Автоматпен ату реті


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе
3
Кіріспе: 1
3: Атыс қаруының даму тарихы
5
Кіріспе: 1. 1
3: Атыс қаруының түрлері
5
Кіріспе: 1. 2
3: Винтовка
6
Кіріспе: 1. 3
3: Автоматты қару
8
Кіріспе: 2
3: Калашников автоматы
11
Кіріспе: 2. 1
3: Калашников Михаил Тимофейұлының өмірбаяны
16
Кіріспе: 2. 2
3: АК-74 Калашников автоматының шығу тарихы.
20
Кіріспе: 2. 3
3: Автоматты толық емес бөлшектеу
21
Кіріспе: 2. 4
3: Автоматтан (пулеметтен) ату тәсілдері
23
Кіріспе: 2. 5
3: Автоматқа (пулеметке) күтім жасау, оны сақтау және күтіп ұстау
28
Кіріспе: 3
3: М-16 бесатар автоматының жалпы қасиеттері
34
Кіріспе: 3. 1
3: М-16 бесатардың құрылымы
34
Кіріспе: 3. 2
3: М-16 бесатар автоматты бөлшектеу және жинақтау
44
Кіріспе: 3. 3
3: АК-74 және М-16 автоматтарының салыстыру сипаттамасы
45
Кіріспе: Қорытынды
3: 57
Кіріспе: Әдебиеттер тізімі
3: 59
Кіріспе: Қосымша А
3: 61
Кіріспе: Қосымша Б
3: 64
Кіріспе: Қосымша В
3: 67
Кіріспе: Қосымша Г
3: 69

Кіріспе

Зерттеудің көкейтестілігі.

Автомат - қарсыластың адам күшін жою үшін қолданылатын дербес атыс құралы. Минутына 100 оққа дейін шығара алады. Салмағы жеңіл жылдам атылатын болғандытан жаяу әскердің негізгі атыс құралы болып есептеледі. Автоматты қару - ату кезінде жанған дәріден бөлінген газдың күшімен автоматты түрде қайта оқталып, үздіксіз атылатын атыс қаруы. Оның құрылысы мен оқ шығаруы оқ-дәрі газының күшін пайдалануға негізделген. Автоматты қарудан үздіксіз де жекелеп те атуға болады. ХІХ ғасырдың 1940-1950 жылдарында автоматты атыс қаруының жаңа класы құрылды. Осы дипломдық жұмыста жаңа класты қарулармен танысамыз.

Зерттеудің мақсаты. ХІХ ғасырдың 1940-1950 жылдарында автоматты атыс қаруының жаңа класымен танысу.

Зерттеу объектісі. Жалпы білім беретін орта мектептердегі оқушыларына автоматты атыс қаруларымен таныстыру.

Зерттеудің базасы: Өскемен қаласының №27 орта мектебінде өткізілді.

Зерттеу міндеттері:

  • Калашников туралы деректеме жасау, өмір жолы мен автоматты ойлап табуна себепші болғандар туралы, қарудың маңыздылығы туралы мәліметтер табу;
  • АК-74 автоматының жалпы сипаттамасын жасау;
  • М-16 бесатарының жалпы сипаттамасын жасау;
  • Өскемен қаласының №27 орта мектебінде 10 сынып оқушыларына атыс дайындығынан сабақ беру;
  • оқушыларға автоматтың (пулеметтің) бөлшектері мен механизмдерінің құрылымын және арнаулы мақсатын түсіну, үйрету.

АК-74 пайда болу тарихы оны жасаған құрастырушы Михаил Тимофеевич Калашниковтың өмірімен тығыз байланысты. Оның ең алғашқы жасаған еңбектері - тапанша-пулемет, бірақ бұл пулеметте кейін қажет болмады, бірақ оны құрастырған кезде жинақтаған тәжірибесі Михаил Тимофеевичке АК автоматының үлгісін жасаған кезде жаңа сапалы деңгейге көшуге мүмкіндік берді. Автоматты жасауға жарияланған сайысқа түйіндер мен бөлшектердің сызбаларын, бекіту түйіннің мықты болу есептерін және күтілетін тактикалық-техникалық сипаттарын ұсыну қажет болды. М. Т. Калашниковтң жобасына екінші орын тағайындалды. Құрастырушыларға өз еңбектерін темір затта жасап, қорғау қажет болды. 1945 жылдың аяғында Калашников Ковровский зауытына жолданады, осында оған сапалы автоматтарды жасап шығару үшін көмекке құрастырушыларды, технологтар мен жұмысшыларды бөлді. Қажетті нәрселердің барлығы табылды. Ұлы отан соғысы кезіңде зауыт қару шығару үшін жаппай жұмыс істеді. Үш үлгісін жасап шығару үшін үш айдай уақыт кетті. Екі үлгісін алып, Калашников полигонға келіп оларды сынауға кірісті. Ол жасаған үлгілерден басқа, сынауға белгілі құрастырушылар Дегтярев, Шпагин, Рукавишников, Афанасьев, Булкин, Коробов және басқа да екі-үш жас құрастырушылардың еңбектері ұсынылды. Осылай көптеген сынаулардан кейін комиссияның күтілген қорытындысы аға сержат М. Т. Калашниковпен құрастырылған 7, 62-мм автоматы қарулануға қабылдауға ұсынылсын деген болды. Бұл 1947 жыл болған еді. КСРО СМ 1949 жылғы 18 маусымдағы № 2611-1033сс Қаулысымен АК 47 автоматы Кеңес Әскері мен ӘТФ қаруландыруға қабылданды. Табылған барлық жақсы конструкторлық шешімдер есепке алына отырып, алдында болған автоматтарға қарағанда Кеңес Әскерін қаруландыруда екі есе ұзақ болған АКМ сызбаларына енгізілді. АКМ сызбаларына енгізу үшін конструкторлық өзгерістерді сынаған кезде ерекше көңіл бөлшектерді біріздендіруге, олардың өзара алмастыруына бөлінді. Кейін АК47 негізінде қарулардың жаңа үлгілерін игеріп енгізген кезде үлгіден үлгіге көшу жолы өңдіріс пен қаруны іске қосу үшін өте маңызды болды. АКМ автоматы өңдіріске енгізілгеннен кейін Калашников тобына ГРАУ басшылығымен АК сұлбасы негізінде қол пулеметін әзірлеп шығаруға тапсырыс берілді. Бұл шешім әскери бөлімде 1943 жылғы үлгідегі оққа сәйкес бір қару болғанын қалаумен қабылданды. Осы уақытқа дейін американдықтар 5, 56-мм Стоунердің М16А1 автоматты винтовканы қаруға қабылдаған болатын. Кішірейтілген калибрдің оғынан бірқатар басымдылықтарды алу күтілді, осының ішінде жылдамдылықты жоғарылату, автомат оғының дәл тиюі ж. т. б. Ал осыған сәйкес патрон салмағының азайтуы жиыңтық қорын маңызды көбейтуге мүмкіндік берді. Отандық оқ шығарушылары американдықтардың 5, 56-мм диаметрлі оғындай оқ шығару үшін жұмыс жүргізді. Ижевск қаласының шеберлері жаңа патронды жан жақты сынау үшін баллистикалық қаруды жасап шығарды. Оқтың толық сынауын күтпей-ақ, ГРАУ сайыс жариялап, зауыт және КБ құрастырушыларына кішірейтілген калибрымен автоматтың техникалық жобалауына тапсырма береді. М. Т. Калашников өз тобымен АКМ негізінде автомат шығаруға шешім қабылдады.

1 Атыс қаруының даму тарихы

Атыс қаруы-атысты оқпен жүргізетін оқшашар қару. Ертеде атыс қаруы шықпай тұрып қолданылған қарулар: найза, садақ, айбалта, қылыш. семсер. Одан кейін XVI ғасырдан бастап, білтелі мылтықтар шықты.

Ең бірінші ұңғылы винтовка оқатар 1868 жылы полковник Горлов Берданкасы аталды. 1891 жылы орыс офицері капитан Мосин. С. 2-оқты бірден оқтайтын оқатар ойлап тапты. 1886 жылы Рудницкий автоматты оқатар ойлап шықты. 1887 жылы ең бірінші оқшашар ойлап тапты. 1910 жылы Максим пулеметі жасалынып шықты. 1916 жылы Конструктор Федоров автомат ойлап тапты, 6, 5 м. м балистикасы жетілдірілген патрон шықты. 1921 жылы Федоров пен Дентарев қол пулеметін ойлап тапты. 1927 жылы Токарев пистолет-пулемет. 1970 жылы ТТ өзі оқталатын пистолет, 1938 жылы өзі оқталатын винтовка, 1978 - ДШК, 1941 жыл - 14. 5 мм ірі калибрлі пулемет. 1947 - Калашников автоматы, 1949 жылы СКС карабині. 1963 -СВД мерген винтовка, 1951 - 9 мм пистолет ПМ. 1959 АКМ, 1962 - ПКМ [1, 147б. ] .

1. 1 Атыс қаруының түрлері

Калибрі 20 мм дейінгі қару түрлері атыс қарулары деп аталады. Олар жеке және топтық болып бөлінеді.

Автомат - қарсыластың адам күшін жою үшін қолданылатын дербес атыс құралы. Минутына 100 оққа дейін шығара алады. Салмағы жеңіл жылдам атылатын болғандытан жаяу әскердің негізгі атыс құралы болып есептеледі. Автоматты қару - ату кезінде жанған дәріден бөлінген газдың күшімен автоматты түрде қайта оқталып, үздіксіз атылатын атыс қаруы. Оның құрылысы мен оқ шығаруы оқ-дәрі газының күшін пайдалануға негізделген. Автоматты қарудан үздіксіз де жекелеп те атуға болады.

Автоматты қарудың түрлері: тапанша, автомат, винтовка караоин. Өздігінен оқталынатын винтовка, қол пулеметі, пулемет ірі калибрлі пулемет.

Білтелі мылтық - мақта білтемен оқ салатын қазақтардың өзі жасаған серіппесіз мылтық. XVI-XVIII ғасырларда жоңғарларға басқа қарсыластарға қарсы соғыста қолданылған. Жалпы құрылысы басқа мылтықтармен бірдей. Оқтығы ұзын. Оқ салатын құндағы бар. Оқ-дәрі білтемен тұтатады. Білтелі мылтық тірелетін үш аяғы болады. Ең ауыр шамғал ең ұзаққа атылатын білтелі мылтық күлдірмамай деп аталған. Білтелі мылтық оғын да, дәрісін де, фосфор мен күкірттен жасалған. Соңғы ол шеп мергендер құралы болып қалды [2, 114б. ] .

Карабин (фр - саrаbіnе, араб-саrаb қару) ұңғысы қысқа винтовка түрі. XV ғасырда шыққан. XIX ғасырдан көп зарядты түрлері шыға бастады. ҚРҚК 7. 62 мм СКС өздігінен зарядталатын Симонов карабині қолданады.

Пулемет (оқшашар) - жердегі және әуедегі нысаналарды жоюға арналған автоматты шапшаң атылатын қару. Пулемет топтық қару. Құрылысына жұмсалуына байланысты қол пулеметі, ірі калибрлі болып бөлінеді. Қол пулеметінде орнықты отыру үшін жерге тірелетін тіреуіші болады.

Пистолет - офицерлердің, мамандандырылған солдаттар мен сержанттардың дербес қаруы. Ол ұрыс кезінде қарсыласты жақын жерден 50 м-ге өсетін жоюға арналады.

Тапанша - (фр - різіоіеі, нем - різіоіеіркеке оқатар қару) . ұрыстың, спорттың, дабылдық - арналуы бойынша. Құрылысы бойынша автоматты, автоматты емес болып бөлінеді. ҚРҚК 9 мм ПМ, 9 мм Стечкин пистолеті қолданылады [3, 5б. ] .

Револьвер кішігірім барабанды оқшашар қару. Ол 50-100м қашықтықтағы адам күшін жоюға арналған. Қазіргі кезде барабанның орнында өздігінен оқталынатын револьверлер қолданылады.

1. 2 Винтовка

Ойықты ұңғылы жеке отты қарудың арналу мақсаты оғымен, сүңгісімен және дүмімен қарсыластың адам күшін жою болып табылады.

Осындай жылдам атылатын винтовканың шығуына үлкен үлес қосқан Тула қару жасау заводының инструментальді шеберханасының бастығы С. И. Мосин болды.

Ол 1890 жылы бесатар винтовканы жасап әскери кеңеске тапсырды. Сынақта винтовка басқа винтовкалардан артықшылықтарын көрсетті.

1891 жылы бұл винтовка орыс армиясын жабдықтауға қабылданды, онда ол үш линиялы 1891 ж. үлгідегі винтовка деп аталды.

1930 жылы бұл винтовкамен Қызыл Армия жауынгерлері де қаруланды. Ол кезде «Орыстың үш линиялы 1891 ж. үлгідегі винтовкасы» деп аталды. Осы 1930 ж винтовкаға біраз өзгерістер енгізіліп СССР Революциялық әскери кеңесінің шешімімен Қызыл армияға «1891/30 жж. үлгідегі 7, 62 мм винтовка» деген атпен қайта қабылданды.

Бұл тамаша конструктордың еңбегін Кеңестер Одағының Үкіметі, бағалап арнайы қаулы қабылдады С. И. Мосиннің қайтыс болуына 50 жыл толуына байланысты (1952 ж) Тула қаласында Ескерткіш орнатылып, ол кісінің атымен бір көше және механикалық техникумнің аты берілді [4, 317б. ] .

Сурет 1 1891-1930 жж. үлгідегі 7, 62 мм винтовка Конструктор С. И. Мосин

Бұл винтовкамен бірге Кеңестер армиясының қару жарағына «1938 ж үлгідегі» сүңгісіз карабин қосылды. Карабин винтовка, ұзындығы жағынан қысқартылған және қолдануға ықшамдалған қару, онымен атты әскер бөлімдері мен артиллерия, миномет есептоптары қаруланды.

Ұлы Отан соғысының тәжірибесі көрсеткендей, соғыстың алғашқы айларында ақ «1891-1930 жж. үлгідегі 7, 62 мм винтовка» өзінің ұзындығына байланысты қолдануға ыңғайсыз болды, ұрыс кезінде, оқпандағы байланыс жолдарындағы қозғалыс кезінде, елді мекендер мен ормандарда және әртүрлі кедергілермен бөгеттерден өту кезінде қолайсыздықтар байқалды.

1944 жыл 17 қаңтар жаяу әскер, атты әскер бөлімдері мен инженерлік бөлімдерді қаруландыру үшін сүңгісі алынбайтын, қайырылатын «1944 ж. үлгідегі» карабин қолданылды.

Ұлы Отан соғысының соңғы кездерінде бұл карабин жаппай қолданыс тапты [5, 74б. ] .

«1944 ж. үлгідегі» карабин мен «1938 ж. үлгідегі» карабиннің айырмашылығы тек сүңгісінде болды.

Кесте 1

«1891-30 ж. ж. үлгідегі» винтовка мен «1938 жылғы үлгідегі» карабиндердің тактикалық көрсеткіштері

Негізгі көрсеткіштері

Винтовка

1891/30ж. ж.

Карабин

1938 ж

Карабин

1944

Негізгі көрсеткіштері: Калибрі (мм)
Винтовка1891/30ж. ж.: 7, 62
Карабин1938 ж: 7, 62
Карабин1944: 7, 62
Негізгі көрсеткіштері: Жалпы ұзындығы сүңгі мен ұрыстың жағдайында (мм)
Винтовка1891/30ж. ж.: 1669
Карабин1938 ж: -
Карабин1944: 1330
Негізгі көрсеткіштері: Ұзындығы сүңгісіз (мм)
Винтовка1891/30ж. ж.: 1230
Карабин1938 ж: 1020
Карабин1944: 1020
Негізгі көрсеткіштері: Ұңғысының ұзындығы (мм)
Винтовка1891/30ж. ж.: 730
Карабин1938 ж: 520
Карабин1944: 520
Негізгі көрсеткіштері: Сүңгісіз салмағы (кг)
Винтовка1891/30ж. ж.: 4
Карабин1938 ж: 3, 5
Карабин1944: 3, 5
Негізгі көрсеткіштері: Сүңгінің салмағы (кг)
Винтовка1891/30ж. ж.: 0, 5
Карабин1938 ж: -
Карабин1944: 0, 4
Негізгі көрсеткіштері: Көздеу қашықтығы м
Винтовка1891/30ж. ж.: 2000
Карабин1938 ж: 1000
Карабин1944: 1000
Негізгі көрсеткіштері: Ұңғыдағы ойықтар саны
Винтовка1891/30ж. ж.: 4
Карабин1938 ж: 4
Карабин1944: 4
Негізгі көрсеткіштері: Оқтың бастапқы жылдамдығы м/с
Винтовка1891/30ж. ж.: 865
Карабин1938 ж: 820
Карабин1944: 820

1. 3 Автоматты қару

Автоматты қару жасаудың конструкторлық ойлары Қазан социалистік революциясының жеңісінен кейін қолға алынды. Бұл бастаманың басында В. Г. Федоров әртүрлі қарулардың үлгілерін жасауға шеберхана ұйымдастырды. Алғашқы кеңестік 6, 5 мм автоматтың конструкциясын үлгісі В. Г. Федоров 1919 ж жасап, ол 1920 жылы сынақтан өткізілді. Сынақ барысында бірқатар күрделі кемшіліктер анықталды және әскерді 6, 5 м жапондық патронмен қамтамасыз ету қиындық тудырды. Сондықтан бұл автоматты өндірістен алынып тасталды.

В. Г. Федоровтың әріптестері мен оқушылары автоматты қару шығару жолында қажырлы жұмыстар жүргізді. Олар - Ф. В. Токарев, В. А. Дегтярев, Г. С. Шпагин және басқалар.

Сол уақыттағы жаңаша тапанша - пулеметті ұсынған В. А. Дегтярев болды. Сол кездегі басқа қарулармен өткізілген салыстырмалы сынақ кезінде оның тапанша - пулеметі жоғары көрсеткіштер көрсетіп, 1934 ж Қызыл Армияның қару жарағына қабылданды. Бұл тапанша - пулеметке 1930 ж үлгідегі тапаншаға арналған 7, 62 мм патрон пайдаланылды. Қарудың құрылысы қарапайым, қолдануда сенімділігімен ерекшеленді. Атыс жекелей және автоматты түрде жүргізіледі. Бұл қару 1939-1940 ж. ж. ақфиндермен болған соғыста қолданылды [6, 9-10б. ] .

1940 жылы тапанша - пулеметке азғантай өзгертулер енгізілді, ол қорапшалы оқжатары, барабанды оқжатарға ауыстырылды. Мұнда сиымдылығы 25-тен 71 патронға артты. Осы өзгерістерден кейін ол «Конструктор Дегтяревтің 1940 жылғы үлгідегі тапанша -пулеметі» ППД-40 деп аталды.

0

Сурет 2 ППД-40

Осы кезде жаңашаландырылған Г. С. Шпагиннің конструкциясымен жаңа тапанша - пулемет шықты. Ол жан-жақты сынақтан өткізіліп қару жараққа қабылданды және «Конструктор Г. С. Шпагиннің 1941 ж. үлгідегі тапанша - пулеметі» ППШ-41 деп аталды.

ППШ-41 автоматының құрылысы, бөліктері мен механизмдерінің жұмысы ППД-40 автоматына ұқсас, бірақ конструкциясының қарапайымдылығы, қолдануға пайдалануға ыңғайлылығы жоғары және ұңғылық компенсаторды қолдану арқылы атыс кезіндегі тұрақтылық пен оқтың нысанаға шоғырланып баруына қол жеткізілді. Қолданыс барысында Шпагиннің тапанша - пулеметіне аз ғана өзгерістер енгізілді, оның қорапты оқжатары мен көздеуіші жақсартылды.

Ұлы Отан соғысы жолдарындағы қатал сыннан ППШ сүрінбей өтіп, Кеңес Армиясының сүйікті қаруына айналды.

Сурет 3 ППШ-41

1943 жылы Кеңес Армиясының қару жарағына жаңа тапанша - пулемет қосылды. Ол А. И. Судаевтың 1943 ж үлгідегі ППС-43 тапанша - пулеметі. Бұл қарудың ұрыстық қасиеті жоғарғы және өте жеңіл қару, оның жиналмалы темір дүмі және тапаншалық тұтқасы болды.

Бұл қарудың атыс қарқыны төмендеу болғандықтан оның атыс кезінде тұрақтылығы жоғары болды. Бұл автоматта жекелей ату ауыстырғышы жоқ, бірақ атыс қарқынын төмендету арқылы жекелей атуға болады. Төмендете ату 3-6 атысқа дейін, автоматты ату 15-20 атысқа дейін.

Автоматтың құрылысы қарапайым, қолдануға жеңіл пайдалану қасиеті жоғары. Автомат жорықтық жағдайда жиналады, тасымалдау мен алып жүруге ыңғайлы ал ұрыстық жағдайда дүмбі жазылады атуға нысана көздеуге ыңғайлы болуы үшін [7, 18б. ] .

Сурет 4 ППС-43

Кесте 2

Автоматтың сипатамасы

Негізгі көрсеткіштері
ППД-40
ППШ-41
ППС-43
Негізгі көрсеткіштері: Калибрі (мм)
ППД-40: 7, 62
ППШ-41: 7, 62
ППС-43: 7, 62
Негізгі көрсеткіштері: Көздеу қашықтығы (м)
ППД-40: 500
ППШ-41: 500
ППС-43: 200
Негізгі көрсеткіштері: Нақты атыс қашықтығы (м)
ППД-40: 200
ППШ-41: 200
ППС-43: 200
Негізгі көрсеткіштері: Ұшақтар мен парашюттер бойынша (м)
ППД-40: 300
ППШ-41: 300
ППС-43: 300
Негізгі көрсеткіштері: Атыс қарқыны (мин)
ППД-40: 1000
ППШ-41: 1000
ППС-43: 1000
Негізгі көрсеткіштері: Ұрыстық ату жылдамдығы
ППД-40: 100-120
ППШ-41: 100-120
ППС-43: 100-120
Негізгі көрсеткіштері: Автомат массасы (кг)
ППД-40: 3, 6
ППШ-41: 3, 5
ППС-43: 2, 8
Негізгі көрсеткіштері: Оқжатар сиымдылығы
ППД-40: 71
ППШ-41: 71/35
ППС-43: 35
Негізгі көрсеткіштері: Оқтың бастапқы жылдамдығы м/с
ППД-40: 500
ППШ-41: 500
ППС-43: 500

2 Калашников автоматы

Бұл автоматты жасап шығарушы Михаил Тимофеевич Калашников 1919 жылы туылған. Он тоғыз жасында армияға шақырылады, осы кезден бастап, оның атыс қаруына деген қызығушылығы басталады. Алғашында «ТТ» тапаншасына өзгерістер ендірмекші де болды. Осы жоспарларын Ұлы Отан соғысы бұзды.

Танкілердің Брянск түбіндегі шайқасында М. Т. Калашников ауыр жараланып, госпиталдағы емделуден кейін 6 айға демалыс алып, армияға алынған жері Алматыға келеді. Осы жерде 1942 жылы ол алғашқы автоматын (тапанша - пулеметті) жасап шығарады, оны сынақтан Дзержинский атындағы академияда өткізеді. Атыс қарулары жөніндегі белгілі маман академик А. К. Благонров бұл қаруды сынақта өткізеді. Академик А. К. Благонров өз қорытындысында бұл жас қару жасаушының табиғы дарын иесі екендігін мойындап оған техникалық білім беру керектігін ескертті.

М. Т. Калашников алғашқы сәтсіздіктерден мойымай өз жұмысын жалғастыра берді. Көп қиындықтардан кейін 1947 жылы автомат жасап шықты оны «АК-47» деп атады. Бұл автомат сынақтан сүрінбей өтті. М. Т. Калашниковті 1949 жылы Мемлекеттік сыйлықпен марапаттады.

АК-47 автоматы құрылысы қарапайым, қолдану қасиеті өте жоғары бағаланды, бұған айғақ Вьетнам патриоттарының американ агрессиясына жүргізген ұрыстарында толық дәлелденді [8, 103б. ] .

Сурет 5 АК-47 автоматы

Бұдан кейінгі жылдары конструктор автоматқа бірқатар өзгерістер енгізіп, жаңартылған АКМ автоматы дүниеге келді. АК-47 мен АКМ автоматтарының ұрыстық қасиеттерін төмендегі 3 - кестеде көрсетілген. Төмендегі кестеде көріп отырғанымыздай АК-47 мен АКМ автоматының арасында бірқатар өзгерістер бар, олар көздеу қашықтығы артқан, салмағы жеңілдеген және сүңгінің орнына сүңгі пышақ ауыстырылған.

Кесте 3

Автоматтың көрсеткіштері

Негізгі көрсеткіштері
Ак-47
АКМ
Негізгі көрсеткіштері: Калибрі (мм)
Ак-47: 7, 62
АКМ: 7, 62
Негізгі көрсеткіштері: Көздеу қашықтығы (м)
Ак-47: 800
АКМ: 1000
Негізгі көрсеткіштері: Нақты атыс қашықтығы (м)
Ак-47: 400
АКМ: 400
Негізгі көрсеткіштері: Тура атыс қашықтығы (м)
Ак-47:
АКМ:
Негізгі көрсеткіштері: Көздерлік фигураға
Ак-47: 350
АКМ: 350
Негізгі көрсеткіштері: Жүгіруші фигураға
Ак-47: -
АКМ: 525
Негізгі көрсеткіштері: Шоғырланған атыс қашықтығы (м)
Ак-47:
АКМ:
Негізгі көрсеткіштері: Жер үстіндегі нысана бойынша
Ак-47: 800
АКМ: 800
Негізгі көрсеткіштері: Ұшақтар мен парашюттер бойынша (м)
Ак-47: 500
АКМ: 500
Негізгі көрсеткіштері: Атыс қарқыны (мин)
Ак-47: 600
АКМ: 600
Негізгі көрсеткіштері: Үзбей атқанда
Ак-47: 100
АКМ: 140
Негізгі көрсеткіштері: Жекелей атыспен атқанда
Ак-47: 40
АКМ: 40
Негізгі көрсеткіштері: Жарақталған оқжатармен қоса массасы (кг)
Ак-47: 4, 8
АКМ: 3, 6
Негізгі көрсеткіштері: Сүңгі пышақтың массасы (гр)
Ак-47: 370
АКМ: 450
Негізгі көрсеткіштері: Оқжатар сиымдылығы
Ак-47: 30
АКМ: 30
Негізгі көрсеткіштері: Оқтың шекті ұшу қашықтығы
Ак-47: 2000
АКМ: 3000
Негізгі көрсеткіштері: Оқтың қиратқыш күші сақталатын қашықтығы
Ак-47: 1500
АКМ: 1500
Негізгі көрсеткіштері: Оқтың бастапқы жылдамдығы м/с
Ак-47: 710
АКМ: 715

Сурет 6 АКМ автоматы

Негізгі өзгерістердің бірі деп соққыш ағытқыш механизмдегі шүріппе баяулатқышының қосылуы деп ойлаймын. Шүріппе баяулатқышының міндеті атыс кезіндегі тұрақтылықты арттыру, тербелісті азайту және оқтың нысанаға шоғырланып барудың қамтамасыз ету. Осы жаңашылдықтың арқасында АКМ автоматының нысанаға дәл атуы артқан, оқтың нысанаға шоғырланып баруы артқан. Осыған дәлел ретінде төмендегі екі автоматында соққыш ағытқыш механизімнің құрылысын беріп отырмын [9, 120б. ] .

Қазіргі кезде қару-жараққа Калашниковтің 1974 ж үлгідегі АК-74 автоматы қабылданған.

Сурет 7 АК-74

АК-74 автоматында АКМ автоматына қарағанда жақсы жақтары мен ерекшеліктері бар, оларға мына төмендегі 4-ші кестеден өздеріңіз көз жеткізулеріңізге болады.

Кесте 4

Автоматтың көрсеткіштері

Негізгі көрсеткіштері
АКМ
Ак-74
Негізгі көрсеткіштері: Калибрі (мм)
АКМ: 7, 62
Ак-74: 5, 45
Негізгі көрсеткіштері: Көздеу қашықтығы (м)
АКМ: 1000
Ак-74: 1000
Негізгі көрсеткіштері: Нақты атыс қашықтығы (м)
АКМ: 400
Ак-74: 500
Негізгі көрсеткіштері: Тура атыс қашықтығы (м)
АКМ:
Ак-74:
Негізгі көрсеткіштері: Көздерлік фигураға
АКМ: 350
Ак-74: 440
Негізгі көрсеткіштері: Жүгіруші фигураға
АКМ: 525
Ак-74: 625
Негізгі көрсеткіштері: Шоғырланған атыс қашықтығы (м)
АКМ:
Ак-74:
Негізгі көрсеткіштері: Жер үстіндегі нысана бойынша
АКМ: 800
Ак-74: 1000
Негізгі көрсеткіштері: Ұшақтар мен парашюттер бойынша (м)
АКМ: 500
Ак-74: 500
Негізгі көрсеткіштері: Атыс қарқыны (мин)
АКМ: 600
Ак-74: 600
Негізгі көрсеткіштері: Үзбей атқанда
АКМ: 140
Ак-74: 100
Негізгі көрсеткіштері: Жекелей атыспен атқанда
АКМ: 40
Ак-74: 40
Негізгі көрсеткіштері: Жарақталған оқжатармен қоса массасы (кг)
АКМ: 3, 6
Ак-74: 3, 2
Негізгі көрсеткіштері: Сүңгі пышақтың массасы (гр)
АКМ: 450
Ак-74: 490
Негізгі көрсеткіштері: Оқжатар сиымдылығы
АКМ: 30
Ак-74: 30
Негізгі көрсеткіштері: Оқтың шекті ұшу қашықтығы
АКМ: 3000
Ак-74: 3150
Негізгі көрсеткіштері: Оқтың қиратқыш күші сақталатын қашықтығы
АКМ: 1500
Ак-74: 1350
Негізгі көрсеткіштері: Оқтың бастапқы жылдамдығы м/с
АКМ: 715
Ак-74: 900
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Бастапқы әскери дайындық пәнінің оқу-материалдық базасы және материалдық қамтамсыз етілуі»
БОЛАТ ГОРИЗОНТАЛДЫ РЕЗЕРВУАРЛАРЫН ЗЕРТТЕУ
Құрлық әскерлері - қазақстандық армияның басты жауынгерлік күші
Саптық тәсілдер және қарумен қозғалыс
«Тактикалық дайындық» пәні бойынша оқу - әдістемелік кешен
Калашников автоматы
Шет елдік өнім мен отандық өнімді салыстыру (сүзбе өнімі)
Машиналардағы және аппараттардағы өзгерістер
Қарулы Күштер тылы
Асық ату
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz