КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3

1 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН
КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. Нарықтық экономика жағдайындағы негізгі қорларды тиімді
пайдаланудың мәні, құрылымы мен жіктелуі 5
2. Құрылыс материалдар өнеркәсібінің негізгі
құралдарының ұдайы өндірісі 8
3. Негізгі құралдардың пайдалану тиімділігін
бағалаудың әдістемелік негіздері 10

2 РЗА АҚ-НЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ
ЖӘНЕ ЖАҢАРТУ ДЕҢГЕЙІН КЕШЕНДІ БАҒАЛАУ
2.1 РЗА АҚ-ның жалпы сипаттамасы, экономикалық
белсенділігін талдау 15
2.2 РЗА АҚ-ның негізгі құралдармен қамтамасыз етілуін талдау 17

2.3 Негізгі құралдарды тиімді пайдалану шаралары
20

ҚОРЫТЫНДЫ 26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28

КІРІСПЕ

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Нарықтық қатынастарға өтумен
байланысты әр бір қоғам даму жолдарын таңдау алдында тұрады. Нарықтық
экономикада шынайы экономикалық процестердің қиындығы, олардың қайшылығы
және біртекті еместігі қоғамның прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап
беретін экономикалық саясаттың бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай
қиындықтар туғызады.
Өнім өндірісі және қызмет көрсету процессінде келесі экономикалық
ресурстардың түрлерін пайдаланылады: табиғи ресурстар, еңбек ресурстары
өндіріс қорлары, адамдардың кәсіпкерлік қабілеттілігі.
Өндірістің заттанған құралдары кәсіпорын капиталы деп аталады. Капитал
өндіріс құралы ретінде өнімді шығаруға қатысатын, бірақ өндіріс процесінде
олардың функциясы бойынша ажыратылатын еңбек құралдары және еңбек заттары
болып бөлінеді.
Еңбек құралдары негізгі өндірістік қорлардың заттай мағынасын құрайды,
яғни негізгі капиталды, ал еңбек заттары айналым капиталын құрайды.
Негізгі қорлар өндіріс сферасында қызмет етеді және республиканың
ұлттық байлығының басты бөлігін құрайды. Олар республиканың, кәсіпорынның
техникалық потенциалын анықтайды, олардың құрамының сапалығынан және
жағдайынан өндірістің өсу қарқынымен өсуі байланысты. Осыдан зерттеу жұмыс
тақырыбы Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдаланудың экономикалық
тиімділігі таңдалады. Пайдалану анализі және негізгі қорлар есебінің
мәселесіне келесі Ресей экономист ғалымдардың И.С. Степанова, Л.А.
Виногоров, Г.В. Снитко және тағы басқа жұмыстары, Қазақстанның О.Окаев,
Т. Ашимбаев , С.К. Хамзин және тағы басқа экономист ғалымдардың жұмыстары
арналған, олардың еңбектері осы жұмыста тақырыпты ашу үшін пайдаланған. Осы
ғалымдармен негізгі қорлардың есебі және анализі облысында теориялық және
методологиялық сұрақтарға айтарлықтай еңбектерін енгізген.
Курстық жұмыстың мақсаты - жалпы кәсіпорынның нарық жағдайында негізгі
капиталдарды пайдалану тиімділігін талдау жүргізу және алдағы уақытта
жоғарылату.
Курстық жұмыстың міндеттері – пайдаланылған негізгі құралдардың
талдауын жасап, кеткен қателерді анықтап оның тиімділігін арттыру жолдарын
анықтау, жөндеу шаруашылығының тиімділігін есептеу.
Курстық жұмыстың құрылымы - зерттеу жұмыстың бірінші тарауында:
негізгі қорлардың жіктелімі, құрамы және құрылымы зерттеледі. Қазіргі
жағдайға негізгі қорлардың мағынасы және мақсаттары келтірілген. Негізгі
қорлардың амортизациясы оның біртіндеп қалпына келу процесі ретінде
зерттеледі.
Зерттеу жұмыстың екінші тарауы талдау жасауда база ретінде
пайдаланылатын РЗА АҚ негізгі қорларын талдауға арналған. Талданып
отырған кәсіпорын қызметін толықтай көрсету үшін екінші тараудың бірінші
бөлігінде оның экономикалық жағдайын сипаттайтын барлық технико-
экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізіледі. Кәсіпорынның 2жылдық
мәліметтерін пайдаланып олардың абсолютті өзгеруін, көрсеткіштердің өсу
темпін, оларды тиімді пайдалануды және т.б. анықтауға болады. Кәсіпорынның
дамуына байланысты болатын оның техникалық мүмкіншілігін тереңірек
зерттеу үшін, олардың пайдалануындағы әлсіз жақтарын шығару үшін, негізгі
қорлардың барына және қозғалысына, техникалық жағдайына талдау жүргізіледі.
Негізгі қорлардың тиімді пайдалану көрсеткіштерінің талдауы, олардың
ішінде бізде негізгі қорлардың қорқайтарым және қор сыйымдылық
көрсеткіштері бар.
Зерттеу жұмыстың үшінші тарауында кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді
пайдаланудың негізгі жолдары және бағыттары келтірілген,оларды пайдаланудың
талдауын және есебін жүргізуді жетілдіру.

1 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУДІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. Нарықтық экономика жағдайындағы негізгі қорларды тиімді пайдаланудың
мәні, құрылымы мен жіктелуі

Кәсіпорынның негізгі белгісі – оның меншігінде, шаруа жүргізуінде
немесе жедел басқаруында жекешеленген мүлкінің бар болуы. Ол кәсіпорынның
қызмет етуінің материалды-техникалық мүмкіндігін, оның экономикалық
сенімділігін және дербестігін қамтамасыз етеді. Белгілі бір мүліксіз ірі,
кіші кәсіпорындар немесе жеке кәсіпкерлер өзінің қызметін жүзеге асыра
алмайды.
Негізгі қорлар – бұл өзінің құнын бөлшектеп жоғалтатын және ұзақ кезең
бойы натуралды қалпын өзгертпей сақтайтын материалды заттай құндылықтар.
Негізгі қорлардың кеңейтілген қайта өндіріс процесіне қатысу сипатына
байланысты олар өндірістік және өндірістік емес негізгі қорлар болып
бөлінеді.
Өндірістің әрбір процесі өндіріс қорларының қатысуымен жүзеге
асырылады, олар келесідей болып бөлінеді:
1. Еңбек заттары (материалдар, шикізаттар, сатып алынатын жартылай
фабрикаттар).
2. Еңбек құралдары (станоктар, машиналар және т.б.).[1]
Негізгі қорлар – бұл еңбек құралдарына заттай айналған өндірістік
қорлардың бөлігі, ұзақ кезең бойы өзінің натуралды формасын сақтайды,
өнімге өз құнын бөлектеп ауыстырады және тек қана бірнеше өндірістік
циклдарды жүргізгеннен кейін өтеледі.
Негізгі қорлар өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты
төмендегілерге бөлінеді:
- өндірістік – бұл өндіріс процесіне тікелей қатысатын немесе оған
жағдай жасайтын негізгі қорлар. Оның құрамына өндірістік
ғимараттар және құрылыстар, машиналар және құрал-жабдықтар,
өлшейтін және бақылайтын құралдар және жабдықтар, лабораториялық
құралдар, көлік құралдары, өндірістік және шаруашылық инвентарь,
инструменттер, көпжылдық отырғызулар. Негізгі өндірістік
қорларды пайдалануды сипаттайтын экономикалық жалпылығын
көрсеткіш болып қорқайтарым табылады, ол натуралды немесе ақша
өлшеміндегі негізгі қорлардың бірлігіне өнім өндірісін
сипаттайды;
- өндірістік емес – тұтынуға белгіленген негізгі қорлар. Олар
өндіріс процесіне қатыспайды, кәсіпорын жұмысшыларының мәдени-
тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арналған.
- Тәнділігі бойынша негізгі қорлар келесідей бөлінеді:
- меншікті – ол субъектке тиесілі және оның балансында болатын
негізгі қорлар;
- арендаға алынған – ол басқа бір субъекттен аренда шартымен
белгіленген бір мерзімге алынған негізгі қорлар
- тоқтап тұрған – уақытша пайдаланылмайтын негізгі қорлар;
- запастағылар – қозғалыстағы негізгі қорларды жөндеуде, аварияда
немесе жойылып кеткенде ауыстыруға арналып қойылған негізгі
қорлар.
- Заттай құрамына байланысты негізгі қорлар:
- мүлікті – заттай құрамы бар объектілер (ғимараттар, құрылыстар,
машиналар, құрал-жабдықтар);
- мүліксіз – жерге, тоғайлық және сулы жерлерге (құрылыстардан
басқа) капитал салымдары, яғни заттай формасы жоқ шығындар (жер
учаскілерін жоспарлау, жалға алынған негізгі қорларға капиталдық
шығындар және т.б.).[2]

Сурет 1 - Кәсіпорынның негізгі қорлары

Негізгі қорлар жасайтын функциясына және мақсатты белгілеуіне
байланысты келесі түрлерге бөлінеді:
1. Жер – субъекттің меншік құқығымен сатып алынған жер көлемі және
құны. Жерге деген меншік құқығы Жер учаскесіне меншік құқық актісі мен
бекітілуі тиіс. Инвентарлы болып жер бөлімшесіне меншік құқығы актісі
берілген әрбір жер саналады.
2. Ғимараттар – еңбекке жағдай жасау, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет
көрсету, баспана және материалды құндылықтарды сақтауға арналған
архитектурлы-құрылыстық объектілер.
3. Құрылыстар – еңбек затын өзгертпейтін қызметтерді орындау жолымен
өндіріс процесін жүзеге асыру үшін арналған инженерлі-құрылыстық объектілер
(шахталар, мұнай және газ скважиналары, платиналар, эстакадалар, мосттар).
Мүкаммалар (инвентарь) болып әрбір бөлек тұрған құрылыс саналады.
4. Өткізгіш құрылғылар – электро, жылу және механикалық энергияны
тасымалдауға арналған құрылғылар (электроөткізу линиялары, жылу желісі,
құбырлар).
5. Машиналар және құрал-жабдықтар. Мүкаммалар объектісі болып әрбір
машина саналады, егер ол басқа бір объектінің бөлігі болмаса, өзінің
құрамына кіретіндер құралдар, керек-жарақтар, қоршаулар, фундамент негізгі
қорлар.
6. Көлік құралдары – адамдарды және жүктерді тасуға арналған жүру
құралдары (автомобиль, теміржол, су транспорттарының қозғалу құрамы).
7. Аспаптар (құралдар) – бұл механикаландырылған және
механикаландырылмаған қол еңбек құралдары немесе металдарды, ағаштарды және
т.б. өңдеуге арналған машинаға бекітілген жабдықтар (кесетін, соғатын,
езетін, жұқартатын еңбек құралдары – электро дрельдер, электро вибраторлар
және т.б.). Инвентарлы объектісі болып тек қана басқа инвентарлық
объектінің құрамына кірмейтін құралдар жатады.
8. Өндірістік жабдықтар және құралдар - өндірістік операцияларды
жасауға немесе жеңілдетуге арналған құралдар – жұмыс столы,
шкафтар, және т.б.
9. Шаруашылық инвентарь – конторлық және шаруашылық инвентарь
(үстелдер, шкафтар және клемдер).
10. Көпжылдық отырғызулар – жасанды, көпжылдық оптырғызулар (жеміс-
жидектер, жүзім ағаштары, көпжылдық гүл отырғызулары, роза егіндері, тірі
шарбақтар және т.б.).
11. Жерді жақсарту үшін капитал шығындары (құрылыссыз) – шаруашылыққа
пайдалану үшін жерді жақсарту шараларына инвентарлы сипаттағы шығындар.[3]

Сурет 2 - Негізгі қорлардың әр саладағы үлесі

Сонымен, негізгі өндірістік қорлардың түрлі құрылымы әр саладағы
өнеркәсіп кәсіпорындарында бірдей емес. Мысалға, ғимараттардың негізгі
қорлардың толық құны жеңіл тамақ өнеркәсібіндегі үлесі көбірек (44%),
құрылыстар – жанар-жағармай, өнеркәсібінде (17%), таратқыш құрылғылар –
электроэнергетикада (32%), машина және құрал-жабдықтар – машина
құрастыратын кешенді кәсіпорындарында (45%).

1.2 Құрылыс материалдар өнеркәсібінің негізгі
құралдарының ұдайы өндірісі

Қазіргі нарық жағдайында ұдайы өндіріс тұсында жүріп жатқан саясат аса
маңызды мәнге ие, өйткені негізгі құралдардың сапалық және сандық жағдайына
жауап береді.
Бұл саясат тек макро деңгейде ғана емес, сонымен қатар микро деңгейде
де қолданылу керек. Ұдайы өндіріс саясатының негізгі мақсаты – макро
деңгейде шаруашылық субьектілерге ұдайы өндіріс, жаңа техникамен мүліктену,
реконструкциялар, өндірісті техникалық қайтақаруландыру, ұдайы өндірістің
жай және кеңейтілген түрлеріне қолайлы жағдай жасау. Бұл міндеттердің
барлығы да амортизациялық, салықтық, инвестициялық саясаттармен жүзеге
асырылады.
Негізгі қорлардың ұдайы өндірісі – жаңа құралдарды мүліктену,
реконструкциялар, техникалық қайтақаруландыру, модернизация және капиталды
жөндеулер жолымен оларды үздіксіз жаңарту үрдісі.[4]
Негізгі қорлардың ұдайы өндірісінің басты мақсаты – кәсіпорында
негізгі қорларды сапалық және сандық жағдайын қамтамасыз ету, сонымен қатар
оларды жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау. Негізгі қорлардың ұдайы өндірісі
үрдісінде келесі міндеттер шешіледі:
- әр түрлі жағдайларға байланысты істеп шыққан негізгі қорларды
қалпына келтіру;
- өндірістің көлемін ұлғайту мақсатында негізгі қорларды көбейту;
- негізгі қорлардың түрлі технологиялық, жастық
құрылымдарын жетілдіру немесе өндірістің техникалық жағдайын
көтеру.
- Негізгі қорлардың ұдайы өндіріс үрдісі түрлі көздер арқылы
жүзеге асырылуы мүмкін. Кәсіпорындарда негізгі құралдардың
өндірісі үшін негізгі құралдар келесі арналар бойынша келуі
мүмкін:
- кәсіпорынның жарғылық капиталы ретінде;
- капиталды салымдар нәтижесінде;
- міндетсіз беру нәтижесінде;
- аренда ретінде.
Негізгі қорлардың ұдайы өндірісі сандық жағынан жыл бойы негізгі
қорлардың балансында толық бастпқы құны бойынша мына формуламен көрінеді:

Фк = Фн + Фв – Фл
(1),

Мұндағы, Фк - негізгі құралдардың жыл соңындағы құны;
Фн - негізгі құралдардың жыл басындағы құны;
Фв - негізгі құралдардың жыл бойына қозғалстағы негізгі
құралдардың құны;
Фл - негізгі құралдардың жыл бойына жою құны.
Модернизация (жаңғырту) – бұл жаңа құрал-жабдықтардың қатарына дейін
негізгі құралдардың ТЭК-ін жақсарту және моральды тозуды азайту мақсатында
техникалық жетілдіру болып табылады. Жаңарту дәрежесіне байланысты
модернизация бөлікті және кешенді (түбірлі қайтажасау) деп екіге бөледі.
Әдісі мен шартына байланысты модернизацияны типтік және мақсаттық деп
бөледі.[5]
Типтік модернизация – бұл сериялық құрылыста топтық біртипті
өзгерістер;
Мақсаттық модернизация – нақты өндірістің қажеттілігіне байланысты
жетілдіру.
Модернизацияның шарты үнемдеу немесе қосымша түсімдердің өткізілуі
мына формуламен анықтауға болады:

С = П = (C1 – C2) V2 ,
(2),
Мұндағы, С - өнімнің өзіндік құнын азайту;
П – қосымша түсім;
С1,С2-өткізілген модернизациядан кейінгі және алдыңғы өнімнің
1 данасына кеткен өзіндік құны;
V2 - модернизациядан кейінгі өнімнің шығару көлемі.
Тозған бөлшектерді қалпына келтіру мүмкіндік береді:
- уақытылы жөндеу жұмыстарын жүргізу және кейбір запас бөліктердің
дифицитін жою;
- жөндеу шығындарын азайту, өйткені бөлшектерді қалпына келтіру,
ережеге сәйкес жаңа техниканы мүліктену немесе қайта жасалған
бөліктерден әлдеқайда тиімді;
- кәсіпорынға жеткізілетін запас бөлшектердің тасымалдау
шығындарын азайту.
Тозған бөлшектерді қалпына келтіру экономикалық көзқарас жақтан
пайдалы, егер:
жаңа бөлшектер салыстырымында

(Св + Ен Кв) Y = ( Ц + Зтр)
(3),
Жаңа бөлшектерді өзіңнің қаражатымен жасаған салыстырымында

(Св + Ен Кв) Y = ( Cизг + Eн Kизг)
(4),
Мұндағы,
Св – бөлшектерді қалпына келтіру өзіндік құны;
Ен – күрделі салымдардың тиімді мөлшерлік коэффициенті;
Кв–тозған бөлшекті қалпына келтіру үшін арнайы құралдармен
мүліктенуге жұмсалған күрделі салымдар.
Ү – жаңа бөлшекпен қалпына келтірілген бөлшектердің арасындағы қызмет
ету мерзімін есептейтін коэффициенті;
Зтр – бөлшектерді жасап шығарушыдан кәсіпорынға жеткізу тасымалдау
шығындары;
Сизг - өзіндік күштермен жаңа бөлшектерді жасап шығаруға кеткен
өзіндік құн;
Кизг – тозған бөлшектерді қалпына келтіру үшін қажетті құралдармен
мүліктенуге жұмсалған күрделі салымдар.
Сонымен, тәжірибе көрсеткендей орта және әсіресе ірі кәсіпорындарда
тозған бөлшектерді қалпына келтіру экономикалық тиімді болып саналады.[6]

1.3 Негізгі құралдардың пайдалану тиімділігін
бағалаудың әдістемелік негіздері

Өндірістік негізгі қордың құрылымы қоғам арасында салынатын қаражат
салмағының айырмашылығын көрсетеді. Яғни актив бөлігінде негізінен
өндірістің айнымалы қаржыларының жұмсалуы көзделеді. Сондай-ақ өндіріске
қызмет ететін шешуші бөлімнің және өндірісте сипатталуға мүмкін болатын
кәсіпорын шығарған бұйым, сонымен қатар құрал-саймандар яғни өнімді
өндіруге қатысатын негізгі қорлар жатады. Негізгі қордың актив бөлігінің
өсуі өндірісте еңбек өнімінің артуына өндірістің тиімді дамуына әсер етеді.
Пассив бөлігіне ғимараттар, транспорттар, беріліс қондырғылар жатады. Олар
өндіріс процесінде бірнеше рет қатысып өндірістің актив бөлігінің тиімді
жұмыс жасауын қамтамасыз етеді.
Негізгі қор бағасының олардың өндіріс процесіне қатысуына байланысты
бірнеше түрі бар. Олар:
1. Бастапқы құн
2. Қалдық құн
3. Қалпына келтіру құны
- Негізгі өндірістік қорлардың бастапқы құны-бұл қорларды
жасақтауға немесе сатып алуға шығындалған сома. Ол амортизация нормасын,
амортизациялық есеп көлемін, кәсіпорын активінің пайдасы мен
рентабельділігін, олардың пайдалану көрсеткішін анықтау үшін қолданылады.
- Негізгі қорларды пайдалану процесінде олар тозып, біртіндеп
бастапқы
құнын жояды.
- Негізгі қордың қалпына келтіру құны - ісжүзіндегі еңбек
құралдарының сол периодтағы бағадағы құны. Бұл қазіргі кездегі негізгі
қорды өндіруге шығындалған сома, ол қорларды қайта бағалау кезінде
қойылады. Негізгі қордың қалпына келтіру құнын бағалау шешімі тез өсіп,
кәсіпорындардың қаржылық-экономикалық көрсеткішін төмендетеді. Сондықтан
кәсіпорын үшін, қаржылық көрсеткішінің төмендетілген бағасын амортизация
коэффициенті қабылдайды.
Негізгі кәсіпорынның айналымы мына сатылардан тұрады:
1. Негізгі қорлардың тозуы: табиғи және моралдық тозу.
- табиғи және моралдық тозуы, яғни еңбек құралының тұтыну бағасын
жойған кез.
Табиғи тозу мына жағдайда болады:
- Дайын өнімнің құнымен қалпына келтіретін еңбек құралының пайдалану
процестері
- Еңбек құралдарының іске пайдаланылмай тұруына құралдардың құны жойылады.
Негізгі қордың бірдей элементтері табиғи тозу теңсіздігінен
шығарылған. Толық және ішінара тозудың негізгі қордағы айырмашылығы: толық
тозу - үшін қорға жаңадан тарату немесе айырбастау (негізгі қордағы
капиталдық құрылыстың тозуын ағымдық ауыстыру), ішінара тозу - жолдық
ремонттарды өтеу.
Табиғи тозу өндірістік қызмет мерзімін процентпен белгілейді, яғни
мына формуламен анықталады: (Иф)

Иф=TфTн*100
(5),

Мұндағы Tф-өндірістік негізгі қордың нақты қызмет мерзімі, жыл

Tн-нормативті қызмет мерзімі, жыл.
Кездейсоқ, нақты қызмет мерзімін салыстыру мөлшері немесе оның алдын-
алу, табиғи тозу пайызы мына формуламен анықталады:

Иф=ТфТф+Тв*100 (6),

Мұндағы: Тф- өндірістік негізгі қордың нақты қызмет мерзімі, жыл
Тв-өндірістік негізгі қордың қызмет мерзімінің мүмкіндігі, жол
экспортын санау, жыл.
- моралдық тозу көнеруден туады. Негізгі қаржы конструкциясы
өнімділігі, тиімділігі, үнемділігі бойынша анықталады. Негізгі өндірістік
Амортизациялық аударымдардың көлемі норма амортизациясы бойынша
негізгі қорлардың бастапқы құнынан олардың жұмыс уақытының мөлшерін
есептеумен анықталады.
Осыған байланысты амортизация нормасы мына формула бойынша анықталады:

На = Фп (б) – Фп Фп · tсл · 100%
(7),
Мұндағы, На – жыл ішіндегі амортизация нормасы (%);
Фп (б) – негізгі қорлардың бастапқы құны;
Фп – жойылатын құн;
tсл – негізгі қорлардың жұмыс жасау мерзімі.

Технологияны жетілдіру жағдайында құрал-жабдықтар моральды тез тозады.
Сондықтан қаржылық шарттарды құру мақсатында өндіріске ғылыми техникалық
жетістіктерді енгізуді тездету үшін және негізгі қорларды жаңартуда
мүдделігін көтеру үшін субъектілер амортизацияның жеделтілген есептеу
әдісін қолдануларына болады:
- сандардың сомасы бойынша құнды тізімнен шығару әдісі (коммулятивті);
- кішірейетін қалдық әдісі.
Кішірейетін қалдық әдісі амортизацияны есептеу бастапқы құнмен емес
баланстық құнмен жүргізуден тұрады. Тіке сызықты әдісте амортизация нормасы
екі еселенеді. Бұл кезде амортизация сомасы жылдан-жылға төмендейді,
алғашқы жылдары ол айтарлықтай көп болады.[7]
Сонымен, амортизацияны есептеген кезде қалдық құнды жойылу құнына
дейін төмендету үшін пайдаланатын амортизация сомасы мөлшерімен шектелетін
соңғы жылды қоспағандағы жоспарланатын жойылу құны амортизацияны есептеген
кезде ескерілмейді.

2 РЗА АҚ-НЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ
ЖӘНЕ ЖАҢАРТУ ДЕҢГЕЙІН КЕШЕНДІ БАҒАЛАУ

2.1 РЗА АҚ-ның жалпы сипаттамасы,экономикалық белсенділігін талдау

Рза Акционерлік Қоғамы 2000 Жылдың 17 тамызында құрылып өзінің
қызметін бастады.
Рза АҚ-ы аудандағы тұрақты жұмыс жасап келе жатқан, қуатты
техникалық және өндірістік базасы, жеке темір жол тұйықтары, үлкен дәрежелі
инженерлік-техникалық қызметкерлері, көптеген материалдық ресурстары бар ең
ірі мекеме.РЗА АҚ-ның негізгі саласы – құрылыс-монтаж жұмыстарын атқару
болғанымен, қазіргі нарықтық қатынастар талабына сай ауылшаруашылығы
өнімдерін өңдеу кәсіптерімен айналысатын кәсіпорын.
Өндірісті жабдықтау бөлімінде құрылыс материалдары қабылданып, тиісті
жерлерге тарату жұмыстары жүргізіледі. Мұнда жүк тиеу-түсіру алаңы,
ұзындығы 3,2 км темір жол тұйығы,қоймалар,ағаш өңдеу цехы, кіші мұнай
базасы, 30 тонналық автоөлшегіш, тәулігіне 50м³ шығаратын бетон зауыты бар.
Механикалық жөндеу шеберханасында түрлі техникаларды жөндеу жұмыстары
көрсетіледі.Шеберхана аумағында қосалқы бөлшектерді сақтайтын қойма,
техникаларға арналған жабық гараж, түрлі бейнедегі токарь станоктары, темір
ұстасының станоктары бар.[8]
Қоғамға қарасты 150 көлікке арналған көлік базасында аккумуляторлық,
дәнекерлеу, токарь цехтары, жабық гараждар бар. Сонымен қатар Арал, Қазалы
аудандарының жабық мекемелері және жанар-жағармаймен қамтамасыз ететін
сыйымдылығы 405 тн мұнай базасы және май тарату бекеті өз қызметтерін
көрсетуде.
Рза АҚ-да 1100-ге жуық жұмысшы-қызметкерлер істейді.Аудан облыстың
солтүстігінде болғандықтан сырттан инвесторлар келмесе де, Рза АҚ-ы
агроөнеркәсіп кешенінің дамуына өзінің қомақты үлесін қосты.
Рза АҚ кезінде шауашылығын тоқтатқан ауылдардың әлеуметтік-
экономикалық жағдайын көтеру және агроөнеркәсіп секторын дамыту мақсатында
Ғ.Мұратбаев, Майдакөл және Бекарыстан би ауылдарының шаруашылығын
жүргізетін Рза-Агро ЖШС-ін құрды. Бұл серіктестік дәнді дақылдардың
көптеген түрін өсірумен айналысады.Жыл сайын күріш, ескі жоңышқа, жаңа
жоңышқа, бидай, жүгері егіліп, күтіп бапталып, егін жиналуда.
Өндірілген күрішті кластерлік жүйеге келтіру мақсаттында Оңтүстік
Кореядан Корея Industrial Co LTD компаниясынан сағатына 5,0 тн күріш
ақтайтын жаңа технология алынып, 2006 жылы күріш өңдеу зауыты іске қосылды.
Жұмысшылар 2 ауысымда жұмыс жасайды.
Күріш өнімдеріне Ресей, Белоруссия, Тәжікстан және Украина
мемлекеттері жоғары бағалайды. 1996 жылдан бері Рза АҚ-ы нан зауыты халық
тұрғындарына қызмет көрсетіп тұр. Онда 12 түрлі өнім шығарылады.Атап
айтқанда, қара нан, ақ нан, булочки, пряник, коржик, батон,плетенка,
макарон өнімдері әзірленуде. Өнім сапасы, салмағы стандартқа сай. 2007жылы
мамырында Солтүстік Қазақстан облысынан қара ала 100 голландиялық асыл
тұқымды сиырлар әкелінді.Қазіргі таңда сиырлар төлдеп, мал басы көбейіп,
сүт өндіру фермасы ашылды. Ферманы бүгінгі заманға сай техникалық
жабдықтармен қамтамасыз етілген.Ферма маңында жұмысшыларға арналған 2
пәтерлік 2 тұрғын үйде 4 отбасы тұрады. Сүт фермасында 6 түрлі сүт
өнімдері׃ сүт, айран, қаймақ, сары май, сүзбе, құрт шығарылады. Қоғамның
жұмысын толық жетілдіру үшін ИСО 9001׃2000 Халықаралық стандартының Сапа
менеджмент жүйесі,ҚР СТ 9001:2001 енгізіліп, 2007 жылы ҚР СТ ИСО 2000-2006
Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджменті жүйелері бойынша құрылыс-монтаж
жұмыстарын жүргізуге, күріш және сүт өнімдерін өндіру, өңдеу, таратуға
қатысты сәйкестік сертификаттарын алуға іс-шаралар жүргізіп, оларға ие
болды.
2005 жылы 05 тамызда ҚР Премьер-министрінің міндетін атқарушы Ахметжан
Есімов ірі қара комплексінде болып, ферманың жұмыстарымен танысып: - Мен
Республикамыздың ауыл шаруашылығына байланысты көптеген жерлерде болдым.
Мұндай жақсы жабдықталған ірі қара комплексін бірінші рет көріп тұрмын.
Сіздердің қолға алған жұмыстарыңыз халық игілігі үшін өте пайдалы.
Сіздерге табыс тілеймін. Осы ірі қара кешені негізінде арнайы семинар
өткізу керек, - деген ұсыныс жасады [9].
2006 жылдың 22 сәуірінде ірі қара комплексі мен сүт өнімдерін өндіру
және өңдеу цехы базасында мал тұқымдарын асылдандыру жұмыстарын жақсартуға
арналған облыстық семинар кеңес өтті. Оған қала және аудан әкімдері,
орынбасарлары, облыстық және аудандық басқарма басшылары мен мал тұқымын
асылдандыру жөніндегі инспекторлары, Арал өңірі агроэкология және
ауылшаруашылығы ғылыми зерттеу институтының ғалымдары, асыл тұқымды мал
шаруашылықтарының басшылары мен мамандары қатысты. Қонақтар сүт фермасында
болып, 100 бас ірі қараға арналып салынған мал тұратын орынды көріп, малға
күтім жасау, азықтандыру, сүт өндіру, төл алу, малды жерсіндіру
жұмыстарымен танысты. Қоғамға қарасты Жаубасар, Әйтімбет, Талқанбай, Сығай
учаскелерінде 263 бас түйе, 429 бас жылқы,550 бас сиыр, 2465 бас қой
бағылуда.
2006 жылдың 01 маусымында DUCK-Export -Vermittlungen компаниясымен
келісім шарт жасалып, шұжық цехы іске қосылды. Мұнда шығарылатын ет
өнімдері: Одесская, Краковская, Докторская, Чайная, Московская
және жылқы етінен жасалған сарделька, түшпара, тартылған ет, котлеттер.
Қазалы ауданы бойынша Басықара каналының арнасын қайта жаңарту үшін
16 748 000 теңгенің; солжаға магистралдық каналын реттеуде 74 353 000
теңгенің; Аранды, Лақалы, Тасарық, Шакен елді мекендеріндегі су тарату
жүйесі күрделі жөндеуден өткізу үшін 21 750 000 теңгенің; су тасқынына
қарсы бөгет салу кезінде 18 726 385 теңгенің жұмыстары атқарылды.
Мүгедектерге, жетім жесірлерге, тұрмыс деңгейі төмен отбасыларына отын-
суына, дәрі-дәрмекке, басқа да тұрмыстық шығындарын жабуға қайырымдылық
көмек; аудандық әйелдер кеңесінің жанынан шығатын Ару-Ана газетіне;
талантты жастарды қолдауда демеушілік көмек көрсетіліп келеді.[10]

Кесте 1 – РЗА АҚ-ның технико-экономикалық көрсеткіштері

№ Негізгі Өлшем 2010 2011 Ауытқу
көрсеткіштер бірлігі жыл Жыл
+;- %
1 Өткізілген өнімнен 3058685 2487431 -571254 -18,7
түскен түсім мың тг.
2 Өнімнің өзіндік мың тг. 2710081 2350838 -359243 -13,3
құны
3 Жалпы табыс мың тг. 348604 136593 -212011 -60,8
4 Кезең шығындары мың тг. 148990 115962 -33028 -22,2
5 Негізгі қызметтен мың тг. 199614 30000 -169614 -84,9
түскен табыс
6 Негізгі емес мың тг. - - - -
қызметтен түскен
табыс
7 Салыққа дейінгі мың т. 199614 30000 -169614 -84,9
жиынтық табыс
8 Таза табыс мың тг. 196746 24000 -172746 -87,8
9 Өткізілген өнімніңтеңге 88,6 94,5 5,9 6,7
1 тг кеткен шығыны
10 Өнім % 7,3 1,02 -6,28 -86,03
рентабельділігі
11 Сату % 6,43 0,96 -5,47 -85,1
рентабельділігі
12 Өндіріс % 24,6 2,2 -22,4 -91,1
рентабельділігі
13 Жұмысшылардың адам 400 420 20 5
орташа тізім саны
14 Жұмысшылардың мың тг. 1224157 1565149 340992 27,9
еңбекақы қоры
15 Жұмысшылардың теңге 29835 36331 6496 218
орташа еңбекақысы
16 Негізгі мың тг. 326603 606460 279857 85,7
құралдардың орт.
жылдық құны
17 Қор қайтарымы теңге 9,37 4,1 -527 -56,2
18 Қор сиымдылығы теңге. 0,11 0,24 0,13 118,2
19 Қормен қарулану мың тг. 816,5 1443,9 627,4 76,8

Кестені қарастырса екі жылдың арасында айтарлықтай айырмашылық бар.
Сол көрсеткіштерді бір-бірімен салыстырып, анықтап талданады.
Өткізілген өнімнен түскен табыс есепті жылды базалық жылмен
салыстырса, ауытқу -571254 мың тг құрап, 18,7 пайыз оң өзгеріс алып келді.
Мұның себебі, нарыққа жаңа материал шығып соның есебінен өтім күшейді.
Өнімнің өзіндік құны - шикізаттарға шығындардың өсуіне байланысты 13,3
пайызға өсуімен байқалса, жалпы табыстың сальдосы -212011 мың тг құрап,
өзіндік шығындардың асыра қымбаттауынан теріс нәтижені көрсетіп отыр. Кезең
шығындарына тоқталса, бұл базалық жылы 148990 мың тг құраса, есепті жылы
115962 мың тг құрап -33028 мың тг, яғни 22,2 пайызға өсіп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы кәсіпорынның нарық жағдайында негізгі капиталдарды пайдалану тиімділігін талдау
Кәсіпорынның негізгі капиталын пайдалану
Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалануды бағалау әдістері
Негізгі өндірістік қордың құнсыздануы
Өндірістік кәсіпорындар ресурстарының қалыптасуын анықтау және оларды тиімді пайдалану жолдарын қарастыру
Нарықтық жағдайдағы негізгі қорлардың экономикалық мәні және мағынасы
КӘСІПОРЫНДА НЕГІЗГІ ӨНДІРІСТІК ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Негізгі құралдардың теориялық аспектілері
Негізгі қорлардың амортизациясы
Кәсіпорынның негізгі қорларын талдау
Пәндер