Жанұяға жас өспірім мен жеткіншек тәрбиесінің тиімді жолдарын ұсыну


КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ
«Психология » кафедрасы
Қорғауға жіберілген күні: « » 2008 ж.
Кафедра меңгерушісі : Р. Р. Бирюшев
КАППАСОВА ИНДИРА
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Балаларда өзіндік «Мен» ерекшелігінің қалыптасуына жанұяның әсер ықпалы.
Ғылыми жетекші:
Аға оқытушы Шоңова. Б. А.
Көкшетау 2008 ж.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І Психологияның негізгі бағыт- бағдарындағы «Мен» концепциясы құрылымы . . . 8
1. 1. Бастауыш мектеп оқушысының жеке басына тән «МЕН» қасиеттері . . . 10 1. 2. Жеткіншек жасының дағдарысы - «Мен» құрылымының
қалыптасуы . . . 14
1. 3. Жеткіншектің «мен» деген қасиеті, үлкендермен қарым - қатынасы және олардың арасындағы қайшылықтардың пайда болуы . . . 19
1. 4. Жас өспірімнің азаматтылығы және «мен» деген қасиеті . . . 24 ІІ Жанұя тәрбиесі туралы ой пікірлерге бағдарлы шолу . . . 30
2. 1. Балада «Мен» тұжырымының қалыптасуындағы жанұяның рөлі . . . 34
2. 2. Балада «Мен» тұжырымын қалыптастырудағы ата-аналардың
түрткілерінен туындайтын кемшіліктер жайында . . . 39
2. 3. Жанұядағы ата-ананың балаға деген қарым-қатынасы . . . 42
2. 4. Балаларда өзіндік «Мен» ерекшелігінің қалыптасуына жанұяның
әсер ету жолдары мен іс тәжірибелік жұмыстар барысы . . . 47
Қортынды . . . 63
Қолданылған әдебиеттер . . . 66
Қосымша
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі уақытта білімді, әлеуметті және жан- жақты мобильді, бастамашыл, конструктивті жағдайға қабілетті және әлеуметке белсенді араласа алатын бала тұлғасын қалыптастыру өзекті мәселе болып табылады. Ол тұлға өзінің әлеуметтік ұстанымын, құндылығын, өмірдегі өз орнын «Менін» айқындауға құқылы. Яғни осы «Мен» құндылығын қалыптастыратын әлеуметтік тұлға құрылады. «Мен» концепциясының әлеуметтік даму процесінде «Мен» құрылымы және жанұялық тәрбие мен қарым қатынас үрдісі маңызды орын алатындығы белгілі.
«Мен» концепциясы түсінiгі жайлы түрлі ортақ пікірлер мен ұстанымдар қалыптасқан. Мысалы шет елдік психология әлеміндегі әдебеттерде «Мен» концепциясы индивидтің барлық жиынтығын білдіреді. Өзіндік сана сезім құрылымы үш компоненттен тұрады: когнитивті, аффективті ( эмоционалды) және мінез құлықтық.
Сондай- ақ Фрейдтің психодинамикалық бағытындағы теориясында тұлға құрылымы негізгі үш жағдайдан тұратын концепция енгізді (қосымша1) :
- «Ид»- латын сөзі, қазақша баламасы «ол немесе олар». Фрейд көзқарасынша ид- қараңғы, заңдылықты түсінбейтін, ережеге бағынбайтын нәрсе. Ид-тің бағынатын принципі - қанағаттану. Ид - организмдегі психикалық процестермен соматикалық процедуралар арсындағы байланысты қасиет.
- «Эго» -латын сөзі «мен»деген мағына. Эго- өз мінез құлқын, қызметін Ид арқылы алады. Әлеуметтік шынайы бейімділік қажет. Эго- организмнің атқарушысы. Ол интеллектуалдық процестерді, проблемаларды шешуде көрінеді.
- «Супер эго» латын сөзі «супер - жоғары», «эго - мен». Тұлға дамуының соңғы компоненті.
Фрейд көзқарасы бойынша адам организмі супер эго болып тумайды. Оны бала ата аналармен, мұғалімдермен және басқа да фигуралармен өзара қарым қатынаста меңгереді.
«Мен» сөзі психоанализде тұлғаның бір бөлігі немесе оның бір бөлігінің мінездемесін, адам психикасының өрісін білдіреді. Бұл бөлік Үстем, . Мен, . Идтан ерекше.
Біздің қоғамымызда жеке адамның алатын орны мен атқаратын қызметі орасан зор. Еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Адам ресурстарын дамытуға» баса назар аудара отырып, «Ана, бала, аға ұрпақ» мәселесіне жете көңіл бөлген.
«Біздің стратегиямыздың маңызды мәселесі - қоғамның ең бір әлсіз қорғалған мүшелерінің: балалардың, олардың аналарының және аға ұрпақтың өмірін лайықты қамтамасыз ету. Мемлекет бұл мәселелелерді шешу үшін қаражатты аямайтын болады.
Еліміздің өсіп келе жатқан бітімгершілік әлеуметі алдағы уақытта да мұқият сақталып, дамытыла берілуі тиіс. Жеке адам деп көп жағдайда дербес, нақты адамды айтады . Өйткені жеке адам қоғамда белгілі бір жағдайға ие және белгілі бір қоғамдық роль атқарады. Роль жеке адамның қызметі. Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым - қатынас жасау процесінде қалыптасады. Қоғамнан, әлеуметтен тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес. Кез - келген адам қандай да болмасын белгілі бір топқа кіреді.
Баланың жанұядан қашықтап, оның ықпалынан сырт қалауының психикасына әсерін Т. В. Лодкина, А. И. Захаров, В. С. Мухина, З. Матейчик, Е. О. Смирновалар атап көрсеткен. А. Н. Леонтьев, С. А. Козлова, балаға отбасы жылулығының ықпалын атап өткен. Жақын адамдардың ықпалын баланың алдымен сезіп, түйсінуі және сөз түрінде бейнелеуінің маңызын А. В. Запарожец, А. Д. Кошелева, Е. И. Негнивитцкая және т. б. белгілеген. Жанұя тәрбиесінің терең эмоциялы сипатын, қаны бір адамдар арасындағы сүйіспеншілік қарым-қатынасын ата-ана мен баланы жақындатуының маңызын Ю. П. Азарова, И. В. Гребинников, Т. А. Маркова, А. Г. Харчев т. б. белгілеген.
Жеке тұлғаның әлеуметтену барысында жанұядағы әдеттердің, дәстүрлердің, ғұрыптардың мәнін зерттейтін қазақстандық философтардың жұмыстарын атап көрсету керек /Қ. Нұрланова. Ж. Қ. Қаракөзова. Р. М. Мустафина, М. Ш. Хасанов және басқалар/ Ж. Қ. Қаракөзова мен М. Ш. Хасанов жанұя үшін бала туу, үйлену, өлім сияқты оқиғалардың маңыздылығын атайды. . Авторлардың ойынша, некеге тұрғаннан кейін « . . . өмірдің үйлесімдік» кезеңі басталады.
Қазақтардың ХІХ ғасырдағы жанұядағы әдет - ғұрыптардың діни аспектілерін зерттей келе, Р. М. Мустафина жанұя патриархалдық және жанұя-тұрмыстық дәстүрлерді сақтаушы болып табылады деген қорытынды жасады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу-ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп, отбасының міндеті ашық көрсетілген. «Қазақстан 2030» бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керек екендігі айтылды. Сонымен бірге, жанұя туралы заң жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір жанұяға өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген. Сөйтіп, жанұяның әуел бастан-ақ өзіне тән киелі міндетін орындау қажеттілігі бекімделе түсті. Яғни, баланы жеке тұлға етіп қалыптастырудағы «Мен» тұжырымын бекітудегі - негізгі күш - жанұя.
Ол жеке тұлғалық «Мен» компонентімен негізделеді. Сондықтан да диплом жұмысымдағы зерттелетін мәселе - «МЕН» ұғымын жан жақты қарастыру және жанұяның ықпалы жайында болғандықтан «МЕН» тұжырымдамасына қысқаша тоқталғанды жөн көрдім.
«Мен» тұжырымдамасы (Концепция - Я) - әркімнің өзін басқалардан ажырата алуынан көрінетін, өзінің жеке тұлға екенін білдіретін ұғым. Мендік қасиет іс әрекет пен адамның айналамен қарым қатынас жасауы барысында қалыптасып отырады. Адамның өз «менін» айыра алуы - тұлғалық қасиеттің өзекті белгісі. «Мен» тұжырымдамасы - адамның өзі туралы түсініктерінің жүйесі; ол басқа адамдармен өзара әрекеттестігін осы жүйеге негіздеп құрады және өзіне -өзі сол тұрғыдан қарайды.
Осы жағдайларға байланысты оны одан әрі тереңірек түсініп, зерттеу мақсатында дипломдық жұмысымның тақырыбын «Балаларда өзіндік «Мен» ерекшелігінің қалыптасуына жанұяның әсер ықпалы» - деп алдым.
Мақсаты : Баланың «Мен» ерекшелігінің оқыту мен тәрбие үрдісінде қалыптасуында жанұя мен педагогтардың іс әрекетін жетілдіру.
Міндеттері :
1. Баламен психологиялық үйлесімді байланыс құрып, жағымды «Мен» қалыптастыруға ықпал тигізу.
2. «Мен» тұжырымының өзіндік тәжірибесін жан- жақты талдап және барлық танымал әдістердің психологиялық механизмдерін түсіну.
3. Жанұяға жас өспірім мен жеткіншек тәрбиесінің тиімді
жолдарын ұсыну.
Зерттеу нысаны : Жанұяда тәрбиеленуші жеткіншектер мен жасөспірімдер.
Зерттеу пәні: Жеткіншек пен жас өспірімдік кезеңдегі «Мен» ұғымының қалыптасу барысы
Ғылыми болжам: егер жанұя тәрбиесінде «жеке тұлға» болып қалыптасып келе жатқан жеткіншек пен жасөспірімнің тұлғалық ерекшелігімен санаса отырып, тәрбие беру үрдісін педагогикалық және психологиялық тиімді жолдарын пайдалана білсе, онда біз болашақта әлеуметтік ортаға тез бейімделе алатын, жан- жақты, өзінің әлеуметтік құнылылқтары бар тұлға дамыта аламыз.
Зерттеу әдістері: Байқау, бақылау, диагностикалық зерттеу, коррекциялық сабақтар мен жаттығулар, тест, сауалнамалар.
Диплом жұмысының құрылымы : Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады. Кіріспеде мәселенің мақсаты, міндеттері, ғылыми болжамы көрсетілген. Бірінші бөлімде «Мен» тұжырымы жайлы қалыптасқан ой пікірлер көрсетілген. Екінші бөлімде жанұя тәрбиесінің ықпалы болса ал, қорытындыда ғылыми болжамның дәлелдену, әдебиеттер тізімі беріліп, қосымшада тәжірибелік бөлімде қамтылған түрлі сызбалар мен кестелер берілген.
І. Психологияның негізгі бағыт- бағдарындағы «Мен» концепциясы құрылымы:
- «Мен» - «Басқа» жүйесіндегі арақатынас. Ортақтасу барысында пайда болатын тұлғааралық қатынастарды танып білу, адамдардың бір- бірін тану мен түсіну механизмін зерттеу, олардың ортақ қызметін ұйымдастыру тәсілін анықтау, бір адамның екінші адамға ықпал етуінің жолдары мен мүмкіндіктерін айқындау.
- «Топ»- «Мен» - жүйесіндегі арақатынас. Әртүрлі әлеуметтік жағдайлардың адамның мінез құлқы мен тұлғалық ерекшеліктеріне ықпал етуін зерттеу. Адамның әлеуметтік ұстанымдары, әлеуметтік көзқарастары, топ және қоғам адамның тұлғасын қандай жолдармен қалыптастырады және өзгертеді. Әлеуметтену- даму барысында әлеуметтік құндылықтарды, нормаларды әр адамның өз бойына сіңіру үрдісі.
- «Мен»- «Топ» - жүйесіндегі арақатынас. Жеке адамның әлеуметтік жағдайларға, қоршаған ортаға жасаған белсенді ықпалы. Әрбір адам- өз өмірінің, өз әлеуметтік байланыстарының қожасы, басқа адамдармен қарым-қатынастағы рөлдері мен орындарының жасаушысы ретінде қарастырылады.
- Ортақтасу барысында пайда болатын тұлғааралық қатынастарды танып білу, адамдардың бір- бірін тану мен түсіну механизмін зерттеу, олардың ортақ қызметін ұйымдастыру тәсілін анықтау, бір адамның екінші адамға ықпал етуінің жолдары мен мүмкіндіктерін айқындау.
- Ортақтасу барысында пайда болатын тұлғааралық қатынастарды танып білу, адамдардың бір- бірін тану мен түсіну механизмін зерттеу, олардың ортақ қызметін ұйымдастыру тәсілін анықтау, бір адамның екінші адамға ықпал етуінің жолдары мен мүмкіндіктерін айқындау.
«Мен »сөзі психоанализде тұлғаның бір бөлігі немесе оның бір бөлігінің мінездемесін, адам психикасының өрісін білдіретінiн байқадық. Яғни «Мен» тұжырымдамасы - әркімнің өзін басқалардан ажырата алуынан көрінетін, өзінің жеке тұлға екенін білдіретін ұғым. Мендік қасиет іс әрекет пен адамның айналамен қарым қатынас жасауы барысында қалыптасып отырады. Адамның өз «менін» айыра алуы - тұлғалық қасиеттің өзекті белгісі. «Мен» тұжырымдамасы - адамның өзі туралы түсініктерінің жүйесі; ол басқа адамдармен өзара әрекеттестігін осы жүйеге негіздеп құрады және өзіне -өзі сол тұрғыдан қарайды.
1. 1. Бастауыш мектеп оқушысының жеке басына тән «МЕН» қасиеттері .
Жеке бас ұғымына «мен» деген сөз кіреді. Бала алғашқы сыныпқа келген соң өз құрбыларын білгісі келеді. Егер бала өзін басқарудан жоғары сезінсе мұндай баланы мақтаншақ деп атайды. Керісінше өзі жөніндегі бағасы төмен болып келсе басқаларға көмек көрсеткісі келіп тұрса ондай баланы кішіпейіл деп атайды. Бастауыш мектеп оқушысы өзінің ісіне немесе мінезіне әлі сын көзбен қарай алмағандықтан өзін өзі бағалауы жоғары дәрежеде емес. Бұл жастағы балалар өте сыпайы ақ көніл болып келеді. Бастауыш мектеп оқушысы жеке басына тән қасиеттер сондай ақ ерік жігері қандай ашуланшанғышына әлде сабырлы ма әсемдікті ажыратудағы талғамы қандай және құрбы құрдастарымен қарым - қатнасы қандай осы жөнінде анықтап алу қажет. Ол үшін мөлшер ұғымын түсініп алу қажет. Мөлшер деп балаға қойылатын талапты айтады. Бала мектепке келмей тұрып нені істеуге болатының не болмайтының жақсы біледі. Мектептен келгеннен кейін бұрын орындап көрмеген міндеттерді игере білуі тиіс. Мысалы: Сабаққа кешігіп немесе тапсырманы орындамай келуге болмайды. Онда мұғалім мен құрбылары алдыңда ұялу қасиеті оянады. Сол сияқты мектепке таза киініп келмесе немесе тәртіп бұзса, бұл норманы бұзу болып есептеледі. Бастауыш мектер оқушысы үшін бұл нормаларға бағыну өте қиын. Ол біртіндеп үйренеді. Бастауыш мектеп оқушысының мінезіне қиыншылыққа төзімділігі берген үәдесінде тұра алуы өзгелерге сүйкімді көрінеді. Бір нәрсеге әуес қоюшылығы жатады. Қыздар мен ұлдардың мінезі бірдей болып келмейді. Мысалы: Табандылық, айтқанынан қайтпау, қиыншылыққа төзу ұл балаларда көп кездеседі, ал қыздарға тән қасиет басқаларға сыпайы біреуге көмек жасағысы келіп тұрғанымен анықталады. Мұндай болып келуі тәрбиеге және қандай жынысқа жататынына байланысты. Бастауыш мектеп оқушысының негізгі қасиетті: әуес қой, ақ көніл, өзгелерге көмек бергісі келіп тұрады және бұл жастағы балалар не деген сұрақтың орнына ол неліктен деген сұрақты көп қояды. Сұрақты бұлай қоюдың үлкен маңызы бар, өйткені ол нәрсенің сырын да, себебін де түсінгісі келеді. Бұл жастағы оқушыға ашуланшақтық қасиет тән. Баланы үйдің ішіндегілер көп еркелетеді онда ол болмашы нәрсеге тез ашуланып айғай салып жылайды. Егер көптеген жағдайда 4 - 5 деген баға алса құрбыларының көзінше соған қатты қуанғанын жасыра алмайды. Ерік жігер қасиеттері қалыптасқанымен кейде өзін өзі меңгере алмай қалады. Яғни, импульсивтік іс әрекет жасайды. Импульстік іс әрекет дегеніміз - ойланбай не болса соған қызып бірдеңені бүлдіріп алуды айтады. Бұл жағдай баланың тәртіпсіздігігінен емес өзін-өзі меңгере алмаушылықтан болып келеді.
Бастауыш мектеп оқушысында әсемдікті ажырату қасиеті жақсы дамыған. Бұл қасиетке сурет салу, ән айту, музыка тыңдау арқылы іс әрекеттер жатады. Әрекеттердің бұл түрлері бала қолының шеберлігін музыканы естіп оны ажырата алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар 2-3 -нші сынып балалар көркем әдеби шығармаларды оқып табиғаттану пәндері арқылы сұлулықты түсінеді. Әр түрлі мәдени хабарлар арқылы әсемдікті жаман істерден ажыратады. Бұл жастағы оқушының құрбыларымен қарым - қатынас әр түрлі болып келеді. 1 -нші сыныпта олар бір - біріне көмектесуді білмейді, тек мұғалімнің көмегімен бұл қасиеттер біртіндеп жойылып өз ара достаса бастайды және бір біріне бауыр басып мейірімді болып келеді. Мектепке жаңа келген бала сыныптағы құрбыларымен қарым-қатынас жасау нәтижесінде психикалық қасиеттері жақсы дамып жетіледі. Мектептегі жаңа жағдайға үйрене алғандықтан бала сабақ үстінде мынадай қиыншылықтарға кездеседі. Біріншіден, бала мектептегі жағдайға бейімделе алмайды, яғни белгілі бір уақытта тұрып, белгілі бір ұйқыға жатуға, сабаққа кешігіп келмеуге және сабақ үстінде үндемей тыныш отыруға үйрене алмайды. Осының нәтижесінде бала психологиясы тез шаршайды, екiншiден мұғалім және құрбы құрдастарымен қалай қарым-қатнас жасауды білмейді. Мұғалімнен түсінбеген нәрсесін сұрауға ұялады. Қасында бірге отырған оқушымен ойнауға болама және сыр айтуға болама, яғни қалай қарым-қатнас жасауды түсінбейді. Бірақ бұл қысқа уақытқа созылады. Сонымен қатар бала сабаққа барғанына мәз болып әке шешесіне еркелеп үлкен бір қызмет атқарып жүргендей өзіне ерекшге көніл бөлуді талап етеді. Осы жағдай да әке шеше оны көп еркелетпесе баланы сабақты одан әрі оқуына қиыншылықтарды өз бетімен шешуге ықпал тигізеді. Ушiншiден бірінші сыныпқа қойылатын талаптар өте жеңіл болып келеді, сондықтан бала жалығып кетуі мүмкін. Егер мұғалім оқуды қызықты ұйымдастырса баланың оқуға деген қызығушылығы артады. Ал егер тапсырманы қиындатып жіберсе бала бұны орындай алмаймын деп нем құрайлық танытады. Осы 3 түрлі қиыншылық бала психикасына кері әсер етпес үшін мұғалім көп ізденіп жұмыстар жүргізу керек.
Оқушыға жасалатын психологиялық мінездеменің құрастыру үлгісі.
1. Оқушы туралы мағлұмат:
а) Оқушының толық аты - жөні, туған жылы, айы, күні, сыныбы, мектебі, тұратын мекені.
ә) Тұрмыс жағдайы, отбасы құрамы, оқушының күн тәртібі, денсаулығы, және бұрынғы сыныптағы қазіргі сабақ үлгерімі.
2. Оқушыға мінездеме:
а) Сабақ үлгерімі
ә) Оқушының сабаққа және жеке пәндерге ынтасы.
Б) Сабақта және сабақтан тыс кездегі тәртібі.
3. Оқушының психикалық дамуы.
А) Ой өрісінің даму деңгейі
ә) Оқуға зейінділігі, оның тұрақтылығы, алаңдаушылығы, көлемі, бөлінілушілігі.
Б) Оқу материалдарының есінде қалдыру тәсілдері.
В) Оқу материалына байланысты оқушы қиялының дамуы
Г) Сөйлеу жүйесі оқушының тапқырлығы және алғырлығы
Д) Оқушының өзіндік темпераментті мінезі, оқуға ынтасы мен ықыласы мен бейімділігі.
Е) Оқушының құрбыларымен арасындағы беделі.
4) Оқушының қоғам жұмысына қатысы.
А) Үйірме жұмысына қатысу.
ә) Қоғамдық пайдалы еңбекке және үй шаруашылығына қолғабыс етуі.
5. Оқушыға қатысты мінездеме берушінің ұсыныс пікірлерімен тіліктері.
1. 2. Жеткіншек жасының дағдарысы - «Мен» құрылымының қалыптасуы.
Жеткіншекте «Мен» құрылымының қалыптасу компоненттері төмендегідей:
- жеткіншек дағдарысы, жеткіншек жасының дағдарысы мәселесін шет ел және кеңес психологиясында зерттеу;
- жеткіншек жасына өтудің анатомиялық - физиологиялық және технологиялық алғы шарттары;
- жеткіншектердің ақыл - ой, физикалық, әлеуметтік дамуындағы дара және жыныстық айырмашылықтар;
- ересектік сезімі жеткіншектік жастың негізгі психологиялық құрылымы ;
- жеткіншек жасындағы жетекші іс - әрекет, құрбы - құрдастар ұжымы және ондағы өзара әрекет қоғамның ересек мүшелерінің қатынастарын үлгілеуі ретінде;
- жасөспірімдердегі достық, оның даму ерекшеліктері, ересектермен өзара қатынастың жаңа типінің қалыптасуы;
- жеткіншектердің оқу іс - әрекеті;
- танымдық, қоғамдық қызығулардың, мінез - құлық мотивінің қалыптасуы;
- оқу әрекетіне деген таңдамалы қатынас.
- кәсіби бағдарлану мәселесі - сияқты жағдайлар «Мен» ерекшелігінің қалыптасуындағы басты факторлар болып табылады.
- Еңбек іс - әрекеті, оның жасөспірімнің жеке басының қалыптасуындағы рольі. Аффектілік - қажеттіліктер сферасының дамуы. Қарым-қатынастағы қажеттіліктердің, өзін танытудың, мойындатудың өршуі. Мінездің даму сипаты, еріктің дамуы, өзін тәрбиелеуге, өзін жетілдіруге ұмтылуы. Сезімдердің дамуы. Мотивациялық сфералардың құрылымдардың қалыптасуы.
Жеткіншектің жеке басының қалыптасуы. Өнегелік сенімдер, олардың қалыптасуы. Негативті ішкі ыңғайлану, оның пайда болу себептері. Сана - сезімдердің дамуының басталуы, оның негізгі заңдылықтары. Талпыну деңгейі. Жеткіншек жасына өтудің алғы шарттары.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz