыр атанып, аттары аңызға айнала оралды. Отанын жаудан қорғау үшін
көп ұлтты Кеңес халқының ішінде қазақ халқы ерекше ерліктерімен,
аңыздарымен жауға қарсы тұрды. Халық жадында сапында 30 ұлттың өкілі бар
(бұлардың 3 мыңдайы қазақстандықтар) Брест қорғаушыларының өшпес ерлігі
мәңгі сақталмақ. Қазақстан жерінде жасақталған И.В.Панфилов атындағы 8-
гвардиялық дивизия Москваны қорғауда тарихта болып көрмеген теңдессіз
ерліктің үлгісін танытты. Панфиловшылардың ішінде шын мәнінде болаттай
беріктік пен ер жүректілік көрсеткен, өз заманында-ақ аты аңызға айналған
Бауыржан Момышұлы да бар еді [16, 175б.].
Өжеттік пен ерлікке бару кездейсоқтық емес. Отаны мен артында қалған
елінің алдында жауынгерлік борышты өтеуде болаттай берік тәртіпке бойұсыну
еді. Алматыда жасақталған генерал-майор И.Панфилов атындағы сегізінші
қазақстандық гвардияшы атқыштар дивизиясы Кеңес Одағының астанасы –
Москваны қорғау күндерінде Ұлы Отан соғысының тарихына мәңгі өшпейтін ерлік
беттерін жазды. Москваны қайсарлықпен қорғаған 28 панфиловшы батырларды
халқы ғұмыр бойы құрметтеп есте сақтайды. Қазақстандық жауынгерлер
рейхстагқа шабуыл жасауға қатысты, оның шаңырағына Жеңіс туын алғашқы болып
қазақ халқының даңқты ұлы Рақымжан Қошқарбаев қадады.
Ұлы Отан соғысының шежіресіне Мәншүк Мәметова мен Әлия
Молдағұлованың, Мәлік Ғабдуллиннің, Бауыржан Момышұлы мен Талғат
Бигельдиновтың және көптеген жерлестеріміздің аттары алтын әріптермен
жазылды [17, 253б.].
Севастополь үшін шайқаста Кеңес Одағының батыры Дабаш Бабажанов
айрықша көзге түсті. Оның ерлігі батыр қаланы қорғау үшін болған қырғын-
қиямет соғыс бейнеленген панорамаға түсірілген. Николай Гастеллоның ерлігін
қайталаған Нүркен Әбдіров, Александр Матросовтың ерлігін қайталаған Сұлтан
Баймағамбетовтың, жау жолбарысына қас қақпай қарсы шауып, гранатамен қоса
жарылған Қарсыбай Сыпатаевтың есімдерін мақтанышпен атайды. Бұлардың бәріне
Кеңес Одағының батыры атағы берілген. Кеңес Одағының Батыры атағын екі
реттен алған, даңқты сұңқарларымыз Талғат Бигелдиновтың, Сергей
Луганскийдің, Леонид Беданың және Иван Павловтың ерліктері халқымыздың
мәңгі есінде. Белорус ормандарында Әди Шәріповтің басқаруындағы партизан
отрядтары жауға қарсы шайқасты. Украин жерінде Ұлы Отан соғысының аты
аңызға айналған батыры С.Ковпактың партизандық бірлестігінде Қасым
Қайсеновтың отряды болған еді.
Мәншүк Мәметова-қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры.
Ол 1942 жылы өзі сұранып майданға кетті, 21-атқыштар дивизиясында
болды.Алғы шепте айқасқа түскен алғашқы күннен-ақ қаруластары
қайсарлығымен, табандылығымен, ержүрек батылдығымен қайран қалдырды. Невель
қаласын қорғау кезінде Мәншүк ақырғы оғы таусылғанша жауды жер жастандырып,
ерлікпен қаза тапты. Оның қасық қаны қалғанша қарысып баққан қас батырлығы
мен өмідей асқақ өлімі соғыс даласында да, еңбек майданында да әрбір
отаншыл азаматтың жүрегінде ерлік жыры боп жаңғырып, Жеңіс жалауын тезірек
желбіретуге жігерлендіре түскені хақ. Сол кезде Павлодар облысының
колхозшылары даңқты пулеметші қыздың есімін есте қалдыру құрметіне Мәншүк
Маметова атындағы танк полкін жасақтауға қажетті ақша жинады. Бертініректе
режиссер-қоюшы Мәжит Бегалин Мәншүк туралы ән кинофильмін түсірді.
Бауыржан Момышұлы екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері,
халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы
басталысымен, Бауыржан Момышұлы даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың
басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының
құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін
атқарады.Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады. Бауыржан
Момышұлы жау шептеріне ішкерлей еніп ұрыс жүргізу теориясын соғыс
тәжірибесінде алғаш қолданушылардың және оны дамытушылардың бірі болды [18,
26б.].
Қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова 1942
жылы өз еркімен сұранып майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірді.
Ашық шайқаста ол 1943 жылы маусымда 2-Прибалтика майданының 26-атқыштар
дивизиясы құрамында түсті. Ефрейтор шенінде өз дивизиясымен барлық ірі-ірі
айқастарға қатысып,құралайды көзінен атқан нағыз мергендігімен дараланды.
1944 жылы Новосокольники стансасы маңындағы ауыл шайқаста Әлия
қаһармандықпен қаза тапты. Көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін оған Кеңес
Одағының Батыры атағы берілді. Бүгінде Ә.Модағұлова есімінде
республикамызда көшелер, мектептер, ұжымшарлар мен кеңшарлар, аллеялар мен
бульварлар бар.Оның өшпес ерлігін өзек етіп жазылған өлең кітаптары мен
роман- хикаяттары да көп. Алматыда Шығыстың қос шынары атанған Әлия мен
Мәншүкке көрнекті жерге ескерткіш орнатылды.
Республика ұлы жеңіс үшін орасан үлес қосты. Қазақстан майданға
қорғасынның 85 пайызын, мыстың 30 пайызын, көмір мен мұнайдың барлығын
өндірді. Сол ауыр жылдарда еліміз майданға 6 миллион тонна бидай, 797 мың
тонна ет, 150 мың мініс жылқысын берді. Сондай-ақ, республикамыз 4 миллиард
сом ақша жинап, әскери техникалар мен қару-жарақтар сатып әперді.
Соғыстың қысылтаяң кезеңінде емшектегі баласын жөргекке орай салып,
кәсіпорын, колхоз бен совхоз жұмысына таң сәріден жүгіріп, түн ортасында
қайтқан олардың жарлары мен аяулы ата-анасын, туыстарын, өзім жемесем
жемейін, өзім ішпесем ішпейін, бәрі де солар үшін, бәрі де майдан үшін,
жеңіс үшін болсын! деген игі ниетті асыл сезімін кім есінен шығара алады.
Ұлы Отан соғысының қаһарлы жылдарында майданда да, тылда да есі жаңа кіріп
келе жатқан жас баладан бастап, жасы жүзге келген Жамбылға дейін
отандастарымыз жауға қарсы майданға жаппай қатысты.  Қазақстандықтар
Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қаласын туған жеріндей жанқиярлықпен
қорғады, Сталинград (қазіргі Волгоград) түбінде, Украинаны, Белоруссияны,
Прибалтиканы, Молдавияны неміс-фашист басқыншыларынан азат етуге қатысты.
Ленинград қаласына қауіп төнгенде Жамбыл Жабаев Ленинградтық өренім атты
жүрек жарды, жалынды жырын майдандағы жүзі басқа болғанмен жүрегі бір,
тілі басқа болғанмен тілегі бір жауынгер балаларына жолдады. Кейіннен
қаланы қорғаушы жауынгерлердің бірі: Бұл сәлемді көзге жас, көңілге қуаныш
толы сезіммен оқымауға болмайды. Біз күшімізді еселей түсіп ұрысқа
аттандық -деп еске алды [19, 34б.].
Қазақстандықтар Варшаваны, Софияны, Белградты, Праганы азат
етушілердің қатарында болды. 151-қазақстандық бригада негізінде құрылған
150-Идриск атқыштар дивизиясы жауынгерлері ұялы қасқырдың ордасы Берлинге
шабуыл жасады, Рейхстагтың күмбезіне жеңіс туын тігуге қатысты. Алқызыл
туды биікке көтеріп, алғаш болып жеңіс дабылын қаққандардың қатарында қазақ
Рахымжан Қошқарбаев болды.
Ұлы Жеңіске жау тылында ел кегін, ер намысын қорғаған партизан
жасақтары да үлес қосты. Зерттеулер бойынша Белоруссия мен Украина
ормандарының партизан отрядтарында 3 мыңнан аса қазақтар шайқасқан.
Партизан отрядтарына командир, комиссар болған, есімдері ел аузында аңызға
айналып, кейінгі ұрпаққа жеткен Әди Шәріпов, Қасым Қайсенов, Жұмағали Саин
есімдері көзі қарақты көпшілікке мәлім.
Қазақстандықтар қанішер жаумен қасық қанын аямай осылай шайқасты.
Олардың бәрін ортақ іске, жеңіске, отанына деген сезім біріктірді. Дүние
жүзін шарпыған жиһандық соғыс қазақ халқының батыр ұлт екенін баршаға
мәлімдеді. Правда газетінің бетінде 1941 жылы қазан айында Қазақтар
деген мақала жаияланды. Бұл Мәскеуді қорғаған 8-гвардиялық Панфилов
атындағы дивизия туралы еді. Осы бір жеңіс күндері көрнекті совет жазушысы
И.Эренбургтың 1942 жылы жазған Қазақтар деген мақаласында: Бір фриц
маған: Біз жойқын күші бар қаһарман солдаттармен беттестік, оларды алған
бетінен тіпті ешқандай оқ та, өрт те тоқтата алмады. Олар тура бізге қарай
дауылдай дүркіреп жүгіріп келе жатты. Мен бұлардың қазақ деген халық екенін
естідім. Бұрын мұндай халық бар екенін естімеп едім... деді. Фрицтер көп
нәрсені білмеуші еді. Оларға Ресейдің үлкен екенін ғана айтып, ал ол елде
көптеген халық тұратынын айтпаған. Шығыстың кең даласында ежелден қыстың
қақаған аязы мен жаздың аптап ыстығында көндіккен ержүрек адамдар тұрады.
Бұл елдің ақындары Қазақстанның даңқты батырлары жайлы сыр шертеді. Ал бұл
елдің батырлары ең алдымен арын ардақтаған. Ер Тарғын алты кез алдаспаннан
қолына алып, алты мың жауға жалғыз өзі қарсы шабуылға шығып тұрып: Маған
бәрінен де арым қымбат! деп айғай салған!...
Белгілі ағылшын тарихшысы Александр Верт өзінің Ресей 1941-1945
жылдағы соғыста деген кітабында: Қызыл Армияның табанды солдаттарының
бірі қазақтар болды, тұтас алғанда қазақтар бүкіл соғыс бойында өздерін
жақсы жағынан таныта білді. Тіпті Сталинградтың өзінде ең өжет солдаттар
қатарында қазақтар тұрды - дегенді айтады [20, 106б.].
Тұжырымдайтын болсақ, от кешіп, қан жұтқан сол бір жылдар барған
сайын бізден алыстауда. Майдан мен тылдың аты аңызға айналған ерлері барған
сайын азая түсуде. Бірақ олар жасаған Ұлы ерлік ешқашан ұмытылмақ емес.
Зұлым жаумен шайқаста әке, аға, бауырларымыз қанын төгіп, қолымыз жеткен
Жеңіс шапағы кейінгі ұрпақтарға жетпек. Келешек үшін, дүние жүзілік жаңа
жойқын соғысқа жол бермеу үшін бұл туралы ұмытуға болмайды. Сол себепті Ұлы
Отан соғысының жауынгерлерінің қаһармандық ерліктері арқылы кейінгі ұрпаққа
патриоттық тәрбие беру – қоғамның, барлық адамдардың міндеті болуы шарт.
Жастарды Отанды сүюге, ерлік пен батылдыққа тәрбиелеуде Ұлы Отан
соғысындағы қазақстандықтардың ерлігі нағыз өнеге-үлгі, тағылым мен тәрбие
[21, 174б.].

2.3 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерен ерлігі

Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар барлық майданда
шайқасты. Олар Отан үшін фашистерге қарсы бағытталған ұрысқа аянбай
кірісті. Қазақстанда ұйымдастырылған көптеген әскери бөлімдер майданға
жіберілді. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған
қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, В. Фурсов, К. Тұрдиев,
Ш. Шолтырев, К. Иманқұлов, Е. А. Качань т. б. жаумен жан аямай шайқасып,
ерліктің үлгісін көрсетті. 1941 жылы 24 маусымда 219 атқыштар полкі
Литваның Шяуляй қаласында алғаш рет ұрысқа кірісті. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы отан соғысын қайта қарастыру-кейінгі ұрпақтың борышы
Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Шығыс Қазақстанның экономикалық даму үрдісінің тарихы
. Қазақстандықтардың майданға аттануы және олардың қаһарман ерліктері
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихының тарихнамасы (1941-2010 жылдар)
Менің семестрлік жұмысымның мақсаты - Ұлы Отан соғысы кезінде фашисттік аргессияға қарсы Қазақстандықтардың көрсеткен ерліктерін зерттеп, онды баға беру
Шамамен олардың 410 мыңы қазақстандықтар
Отан соғысы майдандарында
Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш
Ұлы отан соғысы жылдарындағы қазақ әйелдерінің тылдағы ерлігі
9 мамыр
Пәндер