Жетім балалар тәрбиесі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Ш. Уәлиханов атындағы КМУ жанындағы көпсалалы колледж

«Зерек» атты оқушылардың ғылыми қоғамы

Многопрофильный колледж при КГУ имени Ш. Уалиханова

Научное общество учащихся «Зерек»

ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС

НАУЧНАЯ РАБОТА

«Жетім балалар мен ата-аналары қамқорлығынсыз қалған балалардың психологиясы және оның қоғамдағы мәні»

Орындаған: Альбекова Гульден

Ғылыми жетекші: Рамазанова Г. Е.

Кокшетау 2012
МАЗМҰНЫ:

Кіріспе . . . 3

1. Отбасы және мектеп тәрбиесі психологиясының ерекшеліктері . . . 5

1. 1 Отбасы негізі ата-ана және олардың беретін тәрбиесі . . . 5

1. 2 Отбасы мен мектеп ұжымы арасындағы тәрбие сабақтастығы . . . 8

2. Жетімдер психологиясы және оның қоғамдағы мәні . . . 11

2. 1 Жетімдер және олардың психологиялық ерекшеліктері . . . 11

2. 2 Еліміздегі жетім балалар статистикасы . . . 16

2. 3 Асырап алушы ата-аналардың мәселелері мен оларға қойылатын талаптар . . . 19

2. 4 Қоғамдағы жетім балаларды қолдаудағы жасалатын әлеуметтік жұмыстар . . . 26

Қорытынды . . . 29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 30

Қосымша

КІРІСПЕ

Зертеу тақырыбының көкейкестілігі. Елбасымыз Н. Назарбаевтың "Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасында және Қазақстан халқына Жолдауында: "Біз жергілікті деңгейде де отбасын, жетім балаларды тәрбиелеуді қолдаудың жаңа жолдарын табу керекпіз. Жетім балаларды асырап алуды нығайтудың жолдарын мұқият талдау, оларды тәрбиелеудің проблемасын шешу керек. Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жетімдердің алдындағы жауапкершілігімізді күшейтуге тиіспіз. Жас шамасына қарай жүргізілетін саясатта біз жастар мен жеткіншек ұрпаққа, сондай-ақ жетімдерге көңіл бөлуді күшейтуге тиіспіз, " - деп атап көрсетті. [1, 69]

Қазір қоғамымызда сапалы өзгерістер болып жатыр. Еліміздің көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылып, халықаралық деңгейге шығуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Болашақ ұрпақ бәсекеге қабілетті болуы үшін оларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру бүгінгі күні көкейкесті мәселе. Олай дейтініміз, бала тәрбиесінде бүгінде кездесетін олқылықтар орын алуда. Атап айтсақ, 2011 жылдың 1 қаңтарындағы ресми статистика мәліметтері бойынша Қазақстан Республикасында 46 126 жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар бар, олардың 16 008-і жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерде, 28 113-і отбасылардағы қамқорлық пен қорғаушылықта, 2005-і патронатта тәрбиеленуде. Әлеуметтік жетімдік елеулі проблема болып отырғандықтан оны шешу мемлекеттік деңгейде қарастырылады. 2007 жылы желтоқсан айында қабылданған «Қазақстан балалары» бағдарламасы балаларды мемлекеттік қолдаудың тиімді кешенді жүйесін қалыптастыру мен жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға өмір-тіршіліктің оңтайлы ортасын жасау бойынша шаралар өткізуді көздейді. Балалардың есеюі олардың ересектермен белсенді өзара әрекеттестігі жағдайында мүмкін болады. [3, 20]

Сонымен, зерттеудің көкейкестілігі, жетім балалармен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру мекемелерінде балаға достастық ортаны қалыптастырудың тиімді технологияларын енгізудің объективтік қажеттілігімен. Осыны есепке ала отырып, зерттеу проблемасы мына түрде тұжырымдалады: жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек беру тек жетімдер үйінен ғана емес, қоғам да өз қолдауын жасауы қажет. Сондықтан біз жобамыздың тақырыбын «Жетім балалар мен ата-аналары қамқорлығынсыз қалған балалардың психологиясы және оның қоғамдағы мәні» деп алдық.

Зерттеу мақсаты. Жетім, тастанды балалардың жасын, жеке ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, өз тегін жалғастыратын лайықты ұрпақ тәрбиелеп, қоғамға пайда әкелетін, болашақта Қазақстанның бір-бір тұтқасын ұстар иманды жастарды тәрбиелеп шығару.

Зерттеу жұмысының міндеттері. Алдымызға қойған мақсатымыздың мүддесінен шығу үшін төмендегідей міндеттер шешімін таппақ:

- отбасы үлгісіндегі балалар үйлерінің тәрбие жұмысын жүргізудегі мүмкіндіктері мен болашағын нығайту.

- жетім балалардың орнын алмастыратын отбасылық ортада орналасу мүмкіндіктерін кеңейту;

- отбасы үлгісіндегі балалар үйінің өмір сүру деңгейін жергілікті стандарттарға сәйкестендіру;

- жетім балаларымыздың ашық қоғамда әлеуметтенуге қол жеткізуге көмектесу; - балаларды асырап алуға ниет білдіруші отбасыларға орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту барысында «Делдалдық ұйым» құру.

Зерттеу нысаны: Жетім балалар тәрбиесі.

Зерттеу жобасы: Жетім балалар психологиясының ерекшеліктерін ескере отыра, оларға қамқорлық жасау арқылы дұрыс тәрбие беру.

Зерттеудің әдістемелік негіздері болып - отандық және шетелдік педагогика-психология ғылымындағы ата-ананың балаға тәлім-тәрбиелік ықпалына қатысты ізгілікті философиялық тұжырымдар. Жетімдер психологиясы жайлы Р. В. Овчарова, Т. Гордон моделі, Б. Скиннер моделі және т. б. сынды ғалымдардың ой-пікірлері мен ережелері.

Зерттеу әдістері: Ғылыми-педагогикалық, педагогикалық-психологиялық еңбектерге теориялық талдау, бақылау, байқау, Ақмола облысы Урюпинка құжаттары, жетім үйіндегі балалармен және ұстаздармен әңгіме, сұхбат, сауалнама және тесттер, ғылыми әдебиеттерді талдау, саралау, бақылау, тест, сауалнама, тренинг, жаттығулар, кеңестер.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Осы жобаны теориялық дәлелдеу мәселесіне орай, тәжірибемізді тереңдете отырып «Делдалдық ұйым» құруды негізге алдық.

Зерттеудің теориялық және практикалық мәнділігі:

Зерттеу материалдарын бала тәрбиесімен айналысатын барлық мекемелерде, жоғары және арнайы оқу орындарының, оқу-тәрбие үрдісінде, жалпы білім беретін мектептерде, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында, сондай-ақ, жетім үйлерде жүргізілетін әлеуметтік жұмыстарда да қажетін табуға болады.

Ғылыми жұмыстың құрылымы: Жоба кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады. Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми аппараты, мақсаты, объектісі, пәні, міндеті, болжамы, әдіснамалық негіздері, зерттеудің кезеңдері, зерттеудің ғылыми жаңалығы, практикалық мәнділігі, зерттеу базасы, қорғауға ұсынылатын қағидалары сипатталады.

1. Отбасы және мектеп тәрбиесі психологияның ерекшеліктері

1. 1 Отбасы негізі ата-ана және олардың беретін тәрбиесі

Халықта: «Ата көрген - оқ жонар, ана көрген - тон пішер», «ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» деген мақалдар бар. Осы даналық сөздердің мәнісі: баланың мінез-құлқының қалыптасуында үйелмен тәрбиесі маңызды рөл атқаратындығын айқын. [7, 3]

Ұлт ұрпағының болмыс-бітімін қалыптастыру, дүниетанымын жетілдіру мәселесі отбасынан бастау алады. Тұлғаның дамуы барысында отбасы мен мәдени ортаға лайықты оның дүниетанымы жетіледі. Адамдардың кейбіреулері «дүниедегінің барлығы қарама-қайшылықта болады» деседі, енді біреулері «әлемде үйлесімділік пен келісім болса, даму жоғары деңгейдегі жетістікке жетеді» деп тұжырымдайды. Адамның сан қырлы әлемін танып-білуді, ұрпақ өмірге келмей тұрып, ана құрсағында бастау алатынын, яғни, болмысы қалыптасу үшін қам-қарекет жасау керектігін әрбір әке-шеше жете ұғынуы қажет. Тұлғаның рухани жетілуі үшін, ең алдымен, рухани саналылықты меңгереді. Тұлғаның рухани санасы өмірдің мәнің өзінің өмірдегі орнын, өз тағдырын халықтың тағдырымен ортақ деп түсіну қабілетін дамыту, отбасы мүшелерінің арасындағы сыйластық, ұғынысуды сезінуі абзал. [11, 6]

Психолог-маман ұрпақ тәрбиесі тағылымды болсын десе, жұмысты ең алдымен, ата-анамен, яғни, отбасынан бастағаны, жүргізгені, талап еткені жөн. Бұл қазіргі замандағы ең басты қажеттілік десек болады. Ата-ана әр түрлі, олардың ұрпақ тәрбиесіне, мектепке көзқарасы да сан алуан. Қандай да мектеп болсын, әлеуметтік тұрғыдан бұл мәселені «Отбасы - оқушы - мектеп» (сурет № 1) үшбұрыштық жүйесімен жүргізгені абзал. Мұндай жұмыс «Отбасылық психологиялық таным» сабақтарын жүргізгенде, оң нәтижесін берері сөзсіз. Ол үшін, ең алдымең ата-ананың өзін-өзі тануына бағытталған тренингтер, өзіне баласының көзқарасын білдіретін тестілер мен психорефлекциялар жүргізіледі. (сурет № 2)

Әрине, кез-келген ата-ананың өзі туралы, өз баласы туралы жоғары пікірде болуы заңдылық. Сондықтан, бұл жүмыстар бастапқы кезде ойын, сергіту сипатында жүргізілгенімен, кейінірек мән-маңызы, берері тереңдей түседі.

Отбасы, мектеп пен мектепке дейінгі тәрбие мекемелері, балалар және жасөспірімдер бірлестіктері, көше, бұқаралық ақпарат құралдары - бұлардың бәрі де тұлға дамуьшдағы қалыптастырушы ыкпал жасайтын ерекше «тәрбиешілер» тобын құрайды. Отбасы айтқанына көндіріп тәрбиелейді; мектеп оңтайлы қылық, дұрыс көзқарас қалыптастыруға ұмтылады; балалар мен жеткінішектер ұйымдары қарым-катынас жүйелеріне ендіреді; ал көше болса, отбасы, мектеп, әрқилы бірлестік топтар бере алмағандардың орнын толтырады. Бала осы аталған ұйымдардың өз өмірінде қайсысы басым болса, сонысын таң-дайды, соның ықпал тәуелділігінде болады. Осыдан тәрбие тұлғаға ықпал жасаушы құрылымдардың өзара қатынастарымен бірлікте қарастырылады. Бала үшін отбасы - ең алғашкы да аса белсенді тұлғалык қалыпта-су көзі. Осыдан отбасында кабылданған көзқарастар, салт-дәстүрлер, ұстанымдар, әрекет-қылық үлгілері тұлға микроэлементіне бастау беріп, оның барша өмірінің негізгі сипатын қалайды. Отбасы белгілі кызметтерді атқарады:

- қайта өндіру (репродуктивті) -ұрпак келтіру (тек жалғастыру тума әрекеті, перзентті болу, оларды өсіру және тәрбиелеу қажеттігі) ;

- шаруашылық- экономикалық, (ортақ шаруашылық және каржы пайдалану, еңбекке жарамсыздарға қамқорлық және оларды материалды қамсыздандыру) ;

- тәрбиелеу (отбасы, оның әрбір мүшесінің тұлғалық қалыптасуына жағдайлар жасау; отбасы ұжымының өз мүшелеріне жеке-дара ыкпал жасап баруы; өмірлік тәжірибе, инабаттылык тәртіптері мен адамгершілік кұндылыктарға баулу) ;

- қарым-қатынас құру (коммуникативті-отбасы ішіндегі катынас түзу, отбасының басқа адамдармен, жанұялармен, әлеуметтік топтармен байланысын ұйымдастыру) ;

- қайта қалыпна келу (рекреативті - бос уакыттарындағы демалыс іс-әрекеттерін ұйымдастыру; отбасы мүшелерінің күш-қуатын, денсаулығын қайта тіктеу шараларын қамтамасыз ету) . [6, 112]

Отбасы тәрбиелік кызметтерінің іске асуы оның ұлттық ерекшеліктеріне, әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлеріне және ол енген қауымдастыққа тән талап-тәртіп ұстанымдарына байланысты. Тұлғаның әлеуметтенуінде жетекшілік маңызға ие жалпыға бірдей жағдаяттар болады. Олар: туған күнінен бастап, балаға болатын үздіксіз де тұрақты ықпал; отбасыдағы қарым-қатынастың Туысқандық, сүйіспеншілік, сенім, өзара жауапкершілік сезімдеріне негізделуі; ұрпақтан-ұрпаққа тәжірибе өткізуге бағытталған әрқилы деңгейдегі отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы және ыкпалы. Өз балаларының ерекшеліктерін, кызығулары мен қажеттерін ескеруде ата-аналар мүмкіндіктері орасан. [5, 27]

Отбасылардың өздеріне тән ерекшеліктеріне орай топтасуы төмен-дегідей:

Құрылымы бойынша (мүшелер саны, жас деңгейлері) : үш әулетті отбасылар - ата-аналар, балалар, немерелер; екі әулетті отбасы-ата-аналар және балалар; бір балалы; көп балалы (үш одан да көп балалы) отбасылар; толық болмаған, яғни ата-анасының біреуі жоқ; перзентсіз және т. б. отбасылар; отбасы тұрмысы және даму жағдайларына байланысты (жарасымды және қисыны кеткен жанұялар) ; отбасылық тәрбие стиліне орай (әкімшіл, адамгершілікті, либералды) . Әкімшіл (авторитарлы) отбасы - бала қарсылығын не күйзелісі мен селқостығын туындататын қаталдығы шектен тыс талаптарымен сипатталады. Сырттай бұл дөрекі қылық пен тұрпайы, жалған сөзден, екіжүзділіктен көрініп, балада қорқыныш пен қорғансыздық сезімін пайда етеді. (сурет № 3)

Өз перзентіне шынайы қамқорлык пен сүйіспеншілік шуағын арнаған ата-ана, негізінен адамгершілікті (демократтық) стильді қолдана отырып, орынды жерінде әкімшіл не либералды тәрбие элементтерін қолдануды да ұмытпайды.

Отбасында тиімді тәрбиелеудің белгілі ережелері қалыптасқан:

- баланы бар қалпында сүю, кұрметтеу қажет;

- балаға әсер ететіні құрғақ сөз емес, оның қалай айтылғаны, шын көңілден шыкқандығы мәнді;

- баламен қатынас оның жас ерекшелігіне сәйкес болуы шарт, сонда ғана үлкендер мен кішілер арасындағы дау-дамай туындамайды да ең қонымды тәрбие әдісін таңдап, қолдануға болады;

- баланың не айткысы келетінін түсініп алған жөн, асығыс қорытынды жасаудан сақтанған дұрыс;

- жазаны істеген келеңсіз әрекеті үшін колдануға үйренген жөн, баланы намысына тиіп, қорламаңыз (ешуақытта бала жаман емес, оның қылығы жаман) ;

- бала жөнінде басқалар (мұғалімдер, көршілер) тарапынан айтылған сын пікірлерден қорытынды жасаудан бұрын оның өзімен әңгімелесіп, әрекетінің себебін анықтап, кейін шешім кабылдаған жөн: жұрт алдында өз беделіңді жоғалтамын деп шошынудың қажеті шамалы, өз баланның сенімінен айырылып қалмаған дұрыстау;

- балаға үйрететініңді алдымен өзің үйреніп, біліп ал;

- да балаңызға канша рет «жоқ» деп, бетін қайтаратыныңызға мән беріп көріңіз, содан корытынды шығарыңыз. Бала ата-анасына түгелдей тәуелді;

- бала жасына қарамай, басыбайлы қадағалауды жек көреді.

Ата-анасының өз өміріне шын ыкыласпен араласканын ғана ұнатады. Бала табиғатынан ата-анасын сүйеді;

- баламен өмір, тұрмыс жөнінде жиі сұхбаттасып тұрған жөн. себебі қателіктен ешбір адам қашып құтыла алмайды;

- баланы киындықтар құрсауында жападан жалғыз қалдыруға болмайды. [5, 13]

Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы - оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы - табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ .

1. 2 Отбасы мен мектеп ұжымы арасындағы тәрбие сабақтастығы.

Ғалымдардың пікірінше, тұлғаның дамуы мен қалыптасуы тек ұжымдық тәрбие жүйесінде іске асуы мүмкін. Осы жағдайда ғана ұжым дұрыс әрекеттегі өзіндік басқарым органына, тұлғалық арақатынастағы ұжымшылдыққа және өзара жауапкершілікке ие болады. Бұл өз кезегінде жан-жақты дамуға, еркіндікке, қорғанысты болуға, сонымен бірге әр тұлғаның мәртебесін көтеруге жол ашады. Педагогикалық әдебиеттерде келесідей белгілерге ие болған әрқандай тәрбиеленушілер бірлестігі - ұжым деп аталады:

- ортақ әлеуметтік мәнді мақсатқа ие. Қалаған топтың мақсаты бар: дүкен кезегінде тұрған не автобус күтіп тұрған адамдардың да, қылмыскерлердің де. Әңгіме, ол мақсаттың мағынасында, неге бағдарлануында. Ал ұжым мақсаты әлеуметтік мақсаттармен ұласады, оны қоғам да, мемлекет те қолдап, қуаттайды.

- іс-әрекет - ортак мақсатты іске асыруға бағытталады. : ол бірлікті ұйымдастырылып, ұжым мүшелерінің іс-әрекет нәтижесіне болған ерекше жауапкершілігін танытады.

- жауапкерлі тәуелділік қатынасында болуы. Ұжым мүшелері арасында мақсат не іс-әрекет бірлігі ғана емес, сонымен бірге оларға байланысты ерекше бірін-бірі ққжетсіну катынастары жүйесі қалыптасады.

- сайлаумен тагайындалатын ортақ басшы орган. Ұжымдарды басқару органдары ұжымның аса беделді мүшелерін тікелей және ашық сайлау жолымен қалыпқа келтіріледі.

Сонымен, мектеп ұжымы - бұл әлеуметтік мәнді мақсатпен іс-әрекетпен, сол іс-әрекетті ұйымдастыру бағытымен бірлескен ортақ сайлану органымен, ынтымағымен, ортақ жауапкершілгімен, теңдей құқық пен міндеттерге ие бола тұрып, өзара тәуелділігін тани білген барша тәрбиеленушілер тобынан құралады. Тұлға әлеуметтенуінде мектеп ұжымының ықпалы өте күшті. Себебі, бұл ұжым өз ішіне біртұтас жалпы мектептік ұжымды, сыныптар, уйірмелер, спорттық бөлімдер, уақытша ұжымдық бірлестіктер кұрылымдарын қамтиды. Тәрбиеленушілер өз алдына ұжым есептелетін оқу, еңбек, қоғамдық, көркем өнер - шығармашылық клубтық, спорттық және өзге де бірлестіктердің мүшелері болуы ықтимал. [10, 23]

Тәрбиеленушілер тобының аса мәнді сапасы - элеуметтік - психологиялық кемелі. Себебі, осындай кемел деңгейі ғана топты түбегейлі жаңа әлеуметтік кұрылым - топ - ұжым дәрежесіне жетілдіреді. Ұжым қалыптасуының төменгі деңгейі бұл топ - конгломерат («қырық рулы- тобыр»), бұрыш бірін-бірі танымаған, бір кеңістікте, бір уақытта қандай да себептермен кездесіп, топтасып қалған балалар бірігімі (балалар лагерлері, әрқилы денсаулык сақтау және т. б. топтар) . Бұл топтағылардың ара-қатынастары үстірт, жағдайға байланысты. Мұндай топ бірте-бірте өз атамасына ие болып, ортақ мақсат төңірегінде бірлесе бастауы да мүімкін. Егер осындай бірлесу жүріп, ортақ іс-әрекет белгіленсе, конгломераттар бір саты көтеріліп - (ассоциативті) топка айналуы мүмкін. Осы деңгейде топтың ортақ өмірлік тіршілігі, іс-әрекеті өрбіп, ұжым құрылымына тән бастау алуы мүмкін.

Ресми алғашкы топ аймағындагы бірлікті іс-әрекет одақтасқан (ассоциативті) топқа жоғары деңгейлі құрылымға, ең бастысы тұлға аралық қатынастарға жаңа өң беретін еңбектік мақсат төңірегінде ұжымдаскан топ- кооперацияларга есік ашады. Еңбек тобы - кооперация нақты және ұжымдаса әрекетке келуші кұрылымға ие, жоғары кызметтестік қатынасқа бейім топ дәрежесіне көтеріледі, оның тұлға аралық қатынастары іскерлік сипатқа ие болып, жоғары нәтижелер көзіне айналады. Бұл кооперация тобының келесі жоғары деңгейдегі дербестенген - автономиялы тобына айналуына мүмкіндік береді.

Дербестенген автономиялы топ жоғары ынтымағымен ерекшеленеді. Дәл осы деңгейде топ балалары өздерінің ұжым мүшелігін сезінеді. Осы жағдайда ғана ұжымның әрбір мүшесі өзінің даралығын сезіне отырып, іштей бірлік және ынтымакқа келіп, аса жоғары деңгейге жетуге ұмтылыс білдіреді. Дегенмен, кейде дербестікке ие болған топ, еңбек бірлестігі -ұжымнан бөлініп, өз бетінше кетуге де ынта білдіруі мүмкін. Мұндай жағдай топтың тұйықтыққа беріліп, басқа топтардан ажыралып, оларды өзіне карсы қоюынан да болуы мүмкін. Осыдан топ жалған ұжым сипатына енуі күтіледі.

Керісінше, егер бірлестік тұлғааралық қарым-катынас пен өзара әрекетке келетін болса, онда ұжымдасқан бағыт-бағдар калыптасып, топ кәдімгідей бір мақсатты, ортақ іс-әрекет төңірегінде біріккен ұжымға айналады. Ұжымдар өндірістік, саяси, мектептік, отбасылық көркем өнер бірлестіктері болып ажыралады. Мектеп ұжымы күрделі сипатқа ие болуымен, өз ішіне окушылар ұжымын және мұғалімдер ұжымын қамтиды. Оқушылар ұжымында келесі бірлестіктер болуы мүмкін:

- бастапқы (не өзара байланысты) ұжым- ұзақты қарым-қатынасқа түскен бір сыныптағы окушьшар (сынып) ;

- жалпы мектептік ұжым - ол сынып бірлестіктерінен құралады. Кейбір оқу-тәрбие жұмыстарды орындау үшін ұзақты не қысқа мерзімді, уақытша ұжымдар түзіледі: үйірмелер, спорт секциялары және т. б.

Соңғы кездері әлеумет танушылар ұжым ішінде шағын топтарды бөліп қарастыруды жөн көруде. Шағын топ қатысушыларының өзара жақындығы әлеуметтік мәнді мақсаттардан болмай, олардың арасындағы жеке сыйластық пен кішігірім топтық қызығуларға негізделеді. Мектеп ұжымының даму процесі кездейсоқ емес, ол педагогикалық басқарымды. Ұжымды педагогикалық басқару тұрғысынан келесі ережелерді ескеру қажет:

- педагогикалық басшылық тәрбиеленушілердің өз бойына тән дербестік пен еркіндікке болған ұмтылысына негізделуі шарт;

- педагогикалық басшылық жүйелі түрде ауысып барғаны дұрыс, себебі, ұжым- қозғалысты, үздіксіз дамудағы құбылыс;

- барша тәрбиелік ықпалдар: отбасы, қоршаған орта, сынып мұғалімдері өзара сәйкестендіріле, бірлікті іске асырылуы тиіс;

- ұжым мүшелерінің өз міндеттерін орындауын бақылау, қадағалау және реттеу демократиялық басшылық шеңберінде іске асуы міндетті;

- тапсырмалар бөлістіруде олардың ұжымға ғана қажеттігін ескеріп қоймай, тәрбиеленушілер қызығуларына сәйкестігін де ойластырған жөн;

Ұжым ынтымақтастығын болдырудың келесідей жолдарын пайдалану қажет:

- бірлікті іс-әрекет. Оқушылар әрқилы іс-әрекеттермен айналысады: оқу, қоғамдық пайдалы жұмые, еңбек, ойын, көркем өнер, эстетикалык, спорт, туризм және т. б. [12, 3]

Мектеп субъекттерін алдымен біріктіретін оқу істері, себебі олар бір бағдарлама негізінде орындалады, оқуды жүргізетіндер де бір мұғалімдер тобы, үйренетін әлеуметтік тәжірибелері де, әртүрлі себептермен болатын толғаныс, күйзелістері де ортақ. Ұжым басын қосуға себепкер - дұрыс педагогикалық басшылықпен ұйымдастырылған еңбек және ойын әрекеттері. Ойын арқылы тәрбиеленушілер қоршаған болмысты таниды, ойынды ойластыратын да өздері;

- ұжым салт-дәстүрлері;

- ұжым қызметтерінің мазмұны және жүрісі;

- тәрбиеленушілердің ұжымда не болып жатқанынан хабардар болуы, осыдан балалардың ортақ толғанысы туындайды;

- салыстыру, жариялылық, жәрдем, ұнамды баға принциптеріне сәйкес өткізілетін жарыс, бәсекелер;

- ұжым кейпі мен эстетикасы;

- өзіндік басқарымның шымдастырылуы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ –ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ата – ана қамқорынан қалған балалар психологиясы
Жетім балалардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру
Отбасын нығайту және отбасындағы тәрбиенің рөлін күшейту. Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылық куәгері болған балалардың жағдайы
Жетім балаларды әлеуметтендіру мәселелері
Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру шарттары
Халық педагогикасы-мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің негізгі құралы
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің әсері туралы
Ұлттық тәлім-тәрбие
Анашым-жанашырым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz