Мектепке дейінгі білім
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І ЕЛІМІЗДЕ 12 ЖЫЛДЫҚ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУГЕ КӨШУДІҢ НЕГІЗДЕМЕСІ
1. 12 жылдық орта білім берудің мақсаты, күтілетін негізгі
құзіреттіліктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2. Шетелдердегі 12 жылдық білім беру
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... 11
3. Қолданыстағы жалпы білім беру стандарты мен 12 жылдық білім беру
стандартының бастауыш сатысының салыстырмалы ерекшеліктері ... .16
ІІ 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ БАСТАУЫШ САТЫСЫ НЕГІЗІНДЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ
НЕГІЗГІ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН ТӘЖІРИБЕЛІК –
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ
2.1 Құзіретті тұлғаны қалыптастыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.2 12 жылдық және дәстүрлі жүйе бойынша дүниетану пәнін өтуде
қолданылатын әдіс-
тәсілдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .25
2.3 12 жылдық білім беру стандарты негізінде жеке тұлғаны қалыптастырудағы
тәжірибелік – эксперимент жұмыстарының
нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .32
ДЕРЕК
КӨЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 34
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып
түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш тек
білімге ғана тіреледі. Заман талабы тұрғысынан жеке тұлғаны дамытудағы
қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда білім беру
саласы – баса назар аударарлық мәселе.
Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзілік қауымдастыққа
танылып жаңа демократиялық қоғамның дүниеге келуі Қазақстан педагогика
ғылымының жаңа бағытта сипат алуына кең жол ашып берді. Соның ішінде:
Қазақстан – 2030 стратегиялық бағдарламасында, Қазақстан Республикасының
Білім туралы заңында, 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың
мемлекеттік бағдарламасында, 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында білім берудің әдістемелік жүйесін қайта қарау қажеттігі
туындап, білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктіру үшін,
жұмыстар жүргізілуде.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ұлттың
бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен
айқындалатынын, осыған орай білім беру жүйесін реформалаудың
нәтижелерінің бірі жаңа сатыдағы педагогтың өмірге келуі болуға тиіс
екенін айрықша атап өтті. Жаңа дәуір туғызған міндеттерді толық жүзеге
асыру мақсатында заман талабына сай білім беру жүйесін жасап, болашақтың
жоғары технологиялық және ғылыми өндірістері үшін алысты барлап, кең
ауқымда ойлай білетін, бәсекелестік қабілеті жоғары, қарымы мол кадрлар
қорын жасақтау туралы тұжырым Жолдаудың құндылығын айқындай түседі. [1]
Білім адамзаттың терең және үйлесімді
дамуын бекітетін құралдардың бірі, прогрестің, әлеуметтік тұрақтылық пен
ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы. Осыған орай бұрынғы мәдени
тәжірибені жеткізуге бағытталған үлгі бойынша оқытатын репродуктивті, жеке
адамның қызығушылықтарынан мемлекеттік мүддені жоғары қоятын білімнен
адамның өз танымының биік баспалдақтарына қарай жетектеп отыратын өмір
бойы алатын білімге бағытталу жүзеге асырылуда. Сапалы білім, студенттің
оқуға және білімін өмір бойы жетілдіруге дайындығы – еліміздің бүгінгі
әлемдегі бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін экономикалық және
әлеуметтік дамуының маңызды факторы, негізгі алғышарты болып табылады.
Философиялық-ағартушылық тұрғыдан білім беруді Әл-Фараби,
Ж.Баласағұн, Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, В.В.Розанов, К.Д.Ушинский, К.Маркс,
Ф. Энгельс, Н.Крупская, Н.А.Бердяев, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев,
Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев қарастырған болатын, олар тұлғаны
дамытушы, әрі рухани қалыптастырушы, барлық адамдардың өркендеп –өсуінің
кепілі деген. Жалпы білім берудің
философиялық-әдіснамалық аспектісі мәселесін Ж.Әбділдин, М.Қозыбаев,
В.В.Давыдов, М.П.Данилов, Б.М.Кедров, И.С.Кон, Ф.Ф.Королев, Р.Г.Лемберг,
А.Нысанбаев, З.И.Равкин, А.Сейтешов, М.Н.Скаткин, К.Шүлембаев және т.б. өз
мектептерінде жан-жақты қарастырған.
Батыс әлеуметтанушылары Ж.Гуревич, Т.Парсонс,
Н.Смелзер, Р.Коллинз және кеңес әлеуметтанушылар А.Г.Здравомыслов,
В.Г.Афанасьев, В.Н.Турченко, Г.Н.Волков, В.А.Ядов және т.б. білім беруді
әлеуметтік және педагогикалық институт ретінде қарастырған.
Жалпы орта білім беру жағдайында этнопедагогикалық және
этнопсихологиялық ерекшеліктерін ескере отырып оқыту мен тәрбие үдерісін
психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселесін өз еңбектерінде
Б.Г.Ананьев, П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов, А.Н.Леонтьев, Н.Джангельдин,
К.Жарықбаев, А.В.Запорожец, Б.Ф.Ломов, М.А.Менчинская, Б.М.Теплов,
М.Мұқанов, Ж.Намазбаева, Н.Сарсенбаева, Е.Суфиева, Т.Тәжібаев, Н.Ф.Талызин,
Д.Б.Эльконин, В.КШабельников, Х.Темірбеков және т.б қарастырады.
ХХІ ғасырда Қазақстанның
білім беру жүйесіндегі жалпы және орта 12 жылдық білім беру жүйесінің
енгізілуі уақыт талабы болып отыр. Қоғамымыздың әлеуметтік-экономикалық
және саяси құрылымының түпкілікті жаңаруына байланысты бірінші міндет
халықтық білім жүйесін жаңаша тұжырымдама жасап, жаңаша талап қоюды қажет
етеді. Әлемдік білім кеңістігіндегі озық тәжірибеге
негізделген 12 жылдық білім беруге көшудегі негізгі міндет – адамзат
тарихында уақыт озған сайын өзектілігі арта түсетін білімді де білікті,
құзыреттілігі қалыптасқан, тәжірибелі де білімді ұрпақ тәрбиелеу. Ұлтымызды
дәріптейтін, рухымызды биіктетіп, ұлттық сенімімізді жігерлендіретін
ұрпақтың болашағы ұстаздарға үлкен міндет. Ол үшін мұғалім қазіргі ақпарат
ғасырында кәсіби білікті, құзыретті, әдіс-тәсілдерді дұрыс қолдана алатын,
жаңашыл, тәжірибелі болуы керек.
12 жылдық білім берудің басты мақсаты: өзінің және
қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі
ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл,
білімді тұлғаны дамыту болып табылады. Осыған орай сапалы білім берудің
құрылымын негізгі нормативтік құжаттардың бірі – стандарттан бастап
талданып, зерттелуі қажет. [2]
Стандарт – білім мазмұнының негізі. Білім мазмұны стандартта жазылған
талаптарға сай жасалады. Стандартта оқушы меңгеруі тиіс білім, іскерлік
дағдылардың көлемі оқушының дайындығына қойылатын талаптар белгіленеді.
Аталған құжат республикадағы білім саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз
ететін стратегиялық маңызды құжат Стандарттың негізгі – басқару. Ол Білім
туралы Заңға сәйкес жасалады. Қазақстан Республикасының білі берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты 1999 жылдың оқу жылынан бастап
мектеп тәжірибесіне ұсынылды. [3] Стандарттың әр сатысының
(бастауыш саты, негізгі саты, жоғары саты) бірінші бөлімінде білім берудің
мақсаты мен міндеттері, білім мазмұнының құрамы, екінші бөлімінде білім
беру салалары, базалық білімнің мазмұны, оқушының дайындық деңгейіне
қойылатын талаптар жазылған. Ал Қазақстан
Республикасының 12 жылдық мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру
стандартының жобасы 2006 жылдың оқу жылынан бастап эксперимент алаңдарына
ұсынылды. 12 жылдық білім беру
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандартында қазіргі кездегі білім беру сапасы оқушылардың түрлі қызметтер
саласындағы проблемаларды өз бетінше шешу мүмкіндігін қамтамасыз ететін,
қалыптасқан негізгі құзыреттілік түріндегі білім беру нәтижелерінің
жетістіктерімен түсіндіреді.[4] Міне, 12 жылдық білім беру жүйесі
енді. Осыған сәйкес стандартта дайындалды. Бірақ бізді алаңдататыны
эксперимент мектептері осы стандарт бойынша жеке тұлғаға білім беріп жатыр
ма?- деген сұрақ. Бұл проблема жөнінде жазылған оқу-әдістемелік құралдар
немесе оқулықтардың жеткіліксіздігі арасында қарама-қайшылық орын алып
отыр. Осы аталған қарама-қайшылықтың шешімін іздестіру зерттеу проблемасын
айқындауға және тақырыпты: Қолданыстағы жалпы білім беру стандарты мен 12
жылдық білім беру стандартының бастауыш сатысының салыстырмалы
ерекшеліктері деп таңдауымызға себеп болды. Зерттеу объектісі:
Астана қаласы, №48 мектеп-лицейінің 4-сыныбы Зерттеу пәні: Қолданыстағы
жалпы білім беру стандарты мен 12 жылдық білім беру стандартының бастауыш
сатысының салыстырмалы ерекшеліктері.
Зерттеу мақсаты: Қолданыстағы жалпы білім беру
стандарты мен 12 жылдық білім беру стандартының бастауыш сатысының
салыстырмалы ерекшеліктерін теориялық тұрғыдан негіздеу және бір
стандарттың тиімділігін практика жүзінде дәлелдеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, қолданыстағы жалпы білім беру

салыстырмалы ерекшеліктерін мұғалім ескеріп, әдіснамалық тұрғыдан дәлелдй
білсе, онда мектеп оқушыларының оқу-тәрбие үдерісінде жетістікке жетуі мен
негізгі құзіреттіліктері,білім деңгейі артады, пәнге деген қызығушылығы
қалыптасады. Зерттеу
міндеттері:
- қолданыстағы жалпы білім беру стандарты мен 12 жылдық білім беру
стандартының бастауыш сатысының салыстырмалы ерекшеліктерінің ғылыми-
теориялық негіздерін нақтылау;
- 12 жылдық білім беру жүйесінде құзіретті тұлғаны қалыптастыру жолдарын
анықтау;
- 12 жылдық білім беру жүйесінде құзіретті тұлғаны қалыптастыруды
тәжірибе – эксперименттік жолдармен тексеру және нәтижесін анықтау.
Зерттеу әдістері: Жалпы ғылыми әдістер: талдау, жинақтау, қорытынды жасау.
Зерттеу тақырыбы бойынша екі стандарттың ерекшелігін теориялық тұрғыдан
талдау, алынған ақпаратқа болжам жасау, салыстырмалы талдау, бастауыш сынып
оқушыларының оқу үрдісін бақылау, сауалнама алу, әдістемелік жүйенің
мақсатқа сәйкестігін және педагогикалық тиімділігін эксперимент арқылы
тексеру; тәжірибелік – эксперимент жұмысының мәліметтерін қорытындылау.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі
тараудан, қорытындыдан, дерек көздерінен және қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми аппараты,
мақсаты, объектісі, пәні, міндеттері, болжамы, әдіснамалық негіздері,
әдістері мен негізгі кезеңдері беріліп, практикалық мәні, ғылыми жаңалығы
және қорғауға ұсынылатын қағидалар баяндалады.
I. Елімізде 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің
негіздемесі атты тарауда 12 жылдық білім, құзыреттілік ұғымдарына
анықтама беріледі, сонымен қатар шетелдердегі білім беру жүйесіне сүйене
отырып, қолданыстағы жалпы білім беру стандарты мен 12 жылдық білім беру
стандартының бастауыш сатысының салыстырмалы ерекшеліктері сараланады.
ІІ. 12 жылдық
білім берудің бастауыш сатысы негізінде жеке тұлғаның негізгі
құзіреттілігін қалыптастыруға арналған тәжірибелік-педагогикалық жұмыс
түрлері атты тарауда құзіретті тұлғаны қалыптастыру жолдары мен 12 жылдық
білім және дәстүрлі жүйе бойынша дүниетану пәнін өтуде қолданылатын әдіс-
тәсілдердің тиімділігі сараланып, эксперимент жұмысының нәтижелеріне талдау
жасалынады. Қорытындыда теориялық және эксперименттік
жұмыс нәтижелеріне негіздеме тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі.
І ТАРАУ ЕЛІМІЗДЕ 12 ЖЫЛДЫҚ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУГЕ КӨШУДІҢ НЕГІЗДЕМЕСІ
1.1 12 жылдық орта білім берудің мақсаты, күтілетін негізгі
құзіреттіліктер
Қазіргі уақытта еліміздің даму болашағын айқындайтын фақторлардың бірі
ретінде білім беру ісіне басымдылық беріліп, оқыту үрдісі мемлекеттік
деңгейде қарастырылуда. Білім беру жүйесінің іргелі қатегориялардың
қатарында жаңа құрылымдық сипат алуы, білім берудегі жаңа тұжырымдамалық
көзқарастар, әдіснамалық ұстанымдар әлемдік білім қеңестігіңдегі
жаңартулармен ықпалдасып, еліміздің білім беру ісі 12 жылдық жүйеге көшкелі
отыр. Білім жүйесінің бұл жаңа моделінің басты міндеті - оқыту үрдісін
ұлттық құндылықтарға негіздей отырып, оқушыларға көп деңгейлі білім беруді
ұйымдастыру. Бұл міндет оқушылардың өз бетінше білім алуын ұйымдастырғанда
және олардың өз халқының ұлттық құңдылықтары, қоршаған орта туралы ұғым
түсінігі болып, ол туралы айтып бере алуына мүмкіндік жасалғанда ғана
шешімін табады. Сондықтан, ашық әлеуметтік жүйе ретінде жаңа білім беру
үрдісінде әрбір азаматтың тұлғалық дамуын күшейту де көзделіп отыр.
Білім кеңістігінде қанатын кең
жайып, жер шарының көптеген елдеріндегі оқыту үрдісіне еніп отырған
білімнің жаңа сапалы деңгейін қамтамасыз егуге бағытталған құрылымдық және
мазмұндық жаңартулардан біздің мектептеріміз де шет қалмауы тиіс. Дәстүрлі
оқыту жүйесін әлемдік білім қеңістігімен үйлестіруде орта білімнің тек
мерзімдік сипаты ғана емес, оның құрылымдық-мазмұндық нысандарының да
түбегейлі өзгертілуі қажет. Жалпы орта білім жүйесінің нәтижеге бағдарлануы
сабақтастық, жүйелілік, тұтастық тәрізді ұстанымдарға сай білім берудің
барлық сатыларында бірдей жүзеге асады. Бұл келесі міндетті шешу үшін
бүгінгі танда жаңа тұжырымдама, стандарт (ұлттық куррикулум), оқу
бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер т.б. нормативті
құжаттар даярлану үстінде. 12 жылдық білім беру жүйесінің өзіндік
ерекшеліктері оқу пәндерінің бір-бірімен тығыз байланыста болуын және
олардың өзара кіріктірілуін талап етеді. Оқыту үрдісінің барлық білім
салалары бойынша қалыптасатын түйінді компетенциялар тізбегінің де жобасы
жасалып, олар 12 жылдық білім берудің барлық цикліне сәйкес оқытылатын
пәндер негізінде жіктелді. Бұл жіктеулер мектептің әр сатысында айқын
көрініс тауып, оқушылардың өмірлік қажеттіліктерін өтеуге қызмет ететіндей
дәрежеде көрінетін болады. Нәтижеге бағдарланған білім моделіне сәйкес
ұлттық мектептің жаңа жүйесінде пәндерді салаға топтастыру көзделеді.
Қазақстандағы 12 жылдық білім беруге көшуге даярлық барысында
отандық және шетелдік оқыту теориясындағы, педагогика мен психологиядағы
ізгіліктік дәстүрлер мен ой-пікірлерді зерделеп, адамға бағытталған
әлеуметтік – психологиялық танымды дамытудың маңызы зор. Отандық
педагогикада адамзат жинақтаған тәжірибені келесі ұрпаққа беру мақсатында
сақтай отырып, негізгі бағдарды жеке тұлғаның азаматтық белсенділігін
арттыруға, рухани-адамгершілік қуатын қалыптастыруға бағытталғаны аса
қажет. Сондықтан білім берудің жаңа ізгіліктік бағыттары, мазмұны мен
міндеттері, әдіс-тәсілдері іздестіріп, оқушының дүниені тұтастыққа
қабылдауы арқылы өзіндік дамыту жолдарын зерделеу басты мәселелердің бірі.
Білім берудің
адамға, тұлғаға бағытталуы, білім мазмұнының демократиялылығы, заман
талабына сай білім беру мен ұлттық тәрбие үдерісінің гуманистік сипаты – 12
жылдық оқытудың методологиялық негізі ретінде қызмет ете алады.
Бүгінгі білім жүйесінде, Д.Дьюи атап өткендей, үлкен өзгерістер
басталуда. Ол маңызы жағынан, Н.Коперниктің жаңалығына (Күн – астрономиялық
орталық басқа планеталар оның айналасына шоғырланады, оны айнала қозғалады)
тең болып отыр, яғни оқушы тұлғасы орталыққа айналып, барлық педагогикалық
әрекеттер оның айналасына шоғырландыра жүргізіледі.
12 жылдық мектептегі оқыту үрдісін тұлғалық бағдарлы мазмұнда
жүргізудің мұғалімдер үшін мынадай ерекшеліктері бар:
• Білім беру үрдісі ізгіліктік және демократиялық заңдылықтарға
негізделді;
• Барлық деңгейдегі педагогикалық әрекеттер оқушылардың шаршауын
болдырмауды көздейді.;
• Педагогикалық қызметтің тиімділігі қажетті құрал-жабдықтарды
жаңартудан емес, субъект аралық қатынастардың жаңаша ұйымдастырылуынан
көрінеді;
• Білім берудің тұлғалық бағдарлы мазмұны оқыту үрдісіндегі тұлғалардың
– оқушы, мұғалім, тәрбиеші, ата-ана – өзіндік дамуын қамтамасыз ететін
жаңа әдістемелер арқылы жүзеге асырылады;
• Мұғалім өз әрекетінде қандай өзгерістердің қажет екенін сезіне алады,
өз қызметінің бүгінгі күн талабы, қоғам, ата-ана, оқушы сұранысына
сәйкестігін біледі;
• Тұлғалық бағдарлы білім беру бағытында жаңалықтар ендіруге ұмтылу,
авторлық, адаптивтік бағдарламалар құру, тәжірибеде бар жаңалықты өз
тұрғысынан өзгерте алу.
Бәрімізге белгілі, адамның өмір сүру қабілеті өзінен тыс өмір сүре
алмайды және өзгелердің сыртқы әсерінен де пайда болмайды, ол тек қана оның
өз мәселелерін қалай шеше алатынына байланысты. Өмірде кездесетін
қиындықтарды жеңе алу тек білім деңгейінде ғана емес, сонымен қатар оны
пайдаланудың тиімді әдістері мен құралдарын іздестіре алатынына да тікелей
қатысты екенін жақсы білеміз.
1-кесте 12 жылдық жалпы орта білім берудің мазмұны
Білім мазмұны – ғылыми білімдердің, Білім берудің мазмұны-тұлғаның
біліктіліктер мен дағдылар жүйесі. Оларды жеке қасиеттері мен сапасының
меңгеру мектеп оқушыларының ақыл-ойының прогрестік өзгерістері,
және дене қабілеттерінің жан-жақты дамуын,процестер мазмұны, оның қажетті
олардың дүниетанымын, адамгершілігі мен шартты ұйымдасқан іс-әрекет
мінез-құлқын қалыптастыруды, қоғамдық болып табылады
өмірге және еңбекке, дайындауды қамтамасызВ.С.Леднев
етеді 3-де тұтас жүйе ретінде
Ю.К.Бабанский қарастырады.
Білім берудің басты әлеуметтік функциясы
– адамдардың бұған дейінгі ұрпақтары
жинақталған тәжірибені беру
И.Я.Лернер,
М.Н.Скаткин
1-де білім мазмұны оқыту үрдісі
компоненттерінің бірі ретінде
қарастырылады.
2-де оқушылардың білім көлемі ұлғаяды,
біліктіліктер мен дағдыларды меңгеруі үшін
арнайы жасалған.
Білім алуға бағдарланған оқытудың Жеке тұлғаға
білім мазмұны бағдарланған оқытудың білім
мазмұны
Білім, білік, дағдыны меңгеру – мазмұн
құрудың экстенсивті жолы
Білім беру саласындағы құзыреттілік түсінігі 1960-1970 жылдардағы
шетел әдебиетінде,ал 1980 жылдардың соңындағы отандық әдебиеттерде
кездесті.Әлемдік және қазақстандық зерттеулер бойынша құзыреттіліктің 3-тен
бастап 37-ге дейінгі түрін айқындаған.
Құзыреттілік ұғымы алғаш рет еңбек әлемінде және өнеркәсіп
мекемелерінде пайда болды. Еуропа өнеркәсіпшілері өткізген дөңгелек
столдағы өздерінің қорытынды құжаттарында былай деп көрсетеді: ...көптеген
жас адамдар мектеп бітіргенде кәсіби өмірінде өте қажет болатын: топта
жұмыс істеу қабілеті,командалық рух,өзін жетілдіруге тырысу, шығармашылық
сезім, кәсібилік рух,жалпы іске қызмет ету сезімі,патриотизм сияқты
құзыреттер туралы ешқандай хабары болмай шығады. Бұл сапалар кәсіпорын
рухының негізін құрайды .[6]
Қазіргі кезеңдегі білім берудің мақсаттарының жиынтығы негізгі
құзыреттіліктерді дамытуды көздейді, оның негіздеріне көпмәдениетті қоғамда
өмір сүруге қабілеттілік,білімді практиканың қажеттіліктерімен байланыстыру
іскерлігі, өмірлік жағдаятты бағалай алу және проблеманың шешу жлдарын табу
және т.б. Жоғары білім беру жағдайында аталған және басқа да негізгі
құзыреттілік төмендегі шарттарды қолданғанда жүзеге асырылуы мүмкін:
- білімдік мақсаттарға барынша бара-бар келетін әдіснаманың болуы;
- әдістемелік және педагогика ғылымының қазіргі мәліметтері банкісінің
болуы;
- дидактикалық практика тәжірибесінің жетістіктері мен қорытындылары.
Білім беруді жаңарту негіздерінің бірі ретінде құзыреттілік тұрғыдан
келуді жақтаушылар күтілетін нәтижелер тұжырымдамасын жасауда негізгі ереже
сапасына талдау жасайды. Бұл тұрғыдан көзқарасты М.В. Рыжков (негізгі білім
берудің мемлекеттік білім беру стандартына) сүйене отырып, өз еңбегінде
төмендегіше көрсетеді [9].
2-кесте
Құзыреттілік Құзыреттілік Құзыреттілік Құзыреттіліктер
тек танымдық жәнеАлынған білім, Бұл ұғымда Мектепте оқу
операцио-налдық іскерлік, нәтижеден процесінде ғана
–технологиялық тәжірибелер мен қалыптасатын білімемес, ол әрі
құраушы ғана емес,мінез-құлық мазмұны қоршаған ортаның
әрі мотивациялық, тәсілдерін нақты интеграциясының әсерімен
этикалық, жағдаятта, нақты идеологиясы жатыр.қалыпты, қалып-тан
әлеуметтік және іс-әрекет тыс, қалыпты емес
мінез–құлықтық, жағдай-ына білім алу
яғни ол оқыту жұмылдыру жағдайында да
нәтижелерін қабілетін қалыптасады.
(білім, біл-діреді.
іскерлікті),
құндылық бағдар
жүйелерін, әдет
және т.б. қамтиды.
1.2 Шетелдердегі 12 жылдық білім беру ерекшеліктері
Әлемнің көптеген елдерінде 12, 13 жылдық білім беру жүйесі
қалыптасқан. Бұл жас ұрпақтың саналы ілім, сапалы білім алуына жол ашады.
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де
батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс
қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп
қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп
өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына
негіз салады. Тәрбиенің сан салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға
бастайтын, күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан
дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы – бастауыш
мектеп. Бастауыш саты – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы
болып табылады.
Қазіргі кезеңде 12 жылдық мектепте есептелінген белгілі бір
халықтардың білім беру стандарты қалыптасқан. Осыған байланысты, Еуропалық
кеңестің 1992 жылғы декларациясына сәйкес 12 жылдық білім беру
кеңістігіндегі 169 елде жүзеге асырылуда. 12 жылдық білім беру жүйесіне
көшу – әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін заман талабынан
туындап отырған мәселе. Мектеп бітірушінің әлеуметтік және қоғамдық
өмірдегі өзгерістерге икемделе отырып, еркін енуіне дайындығын тың мазмұнды
жаңа мектеп қана қамтамасыз ететінін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр.
Мәселен, алдыңғы қатарлы дамыған елдердің 12 жылдық білім беруге көшуіндегі
нақты қадамдары еліміздің білім беру жүйесіне едәуір өзгеріс енгізу
қажеттілігін дәйектейді. Біз бүгінгі күні осындай әлемдік білім беру
жүйесіне негізделген басым бағыттарды қарастырып отырмыз.
Ұлыбританияның білім жүйесі
Мектепке дейінгі білім. Балалар үйде қала алады, балабақшаға (2-5
жастағы бүлдіршіндер), бөбектерге арналған күндізгі яслилерге бара алады,
топтарға қосылып немесе оларды білікті бала күтуші қарауы мүмкін.
Мектептегі білім жүйесі. Ұлыбританияда ол мынадай сатылардан тұрады:
Бастауыш мектеп. 5 жасқа толғаннан бастап балалар мектепке баруға
міндетті. Бастауыш мектепте балалар 11 жасқа дейін отырады. Әдетте бастауыш
мектеп мектепке дейінгі мекеме (5-7 жастағы балалар) және кіші мектеп (7-11
жастағы балалар) болып бөлінеді. Бастауыш және орта мектепке баратын
балаларды оқушылар деп атайтын жағдай жиі кездеседі.
Орта мектеп. Балалар 11 жастан 16 жасқа толғанға дейін орта мектепте
оқуға міндетті. Бітіру емтихандары GCSE деп аталады (толық орта білім
туралы сертификат алу үшін тапсырылатын емтихан). Кей жағдайларда оқуды
жалғастыру үшін оқушылар алты жылдық білім беретін колледждерге көшуі
керек: олар 16-19 жастағыларға білім береді, ол жерде мектеп пәндерімен
бірге кәсіптік дайындық пәндері де оқытылады.
Басқа типті мектептер бар. Общиналық мектеп бүтін қоғаммен байланысты
білім беру қызметін қамтып, ересектер мен балаларды оқытады. Ерікті
мектепті шіркеу немесе басқа да бір ерікті ұйым бақылайды. ҚТК (Қалалық
Техникалық Колледж) базалық орта білімді қамтамасыз ете отырып, техникалық
пәндерге баса назар аударады.
Арнайы мектеп. Кейбір кемістіктері бар немесе мүмкіндіктері шектеулі
адамдарға арналған барлық деңгейдегі арнайы мектептер бар.
Тәуелсіз мектептер. Британ үкіметінен немесе жергілікті өзін-өзі
басқару органдарынан ақшалай қаражат алатын мектептер жәрдемақы алушы
немесе мемлекеттік мектептер деп аталады. Бұлармен қатар тәуелсіз мектептер
де жұмыс істейді, олардың көпшілігі пансионерлерді (түнде мектепте қалатын)
де және түнге қалмайтын балаларды да қабылдайды. Дайындық мектебі
оқушыларды жеке меншік мектепке түсу емтихандарына (жалпы түсу емтиханына)
дайындайды.
Ұлыбритания Болон Декларациясына қатысушы ел болып табылады. Көптеген
басқа елдермен салыстырғанда, оның білім жүйесі өте күрделі әрі жан-жақты.
Сондықтан бұл жүйе көптеген елдердің білім жүйесіне арқау болған.
Ирландияның білім жүйесі
Білім беру жүйесі үшін Білім және ғылым департаменті (DES) жауап
береді. Ирландияда алты жастан он бес жасқа дейін күндізгі оқу орнына бару
міндетті болып табылады, және де көпшілік бастауыш және орта (secondary
level) мектептерде, сондай-ақ үшінші деңгейлі бакалаврлық бағдарламаларда
(third-level) тегін жүргізіледі. Үшінші деңгейде тегін оқуға мүмкіндігі бар
студенттер: а) алғаш түсушілер; ә) үшінші деңгейдің бекітілген курсына
түсер алдындағы бес жылдың үшеуінде Еуропалық экономикалық қоғамдастықтың
резиденті болып келетін Еуропалық қоғамдастықтың азаматтары. Конституцияда
білім негізгі құқықтардың бірі ретінде белгіленген.
Ирландияның білім жүйесі үш деңгейден тұрады: бастауыш (Primary) (6
жыл), орта (Secondary) (5 немесе 6 жыл) және үшінші деңгей, бұл деңгей орта
деңгейлерді аяқтағандарға арналған курстардан бастап кәсіби-техникалық және
техникалық дайындық, ғалымдық дәреже мен жоғары магистрлік деңгейді алуға
дейін ұсынады. Бастауыш мектеп (Primary). Алты жасқа толмағандар мектепке
баруға міндетті емес екендігіне қарамастан, Ирландияда төртмектеп жанындағы
балалар сыныптарына жазылады. Бастауыш мектеп бағдарламасы 8 жылға
есептелген. Орта білім (Secondary). Ирландияда орта білімге орта, кәсіптік-
техникалық, қоғамдық және жалпы білім беретін мектептер жатқызылады.
Мектептің типі, ең алдымен, басқару мен қаржыландыру көзіне байланысты.
Жоғары білім. Ирландияның жоғары білім жүйесі алуан түрді және
университеттік секторды, технологиялық институттарды, педагогикалық
колледждерді және жеке меншік тәуелсіз колледждерді қамтиды. Ирландиялық
студенттер үшін үшінші деңгейде оқу мүмкіндігі Орта мектепті бітіргені
туралы Сертификатқа (Leaving Certificate) тапсырылған емтихан қорытындылары
бойынша жарыс негізінде анықталады.
Ирландия білімінің сапасы мен жоғары стандарттарын бүкіл әлем толығымен
мойындап отыр. Сонымен қатар жоғары білім беретін көптеген институттар
шетелдік студенттерге дайындық курстарын ұсынады. Бұл курстарды ойдағыдай
өткен адам институтта білім алуға жолдама алады.
Германияның білім жүйесі
Мектепке дейінгі білім. Мектепке дейінгі балалар мекемелері желісі
нашар дамыған. Балабақшалар, негізінен, жеке меншікке қарайды, оларға үш
пен бес жас арасындағы бүлдіршіндер барады. Бастауыш мектеп. Оқыту 6 жаста
басталады және төрт-алты жылға созылады. Бастапқы екі сыныпта пәндік
құрылымдау болмайды, яғни математика, неміс тілі, өлкетану, ән және дін
бойынша жалпы базалық пәндер бір оқыту-тәрбиелеу курсының аясында кешенді
оқытылады. Орта білім. Балалар болашақ мамандығын немесе тым құрығанда
білім деңгейін таңдауды бастауыш мектептен кейін жасайды.
1.Гимназия.Gymnasium.
Орта мектептердің арасында ең беделдісі – гимназия. Оның берген дипломымен
Германияның барлық жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын тапсырмай-ақ
оқуға түсуге болады. Әдетте, гимназиялар гуманитарлық білім бойынша
маманданады. 12 сыныптан кейін оқушыларға Fachhochschulreife дипломы
беріледі, онымен оқушылар техникалық институтқа (Fachhochschule) түсе
алады. Ал 13 сыныптан кейін Hochschulreife беріледі. Бұл университетке
түсуге арналған аттестат.
2. Реалды мектеп
Реалды мектепте оқу 5-тен 10-шы сыныпқа дейін 6 жылға созылады. Реалды
мектеп көбінесе арнайы пәндерге бағдарланған, негізгі пәндер бұнда міндетті
түрде бейіндік бағытпен оқытылады. Реалды мектеп мектептердің арасында ең
кең тарағаны. Реалды мектепті бітірген соң аттестат (Fachoberschulreife)
беріледі, онымен техникумға немесе арнайы кәсіптік училищеге түсуге болады.
3. Негізгі мектеп.
Негізгі мектепте 10 сыныпқа дейін оқиды. Негізгі мектеп те, реалды
мектеп сияқты болашақ мамандықты таңдауға бағдарланған негізқалаушы жалпы
білім береді. Негізгі мектепті аяқтаған оқушылар әдетте кәсіптік училищеге
оқуға түседі.
4. Біріктірілген мектеп.
Біріктірілген мектеп жоғарыда аталған барлық жалпы білім беретін
мекемелердің негізгі сипаттарын қамтыған. Оқушылар 5-тен 10-шы сыныпқа
дейін 6 жыл оқиды. Кейбір біріктірілген мектептерде сонымен қатар жоғары
сыныптар да бар (11-13 сыныптар), олар гимназияның жоғары сыныптары сияқты
ұйымдастырылған, бірақ олардың гимназиядан айырмашылығы – бұнда бастауыш
мектептен алған ұсынымы жоқ балалар да түсе алады. Біріктірілген мектептің
жоғары сыныбын табысты аяқтаған оқушыға Hochschulreife аттестаты беріледі.
Бұл университетке түсуге мүмкіндік беретін білім деңгейін куәландыратын
құжат. Жоғары білім. Германияның жоғары білім жүйесі түрлі жоғары оқу
орындарынан құралған.
Hochschulе - әдетте гуманитарлық бағыттағы жоғары оқу орындары.
Испанияның білім жүйесі
Мектепке дейінгі білім балабақшалар (2 жастан 3 жасқа дейін) мен
бастауыш мектептен тұрады. Мектепке дейінгі білім ерікті, ал мемлекеттік
мекемелерде тегін беріледі. Оларға қолдау көрсететін ұйым немесе қордың
түріне, болмаса жеке бастамаға байланысты балабақшалардың өз араларында
айырмашылықтары бар. Бастауыш мектеп міндетті болып табылады. Бастапқы бес
жылда оларға бір мұғалім ғана сабақ береді. Ол балаларға ана тілі, әдебиет,
математика, табиғаттану, музыка сияқты пәндерді оқытады. Орта білім.
Сабақты түрлі мұғалімдер береді. Оқуды аяқтаған оқушылар емтихан тапсырады,
нәтижесі нашар болып шықса, оқушыны екінші жылға қалдыруы мүмкін. Бірақ екі
реттен артық қалдыруға болмайды. Емтиханды ойдағыдай тапсырған оқушылар
бачилератоға түсе алады немесе кәсіптік мектепте жұмыс мамандығын алу
арқылы оқуды жалғастыруға болады.
Жоғары білім курстың мақсатына қарай циклдерге бөлінеді. Сабақтардың
қарқындылығын бағалау бірлігі кредит болып табылады. Ол аудиторлық
сабақтың 10 сағатына сәйкес келеді. Әр цикл кредиттердің сомасына қарай
бағаланады. (Licenciatura) дәрежесін алу үшін 300-ден 450 кредитке дейін
жинау қажет. Үш жыл оқыған соң дипломы бар маман (Diplomado) дәрежесін
алуға болады. Лиценциат (Licenciado) атану үшін төрт жылдан бес жылға
дейін, ал медициналық мамандық бойынша – алты жыл оқу керек. Кейбір
университеттерде Еуропалық қауымдастықтың бағалау жүйесі қолданылады (ол
бойынша магистр дәрежесін алуға болады (ECTS стандарты бойынша екі жыл
оқып, 50 кредит алу керек).
Ерекшелігі: университетке түсу үшін шетелдік талапкерлер испандықтармен
бірге түсу емтиханын тапсырады. Испанияға келіп жатқан барлық студенттер
бұл емтиханды Мадридтағы Universidad Nacional de Educacion a Distancia-да
тапсырады. Емтихан жазбаша өтеді және екі бөлімнен тұрады. 100 сөзден
тұратын қысқа мазмұнды баяндама жазып, шет тілінен тест тапсыру қажет
болады. Әдетте университеттер Еуроодаққа кірмейтін елдерден келетін
студенттерге арнап орындардың 5 пайызын ұстап отырады. Испанияға келетін
барлық студенттерге бірнеше факультетке бірден құжат тапсыру кеңес етіледі.
Францияның білім жүйесі
Бастауыш мектеп 4 жылға созылады. Балалар мектепке алты жастан
барады. Мектеп 1 жыл – дайындық сыныбы және 3 жыл – бастауыш білімнен
тұрады. Орта білім балалар колледжге барғанда, 11 жаста басталады. Оқудың
бұл кезеңінде мемлекет оқу үшін міндетті 8 пән белгілеген: француз тілі,
математика, шет тілі, физика, химия, биология, география мен тарих (бір пән
ретінде бағаланады) және дене тәрбиесі. Францияда сыныптардың нөмірі 6-дан
басталады. Сөйтіп оқушылар 11 жаста 6-сыныпқа барады, содан кейін –
бесінші, солай үшінші сыныпқа, яғни 14 жасқа дейін. Үшінші сыныптан кейін
француз оқушылары оқуын одан әрі жалғастыру үшін екі жолдың бірін таңдай
алады: кәсіптік училищеге барады немесе мектепте қалып, толық орта білім
алады. Екінші жағдайда оқушылар лицейде оқуын жалғастырып, онда үш жыл
оқиды: екінші сынып, бірінші сынып және бітіруші сынып.
Жоғары білім. Жоғары оқу орындарының екі түрі бар: Университеттер мен
Жоғары Мектептер. Университеттерде оқытушыларды, дәрігерлерді, заңгерлерді,
ғылыми қызметкерлерді дайындайды. Жоғары Мектептерде экономика, басқару,
әскери іс, білім және мәдениет саласындағы жоғары кәсіби мамандарды
дайындайды.
3-кесте Әлемдегі жалпы және орта білім берудің құрылымы
Франция
Жапония 5+4+3 Қытай
6+3+3 3+6+3
АҚШ Ресей
6+3+3 4+6+2
Германия
Украина
4+5+4 4+5+3
Англия Беларусь
6+5+2 1+3+6+2
Норвегия Швеция
6+4+3 Канада 3+6+3
4+6+3
1.3 Қолданыстағы жалпы білім беру стандарты мен 12 жылдық білім беру
стандартының бастауыш сатысының салыстырмалы ерекшеліктері
Қолданыстағы жалпыға міндетті білім беру стандарты
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
республикалық оқу-әдістемелік кеңесі 07. 08. 2002 ж. Ұсынған Қазақстан
Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология
және сертификаттау комитетімен 13.08.2002 ж.№9-4-2\1857 хатына сәйкес
келісілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің
24.09.2002 ж. №693 бұйрығымен бекітілген.
Мемлекеттік стандарттар Ы.Алтынсарин атындағы ҚБА президенті,
п.ғ.д.,проф. А.Қ.Құсайыновтың, Ы.Алтынсарин атындағы ҚБА вице-
президенті, п.ғ.д. М.Ж.Жадринаның, Ы.Алтынсарин атындағы ҚБА Мектеп және
мектепке дейінгі білім беру институтының директоры, п.ғ.к.
С.Д.Мұқанованың жалпы басшылығымен әзірленді.
Стандарттар оқу пәндері бойынша:
- Базалық білім мазмұнына,
- Білім беру бағдарламасының түрлеріне,
- Оқу жүктемесінің көлеміне,
- Мектептің әр сатысындағы оқушылардың міндетті дайындық деңгейіне,
- Оқу процесін ұйымдастыру және оны жүзеге асыру шарттарына қойылатын
жалпы талаптарды белгілейді. [3]
12 жылдық мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарты
Осы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі -
Стандарт) орта білім берудің базалық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz