Инновациялық инфрақұрылымды дамытудың экономикалық ортасы


Жоспар
Кіріспе 3
1 Қазақстан Республикасы бойынша инновациялық инфрақұрылымды дамыту 6
- Инновациялық инфрақұрылымды дамытудың экономикалық ортасы -
- Инновациялық процестердің дамуындағы мемлекеттік реттеудің қалыптасуы 10
- Қазақстан өнеркәсібінде инновациялық әлеуетті көтеру жолдары 13
2 Инновациялық инвестицияларды басқарудың маңызы 18
2. 1 Қазақстандағы инновациялық қызметті инвестициялық қамтамасыз ету жүйесін іске асыру -
2. 2 Қазақстан Республикасындағы «KEGOC» компаниясының инновациялық-инвестициялық жобаларды іске асыруы 24
Қорытынды 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 31
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы жылғы жолдауы «Жаңа онжылдық- жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстаннның жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы жолдауы дәл осы инновацияға көшу туралы болып отыр.
Әртараптандыру жөніндегі еліміздің жоспарларын іске асыру үшін бір
ғана мемлекеттік ресурстар жеткіліксіз болатыны анық. Оның негізгі көзі тікелей шетелдік инвестициялар болуы тиіс.
Бүгінде Қытайдан, Оңтүстік Кореядан, Біріккен Араб Әміршілдіктерінен, сондай- ақ франсуздық, итальян, ресейлік компаниялардан 20 млпрд. доллар көлемінде инвестициялар тарту туралы мәселелер шешілді.
«Нұр Отан» партиясы фракциясының наурыз айының 2-сі күні өткен
кеңейтілген жиналысында сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасының премьер - министрі Кәрім Мәсімов бұл туралы былай деді: «Белгіленген мерзімде индустриалдық- инновациялық жедел дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы ПРезидентке бекітуге ұсынылды. Ол жуық арадағы бес жылға негізгі экономикалық құжаттардың бірі болмақ. Бұған дейінгі барлық бағдарламалар, ал олардың саны 50-ден астам, күшін жоғалтады. Бұл принципиалды шешім. »
Қазақстанда экономиканы индустриалдық - инновациялық жедел
дамытудың бес жылдық бағдарламасының басты құралы ретінде 2015 жылға дейінгі индустриалзация картасы және 2020 жылға дейінгі өндірістік күштерді рационалды түрде орнықтыру схемасы пайдаланылады.
Индустриализация картасы құрамына құны 50 млн. доллардан асатынреспубликалық маңызы бар инвестициялық жобалар және құны 50 млн. доллардан төмен аймақтық маңызы бар инвестициялық жобалар енбек. Оған түсетін жобалар дайындығы деңгейіне қарай 3 түрге бөлінуі тиіс. Яғни олар дайындық деңгейі жоғары, орташа немесе төмен деп бөлінеді.
Индустриализация картасы құрамына тек алғашқы 2 топтың жобалаоы ғана кіруі керек. Үшінші топтың перспективтік жобалары таяудағы резерв ретінде жинақталмақ және қаржыландыру мәселелерін шешу мақсатында даму институтына, банктерге, шетелдік инвесторларға ұсынылуға тиісті.
Жаңа индустриялық саясат ауқымында инвестицияларды тарту басты мақсаттардың біріне айналмақ. Өйткені Қазақстанның өз ішкі мүдделіктері шектеулі, халықаралық қаржы нарықтарына жету қиын, сондықтан тек тікелей шетелдік инвестициялар ғана басты құралға айнала алды.
Қазақстанда қолайлы инвестициялық климат қалыптастырылған . бұны шетелдік сарапшылар да растайды. Осы үшін қажетті 3 негізгі факторлар қарастырылады.
Біріншіден, бай табиғи және минералдық ресурстар бар. Ғалымдардың бағалуынша, біздің еліміздің табиғи ресурстарының қоры жағынан әлемде 6-шы орынды иеленеді. Қазақстан цинктің, вольфрамның және барийдің барланған қоры бойынша бірінші орында, күмістің, қорғасынның, уранның және хромиттердің барланған қоры бойынша 2-ші орында, мыс пен флюоридтің
барланған қоры бойынша 4-орында, алтынның барланған қоры бойынша 6-орында.
Екіншіден, Қазақстан инвесторларға жарты миллиардқа жуық адамы бар
Тұтынушы нарығы (Орталық Азия, Қытай Халық Республикасы және Ресей Федерациясы) ұсына алатындай географиялық жағынан қолайлы орналасқан.
Үшіншіден, Қазақстанда ыңғайлы инвестициялық заңнама арқылы
Инвестицияларды демеудің тартымды шаралары арқылы, экономикалық және саяси тұрақтылық арқылы қолдау көрсететін бизнес климаты бар. Индустриялық-инновациялық дамудың ірі инвестициялық жобаларын бірлесе іске асыруда инвесторлармен, әсіресе трансұлттық компаниялармен ақпарттық-тұсаукесер іс-шараларын өткізуден гөрі барынша белсенді сұхбат жүргізуге көшу қажет
Жалпы, елімізде инвестициялық іс-әрекет жасау үшін қажетті бүкіл
Құқықтық негіздер қалыптасқан. Сондықтан Қазақстанда экономиканы индустриалды- инновациялық жедел дамытудың бес жылдық бағдарламасын жүзеге асыру ісінің табысты боларына үміт бар.
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кездегі инновацияны дамыту, яғни оны
қаржыландыру еліміздегі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Қазақстан осыған байланысты жоғары нәтижеге жету үшін ең үздік әлемдік тәжірибелерді енгізуді қолға алып отыр. Индустрияны дамытудың кластерлік тәсілін пайдалану әлемдік және аймақтық нарықтарда бәсекеге қаблетті дайын өнім өндіруге қол жеткізу үшін өндіріс факторларын бір жерге жинауға мүмкіндік береді. Демек, бұл бәсекеге қаблетті салалардың жиынтығын құрау деген сөз.
Мақсаты. Инвестициялық- инновациялық әлеуетті көтерудің негізгі мақсаттарына келесілер жатады:
- Инновациялық стратегияның басым бағыттарын анықтау
- Инновациялық қызметтің белсенділігін күшейтетін экономикалық, институционалдық және нормативтік-құқықтық климатты қалыптастыру
- Ғылыми-өндірістік және инновациялық инфрақұрылымды дамыту
- Инновация облысында халықаралық байланысты күшейтуге ықпал ету, технологиялық транспорттың ішкі және сыртқы каналдарын дамыту
- Инновациялық мақсатқа арналған қаржы ресурстарын пайдалану механизімін қалыптастыру
Осылардың бәрін зерттеп білу курстық жұмыстың мақсаты болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылады:
- Елімізде қабылданып жатқан әр түрлі инновациялық-инвестициялық бағдарламаларға қаржылық талдау жасау
- Инновациялық- инфрақұрылымды дамыту мақсатында құрылған инвестициялық компаниялардың құрылу мақсаттарын анықтап білу
- Қазіргі кездегі кейбір кәсіпорындардың инновациялық инвестицияларды тарту мүмкіндіктерін анықтау
- Осы инвестициялық жобалардың қаншалықты тиімді екенін анықтау
Құрылымы. Бұл курстық жұмыс келесілерден тұрады, яғни ең алдымен кіріспе бөлімі - курстық жұмысқа қысқаша шолу осы бөлімде қарастырылады; бірінші бөлімінде курстық жұмыстың негізгі маазмұны осы бөлімде қарастырылады; екінші бөлім - бұл бөлімде курстық жұмыстың зерттеу объектісіне толығымен талдау жасалады; ең соңғысы қорытынды -бұнда негізгі қорытынды шығарылып, әр түрлі ұсыныстар жасалады.
1 Инновациялық инфрақұрылымды дамытудың негіздері
- Инновациялық инфрақұрылымды дамытудың экономикалық ортасы
Бүгінгі таңда әлемдік көптеген елдерді ұлттық экономиканың тұрақты
дамуын инновациялармен байланыстырып отыр. Олардың тәжірибесіне көз жүгіртсек, бұл бағытта арнайы мемлекеттік саясат жүргізіліп, ұлттық деңгейде бірқатар маңызды шешімдер қабылданады.
Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасының Үкіметі де елді инновациялық
даму жолына түсіру үшін жан- жақты жағдайлар жасап жатыр. Атап айтқанда, заңнамалық базаны қайта қарап, оны бүгінгі күннің талаптарына сәйкестендіру, отандық инновациялық инфрақұрылым элементтерін қалыптастыру және олардың негізгі мақсаттары мен міндеттерін белгілеу, еліміздің даму институттары арқылы инновациялық жобаларға қаржы бөлу, сондай-ақ, ұлттық инновациялық жүйенің негізін қалыптастыру сияқты жұмыстар атқарылады. Әйтсе де, елімізде инновациялық ортаның қалыптаспауы инновациялық жүйенің дамуына кедергі болып отыр.
Инновациялық орта деп ғылыми білімдер мен техниканың жетістіктерін өндіріске енгізіп, одан табыс табу мақсатында кәсіпкерлер мен түрлі ұйымдардың, жеке тұлғалардың әрекет етуіне ыңғайлы экономикалық кеңістікті айтуға болады. Оның тиімділігі тек экономика құрылымдарына ғана емес, әлеуметтік салаға да, мемлекеттің беделі мен бәсекеге қабілеттілігіне де ықпал етеді.
Қазақстан Республикасында мемлекеттің инновация саласындағы
Саясаты нақты құжаттармен айқындалған. Олардың қатарында мемлекеттік бағдарламалар да, үкіметтің қаулылары да, заң актілері де бар. Маңыздыларын атап өтер болсақ: «Қазақстан Республикасының Индустриялық- инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық инновациялық жүйесінің қалыптасуы мен дамуының 2005-2015 жылдарға арналған бағдарламасы», Қазақстан Республикасының «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңы. Бұл құжаттарда инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың мақсаты мен қағидалары, негізгі бағыттары, нысндары белгіленген.
Ендігі мәселе - мемлекеттік саясаттың осы тармақтарын жүзеге асыру және оның нәтижелілігін қмтамасыз ету. Оған қажетті экономикалық, заңдық, саяси, қаржылық тетіктердің барлығы да мемлекеттің қолында бар. Алайда, бүгінгі күннің нәтижесі көрсетіп отырғанындай, бұл тетіктердің барлығы да елдің инновациялық белсенділігін қамтамасыз ете алмай отыр. Себеп - жеке сектордың инновациялық қызметке ынтасыздығы және халықтың инновациялар туралы ақпаратқа қанықпауы, ондай ақпараттардың жеткіліксіздігі, сондай-ақ ұлттық менталитеттің ерекшелігі.
Инновациялық инфрақұрылымды жамытуда жағымды экономикалық ортаны қалыптастыру саясатының мазмұнын төмендегі тұжырымдармен сипаттауға болады.
Жағымды экономикалық
ортаны қалыптастыру
нәтижесі
Сурет1 Инновациялық инфрақұрылымның жағымды экономикалық ортасының құраушылары
Ең алдымен, ол мемлекеттік инновациялық инфрақұрылым аясындағы нормативті- құқықтық актілері және олардың өміршеңдігі. Қабылданған заңдылық құжаттар жалпы инновациялық жүйе мен оныңмаңызды тармағы - инновациялық инфрақұрылымның элементтерін құруға қатысушы инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғай отырып, олардың қалыпты қызметі үшін мемлекеттік кепілдік, қолдау, капиталдың қайтарымдылығына қолғабыс жасау сияқты ұстанымдарды көрсетуі тиіс
Бұл тұрғыда кейбір ғалымдар арнайы инновациялық кодексті қабылдаған дұрыс деп санайды. Онда негізгі түсінікткрден бастап, инновациялық инфрақұрылымға бағытталғаншетелдік және отандық инвестицияларды ынталандыру шаралары, инновациялық шараларды анықтаудың критерилері, шаруашылық субъектілердің инновациялық және инновациялық белсенді деп бөлу талаптары мен тәртіптері, мемлекеттік қорғау тетіктері мен басқа да жағдайлар белгіленуі керек.
Келесі бағыт - ол инновациялық үрдіске қатысушылардың барлығына
бірдей жағдай жасау және оның тәртіптерін белгілеу. Бұл бағыттың негізгі ұстанымы индустриялық - инновациялық даму стратегиясында көрсетілгендей «қандай да болсын жеке сипаттағы жеңілдіктерден және преференциялардан бас тартуға» негізделуі тиіс. Бірақ басты басымдық барлық әлеуетті бәсекеге қаблетті, оның ішінде экономиканың шикізаттық емес бағытындағы салаларда жұмыс істейтін экспортқа бағдарланған өндірісьтерге берілуі керек. Олар, өз кезегінде, ғылымды көп қажет ететін және жоғары технологиялық өндірістерді дамыта отырып, қосылған құны жоғары өнімдерді шығаруға мүдделік танытулары қажет.
Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, инновациялық инфрақұрылымға
қажетті жағымды экономикалық ортаны қалыптастыруда мемлекет жеке сектормен ынтымақтастық орнта алады. Осындай ынтымақтастықтың неғұрлым ұтымды мысалдары Жапонияда, Швецияда, Түркияда және соңғы отыз жылда өздерінің инновациялық жүйелерінде ірі жетістіктерге жеткен басқа да елдер бар.
Инновациялық үрдістердің тезірек жүруін қамтамасыз ету үшін Түркияда
шетелдік инвесторларға бірқатар жеңілдіктер береді. Оған сәйкес осы елде шығарылмайтын құрал- жабдықтарды ішке енгізу кезінде кедендік баж салықтарынан, машина жасау саласының өнімдерін жасауда және оларды ішкі нарыққа енгізуден қосылған құн салығынан және басқа да салық түрлерінен босату.
Инновациялық инфрақұрылым аясында жағымды экономикалық ортаны
Қалыптастыру саясатының келесі тармағы - өндіріс пен ғылым байланысының тиімділігн арттыру. Яғни, ғылымның өндіріс үшін қажеттілігін қалыптастыру. Қазіргі кезде, өкінішке орай, ғылымның өндірістен өте қатты алшақтап кеткенін аңғарамыз. енді осы олқылықтыңорнын толтыру міндеті тұр. Бұл орайда мына тетіктерді іске қосқан жөн:
- Арнайы ғылыми зерттеулер жүргізіп, оның нәтижелерін өндіріске енгізген кәсіпорындарға салық жеңілдіктерін беру. Мәселен, ғылми қызметкерлердің еңбек ақы қорын әлеуметтік салықтан босату. бұл тетік кәсіпорындардың ғылыми кадрларға көңіл бөліп оларды өндіріске тартуға ықпал етеді.
- Мемлекет тарапынан әрбір ғылыми зерттеу ұйымына нақты бір кәсіпорындармен байланыс жасауын міндеттеу
- Ғылыми кадрларды материалдық ынталандыру жүйесін қайта дайындау. Бүгінгі күні еліміздегі ғылыми кадрларды ынталандыру тетігі тиімсіз және инновациялық ортаның дамуына ықпал ете алмайды.
Бұл тетіктердің жүзеге асуына инновациялық инфрақұрылымның негізі
субъектілері барынша атсалысуы керек. Әзірше еліміздегі технопарктер мен технологиялық бизнес- инкубаторлардың қазіргі қызметі мен саясаты ғылыми ортаның қалыптасуына жағымды ықпал етіп отырған жоқ. Біздегі инновациялық инфрақұрылымның мамандандырылған субъектілері көбін ғылыми жобалармен емес, дәстүрлі жобалармен айналысуда. Себебі, дәстүрлі жобаларды жүргізудің тәуекелі де төмен, шығындылығы да аз. Ал инновациялық жобаларды жүзеге асыру барысында кездесетін бірқатар кедергілер оларды бұл бағытқа бет бұрғызбай отыр. Олар: инновациялық жобалардың өиіршеңдік кезеңінің қысқа болуы, инновациялық жобалардың тиімділігін бағалау кезеңінің ұзақтығы оны негіздеу күрделілігі, тәуекелдіктің жоғары болуы, жобаның шын мәнінде нарықта сұранысқа ие болатынына күмәнділік және т. б.
Әлемде инновациялық инфрақұрылымға жағымды экономикалық орта
қалыптастыру тәжірибесі қаншалықты көп болғанымен де, олардың ішінде Қазақстан экономикасы үшін ең қолайлысын, тиімдісін елдің ұлттық экономикалық, ғылыми- техникалық ерекшеліктеріне қарай таңдаған жөн. Бұл шетелдік тәжірибені бірден көшіре салу емес, керісінше олардың инновацияны қолдау тетіктерін зерттеп, соның негізінде қазақстандық моделін қалыптастыру үшін қажет. Сонымен, инновациялық инфрақұрылымы дамыған елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, назарға алатын бірнеше қағидаларды атап көрсетуге болады.
Ең алдымен, бұл инновациялық өсудің ұлттық моделін жасақтау яғни
мемлекет пен жеке бизнес арасындағы әріптестікті дамыту. Экономиканың инновациялық дамуын тек бюджеттік қаражаттармен қамтамасыз ету мүмкін емес. Бірақ үкіметтен бөлінген қаражаттар инновациялық үрдістің негізгі катализаторы болып табылады.
Екішіден, инфрақұрылым элементтерінде жүзеге асатын инновациялық
Жобаларды мемлекет және жеке бизнес тарапынан екі жақты қаржыландыру, бірақ басқару мәселелерін бизнестің өз қолында қалдыру. Мемлекет тарапынан инновациялық қызметті реттеуге шектен тыс араласу әдетте, ортақ бағдарламалардың сәтсіздігіне әкеледі. Қазақстан ғылыми- зерттеу орталықтарында қаншама жобалар жинақталғанымен олар тек әлеуетті байлық болып қана сақталуда. себебі жинақталған білімдердің жүзеге асырылып, іске қосылып жатқандарын қолмен санап алуға да болады.
Үшіншіден, инновациялық бастамаларды мемлекеттік қолдаудың нақты
тетіктерін анықтау. Мәселен, көптеген дамыған елдердің ғылыми- техникалық саясаты негізінен жанама реттеу әдістерімен жүргізіледі. Инновациялық инфрақұрылымның дамуын жанама реттеу тетіктері ондағы инвестициялық климаттың қолайлығын қамтамасыз етуге, ғылыми- инновациялық жобалар түріндегі ұсыныстардың пайда болуын ынталандыруға бағытталған.
Төртіншіден, инновациялық инфрақұрылымның айналысына инновация
бейімді шағын және орта бизнесті топтау. Әлемдік тәжірибеде мұндай қадам инновациялық ортаны дамытудың басты шарты ретінде саналады. Шағын және орта инновациялық фирмалар жетілген инновациялық инфрақұрылым элементтерінің жанына топтпсып, инфрақұрылым ішіндегі қызмет жасап жатқан кәсіпорындар мен олардың жобаларына қажетті өнімдер шығаруға, жұмыстар орындауға негізделеді.
Жағымды экономикалық ортаның келесі құраушысы - Қазақстанда ғылыми сыйымды тауарлар мен технологияларды жасауға қабілетті ғылыми жаңалықтар мен инновациялық идеяларға ие ғалымдар кәсіпкерлердің өз көмек беру. Ол үшін инновациялық кәсіпкерлікті заңдық- құқықтық қамтамасыз ететін елімізде «ғылыми- техникалық және инновациялық кәсіпкерлікті қолдау туралы», «Шағын инновациялық формаларды дамыту туралы» арнайы заңдарды қабылдау қажет.
- Инновациялық процестердің дамуында мемлекеттік реттеудің қалыптасуы
Кез- келген экономикалық жүйеде, оның ішінде нарықтық экономикада,
мемлекеттік мәжбүр етудің құқығына және мүмкіндігіне ие болатын агент ретінде болады. Салықтық саясат, мемлекеттің заң саласында. Мұндай мәжбүр ету жеке мүдделерді қоғамдық мүдделерге бағындыруды талап ететін саяси, әлеуметтік қажеттілікпен негізделеді.
Ғылыми- техникалық зерттеулердің дамуын басқаруды мемлекеттік
ұйымдастыру түрлері XX ғасырдың орта шеніне таяу қалыптасқан. Ғылыми- техникалық зерттеулер мен оларды өндіріске енгізу процестерін қолдайтын, ынталандыратын жеке ғылыми- техникалық саясат ең алғаш рет АҚШ-та, соғыс жылдрынан кейін пайда болған. Бұл саясат мынадай факторлар негізінде қалыптасқан:
- Таза ғылыми сферадан шығып кеткен процестерді игеру қажетті жаңа теоритикалық білімнің керектігі, техникалық инновациялардың пада болуы, оларды игеру қиындығы
- Теоритикалық білім иен тәжірибелерді, инновацияларды қолдауға сәйкес жаңа өнеркәсіп салаларының пайда болуы
- Осы салаларда жаңа технология жасаушы лабораториялар мен фирмалардың пайда болуы
Былтырғы елбасының жолдауында көрсетілген тапсырмалардың бір инновациялық стратегияны жүзеге асыруды қамтамасыз ететін іс- шаралардың бірі инновациялық процесс, яғни ол процесті жүзеге асыратын қызмет түрлері .
Былайша айтқанда «инновациялық қызмет», осы қызметті мемлекет реттеп, бағыт- бағдар беріп отыруы керек. Бұл Қазақстан Республикасының «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау турулы» заңында көрсетілген. Міне, бұл ел өңіріндегі айтулы оқиға болды. Өйткені, бұл заң арқылы республикадағы инновациялық процесті жылдамдатып, жаңа техника мен технологияның өмірге келуін сапалы түрде әрі нақтылай қамтамасыз етуге болады. Бұл заң 5 тарау, 22 баптан тұрады. Мұнда инновациялық негізгі ұғымдар, Инновациялық процестегі мемлекеттің орны, оны қаржыландыру көздері және жүзеге асыру жолдары қарастырылған. Дегенмен де қаралмаған жайттар да жоқ емес.
- Зияткерлік меншік объектілерініңбағалау жүйесін жақсарту
Зияткерлік меншік объектілерінің құнын оларды шаруашылық
айналымға (компанияның жарғылық капиталына жарналар) енгізу үшін сапалық бағалауды жүзеге асыру үшін лицензианттардың рейтингін айқындау және бағалаушы- компаниялардың қысқаша тізімін қалыптастыру қажет.
Бағалауды жүргізудің нәтижесінде зиян келтіру салдарынан туындаған бағалаушының азаматтық- құқықтық жауапкершілігін сақтандыруды дамыту бойынша шаралар қабылдау қажет.
- Кәсіби инновациялық менеджментті қалыптастыру
Мемлекет инновациялық қызмет саласындағы мамандардың дамуына
бағытталған негізгі шаралар ретінде:
- Мемлекеттік білім беру стандарттарына көрсетілген мамандықтарды енгізуге байланысты, Қазақстанда инновациялық қызметті жүзеге асыратын тиісті сұраныстағы мамандықтар бойынша жоғарғы оқу орындарында жүйелік оқытуды ұйымдастыру
- Менеджменттің біліктілігін арттыру, сондай- ақ қазіргі заманғы әдістемелік қабылдаулар мен қазіргі заманғы техникалық құралдарды, бұл ретте даму институттарының әлеуетін пайдалану мүмкіндігін пайдалана отырып интерактивті режимде оқып үйретуді жүргізу
- Басқарушылық және кәсіпкерлік мәдениетті дамыту
- Жеке инвесторлардың желілерін дамыту
- Инновациялық жобалардағы жеке инвестицияларды ынталандыру үшін салық кодексіне қажетті өзгерістер енгізу
- Бизнес қамқоршыларының желісін құру жобалары жекелей алғанда ұлтты инновациялық инфрақұрылымның элементтерінің Инновациялық Қормен жасалатын құрылымға кіретін консалтингтік қызмет базасында Ұлттық Инновациялық қормен қаржыландыру (ҰИЖ)
- Мемлекеттік органдарды ақпаратпен, Интернеттің дүниежүзілік желісімен әсіресе статистика, кеден және салық органдары бойынша агенттіктердің еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету
- Тариф саясаты.
Стратегияны табысты іске асыру мақсатында қазіргі күні қолданыстағы
тарифтерді жасанды ұстап тұрудан бас тартып, табиғи монополиялар салсының барлық қатысушыларын, субъектілердің өздері мен олардың қызмет көрсетуін
тұтынушылардың мүдделерімен теңестіруге қол жеткізуге бағытталған икемді тарифтік реттеу саясатына көшу қажет. Өйткені бүгінгші күні экономиканы дамыту инфрақұрылымы болып табылатын табиғи монополия саласының қарқынды өсуінсіз өнеркәсіп кешкнін дамыту мүмкін емес.
Табиғи монополиялардың қазіргі жағдайы негізгі құралдар мен жабдықтардың тозу деңгейінің жоғарылығымен сипатталады. Іс жүзінде оның барлық салаларындағы моральдық, табиғи тозу деңгейі сындарлы шекке жетті.
Бүгінгі тарифтік реттеу әдістері табиғи монополия саласына инвестицияларды тартуға қолайлы жағдайлар жасауды және өндірісті жаңғыртуға негізделген, аталған экономика секторының басып озатын қарқынына қол жеткізуді қамтамасыз ету қажет.
Сондықтан, индустрияның тұрақты дамуын қамтамасыз ету, олар көрсететін қызметтер сапасын жақсарту, өзіндік құнды төмендету мен қызмет көрсетулерге тариф деңгейлерінің тұрақтылығы үшін тарифтік саясатты:
- Инвестицияларды ынталандыратын және орта мерзімді кезеңде тарифтердің тұрақтылығын қамтамасыз ететін тарифті қалыптастырудың жаңа әдістерін енгізу
- Есептеудің халықаралық стандарттарын және тиісті қызметтер көрсетудің түрлері мен шығындар элементтері боцынша шығындарды бөлек есептеу әдістерін енгізу
- Табиғи монополиялардың тұтынушыларға әсерін талдау үшін ақпараттық мәліметтер базасын жасау арқылы одан әрі жетілдіру қажет.
Аталған іс- шараларды кең ауқымда іске асыру және тарифтерді белгілеудің жаңа әдістерін енгізу табиғи монополия саласында жұмыс істейтін кәсіпорындарды жаңғырту әрі ресурстарды сақтайтын және шығыны аз жаңа технологияларды енгізу үшін, олардың қайтарымдылығы мен 5 жылға дейінгі тұрақтылығын қамтамасыз етуі тиіс.
- Экологиялық саясат
Қоршаған ортаны қорғау мәселелерінің нәтижелері экономиканың барлық
салаларына, сондай-ақ мемлекеттің саяси және әлеуметтік жағдайына ықпал ететін, стратегиялық міндет болып табылады. Әлеуметтік-экономикалық қайта өзгерістердің күллі жетістігі қоршаған ортаны қорғау және табиғатты орынды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатқа тікелей байланысты.
Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру, қоғамның барабар қажетіне қарай табиғатты пайдалану процесін реттеу үшін, өндірістің өсуі кезінде қалдықтарды шығару, тастау және жинау деңгейін тұрақтандыру қажет. Әрі қарай осы шарттарды сақтай отырып, қоршаған орта объектілерін қалпына келтіру жөніндегі нақты шараларды дәйекті түрде жүзеге асыру қажет. Бұл қолданыстағы табиғатты қорғау заңнамасын халықаралық талаптарға сәйкес келтіруді сөзсіз талап етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz