Бастауыш сынып оқушыларының ата - аналарына психологиялық кеңес беру


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ
Қорғауға жіберілді:
кафедра меңгерушісі
п. ғ. д., профессор
Досанова С. С.
«» 2009ж.
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
ТАҚЫРЫБЫ: Бастауыш сынып оқушыларының ата- аналарына психологиялық кеңес беру мәселелерінің теориялық зерттелуі
ОРЫНДАҒАН Халелова. Г. А.
СТУДЕНТ
ҒЫЛЫМИ
ЖЕТЕКШІ Болатбекова. Н. Ж.
аға оқытушы
КӨКШЕТАУ, 2009
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық кеңес беру мәселесінің теориялық зерттелуі
1. 1 Бастауыш сынып оқушыларының ата-наларына психологиялық кеңес беру мәселесі 8
- Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық аймағы мен оқу іс-әрекетінің ерекшеліктері 27
1. 3 Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық дамуының
ерекшеліктері 43
2 Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық кеңес беру мәселесінің эксперименталдық жағынан зерттелуі 48
- Зерттеуге әдістемелерді таңдау және негіздеу 50
2. 2 Шыққан нәтижелерді талдау және өңдеу 54
Қорытынды 56
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 58
Қосымшалар
Кіріспе
Қазіргі кезеңдегі психология ғылымы адамдардың практикалық іс-әрекетіне түрлі жолдармен әсер ететіндігі зерттеуіміздің мәселесі болып табылады. Бұндай жолдардың бірі - тұрғылықты халықтың түрлі категорияларына психологиялық көмек көрсету.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Білім беру жүйесіндегі істің жайын түбегейлі өзгертуді стратегиялық міндет деп санайды. Ең алдымен мұғалім мәртебесін арттыру ең алдымен ауылдық жерді арттыру ең бір өзекті мәселе» - деп атап көрсетті.
Бүгінгі таңда егеменді еліміздегі білім мекемелерінің алдына оқушыларға беретін білім мен тәрбие сапасын көтеру және жақсарту міндеттері қойылады. Соңғы уақытта заман ағымына байланысты білім мазмұнында көптеген түбегейлі өзгерістер болуда.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа әлеуметтік мәдени этикалық білім беру, тұжырымдамаларында білім беру ісінде жаңа рухани құндылықтарды игеруге, ұлттық сананың қалыптасып өсуіне жағдай жасау, үздіксіз білім берудегі сабақтастыққа кең жол ашу талап етіледі.
Психологиялық қызмет деген ұғым-осы заманғы жантану ғылымының алға қойған мәселелерінің бірі. Психологиялық қызметтің өмір тәжірибесінде қаншалықты маңызды екендігін жете түсіндіріп, оны іс жүзінде қолданудың нақты шаралары мен әдіс-тәсілдерін іздестіретін психологиялық сипаттағы күрделі мәселе болып саналады. Психологиялық кеңес беру психологиялық практикадағы ерекше тақырып. Ол маман психологтың адамдарға психологиялық көмек беруімен байланысты, яғни олар қажет жағдайда ақыл кеңес немесе ұсыныс береді. Бұндай кеңестер психологтар тарапынан алдын ала зерттеген тақырып бойынша әңгіме өткізу немесе туындаған проблемаларды бұрынғы тәжірбиелер арқылы шешу арқылы жүзеге асады. Мұндай әңгімелесулер әдетте арнайы белгіленген орында келісілген уақытта өткізіледі. Әңгіме уақытында кедергі болатын жағдайларға жол берілмеуі керек. Психологтың кеңес беру сеансы клиентпен жеке әңгімесі ретінде 10 минуттан 2 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Осы әңгімелесу кезінде клиент психологқа өзі туралы, басында туындап отырған проблемалар жайында әңгіме қозғайды. Ал психолог болса әңгімені мұқият тыңдап, түйінді проблемаларды шешудің жолын қарастырады. Кеңес кезінде клиенттің жеке тұлға ретінде қасиеттері бағаланады. Бағаланып қана қоймай, клиентке ғылыми анықтама беріледі. Сөйте келе психолог оның басындағы ірлі ұсақты проблемаларды шешуді жан жақты қарастырып, оның ішіндегі ең маңыздысын таңдайды. Психологиялық қызметтің алдына қойтын мақсат-міндеттерінің бірі-өскелең ұрпаққа гуманистік тұрғыдан тәлім-тәрбие беру, олардың жан-дүниесінің сырын терең біліп күнделікті тіршілікте ойтағыдай жүзеге асырудың қажеттілігі. Психология дейтін ғылыми пән-адамның жан-дүниесінің сырын бейнелеумен бірге оның келешекте қоғамда алатын орнын да анықтауға тікелей ықпал ететін тәжірибелік қолданбалы ғылым. Психологиялық қызметті дәл осы атау мағынасында қолданбағанымен, адамтанудағы рөлі жайында көрнекті орын алатынын психолог-мамандар дер кезінде өздерінің пікірлерінде ашып айтты. Кеңес кезінде психолог арнайы әдіс тәсілдер қолданады. Бұл тәсілдер барынша қысқа мерзімде (кеңес өткізе отырып) клиенттің проблемасын шешуді көздеуі керек. Сондай-ақ, психологтың шешімі клиентке әрі түсінікті әрі ыңғайлы болғаны дұрыс. Психологтың кеңес әңгімесі клиентпен бір екі рет өткізумен шектеліп қалмайды. Көп жағдайда ұзақ мерзімді кеңес беру әдісі қолданылып, үш немесе оданда көп кездесу ұйымдастырады. Мұндай кездесу ұйымдастырудың қажеттілігі төмендігі жағдайларға байланысты. Клиенттің басына түсіп отырған проблемасы қиын болған жағдайда, оны бір екі кездесуде түбегейлі шешу мүмкін емес. Берілген кеңес клиенттің проблемасын түбегейлі шеше алмай, кеңесшінің қосымша көмегі қажет болады. Психолог кеңесші өз клиентінің мінезіне жеке тұлғасына қарап оның берілген кеңестерімен проблемасын өз бетінше шешетініне күмән қарайтын жағдайлар болады. Мұндай жағдайлар өз өзіне сенбейтін, өз сезіміне берік емес адамдарда жиі кездеседі. Көп жағдайда психологқа орта деңгейдегі физикалық психологиялық тәуекелге баратын адамдар көмек сұрай келеді. Өмірдің әр түрлі кезеңінде өте сезімтал адамдар психикалық, физикалық ауруларға шалдығады. Ал кейбір адамдар бұндай жағдайда өзін өзі жақсы сезінбейді немесе шаршайды, яғни олар психологиялық ауруға шалдықпайды. Психологиялық кеңеске жүгінетіндер өмір сүруге тым бейім емес және жұмыстан қолы бос адамдар, өйткені психологқа бару үшін де көп уақыт кетеді. Психологқа көп баратындардың бірі көбіне көп жолы болмайтын адамдар. Дәл осы жол болғыштық олардың мамандардан кеңес сұрауына итермелейді. Сондай-ақ клиенттердің ішінде сезімі жағынан осал жандар да кездеседі. Бұл адамдар қандай жағдайда психологқа көп барады. Олар бастарында проблема туындағанда бірден келмейді, өмірлерінің қиын сәттерінде психологқа баруға мәжбүр болады. Адамдар өз проблемасын қалай және қайтіп шешуді білмей басы қатқанда жоғарыдағы жолды таңдайды. Тіпті олардың ойынша жан дүниелнріне жарықшақ түскендей, айналасындағы адамадармен аралары алшақтап кеткендей күй кешеді.
Адамдар психолог кеңесшіден не күтеді олар не үшін көмек сұрайды?
Бұл сұрақтарға төмендегідей жауап беруге болады:
- кейбір клиенттер өз проблемаларын қалай шешу керек екенін жақсы біледі, тек олар психолог кеңесшілерден көңіл күйлеріне демеу күтеді.
- енді біреулері проблемаларын қалай шешу керек екенін білмей, психологтың көмегіне жүгінеді.
- үшінші бір топтағы адамдар өзіне не керек екенін, қандай жолмен жүретінін білмейді немесе өздеріне тым сенімділер тобынан құрылады. Оларға тек дұрыс бағытты көрсетіп жіберсе болды .
- төртінші, рухани жалғыз адамдар, оларға әлдебіреумен әңгімелессе болды. Олардың көкейін тескен проблема жоқ, бірақ уақыт өткен сайын олар жақсы әңгімешілерге зәру болады .
- психолог кеңесшілердің алдына не істерлерін білмей жүрген, мамандарды сынау үшін келетін клиенттер де болады.
- біреулер шын көңілімен психологтың қандай болатынын көргісі келеді
- енді біреулері психологтың қызықты жұмысын тамашалап, оларды ыңғайсыз жағдайға қалдырғысы келетін де жағдайлар болады .
Кәсіби психологтар алдына келген клиентті таңдамайды. Мейлі ол қандай мақсатпен келседе әңгімесін мұқият тыңдап, дұрыс көз қараспен, адамгершілік қасиетпен қарсы алуы керек. Бұл тек психологтың беделін жоғалтпау үшін ғана керек емес, ол сондай-ақ кәсіби психолог маман ретінде алдына келген адамның барлығына көмек қолын созуға міндетті. Тіпті, алдына келген клиент анайлыққа барса да психолог өз жұмысын дұрыс атқаруы керек. Психологиялық кеңес беру басқада психологиялық практикалық көмек көрсетуден мынадай белгілермен ерекшеленеді. Мысалы жекелеген және топтық психотерапиядан ерекшелігі, психологиялық кеңес беру қысқа мерзім ішінде психолог пен клиенттің қарым қатынасы негізінде өрбиді. Әртүрлі жекелеген және топтық психологиялық терапия клиентпен ұзақ мерзімде апталап, айлап, тіпті жылдап кең көлемде зерттеу нәтежиесінде жүзеге асады.
Психологиялық қызмет жұмыстының негізгі мазмұны мектептің ішкі проблемаларынан туындап отырады. Осы анықтауға тиісті мәселелермен бұдан әрі педагогикалық кеңістікте диагностикалық, коррекциялық жұмыстар, психологиялық ойындар, тренингтер жүргізіледі.
Мектепке психолог керек пе? Бұл сұраққа жауап беру үшін, мектептерде әр түрлі сауалнамалар алынды, психолог керек болса, одан мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар қандай көмек күтеді.
Осыдан келіп, егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әртүрлі әдіс тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, барлық іс-әрекетіндегі шығармашылық бағыт ұстанатын тұлғаны қалыптастыру ісіне ерекше мән берілуде.
Белгіленген мәселенің төңірегінде біздің зерттеуіміздің тақырыбы анықталды. «Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық кеңес беру».
Арнайы дайындыққа ие болған психолог маман ата-аналарға баланы тәрбиелеуде, олармен дұрыс, тиімді қарым-қатынас жасай білулеріне, отбасылық шиеленіске тап болған жұбайларға, қалыпты тұлғалық дамуында бұзылыстарды пайда болған балаларға, басқару стилі мен қарым-қатынасты қалыптастыруда басшыларға кеңестік психологиялық көмек көрсете алады.
Психологиялық кеңес беру - психологтың тек талдау талқылау пәнін білуге ғана емес, сонымен қатар кеңес беру процесінің өзіндік заңдылықтарын, оның стратегиясы мен тактикасын білуіне негізделеді.
Психологиялық көмек тек обьективтік түрде болған қиындық жағдайында ғана емес, ол көбіне субьективті бастан көшірілетін қиындық жағдайында өнімді болады. Бұл күйзеліс өте күшті болуы мүмкін, адам өзіне, қоршаған адамдарға, тіпті өмірдің өзіне де қанағат болмайды. Бұндай жағдайда жай ғана кеңес беру емес, психотерапиялық жәрдем қажет болады. Жалпы психологиялық қызмет деген ұғым - осы заманғы жантану ғылымының алға қойған өзекті мәселелерінің бірі.
Психологиялық қызметтің өмір тәжірибесінде қаншалықты маңызды екендігін жете түсіндіріп, оны іс-жүзінде қолданудың нақты шаралары мен әдіс-тәсілдерін іздестіретін психологиялық сипаттағы күрделі мәселе болып табылады. Психологиялық қызметтің іске асырылу сипаттары түрліше мазмұнда және әр қилы формада болуы мүмкін. Бұл мәселенің гносеологиялық негізі жеке адамның дара тұлғаның жан-дүниесін белгілі бағытта дамыту мақсат-мүдделерін көздейді.
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың ата-аналарына кеңес беру мәселесі қазіргі кезде, тәжірибелік психологияда өзекті мәселелердің бірі болып табылады, өйткені бастауыш мектеп кезіндегі баланың жеке басының әрі қарай қалыптасуы үшін маңызды роль атқарады. Оның өмірінде мектеп табалдырығын алғаш аттаған күннен бастап, айтарлықтай өзгерістер пайда болады да, дамуының әлеуметтік жағдайы түп нұсқасымен өзгереді. Сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларында іс-әрекеттің жаңа түріне ауысуына байланысты, олардың жалпы психологиялық өзгерістері мен бірге танымдық аймағында және оқу іс-әрекетінде көптеген өзгерістер бола бастайды.
Бала мектеп табалдырығын аттаған кезде тек мұғалімдер үшін ғана емес, сол сияқты ата-аналарының алдында да үлкен міндеттер тұрады. Ал ата-аналарды өздерінің балаларының сабақ үлгерімінің төмендеуі, мінез-құлқындағы келеңсіздіктер, психикалық дамудағы кейбір өзгерістер алаңдатады. Олар бала мен жанұядағы қарым-қатынастың тиімді жолдарын іздетіріп, жанұя мүшелері мен баланың, ұстаз бен ата-ананың, ұстаз бен оқушының арасындағы үйлесімді қалыптастыру үшін, психологтан көптеген көмек, ұсыныс, кеңестер күтеді.
Мектеп оқушылары да өздерінде дұрыс оқу дағдыларының қалыптасуы үшін, өзінің құрбыларымен, ұстаздарымен, ата-аналарымен арадағы түсінбеушілікті шешудің жолдарын анықтау үшін, алғашқы сезімдерінің сырларын ұғыну, болашақ мамандығы туралы мәліметтер алу үшін психологтың көмегіне сүйенеді.
Мектептегі психологиялық қызметтің негізгі мақсаты - мектеп оқушыларының жеке тұлға ретінде қалыптасуына, олардың шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуына, психологиялық ерекшеліктерін зерттеу мен оқушылардың психикалық дамуындағы ауытқушылықты болдырмаудың жолдарын іздестіруін, мұғалімдер ұжымында жағымды психологиялық сауаттандыру, білім беру сабақтарын ұйымдастыруға көмектесу.
Балалар үздіксіз дамиды, олардың танымдылық белсенділігі артқан сайын негізгі үлгіні ата-анасынан, мұғалімнен алады. Мектеп психологы бастауыш сынып оқушыларының дамуындағы қиыншылықтарды жеңу барысында психогигиеналық шаралардың арнайы жүйесін құрастырып, оларды қолдануда және іске асыруда басшылық жасауы тиіс.
Сонымен мектеп психологы бастауыш сынып оқушыларының дамуындағы қиыншылықтарды жеңу барысында психологиялық шаралардың арнайы жүйесін құрастырып, оларды қолдануда және іске асыруда басшылық жасауы тиіс.
Зерттеу обьектісі: Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық кеңес берудің мәні.
Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық кеңес беруді іске асыру жолдары.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық кеңес берудің қажеттілігін көрсету.
Қойған мақсатымызды жүзеге асыру үшін алдымызға келесі міндеттерді қойдық:
- Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына кеңес беру мәселесін теориялық жағынан қарастыру.
- Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық дамуын қарастыру.
- Бастауыш сынып оқушыларының танымдық деңгейі мен оқу іс-әрекетін бақылау.
Зерттеудің болжамы: Егер де қазіргі кезде бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық кеңес беру мәселелері жоғары деңгейде ұйымдастырылса, онда отбасына психологиялық кеңес, көмек көрсетуге болады.
Жоғарыдағы болжамды қалыптастыру үшін, біз бұл мәселенің төңірегіндегі авторлардың теориялық талдауларын негізге алдық: Р. С. Немов, Д. Б. Эльконин, В. В. Васильев, Б. Т. Ананьев, В. В. Давыдов, В. С. Мухина, Н. С. Лейтес, А. И. Захарова т. б.
Диплом жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады. Кіріспеде мәселенің мақсаты, міндеттері, ғылыми болжамы көрсетілген. Бірінші бөлімде бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық кеңес беру мәселесінің теориялық зерттелуі көрсетілген. Екінші бөлімде бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық кеңес беру мәселесінің эксперименталдық жағынан зерттелуі болса ал, қорытындыда ғылыми болжамның дәлелдену, әдебиеттер тізімі беріліп, қосымшада тәжірибелік бөлімде қамтылған түрлі сызбалар мен кестелер берілген.
1 Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық кеңес беру мәселесінің теориялық зерттелуі
- Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына кеңес беру
Егемен еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. Білім бастауы - бастауыш мектепте берілетіні айқын. Осыдан бастауыш мектепте әртүрлі пәндер тоғысып, оқушы білімін дамытып, келбетін сомдауға үлесін қосады. Баламен тіл табысып, шәкірттер нағыз тіршіліктің тынысын сезіне алады.
Ұлы Абайдың айтқанындай, біліммен теңессе ғана ұлттар теңесе алады.
Психологиялық кеңес беру-оқу үрдісінде кездесетін дамыту‚ тәрбиелеу және оқыту мәселеріне байланысты‚ педагогикалық қызметкерлерге‚ оқушыларға‚ тәрбиеленушілерге‚ олардың ата-аналарына /заңды өкілдеріне/ және басқа да оқу үрдісіне қатысушыларға‚ психологиялық кеңес беру арқылы көмек көрсету.
В. В. Васильев психологиялық кеңес берудің мақсаты -перспективалық сезімі бар‚ саналы түрде әрекеттенетін, жүріс-тұрыстың әртүрлі стратегияларын құрастыра алу қабілеті бар және жағдайды әртүрлі көзқараспен талдай алатын мәдени-пайдалы жеке адамды қалыптастыру деген [3] .
Мектеп әкімшілігі және мұғалімдердің ойынша психолог жеке оқушылардың сабаққа үлгермеушілігі мен тәптіпсіздік себептері, “Қиын сыныптарға” жеке бағдарлама құру, әсіресе жас өспірім балалармен жұмыс істеуге көмек көрсетуге керек деп санайды. Олар әлеуметтік тұрмысы нашар отбасынан шыққан балалармен, ата-ана мен бала арасындағы кикілжіңді шешу жолдары, отбасы мен мектеп арасында жақсы қарым-қатынас орнату, оқушылардың оқуға және қоғамдық жұмыстараға деген жауапкершіліктерін дамытуды қажетсінеді. Жас мұғалімдер педагогтарға қажетті кәсіпкелерін шеберлікті және жеке тұлғалық сапалылықты игеруіне көмектесуін қалайды.
Ата-аналарды балаларының сабаққа үлгермеушілігі, мінез-құлықтағы қиындықтары алаңдатады. Осы қиыншылықтарды шешу үшін психолог-маманнан өз балаларымен қарым-қатынасты жақсарту, отбасы мүшелердің бір-біріне деген көз қарастарын реттеуге көмек көрсетуді күтеді. Ал оқушылар болса психолог-маманнан мыналарды күтеді:
- Оқуға деген шеберлік пен іскерлікті игеру.
- Өз қатарындағы балалар арасындағы қиындықтарды жену.
- Мұғалімдер мен ата-аналармен жақсы қарым-қатынаста болу.
- Тұлға ретінде өз-өзін дамыту.
- Өз-өзін тәрбиелеу бағдарламасын құру.
- Болашақта қандай мамандықты таңдау.
Педагог-психолог, мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар қозғаған көптеген мәселелерді талдау барысында мынадай үш байламға тоқталады.
- Әртүрлі жастағы оқушылардың оқу-тәрбие жұмысында кездесетін қиыншылықтардың болу себептерін көрсету.
- Оқушылардың интеллектуальдық және тұлғалық дамуындағы ауытқушылықтарының алдын алу, жеңу.
- Қилы сұрақтар мен кикілжің жағдайларды шешуге көмектесу.
Мектептің психологиялық қызметі қазіргі кезеңге байланысты екі түрлі бағытпен жүзеге асырылады: өзекті және болашақтағы қызмет.
Өзікті қазіргі кездегі мәселелерді яғни оқушыларды оқытудағы және тәрбиелеудегі қиындықтарды, тәртибіндегі, қарым-қатынастағы сәйкессіздікті, жеке тұлға болып қалыптасуындағы кемістіктерді шешуге бағытталған.
Болашақтағы бағыт әр баланың жеке қабілетін дамытуға, оның қоғамдағы жасампаз өміріне психологиялық дайындықты қалып-тастыруды көздеген.
Педагог-психолог ұмымның психологиялық кызметіне негізгі психологиялық идеяны әр оқушының жеке тұлға болып даму үндестігін және онық практика жүзінде жүзеге асырылуын қамтамасыз етуіне ықпал жасайды.
Осының негізінде оның негізгі мақсаты оқушылардың барлығының және әрқай сысының өзіндік қабілеттерін дамытуға психологиялық жағдай туғызу. Әрине, әр оқушының даму кабілеттерінің көрсеткіштері әр түрлі, соған орай, шешу жолдары да әр түрлі, сондықтан педагог-психолог әр балаға лайықты шара қолданады. Бұл екі бағыт бір-бірімен тығыз байланыста: психолог, болашақтағы мәселелерді шеше отырып, көмек керек еткен оқушыларға, ата-аналарға, мұғалімдерге нақты көмек көрсетеді.
Сол себепті мектептің психологиялық қызметінің негізгі мақсаты-оның қызметінің болашақтағы бағыты мен байланыста болады. Бұл мақсат жүзеге асырылуы үшін балаға байланысты практикалық психология мен бастапқы және соңғы қызметтің тоғысқан жерінде жүзеге асады.
Мектеп психолог әлеуметтік тіршілік кесінің ата-анамен, оқушылармен, мұғалімдермен қарым-қатынас үстінде өң және теріс жақтарынан көрінуіне байланысты оның ішкі сезіміне тікелей араласады. Ол әр бала мен мұғалімнің қарым-қатынасын ғана емсе, сонымен бірге қарым-қатынастың қиын жүйесін де көреді. Бұл өзіндік “жүйеде” практик психолог баланың жеке тұлға болып қалыптасуын басшылыққа ала отырып, әр жастағы бала мен оның мұғалімдері және ата-аналары қарым-қатынасты қамтамасыз етеді. Әр кезеңде педагог-психолог осы балағы әсер етуші топпен жұмыс жүргізеді. Мектеп психологының қызметі жұмысының негізгі түріне мыналар жатады: педагогикалық, ұжым, оқушы мен ата-ананың психологиялық біліміне алғашқы ұғымдар беру, психологиялық профилактикада психолог оқушының психологиялық және жеке тұлғалық дамуындағы жүргізу керек; психологиялық кеңес беруде, өз бойындағы психологиялық мәселелерін шешуге келген оқушыға (әңгімеге мұғалім, ата-ана оемесе оқушылар әкелуі мүмкін) көмек береді. Көбінесе олар алдын-ала ағартушылық жұмыстарадан кейін өз қателіктерін түсінеді. Педагог-психолог психодиагностика жүргізгенде оқушының ішкі жан дүниесіне терең үңіледі.
Жұмыстың бірніші бағыты-психологиялық диагностика -баланы психологиялық зерттеу тәсілдерін, оның ішінде тестілеу, кәсіби игеруді білдіреді. Психологиялық диагностика бойынша жұмыс істейтін психологтың негізгі міндеті білім беру жүйесіндегі балалар мен ересек білім беру жүйесіндегі балалар мен ересек адамдардың психологиясы, мінез-құлқын бағалауға, психологиялық зерттеу процесінде (үрдісінде) алынған дұрыс және сенімді көрсеткіштерге сүйеніп оларға мамандандырылған психологиялық сипаттама беруге келіп тіреледі. Кәсіби қызметтің осы түрімен айналысатын психолог тәжірибеде психологиялықболжам тәсілдерінің кайсібірін қолднау пайда болған және әрі қарай жетілдірілген шектерін білу керек. Болжам бойынша психолог-маман қажет кезде тәсілдерді құруға, тексеруді, оның ішінде бағыт беруді, олардың сенімділіген ғылыми бағалау тәсілдерін игере білу керек. Жүргізілетін психологиялық болжам зерттеу нәтижелерін кезекті тәртіпсіздікті балдырмайтын ғылыми негізделген өңдеу психологтан талап етіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz