Атмосфералық ауаны ластаушы заттар


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

Ι ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ . . . 5

1. 1 Көкшетау қаласына қысқаша физико-географиялық сипаттама . . . 5

1. 2 Атмосфералық ауаны ластаушы заттар . . . 6

1. 3 Атмосфералық ауаның антропогенді ластануы . . . 10

1. 4 Ластандырушы заттардың таралуына жер бедерінің әсері . . . 14

1. 5 Автокөлік шығарындылары атмосфералық ауаны ластаудың

негізгі көзі . . . 15

ΙΙ ЗЕРТТЕУДІҢ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ . . . 23

2. 1. Көкшетау қаласы көшелерінде автокөліктен бөлінген газдан

атмосфералық ауаның ластану деңгейін анықтау . . . 23

2. 2. Атмосфералық ауа ластануының анықтаудың нәтижелерінің

анализі . . . 24

ΙΙΙ ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛДАУ . . . 27

3. 1 Ақмола облысының ауасының экологиялық жағдайына талдау . . . 27

3. 2 Автокөліктермен атмосфералық ауа ластануын анықтаудың

нәтижелерін талдау . . . 33

3. 3 Бензин және дизельді жанармай оларға қойылатын талаптар . . . 37

3. 4 Қала көшелерінің шу мен ластануы . . . 45

3. 5. Автокөлік шығаруларының кері әсерін азайту бойынша атқарылатын

іс-шаралар және атмосфералық ауаны құқықтық қорғау . . . 47

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 58

ӘДЕБИЕТТЕР . . . 60

ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

XXI ғасырда жағдай өзгерді қоршаған орта параметрінің мәндерінің қайтымсыз өзгерістері дәлелденді, ол жиірек экологиялық күйзелістерге және локальді деңгейдегі (фотохимиялық смог, қышқылды жауын - шашындар, судың биогендермен ластануы және глобальді масштабта парниктік эффектілерінің түзілуі, стротосферадағы озон қабатының бұзылуына) катастрофаларға әкеп соғады. Мұның бәрі, сондай - ақ, адамның генетикалық бағдарламаларының ыдырауының білінуі, экологиялық кризистің басқа білінулері әлемнің көптеген елдерінде экологиялық тұрғыдан жақсы болуын қамтамасыз ету сұрақтары нақты инженерлік - техникалық бағдарламалар мен шешімдерді қабылдаудың шектерінің сыртына әкеп соғады да одан сайын әлеументтік- экологиялық тұрғыдан шығады, іс әрекеттің жаңа стериотиптерін жасақтайды. Мұндай қоғамда көліктік жүйе қандай талаптарға жауап беру керек? Оларды шешу жолында қандай проблемалар туындайды? Осы және т. б. сұрақтарға жауап іздеуіміз қажет.

Қазіргі кезде экологиялық тұрғыдан баға беру жеке заттардың валдық шығарындыларын есептумен ғана шектеліп қоймайды, атмосферада территорияның едәуір ауданында жеке заттардың трансформациясын, адамдардың ауруға шалдығу қауіпін ескере отырып қосындылар концентрациясын анықтау және есептеу мәселесі қойылады.

Қоршаған ортаға жағымсыз әсерін газ қалдықтарымен қатар ондаған ластандырушы заттарды шығаратын автомобиль көлігі тигізеді. Есепті кезең аралығында облыс бойынша “ Таза ауа ” операциясы жұргізілді, мұндай тексерістен 364 автокөлік өткізілді, олардың ішінде 47-сі улылықтың рауалы нормаларына сәйкес келмейді. Тексеріс көліктік өнеркәсіптерде жүргізілді, мұнда улылықты асыру фактісі анықталған соң бұзылуды жойғанға дейін жұмысқа шығарылған жоқ. [1]

2005 жылдың 1 кварталымен салыстырғанда 2004 жылдың 1 кварталында шығарындылардың жалпы көлемдерінің көрсеткіші екі еседен көп артты, яғни тұрақты көздердің шығартуылар көлемі 52 %-ке, ал жылжымалы көздерден 363 %-ке артты. Іс жүзінде мұндай күрт өзгеріс жоқ, себебі, жұмысты жаңаша көп рет қайталап және жақсылап есептеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде басқарушылық мамандарының атмосфера шығарындылардың көмегімен тексеру және салыстыру жұмыстарын көп рет қайталап, жақсылап есептеу нәтижесінде іс жүзінде мұндай күрт өзгерістер жоқ екені көрсетілді. Әсіресе бұл бұрында аудандық мамандар дұрыс есепке алмаған, автокөлік шығарындыларына тиісті болып келеді. Облыстық басқарушылық аудандарда жағылатын жанар май мөлшерін және автокөлік құралдарының санын дұрыс есепке алу бойынша жұмыс жүргізілді. Автокөліктердің шығарындыларын есепке алу әлде қайда жақсартылды. [1]

Жалпы Көкшетау қаласы бойынша бақылауды орынша өткізетін құралдар (газ анализаторы, түтін өлшегіш және т. б. ) және облыстың қоршаған ортаны қорғау аналитикалық зертхананың болмауынан атмосфераның автомобильдік көліктен жыл сайын нақты (дұрыс) мәліметтер алынбайды.

Зерттеу объектісі: Көкшетау қаласының көшелері мен мөлтек аудандарының ауасы.

Зерттеу жаңашылдығы : Автокөлік шығарындыларының қарқындылығын анықтау әдістерін жасау және дифференцияциялау.

Зерттеу мақсаты: Автомобильдік көліктің Көкшетау қаласының атмосферасына және адам денсаулығына тигізетін әсерін зерттеу.

Міндеттері:

1. Атмосферадағы зиянды заттардың құрамын анықтау

2. Атмосфераның жылжымалы көздерден ластанудың қарқындылығын бағалауды әдістемелік тұрғыдан қарастыру.

3. Көкшетау қаласының көшелері мен мөлтек аудандарының жол бойында автокөліктен ауаға қанша мг/м 3 шаң және газдардың бөліп шығаруын зерттеу.

Ι ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

1. 1 . Көкшетау қаласының географиялық сипаттамасы

Көкшетау-қаласы Ақмола облысының әкімшілік орталығы (1999 жылдан, 1944 - 97 жылдар аралығында Көкшетау облысының орталығы болған) . Астана қаласынан солтүстік-батысқа қарай 276 км жерде, Көкшетау қыратының солтүстігінде, Қопа көлінің оңтүстік жағалауындағы көрікті жерде орналасқан. Тұрғыны 143, 1 мың адам. Қаланың аумағы 420, 0 км 2 . Көкшетау қаласының климаты айқын континенттік, жазы жылы, қысы ұзақ және аязды. Жылдық орташа температура 0°С шамасында. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300 - 350 мм. Жауын-шашын негізінен жаз айларында жауады. Көкшетау - Қазақстанның тарихы бай қалаларының бірі. Қазіргі қала орналасқан аумаққа жергілікті халық ежелгі замандарда-ақ қоныс салып, қорғандар тұрғызған. 1824 жылы 30 сәуірде Бұқпаның бөктері, Шағалалының сол қапталындағы Шат шатқалының ішінен (қазіргі Көкшетау-Қостанай тас жолымен қаладан шыға берістегі Шағалалы өзені үстінен өтетін көпірдің тұсы) Ресей империясының шығыстағы шекаралық әскери бекінісінің құрылысы басталды. 1824 жылы 17 қыркүйекте (жаңа күн санауы бойынша 30 қыркүйекте) Ресей империясы Сенатының шешімімен Көкшетау бекінісі ресми тізімге енгізілді. 1839 жылы Көкшетауға әскери гарнизоны әкелініп, казактар станицасы құрылды. 1868 жылы Көкшетау бекінісі әскери маңызын жойып, қатардағы елді мекендердің бірі болып қалды. [2]

Әуежай ғимараты, темір жол және автовокзалдар салынды. 1999 жылдың 8 сәуірінен бастап Көкшетау қаласы Ақмола облысының әкімшілік орталығы болды. Көкшетау қаласында тамақ және жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, металл өңдеу, химия өндірісі, металл емес бұйымдар өндіру, картон мен қағаз өндіру кәсіпорындары, жылу-электр энергиясын, газ жөне су тарату мекемелері бар. Көкшетау қаласындағы ірі өнеркәсіп кәсіпорындары: алтын өндіретін "Васильков алтын" бірлескен кәсіпорны, оттектік тыныс алу аппараты, салмақ өлшеу техникасы, су шығынын есептеуіш аспабы, авиация техникасы агрегаттары мен тораптарын жасайтын "Тыныс" акционерлік қоғамы, әуе-ғарыш техникасындағы тіршілікті қамтамасыз ету жүйесіне арналған агрегаттарды өндіретін "Наука-Восток" акционерлік қоғамы. Қалада ауыл шаруашылығы шикізаттарын өңдейтін кәсіпорындар желісі жақсы дамыған. Қалада 4, 5 мың шағын кәсіпорын бар. Шағын бизнес 19, 5 мың адамды жұмыспен қамтыған. Көкшетау қаласындағы автомобиль жолдарының ұзындығы 267 км. Жүк тасымалының басым бөлігін автомобиль көлігі атқарады. Қала маңында ұшып-қону жолдары бар әуежай кешені орналасқан. Көкшетаудың телекоммуникациялық жүйесінің негізін жалпы сыйымдылығы 30 мың нөмірлі АТС-тер құрайды. Қаладағы денсаулық сақтау мекемелерінің жалпы саны 34. Білім жүйесі саласында мемлекеттік және жеке университеттер, 13 арнайы орта оқу орындарының бесеуі мемлекеттік колледж, жалпы білім беретін 23 мектеп т. б. бар. [2]

1. 2. Атмосфералық ауаны ластаушы заттар

Ластанған ауа адамдардың ішкі мүшелеріне өтіп денсаулыққа зиянын тигізеді, ал уытты заттар денені улайды. Атмосфера табиғи және жасанды (антропогендік) жолмен ластанады. Атмосферада үнемі белгілі мөлшерде шаң болады. Шаң табиғатта жүретін табиғи процестер нәтижесінде түзіледі. [3]

Шаңның үш түрі болады: минералдық (органикалық емес), органикалық және космостық. Тау жыныстарының үгітілуі мен бұзылуы, вулкандар атқылауы, орман, дала, торфтардың өртенуі, теңіз беттерінен судың булануы минералдық шаңның түзілуіне себеп болады. Космостық шаң жанған метеориттердің қалдықтарынан түзіледі. Оның мөлшері 2-5 млн тоннаға дейін жетеді. Табиғи шаң жер атмосферасының негізгі құрам бөлігі болып табылады. Табиғи шаң бөлшектері органикалық немесе бейорганикалық болуы мүмкін.

Атмосфералық шаң Жер бетінде жүретін кейбір процестер үшін белгілі роль атқарады. Ол су буларының конденсациялануы үшін, олай болса жауын-шашынның түзілуіне әсер етеді. Бұнымен қатар күн радияциясын сіңіріп тірі организмдерді күннің зиянды сәулелерінен қорғайды. Академик В. И, Вернадский атмосфералық ауа планетамыздың химиясында маңызды роль атқарады деп жазды. Ауада органикалық қалдықтардың да шаң-тозаңы болады. Оларға бактерия, ұсақ саңырауқүлақ т. б. өсімдік және жануарлар қалдықтарының шірінділері жатады. Атмосфераға шығарылатын химиялық заттардың ішінен бірінші орында көмірқышқыл газы тұр. Бұл қосылыс ұзақ өмір сүреді және атмосферада жиналуға қабілетті. (Кесте-1. 2. 1)

1. 2. 1-кесте

Жер атмосферасына шығарылатын техногенді табиғаты бар қалдықтардың әлемдік мөлшері (Т. А. Акимова, В. В. Хаскин)

Ластаушы заттар: Ластаушы заттар
Млн. т. жылына: Млн. т. жылына
Ластаушы заттар: Көмірқышқыл газы
Млн. т. жылына: 6000
Ластаушы заттар: Түтіннің қатты бөлшектері мен өнеркәсіптік шаң
Млн. т. жылына: 580
Ластаушы заттар: Көміртегі (II) оксиді
Млн. т. жылына: 360
Ластаушы заттар: Ұшқыш көмірсулар және т. б. органикалық заттар
Млн. т. жылына: 320
Ластаушы заттар: Күкірт тотығы
Млн. т. жылына: 160
Ластаушы заттар: Азот тотықтары
Млн. т. жылына: 110
Ластаушы заттар: Фосфор қосылыстары
Млн. т. жылына: 18
Ластаушы заттар: Күкірт сутек
Млн. т. жылына: 10
Ластаушы заттар: Аммиак
Млн. т. жылына: 8
Ластаушы заттар: Фторлы сутек
Млн. т. жылына: 1
Ластаушы заттар: Хлор
Млн. т. жылына: I

Көміртегі (II) оксидінің көп мөлшері өте қауіпті бірақ ол тұрақсыз және жылдам СО 2 мен басқада да қосылыстарға айналады.

Химиялық белсенділігінің жоғары және тұрақты көп мөлшерде 150-200 млн. т (жылына) шығарылуына байланысты күкірт диоксиді (SО 2 ) немесе күкіртті ангидридтің қауіптілігі зор. Ол өткір иісі бар, түссіз газ. Оның сумен қосылыстары адам мен жануарлардың тыныс алу жолдарын тітіркендіріп, зақымдайды. Ұзақ уақытқа созылған улану қан айналымның бұзылуы мен өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін

Күкіртті газ әсіресе өсімдіктер үшін қауіпті. Олар жануарлар мен адамға қарағанда бұл газга өте сезімтал. Өсімдіктер газдың олардың бетіне құрғақ қону немесе қышқыл жауын-шашынмен келіп түсуі нәтижесінде зақымданады. Бұл газ қазіргі кездегі қоршаған ортаның әр түрлі элементтері мен биотикалық әсеріне байланысты бірінші орында тұрған әлемдік ластаушы.

Күкіртті ангидридтен басқа атмосфераға күкірттің басқа да зиянды қосылыстары келіп түседі. Оларға күкіртсутек (Н 2 S ) жатады. Бұл газдың жоғары концентрацияларымен улану өкпенің ісінуіне, тыныс алу параличіне және өлімге әкеліп соқтырады. Табиғатта ол көбінесе су қоймаларында, шайынды суларда, ақуыздардың бактериалды ластану өнімі ретінде минералдық бұлақтарда кездеседі. [3]

  1. вулкандардың қызметінің нәтижесінде. Бұл кезде күкіртті ангидрид, күкіртсутек немесе бос күйде бөлініп шығады;
  2. мұхиттардың бетінен су тамшыларының булануы нәтижесінде. Бұл кезде күкірт негізінен салыстырмалы түрде зиянсыз сульфаттар түрінде болады.

Атмосфераға антропогенді күкірттің келіп түсуі отынды жағумен байланысты. Қоңыр көмірде SО 2 өте көп (10-15%-ға дейін), жоғары калориялы көмірде кем, мұнай мен табиғи газда одан да кем.

Күкіртті газдың біраз мөлшері атмосфераға күкіртті кендерді өндеу нәтижесінде шығарылады (темір, никель, мыс және т. б. ) . Мысалы ФРГ-де күкіртті ангридтің 63%-ға жуығы қоршаған ортаға энергетикадан, 23%-ы - өнеркәсіптен, 10%-ы - тұрмыстық және ұсақ тұтынушылар қалдығы, шамамен 5%-ы - транспорт есебінен шығарылады.

Ауа бассейнінің мөлдірлігінің өзгеруіне атмосферадағы көмірқышқыл газының үлкен әсері бар. Жыл сайын атмосферадагы оның мөлшері 0, 4 % артып отыр, қазіргі кездегі атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшері 0, 032 %. Кейбір есептеулер бойынша атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшері әр 23 жыл сайын 2 еселеніп отырады. Көмірқышқыл газы инфрақызыл сәулені - жылу сәулесін сіңіреді, оның мөлшері белгілі бір концентрацияға жеткенде қоршаған ортадағы жалпы температураның жоғарылауына әкеліп соғуы мүмкін. Атмосферадағы озонның мөлшері (көлем бойынша) 2 х 10 %, бірақ ол Жер бетін күн радиациясынан қорғап тұрады және бактерицидтік қасиеті бар. [4]

Күкірт оксидтері өсімдіктерге, жануарлар мен адам организміне зиянды әсер етеді. Атмосферада күкірт (IV) оксиді күкірт (VI) оксидіне дейін тотығады да, су буларымен қосылып, күкірт қышқылына айналады. Күкірт қышқылы атмосфералық жауын шашынмен бірге қышқыл жаңбыр түрінде жерге жауады. Қышқыл жаңбырлар су экожүйелеріне зиянды әсерін тигізеді, ағаштар мен ауыл шаруашылық дақылдарының өсуін тежейді, сөйтіп үлкен экономикалық шығын келтіреді. Атмосфераға бөлінген ауыр металдар заттардың табиғи айналымына қосылады, Олардың су мен топырақта көп мөлшерде жинақталуы тіршілікке үлкен зиян келтіреді. Мышьяк пен хром рак ауруларының тууына себеп болады. Ал селенмен уланған организм өлімге ұшырайды. [4]

Атмосфераның радиоактивті заттармен ластануы. Атмосфераның радиоактивті ластануы нәтижесінде радиациялық әсер ету байқалатын болғандықтан өте қауіпті болып саналады. Радиациялық әсер - радиоактивті заттардан бөлінетін. радиоактивті сәулелердің әсері. Бұл сәулелер кейбір химиялық элементтердің атом ядроларының ыдырауы кезінде сыртқы ортаға бөлінеді, Бөлінген радиоактивті сәулелер адам организмінің тірі тканьдері арқылы өтіп, биологиялық процестерді бұзып, организмде түрліше физикалық, химиялық және физиологиялық, ең соңында патологиялық өзгерістер туғызады. Радиациялық әсерлердің шығу көздері баршаға мәлім, қарапайым космостық сәулелерден бастап, экологиялық катастрофалар болып табылатын ядролық қаруларды сынау, атом ядролық станциялардағы авариялар, т. с. с.

Радиоактивті заттар атмосферада тозаң, не аэрозоль түрінде болады, олардың азғантай дозасының өзі адамның нерв системасы, жыныс бездері, асқорыту, тыныс алу органдары, қалқанша без бен гипофиз қызметіне зиянды әсер етеді. Атмосфера радиоактивті заттармен әсіресе, атом және су бомбалардың жарылуы кезінде ластанады. Атом жарылысы кезінде түзілген изотоптардың жартылай ыдырау кезеңдері түрліше. Әсіресе, стронций-90 (жартылай ыдырау кезеңі -25жыл) мен цезий-137 (жартылай ыдырау кезеңі 33 жыл) өте қауіпті.

Радиоактивті изотоптар өсімдіктердің қалдықтары, жануарлардың қалдық өнімдері арқылы да таралады. Олардың тасымалдануында қоректік тізбектер де біршама роль атқарады. Судағы изотоптар өсімдіктерге сіңіріліп, олармен балықтар қоректеніп, балықтарды жыртқыш балықтар не құстар қорекке пайдаланады, т. с. с.

1. 3. Атмосфералық ауаның антропогенді ластануы

Атмосфераның антропогенді ластану жолдары жылу энергетикасы, мұнай, газ өңдеу өнеркәсіптері, транспорт, термоядролық қаруларды сынау, т. б. арқылы жүреді. (кесте-1. 3. 1)

1. 3. 1-кесте

Антропогенді факторлардың атмосфераны ластау жолдары.

Бұлардың әрқайсысы құрамы ондаған мың компоненттерден тұратын түрлі қоспаларды атмосфераға бөліп шығарады. Ауа кеңістігін ластайтын қосылыстар көміртек оксидтері, күкірт пен азот қосылыстары, көмірсутектер мен өндірістік шаң тозаң. 1 жыл ішінде атмосфераға 200 млн тонна көміртек оксиді (СО), 20 млрд тонна көмірқышқыл газы, 150 млн тонна күкірт оксиді, 53 млн тонна азот оксидтері, 50 млн тонна түрлі көмірсутектер бөлінеді.

Адамдардың іс-әрекетінен болатын ластануға өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылық, құрылыс кәсіпорындарының, коммуналды-тұрмыстық мекемелердің шаң-тозаңы мен қалдықтары жатады.

Жыл сайын атмосфералық ауаға шамамен алғанда мына мөлшерде ластаушы қалдықтар қосылады:(Кесте-1. 3. 2)

1. 3. 2-кесте

Ауаны ластаушы қалдықтар көздері.

Ластаушы қалдықтар
млн. тонна есебімен
Ластаушы қалдықтар: теңіз сулары тұздары
млн. тонна есебімен: 550
Ластаушы қалдықтар: топырақ беті шаңы
млн. тонна есебімен: 250
Ластаушы қалдықтар: жанартау атқындылары
млн. тонна есебімен: 80
Ластаушы қалдықтар: өрт күлі мен түтіні, шаңы
млн. тонна есебімен: 70
Ластаушы қалдықтар: жаққан отын күл-түтіні, шаңы
млн. тонна есебімен: 30
Ластаушы қалдықтар: өнеркәсіп қалдықтары, түтіні, шаңы
млн. тонна есебімен: 15
Ластаушы қалдықтар: ауылшаруашылық шаңы мен түтіні
млн. тонна есебімен: 5

Бұл мәліметтерден адамдардың іс-әрекетінен болатын ластану мөлшері тым аз барлық ластаушы заттардың 5 процентінен аспайтынын көруге болады. Бірақ бұл ешкімді де қуантпайды. Себебі адамдардың іс - әрекетінен пайда болған шаң-тозаң, түтін, басқа қалдықтардың химиялық құрамы өте күрделі, адамдар мен табиғат үшін аса қауіпті.

Өнеркәсіп пен көлік мекемелерінің ауаға шығаратын ластаушы заттарының 31, 9 проценті иісті газ (СО), 27 проценті күкіртті газ (SО 2 ), 1, 1 проценті азот тотығы (NО 2 ), 28, 3 проценті қалқып жүретін қатты түйіршіктер.

Өнеркәсіп салалары ішінен ауаны ластаушылар қатарына жылу электрстанциялары, қара және түсті металлургия, мұнай өңдеумен мұнай - химия өнеркәсібі мен құрылыс материалдар өндіру кәсіпорындары жатады.

Жылу электр станияларының қалдықтары жағатын отынға, оның химиялық құрамына және жағу әдістеріне байланысты болады.

Отынның барлық түрінің химиялық құрамында көміртек, сутек, күкірт, азот және оттек болады. Олардан бөлінген газдар адамдар мен қоршаған ортаға зиянды. Отынды жағу әдісі де ауаның ластануына әсерін тигізеді. Шаң-тозаң, газ қалдықтарын ұстайтын қондырғылары бар кәсіпорындардың атмосфераға зияны аз, ал ондай қондырғылары жоқтардың келтіретін зияны көп болады. Өйткені қондырғылардың көмегімен қалдықтардың 90-95 процентін ауаға жібермей, ұстап қалуға болады.

Әр саладағы кәсіпорындардың ауаға тигізетін зияны әртүрлі. Металлургия кәсіпорындары ауаны металдың қалдықтары және қосындыларымен ластайды, олардың ішінде темір, қорғасын, мыс, мырыш, қалайы, никель, көмір, күкіргті түтін, глинозем (алюминий тотығы) т. б. қалдықтар бар.

Ауа бассейнін күкіртті газбен және шаңмен ластаушы жылу электр станциялары. Қуаты орташа жылу электр станциясы 1 сағаттта 80 т көмір жағып, атмосфераға шамамен 5 т күкіртті ангидрид және 16-17 т күл бөледі. Атмосфералық ауаның тазалығына үлкен әсер ететін жағылатын отынның сапасы, жағу әдістері, газтазартқыш қондырғылар мен қалдық бөлетін трубалардың биіктігі. ЖЭС газға көшіру зиянды калдықтар мөлшерін біршама азайтады.

Зиянды газдарды авиациялық транспорт та бөледі. Ж. Детридің есептеулері бойынша, реактивті самолеттер ұшу кезінде I сағатта 0, 7 кг/м 3 альдегидтер, 6, 5 кг көміртек оксиді, 1, 7 кг көмірсутектер, 4, 3 кг азот оксидтері, 6, 3 кг/м 3 қатты бөлшектер бөледі екен. [5] .

Мысалы, цемент шығаратын зауыттар, әсіресе күйдіру және ұнтақтау цехтары, әк псн цемент тозаңын көп шығарып, сол маңайдағы өсімдіктерді «күйдіріп» жібереді. Зауыттан 2 км. қашықтықта 1 м 3 ауада 20 мг. тозаң болады, ал санитарлық норма бойынша ол 0. 15 мг. аспауы керек. Асфальт шығаратын зауыттардың шаң мен түтіні көп болғандықтан оларды қаладан тыс жерлерге салу көзделген.

Құрылыс жұмыстарын жүргізгенде де ауа көп ластанады. Ірге тас қалау, су қоймаларын салу үшін топырақтың үстіңгі қыртысын алғанда, құрылыс салу, бояу, сылақ жүмыстарында айнала шаң - тозаң, иіс болып, қалдықтар үйіліп жатады. Құрылыста қолданылатын полимерлі материалдар мен түрлі шайырлардың ішінде уыттылары да бар. Сондықтан да ауаға формальдегид, фенол, шайыр бөлетін фенолоформальдегидтер мен шайырлыларды пайдалануға тыйым салынған.

Коммуналды - тұрмыстық қызмет орындары да далада от жаққанда, пәтер үйлерде пеш жағып жылытқанда ауаны ластайды. Қалдықтарды мезгілінде жинап, тасып, белгілі бір орынға дұрыстап үймей қоршаған ортаны да ластап жатады. [5]

Ластандырушы заттардың таралуына жер бедерінің әсері

Көкшетау қаласы Ақмола облысының орталығы, өзінің географиялық орны бойынша аласа таулар мен ұсақ төбелі жазықтардан тұратын Қазақстан аймағы. Оны жан жағынан шоқылар қоршап жатыр, олар смогтың түзілу қаупін, сонымен қатар адам ағзасына зиянды затардың ұзақ әсерінің қаупін туғызады [2]

Салыстырмалы түрде биік емес төбелер болғанның өзінде де жеке аудандарда микроклиматты, сондай-ақ зиянды заттардың таралу сипатын едәуір өзгертеді.

Эксперименталды зерттеулер жүргізген кезде улы қосындылардың жоғары концентрациялары төбелердің желденген жағынан байқалған, оны төбелердің артында төмен қысымды аймақтардың түзілуімен түсіндіріледі. Мұнда негізгі ағымға қарсы бағытта ауаның жылжуы байқалады. Атмосфералық ауаның азот тотықтарымен ластануын зерттеу нәтижелері қиылысқан аймақта улы қосындылардың ластануы біртекті емес сипатқа ие болады да аймақтың төмендеген жерлерінде зиянды заттардың концентрациялары жоғары болып келетін тұрып қалған нашар желдетілетін аймақтар пайда болады. Атмосфераның жерге жақын қабатынды төбелердегі аймақтағы жел ағындарының бағыты мен тауларының үстіндегі бос атмосфера желдерінен едәуір ерекше болады

Жер бетінде жақын ауаның ластану дәрежесі шығарылатын ластандырушы заттардың мөлшерлеріне ғана емес, сондай-ақ олардың кеңістікте және уақыт бірлігіне таралуына және де шаң-газ-ауа қоспасының шығуының метеорологиялық жағдайларына және параметрлеріне тәуелді болады [4]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндіріс бөлмелеріндегі зиянды заттар
Атмосфераны ластайтын заттектер және олардың қоршаған ортаға әсері
Павлодар қаласы ауасының ластану көздері
Атмосфераны ластағыштардың құрамы
Атмосфералық ауаның қазіргі жағдайы
Зиянды заттар
Атмосфералық ауаны және қоршаған ортаны қорғау
Шығыс Қазақстан облысының экологиялық жағдайы жайлы
Атмосфералық ауа құрамының ластануы және оны болдырмау шаралары
Атмосфераның ластануының теориялық аспектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz